Ресей жоғарғы оқу орындарында оқыған қазақтар, олардың қоғамдық-саяси қызметі



1. КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3. ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ...
Келмеске кеткен кеңес кезеңінде қазақтардың төңкеріске шейінгі сауаттылығы, білім алғандығы жайында сөз бола қалса оның мардымсыздығын алға тартып, жалпы қазақтың 2%-і ғана сауатты екендігі, не болмаса тек 22 қазақтың ғана жағары білім алғанын айтып, ауызды қу шөппен сүртіп, қазақ оқығандығының болымсыздығын көрсететін жаңағы толымсыз фактілер бұлжымас ақиқат ретінде бір басылымнан бір басылымға көшіп жүретін. Қазақ сауаттылығының 2%-іне тек орысша оқығандарды жатқызғандары, ал мұсылманша білім алғандарды мүлдем есепке алмағанын ескерсек жоғарыдағы мәліметтердің қаншалықты шынайылығына көз жүгірту онша қиынға соқпас, оның үстіне жоғары және орта білім алған қазақтардың өз халқының мүддесін шен-шекпенге сатып, өз қарақан басын ойлайтын құлқынның құлы ретінде танылатын. Әрине, бәріне таза , пәк деген ойдан аулақпыз.
Шүкіршілік, еліміз егемендік алып, еңсеміз көтерілген шақта “ақтандақтар” ақтарылып, “толымсыз” фактілердің жадағай, үстірттігі белгілі болып отыр.
Жалпы қазақ оқығандары туралы материалдарды Қазақстанның Мемлекеттік Орталық музейінің қабырғасында қызмет атқара жүріп, 1970 жылдардан бастап біраз дүние жинап “Руханият” қорынқұруға негіз салынған еді. Көне мұраларды жинай жүре жолай төңкеріске шейін жоғары оқу орнында оқыған, бітірген қазақ зиялыларының тізімін жасады. Тізім көбінесе архивтік жіне төңкеріске шейін шыққан әдебиет, баспасоздік нақты деректерге жүгіне жасалынған. Екі тізім жасалында; біріншісі – нақты бітіргендері де, екіншісі – дүдәмалдары. Беріліп отырған тізімде ЖОО-ны 1917 жылға шейін нақты бітірген азаматтардың аты-жөні, жасаған жылдары, қай жақтан, Қандай оқу орнын, қай уақытта бітірді және негізінен не істеді деген қысқаша деректер келтірілген.
1. “Қазақтар*Казахи” – ІІ том. Тарихи тұлғалар. Алматы, 2003 жыл

2. Әлихан Бөкейхан “Таңдамалы. Избранное”. Алматы, 1995 жыл

3. “Егемен Қазақстан” газеті. 7 тамыз 1998 жыл. Мақала авторы Марат Әбдеш, мұражайтанушы.

4. “Түркістан” газеті. 3 қазан 2002 жыл. “Қилы-қилы тағдырлар” мақаласы, автор Светлана Смағұлова, тарих ғылымдарының кандидаты.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Ресей жоғарғы оқу орындарында оқыған қазақтар,
олардың қоғамдық-саяси қызметі

ЖОСПАР:

1.
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
...

2. НЕГІЗГІ БӨЛІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

3. ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ...

Кіріспе

Келмеске кеткен кеңес кезеңінде қазақтардың төңкеріске шейінгі
сауаттылығы, білім алғандығы жайында сөз бола қалса оның мардымсыздығын
алға тартып, жалпы қазақтың 2%-і ғана сауатты екендігі, не болмаса тек 22
қазақтың ғана жағары білім алғанын айтып, ауызды қу шөппен сүртіп, қазақ
оқығандығының болымсыздығын көрсететін жаңағы толымсыз фактілер бұлжымас
ақиқат ретінде бір басылымнан бір басылымға көшіп жүретін. Қазақ
сауаттылығының 2%-іне тек орысша оқығандарды жатқызғандары, ал мұсылманша
білім алғандарды мүлдем есепке алмағанын ескерсек жоғарыдағы мәліметтердің
қаншалықты шынайылығына көз жүгірту онша қиынға соқпас, оның үстіне жоғары
және орта білім алған қазақтардың өз халқының мүддесін шен-шекпенге сатып,
өз қарақан басын ойлайтын құлқынның құлы ретінде танылатын. Әрине, бәріне
таза , пәк деген ойдан аулақпыз.
Шүкіршілік, еліміз егемендік алып, еңсеміз көтерілген шақта
“ақтандақтар” ақтарылып, “толымсыз” фактілердің жадағай, үстірттігі белгілі
болып отыр.
Жалпы қазақ оқығандары туралы материалдарды Қазақстанның Мемлекеттік
Орталық музейінің қабырғасында қызмет атқара жүріп, 1970 жылдардан бастап
біраз дүние жинап “Руханият” қорынқұруға негіз салынған еді. Көне мұраларды
жинай жүре жолай төңкеріске шейін жоғары оқу орнында оқыған, бітірген қазақ
зиялыларының тізімін жасады. Тізім көбінесе архивтік жіне төңкеріске шейін
шыққан әдебиет, баспасоздік нақты деректерге жүгіне жасалынған. Екі тізім
жасалында; біріншісі – нақты бітіргендері де, екіншісі – дүдәмалдары.
Беріліп отырған тізімде ЖОО-ны 1917 жылға шейін нақты бітірген азаматтардың
аты-жөні, жасаған жылдары, қай жақтан, Қандай оқу орнын, қай уақытта
бітірді және негізінен не істеді деген қысқаша деректер келтірілген.
1. Әлихан Бөкейханұлы (1866-1937жж) - толымды да сапалы білім алды:
1888 жылы Омбы техникалық училищесін және 1894 жылы Санкт-Петербург орман
техникалық институтының экологиялық факультетін бітірген қазақтың тұңғыш
экономисі. XIX ғасырдың аяғында Омбы орман шаруашылық училищесінде оқытушы
болып, қызмет істеді, ғылыми жұмыстармен айналысты. Ол кең көлемді 18
томдық “Ресей. Біздің Отанымыздың жалпы жағрапиялық жазбасы” атты еңбектің
авторларының бірі болды. 1905 жылы Ә.Бөкейханұлы кадет партиясының мүшесі
болды. 1905 жылы Бөкейханұлы Семей облысының қазақ тұрғындарынан І
Мемлекеттік Думаның депутаты болды. 1905-1907 жылдарыӘ.Бөкейханұлы кадет
партиясының Омбы губерниялық комитетінің мүшесі бола жүріп, осымен бір
мезгілде “Ертіс”, “Омбылық”, “Дала үні” газеттеріне редакторлық етті.
Ә.Бөкейханұлы бірқатар қазақ зиялыларымен бірге өзінің кадет партиясынан
шығатынын мәлімдеп, Орынбордағы съезде құрылған “Алаш” партиясының атқару
комитетіне кірді. “Алаш” партиясы бағдарламасының авторларының бірі болды.
1917 жылы 5-13 желто0санда Орынборда өткен “Алаш” партиясының 2-съезінде
Ә.Бөкейханұлы “Алашорда” үкіметінің төрағасы болып сайланды. “Алашордаға”
съезден бір айдан кейін аумақтық автономия жариялау тапсырылды. Осыған қол
жеткізу үшін Бөкейханұлы Кеңес үкіметіне қарсы қарулы күрес бастады. Аса
көрнекті саяси және қоғам қайраткері бүкіл өмірін өз халқын отаршылдықтың
құлдық қамытынан босатуға, ел-жұртына білім беруге, оны гүлдендіруге
арнады.
2. Мұхамеджан Тынышбайұлы (1879-1937 жж) - Верный гимназиясын алтын
медальмен тәмәмдады (1900ж.), кейін Петербург транспорт инженерлері
институтын (1906ж.) бітірді. 1906 жылдан бастап Орта Азиядағы темір жол
құрылысында инженер болып жұмыс істейді. Тұңғыш қазақ инженері. 1907 жылы
М.Тынышбайұлы Жетісу губерниясынан ІІ Мемлекеттік Думаға депутат болып
сайланды. Думада М.Тынышбайұлы патшаның отаршыл саясатына қарсы бағыи
ұстанды. 1917 жылдың желтоқсанында М.Тынышбайұлы “Алашорда” үкіметінің
құрамына кірді. 1919 жылы Бүкілодақтық Атқару комитеті бұрынғы
алашордалықтарға кешірім жариялағаннан кейін, ол Түркістан өлкесінің Семей
халық ағарту комиссариятында жауапты қызметтер атқарады. 1924 жылдан бастап
М.Тынышбайұлы Қазақ педагогика институтында оқытушы болып еңбек етті.
М.Тынышбайұлы – жоғары білімді қазақ зиялыларының жарқын жұлдыздарының
бірі. Ол өз халқының дәуірлері үшін бар күш-жігерін сарп етті. Осы жолда
құрбан болды.
3. Санжар Асфендияров (1889-1938 жж) - мемлекет және қоғам қайраткері,
көрнекті ғалым-тарихшы Ташкенттегі реалдық училищені, Петербургтағы әскери-
дәрігерлік академияны 1917 жылы бітіріп шығады. Санжар онда әскери-теңіз
министірлігінің стипендиясына оқиды. 1919 жылы Асфендияров – денсаулық
сақтау халық комиссары, 1920 жылыТүркістан АКСР көгеріс-су шаруашылығының
халық комиссары болып тағайындалады. 1922 жылы Кеңестердің Бүкілресейлік Х
съезінің делегаты С.Асфендияров КСРО құру жөніндегі шешімді қолдады. 1923
жылы С.Асфендияров Ташкентке қайта оралады, онда ол Халкомденсаулық пен
Халкомжердегі қызметтерімен қатар, Түркістан Компартиясы ОК хатшысы болады.
1924 жылы РКП(б) Ортаазиялық бюросы құрамына сайланады. 1925 жылы хатшының
орынбасары және БОАК Президиумының мүшесі. 1928-1931 жылы ол – қазақтың
педагогикалық институтының алғашқы ректоры. 1931-33 жылдары денсаулық
сақтау ісінің халық комиссары, Қазақ КСР оқу оқу ісі халкомының орынбасары
болып қызмет жасайды.
4. Мұстафа Шоқай (1890-1941жж) Қызылорданікі. Мемлекеттік Думаның
Мұсылман фракциясы саяси бюросында Түркістан халықтарының бірден-бір өкілі
болады. 1917 жылдың 22 қарашасында Қоқанда барлық саяси партиялар мен
қозғалыстардың Бүкілтүркістандық конгресі өтіп, онда Қоқан автономиясының
құрылғандығы жария етілді. Оның президенті болып М.Шоқай сайланды. Осы
жылдың желтоқсанында М.Шоқай “Алашорда” үкіметінің құрамына кіреді.
5. Әліби Жангелдин (1881-1953жж) - 1903 жылы Оынбордың училищесін
жақсы бітіріп, Қазан мұғалімдер семинариясына түсті. Бірақ 1905 жылы
революцияға қатысқаны үшін оқудан шығарылады. Сосын ол Москваға діни
академиясына алында, студенттердің төңкерісшіл қозғалысқа қатысқаны үшін
бұдан да қуылды. 1910 жыл 13 шілдеде Москвадан аттанып, 1913 жылы қаңтарда
ғана Россияға қайтып оралды. Аталмыш уақыт аралығында Польша, Австро-
Венгрия, Югославия, Болгария, Түркия, Сирия, Палестина, Египет, Аравия,
Месопотамия, Персия, Индия, Сиам, Қытай және Жапония елдерінде болды. 1911
жылы Женевада В.И.Ленинмен кездесті. 1915 жылы Петроградта большевиктік
партия қатарына өтті. Қазан төңкерісі жасалғаннан кейін РСФСР Халком кеңесі
оны Қырғыз (Қазақ) дала өлкесінің уақытша, сосын төтенше комиссары етіп
тағайындайды. 1918 жылы наурызда Кеңестердің Торғай облыстық 1-съезінде
облыстық атқару комитетінің төрағасы болып сайланды. 1918 жыл тамыз-қараша
айларында Ақтөбе майданына дәрі-дәрмек, қару-жарақ пен оқ-дәрі жеткізген
отрядты басқарды. Осы операцияны жүзеге асырғаны үшін Жауынгерлік Қызыл Ту
орденімен марапатталды. 1919 жылы Қырғыз (Қазақ ) өлкесін басқару жөніндегі
соғыс-революциялық комитет төрағасының орынбасары. Қазақстанда Кеңестердің
тұңғыш құрылтай съезін ұйымдастырушылардың бірі. 1920 жылы Қазақ АКСР ОАК-
нің алғашқы құрамына сайланды. РКП(б) 13-съезінің делегаты Ленин Орденімен
және Ксро медальдарымен марапатталған.
6. Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1938жж) – үлкен ағартушы, ірі ғалым-
лингвист, қоғам қайраткері. Тоғыз жасынан бастап ауыл мектебінде, кейінен
Торғайдағы екі сыныптық орыс-қазақ училищесінде оқиды. Одан соң Орынбордағы
мұғалімдер мектебіне түсіп, оны 1895 жылы бітіреді. 1895-1909 жылдары
Ақтөбе, Қостанай және Қарқаралы уездеріндегі мектептерде, орыс-қазақ
училищелерінде мұғалім болып қызмет атқарады. 1913 жылдан бастап “Қазақ”
атты апталық газет ұйымдастырып, 1917 жылдың қыркүйегіне дейін оның
редакторы болады. Ол қазақ мемлекетін қалпына келтіру үшінкүрескен “Алаш”
партиясы көсемдерінің бірі. 1922-25 жылдары Халық ағарту комиссариятына
қарасты ғылыми-әдеби комиссиясының төрағасы болды. Халық ағарту комиссары
болып сайланады. Бүкілресейлік Орталық Атқару комитетінің мүшесі болып
жұмыс істеді. 1909 жылы және 1911 жылдары оның көпке белгілі “Қырық мысал”
және “Маса” жинақтары жарияланды.
7. Мағжан Жұмабаев (1893-1938жж) – қазақтың ұлы ақыны, әдебиет
зерттеушісі, ағартушы және аудармашы. 1908-09 жылдары Мағжан Уфадағы
“Ғалия” медресесінде оқиды, сосын 1917 жылы Омбы мұғалімдер гимназиясын
тәмәмдайды. Омбыда жүріп М.Жұмабаев “Бірлік” қоғамын құрушылардың бірі
болды және осы қоғамның қолжазба журналы “Балапанға” редакторлық етті. Осы
кезеңде Мағжан “Алаш” партиясының облыстық комитетіне кіреді, бірақ тез
арада оның қатарынан шығып кетеді. 1923-26 жылдары М.Жұмабаев Москва көркем
әдебиет институтында оқыды. 1927-29 жылдаға дейін ол Петропавл қаласында
мұғалім болып еңбек етті. Ақын көптеген өлеңдерінде халықтың ауыр тағдырын,
қазақ әйелінің жіңішке жолын, патша шенеуніктерінің озбырлығын жырлайды.
8. Қаныш Сәтбаев (1899-1964жж) – геолог, қоғамқайраткері, қазақ КСР ҒА
ұйымдастырушысы және оның бірінші президенті, геология-минералогия
ғылымдарының докторы (1942ж.), профессор (1950ж.), КСРО ҒА академигі
(1946ж.), Тәжік ҒА құрметті мүшесі (1951ж.). 1926 жылы Томск технологиялық
институтын бітірген. 192-29 жылдары “Атбасцветмет” тресінің геологиялық
бөлімін басқарған, 1929-47 жылдарыҚарсақпай комбинатының геология-барлау
бөлімінің бастығы және бас геологы, 1941-46 жылдары Қазақ КСР Геология
ғылымдары институтының директоры, КСРО ҚазҒаФ (1941-46жж.) Президиумы
төрағасының орынбасары, төрағасы, Қазақ КСР ҒА Президенті (1946-52жж. Және
1955-64жж.).
9. Мұхтар Әуезов (1897-1961жж.) – қазақ әдебиетінің классигі, ғалым,
Қазақ КСР ҒА академигі (1946ж), филология ғылымының докторы, профессор
(1957ж), Лениндік сыйлықтың лауреаты (1949ж). 1919 жылы Семейдегімұғалімдер
семинариясын бітіреді. 1928 жылы Ленинград университетін, 1930 жылы
Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университетінің Шығыс факультеті
жанындағы аспирантураны бітіреді. Семей облымтық комитетінде, қазақтың ОАК-
нде жұмыс жасайды. 30-50 жылдары жазылған “Іздер”, “Бүркітші”, “Бетпе-бет”,
“Қалтарыс” атты очерктері мен әңгімелерінде алғашқы жылдардығы колхоздар
мен совхоздар туралы сөз болады. М.Әуезов әдебиеттанудың жаңа саласы –
Абайтанудың негізін жасады, қазақ әдебиетінің қалыптасуы мен дамуына орыс
рухани мудениеті мен Шығыс әдебиетінің ықпалын зерттеді. Ол Ленин
орданімен, басда да орден, медальдармен марапатталған.
10. Бейімбет Майлин (1894-1938 жж.) – қазақ әдебиетінің классигі.
Майлин 1911-15 жылдары Троицк қаласындағы “Уазифа” медресесінде,
Қостанайдағы орысша-қазақша мектепі, Уфадағы “Ғалия” медресесенде оқиды.
11. Сүйінішғалиев Сейдахмет (1856-1886). Ақтөбе түлегі 1869-1877
жылдары Орынбор ерлер гимназиясында оқыған. 1877 жылы Санкт-Петербург
университетіне түсіп, 1878 жылы Қазан университетінің заң факультетіне
ауысып, оны 1881 жылы бітірген. ЖОО-ны алғаш бітірген қазақ, тұңғыш заңгер
және Орскідегі қазақ мұғалімдер мектебінде математикадан сабақ берген
тұңғыш математик.
12. Ақтанов Мұхамед (1850 жылдары - өлген жылы белгісіз). Оралдікі.
Орынбор ерлер гимназиясында оқыған. 1882 жылы Қазан ветеринария институтын
бітірген. Қазақтың тұңғыш мал дәрігері.
13. Сейдалин Жансұлтан Шуақұлы (1856-1919). Торғай облысынан. 1870-
1878 жылдары Орынбор ерлер гимназиясында оқып, 1882 жылы Қазан
университетінің заң факультетін бітірген.
14. Құлманов Бақтыгерей Ахметұлы (1857-1919). Бөкей ордасынан. Орынбор
ерлер гимназиясын, 1887 жылы Санкт-Петербург университетінің Шығыс тілдер
факультетінің парсы-түрік-татар разряды бойынша бітірген. Алғашқы
шығыстанушы. І-ІІ Мемлекеттік дума мүшесі. Уақытша үкіметтің Бөкей
ордасындағы комиссары болған. Алашорда үкіметінің мүшесі.
15. Қарабаев Мұмеджан (1858-1928). Қостанай түлегі. 1881 жылы Троицк
ерлер гимназиясын, 1887 жылы Қазан университетінің медицина факультетін
уездік дәрігер атағымен бітірген. Қазақтың тұңғыш адам дәрігері.
16. Алдияров Нұрмұхамед Қауменұлы. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ресей жоғары оқу орындарында оқыған қазақтар, олардың қоғамдық-саяси қызметі (хіх ғ. аяғы – хх ғ. 20-30жж.)
Қазақстандағы білім беру және кәсіби мамандар дайындау саласында патшалық Ресейдің отарлық саясатының салдарлары мен зардаптары
Отаршылдық саясаты кезеңіндегі оқу ағарту ісі
Көкшетау өңірінен шыққан ұлт зиялыларының өкілдері
Қазақ интеллигенциясының қалыптасу ерекшеліктері
Түркістан АКСР-і зиялылардың шығыстағы ордасы
Қазақстанның білім беру жүйесі туралы
Қазақ ұлт зиялыларының қалыптасуы және тарихтағы ролі
Зерттеудің жетекші идеялары
Қазақтар аңықтамасы
Пәндер