Солтүстік Қазақстан және қостанай облыстары



1. Солтүстік Қазақстан облысы:
1) Солтүстік Қазақстан облысының минералды.шикізат базасы.
2) Өнеркәсібі.
3) Агроөнеркәсіп кешені.
4) Шағын кәсіпкерлік.

2. Қостанай облысы:
1) Өнеркәсібі.
2) Агроөнеркәсіп кешені.
3) Сыртқы экономикалық қызмет.
4) Экономикалық.әлеуметтік жағдайы.
5) Шағын кәсіпкерлік.

Қолданылған әдебиеттер
Солтүстік Қазақстан облысының минералды-шикізат базасы. Облысымызда пайдалы қазбалар табылған және әртүрлі деңгейде толығымен зерттелген. Пайдалы қазбалардың 286 көзі табылған. Оның ішінде 34-металлдық, 2-металдық емес, 217-құрылыстық-технологиялық шикізат және 33 жер асты су, олардың 6 минералды. Онда маңызды минералды шикізат қоры табылған, ол Қазақстан Республикасы балансын құрайды: қалайы -65%, қалайы- 36,6%, уран -19%, титан - 5%, вольфрам – 1,1 %. Минералды – шикізат базасын кеңейту болашағы бар, әсіресе облысымыздың оңтүстік-батысында ерекше. Мұнда пайдалы қазбалардың және алтын, күміс, техникалық және алмаз, титан, түрлі түсті, көмірдің қоры бар. Негізгі минералдық шикізат түрлерінен алынатын бағалық құн $ 6 млрд бағаланады, ал жалпы болжамды ресурстар – $10 млрд, соның ішінде уран -1,0, қалайы – 3,98, титан – 0,7, вольфрам – 0,24, алтын – 0,1, алмаз – 1,0, көмір – 0,8, басқалары – 2,7. Дайындалған қорларды игеру үшін және болашағы бар объектілерді табу үшін $ 7 млрд қажет етеді.
Игеруге біршама дайындалғандары болып Грачевское, Косачинское, Семизбайское уран көздері болып табылады. Обухов-титан-циркондік кені, Сырымбет – қалайы, Северное- Байлюсты және Домбыралы-2 алтын көздері. Экономикалық себептерге байланысты олардың өндірістік өңдеу өткізілмей отыр.
Кейбір құрылыс тастар мен құм көздері ғана пайдалануға берілген. Калибек және Жақсытұз көлдерінде ас тұзын өндіру жүргізіледі.
Өнеркәсібі. 2008 жылғы қаңтар-қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының өнеркәсіп кәсіпорындарымен 47,7 млрд. теңгеге өнім шығарылған, бұл 2007 жылғы қаңтар-қыркүйектен 5,2%-ға жоғары.
Өнеркәсіптік өндіріс құрылымында 77,1% - ең мол көлем ұқсату өнеркәсібіне келеді, электр энергиясы, газ және су өндіру мен тарату жөніндегі сала 22,5%-ды алады, қазіргі кезде тау-кен өнеркәсібі үлесіне облыстың өнеркәсіптік өндірісінің 0,4% келеді.
Ұқсату өнеркәсібімен өткен жылдың сәйкес мерзімінің көрсеткіштері 1,3%-ға артқан, соның ішінде ұқсату өнеркәсібінің ең ірі қызмет түрлерімен – 4,6%-ға тамақ өнеркәсібімен, 0,5%-ға машина жасаумен көлемдер артқан.
2007 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 8,7%-ға сары май, 4,4%-ға шұжық өнімдері, 11,0%-ға сүт және кілегей, 8,8%-ға ферменттелген немесе ашытылған сүт және кілегей, 16,1%-ға ұн, 2,3%-ға нан, 125,6 есе ортадан тепкіш сорғы, 7%-ға ауыл шаруашылығы үшін машиналар бөлшектері, 4,3%-ға алкогольді сусындар, 12,7%-ға – мұнай-газ өңдеу жабдықтары, 25,5%-ға – теміржол және жылжымалы құрамдар локомотивтерінің бөлшектері мол өндірілген.
Өңірде пластмассадан жасалған құбырларды шығару маңызды (5,5 есе) арттырылған.
Метал емес өнімдер өндірісінде өндіріс көлемдерінің өсімі тауарлық бетон (17,8%-ға) және цементтен, бетоннан жасалған бұйымдарды (46,1%-ға) арттыру есебінен қамтамасыз етілген.
Электр энергиясы, газ және су өндіру мен тарату жөніндегі саламен 2007 жылғы қаңтар-қыркуйекпен салыстырғанда 13,0%-ға өндіріс көлемі артқан және 10,7 млрд. теңгені құрады.
Облыс кәсіпорындарымен шығарылған: 1,5 млрд. кВт. сағ. электр энергиясы немесе 2007 жылғы қаңтар-қыркүйектен 20,9%-ға көп, жылу энергиясы 2,6 млн. Гкал немесе 4,0%-ға көп және 26,6 млн. куб. ауыз суы немесе 0,4%-ға көп.
1. Нұрғалиев Қ.Р. «Қазақстан экономикасы» Алматы 1999
2. Ашимбаев Т.А. Экономика Казахстана за 60 лет
3. Ашимбаев Т.А. Путь к рынку
4. www.google.kz.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

1. Солтүстік Қазақстан облысы:
1) Солтүстік Қазақстан облысының минералды-шикізат базасы.
2) Өнеркәсібі.
3) Агроөнеркәсіп кешені.
4) Шағын кәсіпкерлік.

2. Қостанай облысы:
1) Өнеркәсібі.
2) Агроөнеркәсіп кешені.
3) Сыртқы экономикалық қызмет.
4) Экономикалық-әлеуметтік жағдайы.
5) Шағын кәсіпкерлік.

Қолданылған әдебиеттер

Солтүстік Қазақстан облысы

Солтүстік Қазақстан облысының минералды-шикізат базасы. Облысымызда
пайдалы қазбалар табылған және әртүрлі деңгейде толығымен зерттелген.
Пайдалы қазбалардың 286 көзі табылған. Оның ішінде 34-металлдық, 2-металдық
емес, 217-құрылыстық-технологиялық шикізат және 33 жер асты су, олардың 6
минералды. Онда маңызды минералды шикізат қоры табылған, ол Қазақстан
Республикасы балансын құрайды: қалайы -65%, қалайы- 36,6%, уран -19%, титан
- 5%, вольфрам – 1,1 %. Минералды – шикізат базасын кеңейту болашағы бар,
әсіресе облысымыздың оңтүстік-батысында ерекше. Мұнда пайдалы қазбалардың
және алтын, күміс, техникалық және алмаз, титан, түрлі түсті, көмірдің қоры
бар. Негізгі минералдық шикізат түрлерінен алынатын бағалық құн $ 6  млрд
бағаланады, ал жалпы болжамды ресурстар – $10 млрд, соның ішінде уран -1,0,
қалайы – 3,98, титан – 0,7, вольфрам – 0,24, алтын – 0,1, алмаз – 1,0,
көмір – 0,8, басқалары – 2,7. Дайындалған қорларды игеру үшін және болашағы
бар объектілерді табу үшін $ 7 млрд қажет етеді.
Игеруге біршама дайындалғандары болып Грачевское, Косачинское,
Семизбайское уран көздері болып табылады. Обухов-титан-циркондік кені,
Сырымбет – қалайы, Северное- Байлюсты және Домбыралы-2  алтын көздері.
Экономикалық себептерге байланысты олардың өндірістік өңдеу өткізілмей
отыр.
Кейбір құрылыс тастар мен құм көздері ғана пайдалануға берілген.
Калибек және Жақсытұз көлдерінде ас тұзын өндіру жүргізіледі.
Өнеркәсібі. 2008 жылғы қаңтар-қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының
өнеркәсіп кәсіпорындарымен 47,7 млрд. теңгеге өнім шығарылған, бұл 2007
жылғы қаңтар-қыркүйектен 5,2%-ға жоғары.
Өнеркәсіптік өндіріс құрылымында 77,1% - ең мол көлем ұқсату
өнеркәсібіне келеді, электр энергиясы, газ және су өндіру мен тарату
жөніндегі сала 22,5%-ды алады, қазіргі кезде тау-кен өнеркәсібі үлесіне
облыстың өнеркәсіптік өндірісінің 0,4% келеді.
Ұқсату өнеркәсібімен өткен жылдың сәйкес мерзімінің көрсеткіштері 1,3%-
ға артқан, соның ішінде ұқсату өнеркәсібінің ең ірі қызмет түрлерімен –
4,6%-ға тамақ өнеркәсібімен, 0,5%-ға машина жасаумен көлемдер артқан.
2007 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 8,7%-ға сары май, 4,4%-ға
шұжық өнімдері, 11,0%-ға сүт және кілегей, 8,8%-ға ферменттелген немесе
ашытылған сүт және кілегей, 16,1%-ға ұн, 2,3%-ға нан, 125,6 есе ортадан
тепкіш сорғы, 7%-ға ауыл шаруашылығы үшін машиналар бөлшектері, 4,3%-ға
алкогольді сусындар, 12,7%-ға – мұнай-газ өңдеу жабдықтары, 25,5%-ға –
теміржол және жылжымалы құрамдар локомотивтерінің бөлшектері мол
өндірілген.
Өңірде пластмассадан жасалған құбырларды шығару маңызды (5,5 есе)
арттырылған.
Метал емес өнімдер өндірісінде өндіріс көлемдерінің өсімі тауарлық
бетон (17,8%-ға) және цементтен, бетоннан жасалған бұйымдарды (46,1%-ға)
арттыру есебінен қамтамасыз етілген.
Электр энергиясы, газ және су өндіру мен тарату жөніндегі саламен 2007
жылғы қаңтар-қыркуйекпен салыстырғанда 13,0%-ға өндіріс көлемі артқан және
10,7 млрд. теңгені құрады.
Облыс кәсіпорындарымен шығарылған: 1,5 млрд. кВт. сағ. электр
энергиясы немесе 2007 жылғы қаңтар-қыркүйектен 20,9%-ға көп, жылу энергиясы
2,6 млн. Гкал немесе 4,0%-ға көп және 26,6 млн. куб. ауыз суы немесе 0,4%-
ға көп.
Өнеркәсіптік өндіріс көлемінің өсімін қамтамасыз еткен: ЗИКСТО АҚ
(45,8%-ға), СолтҚазЭнергияПетропавл ЖШС (17,4%-ға), Киров атындағы
зауыт АҚ (2,0 есе), ПЗТМ АҚ (1,7%-ға), Солтүстік Қазақстан РЭК ЖШС
(4,9%-ға), ПТС ЖШС (8,1%-ға), Поиск ВФ ЖШС (17,0%-ға), Сби-Агро ЖШС
(36,7%-ға), Сұлтан-ЭММК АҚ (14,9%-ға), Сүт одағы ЖШС (26,7%-ға),
Молсервис ЖШС (4,0%-ға), Нан-тоқаш комбинаты ЖШС (3,4%-ға), ПЛВЗ ЖШС
(7,1%-ға), Петропал құрылыс материалдары зауыты ЖШС, Строитель фирмасы
ЖШС (2,5 есе).
Ағымдағы жылы облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындарымен инвестициялық
жобалар қатары іске асырылған.
Диорит-LTD ЖШС-ның қиыршықтас өндірісі жөніндегі технологиялық
базаны кеңейту жөніндегі жобасы іске асырылды. Сағатына 140 тонна
қиыршықтас өндірістік қуатымен финдық уату-сұрыптау жабдық орнатылған.
Сұлтан ЭММК АҚ және Асыл-Дән ЖШС-да тәулігіне сәйкес 200 тонна
және 150 тонна астықты өңдеу жөніндегі жобалық қуатымен диірмен пайдалануға
берілген.
Сүт одағы ЖШС табиғи сүт өнімі өндірісі жөніндегі цехты қайта құруды
жүргізді. Сағатына 1000-2500 литрсағат сүтті құю жөніндегі реттелетін
өнімділігімен автоматтандырылған желі орнатылған. Жоғары температуралық
пастерлеу режимін қолданумен сатудың ұзартылған мерзімімен өңделген сұйық
сүт өндірісі игерілген.
Ағымдағы жылдың маусымында Биохим өндірістік кешені октандық санды
арттыру мақсатында бензинді компаундауға, тауарлық бензинге қосым енгізуді
бастады. Компанияның қолданыстағы өндірістік қуаттары ай сайын 100 мың
тоннаға дейін биобензин компаундауға мүмкіндік берді.
2008 жылғы бірінші жартыжылдықта ПЗТМ АҚ-мен Бәсекеге қабілетті
және экспортқа бағдарланған 125, 160 және 200 тонна жүк көтергіштілігімен
жылжымалы бұрғылау кешендерін әзірлеу және жетілдіру, олардың өзгешелік
элементтері мен құрылымдары өндірісінің технологиясын игеру инвестициялық
жобасы іске асыру аяқталған.
Кәсіпорын сондай-ақ БРК-Лизинг АҚ қатысуымен Осы заманғы
технологиялар және жоғары өнімді жабдықтар енгізу базасында машина жасау
өндірісін құру инвестициялық жобасының І кезеңін іске асыруды
жалғастыруда.
ЗИКСТО АҚЖүк вагондарының перспективалық түрлерін әзірлеу және
оларды өндіріске енгізу инвестициялық жобасын іске асыруда. Қазақстан
темір жолы ҰК АҚ-мен құрылған комиссиямен ағымдағы жылдың мамырында
жартылай вагонның сынақтық үлгісі қабылданған. РФ Санкт-Петербург қ.
жартылай вагонның жағымдығы сынағы өткізілген. 2008 жылғы қазанда
сертификаттау сынақтарын өткізу жоспарлануда.
2007 жылы Қазақстанның инвестициялық қоры АҚ-мен бірлесе
кәсіпорынның технологиялық базасын жаңарту жөніндегі жобаны іске асырған
Мұнаймаш АҚ мұнай-газ кешені кәсіпорындарына тереңдік сорғы және
ернемектер жеткізілімін жүргізуде.
Киров атындағы зауыт АҚ Ижев радио зауыты ААҚ-пен (Ижев қ.)
бірігіп 2008 жылы 123,5 млн. теңге құнымен КЛУБ-У, КЛУБ-УП типті
қауіпсіздіктің кешенді локомотивтік құрылғылары және РС-46МЦ типті
симплексті радиостанцияларын шығару жөніндегі өндірісті ұйымдастыру
жобасын іске асыруды жалғастыруда. КЛУБ (қауіпсіздіктің кешенді
локомотивтік құрылғылары) және радиостанциялардың сериялық өндірісі
басталған. Бүкілресейлік автоматика және байланыстың ғылыми-зерттеу
институтымен (БАБҒЗИ, Мәскеу қ.) ынтымақтастық жалғастырылып жатыр, ол
бұғаттаудың микропроцессорлық жүйесін және қауіпсіздіктің кешенді
локомотивтік құрылғыларын (КЛУБ) дайындауда ғылыми-әдістемелік басшылықты
жүзеге асырады, осы жабдықтың бағдарламалық қамтамасыз етілуін әзірлейді
және жеткізеді. Қазіргі кезде теміржолшылар мұқтажы үшін жобамен көзделген
өнімді сариялық шығару басталған.
Машинажасау кәсiпорындары тапсырыстарының қоржыны 2008 жылғы қаңтар-
қыркүйек нәтижелері бойынша 2007 жылғы ұқсас мерзіммен салыстырғанда 26,3%-
ға өсті және 12,8 млрд. теңгені құрады. Шарттардың ең мол көлемі 4,1 млрд.
теңге – теміржол кешені және 2,7 млрд. теңге – мұнай-газ кешені
компанияларына келеді.
Жасалған шарттар аясында 2008 жылғы 9 айда 2007 жылғы сәйкес мерзімнің
көлеміне 22,8%-ға өсумен 7,1 млрд. теңгеге өнім шығарылған.
Агроөнеркәсіп кешені. Облыс экономикасының ауыл шаруашылығы үлесі 39%
аймақтық жалпы өнімдерге шақ келеді.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімдерінің көлемі өсуде, 2004 жылы оның
бағасы 85,1 млрд. теңгені құраса, ал 2005 жылы 96,4 млрд. теңгені құрайды,
бұл жеке көлемнің индексі бойынша 121%.
Үш жылдық агроазық-түлік бағдарламасын орындау экономиканың аграрлық
секторында едәуір инвестицияларды тартуға, ауыл шаруашылығы тауар
өндірушілерінің қолдауын және мемлекеттік реттеу жүйесінің қалыптасуына көп
әсерін тигізді.
Үш жыл ішінде агроазық-түлік бағдарламасын орындау үшін республикалық
бюджеттен облысқа 14442,6 млн. теңге бөлінді, оның ішінде 2005 жылы 5550,7
млн. теңге, бұл  2003 жылға қарағанда  14855, 7 млн. теңгеге артығырақ.
Облыста 2003-2005 жылдары 10 млн.598 мың тонна жоғары кластағы астық,
63 мың тонна май дақылдары, 347,9 мың тонна көкөністер, 972 мың тонна
картоп, сонымен қатар басқа да өсімдік шаруашылығының түрлері өндірілді.
Маңызды ауыл шаруашылығы дақылдарының соңғы үш жылдағы орташа түсімі:
астық- 1 гектарға 11,5 центнер, май дақылдары- 1 гектарға 5,5 центнер,
көкөністер – 1 гектарға шаққанда 266 центнер, картоп - 1 гектарға шаққанда
136,2 центнерді құрайды.
Соңғы жылдары 3 млн. гектар астық дақылдары егілді. Облыс Қазақстан
аймағының аса ірі астық егетін және астық өндіретін облыстарына
айналды.Облыс бойынша 2005 жылы  орташа мөлшермен 1 гектарға шаққанда 12,7
центнер астық түсімдері өсіріліп, жиналды, астықтың жалпы түсімі 3969,5 мың
тоннаны құрайды, бұл республика бойынша түсімнің 25%.
Облыс әкімі Т.Мансұровтың бастамасы бойынша жаңа ғылыми негіздегі
агротехникалық технологияларды енгізу жөнінде әкімдіктің қаулысымен
облыстық кеңес құрылып, бекітілді. Кеңестің негізгі міндеті жаңа
технологиялар мен ғылыми жасаулардың қосымша сипатын қамтамасыз ету,
облыстың ауыл шаруашылық қалыптасуына жаңа технологияларды енгізу жөніндегі
ұсыныстарды орындау.
Кеңес жұмысын Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылық тәжірибелі
станциясы РМК директоры, ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты – Владимир
Тимофеевич Иванов басқарады, оның құрамына ауыл шаруашылығы
кәсіпорындарының тәжірибелі басшылары, алдыңғы қатарлы шаруашылық
мамандары, ауыл шаруашылығы өндірістерімен байланысы бар облыстық мекемелер
мен ведомствалардың басшылары кірді.
Облыс бойынша соңғы екі жылда Агроөнеркәсіптік кешеннің техникалық
қайта жабдықталу мәселелері жөнінде нақты алға басушылық байқалды. 3 мың
бірліктен астам 19,3 млрд. теңге көлемінде жоғары өндіргіш техникалары 
әкелінді.
Парктың аса маңызды жаңартылу жылы- 2005 жыл болып табылады, өйткені
фирмалар-инвесторлар және өздігінен жұмыс істейтін агроқалыптастырулар
арқылы 2003 жылға қарағанда 3 есе артық 11 млрд. теңге көлемінде
тракторлар, астық жинайтын комбайндар, егу кешендері және басқа да жаңа
үлгідегі техникалар сатып алынды.
Соңғы 3 жылда агроазық-түлік бағдарламасы бойынша облысқа 22,9 млрд.
теңге сомасында жаңа үлгідегі техникалар келіп түсті.
2005 жылғы 27 қыркүйектегі 21 ғасырдың жаңа ауыл шаруашылығы
техникасының жәрмеңкесі Қазақстан Республикасының Президенті
Н.А.Назарбаевқа ұсынылды, ол бұл жұмысқа жоғары баға берді.
2006 жылғы 20 наурыз бойынша облыста 600 бірлік жоғары өндіргіш
тракторлары, 950 астық жинайтын комбайындар, 600 ору құралдары, 290 егу
кешендері бар.
Кейбір компаниялар мен ірі агро қалыптастырулар қиыр шет елдерден
соңғы модификациядағы егу және топырақ өңдейтін құралдарды сатып алуда.
Мал шаруашылығы мемлекеттік агроазық-түлік бағдарламасының аса маңызды
бөліктерінің бірі мал шаруашылығы  саласы болып табылады. Солтүстік
Қазақстан облысы бойынша оның үлесі аграрлық сектордың жалпы өнімдерінің
30% құрайды. Елеулі мемлекеттік қолдау, қолданылып жүрген кешендік шаралар
бізге оның динамикалық дамуын қамтамасыз етуге рұқсат берді.
Жеке шаруашылықтардағы мал шаруашылығының дамуы жөніндегі мәнді
ынталандырма тұрғындардың ауыл шаруашылығы өнімдерінің ысырапшылығын сатып
алу жөніндегі бағдарлама  болып табылады. 2003-2005 жылдар аралығында 45,4
мың тонна ет, 156,6 мың тонна сүт, 441,9 тонна жүндер, 183,6 мың дана тері
шикізаттары сатып алынды. Осы үш жыл ішінде өнімдерді сату әрбір жеке
аулалар үшін 143,2 мың теңгені құрайды, бұл село тұрғындары арасында
жекеменшік аулаларды  кеңейту үшін  қызығушылық таныттырды.
Бірінші рет көп жылдар ішінде құрылыс жүргізіле бастады, мал
шаруашылығы өнімдерін өндіру жөнінде жаңа үлгідегі қазіргі кешендер
енгізілуде. 420 мың жұмыртқа әкелетін тауықтары бар Баско ЖШС құс
фабрикасы, Тайынша ауданының Чкалово селосындағы құрама жем зауыты, 840
басқа арналған Қызылжар ауданындағы Зенченко және К КТ сүт кешендерімен
мысал келтіруге болады.  
Мал шаруашылығының әрі қарай даму болашағы, оның интенсификациясы
қазіргі технологияларды енгізу, өндіріс процесіндегі жоғары дәрежедегі
механизациялардың жаңа объектілерін кіргізу арқылы жүзеге асады.
2006-2010 жылдарға мал шаруашылығының дамуына арналған кешендік
бағдарлама дайындалды. Негізгі жасаушысы Солтүстік Қазақстан облысының мал
шаруашылығы және ветеринария ғылыми зерттеу институтының еншілес
мемлекеттік кәсіпорыны  болып табылады. Бағдарламада, әсіресе ауыл
шаруашылығының көп көлемдегі пайдалы жерлерін иемденетін ірі фирмалар-
инвесторлардың  ауыл шаруашылығы жануарларының санын өсіру қаралды.
2006-2008 жылдары Баско ЖШС-де  100 мың басқа арналған қуатты шошқа
шаруашылығы кешенінің құрылысы белгіленіп, іске қосылу жоспарлануда.
Жобалық смета құжаттары  қаралуда. Осы фирма арқылы 2008-2009 жылдары 12
млн. басқа арналған бройлерлік құс фабрикасы салыну жоспарлануда.
2008 жылы Атамекен-Агро ЖШС   30 мың басқа арналған шошқа
шаруашылығы кешенінің құрылысын бастап, бірінші кезекте 2010 жылы осы
кешенді  пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Сүтті өндіру жөніндегі өз меншігіндегі зауытты шикізаттармен
қамтамасыз ету үшін, Маслодел-Агро ЖШС фирмасы Аққайың ауданында 1000 бас
сиырларға арналған сүт кешенінің жобалық-сметалық құжаттары дайындалуда.
Айыртау ауданындағы Көмек ЖШС фирмасы 2006 жылы 1000 бас ет тұқымды
малдарды өсіру жөніндегі, 1000 бас шошқа фермасына және қуаттылығы сағатына
2 тонна құрама жем зауытының құрылысы белгіленді және бұл объект 2007 жылы
пайдалануға берілмек. Ақжар ауданында Баско ЖШС фирмасы 2000 басқа
арналған қой шаруашылығы кешенін  және Богви ЖШС 800 басқа арналған сүт
кешендерін іске қосуды 2008-2009 жылдары жоспарлап отыр.  
М.Жұмабаев ауданындағы Трансавто СП ЖШС фирмасы арқылы 2007-2008
жылдары 20 мың басқа арналған шошқа кешені, ал 2008-2010 жылдары кезең
кезеңмен 2000 бас сиырларға арналған 2 сүт кешені іске қосылады. Сонымен
қатар тағы да басқа аудандарда 500 және 2000 бас жануарлардың әр түрін
ұстау жөніндегі объектілердің құрылысы белгіленіп, жоспарлануда.
Бұл облыстың  сапалы және бәсекелестікке жарамды өнімдердің жақын және
қиыр шет елдер нарығына шығуға, жануарлардың барлық түрінің санын
көбейтуге, олардың өнімділігін көтеруге көмегін тигізеді.
Ауыл шаруашылығы шикізаттарын өндірумен 227 кәсіпорын, соның ішінде ет
өндірумен 30, сүт өндірумен 20, 154 ұн үгетін кәсіпорындар, өсімдік
майларын өндіру бойынша 13 цех, 6 жарма үгетін кәсіпорындар айналысады.
2005 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстанның даму банкіАҚ қатысуымен
біздің облыста құны 10,6 млрд. теңге (82,2 млн. АҚШ долларында) тұратын
қазіргі биотехникалық жоба Биохим Өндірістік кешені жүзеге асырылуда.
Кешенді облысымызда 100 мың га астық өндіретін Баско компаниясы салуда.
Ғ.Мүсірепов ауданындағы Масло-Дел жауапкершілік шектеулі
серіктестігі арқылы бірінші кезеңде жылдық өндіру көлемі 65 мың тонна
шикізат өндіретін және соңынан 180 мың тоннаға дейін өсетін май дақылдарын
өндіру зауыты іске қосылды.
2005 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру жөнінде 13 объект іске
қосылды, ал 8 кәсіпорындарда технологиялық линиялардың модернизациясы
және   қайта құру жүргізілді. 
Шағын кәсіпкерлік. Облыста 2008 жылғы 01.10.-да 27,3 мың шағын
кәсіпкерлік субъектісі тіркелген . 21,7 мың шағын бизнес субъектісі әрекет
етеді, олардың 2,6 мыңы - заңды тұлғалар, 3,3 мыңы – шаруа қожалықтары,
15,8 мыңы – жеке кәсіпкерлер.
Шағын бизнесте қамтылғандар саны 55,5 мың адамды құрады, бұл
келесідегідей бөлінді:
- шағын бизнес кәсіпорындарында – 18,3 мың адам;
- жеке кәсіпкерлікте – 29,2 мың адам;
- шаруа қожалықтарында 8,0 мың дам жұмыс істейді;
2008 жылғы қаңтар-қыркүйекте шағын кәсіпкерліктің барлық
субъектілерімен тауарлар (жұмыстар, қызметтер) шығару 70107 млн. теңгені
құрады.
2008 жылғы қаңтар-қыркүйекте облыстың барлық қаржы ұйымдарымен шағын
кәсіпкерлік субъектілеріне 19,3 млрд. астам теңге сомасына кредит берілген.
Оның келесі қаражаттары: 66,7% - сауда, 14,4% - ауыл шаруашылығы, 6,2% -
құрылыс, 4,9% - өнеркәсіпті дамытуға және 7,3% - басқа салаларды дамытуға
бағытталған.
2008 жылғы қаңтар-қыркүйекте шағын бизнес субъектілері қызметінің
барлық салаларында 5949 – қосымша жұмыс орны, соның ішінде 3493 жеке
кәсіпкерлермен құрылған. 2008 жылғы 9 айлық жоспарды асыра орындау сәйкес
18,1% және 9,9%-ды құрады.
Туризм. Солтүстік Қазақстандық өңір солтүстік облыстар шоқтығында
ерекше орын алады. Бұл Қазақстан тарихындағы барлық негізгі бетбұрыстық
кезеңдерді жинақтаған тарихи кешегі күннің байлығымен айқындалған.
Индустриалдық тығыз шоғырланған аудандар жақындығына байланысты
облыстың географиялық жағдайы өте ыңғайлы. Облыс аумағы Есіл өзенінің терең
және жақсы дамыған торабымен қиылған, онда тамаша жағажайлар бар, ал
ғасырлық шыршалар аясында көптеген сирек кездесетін өсімдіктер өседі.
Әртүрлі экожүйенің бар болуы жануарлардың алуан түрлілігін анықтайды.
Осында сүтқоректілердің 160 түріне дейін және 200-дей құс түрі саналады,
бұл экологиялық туризмнің дамуына себепші болып отыр.
Ақмола және Солтүстік Қазақстан – екі облыс аясында орналасқан
Көкшетау мемлекеттік ұлттық табиғат саябағына Шалқар және Имантау
көлдерінің айдындары кіреді. Осында белсенді демалыс маусымдық сипатта.
Облыс аумағында сирек кездесетін және жойылып бара жатқан ағзалар
түрлерінің гендік қорымен танысу, археология және тарих ескерткіштеріне
бару мүмкіндігін беретін су, салт атты, жаяу бағыттар әзірленген. Таулар,
қылқанды орман және көлдердің үйлесімі ландшафтардың қайталанбас сұлулығын
ғана емес, сонымен қатар ерекше емдік климат құрады.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік орталығы – Петропавл қаласы өз
қонақтары үшін аса бір қонақжайлылығымен есіктерін айқара ашады. Есіл
өзенінде тұрған қаланың бай тарихи әлеуеті, көптеген оқу орындары, үш
театр, мұражайлар және басқа да мәдени мекемелер – осының барлығы оны
маңызды тарихи және мәдени орталық етеді. Бүгінгі күні қала жоғарғы даму
қарқынымен таң қалдырады.
Республиканың солтүстік қақпасы осы өңірге келем деушілердің барлығы
үшін қонақжайлылықпен есіктерін айқара ашады. 2008 жылғы 1 қазанда облыста
19 туристік ұйым жұмыс істейді.
Өңірдің туристік бейнесін қалыптастыру мақсатында облыстың туристік
ұйымдарының өкілдері ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында келесі туристік
көрмелерге қатысты: ITВ (наурыз, Берлин), MITT -2007 (наурыз, Мәскеу),
Демалыс. Саяхат. Сауықтыру (сәуір, Щучье).
Астана қаласының жақындығы ішкі туризмді дамытудың маңызды
факторларының бірі болып табылады, оның көз тартарлық жерлері көптеген
туристерді тартады.
Облыстың туристік ұйымдары және облыстық білім департаментінің Менің
Отаным – Қазақстан жобасын іске асыру жөніндегі бірлескен жұмысы сондай-ақ
ішкі туризм дамуындағы басым бағыт болып табылады. Бұған облыс орталығында
соңғы жылдары жаңа экскурсиялық объектілер мен ескерткіштердің пайда болуы
себепкер болды.

Қостанай облысы
Өнеркәсібі. Өнеркәсіп кәсіпорындары 88109,7 млн.теңгеге өнім
шығарылған, ол өткен жылдан 36,5 пайызға артық. Нақты көлемінің индексі
98,8 % құрады.
Тау кен өндіру өнеркәсібі. Нақты көлемінің индексі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ диалектологиясындағы лингогеография мәселесі
Қазақстанның экономикалық аудандары туралы
Қазақстан Республикасының жекелеген аумақтарындағы жеміс шаруашылығының ерекшеліктері туралы
Қазақстан экономикасын аймақтық басқару
Қазақстанның экономикалық аудандары
Қазақ диалектологиясындағы лингогеография мәселесі туралы
Экономикалық аудан. Қазақстанның экономикалық аудандары
Көліктің маңызы және экономикалық географиялық ерекшеліктері
Халықты сүт өнімдермен (сүтпен) қамтамасыз ету
Қазақстан Республикасының демографиялық және миграциялық жағдайы
Пәндер