Нағыз қазақ – домбыра


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Нағыз қазақ - домбыра

ЗКТ Қарапайым жанға домбыраның бар құдіретін тек домбырашы не күйші ғана түсінетін секілді көрінеді. Бірақ, әсте олай емес. Себебі әр домбыра өзінше күмбірлейді, демек, әр домбырада оны жасаушы шебердің өзіндік ой-танымы бар. Домбыраның формасын стилі деп айта салған да әділетсіз болар, керек десеңіз онда бүкіл бір адамның тағдыры жатыр . . .

«Бәлкім сіз түсінбейтін шығарсыз, бірақ мен нағыз қазақ екенімді домбыраға қарап танимын. Кейде жұмысқа беріліп отырғанда өмірдің өзі маған домбыра болып сезіледі. Қос ішегі бұл жалғанның қызығы мен қиындығы, ал күмбірлеген даусы терең философия ғой. »- дейді бұл очерктің кейіпкері Ескендір Жанғазыұлы.

1986 жылы Алматы облысы, Қарасай ауданында дүниеге келген Ескендір ес білгеннен бері ағаш жонып, асапап жасап, ұлттық өнерге үлесін қосып келеді. Ол үшін қазақтың бүкіл тарихы мен болмысы, өмір сүру қалпы, жан дүниесі - қара домбырада. Онда батырдың шайқасын, тұлпар тұяғының дүбірін, ару қыздың аяулы үнін, сұңқардың биікке самғаған сәтін де табасың. (Экранда домбыраны үлкен планда көрсету)

Бүгінде Ескендір аспап жасаудың қыр-сырын әбден меңгеріп алған. Ағашты дұрыс таңдау - ең маңызды процестердің бірі. Оның айтуынша, үлкен домбыра мен қобызды дайындауға жеміс ағаштарын пайдаланған жөн. Әсіресе, жиде мен алма ағашы қаттылығымен бағаланады. Дегенмен, беріктігі жағынан жаңғақ ағашы теңдессіз. Себебі, аспаптың құлағын, тиегін жаңғақтан жіңішкелеп жасасаң да, сынбайды. Ал өрік талы әдемі болса да тез жарылады. Сыйға тартатын сувенир немесе тұрмыстық заттар үшін жай қарағаш жарай береді.

Шебердің жұмысы ұнаған ағашты шауып, оны құрғақ жерге орналастырғаннан басталады . Ағаш жарты жылдан кейін толық кеуіп, жақсы қалпына келеді.

(Кептірілген ағаштарды көрсету )

Ескендір аспап жасауды әкесінен үйренген. Ал әкесі Жанғазы болса бұл өнерге қырық төрт-қырық бес жасында көршісі суретші әрі шебер Молдақұл Нарымбетовке көмектесіп жүріп қызығады, бірте-бірте оны жоғары деңгейде игереді. Бірақ мұнда еліктеуден гөрі ата жолына адалдық, әке тағылымына тағзым басым. Олай болатыны, Жанғазының әкесі Сақи заманында елге танымал ұста болған. Темірден алмас қылыш, семсер соққан. Халық оны «ұста ата» деп атап кеткен екен.

Ескендірдің қолынан шыққан ең тұңғыш дүние - сыйға тартатын кішкентай сувенир домбыра. Оны он бес жасар балғын әкесінің қасында жасайды. Құштарлықпен істелген зат әдемі шығады. Әкенің оттай жайнаған жанарынан перзентіне деген сүйіспеншілік те көп күттірмей сезіледі. Кейіннен ағаш жонып отырып, Жанғазы баласының көңіл құтысына аталық ақылымен қоса біреу білсе, біреу біле бермейтін аспап дайындаудың құпиясын да құйып отырады: «Ұлым, домбыра мен қобыз жасаудың ешкім айтпайтын, әркім өз жүрегімен сезіп, түйсігімен сезетін құпиясы бар. Егер домбыраның мойнын сәл ойыңқырап шапсаң, даусы жақсы шығады. ». Осылай асыл әке ғұмыр жолын жаңа бастаған ұрпағының өмір керуенін ұлттық өнермен жабдықтап береді.

2001 жылы енді ғана шыңдала түсіп, шәулі қырандай әбден бабына келген абзал әке айықпас ауруға шалдығып, өмірден озады. Өз қызығы өзімен кеткен әдемі күндер, тұтас бір ғұмырға татитын ғажап сәттер көзден бұлбұлдай ұшады.

Мақпал түнде барлық тіршілік иесі тәтті ұйқының құшағына оранып жатқанда, Ескендір қызу еңбекке кіріседі. Мүлгіген тыныштықта жас жігітті домбыра мен қобыздың формасы елтіп әкетеді. Дәл бір жүйке мен шеберлік сайысқа түскендей. Санада сан суреттер елестейді. Біресе домбыраның ұзын мойны сұңғақ аққуды көз алдына әкелсе, кейде суда жүзген балыққа құбылып кетеді. Сәлден кейін азаттықты аңсап, қайта түлеген құмар құстың қанатына ұқсап шыға келеді. Сондықтан болар, Ескендірдің даярлаған әр дүниесі өзгеше. Көбінеседомбыраны қырлы етіп жасайды. Әрбір заттың шегесі, сыртына жағатын бояуы - бәрі де тапқырлықты, таусылмас төзімділікті талап етеді. Ол аспаптарының шетін домалақ не сопақтау етіп ою арқылы стилін айқындайды.

(Өз бөлмесінде жұмыс істеп отырған Ескендір экраннан көрсетіледі)

(Шумовая «Көңіл толқыны» күйі орындалып тұрады)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Домбыра құрылымы
Ақын және домбыра. Поэзиядағы домбыра бейнесі
Домбыра аспабында отырып ойнау барысындағы пастоновкаларды,яғни орындықта отырған баланың отырысын және оң және сол қолдардың қойылымдарын баяндау
Оқушылардың домбыра аспабында ойнау қабілетін дамытудағы мұғалімнің жұмысы
Қазақтың ұлттық аспаптары туралы
ОРТА СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ДОМБЫРА АСПАБЫН ҮЙРЕТУ ӘДІСТЕРІ
Қазақтың ұлттық аспаптары жайлы
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА МУЗЫКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі ұлттық өнердің рөлі
Қаршыға Ахмедиярұлы – тарлан талант
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz