Мемлекеттік қаржылық бақылау



Мемлекеттiк қаржылық бақылау (сыртқы және iшкi) - мемлекеттiк қаржылық бақылау объектiлерiнiң республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы, олардың атқарылуы бойынша есепке алу мен есептiлiк жүргiзу, олардың атқарылуын бағалау, мемлекеттiң гранттарын, активтерiн, мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуден түсетiн өз иелiгiнде қалатын ақшаны пайдалану бөлiгiндегi қызметiнiң Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкестiгiн тексеру.
Сыртқы бақылау дегеніміз - Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi, мәслихаттардың тексеру комиссиялары жүзеге асыратын мемлекеттiк қаржылық бақылау;
Ішкi бақылау деп - iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган және iшкi бақылау қызметтерi жүзеге асыратын мемлекеттiк қаржылық бақылау;
Бюджет қаражатын нысанасыз пайдалану - бюджеттiк қаражаттарды бюджеттiк бағдарламаның паспортында және бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жүзеге асырылатын нормативтiк құқықтық актiлерде көзделмеген iс-шараларға пайдалану;
Негiзсiз пайдалану - бюджеттiк қаражатты, гранттарды, мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды, мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуден түсетiн, өз иелiгiнде қалатын ақшаны, мемлекет активтерiн Қазақстан Республикасының заңдарын бұза отырып пайдалану;
Бюджет қаражатын тиiмдi пайдаланбау - республикалық және жергілiктi бюджеттердi атқару кезiнде тиiмдiлiк пен нәтижелiлiк принципiн сақтамау;
Мемлекеттiк қаржылық бақылау объектiлерi - Қазақстан Республикасының Yкiметi, жергiлiктi атқарушы органдар, бюджетке түсетiн түсiмдердi алуға және бақылауға жауапты мемлекеттiк органдар, республикалық және жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдары, бюджеттiк қаражатты алушылар, мемлекеттiң гранттарын, активтерiн, мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар;
Мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары - Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi және iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган;
Ішкi бақылау қызметi - мемлекеттiк органның, оның аумақтық бөлiмшелерi мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының республикалық және жергiлiктi бюджеттердi атқаруына, мемлекеттiң гранттарының, активтерiнiң, мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуден түсетiн өз иелiгiнде қалатын ақшаның пайдаланылуын бақылауды өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын орталық мемлекеттiк орган бөлiмшесi;
Қаржылық есептiлiк - егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, нысаны мен көлемiн бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айқындайтын мемлекеттiк мекемелердiң қаржылық жағдайы, қызметiнiң нәтижелерi және олардың қаржылық жағдайындағы өзгерiстер туралы ақпарат.
1. Худяков А.И. Налоговое право Республики Казахстан. Алматы, 1998.
2. Ефимова Л.Г. Банковское право. М., 1994.
3. Финансовое право: Учебник / Отв. ред. Н.И. Химичева. М., 1995.
4. Финансовое право: Учебник / Под ред. О.Н. Горбуновой. М., 1996.
5. Худяков А.И. Основы теории финансового права. Алматы, 1995.
6. Худяков А.И. Финансовое право Республики Казахстан. Алматы, 1995.
7. Худяков А.И. Финансовое право Республики Казахстан. Общая часть. Алматы, 2001.
8. Худяков А.И. Финансовое право Республики Казахстан. Особенная часть. Алматы, 2002.
9. Худяков А.И., Найманбаев С.М. Тематический русско-казахский толковый словарь финансового права. Алматы, 1992.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Мемлекеттік қаржылық бақылау
      Мемлекеттiк қаржылық бақылау (сыртқы және iшкi) - мемлекеттiк
қаржылық бақылау объектiлерiнiң республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң
атқарылуы, олардың атқарылуы бойынша есепке алу мен есептiлiк жүргiзу,
олардың атқарылуын бағалау, мемлекеттiң гранттарын, активтерiн, мемлекет
кепiлдiк берген қарыздарды мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстар
мен көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуден түсетiн өз иелiгiнде қалатын ақшаны
пайдалану бөлiгiндегi қызметiнiң Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкестiгiн тексеру.
       Сыртқы бақылау дегеніміз - Республикалық бюджеттiң атқарылуын
бақылау жөнiндегi есеп комитетi, мәслихаттардың тексеру комиссиялары жүзеге
асыратын мемлекеттiк қаржылық бақылау;
      Ішкi бақылау деп - iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган
және iшкi бақылау қызметтерi жүзеге асыратын мемлекеттiк қаржылық бақылау;
      Бюджет қаражатын нысанасыз пайдалану - бюджеттiк қаражаттарды
бюджеттiк бағдарламаның паспортында және бюджеттiк бағдарламаны iске асыру
жүзеге асырылатын нормативтiк құқықтық актiлерде көзделмеген iс-шараларға
пайдалану;
      Негiзсiз пайдалану - бюджеттiк қаражатты, гранттарды, мемлекет
кепiлдiк берген қарыздарды, мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстар
мен көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуден түсетiн, өз иелiгiнде қалатын
ақшаны, мемлекет активтерiн Қазақстан Республикасының заңдарын бұза отырып
пайдалану;
      Бюджет қаражатын тиiмдi пайдаланбау - республикалық және жергілiктi
бюджеттердi атқару кезiнде тиiмдiлiк пен нәтижелiлiк принципiн сақтамау;
      Мемлекеттiк қаржылық бақылау объектiлерi - Қазақстан Республикасының
Yкiметi, жергiлiктi атқарушы органдар, бюджетке түсетiн түсiмдердi алуға
және бақылауға жауапты мемлекеттiк органдар, республикалық және жергiлiктi
бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер, олардың ведомстволық
бағыныстағы ұйымдары, бюджеттiк қаражатты алушылар, мемлекеттiң гранттарын,
активтерiн, мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды пайдаланатын жеке және
заңды тұлғалар;
      Мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары - Республикалық бюджеттiң
атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi және iшкi бақылау жөнiндегi
орталық уәкiлеттi орган;
      Ішкi бақылау қызметi - мемлекеттiк органның, оның аумақтық
бөлiмшелерi мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының республикалық және
жергiлiктi бюджеттердi атқаруына, мемлекеттiң гранттарының, активтерiнiң,
мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi)
өткiзуден түсетiн өз иелiгiнде қалатын ақшаның пайдаланылуын бақылауды өз
құзыретi шегiнде жүзеге асыратын орталық мемлекеттiк орган бөлiмшесi;
      Қаржылық есептiлiк - егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде
өзгеше көзделмесе, нысаны мен көлемiн бюджеттi атқару жөнiндегi орталық
уәкiлеттi орган айқындайтын мемлекеттiк мекемелердiң қаржылық жағдайы,
қызметiнiң нәтижелерi және олардың қаржылық жағдайындағы өзгерiстер туралы
ақпарат.
 Мемлекеттiк қаржылық бақылаудың үлгiлерi,
түрлері, принциптері мен стандарттары
Мемлекеттiк қаржылық бақылау мынадай үлгiлерге бөлiнедi:
      1) сәйкестiкке бақылау жасау - мемлекеттiк қаржылық бақылау объектiсi
қызметiнiң Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкестiгiн
бағалау;
      2) қаржылық есептiлiктi бақылау - мемлекеттiк қаржылық бақылау
объектiсiнiң қаржылық есептiлiктi жасауының және табыс етуiнiң анықтығын,
негiздiлiгiн және уақтылығын бағалау;
      3) тиiмдiлiктi бақылау - мемлекеттiк қаржылық бақылау объектiсiнiң
республикалық немесе жергiлiктi бюджет қаражаттарын, мемлекет активтерiн,
мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды, мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды
(жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуiнен түскен ақшаны
үнемдiлiкпен, нәтижелiлiкпен және өнiмдiлiкпен пайдалануын тексеру мен
бағалау.
      Мемлекеттiк қаржылық бақылау мынадай түрлерде жүзеге асырылады:
      1) кешендi бақылау - мемлекеттiк қаржылық бақылау объектiсiнiң нақты
кезеңдегi қызметiн жаппай әдiспен тексеру және бағалау;
      2) тақырыптық бақылау - мемлекеттiк қаржылық бақылау объектiсiнiң
нақты кезеңдегі қызметiн жекелеген мәселелер бойынша жаппай әдiспен тексеру
және бағалау;
      3) үстеме бақылау - мемлекеттiк қаржылық бақылау объектісiне қатысты
ақпарат алу қажеттiгiне байланысты үшiншi тұлғаларды бақылау, ол
операциялардың бiрдейлiгiне қарай бiр-бiрiмен өзара байланысты құжаттарды
салыстырып қарауды бiлдiредi. Yстеме бақылау тек қана мемлекеттiк қаржылық
бақылаудың негiзгi объектiсiмен өзара қатынастар мәселелерi бойынша және
тексерiлiп отырған мәселе шеңберiнде жүргiзiледi.
       Мемлекеттiк қаржылық бақылауды жүргiзу құпиялылық режимiн қамтамасыз
ету ескерiле отырып, тәуелсiздiк, объективтiлік, анықтық, ашықтық,
құзыреттiлiк, жариялылық принциптерi мiндеттi түрде сақталып жүзеге
асырылады.
      Тәуелсiздік принципi - мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының,
мәслихаттардың тексеру комиссияларының, iшкi бақылау қызметтерiнiң және
олардың қызметкерлерi мен мүшелерiнiң тәуелсiздiгiне, бақылау функцияларын
жүзеге асыру кезiнде олардың жүргiзiп жатқан бақылау iс-шарасының
тәуелсiздiгiне нұқсан келтiретiн кез келген араласушылыққа жол бермеу.
      Бақылаудың объективтiлiк принципi - бақылауды Қазақстан
Республикасының заңдарына, мемлекеттiк қаржылық бақылау стандарттарына
қатаң сәйкестiлiкпен жүргiзу, мүдделер қақтығысына жол бермеу, бақылау
нәтижелерi бойынша анықталған және құжаттармен расталған фактiлер негiзiнде
ғана шешiмдер қабылдау.
      Бақылау нәтижелерiнiң анықтық принципi - бақылау нәтижелерiн
бухгалтерлiк, банктiк құжаттармен және мемлекеттiк қаржылық бақылау
объектiсiнiң өзге де құжаттарымен растау.
      Бақылаудың ашықтық принципi - бақылау нәтижелерiн баяндаудың
айқындығы, мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының, мәслихаттардың
тексеру комиссияларының Қазақстан Республикасының Президентiне, Қазақстан
Республикасының Парламентiне, Қазақстан Республикасының Үкiметiне,
мәслихаттарға есеп беретiндiгi.
      Құзыреттiлiк принципi - мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары, iшкi
бақылау қызметтерi қызметкерлерiнiң, мәслихаттардың тексеру комиссиялары
мүшелерiнiң бақылауды сапалы жүзеге асыруы үшiн қажеттi кәсiби бiлiмдер мен
дағдылардың жиынтығы.
      Жариялылық принципi - құпиялылық режимiн, қызметтiк, коммерциялық
немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтамасыз етудi ескере отырып,
бақылау нәтижелерiн жариялау.
      Мемлекеттiк қаржылық бақылауға қойылатын бiрыңғай талаптар
мемлекеттiк қаржылық бақылау стандарттарымен айқындалады.
      Мемлекеттiк қаржылық бақылау стандарттарын Республикалық бюджеттiң
атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi ішкi бақылау жөнiндегi орталық
уәкiлеттi органмен бiрлесе отырып әзiрлейдi және оларды Республикалық
бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi бекiтедi.
    Мемлекеттiк қаржылық бақылау стандарттарын мемлекеттiк қаржылық
бақылау органдары, мәслихаттардың тексеру комиссиялары, iшкi бақылау
қызметтерi, олардың қызметкерлерi мен мүшелерi орындауға мiндеттi.
Бақылау нәтижелерi бойынша қабылданатын актiлер
      Бақылау нәтижелерi бойынша мынадай актiлер қабылданады:
      1) қорытынды - Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi
есеп комитетiнiң және мәслихаттың тексеру комиссиясының бақылау актiлерi
негiзiнде жасайтын құжаты;
      2) Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп
комитетiнiң қаулысы - Республикалық бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi есеп
комитетiнiң отырысында алқалы негiзде қабылданатын және оның бақылау
нәтижелерi бойынша барлық актiлерiнiң қолданылуын растайтын құжат.
      Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң
қаулысын ол арналған барлық мемлекеттiк органдар, ұйымдар мен лауазымды
адамдар орындауға мiндеттi. Қаулыны қабылдаудың тәртiбi Республикалық
бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегі есеп комитетi туралы ережемен және
оның регламентiмен айқындалады;
      3) мәслихаттың тексеру комиссиясының қаулысы - белгiленген тәртiппен
қабылданған және тиiстi жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын барлық
атқарушы органдар мен тиiстi жергiлiктi бюджеттер қаражаттарын пайдаланатын
немесе жергiлiктi бюджеттер қаражаттарын игерудiң барлық сатысында қаржылық
қызмет көрсететiн ұйымдар орындауға мiндеттi құжат;
      4) ұсыным - Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп
комитетiнiң мемлекеттiк органдарға, ұйымдар мен лауазымды адамдарға
жұмыстағы кемшiлiктердi жою үшiн, сондай-ақ құқық қорғау органдарына
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа тарту
мәселелерi бойынша жiберетiн құжаты;
      5) нұсқама - iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның
басшысы өз құзыретi шегiнде қабылдаған және бұзушылықтар мен жұмыстағы
кемшiлiктердi жою туралы мемлекеттiк органдар мен басқа да ұйымдардың
лауазымды адамдарына мiндеттi түрде орындау үшiн жiберiлген, белгiленген
нысандағы құжат;
      6) бақылау актiсi - мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары,
мәслихаттардың тексеру комиссиялары, iшкi бақылау қызметтерi бақылау
нәтижелерi бойынша жасаған құжат;
      7) бақылау жүргiзу туралы есеп - белгiлi бiр уақыт кезеңi iшіндегi
бақылау бойынша жүргiзiлген жұмыс нәтижелерi туралы құжат.
Сыртқы бақылауды ұйымдастыру негіздері
      Сыртқы бақылауды:
      1) республикалық деңгейде - Республикалық бюджеттiң атқарылуын
бақылау жөнiндегi есеп комитетi;
      2) жергiлiктi деңгейде мәслихаттардың тексеру комиссиялары жүзеге
асырады.
Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi мен
мәслихаттардың тексеру комиссияларының өкiлеттiктерi
      Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi
Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн
мемлекеттiк қаржылық бақылаудың жоғары органы болып табылады.
      Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi
туралы ереженi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
      Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi:
      1) Қазақстан Республикасының Президентiне Республикалық бюджеттiң
атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң жұмысы туралы тоқсан сайын
ақпарат бередi;
      2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң республикалық бюджеттiң
атқарылуын бақылауды талдауға, оның қорытындылары мен нәтижелерiне, салық
және басқа да мiндеттi төлемдердiң толық және уақтылы түсуiне, бюджет
қаражатының нысаналы және тиiмдi пайдаланылуына байланысты мәселелер
бойынша тапсырмаларын,  сондай-ақ басқа да жекелеген тапсырмаларды
орындайды;
      3) Қазақстан Республикасының Парламентiне ағымдағы жылдың 1 маусымына
дейiн өткен қаржы жылындағы республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептi
табыс етедi, ол өзiнiң мазмұны жағынан Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есебi бойынша қорытынды болып
табылады және Қазақстан Республикасының Парламентi бекiткеннен кейiн ол
бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады;
      4) iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган табыс еткен
республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау актiлерiн талдайды және
Қазақстан Республикасының Үкiметiне, тиiстi iшкi бақылау қызметтерiне
республикалық бюджеттiң атқарылуына iшкi бақылаудың тиiмдiлiгiн арттыру
жөнiнде ұсыныстар бередi;
      5) республикалық бюджет қаражаттарын пайдалану мәселелерi жөнiндегi
мемлекеттiк қаржылық бақылау объектiсi лауазымды адамдарының iс-
әрекеттерiнде қылмыс немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар белгiлерi,
Қазақстан Республикасының заңдарын бұзудың өзге де фактiлерi анықталған
жағдайда бақылау материалдарын құқық қорғау органдарына немесе әкiмшiлiк
құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органдарға бередi;
      6) мемлекеттiк бюджет саясатын iске асыруға қатысады;
      7) мемлекеттiк қаржылық бақылау объектiлерiнiң республикалық
бюджеттiң түсiмдерi мен шығыстарын атқару сәйкестiгiне, қаржы есептiлiгi
мен тиiмділігiне бақылауды жүзеге асырады;
      8) мемлекеттiк қаржы бақылауы стандарттарының орындалуына бақылауды
жүзеге асырады;
      9) сыртқы бақылау саласында кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыруды және
оларды қайта даярлауды ұйымдастырады;
      10) мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың, республикалық бюджеттен
мемлекеттiң мiндеттемелерiн өтеуге арнап берiлген қаражаттардың,
мемлекеттiң гранттарының, активтерiнiң нысаналы және тиiмдi пайдаланылуын
бақылауды жүзеге асырады;
      11) мемлекеттiк органдар мен барлық меншiк нысанындағы ұйымдардың
республикалық бюджетке түсiмдердiң толық және уақтылы түсуiн қамтамасыз ету
жөнiндегi қызметiне, сондай-ақ республикалық бюджеттен түскен сомалардың
қайтарылуына бақылауды жүзеге асырады;
      12) республикалық бюджет қаражатының пайдаланылу тиiмдiлiгiн
бақылауды жүзеге асырады;
      13) республикалық бюджеттiк бағдарламалардың (iшкi бағдарламалардың)
атқарылу тиiмдiлiгi мен нәтижелiлiгiне баға бередi;
      14) мемлекеттiк және салалық (секторлық) бағдарламалардың iске
асырылуының тиiмділігiне баға бередi;
      15) бюджеттiк инвестицияларды бақылауды жүзеге асырады;
      16) республикалық бюджеттiң атқарылуына ықпал ететiн нормативтiк
құқықтық актiлердiң қолданылуы бойынша ұсыныстар әзiрлейдi және енгiзедi;
      17) Қазақстан Республикасының Үкiметiнен, мемлекеттiк органдардан,
мемлекеттiк қаржылық бақылаудың басқа да объектiлерiнен, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнен және (немесе) қаржы нарығы мен
қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органнан
республикалық бюджет қаражаттарының түсуi мен пайдаланылуының толықтығына
қатысты мәселелер бойынша қажеттi құжаттамалар мен ақпарат сұратады және
алады;
      18) республикалық бюджеттiң атқарылу мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк
қаржылық бақылау объектiлерi лауазымды адамдарының есептерiн тыңдайды;
      19) Қазақстан Республикасының Президентiне мемлекеттiк қаржылық
бақылау объектiлерi лауазымды адамдарының республикалық бюджеттiң атқарылуы
туралы нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын сақтамауының анықталған
фактiлерi бойынша ұсынымдар енгiзедi;
      20) мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiк қаржылық бақылау
объектiлерiнен өзi белгiлеген мерзiмде республикалық бюджеттiң атқарылуына
сыртқы бақылау жүргiзуге байланысты мәселелер бойынша қажеттi құжаттар,
анықтамалар, ауызша және жазбаша түсiнiктемелер алады;
      21) республикалық бюджет қаражатының нысаналы емес, негiзсiз және
тиiмсiз пайдаланылуын анықтау және болғызбау жөнiнде осы Кодекске және
басқа да нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес шаралар қолданады;
      22) құпиялылық режимiнiң, қызметтiк, коммерциялық және заңмен
қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, республикалық
бюджеттiң атқарылуы, гранттарды тарту және пайдалану мәселелерiне қатысты
құжаттамамен кедергiсiз танысады;
      23) республикалық бюджеттiң атқарылуына бақылау жүргiзуге мемлекеттiк
органдардың тиiстi мамандарын және, қажет болған жағдайда, республикалық
бюджеттен осы мақсаттарға бөлiнген қаражат шегiнде олардың көрсеткен
қызметтерiне ақы төлей отырып, аудиторлық ұйымдардың мамандары мен
сарапшыларды тартады;
      24) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi
жүзеге асырады.
      Мәслихаттың тексеру комиссиясы:
      1) өзiнiң мазмұны жағынан жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы туралы
жергiлiктi атқарушы органның есебi бойынша қорытынды болып табылатын
жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы туралы есептi белгiленген мерзiмде
мәслихатқа бередi және мәслихат бекiткеннен кейiн ол бұқаралық ақпарат
құралдарында жариялануға жатады;
      2) мәслихат пен әкiмдiкке бақылау нәтижелерi бойынша жергiлiктi
бюджет қаражаттарының нысаналы емес, негізсiз және тиiмсiз пайдаланылу
фактiлерi жөнiнде, сондай-ақ жергiлiктi бюджеттi атқару жөнiндегi жұмыстағы
кемшілiктер туралы ақпарат бередi;
      3) iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган табыс еткен
жергiлiктi бюджеттiң атқарылуына iшкi бақылау жүргiзу актiлерiне талдау
жасайды және жергiлiктi бюджеттiң атқарылуына iшкi бақылаудың тиiмдiлiгiн
арттыру жөнiнде ұсыныстар бередi;
      4) жергiлiктi атқарушы органдардың жергiлiктi бюджеттiң түсiмдерi мен
шығыстарын атқару сәйкестігiне, қаржы есептiлiгi мен тиiмдiлiгіне бақылауды
жүзеге асырады;
      5) мемлекеттiк қаржылық бақылау объектiлерi лауазымды адамдарының
жергiлiктi бюджет қаражаттарын пайдалану кезiндегi iс-әрекеттерiнде қылмыс
немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық белгiлерi, Қазақстан Республикасының
заңдарын бұзудың өзге де фактiлерi анықталған жағдайда бақылау
материалдарын құқық қорғау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шаруашылық қызметінің аудиті
Қазақтан Республикасында қаржылық бақылауды ұйымдастыру ерекшеліктерінің теориялық негіздері
Мемлекеттік мекемелердегі бюджеттік есеп
ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫН ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРУ
Қаржылық бақылау
Қаржылық бақылау түрлері және қаржылық бақылаудың органдары
Қаржылық бақылауды ерекшеліктері
Қазақстан Республикасында қаржылық бақылау қызметі
Қаржылық бақылау түсінігі
Мемлекеттік қаржылық бақылауды жетілдіру
Пәндер