Ұлттық және саяси процестер мен технологиялар


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

О. Тансықбаев атындағы Алматы сәндік қолданбалы колледж

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: «Ұлттық және саяси процестер мен технологиялар »

Тексерген:

Оындаған

Алматы, 2007

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің аясында, еліміздің барлық саласы түгелімен өзгеріп, рухани-әлеуметтік және саяси-экономикалық жүйесі қайта құрылу процесін атқару мүмкін болып тұр. Қоғамдық-саяси құрылыстың мәнін терең түсінуде, халқымыздың төл-тарихын, саяси-әлеуметтік жағдайын жете тану, ынтымақтыққа, бірлік пен елдікке бастайтын еліміздің тәуелсіздігі үшін күрескен қайраткерлердің саяси бағытын зерттеп, алға қойған мәселелерін, оның түйінді шешімдерін, халықтың саяси көзқарасын қалыптастырудағы мәнін ашу, оны қазіргі таңдағы қол жеткен тәуелсіздікке тигізген әсерін талдауға мүмкіндік береді. Ұлттық мемлекетіміздің қалыптасу тарихында орын алатын, ұлттың тәуелсіздігін қорғаған тұлғалардың есімі халықтың, тарихи санасында зерделенген.

Елдің санасында сақталған орасан саяси оқиғаларды, халқының қамын ойлаған ірі саяси көсемдердің өмірі мен қызметі, тарихта қалдырған іздері әлі күнге дейін бүгінгі ұрпақ жадында десе болады. Ғасырлар бойы ел азаттығы үшін күрескен саяси тұлғаларды зерделеу, ғылыми тұрғыдан талдау және оның нәтижесін бүгінгі заманымыздың талабына сай сараптау арқылы, анықталған құндылықтарды насихаттауға мемлекет тарапынан үлкен көңіл бөлініп отыр.

Президент Н. Ә. Назарбаев “Алашқа айбын болған, азаттық ұғымының айдынын кеңейткен тұлғаларымызды ел саласына, тарихи беттеріне қайыра алып келген тәуелсіздікті осындай ұлтқа пана болар аруақтарымызды тірілтіп бергені үшін асқақтатуымыз керек емес пе?”[1, 355 б] -деп атап өткендей, мемлекет болашағына, ұлттың тағдырына қатысты саяси мәселелерді шешу нағыз лидерлердің қолынан ғана келеді. Бетегелі жерде берекелі елдің болуын, көршілес мемлекеттермен тереземіздің теңесуін, құтты жеріміздің тұтастығын сақтауға атсалысқан, соны армандаған Абылай ханның азаттықты аңсаған Қазақ мемлекетін қалыптастырудағы оның әрекеттерінің нәтижелерін жаңа заманда іске асырудың Қазақстандық үлгісін жасап, оны орнықтыруға үлкен үлес қосқан Н. Ә. Назарбаевтың саясатын салыстырмалы ғылыми тұрғыда зерттеу - қазіргі ұрпақтың ізгілікті борышы.

Абылай хан мен Н. Ә. Назарбаевтың қазақ қоғамының дамуына қосқан саяси-әлеуметтік қызметтерін ғылыми тұрғыдан зерттеу, олардың тұлғалық қасиетін ашып, кейінгі ұрпаққа үлгі етіп тарту, халық арасында насихаттау, құнды идеялық пікірлерін сараптауды зерттеу нысанасына айналдыру - бүгінгі саясаттану ғылымының даму бағыттарының мәнділігін құрайды.

Абылай ханның азаттық пен тәуелсіздік жолындағы саяси қызметін, оның қазақ халқын саяси-әлеуметтік үрдіске бағыттаған әрекеттерін зерттеу арқылы, қоғамдық үрдістің саяси даму жолын түсінуге болады.

Тәуелсіздіктің символына айналған Абылай ханды терең зертттеу, қазақ халқының ұлттық санасын оятудың негізгі факторы, болашақ ұрпақты Отанына деген ықыласын арттырып, патриотизм рухында тәрбиелеуде маңызды құбылыс болып табылады. Қазақ халқының табиғи болмысындағы бостандыққа, еркіндікке, тәуелсіздікке деген ұмтылыстары саясаттану ғылымы тұрғысынан сарапталуы тиіс. Сонымен қатар келешек ұрпақты Отанына деген елжандылық рухында тәрбиелеу, қоғам дамуындағы ілгерілеуіміздің мәнін ұрпаққа жеткізу мақсатын ұмытпауымыз қажет. Абылай ханның қоғамдық саяси қызметін шынайылық тұрғыдан келер ұрпаққа жеткізу мақсатында, терең зерттеу обьективті қажеттіліктен туындап отыр.

Қазақ халқының қоғамдасу тарихында, мемлекеттік құрылыстың құрылымдарын құру мен анықтауда талай хандар мен билердің үлесі зор болды. Алайда тұлға ретінде, ел басшысы ретінде де, ақылгөй-данышпан тұрғысынан да Абылай хан тұлғасы жан-жақты зерттеуді, саралауды қажет етеді.

Әр қоғамның ерекшелігін түсінуде, онда болған саяси процестер мен қақтығыстардың алғышарттарын тауып шешуде саяси лидерлердің рөлі зор. Олардың қолданған саяси амалдары, саяси шешімдері арқылы қоғамға саяси талдау зерттеудің өзектілігін құрады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі . Тәуелсіз Қазақстанның саяси ғылымындағы бүгінге дейін жүйелі танылмаған, зерттелмеген мәселелердің бірі - қазақ хандарының лидерлік феноменін, қоғамдық саяси қызметінің саяси маңыздылығы, олардың саяси көзқарастары мен қазақ мемлекетінің қалыптасуы мен дамуына ықпалдылығы, саяси ойлардың сабақтастық себептіліктері деуге негіз бар. Абылай хан туралы зерттеулер мен ол туралы жарық көрген еңбектер бар. Олар көбіне тарихи құжаттар, архив материалдарына сүйене отырып жазылған тарихи еңбектер. Халық аузында қалған, ел арасына тараған фольклорлық ауыз әдебиеті тұрғысынан орын алған еңбектерде де, Абылай хан бейнесі талданған. Бірақ, Абылай ханның саяси қызметін зерттеп, оған түбегейлі саяси мән беріп, қазақ халқының бірлігін сақтай отырып, қоғам құруындағы рөлін саясаттану ғылыми тұрғысынан саралау дәрежесіне жетпеген. Сонымен қатар жоғары оқу орындарына арналған саяси оқу құралдары мен оқулықтарда Тәуелсіз Қазақстанның егеменділігіне алғаш қол жеткізген саяси лидерге саяси тұрғыдан берілген материалдар жан-жақты талданбаған. Осы Тәуелсіздікті ұранға айналдырып, бүгінгі Қазақстанды ХХІ ғасыр құшағына бейбітшілік, ынтымықтастық, бірлік, татулыққа бағыттаған, қоғам дамуын бір идеялық арнаға топтастыруға талпынып отырған ерен еңбегімен танымал Н. Ә. Назарбаевтың саяси қызметін алғаш рет ғылыми тұрғыдан салыстырмалы зерттеу мен сараптауға басты назар аударылды.

Абылай ханға саяси тұрғыда баға беру үшін, алдымен оның өмір жолдарын, қызметін, өмір сүрген қоғамының ерекшелігін білу қажет. Абылай хан туралы жазылған деректерді төмендегідей жүйелеуге мүмкіндік алдық:

Бірінші топты Ресей архивтері, қолжазбалары, тарихи құжаттар, осы материалдар негізінде жазылған еңбектер құрайды. Оларға: Казахско-русские отношения в ХҮІ-ХҮІІІ веках (Сборник документов и материалов), Сборник указов и узаконений за 1743 г, Омбы облыстық мемлекеттік мұрағаты, Орынбор облыстық мемлекеттік мұрағатын жатқызуға болады. ХУІІІ ғасырдың 60-шы жылдарында П. И. Рычков, Н. П. Рычков, П. С. Паллас, И. Г. Андреев, И. Георги, И. А. Левшин еңбектерінде Абылай хан туралы көптеген мәліметтер жинақталған. ХУІІІ ғасырда жазылған осы авторлардың еңбектері құнды құжаттар болып саналады. Мысалы П. И. Рычков Орынбор губерниясының ірі чиновнигі бола отырып, қазақ халқының табиғатын, өмірін, шаруашылығын, мәдениетін мүмкіндігінше зерттеген. Бұл еңбекте қазақ қоғамының жүздік, рулық ерекшеліктерін қарастырған. Тарихшы ғалым А. И. Левшин шығармаларында қазақстан этнографиясы мен саяси-тарихи дамуы туралы құнды мәліметтер кездеседі. Аталған мәтіндер мен құжаттар ХУІІ-ХУІІІ ғасырлардағы қазақ қоғамының саяси деңгейін, Абылай ханның өмірі мен қызметінің саяси ұстанымдарын, саяси жолдарын, өз халқына деген сүйіспеншілігін, Ресей мен Қытай империяларымен қарым-қатынасындағы саясатын жүргізгендегі өзіндік шеберлігі, жоңғарларға қарсы ұлт-азаттық көтерілістегі Абылай хан рөлін айқындауымызға негіз болды.

Сібір әскери линиясын бекіндіру міндетін атқарушы И. Г. Андреевтің рулық құрылым жөнінде жазған маңызды деректері қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік құрылымын айшықтау бағытында рулық қатынастың мемлекет құрылымының ерекшелігін саралауға қолданылды.

Н. Я. Бичуриннің “Средняя Азия и Восточный Туркестан” еңбегінің саяси ойлары Қытай, Орта Азия мемлекеттерінің арасындағы саяси қарым-қатынастарын анықтау мен пайымдауға септігін тигізді. Ресей тарихшыларының қазақ өңірін зерттеу туралы еңбектерін қолданғанда, аса саяси мұқияттылық қажет етеді. Айталық, ХУІІІ ғасырдағы қазақ өңіріне келген ресей тарихшыларының басты міндеті Ресей империясының мүддесін құптайтын саяси көзқарастар болды. И. Я. Златкин, П. Б. Гурьевич, В. Кузнецов еңбектерінде Абылай ханды зұлым, айлакер ретінде аталынған.

Екінші топқа Қытай мәліметтері мен архив деректері, тарихи құжаттары, осы материалдар негізінде жазылған авторлар еңбектері жатады. Оларға: 100 құжат (Қазақ хандығы мен Чин империясы арасындағы қарым-қатынастарға байланысты құжаттар), Гәузің патшаның орда естеліктерін атау қажет, сонымен қатар тарихшы Н. Мұқаметқанұлының “Тарихи зерттеулері” еңбегін қолдана отырып, Абылай ханның геосаяси мәселелерді шешуде қолданған саяси технологияларын талдауда, Қытай архивтеріндегі құнды құжаттар мен деректеріне көңіл бөлінді.

Үшінші топқа қазақ ауыз әдебиетінің жинақтарын жатқызуға болады. Оларға: қазақ ауыз әдебиетінің жинағы ретінде Абылай хан туралы екі еңбек жарық көрді. Бұл еңбектерде ХУІІІ ғасыр арнасында бейнеленген толғау, аңыз, поэтикалық толғаныс жырлар енгізілген. Халық ауыз әдебиетіндегі хандар мен батырлар жөніндегі құнды пікірлер, соның ішінде Бұқар жырау, Үмбетей, Тәттіқара жыраулары Абылай ханның ерлігі мен өмірін, саяси қызмет жолдарын саяси тұрғыдан пайымдауымызға көмек болды.

Төртінші топқа қазақ ұлтының Ренесанстық тұлғалары мен қазақ ғалымдары мен зиялыларының еңбектерін атау қажет. Оларға: Абылай хан туралы қазақ ағартушысы, Абылай ханның немересі Шоқан Уәлиханов жазған “Абылай” атты мақаласы мен 1910 жылы Қазан қаласында Қ. Халидұлының “Тауарих хамса” атты еңбегі қазақ-жоңғар қарым-қатынасы жөнінде жазылған қытай, түркі, парсы материалдары Қазақ хандары мен сұлтандары туралы генеологиялық кестелер құнды материалдар болып саналады.

ХІХ ғасырдың аяғында Абылай хан туралы жазған қазақ ұлтының Ренесанстық тұлғалары: А. Бөкейханов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердиев еңбектері саяси-әлеуметтік, саяси философиялық сипаттарымен ерекшеленіп, ғылыми жұмысымызға мәнділік танытты.

ХХ ғасырдың 50-ші жылдарында қазақ мемлекетінің дамуындағы саяси-әлеуметтік мәселелерді қайта бағалауда, Е. Бекмахановтың еңбектеріндегі жаңаша көзқарас жұмысымызға үлкен септігін тигізді. ХУІІІ ғасырдағы қазақ-орыс қарым-қатынастарының маңыздылығы мен саяси аспектілері туралы мағлұматтарды талдауда С. Е. Толыбеков, Б. С. Сүлейменов, В. Я. Басин және т. б. ғалымдардың еңбектері саяси құндылықтарымен танылады. Қазақстан ғалымдары Р. Б. Сүлейменов және В. А. Моисеев еңбектерінде Ресей, Қазақстан архив материалдары, ХУІІІ ғасырға саяси тұрғыдан талдау жасауға, баға беруге пайымдаулар жасауға өз септігін тигізді.

Қазақ халқының саяси тағдырына Абылайдың шешуші әрекеттері туралы жазылып жатқан еңбектер бар. Қ. Ш. Хафизованың ғылыми монографияларының тұжырымдары, Абылай ханның саяси көрегенділігін, дипломатиялық шеберлігін, саяси мәдениетінің жоғары дәрежесін, саяси лидерлік болмысын сараптауға негіз болды. Ж. Қасымбаевтың еңбегі қазақ мемлекетінің даму үрдісіне еңбектері мен қызметтері сіңген хандар мен сұлтандардың саяси әрекеттерін салыстырмалы негізде талдауымызға құнды дереккөз болып табылды.

С. З. Зимановтың, Қ. Данияровтың еңбектері Абылай ханның ішкі және сыртқы саясатындағы қазақ елінің саяси даму ерекшелігін, хандық биліктің құрылымын, Абылай хандай қолбасшының қажеттілігін тудырған саяси қақтығыстар мен шиеліністердің себептерін, алғышарттарын сараптауға негіз болды. Абылай ханның саяси лидерлік табиғатының ояну сатысы болған қазақ-жоңғар соғысын саяси тұрғада талқылауда, К. Мамырұлының монографиясы сол кездің саяси сахнасын айғақтауға және Абылайдың лидерлік қасиетінің ерекшелігін талдауымызға көмегін тигізді. Сонымен қатар қазақ зиялыларының: Ө. Жәнібеков, Ч. Әбуталипов, М. Қозыбаев, Г. Сапаргалиев, Ш. Ы. Уәлихан, Ө. Сұлтанғазин, Ж. Абдильдин, М. Жолдасбек, Ә. Нысанбаев, Т. Ақселеу, М. Құлмұхаметовтың ғылыми мақалары, Абылай ханның жорықтары мен бейбіт өміріндегі істерін, Абылай хан туралы тұтастану құбылысын шындық өмірде іс жүзінде орындалуының маңыздылығын талқылауда А. Әбсадықтың ғылыми тұжырымдары диссертацияның методологиялық негізін құрауға қолданылды.

Абылай хан тұлғасына саяси тұрғыдан баға беруде, оның өмірі мен қызметіне байланысты аңыз-әңгімелер әлемінен, ақиқат тұғырына ғылыми әділ саяси сараптама беруімізге, Қазақстан саяси ілімінің маңызды бағыттарын қалыптастыруға арналған ғылыми диссертациямызға З. Тайшыбайдың жинағы Абылай хан және оның замандастары, ХУІІІ ғасыр қоғамының саяси бітім-бейнесін ашатын ана тілімізде тұңғыш жарияланған басылым үлкен септігін тигізді.

Ғалым, тарихшы А. Қ. Әбуевтың еңбегі Абылай хан туралы жазылған деректерді жүйелеуімізге, геосаяси көзқарасын саралауымызға бірден-бір жаңа бағыт болып табылды.

Қазақ халқының саяси-рухани болмысының арнасын саралауда С. Нұрмұратов, А. Оразбаева, Тәтімов Д. Раев, С. Кенжебаев, Ю. Бұлықтаев, Т. С. Садықов, Б. Құдайбергенов, Е. Мұхамеджанов, Бикенов, Т. Сарсенбаев, Р. Әбсаттаров, Д. Жамбылов, С. Борбасов, Ж. Артықбаев, Н. Масанов, Г. Мұстафин, А. Ишмұхамедов, Е. Омар, С. Өзбеков және т. б ғалымдардың монографиялары мен мақалаларының саяси тұжырымдары мәселені жаңаша сараптауға негіз болды.

Салыстырмалы саясаттану немесе саяси компаративистика саясаттану ғылымының маңызды бағыты болып саналады. Себебі, салыстырмалы зерттеу жұмысы жан-жақты әдістеме мен амал-әдістерді, зерттелетін обьекті жөнінде терең тыңғылықты білімді қажет етеді. Салыстырмалы саясаттану тұрғысынан саяси зерттеуімізде, саяси лидерлердің қызметтерін салыстырмалы талдау барысында Р. Әбсәттаров, Б. Тілеповтың ғылыми тұжырымды еңбектері саяси құбылыстар мен саяси процесс ерекшелігі арқылы, саяси лидерлік мәселесінің Қазақстандағы болашағы мен сабақтастығын айқындауымызға септігін тигізді.

Саяси лидерліктің теориялық және методологиялық негізін ашуға батыстық ғалымдар: Ф. Ницшенің К. Ясперстің М. Вебердің, Ж. Блондельдің, Е. Богардустың, Т. Холкомның, орыс ғалымдарының: А. Бодалевтің, Е. Шестопалдың, С. Андреевтің, Д. Олшанскийдің, В. А. Бобичевтің, Н. В. Кейзеровтың: қазақстандық ғалымдар: Р. К. Кадыржанов, Е. Х. Аубакиров, С. М. Абенов, Г. В. Битюкова, Г. Х. Джуманова, Ж. Х. Джунусова, Г. А. Кушалиева, Б. Куппаеваның, Е. Саировтың және т. б ғалымдардың ғылыми мақалалары мен талдаулары диссертацияда айғақталды.

Президент Н. Ә. Назарбаевтың “Мен үшін Абылай заманы ғана емес, бүкіл қазақ тарихы ұлт-азаттығы, мемлекет тәуелсіздігі үшін күрес сияқты көрінеді. Ел бостандығы, ұлт тәуелсіздігі біздің халық үшін еш уақытта да төбеден түскен сый болмаған. Ол әрдайым ел қамын жеген ерлердің жанқиярлық, жанпидалық еңбегінің, күресінің нәтижесінде ғана келгенін ешқашан ұмытпауымыз керек”-деген тұжырымы саяси ойлар тарихының сабақтастығын танытып, саяси құндылықтар негізін құрайтын идеяларды нұсқайды [2] .

Халықты идеялық бірлік арнасына топтастыру мақсатында елдің тәуелсіздігін, тұтастығын, дербестігін, ынтымақтастығын сақтау жолындағы Президенттің саяси қызметін талдау, әрине күрделі іс.

Абылай ханның кезінде армандаған тәуелсіздік идеясын іс жүзінде қазақстандықтардың жүрегіне ұялатқан, бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтап, Қазақстанның тұрақты дамуына ешбір елге ұқсамайтын өзіндік “дамудың Қазақстандық үлгісін” енгізіп, оны жан-жақты дамытуда халқының мүддесін ұққан тәжірибелі саясаткер Н. Ә. Назарбаевтың саяси көзқарасы ман саяси іс-әрекетінің саяси-методологиялық, теориялық мәні зор.

Әрине, бүгінгі таңда ісімен сөзі жарасқан саясаткер әлем назарында. Н. Ә. Назарбаев туралы саяси сараптамалар, саяси талдау, өмірі мен қызметіне байланысты жазылған деректер мол, әрбір басылым өзінің құндылығымен, философиялық сипаттарымен ерекшеленеді. Бұл еңбектер Президентіміздің балалық шағына, өміріне, қызмет жолдарын саралауға арналған. Диссертациялық жұмысымызда Н. Ә. Назарбаевтың еңбектері арқылы саяси көзқарастар ұстанымын, стратегиялық бағдарламалары арқылы жүзеге асқан саяси жетістіктері мен мақсаттарын салыстырмалы деректер арқылы сараланды.

Бүгінгі Қазақстан саясатында, көршілес мемлекеттермен саяси байланыстарын дамытуда; Н. Ә. Назарбаевтың саяси лидерлік рөлін талқылауда О. Видованың, Ж. Х. Джунусованың, Ж. Сааданбековтың еңбектері және “Мир о Назарбаеве” атты еңбектері көңіл бөлерлік. Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттілігінің қалыптасуының алғашқы қадамдарын көрсетуде, халықаралық қауымдастықта еліміздің алатын орнын талдауда А. А. Морозовтың, Е. Ертысбаевтың, В. Малиновскийдің еңбектері негізге алынды. Қазақ даласында тәуелсіздік үшін күрескен саяси лидерлердің саяси-тарихи сабақтастығын салыстырмалы талдауда “Первые лица государства: политические портреты (с точки зрения истории и современности) ” авторлар коллективі ұйымдастырып шығарған еңбек көмек болды.

Тәуелсіз Қазақстанды демократиялық жолға реформалауда, тыныштық пен бейбітшілікті сақтап нығайтуда, этносаралық келісімді дамытудағы Н. Ә. Назарбаевтың көрнекті саяси қайраткерлік қызметін ғалым-теоретик тұрғысынан әлеуметтік-саяси мәселелерді талдауда Ә. Нысанбаев пен Г. Малининнің “Нурсултан Назарбаев Казахстан-Территория мира и согласия” деген атаумен жарық көрген еңбектің саяси тұжырымдары назар аударарлық. [3]

Хандық институт пен Президенттік институтты салыстырмалы түрде саралауда, президенттік институттың қалыптасу эволюциясын, саяси жүйедегі орнын, оның құқықтық мәртебесін анықтауда М. Б. Қасымбековтың, Е. К. Нұрпейісов және А. К. Котовтың еңбектері, “Институт Президентства в новых независимых государствах” деген атпен өткен халықаралық конференция материалдарының қорытынды идеялары зерттеу барысында ескерілді.

Абылай хан қазақ халқының саяси өмірінде жарқ еткен ірі саяси тұлға. Ұлтты ұлылылары арқылы ұлықтайды. Абылай хан туралы зерттеулерге, құжаттар мен әдебиеттерге саяси тұрғыдан сараптаулар, тұжырымдар жасау арқылы, оның саясатының бүгінгі күнмен тарихи және саяси сабақтастығын анықтау өмір қажеттілігі.

Зерттеудің мақсаты . Жұмыстың негізгі мақсаты қазақ халқын тәуелсіздік пен дербестікке топтастырудағы саяси лидерлердің рөлін көрсету. Абылай хан мен Н. Ә. Назарбаевтың саяси қызметін талдау барысында қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік құрылымының, дамуының ерекшелігін ғылыми салыстырмалы тұрғыдан зерттеу.

Зерттеудің міндеттері. Бұл мақсатты жүзеге асыруға қазақ хандығы мен бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның саяси процесі мен саяси жүйесінің даму ерекшелігі, лидерлердің саяси феноменінің қалыптасу обьективті алғы шарттарын ашу міндетін қояды:

1. Қоғамдық сананы саяси-әлеуметтік мұраттарға бағыттауда саяси лидердің қажеттілігінің себептерін көрсету, саяси лидерге теориялық-методологиялық талдау жасау;

2. ХУІІІ ғасырдағы қазақ хандығының саяси-әлеуметтік құрылымы мен даму ерекшелігін, ішкі және сыртқы дағдарысының себептерін анықтау;

3. Абылай хан мен Н. Ә. Назарбаевтың қазақ халқын топтастырудағы саяси қызметтері арқылы саяси лидерлік феноменін талдау;

4. ХУІІІ ғасырдың екінші жартысындағы Еуразия аумағында қазақтардың этникалық топтасуын, Ресей, Қытай елдерімен қарым-қатынасын дамытудағы қазақ мемлекеттілігін құруда Абылай ханның лидерлік рөлін көрсету;

5. Хандық институт пен президенттік институт құрылымын, Абылай хан мен Н. Ә. Назарбаевтың саяси тұрақтылық пен тыныштықты сақтаудағы стратегиясы мен тактикаларының саяси құндылығын, көршілес мемлекеттер мен әлем жұртшылығының көзқарастары мен сынды пікірлерін салыстырмалы талдап сараптау;

6. ХУІІІ ғасырдың саяси кеңістігін саяси құбылыс, саяси процесс, саяси режим, саяси идеология, саяси дағдарыс, саяси элита, Билер кеңесі, елшілік саясат, этнополитогенез, саяси мәдениет, саяси билік, саяси лидер, “жеті ата ұстанымы”, руаралық байланыс, төленгіттер институты, ақсақалдар беделі, ұлттық бірігу, тұтастану, жасақтану, жүздік қауым сияқты категорияларды қолдана отырып, талдау;

7. Қазақстанның тәуелсіздігі үшін күрескен Абылай хан мен сол тәуелсіздікті жүзеге асырушы Н. Ә. Назарбаевтың халқының болашағын дамытудағы істерін, көпвекторлы саясатының белсенділігін, көрегенділігін саяси және тарихи сабақтастығын айғақтау.

Негізгі бөлім.

“Қазақ қоғамының саяси әлеуметтік дамуы саяси лидерлік құбылысының қалыптасу іргетасы” деп аталатын бірінші бөлімде саяси лидерлік мәселесіне теориялық-методологиялық талдау жасалынып, қазақ хандығының саяси әлеуметтік құрылым ерекшелігі мен ХҮІІІ ғасырдағы саяси процесс қайшылықтарының саяси мазмұны және бүгінгі Қазақстанның саяси өмірімен сабақтастық принциптері

Ежелгі антик жылнамашылары Геродот, Плутарх, Светония, Ливия сияқты тарихшылар көсемдерді таңғажайып қасиеттердің иелері деп суреттеген. Аристотель еңбектерінде, мемлекет билеушілерінің қызметі адам бірлестігінің ұйымдастырылған түрі деп түсіндіре отырып, “мемлекеттік тұлға”, “патша”, “отбасы”, “билеуші” ұғымдарының аражігін ажыратады. [4] Платон мемлекеттік билік пен саяси философия қабыспайынша мемлекеттік құрылыс адам баласына мүмкін болмайтындығын атап өткен.

Күрделі әлеуметтік жағдайларда саяси лидердің қалыптасуына, саяси лидерлік теориясына, жетістіктеріне кеңінен Н. Макиавелли тоқталды. Саяси лидердің қандай жолдарымен жетістікке жеткенін, соның ішінде саяси жүйе арқылы ма, әлде өзіндік тәжірибесіне жүгінумен немесе белгілі бір топтың әсер етуі көмегімен келгені туралы мәселелерін теория тұрғысынан қарастырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси технологияның адам өміріне маңызы
Саяси процестегі БАҚ рөлі
Жаһандану процесінің Қазақстандағы саяси мәдениетке тигізетін әсері
Жаһандану туралы ақпарат
Ақпарат қоғамының философиялық аспектілері пәні бойынша лекция жинағы
Ақпараттық база
Қазақстан Республикасындағы саяси коммуникация: ерекшеліктері мен проблемалары жайында
Электрондық үкіметтің әлемдік тәжірибесі және оның Қазақстандағы қалыптасуы (салыстырмалы саяси талдау)
Ақпараттық қауіпсіздікке қауіптер
Информатика мұғалімінің автоматтан-дырылған жұмыс орнын құрудың теориялық және методологиялық негізі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz