Меншік құқығының жалпы сипаттамасы



КІРІСПЕ¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І. МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ... ... ... ... ... ... ..5
1.1 Меншік құқығының түсінігі, мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Меншік құқығының пайда болу негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
ІІ. МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ МЕН ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... 13
2.1 Меншік құқығының ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.2 Меншік құқығының субьектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
2.3 Менші құқығының обьектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
ІІІ. АМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ БОЙЫНША МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЫСАНДАРЫ МЕН ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
Меншік ұғымын екі мағында түсінуіміз қажет. Бірншіден, экономикалық категория, екіншіден құқықтық категория ретінде. Меншік экономикалық тұрғыдан алғанда, өндіріс құрал – жабдықтары мен оның өнімдеріне иелік ету жөнінде пайда болатын қоғамдық қатынастар. Меншік қоғам өмірінің негізі, яғни алғанда базистік сипаттағы экономикалық санат. Меншік құқығы қондырманың элемент болып саналғанмен қоғамның белгілі бір даму кезеңінде санатқа кері әсер етіп қана қоймай, алдыңғы қатарға да шығуы мүмкін.
Оған бірден – бір дәлел, еліміздің қазіргі даму сипаты. Экономикалық қатынастардың дамуына, олардың қоғам өміріне араласуына тікелей ықпал жасар отырған біздің экономикалық заңдарымыз
Меншік құқығы объективті және субъективті мағынада анықталуы қажет. Объективті мағына тұрғысынан алғанда, меншік құқығы осы институтты реттеуге бағытталған нормативті актілердің жиынтығы болып табылады. Меншік құқығы субъективті мағынада беллгілі тұлғаның нақты мүлікке байланысты құқықтың қатынасын анықтайды. Меншік иесіне мүлікті пайдалану, иелену және билік ету құқықтары тиесілі. Меншік құығын толығырақ түсіну үшін жоғарыда көрсетілген қағидаларға жеке – жеке тоқталып, олардың мазмұнын ашып көрсеткеніміз жөн болар.
Азаматтық Кодекстің 188 – ші бабында анықталғандай, меншік құқығы дегеніміз – субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын және тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы.
Иелену құқығы дегеніміз – мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заң жүзінде қамтамасыз ету, яғни айтқанда тұлғаның өз қалауынша мүлікке ықпал жүргізудің мүмкіншілігі. Мысалы: азамат ұзақ командировкаға кеткенмен өз мүлкінің меншік иесі болып қала береді. Ол мүлікке басқа біреудің қол сұғуға құқықтық мүмкіншілігі жоқ. Сонымен қатар, мүлікті иелену құқығы басқа субъектіге берілуі де ықтимал. мысалыЖ жалға беру және т.б. шарттар. Азаматтық заңдарында көрсетілгендей иелену заңды, адал және арам ниетті де болуы мүмкін.
Пайдалану құқығы дегеніміз – мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай – ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда кіріс, өсім, жеміс, төл алу және өзге де нысандарда көрінуі мүмкін. Пайдалану, яғни меншік иесінің өз иелігіндегі мүліктен өзінің тұтынушылық және басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіншілігі. Мәселен, азамат өз автомабилін өзінің шаруашылығында немесе басқа біреуге жалға арқылы пайда табуға болады. Пайдалану құқығы да иелену құқығы секілді басқа субъектіге берілуі мүмкін. Мысалы: жалға беру шарты. Негізінен, пайдалану құқығы мен иелену құқығының арасында тығыз байланыс бар. Мәселен, меншік иесі пайдалану құқығын басқа біруге берместен бұрын ол субъектігі мүлікті иеленуге беруі тиіс, өйткені субъектіде иелену мүмкіншілігі болмаса, пайдалану құқығы мүлдем болмай қалуы да ықтимал1.
1. Қазақстан Республикасы Конституциясы 1995ж. 30 тамыз
2. “Қазақстан Республикасындағы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” ҚР Конституциялық заңы.07.10.1998ж.
3. “Алматы қалалық сотының 1-ші инстанцияда азаматтық істерді қарайтын соттардың жұмысы туралы” 2005ж. Ведомстволық статистикалық есебі
4. “Қоғамдық бірлестіктер туралы” Қазақстан Республикасының заңы. 31.05. 1996 г. N 3-1
5. Назарбаев Н.А. Осмысление пройденного и дальнейшее демократическое реформирование общества//Вести Казахстана.-1995.-1 июля.
6. Президент Республики Казахстан. Концепция правовой политики Республики Казахстан: Указ от 20.09.2000г.// САПП РК. -2002.-№31.--83.
7. Общая теория прав человека/Рук.авт.колл. и отв. ред. доктор юридических наук Е.А.Лукашева.- М.: издательство НОРМА, 1996г. –с.
8. Права человека: учебник для ВУЗов/ отв.ред.- член-корр. РАН, доктор юридических наук Е.А.Лукашева.-М.: Издательская группа НОРМА-ИНФРА – М, 1999.-573с.
9. Лупарев Г.П. Правовое положение личности в зарубежных странах: Учебное пособие.- Алматы: ВШП «Әділет», 2001.-216с.
10. Права человека: Учебное пособие.-Алматы: Данекер,1999. – 251с.
11. Ким В. Годы созидания. Анализ политических и конституционно-правовых взглядов первого Президента РК.- Алматы: ТОО «Эдельвейс», .
12. Ғ.С.Сапарғалиев «ҚР Конституциялық құқығы» академиялық курс.- Алматы: Жеті жарғы, 2002-528б.
13. Котов А.К.Сувернный Казахстан: гражданин, нация,народ (вопросы конституционного права).- Алматы: Жеті жарғы, 1997.-288с.
14. Конституция Российской Федирации: Проблемный каментарий/отв.ред. В.А.Четвернин.-М., 1997.-702с.
15. Моисеев Н.Н. Права человека в Россий: декларации, нормы и жизнь//Материалы международной конференции, посвященной 50-летию Всеобщей декларации прав человека/ Государство и право.-2000.-.с.37.
16. Нысанбаев А. Человек и открытое общество.- Алматы, 1998.- 272с.
17. Лао Цзы. Хань Фей Цзы. Древнекитайская философия. В 2-х т.-М., 1972.- Т.1.- с.9-11.
18. Козлихин И.Ю. Позитивизм и естественное право //Государство и право.- 2000.-№3.-с.5-11.
19. Остянский В. Введение в концепцию прав человека //Права человека в Казахстане.- 1995.-№1.-с.1-5.
20. Мюллерсон Р.А. Права человека: идеи, нормы, реальность. –М., 1991.-60.
21. Взаоимодействие правового сознания с моралю и нравственностю в обществе переходного периода/Авт. М.Т.Баймаханов, Л.М.Вейсберг, А.У.Бейсенова, М.А.Ибрагимов, А.К.Котов. –Алматы: Жеті жарғы,1995.-240с.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І. Меншік құқығының жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ..5

1.1 Меншік құқығының түсінігі,
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5

1.2 Меншік құқығының пайда болу
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 9

ІІ. Меншік құқығының ұғымы мен түрлері ... ... ... ... ... ... ... 13

2.1 меншік құқығының
ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 13

2.2 Меншік құқығының
субьектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.18

2.3 Менші құқығының
обьектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 20

ІІІ. АМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ БОЙЫНША МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЫСАНДАРЫ МЕН
ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...23

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .28

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..32

КІРІСПЕ

Меншік ұғымын екі мағында түсінуіміз қажет. Бірншіден, экономикалық
категория, екіншіден құқықтық категория ретінде. Меншік экономикалық
тұрғыдан алғанда, өндіріс құрал – жабдықтары мен оның өнімдеріне иелік ету
жөнінде пайда болатын қоғамдық қатынастар. Меншік қоғам өмірінің негізі,
яғни алғанда базистік сипаттағы экономикалық санат. Меншік құқығы
қондырманың элемент болып саналғанмен қоғамның белгілі бір даму кезеңінде
санатқа кері әсер етіп қана қоймай, алдыңғы қатарға да шығуы мүмкін.
Оған бірден – бір дәлел, еліміздің қазіргі даму сипаты. Экономикалық
қатынастардың дамуына, олардың қоғам өміріне араласуына тікелей ықпал жасар
отырған біздің экономикалық заңдарымыз
Меншік құқығы объективті және субъективті мағынада анықталуы қажет.
Объективті мағына тұрғысынан алғанда, меншік құқығы осы институтты реттеуге
бағытталған нормативті актілердің жиынтығы болып табылады. Меншік құқығы
субъективті мағынада беллгілі тұлғаның нақты мүлікке байланысты құқықтың
қатынасын анықтайды. Меншік иесіне мүлікті пайдалану, иелену және билік ету
құқықтары тиесілі. Меншік құығын толығырақ түсіну үшін жоғарыда көрсетілген
қағидаларға жеке – жеке тоқталып, олардың мазмұнын ашып көрсеткеніміз жөн
болар.
Азаматтық Кодекстің 188 – ші бабында анықталғандай, меншік құқығы
дегеніміз – субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын және
тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы.
Иелену құқығы дегеніміз – мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды
заң жүзінде қамтамасыз ету, яғни айтқанда тұлғаның өз қалауынша мүлікке
ықпал жүргізудің мүмкіншілігі. Мысалы: азамат ұзақ командировкаға кеткенмен
өз мүлкінің меншік иесі болып қала береді. Ол мүлікке басқа біреудің қол
сұғуға құқықтық мүмкіншілігі жоқ. Сонымен қатар, мүлікті иелену құқығы
басқа субъектіге берілуі де ықтимал. мысалыЖ жалға беру және т.б. шарттар.
Азаматтық заңдарында көрсетілгендей иелену заңды, адал және арам ниетті де
болуы мүмкін.
Пайдалану құқығы дегеніміз – мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін
алудың, сондай – ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда
кіріс, өсім, жеміс, төл алу және өзге де нысандарда көрінуі мүмкін.
Пайдалану, яғни меншік иесінің өз иелігіндегі мүліктен өзінің тұтынушылық
және басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіншілігі. Мәселен, азамат
өз автомабилін өзінің шаруашылығында немесе басқа біреуге жалға арқылы
пайда табуға болады. Пайдалану құқығы да иелену құқығы секілді басқа
субъектіге берілуі мүмкін. Мысалы: жалға беру шарты. Негізінен, пайдалану
құқығы мен иелену құқығының арасында тығыз байланыс бар. Мәселен, меншік
иесі пайдалану құқығын басқа біруге берместен бұрын ол субъектігі мүлікті
иеленуге беруі тиіс, өйткені субъектіде иелену мүмкіншілігі болмаса,
пайдалану құқығы мүлдем болмай қалуы да ықтимал1.
Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез –
келген әрекеттер жасауға, соның ішінде бұл мүлікті басқа тұлғалардың
меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, өзі меншік иесыі болып қала отырып,
оларға мүлікті кепілге беруге және оған басқа да өкілеттігін тапсыруға,
мүлікті кепілге беруге және оған басқа да әдістермен ауыртпалық түсіруге,
лоарға өзгеше түрде билік етуге құқылы1.

Қазақстан Республикасы Конституциясы 1995ж. 30 тамыз
І. Меншік құқығының жалпы сипаттамасы

1.1 Меншік құқығының түсінігі, мазмұны

Меншік — қоғам өмірінің шарты. Меншік базистік сипаттағы экономикалық
санат болса, ал меншік кұқығы қондыр-малықтәртіптегі ұғым болып табылады.
Меншік құқығы объективті және субъективті мағынада түсініледІ.
Объективтімаеына бойынша меншік құқығы өндіріс қүрал-жабдықтары мен
өнімдерін иелену, пайдалану және оларға билік ету қатынастарын дәйектейтін
құқықтык нормалардың жиынтығы болып табылады. Меншік құқығы субъективті
магынасында — белгілі бір адамның нақты мүлікке катысты қүкығы болып
табылады. Меншік иесіне мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету
құқықтары тиесілі. Бұл кұкықтар, дәлірек айтқанда, меншік иесінің құқық
өкілеттілігінің, яғни адамның меншік кұкығынын. мазмұнын құрайды2.
Иеілену құқығы дегеніміз — мүлікті іс жүзінде иелену мүмкіндігінің
заңмен қамтамасыз етілуі. Бұл қүқық адамнын. мүлікке ез калауынша ықпал ету
мүмкіндігін күрайтын мүлікке нақтылы ие болуды білдіреді. Мысалы, мемлекет
жерге, оның қойнауына, су ресурстарына, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне
және т. б. ие болса, азамат жеке автомобильге, жи-һазға және т. б. ие бола
алады.
Иелену қүқығы заңмен қорғалады. Мүлікті иелену құкығы басқа адамға
берілуі мүмкін. Мысалы, комиссия, сақтау және т. б. шарттар бойынша
комиссионер берілген мүліктің сақтау-шысы, заң негізінде иелену қүкығын
және т. б. құқықтарды жүзеге асырады.
Пайдалану құқығы дегеніміз — мүліктен оның пайдалы табиғи кдсиеттерін
алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде камтамасыз етілуі.
Пайдалану құқығы кезінде меншік иесінің өзіне тиесілі мүлікті кәдеге
жаратуы, өзінің түтынушылық сезімің қанағаттандыру ушін одан пайда табуы
қажет. Мысалы, адам кіржуғыш машинаны өзінің шаруашылық мак-саттарына
пайдаланса, ал азық-түлік өнімдерін қоректену ушін пайдаланады және т. б.
Мүлікті, техниканы шаруашылық мақсатта пайдалануды, сондай-ақ ұйымдар да
жүзеге асырады. Олар мүлікті алдарын-дағы максатты орындау үшін
пайдаланады. Пайдалану кукығы да заңмен қорғалады.
Билік құқығы дегеніміз — мүліктін заң жүзіндегі тағды-рын белгілеу
мүмкіндігінің заңмен қамтамасыз етілуі. БилІк ету қүқығы — меншік иесінің
мүліктің заңдық жағдайын анық-тап, езгерте отырып, мұлікке байланысты
құкықтық қатынас-тарды белгілеу иемесе тоқтату күқығы (мысалы, сату, айырба-
стау, сыйлау, жойьш жіберу, жедел басқаруға беру және т. б.)-Билік ету
құкығы тек меншік иесіне ғана тиесілі.

___________________________________ ________________________________

“Қазақстан Республикасындағы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы” ҚР Конституциялық заңы.07.10.1998ж.

Мемлекеттік

Сонымен меншік құқығы меншік иесіне өзіне тиесілі мүлікті пайдаланудың
мазмуны мен бағыттарын айкындауға, оған то-лықтай шаруашылық билік
жүргізуге мүмкіндік беретін зат-тық қүқық ретіндегі мүлікті меншік иесінің
тек қана өзі, қалауынша, мерзімсіз, ез муддесін көздеп иелену, пайдалану
және оған билік ету кдтынастарын реттейтін қүкықтық нормалар жуйесі болып
түсініледі.
Меншік құқығы болып субъектінің заң құжаттары арқылы танылған және
қорғалатын өзіне тиесілі бөлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған
билік ету құқығы табылады. Меншік құқығы заңды маңызы бар фактілер
негізінде пайда болады. Мысалы, сату – сатып алу, мұра, айырбастау шарты
кезінде т.б. Меншікке байланысты қатынастар түрлі субъектілер арасында
пайда болады және оның өзіне тән объектісі мен мазмұны болады. Меншік
құқығының субъектісі – жеке тұлға, мемлекеттік емес заңды тұлға, Қазақстан
Республикасы және оның әкімшілік-аудандық бөліністер.
Азаматтық құқықтық айналымнан алынып тасталмаған кез келген
материалдық игіліктер меншік құқығының объектісі болып табылады. Кейбір
объектілер тек арнайы рұқсат болғанда ғана меншік құқығында болуы мүмкін.
Мысалы, қару-жарақ, есірткі, қопарғыш-уландырғыш заттар.
Меншік құқығының мазмұнын меншік иесінің өз мүлкін иелену, пайдалану
және оған билік ету өкілеттігі, яғни құқығы құрайды.
Иелену құқығы болып заң жүзінде қамтамасыз етілген мүлікті іс жүзінде
иеленуді жүзеге асыру құқығы табылады.
Пайдалану құқығы болып мүліктен оның пайдалы қасиеттерін алу, одан
пайда табудың заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндіктері табылады.
Билік ету құқығы болып мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің
заңмен қамтамасыз етуі.
Азаматтық Кодекстің 188 бабының 3 тармағына сәйкес, меншік иесі өзіне
тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға,
мүлікті басқа адам меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, өзі меншік иесі
болып қала отырып, оларға мүлікті иелену, пайдалану, билік ету жөніндегі өз
өкілеттігін тапсыруға, кепілге беруге және одан да басқа әдістермен
ауырпашылық түсіруге, оларға өзгеше түрде билік етуге құқылы.

Меншік құқығының мазмұны

Меншік құқығы пайда болады

Мүлік жасаған және дайындаған тұлғаларда

Азаматтық құқықтың мәмәле шарттар негізінде

Қайтыс болған адамның артында қалған мүлкін өсиет
бойынша қалдырған реттерде немесе заңды тұлға
таратылған кезде оның құқық мирасқорына қалдырылған
ретте

Мүліктің бұрынғы меншік иесі бас тартқан ретте, оны
иелену мерзімін өткізіп, пайдаланған адамдарда.

2. Меншік құқығының пайда болу негіздері

Меншік қуқығының пайда болу негіздері дегеніміз азаматтық құқық
субъектілерінін белгілі затқа (мүлікке) байланысты меншік құқығын алуын
заңды түрде байланыстыратын заңды айғақтар. Заң әдебиеттерінде қалыптасқан
көзқарастар бойынша оларды екі топқа бөлуге болады: бастапқы және туынды.
Бастапқы тәсіл негізінде мүлікке меншік құқығы бірінші рет пайда
болады, яғни бұрын мүлік ешкімнің де иелену, пайдалану және билік ету
құкығында болмаған.
Туынды тәсіл дегеніміз-мүліктің бір тұлғадан екінші тұлғаға акт
нәтижесінде пайда болатын меншік құқығын алу тәсілі. Аталған негіздің
ерекшелігі сол, мүлік басқа біреуге өткенге дейін алғашқы иесінің
иеленушілігінде болуы, ал мүлікті иліктен шығаруда оның тоқтатылуы. Туынды
тәсілінің негізінде меншік құқығынан пайда болуына көбінесе азаматтық-
құқықтық келісімдердің ықпалы әсер етеді (мысалы, сатып алу-сату, қарыз
емес несие шарты, жекешелендіру және т.б.
Меншік құқығы ел экономикасының негізін қалайтын болғандықтан оны
қорғау мәселесіне аз уақытта да үлкен көңіл бөлінген. Қазіргі кезеңде
Қазақстан Республикасының каіі құқық саласын алып қарайтын болсақ. та,
меншікті қорғауға аса ыігга қойылып, оны бірінші кезектегі мәселелер
қатарына шығарып отыр. Солардың ішінде ерекше орын алатын азаматтық-
құқықтық тәсілдер. Меншік иесінің мүлікті өзгенің заңсыз иеленуінен талап
етуі, Виндикациялық талап. Азаматтық Кодекстің 260-шы бабына сәйкес меншік
иесі өзгеден заңсыз иеленген өз мүлкін талап етуге құқылы. Виндикациялық
талап қанағаттандырылған кезінде меншік иесіне өз мүлкі қайтарылып берілуі
тиіс. Виндикациялық талап арқылы мүлікті меншік иесіне қайтару үшін белгілі
жағдайлар сақталуы тиіс: біріншіден, талапкер мен жауапкердің арасында
ешқандай да азаматтық шартқа негізделген қатынастар болмауы тиіс. Егср
олардың арасында мұндай қатынастар болатын болса, онда міндеттемелік
кұқықтық әдістің ережелері қолданылуы тиіс. Екіншіден, мүлік жекелеген
белгілері бойынша ажыратылуы тиіс. Үшіншіден, аталған талап бойынша нақты
мүлік (жоғалған, ұрланған немесе еркінен өзге жолмен шығып қалған) ҚЗУІ-
тарылуы тиіс. Төртіншіден, талап арызы берілгсн кезеңде мүлік заңсыз
иеленушінің иелігінде болуға тиіс.
Сонымен қатар, виндикациялық талаптың негізінде мүлік иесіне қайтарылып
берілуі заңсыз иеленушінің адал немесе арам ниетті екедігіне де көп
байланысты. Адал иеленуші дегеніміз, мүлікті иеліктен айыруға құқығы
болмаған тұлғаны білмеген немесе білуге тиіс емес иеленуші (Азаматтық
Кодекстің 261-ші бабының 1-тармағы). Бұл жерде сатып алушы мүлікті иеліктен
шығарушының пиғылының арам екендігін білуі де тиіс емес шы-ғар, өйткені
мүлік баршаға тең жағдайда сатылуы тиіс қой.
Иеленушілік адал немесе арам ниеттілігі байланысты көптеген заңды
сұрақтар тууы мүмкін. Арам ниетпен иеленушіден мүлікті әруақытта да талап
етуге болады, егер талап мерзімі өтпеген жағдайда, ал адал иеленушіден
мүлікті талап ету үшін белгілі шарттар сақталуы тиіс.
Егер мүлік адал иеленушіге ақылы түрде өткен болса, меншік иесі ол
мүлікті төмендегі негіздер бойынша ғана талап етуге құқылы: 1) егер мүлікті
меншік иесі немесе меншік иесі иеленуге берген тұлға жоғалтып алса; 2) егер
мүлік меншік иесінен немесе ол берген тұлғадан ұрланса; 3) меншік иесінің
немесе меншік иесі иеленуге берген тұлғаның еркінен тыс өзге жолмен шығып
қалса; мысалы, мүлік тасқын судың ағымымен ағып кетсе...
Егер мүлік оны иеліктен шығаруға құқығы жоқ тұлғадан тегін алынған болса,
меншік иесі мүлікті қайтаруды талап етуге барлық реттерде де құқылы.
Азаматтық Кодекстің 261-ші бабының 3-ші тармағына сай сот шешімдерін атқару
үшін белгіленген тәртіп бойынша сатылған мүлік адал иеленушіден меншік
иесіне еш уақытта да қайтарылып берілмейді. Заңның талаптары бойынша адал
иеленушіден ұсынушыға берілетін ақшаны немесе бағалы қағаздарды қайтарып
алуға да жол берілмейді.
Азаматтық Кодекстің 263-ші бабында заттарды заңсыз иеленуден қайтарып алу
кезінде есеп айырысу тәртібі де анықталған. Меншік иесі мүлікті талап ете
отырып, арам ниетті иеленушіден бүкіл уақыт бойы иеленген кезінде өзі алған
немесе алуға тиіс болған табыстардың бәрін қайтаруды немесе өтеуді талап
етуге құқылы, ал адал иеленушіден иеленудің заңсыздық туралы білген немесе
білуге тиіс болған немесе меншік иесіне мүлікті қайтару туралы талап қою
жөніндегі хабарламасын алған кезден бастап өзі алған немесе алуға тиіс
болған табыстардың бәрін талап етуге құқылы3.
Адал иелснуші өз кезегінде мешік иесінен мүліктен табыс есептелетін
уақыттан бастап ол мүлікке жұмсалған шығындарды меншік иесінің өтеуін талап
ете алады. Арам ниетгі иеленуші мұндай өтемді иеленушінің талабын сот
негізгі деп тапқан реттерде толық немесе өзара алуға құқылы
Көрсетілгсндсй мүмкіншіліктер жоқ.
Меншік иесінің кұқықтарын иеліктерін айырумен ұштаспаған бұзушылықтан
қорғау (негаторлық талап). Кейбір жағдайларда меншік иесінің иесіне
құкықтарына бұзушылық болмағанымен, оның пайдалану және билік ету
құқыктарына нұқсан келтірілуі мүмкін, Мысалы: биік қоршаудың нәтижссінде үй
иесінің бөлмелеріне жарықтың аз түсуі немесе т.б. Азаматтық қүқықта мұндай
талаптарды негаторлық дсп атайды.
Негаторлық талап деп меншік иесінің пайдалану және билік ету құқықтарын
жүзеге асыруда пайда болатын кедергілерді жоюға бағытталған талаптарды
айтамыз, Көрсетілген ережелер Азаматтық Кодекстің 264-ші бабында орын
алған. Меншік иесі өз құқықтарын бұзу иеліктерін айыру құқығымен ұштаспаса
да, ол өз, құқықтарын бұзудың қандайын болса да жоюды талап ете алады. Бұл
ереже меншік иесі болып табылмайтын субьектілерге де тән (Азаматтық
Кодекстің 265-ші бабы).

“Алматы қалалық сотының 1-ші инстанцияда азаматтық істерді қарайтын
соттардың жұмысы туралы” 2005ж. Ведомстволық статистикалық есебі

Меншік құқығының пайда болу негіздері.

Кондоминиум ( латынша бірлесіп иелену) – меншіктің айрықша
нысаны.
Тек қана жылжымайтын мүлікке қатысты. Мысалы, лифт, қоғамдық
дәретхана. (Жер туралы және Тұрғын үй туралы заң)
Ортақ бірлескен меншік құқығы – ортақ меншіктегі мүлік иелерінің
әрқайсысының меншік құқығы үлестерінің белгіленбеген түрі. Ол заңда
тікелей көзделген реттерде ғана пайда болады. ҚР-да ортақ бірлескен
меншігінің 3 түрі бар:
1) ерлі-зайыптылардың ортақ бірлескен меншігі
2) шаруа (фермерлік) қожалықтың ортақ бірлескен меншігі
3) жекешелендірілген тұрғын үйге ортақ бірлескен меншік құқығы.
Ортақ бірлескен меншікке билік ету барлық қатысушылардың келісімі
бойынша жүзеге асырылады. Бірлескен меншікке қатысушылардың біреуінің ортақ
мүлікке билік ету жөнінде жасаған мәмілесі басқа қатысушы талабы бойынша
жарамсыз деп танылуы мүмкін.
Билік етуге байланысты жасалған мәміле жарамсыз деп танылады,
егер: 1) мәміле жасаған қатысушылардың қажетті өкілеттігі болмаса, 2) екі
тараптың мәміле жасаушыларының қажетті өкілеттігінің жоқ екенін білсе. Заң
талаптарына сәйкес мәміле нотариустың куәландыруын немесе мемлекеттік
тіркеуді керек ететін болса, мұндай мәміле жасау үшін бірлескен мүлікке
басқа қатысушының мімңле жасауға келісімі нотариалдық тәртіппен расталуы
тиіс. Бірлескен ортақ меншіктегі мүлікті бөлу және одан үлесті бөліп шығару
тек қатысушылардың әрқайсысының ортақ мүлік құқығының үлесі алдын ала
анықталған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Осы бөлуді жүзеге асыру кезінде,
егер заңда немесе қатысушылардың келісімінде өзгеше белгіленбесе, олардың
үлестері тең деп танылады. Егер осындай мүлікті бөлу кезінде дау туындаса,
ол сот тәртібімен қаралады.
Ерлі-зайыптылардың ортақ бірлескен меншігі.
Ерлі-зайыптылардың ортақ бірлескен меншік құқығы некеден ғана
туындайды. Заң талап еткен тәртіпке сай мемлекеттік органдарда рәсімделген
неке заңды деп танылады. Неке деп – ерлі-зайыптылардың арасындаңы мүліктік
және мүліктік емес қатынастарды туғызатын, отбасы құру мақсатымен, заңда
белгіленген тәртіппен, тараптардың ерікті және толық келісімімен жасалатын
ер адам мен әйел адамның тең құқықты одағын айтамыз. Ерлі-зайыптылардың
некеде тұрған кезде жинаған мүлкі, егер бұл мүлік ерлі-зайыптылардың үлесті
меншігі болатыны немесе олардың әрқайсысына тиесілі екендігі шартта
көзделмесе, олардың бірлескен меншігі болып табылады.
Егер ерлі-зайыптылардың әрқайсысының некеге тұрғанға дейін жинаған
мүлкі немесе некеге тұрған кезде сыйға немесе мұраға алған мүлкі
болса, бұл
мүліктер олардың әрқайсысының мүлкі болып табылады.
Неке және отбасы туралы заңда ерлі-зайыптылардың мүлкінің екі
режимі
көзделген: заңды және шартты режимдер. Егер неке шартында өзгеше
белгіленбесе, ерлі-зайыптылардың бірлескен ортақ меншігінің режимі
олардың мүлкінің заңды режимі болып табылады. ( Неке және отбасы
туралы заңның 31 бабы).
Шартты режим бойынша ерлі-зайыптылардың неке шартын жасау арқылы
белгіленген ортақ бірлескен меншігінің режимін өз қалауынша өзгертіп,
мүліктің бәрін немесе оның бір бөлігін үлестік немесе оның
әрқайсысының
жеке меншігі етіп белгілеуге құқылы.
Шаруа (фермер) қожалығының ортақ бірлескен меншігі.
Шаруа (фермер) қожалығының мүлкі олардың арасында шартта өзгеше
белгіленбесе, ол осы қожалықтың мүшелеріне тиесілі болады. Шаруа
(фермер) қожалығының бірлескен ортақ меншігінде оның мүшелерінің ортақ
қаражатына шаруашылық үшін сатып алынған мүліктер, жер учаскелері, мал
құс, техникалық жабдықтар мен құрал-саймандар болады.

ІІ. Меншік құқығының түрлері

2.1 Меншік құқығының ұғымы

Меншік құқығы дегеніміз- мемлекеттің заң актілерімен танылған және
қорғалатын, өзіне тиесілі мүлікті өз қалауы бойынша иемдену,
пайдалану және оған билік ету құқығы. Мемлекеттік меншік құқығы
Қазақстан Республикасында танылған меншіктердің екі формасының біреуі
болып табылады.
Мемлекеттік меншік мемлекеттің өз функцияларын орындауына
арналған, сондай-ақ, ол, экономиканың жеке секторы рынокты қандайда
бір тауарлармен толтыра алмаса қосымша пайдаланылады.
Мемлекеттің функциялары- оның топтық, әлеуметтік мәнімен және
әлеуметтік арналарымен де айқындалған белгілі бір мақсатқа жету
үшін өз алдында тұған міндеттерді іске асыру жөніндегі қызметтердің
негізгі, басты бағыты. Оларға:
1) Құқықтық тәртіпті орнатуды және қорғауды;
2) Азаматтардың меншік құқығын, өзге де құқықтар мен
бостандықтарын қорғауды;
3) Экономикалық, мәдени, әлеуметтік, экономикалық функцияларды
жүзеге асыруды;
4) Бейбітшілікті, бейбіт өмір сүруді қамтамасыз етуді;
Іскерлік серіктестік пен ынтымақтастықты қолдануды;
5) Мемлекеттік егемендікті сыртқы озбырлықпен қорғауды жатқызуға
болады.
Дамыған елдер экономикадағы мемлекеттік секторлардың өзіндік
салмағы әрқашан қомақты болған, әсіресе энергетика, көлік,
космонавтика, әлеуметтік сала және инфрақұрылым, жазалау аппаратын
ұстау және сол сияқты қаржыны көп керек ететін салаларда. Кез-
келген мемлекеттің қалыпты өмір сүруі үшін қандай да бір төтенше
жағдайларға, мысалы; әскери әрекеттерге, табиғи апаттарға,
техногендік сипаттағы апатқа, эпидемияға, тағы да басқа, арналған
материалдық резерв болуы керек. Сондықтан материалдық ресурстардың
мемлекеттің қолына шоғырлануына және тіптен мемлекеттік кәсіпкерлік-
қалыпты жағдай. Мәселе мемлекеттің өз мүліктік қызметін қалай
атқаратындықтарына, ол қоғамның экономикалық дамуының әмбебап
реттегіші болып табылатын рынокқа қатты теріс әсер етуі тиіс.
Меншіктің мемлекеттік секторларының үлесінің ауытқу шегін әр
мемлекетте оның заңмен белгіленген функциялары анықтайды.
Қазақстан Республикасы мемлекетінің мемлекеттік
кәсіпорындар арқылы жүзеге асырылатын функциялары заңмен бекімін
тапқан.
Мемлекеттік кәсіпорын туралы жарлықтардың
2 бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің
негізгі міндеті қоғам мен мемлекеттің мұқтаждығынан туындайтын
әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу:
1. Мемлекеттің қорғаныс қабілеттігін материалдық жағынан қамтамасыз
ету және қоғам мүддесін қорғау;
2. Қоғамдық өндірістердің экономикалық жеке секторымен қамтылмаған
немесе нашар қамтылған өрістері мен салаларында күнделікті
қажетті тауарлар, жұмыс, қызмет көрсету, өндіру;
3. Мемлекеттік монополияға жатқызылған немесе мемлекет функциясы
болып табылатын өрістерде қызметті жүзеге асыру.
Мемлекеттік кәсіпорын туралы Жарлық шаруашылық жүргізу
құқығындағы кәсіпорындар мен қазыналық кәсіпорындар үшін қызмет
аясын толықтай белгілеп берді. Шаруашылық жүргізу құқығындағы
мемлекеттік кәсіпорын қызметінің мына өрістерінде құрылуы мүмкін:
• Қару-жарақтар және оларға оқ-дәрілер, қорғану құралдарын,
әскери техника, қосалқы бөлшектер жинақтаушы элементтер
мен олардың аспаптарын жасау, өндіру, жөндеу және сату;
босап қалған әскери техникалық құралдардан арылу (жою,
кәдеге жарату, көму және қайта ұқсату);
• Уранды және басқа бөлінетін металлдарды, сондай-ақ
олардың жасалған бұйымдарды алу, өндіру, тасымалдау,
қайта ұқсату, көму және сату;құрамындағы радиоактивтік
элементтері арнайы қорғану құралдарын қолданбай-ақ
пайдалануға болатындай нормадан асатын өнімдер дайындау
және сату;
• Дәрі-дәрмектер, дәрілік заттар мен емдеу препараттарын,
медициналық құрал-жабдықтар мен саймандар даярлау және
сату;
• Энергиямен, сумен және жылумен қамтамасыз ету,
магистралдық көлік, байланыс, коммуникация, коммуналдық
және тұрмыстық шаруашылық саласында, өзінің табиғи
монополиялық жағдайы мен әлеуметтік-экономикалық
маңыздылығы болғандықтан тікелей мемлекеттік басқаруды
қажет ететін республикалық және жергілікті
инфрақұрылымдардың тіршілігін қамтамасыз ету жүйелерінде
шаруашылық қызметті жүзеге асыру;
• Банк, сақтандыру және басқа қаржы қызметі саласында;
• Мемлекеттік автомобиль жолдары торабын және
инфрақұрылымның басқа обьектілерін ұстау және дамыту;
• Бірқатар басқа салаларда.
Қазыналық кәсіпорындар үшін қызметтің бұдан да тар өрісі
көзделген. Қазыналық кәсіпорындар заңнамада белгіленген
тәртіппен мына мақсатқа құрылады:
▪ Төтенше және апаттық жағдайларда тауда құтқару
және өзге арнайы жұмыстарды орындау, өрттен, селден
және басқа табиғи нәбеттен қорғау;
▪ Қылмыстық-атқару жүйесі саласында өндірістік
қызметті жүзеге асыру;
▪ Топографиялық-геодезиялық және картографиялық
жұмыстар жүргізу;
▪ Денсаулық сақтау, табиғи қорғау, білім беру,
әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт саласында
өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру;
▪ Қызметтік ғимараттардың пайдаланылуын жүзеге асыру
және мемлекеттік органдардың қамтамасыз ету
функцияларын орындау;
▪ Бірқатар басқалай мақсаттарда.
Жеке тұлғалардың (азаматтардың және мемлекеттік емес заңды
тұлғалардың) меншігі болып саналатын жеке меншікке қарағанда
мемлекеттік меншік түгелдей барлық қоғамға тиесілі және оның
мүддесіне қызмет етеді. Бірақ ол мемлекеттік мүліктің (мысалы, ақша
қаражатының) халықтың белгілі бір топтары (зейнеткерлер, ардагерлер,
тағы басқа.) үшін немесе, тіптен белгілі бір тұлғалар, нақты
кәсіорындарға көмек, өнертапқышқа т.б үшін мақсатты жаратуды жоққа
шығармайды4.
Меншік мемлекеттің негізін құрайды. Мемлекеттің толыққанды
өмір сүруі және оның азаматтарының құқықтарын қорғау меншіктің
болуымен және функцияларын қалыпты атқарумен байланысты.
Әртүрлі функциялардың болуы мемлекеттік меншік құрылымын
тармақтайды. Бөлу, негізінен, аумақ бойынша және меншікті сату
субьектілері бойынша жүргізіледі. АК-ның 192 бабының 1-ші тармағына
сәйкес мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдық меншік
түрінде болады.
Мемлекеттік меншіктің жеке меншік алдында нормативтік басымдылығы
жоқ Қазақстан Республикасы азаматтық заңдармен реттелетін
қатынастарға осы қатынастардың өзге қатысушыларымен тең негіздерде
кіреді. Әкімшілік-аумақтық бөліністер үшін де осындай ережелер
белгіленген. Азаматтық құқық қатынастарының басқа субьектілерімен
қатынастардағы теңдей басталуы, жалпы ереже бойынша, әртүрлі
субьектілердің құқықтық мәртебесінде басымдылықтың жоқтығын және
Қазақстан Респуликасы(әкімшілік –аумақтық бөлініс) қатысқан дауларды
шешкенде соттар үшін ешқандай басымдылықтың болмайтынын білдірді.
Қазақстан Республикасы, әкімшілік –аумақтық бөлініс, азаматтық құқық
қатынастарда өзінің өкімет өкілеттіліктерін пайдаланбайды, оған
азаматтық заңнама нормалары толықтай тарайды.
Мемлекеттік меншік субьектісі қатысқан дауларды, жалпы ереже бойынша
мемлекеттік соттар қарайды. Бірақ тараптардың қалауы бойынша дауды
төрелік сот қарауы мүмкін, оның шешімі артық болып табылады, оны
мемлекеттік соттар қамтамасыз етеді.
___________________________________ ______________________________
“Қоғамдық бірлестіктер туралы” Қазақстан Республикасының заңы. 31.05.
1996 г. N 3-1

Мемлекеттік меншікті пайдалану құқығы дегеніміз –мемлекеттік мүліктен
оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай –ақ одан пайда алудың заңмен
қамтамасыз етілген мүмкіндігі. Пайда табыс, өсім, жеміс, төл түрінде және
өзге формаларда болуы мүмкін. Мемлекеттік мүлікті пайдалану әртүрлі формада
жүзеге асырылады. Мысалы, заңмен жол берілген салада кәсіпкерлік қызметпен
айналысатын мемлекеттік органдарға мемлекеттің жер учаскелерін жалға және
пайдалануға беруі, пайдалы қазбалар өндіру, ғимараттар мен құрал
–жабдықтарды, жиһазды пайдалануға беруі кең таралған.
Мемлекеттік меншікке билік жасау құқығы дегеніміз –мүліктің заңдық
тағдырын анықтаудың заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндігі. Айналымда жүрген
мемлекеттік мүліктің дені ақша қаражаты болғандықтан, әдетте, пайдалану
және билік жасау құқық өкілеттіктері біріне бірі сәйкес келеді. Мемлекет
негізінен бюджет ақшасын таратады. Бұл функцияны жүзеге асыруға өкілдік
және атқарушы билік органдары тартылады. Алдымен Парламент пен мәслихаттар
бюджетті бекітеді, содан соң Қазынышылық пен Әкіматтар ақша қаражатын
мемлекеттік органдар бойынша бөледі, ал олар қаржыландыру субьектісіне
жеткізеді. Мемлекеттік меншік шектерінде мынадай схема жиі қолданылады –
мемлекет мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын мемлекеттік
заңды тұлғаларға береді.
Бұл ретте мемлекет меншік құқығын жоғалтпайды. Ол дегеніміз –мемлекетте
жоғарыда аталған үш заттық құқықтан басқа титулдық құқық бар деген
сөз, ол меншік құқығын жоғалтқанда шарт бойынша тек ерікті түрде
ғана иеліктен алынуы мүмкін не пайдалану – билік ету жүзінде
обьектінің жаратылып кетуі нәтижесінде тоқтайды. Бұл тезис АК-ның 188-
бабының 3-ші тармағында бекімін тапқан , онда былай делінген:меншік
иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез- келген
әрекеттер жасауға, соның ішінде бұл мүлікті басқа адамдардың
меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, өз меншік иесі болып қала
отырып, оларға мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету
жөніндегі өз өкілеттігін тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және
оған басқа да әдістермен ауыртпалық түсіруге, оларға өзгеше түрде
билік етуге құқылы. Бұл ереже мемлекеттік заңды тұлғада арнаулы
құқық қабілеттілік бар екендігіне есептелген, ал мемлекет, өзінің
абсолюттік меншік құқығын іске асыра отырып өзінің мүлкін, азматтық
айналымда көзделген мақсатта қатаң пайдалануы үшін, мемлекеттік заңды
тұлғаларға береді. Мемлекеттік органдар мен әкімшілік-аумақтық
бөліністердің өздері де мемелекеттік ақша қаражатын бекітілген бюджетке
сай жұмсайды.
Меншік құқығының мазмұны меншік йесі жағында тек құқықтарды
ғана емес, міндеттердің де болуын көздейді. Міндеттер заңнан және
заңдық фактылардан туындайтындарға бөлінеді. Формуланың негізін
Конституцияның 6-шы бабының 2-тармағы құрайды, оған сәйкес меншік
міндет жүктейді, оны пайдалану,сонымен қатар қоғам игілігіне де
қызмет етуі тиіс. Мемлекет меншік субъектісінің өз құқық өкілеттіктерін
жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен заң қорғайтын мүдделерін
бұзбауға тиіс.
Құқықтар мен заңды мүдделерді бұзу, өзгедей формалармен қатар,
мемелекеттік меншік субъектісінің өзінің монопольдық және басымдық
жағдайын теріс пайдалануынан көрініс табуы мүмкін. Монопольдық жағдайды
теріс пайдалану фактісін анықтауға мүмкіндік беретін белгілер монополияға
қарсы заңнама көрсетілген. Монополияға қарсы заңнама рыноктағы
басымдық жағдайға бақылау жүргізетін органдарды және монополияға қарсы
заңнаманы бұзушыларға қолданылатын санкцияны анықтайды.
Мемлекеттік меншік субъектісі өз құқығын жүзеге асыру барысында
азаматтыардың денсаулығы мен қоршаған ортаға келтіруі мүмкін зиянның алдын
алуға шара қолдануы тиіс. Мемлекеттік меншік субъектісінің қоршаған
ортаға келуі мүмкін зиянның алдын-алу шаралары табиғат қорғау заңнамасында
белгіленген. Мұнда, сонымен қатар , табиғат қорғау заңнамасын бұзудың
белгілері, оның сақталуына бақылау жүргізетін органдар және табиғат
қоорғау заңнамасын қамтамасыз ететін басқа да құқықтық тетіктер
қарастырылған.
Заң актілерінде көзделген реттерде және шектерде, мемлекеттік
меншік субъектісі өз мүлкін басқа тұлғалардың шектеулі пайдалануына жол
беруге міндетті. Әңгіме, негізінен, заңды жер сервитуптары туралы.
Сервитуптарды белгілеу уәждері әр түрлі болуы мүмкін.
Көбіне, әңгіме, басқалай жолмен өз жер учаскеңе немесе ортақ
пайдаланылатын объектілерге тікелей өте алмайтын жағдайда мемлекеттік жер
учаскесі арқылы өту жайында. Сервитуттардың барлық мүмкін болатын
жағдайлары, жалпы ереже бойынша, тек заң актілері деңгейінде немесе шартта
көзделуі тиіс . Жер заңнамасы сервитутты заңға тәуелді қалыптық құжаттар
негізінде де белгілеуге жол береді.Сервитуттуың жер учаскелеріне туындау
негіздері Жер кодексінде белгіленген.
2.2 Меншік құқығының субьектілері

Меншік құқығының мазмұны құқықтар мен міндеттердің жиынтығымен
анықталады. Меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен
шектері, оларды қорғау келдіктері заңмен белгіленеді. Яғни, мемлекет,
меншікобьектілерінің бірден-бір меншік иесі ретінде азаматтық құқықтарды,
сондай-ақ міндеттерді жүзеге асыруды шектері мен қорғауда заң арқылы өзі
үшін анықтайды.
АК-ның 188-бабының 2-ші тармағына сәйкес өз мүлкін иелену, пайдалану
және оған билік ету құқығы меншік иесіне берілген. Азаматтық айналымда
мемлекет екі субьект арқылы берілген: Қазақстан Республикасы және әкімшілік-
аумақтық бөлініс, олар мемлекеттік меншікті іске асыра отырып, өз
аттарынан әрекет етеді. Сондықтан субьектік құрамның күрделілігі меншік
иесінің құқық өкітеттіктерін мемлекеттік меншіктің аталған субьектілерінің
бірі болып табылатын мемлекет пен олардың мүддесін білдіруі мүмкін тұлға
арасында бөлуді көздейді.
Мемлекеттік меншікті иелену құқығы дегеніміз – мүлікті іс жүзінде
иемденуді жүзеге асырудың заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндігі. Мемлекет,
материалданбаған ерекше субьект ретінде, барлық реттерде иемдену құқығының
титулын сақтайды, өз мүлкін іс жүзінде иемденуді мемлекеттік органдар
жүйесі арқылы жүзеге асырады. Мемлекеттік мүлікті тікелей іс жүзінде
иемденуді, әдетте, мемлекеттік заңды тұлғалар немесе атқарушы билік
органдары жүзеге асырады. Мемлекеттің иемдену құқығы туралы мәселе заң
әдебиеттерінде дау туғызады5.
Мысалы, А. Талдыбаев иемдену дегенді затқа іс жүзінде үстемдік жасау құқығы
, затты қолда ұстау құқығы деп түсінеді. Сондықтан ол мемлекет үшін
–ғайыр өз мүлкін тікелей емес, тек өз органдары арқылы ғана иемденеді
дейді.
Мемлекеттік меншікті пайдалану құқығы дегеніміз –мемлекеттік
мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай –ақ одан пайда
алудың заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндігі. Пайда табыс, өсім, жеміс, төл
түрінде және өзге формаларда болуы мүмкін. Мемлекеттік мүлікті пайдалану
әртүрлі формада жүзеге асырылады. Мысалы, заңмен жол берілген салада
кәсіпкерлік қызметпен айналысатын мемлекеттік органдарға мемлекеттің жер
учаскелерін жалға және пайдалануға беруі, пайдалы қазбалар өндіру,
ғимараттар мен құрал –жабдықтарды, жиһазды пайдалануға беруі кең таралған.
Мемлекеттік меншікке билік жасау құқығы дегеніміз –мүліктің заңдық
тағдырын анықтаудың заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндігі. Айналымда жүрген
мемлекеттік мүліктің дені ақша қаражаты болғандықтан, әдетте, пайдалану
және билік жасау құқық өкілеттіктері біріне бірі сәйкес келеді.

Назарбаев Н.А. Осмысление пройденного и дальнейшее демократическое
реформирование обществаВести Казахстана.-1995.-1 июля.

Мемлекет негізінен бюджет ақшасын таратады. Бұл функцияны жүзеге асыруға
өкілдік және атқарушы билік органдары тартылады. Алдымен Парламент пен
мәслихаттар бюджетті бекітеді, содан соң Қазынышылық пен Әкіматтар ақша
қаражатын мемлекеттік органдар бойынша бөледі, ал олар қаржыландыру
субьектісіне жеткізеді. Меншікшектерінде мынадай схема жиі қолданылады –
мемлекет мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын мемлекеттік
заңды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының экологиялық құқығының дәрістері
«Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖЕР ҚҰҚЫҒЫ
Патент құқығы
ҚР жерге жеке меншік құқығы
Мүлікті тегін пайдалануды сипаттау, саралай зерттеу
МҮЛІКТІ ИЕЛІКТЕН АЛУДАН ТУЫНДАЙТЫН МІНДЕТТМЕЛЕР
Экология құқығының дәрістері
Жер пайдалану құқығының субьектілері
Жер құқығының пәні, қағидалары және жүйесі
Пәндер