Египет пирамидасы


Тарихы
Египет - ең байырғы елдердің бірі. Оның 5 мын жылға тарта тарихы бар. Ежелгі Египет мәдиниеті жайында перғауын патшалардың сағанасы алып пирамидалар, ғажайып ғибидатханалар мен тас бетіндегі муреттер сыр шертеді. Елдің халқы түгелге дерлік ежелден Африкадағы кәрі Ніл өзені бойына шоғырлынған. Ніл аңғарында дүниедегі ең сапалы мақта өсіріледі. Бұл - Египеттің негізі байлығы.
7 ғасырда Египетте арабтар жаулап алды. Мұнда араб тілімен бірге өз діндерін - исламды таратты. Египет 1952 жылғы революциядан кейін ғана шын мәніндегі ерікті мемлекетке айналды. Оған дейін көп жыл бойы Ұлыбритания үкіметі қол астында еді. Республикада 1952 жылғы революциядан соң көптеген зауод, фабрикалар салынды.
Египет Израильмен тарпынан талай шабуылға ұшырады. 1967 ж. Израиль Египеттің Синай түбегін басып алды. Египет халқы Израиль тартып алған Синай түбегін, басқа да араб жерлерін азат ету үшін қүресуде.
1974 ж. Египет халқы Суэц каналының шығыс жағасындағы Израиль әскерлерін кетуге мәжбүр етті. Канал бойымен Европа мен Америкадан Азия және шығыс Африкакаға кеме жолы ашылады.
Мысыр Респуликасының діні - Ислам. Олар: 90% - Сүнни мұсылманлар, 5-6% суфии және 3-4% шиға.
Басқа ең үлкен діні - мәсіхшілік, бүкіл елде 16% осы дініге кіреді. Олардың көпшілігі Александрияның Копттік Православ Шіркеу мүшелер. Басқа да шіркеулер - Копттік Католик және Копттік Евангелик (Протестанттар) .
Пирамидадағы Пәктік пен Парасат
Әлемнің алғашқы жеті кереметінің ең ғажайыбы - Египет пирамидасы. Ол - біздің жыл санауымыздан 27 ғасыр бұрын салынған Египет патшаларының мазары. Ең биігі - 146 метр. Византиялық Филон жазып кеткен әлемдегі жеті кереметтің біріншісі осы Египет пирамидасының біз білетін тарихы: мұнан бес мың жылдай бұрын, біздің дәуірімізге дейінгі 2700 жылдары перғауын Хеопстың бұйрығымен алғашқы пирамида құрылысы басталып, кейіннен үлкенді, кішілі бірнеше пирамида салынды. Пирамида ежелгі Мысыр перғауындарының қабіріне ескерткіш белгі ретінде (Гизадағы Хеопс пирамидасы және тағы да басқалары) тұрғызылғанымен, кейбір пирамидалар ғибадатхана, қазына қоймасы ролін де атқарды.
Пирамида - архитектурада төрткүл дүниенің төрт тарапына түгел қарап тұратын, төрт бұрышы ту биіктегі бір нүктеде түйісетін алып құрылыс. Пирамида тарихын зерттеуші кейбір адамдардың пікірінше, пирамида төрт бұрышының бір нүктеде түйісуі әу баста Адам Ата (ғ. с. ) мен Хауа Анадан тараған адамзаттың бірлігін бейнелейді. Негізінен, пирамидаға ұқсас құрылыстар (ғибадат-хана тұғыры, космологиялық құрылыстар) Орталық және Оң-түстік Африка жерінде (біздің замаңымыздың 1-мыңжылдығы) де кездеседі. Халық арасында: «Тіршілік уа-қыттан қорқады, уақыт пирамидадан қорқады», - деген қанатты сөз бар. Бұл пирамиданың мәңгілік ескерткіш етіп салынғанын, оның уақыт тезіне бой бермей, адамдарды аһ ұрғызып, сахараның күзетшісі, тарихтың куәгері ретінде тапжылмай тұра беретіндігін танытады.
Қай халық та мемориалдық сәулет құрылыстарын өзінің сол кездегі діни түсінігіне және қоғамдағы әлеуметтік жағдай-ға байланысты салып отырған. Әлемдегі дамыған мәдениет ошағы болып саналатын көне Мысырда дін құрылыстарға да әсер етіп, мұнда мәдениет дінмен бірге өркендеді. Бұрын мысырлықтар үйінде де құлшылық бөлмесін жасап қойып, қалада да, көшеде де, егістікте де, ауылдарда да ғибадатханалар жұмыс істеп тұрды. Мұнда дін мысырлықтар-дың ой-пікірін басқарып, олар өлгеннен соң қайта тірілетініне қатты сенді. Халық Зурис - Ніл өзенінің тәңірі, Ра - күн тәңірі деп ойлады. Діннің әсер етуімен перғауындардың қабірі ретінде пирамидаларды салып, өлген адамның денесін ақыретке дейін сақтау үшін мумияны ойлап тапты.
Иә, Египеттегі көне заманғы дінде о дүниедегі өмір жөніндегі наным-сенім ерекше мән-маңызға ие болып, ол пирамидалар мен ғибадатханалардың стилін қалыптастыруға, дамытуға, ежелгі Египеттегі сәулет өнерінің өркендеуіне игі ықпалын жасады. Ежелгі египеттіктердің діни ілімі бойынша, адамның жаны бірнешеу болады деп есептеледі. Олардың ең бастылары - «Ка» мен «Ба» болса, «Ка» дегені - адамның рухани сыңары, марқұм онымен о дүниеде табысады. Мысырлықтардың наным-сенімінде марқұмның бейіті - «Каның үйі», өлім - жітімді атқарысатын абыз - «Каның қызметшісі». Олар «Ка» өлген адамды о дүниеде тірілтіп, әрі қарай өмір сүргізе береді, «Ба» - «таза рух», рух адам өлгеннен кейін оның бойынан кетіп, көкке көтеріледі, адамның ішкі қуаты, тәңірлік тегі - сол» деп ойлаған. Әубаста о дүниеге перғауындар ғана бара алады деген пікір қалыптасып, перғауындар өлгеннен кейін өз аманаты бойынша отбасы мүшелерін, маңайындағы адамдарды о дүниеге ала кетуге құқылы болған. Содан ол өлгеннен кейін әлгі адамдарды да өлтіріп, пирамиданың жанына жерлеу салты орын алған . . .
Византиялық Филон әлемдегі кереметтердің қатарында «Мемфистегі пирамидаларды» атаса, пирамидалардың ішіндегі ең көнесі - мұнан бес мың жылдай бұрын тұрғызылған Джосер перғауынның пирамидасы. Оны тұрғызушы перғауынның кеңесшісі болған сәулеткер әрі дәрігер, астроном, жазушы, ежелгі заманның ақылгөйі Имхотеп. Мысырлықтар Имхотепті тіпті арбаушы әрі сиқыршы санаған, сөйтіп кейін оның құрметіне храмдар тұрғызып, мүсіндер де орнатқан. Жасыратыны жоқ, кейбіреулер әлемдегі керемет деп Гизадағы Хеопстың Үлкен пирамидасын жатқызады. Қалай болғанда да пирамидалардың әуелдегі қызметтерінің бірі - ішіне жасырылған мумияны кез келген дұшпаннан, кез келген шабуылдан, марқұмның «тынышын» алудан сақтап тұру болатын.
Геродоттың айтуынша, Хеопс пирамидаларды тұрғызуға бүкіл халқын екіге бөліп, жұмылдырған. Ол алдымен Ніл дариясының жағасына Арабия тауларынан үйтастар жеткізуді бұйырған. Халықтың қалған бөлігі әлгі үйтастарды Ливия тауларының етегіне тасып жеткізген. Жұмысқа ұдайы жегіліп, олар әр үш ай сайын алмастырылып отырған. Осылайша он жылдың ішінде жаңағы блоктарды өзенге жеткізетін жол төселіп, пирамиданы тұрғызу жиырма жылға созылған. Біздің Қыпшақ Бейбарс Сұлтан бабамыз өз заманында Мысыр пирамидасының ұшар басына қазақтың киіз үйін тіктірген. Ғалымдардың пайымдауынша, пирамиданың өзіндік қа-сиеті бар. Елуінші жылдардың аяғында әуелі чех өнерпазы К. Дрбал, одан кейін басқа да ғалымдар «Пирамиданың әрекет әсерін» зерттеп, нақты бар болғанымен, түсінуге келмейтін бірқатар тосын жағдайлардың бетін ашқанды. Соның бір шоғыры мынандай: ерітпе кофе пирамиданың астында біраз тұрса, табиғи кофе тәрізді дәмі шығады, арзан сигареттер хош иістеніп, ең бағалы сигареттерден ажырағыссыз болып шығады, балық, ет, жұмыртқа сияқты өнімдер бұзылмай, тек қатып, семіп қалады, су борсымайды, сүт көпке дейін ашымайды, сыр көгермейді, пирамида астында су құйып тұрса, қиып салған гүл отыз екі күнге дейін солмайды, кір, тот басқан зергерлік заттар өз-өзінен тазарады, «пирамида» суымен жуса шаштағы ақ кетеді. Күніне ең болмаса он бес минут пирамида астында тұрған адамның көңілі көтеріліп, сергіп, тыңайып қалады. Пирамида мұндай керемет қасиетке не себепті ие болып отыр? Бұл әлі күнге дейін жұмбақ сыры ашылмаған құпия. Пирамиданың біз жоғарыда әңгіме еткен таңғажайып қасиеттеріне тәнті болған батыстағы көптеген фирмалар қазір құрылымы алуан түрлі «тұрмыстық пирамидаларды» жасап, халық игілігіне жаратуда.
Әлем ғалымдары бірауыздан мойындап отырғанындай, Мы-сырдағы Хеопс пирамидасының ғажайып қасиеті шексіз. Тіпті оның барлық өлшемдерін (146, 59 метр биіктігін, табан қабырғасының 230, 35 метр ұзындығын және бүйірлерінің 51051І еңістігін) негізге алып олардан «пи» санын, Жерден Күнге дейінгі қашықтықты, Жердің салмағын, оның полярлық радиусын, Күн мен Айдың массасын, Жердің орташа тығыздығын есептеп шығаруға болады.
Ішінде жерленген перғауын-ның денесі шірімей, тас болып қатып қалуына пирамиданың таңғажайып қасиетінің әсер еткеніне ғалымдар таласпайды. Өйткені, пирамида ішінде кез келген ет сасымайды, бұзылмайды, тастап кеткен ұстара қайта жаңарып, өткір қалпына келеді. Пирамиданың таңғажайып құпия сырға толылығы, оның қуыстарының, бөлмелерінің құ-пиясын ашқан ғалымдардың,
зерттеушілердің, археологтардың бірінен соң бірінің еш себепсіз көз жұмғандығы. Әлде бұл олардың пирамида ішіндегі аруақтардың мазасын алғандығынан ба, ол бір ғана Аллаһ Тағалаға мәлім жағдай . . . Жалпы, бұл орайда пирамида астындағы Тутанхамон бейітінен шыққан тұмарлардың бірінде: «Мен шөл даланың шақыруы бойынша бейітті қорлағандардың жанын жаһаннамаға жіберетіннің нақ өзімін. Мен Тутанхамон бейітін қорғап тұратынның нақ өзімін» деп жазылғаны біздің ойымызды растап, көп сырды аңғартқандай. Тағы бір еске алатын жағдай, құрылыста пирамида жүйесін пайдаланған коптар (Египеттің ежелгі жұртын коптар деп атаған. Арабтарды ежелгі египеттіктердің ұр-пағы деп санау - қателік) мен Майя халқы не себепті із-түссіз жоғалып кетті, ол да әлі күнге дейін белгісіз құбылыс, тарихи тылсым оқиға . . .
Таңғажайып құпия мен қасиетке толы пирамидаға ұқсас ғибадатхана тұғыры, космологиялық құрылыстар Орталық және Оңтүстік Америка жерінде біздің заманымыздың 1 мыңжылдығында салынса, енді ондай сәулет өнерінің тамаша ескерткіші Қазақстанның Астана қаласында 2006 жылғы қыркүйек айында шаңырақ кө-теріп, ол Бейбітшілік және келісім сарайына айналды
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz