Қазақтың тұрмыс - салт дәстүрі негізінде мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке баулудың әдістемесі



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

I. Мектеп жасына дейінгі балаларды қазақтың тұрмыс.салт дәстүрі негізінде еңбекке баулудың теориялық негіздері.
1. 1. Мектеп жасына дейінгі балаларды қазақтың тұрмыс.салт дәстүрі
негізінде еңбекке баулу туралы ғалымдардың ой.пікірлері.

II. Қазақтың тұрмыс.салт дәстүрі негізінде мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке баулудың әдістемесі.
2.1. Қазақтың тұрмыс.салт дәстүрі негізінде еңбекке баулудың мектеп жасына дейінгі балаларға арналған оқу тәрбие бағдарламалары.
2.2. Мектеп жасына дейінгі балаларды қазақтың тұрмыс.салт дәстүрі негізінде еңбекке баулудағы халық тәрбиесі.

ҚОРЫТЫНДЫ.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Өркениетке ұмтылған бүгінгі күннің талабына орай болашақ ұрпақты ұлттық тәлім-тәрбие өнегесіне сүйене отырып парасатты тұлға ретінде қалыптастыру, ақыл-ой, таным қабілеттерін жетілдіру, дербес іс-әрекетке баулу, адамгершілік, эстетикалық сезімталдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу міндеттері қойылып отыр. Бұл міндеттер мемлекеттік құжаттарда Қазақстан Республикасының Конституциясында, "Тіл туралы" Заңында, "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасында атап көрсетіледі. Бүгінгі таңда мектеп жасына дейінгі балалардың оқу, тәрбие жағдайы қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі ретінде қарастырылып отыр. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Занының 23-бабында мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту мәселелеріне баса назар аударылған. Ел Президенті өзінің "Қазақстан-2030" стратегиясында "Біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білім өресі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады. Бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады" деп сенім білдіреді. Қазақстан Республикасының әлеуметтік мәдени даму түжырымдамасында: "Тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік-мәдени даму жолы дегеніміз - ең алдымен адамзат қазыналарына баса назар аудару, прогресшіл халық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының толымды түлеуі, гуманитарлық ғылымдарға, өнерге, халықтардың рухани байлықтарына кайта оралу, мәдениеттің барлық салаларында ұлттық мәдениеттің қазыналары мен дербестігін мойындау" деп атап көрсеткен. Осы қағидалар негізінде балаларды мектеп жасына дейінгі кезеңнен бастап еңбекке баулу, іскер, еңбекқор, өз еңбегін де, өзгенің еңбегінде бағалай білетін, еңбек дағдысы қалыптасқан елінің әлемдік өркениетті мемлекеттер қатарына қосылуына үлес қосатын білімді азамат етіп тәрбиелеу әрбір ата-ана мен педагогтың міндеті.
Халық ұлт ретінде ежелден келе жатқан өзіне тән өнері мен әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, мәдени тұрмыстары арқылы жетілетіні белгілі. Өйткені, ғасырлар сынынан еленіп, ұрпақтан-ұрпаққа ұласып жалғасын тауып, мазмұнын жетілдіріп келе жатқан халық мұраларындағы озық үлгілер, әрбір жеке тұлғаның дамуына себепші болады. Қазіргі таңда ұлттық салт-дәстүрлерді жинақтап, жаңа көзқараспен болашақ ұрпақты тәрбиелеу мақсатында зерттеу қажеттілігі өмір сұранысынан туындауда.
Ұлттық салт-дәстүрдің тәрбиелік қағидаларын ұрпақ бойына сіңіру баланың мектепке дейінгі кезеңнен отбасы, балабақша, мектеп арқылы орнығатын ұзақ үрдіс. Қазақ халқының бай мұрасы, тұрмысындағы терең мазмұнды мәдени ұлттық ерекшеліктері, бүлдіршіндердің талғам-сезімдеріне, қиялдары мен ерік-жігерлеріне ықпал етіп еңбекқор болып өсуіне тигізер маңызы зор. Осыған орай қазақ балабақшаларындағы оқыту, тәрбиелеу мазмұнын жаңарту түжырымдамасында "...балабақшадағы тәрбие мазмұнын қайта құру, демократияландыру, баланы ұлттық дәстүрлер негізінде тәрбиелеудегі басты міндеттің бірі - бойында ұлттық психология қалыптасқан, ұлттық салт-дәстүрлерді меңгерген дені сау, тілі түзу, еңбекқор ұл мен қыз тәрбиелеуде әулет пен балабақша арасында халықтық педагогика негізінде ізгілікті тәрбие берудің негізін қалау" - деп көрсетіледі.
Ал, халық педагогикасының түп тамыры қазақ халқының әлеуметтік, тұрмыстық, шаруашылық кәсібімен, қолөнерімен сабақтасып, салт-дәстүрлерімен тығыз байланыста туындап, дамып ұрпақтан-ұрпаққа жетіп отырғаны белгілі. Бұған орта ғасыр ғұламалары әл-Фараби, Ж.Баласағүн, Ибн Сина, М.Дулати, т.б. еңбектеріндегі еңбек тәрбиесі туралы айтылған ой-пікірлері дәлел. Ұлы ғұламалар адам баласын жаратылыстың, бүкіл жан иесі аталуының биік шоқтығы, сондықтан оларға жоғары адамгершілікпен адал еңбек ету тән деп санады.
Әл-Фарабидің ғылыми ой түйіндерінде еңбек қоғамның өмір сүруінің, соның ішінде, адамзат тіршілігінің мәңгілік, табиғи шарты деп карастырады. Ж.Баласағүн бала тәрбиесін бесіктен бастау қажет екендігін және барлық байлық, молшылық адал кәсіппен еңбектену арқылы жететінін баса айтады. Ибн Сина еңбекке, еңбек етуге еңбек тәрбиесіне гуманистік, қоғамдық тұрғыда қарап, еңбектің тазалығы мен халықтығын талап етеді.
ХV-ХVII ғасырларда өмір сүрген қазақ ақын-жыраулары (Шалкиіз, Бұқар жырау, Ақтамберді, т.б.) халқының азаттығы мен бірлігі, ел тұтастығы мен амандығы жолында адал еңбек ететін өз заманының тұлғаларын тәрбиелеуде ұлттық салт- дәстүрдің озық түрлерін үлгі еткенін тарихтан белгілі.
Ұлт болмысы мен болашағын халқының тамырынан іздеген Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, халықтың әл-ауқатының, санасымен мәдениетінің, салт-дәстүрінің даму кезі еңбексүйгіштікте, ғылым, білім алудың түп-төркіні еңбекте деген философиялық ой-түйіндері, бүгінгі педагогика ғылымының қағидаларымен өте жақын қабысады. Қазақ елінде психология, педагогика, тіл тағылымы сияқты тұңғыш оқулықтардың негізін жасаған Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, Ш.Құдайбердиев, Х.Досмұхамбетов, Т.Шонанов, т.б. ғалым-ағартушыларымыз өз еңбектерінде болашақ ұрпақты еңбекке баулуды халық тәжірибесінен іздеп, оны тәрбиеге арқау ету керектігін баса айтқан.
Қазақтың ұлттық мұраларын, салт-дәстүрі мен ауыз әдебиетін, оның мазмұнын, маңызын Ә.Диваев, В.В.Радлов, Ә.Марғүлан, М.Әуезов, С.Сейфуллин, М.Ғабдуллин, Ө.Жәнібеков еңбектерінде зерделеп жас ұрпактың ұлағаттылыққа тәрбиелеуге кеңестер береді.
Қайта өрлеу дәуірінде жаңа педагогиканың негізін салушы Я.А.Коменский, И.Песталоции, Р.Оуэн, Ж.Ж.Руссо, т.б. балаларды бірінші өз ұлт тілдерінде оқытып, халқының озық тәрбие дәстүрлеріне сүйеніп, жастайынан жақсы мінез-құлыққа және еңбекке баулуды ұсынады. Ресейдегі халық тәрбиесінің мәнін, мазмұнын ашқан К.Д.Ушинский орыс халқының бала тәрбиелеу ісін оның сан ғасырлық тарихымен байланыстырып, халықтың мәдени салт-дәстүрінен іздестірді.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. Еңбек - тіршілік негізі //Отбасы және балабақша. 1998. № 3-4. - Б. 4-5.
2. Еңбек тәрбиесі //Ш.Есенов атындағы АқтМУ ғылыми-практикалық конференция. - Ақтау, 1998. - Б. 11-13.
3. Еңбек - өмір айнасы //Отбасы және балабақша. 1998. № 3. - Б. 7-9.
4. Халық педагогикасындағы мектепке дейінгі еңбек тәрбиесі //Қазақстанда білім беру проблемалары. Ғылыми-практикалық конференция материалдары. - Алматы, 1993. - Б. 39-41.
5. Мектепке дейінгі жастағы еңбек тәрбиесі //Мемлекеттік білім берудің саласы. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. -Алматы, 2000. Ш бөлім. - Б. 176 -177.
6. Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің зерттелуі //Қазақстан халықтарының мәдени мұрасы және ұлттық білім жүйесі. Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. - Алматы, 2004. Т. 1. - Б. 191-193.
7. Еңбек тәрбиесінің маңызы /Применение новых технологий образовании. Республикалық ғылыми-практикалық конференция: - Ақтау, 2005. II бөлім. - Б. 32-33. 25-26 ақпан.
8. Баланы еңбекке тәрбиелеуде ауыз әдебиеттің алатын орны //Білім берудегі менеджмент. 2005. № 4. - Б. 28-30.
9. Тұрмыс-салт дәстүрлері негізінде баланы еңбекке тәрбиелеудің ғылыми негіздері //Білім-Образование. Ғылыми-педагогикалық журнал. 2005. (24) № б.-Б. 31-33.
10. Салт -дәстүрі басқа, максаты бір //Қайнар вестник. № 4.- Б. 55-58. П.Мектепке дейінгі балаларды еңбекке баулудың педагогикалық мүмкіндігі
//Бастауыш мектеп. 2005. № 11. - Б. 17-20.
12. Ыбырай, Абай шығармаларындағы енбек тақырыбы //Қазақстан халкының мәдени мұраларын оқып үйрену және дамыту мәселелері. V Халықаралық Х.Дулати оқуларының материалдары. - Тараз, 2005. - Б. 310-313.
13. Тұрмыс-салт дестүрі негізінде мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке баулудың педагогикалық мүмкіндіктері //Қазақстан халқының мәдени мұраларын оқып үйрену жөне дамыту мәселелері. V Халықаралық Х.Дулати оқуларының материалдары. 2005 ж. 13-14 қазан. - Б. 313-316.
14. Сапарбайқызы Ш. «Мектеп жасына дейінгі балаларды қазақтың тұрмыс-салт дәстүрі негізінде еңбекке тәрбиелеу» - автореферат Алматы, 2006-28Б.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
I. Мектеп жасына дейінгі балаларды қазақтың тұрмыс-салт дәстүрі негізінде
еңбекке баулудың теориялық негіздері.
1. 1. Мектеп жасына дейінгі балаларды қазақтың тұрмыс-салт дәстүрі
негізінде еңбекке баулу туралы ғалымдардың ой-пікірлері.
II. Қазақтың тұрмыс-салт дәстүрі негізінде мектеп жасына дейінгі балаларды
еңбекке баулудың әдістемесі.
2.1. Қазақтың тұрмыс-салт дәстүрі негізінде еңбекке баулудың мектеп жасына
дейінгі балаларға арналған оқу тәрбие бағдарламалары.
2.2. Мектеп жасына дейінгі балаларды қазақтың тұрмыс-салт дәстүрі
негізінде еңбекке баулудағы халық тәрбиесі.
ҚОРЫТЫНДЫ.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Өркениетке ұмтылған бүгінгі күннің талабына
орай болашақ ұрпақты ұлттық тәлім-тәрбие өнегесіне сүйене отырып парасатты
тұлға ретінде қалыптастыру, ақыл-ой, таным қабілеттерін жетілдіру, дербес
іс-әрекетке баулу, адамгершілік, эстетикалық сезімталдыққа, еңбекқорлыққа
тәрбиелеу міндеттері қойылып отыр. Бұл міндеттер мемлекеттік құжаттарда
Қазақстан Республикасының Конституциясында, "Тіл туралы" Заңында, "Мәдени
мұра" мемлекеттік бағдарламасында атап көрсетіледі. Бүгінгі таңда мектеп
жасына дейінгі балалардың оқу, тәрбие жағдайы қоғамдағы өзекті мәселелердің
бірі ретінде қарастырылып отыр. Қазақстан Республикасының "Білім туралы"
Занының 23-бабында мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту мәселелеріне баса
назар аударылған. Ел Президенті өзінің "Қазақстан-2030" стратегиясында
"Біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен
немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі,
білім өресі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады. Бабаларының игі
дәстүрлерін сақтай отырып қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында
жұмыс істеуге даяр болады" деп сенім білдіреді. Қазақстан Республикасының
әлеуметтік мәдени даму түжырымдамасында: "Тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік-
мәдени даму жолы дегеніміз - ең алдымен адамзат қазыналарына баса назар
аудару, прогресшіл халық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының толымды түлеуі,
гуманитарлық ғылымдарға, өнерге, халықтардың рухани байлықтарына кайта
оралу, мәдениеттің барлық салаларында ұлттық мәдениеттің қазыналары мен
дербестігін мойындау" деп атап көрсеткен. Осы қағидалар негізінде балаларды
мектеп жасына дейінгі кезеңнен бастап еңбекке баулу, іскер, еңбекқор, өз
еңбегін де, өзгенің еңбегінде бағалай білетін, еңбек дағдысы қалыптасқан
елінің әлемдік өркениетті мемлекеттер қатарына қосылуына үлес қосатын
білімді азамат етіп тәрбиелеу әрбір ата-ана мен педагогтың міндеті.
Халық ұлт ретінде ежелден келе жатқан өзіне тән өнері мен әдет-ғұрпы,
салт-дәстүрі, мәдени тұрмыстары арқылы жетілетіні белгілі. Өйткені,
ғасырлар сынынан еленіп, ұрпақтан-ұрпаққа ұласып жалғасын тауып, мазмұнын
жетілдіріп келе жатқан халық мұраларындағы озық үлгілер, әрбір жеке
тұлғаның дамуына себепші болады. Қазіргі таңда ұлттық салт-дәстүрлерді
жинақтап, жаңа көзқараспен болашақ ұрпақты тәрбиелеу мақсатында зерттеу
қажеттілігі өмір сұранысынан туындауда.
Ұлттық салт-дәстүрдің тәрбиелік қағидаларын ұрпақ бойына сіңіру баланың
мектепке дейінгі кезеңнен отбасы, балабақша, мектеп арқылы орнығатын ұзақ
үрдіс. Қазақ халқының бай мұрасы, тұрмысындағы терең мазмұнды мәдени ұлттық
ерекшеліктері, бүлдіршіндердің талғам-сезімдеріне, қиялдары мен ерік-
жігерлеріне ықпал етіп еңбекқор болып өсуіне тигізер маңызы зор. Осыған
орай қазақ балабақшаларындағы оқыту, тәрбиелеу мазмұнын жаңарту
түжырымдамасында "...балабақшадағы тәрбие мазмұнын қайта құру,
демократияландыру, баланы ұлттық дәстүрлер негізінде тәрбиелеудегі басты
міндеттің бірі - бойында ұлттық психология қалыптасқан, ұлттық салт-
дәстүрлерді меңгерген дені сау, тілі түзу, еңбекқор ұл мен қыз тәрбиелеуде
әулет пен балабақша арасында халықтық педагогика негізінде ізгілікті тәрбие
берудің негізін қалау" - деп көрсетіледі.
Ал, халық педагогикасының түп тамыры қазақ халқының әлеуметтік,
тұрмыстық, шаруашылық кәсібімен, қолөнерімен сабақтасып, салт-дәстүрлерімен
тығыз байланыста туындап, дамып ұрпақтан-ұрпаққа жетіп отырғаны белгілі.
Бұған орта ғасыр ғұламалары әл-Фараби, Ж.Баласағүн, Ибн Сина, М.Дулати,
т.б. еңбектеріндегі еңбек тәрбиесі туралы айтылған ой-пікірлері дәлел. Ұлы
ғұламалар адам баласын жаратылыстың, бүкіл жан иесі аталуының биік шоқтығы,
сондықтан оларға жоғары адамгершілікпен адал еңбек ету тән деп санады.
Әл-Фарабидің ғылыми ой түйіндерінде еңбек қоғамның өмір сүруінің, соның
ішінде, адамзат тіршілігінің мәңгілік, табиғи шарты деп карастырады.
Ж.Баласағүн бала тәрбиесін бесіктен бастау қажет екендігін және барлық
байлық, молшылық адал кәсіппен еңбектену арқылы жететінін баса айтады. Ибн
Сина еңбекке, еңбек етуге еңбек тәрбиесіне гуманистік, қоғамдық тұрғыда
қарап, еңбектің тазалығы мен халықтығын талап етеді.
ХV-ХVII ғасырларда өмір сүрген қазақ ақын-жыраулары (Шалкиіз, Бұқар
жырау, Ақтамберді, т.б.) халқының азаттығы мен бірлігі, ел тұтастығы мен
амандығы жолында адал еңбек ететін өз заманының тұлғаларын тәрбиелеуде
ұлттық салт- дәстүрдің озық түрлерін үлгі еткенін тарихтан белгілі.
Ұлт болмысы мен болашағын халқының тамырынан іздеген Ш.Уәлиханов,
Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, халықтың әл-ауқатының, санасымен мәдениетінің,
салт-дәстүрінің даму кезі еңбексүйгіштікте, ғылым, білім алудың түп-төркіні
еңбекте деген философиялық ой-түйіндері, бүгінгі педагогика ғылымының
қағидаларымен өте жақын қабысады. Қазақ елінде психология, педагогика, тіл
тағылымы сияқты тұңғыш оқулықтардың негізін жасаған Ж.Аймауытов,
М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, Ш.Құдайбердиев, Х.Досмұхамбетов, Т.Шонанов, т.б.
ғалым-ағартушыларымыз өз еңбектерінде болашақ ұрпақты еңбекке баулуды халық
тәжірибесінен іздеп, оны тәрбиеге арқау ету керектігін баса айтқан.
Қазақтың ұлттық мұраларын, салт-дәстүрі мен ауыз әдебиетін, оның
мазмұнын, маңызын Ә.Диваев, В.В.Радлов, Ә.Марғүлан, М.Әуезов, С.Сейфуллин,
М.Ғабдуллин, Ө.Жәнібеков еңбектерінде зерделеп жас ұрпактың ұлағаттылыққа
тәрбиелеуге кеңестер береді.
Қайта өрлеу дәуірінде жаңа педагогиканың негізін салушы Я.А.Коменский,
И.Песталоции, Р.Оуэн, Ж.Ж.Руссо, т.б. балаларды бірінші өз ұлт тілдерінде
оқытып, халқының озық тәрбие дәстүрлеріне сүйеніп, жастайынан жақсы мінез-
құлыққа және еңбекке баулуды ұсынады. Ресейдегі халық тәрбиесінің мәнін,
мазмұнын ашқан К.Д.Ушинский орыс халқының бала тәрбиелеу ісін оның сан
ғасырлық тарихымен байланыстырып, халықтың мәдени салт-дәстүрінен
іздестірді.
ТМД елдеріндегі ұлттық тәрбиені ғылыми тұрғыда зерделеген Г.Н.Волков,
Я.И.Ханбиков, Н.Ф.Афанасьев, А.Ш.Гашимов, М.Сайфуллаев, З.А.Измайлов, т.б.
ғалымдар тәрбиенің ұлттық сипаты мен оның педагогикалық үрдістегі мән-
мағынасын, еңбекке баулу мүмкіндіктерін, әдіс-тәсілдерін әр қырынан қарап,
халық ұстанымдарының, салт-дәстүрлерінің тәрбиелік қызметтеріне сипаттама
береді.
Республикамызда этнопедагогиканың тарихи-теориялық, ғылыми-әдістемелік
негізін салушы С.Қ.Қалиев, С.А.Ұзақбаева, К.Ж.Қожахметова, Ы.Оршыбеков,
С.Ғаббас, Ә.Табылдиев еңбектерінде мектеп және жоғарғы оку орындарының оқу-
тәрбие үрдістерінде жастарды ұлттық құндылықтарға тәрбиелей отырып,
еңбексүйгішттікке бейімдеу мәселелері қарастырылады.
Баланың жеке тұлға ретінде даму заңдылықтарын психологиялық тұрғыда
зерттеген белгілі психолог ғалымдар В.В.Давыдов, Л.С.Рубинштейн,
ЛИ.Божович, Л.С.Выготский, Д.Б.Эльконин, А.В.Запорожец, В.С.Мухина еңбек
әрекетіндегі баланың қалыптасу теориясын анықтай отырып, олардың жас және
дара даму ерекшеліктерін ескеруді ұсынады.
Е.И.Тихеева, С.Р.Буре, А.П.Усова, В.Г.Нечаева, Т.А.Маркова, Н.С.Тюрина,
З.М.Асланова, Д.Асанова мектепке дейінгі балалар ұйымындағы оқыту мен
тәрбие мазмұнын жаңартуды және еңбекке баулудың әдіс-тәсілдерін жетілдіруді
қарастырады.
Мектепке дейінгі балалардың еңбек әрекетінің кейбір мәселері психолог-
ғалымдар Т.Тәжібаев, М.Мұқанов, С.Балаубаев, Ә.Темірбеков, Қ.Жарықбаев,
Ә.Алдамұратов, Н.Елікбаев еңбектерінде ішінара көтерілсе, Х.Шериязданова
зертеуінде балабақша балаларыньщ психологиялык даму ерекшеліктері толық
қарастырылып, жеке анықтамалар беріледі.
Елімізде мектепке дейінгі тәрбие мәселесі бойыша теориялық және ғылыми-
әдістемелік зерттеулер жүргізген ғалымдар В.Н.Андросова, Б.Б.Баймұратова,
А.К.Меңжанова, Қ.М.Меңдаяқова, Н.Храпченкова, М.Т.Тұрыскелдина,
М.С.Сәтімбекова, Р.К.Аралбаева, Г.Ж.Меңлібекова, Ә.С.Әмірова,
Ф.Н.Жұмабекова, Т.Иманбеков, С.Н.Жиенбаева еңбектері қазақ балабақшаларының
оқу-тәрбие мазмұнын жаңартуға лайықты үлес косуда.
А.К.Меңжанованың "Балаларды көркем шығарма туындылары арқылы
адамгершілікке және еңбекке тәрбиелеу" атты монографиясында еңбек
әрекетінде әдеби шығармаларды пайдалана отырып, балалардың адамгершілік
қасиеттерін қалыптастырудың жолдарын іздестіреді.
Г.Ж.Меңлібекова "Развитие трудового воспитания в дошкольных учреждениях
Республики Казахстан" атты зерттеуінде мұрағат материалдары негізінде
республикадағы мектепке дейінгі ұйымдарда баланы еңбекке баулудың тарихи
даму жолдарын, еңбек тәрбиесінің педагогикалық негіздерін жүйелеп,
әдістерін анықтайды және одан әрі дамытуды қарастырады.
Р.К.Аралбаева "Формирование словаря у детей дошкольного возраста в
процессе освоения о труде взрослых" атты ғылыми еңбегінде балабақшаның
сәбилер мен естиярлар тобында балаларды ересектердің еңбегімен таныстыра
отырып сөздік қорын молайтудың тиімді әдіс-тәсілдерін зерттейді.
С.Н.Жиенбаева "Мектепалды балаларын еңбекке баулудың ғылыми-
педагогикалық негіздері" деп аталатын зерттеу жұмысында мектепалды
топтарында балаларды еңбекке баулуда ересектер еңбегінің құндылығын, еңбек
әрекетіндегі өзіндік "менін" түсінуін, шығармашылық қабілетін дамытудың
теориялық және әдістемелік мәселелерін анықтайды.
Сонымен зерттеу нысанамызға тікелей жақын мектепке дейінгі балаларды
еңбекке баулу мәселелерін қарастырған психологиялық, педагогикалық
зерттеулерді талдаудан түйген қорытындымыз баланы қазақтың тұрмыс-салт
дәстүрі негізінде еңбекке баулудың бұрын зерттеу нысанасы болмағандығын
айқындалды. Нарықтық экономиканың қарыштап өсу жағдайында бәсекелестікке
қабілетті болашақ еңбек адамын дайындау үшін, мектепке дейінгі балаларды
қазақтың тұрмыс-салт дәстүрі негізінде еңбекке баулу (5-6 жас) мәселесі
арнайы зерттеуді қажет етеді.
Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке баулуда меңгертілетін қарапайым
дағдылар, біліктілік ұлттық мазмұнда өз халқының тұрмыс-салт ерекшелігіне
орай жүргізілуі қажет. Мектепке дейінгі ұйымдардың оқу-тәрбие үрдісінде
балаларды қазақтың тұрмыс-салт дәстүрі арқылы еңбекке баулудың қажеттілігі
мен оның теориялық тұрғыда толық зерттелмей, ғылыми әдістемелік деңгейде
қамтамасыз етілмеуі арасында қарама-қайшылық туындады. Осыған орай, зерттеу
жұмысының көкейкестілігі мен практикалық мәнділігі және бұл мәселенің
ғылыми-әдістемелік тұрғыдан жеткіліксіз зерттелуі тақырыпты "Мектеп жасына
дейінгі балаларды қазақтың тұрмыс-салт дәстүрі негізінде еңбекке баулу (5-6
жас)" деп алуымызға себеп болды.
Зерттеудің мақсаты. Мектеп жасына дейінгі балаларды қазақтың тұрмыс-
салт дәстүрі негізінде еңбекке баулуды ғылыми-теориялық және әдістемелік
тұрғыда негіздеу.
Зерттеудің нысаны. Мектепке дейінгі ұйымдардағы оқу-тәрбие үрдісі.
Зерттеудің пәні. Балабақшаларда балаларды қазақтың тұрмыс-салт
дәстүрлері негізінде еңбекке баулу.
Зерттеудің ғылыми болжамы. Егер қазақтың тұрмыс-салт дәстүрі туралы
ғылыми ой-пікірлер жүйеге келтіріліп, мектеп жасына дейінгі балаларды
еңбекке баулу мүмкіндіктері балабақшалардың оқу-тәрбие үрдісіне енгізілсе,
онда ұлттық дүниетанымы мен біліктілігі қалыптаса бастаған, карапайым еңбек
дағдыларын меңгерген балаларды тәрбиелеуге болады, себебі, қазақтың киіз
үйі, оның жабдықтары, төрт түлік малы, зергерлік бұйымдары, ұлттык
тағамдары мен киімдері балабақшаның оқу-тәрбие үрдісіне енгізіліп, қол
еңбегінде жасату мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек дағдысының дамуына
оң ықпал жасай алады.
Зерттеудің міндеттері.
- мектеп жасына дейінгі балаларды қазақтың тұрмыс-салт дәстүрі
негізінде еңбекке баулудың ғылыми-теориялық негіздерін айқындау;
- 5-6 жастағы балаларды қазақтың тұрмыс-салт дәстүрі негізінде еңбекке
баулудың теориялық моделін құру, мазмұнын жүйелеу, өлшемдері мен
көрсеткіштерін анықтау;
- ересек топ балаларын қазақтың тұрмыс-салт дәстүрі негізінде еңбекке
баулудың қосымша бағдарламасын ұсыну;
- тәжірибелік-педагогикалық жұмыс негізінде әдістемелік
нұсқау дайындау.
Зерттеудің жетекші идеясы. Қазақтың тұрмыс-салт дәстүрі негізінде
мектеп жасына дейінгі балалардың алғашқы еңбекке деген сүйіспеншілігі мен
қарапайым дағдыларын қалыптастыру - олардың ұлттық құндылықтарға
мақтанышпен қарауларына, еңбек адамдарын құрметтей білулеріне негіз болады.
Зерттеудің әдіснамалық негіздері. Жеке тұлға және іс-әрекет теориясы,
педагогикалық үрдіс теориясы, мәдени мұраларды оқу-тәрбие үрдісінде
пайдалану туралы философиялық, психологиялық, педагогикалық,
этнопедагогикалык тұжырымдамалар.
Зерттеу көздері. Философтардың, психологтардың, педагогтардың,
этнографтардың зерттеу тақырыбы бойынша еңбектері; Қазақстан
Республикасының ресми материалдары (ҚР Конституциясы, "Тіл туралы" Заңы,
Қазақстан Республикасы "Білім туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының
"Қазақстан - 2030" стратегиясы, "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасы,
"Қазақстан Республикасының әлеуметтік даму" тұжырымдамасы, "Қазақ
балабақшаларындағы оқыту, тербиелеу мазмұнын жаңарту" түжырымдамасы);
нормативтік құжат (1 жас пен 6 жас арасындағы балаларды мектепке дейін
тәрбиелеудің және оқытудың жалпы білім бағдарламасы мазмұнының базалық
минимумы); оку-әдістемелік құралдар, бағдарламалар, ғылыми-педагогикалык
мерзімді басылымдар.
Зерттеу әдістері. Философиялық, психологиялық, педагогикалық
әдебиеттерге ғылыми талдау, жинақтау, қорыту, тәжірибелік экспериментті
өткізу барысында сауалнамалар алу, бақылау жүргізу, балалар еңбегінің
нәтижелерін салыстыру, тәжірибелік-педагогикалык жұмыстың қорытынды
нәтижесін шығару, оны математикалық тұрғыда өңдеу әдісі.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
- "Қазақтың тұрмыс-салт дәстүрі негізінде еңбекке баулу" ұғымына
анықтама беріледі;
- қазақтың тұрмыс-салт дәстүрі негізінде балаларды еңбекке баулудың
теориялық моделі құрылады;
- тұрмыс-салт дәстүрі негізінде ересек топтарда балаларды еңбекке
баулудың мазмұны анықталып, "Балбөбек" бағдарламасына
қосымша бағдарлама жасалады;
- тәжірибелік-педагогикалық жұмыс негізінде ғылыми-
әдістемелік ұсыныстар беріліп, тиімділігі дәлелденеді.
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
Курстық жұмыста қарастырылған теориялық пайымдаулар мен тәжірибелік
ұсыныстарды мектепке дейінгі ұйымдардағы балаларды еңбекке баулуда және
педагогтардың біліктіліктерін арттыру істерінде, жоғары оқу орындарының
мектепке дейінгі тәрбие бөлімдеріндегі, арнаулы курстарды жүргізуде
қолданылуы мүмкін. Зерттеу нәтіжелері балабақшаларға арналған әдістемелік
құралдарды дайындауға негіз бола алады.
Қорғауға усынылатын қағидалар:
- тұрмыс-салт дәстүр негізінде еңбекке баулу - балаларды қазақ халқының
тұрмысында қалыптасқан салт-дәстүрлер арқылы қарапайым түсініктері мен
еңбек дағдыларын қалыптастыру;
- тұрмыс-салт дәстүр негізінде балаларды еңбекке баулудың теориялық
моделі жүйелі бірлікте жасалған өлшемдер мен көрсеткіштер
негізінде сипатталады;
- мектепке дейінгі ұйымдардың оқу-тәрбие үрдісінде
тұрмыс-салт дәстүрлерін қолдану болашақ, қарапайым еңбек дағдысы
қалыптасқан бала тәрбиелеуде алғышарт бола алады.
Курстық жұмыс құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен,
тұжырымдар мен қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен.
"Мектеп жасына дейінгі балаларды қазақтың тұрмыс-салт дәстүрі негізінде
еңбекке баулудың теориялық негіздері" атты бірінші бөлімде зерттеліп
отырған мәселенің қазақстандық, ресейлік, алыс-жақын шетелдік зерттеулерде
қалыптасқан философиялық, психологияық, педагогикалық ой-пікірлер талданып,
тұжырымдары басшылыққа алынып, теориялық негіздері анықталды. Балаларды
қазақтың тұрмыс-салт дәстүрі негізінде еңбекке баулудың анықтамасы беріліп,
теориялық моделі құрылды.
"Қазақтың тұрмыс-салт дәстүрі негізінде мектеп жасына дейінгі балаларды
(5-6) еңбекке баулудың әдістемесі" деп аталатын екінші бөлімде,
балабақшаларға арналған оқу-тәрбие бағдарламаларына талдау жасалынып,
мектеп жасына дейінгі балаларды қазақтың түрмыс-салт дәстүрі негізінде
еңбекке баулудың қосымша бағдарламасы ұсынылды. Дайындалған теориялық
моделі бойынша әдістемесі жүйеленіп, тәжірибелік-эксперименттен өткізіліп
нәтижелері қорытындыланды.
Қорытындыда теориялық және тәжірибелік-педагогикалык зерттеулердің
нәтижелеріне негізделген тұжырымдар мен ұсыныстар берілді.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
I. Мектеп жасына дейінгі балаларды қазақтың тұрмыс-салт дәстүрі негізінде
еңбекке баулудың теориялық негіздері.

1. 1. Мектеп жасына дейінгі балаларды қазақтың тұрмыс-салт дәстүрі
негізінде еңбекке баулу туралы ғалымдардың ой-пікірлері.
Елімізде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық, рухани өзгерістер
мектепке дейінгі ұйымнан бастап, жоғары оқу орындарының педагогикалық
үрдістеріне, оның ішінде ұлттық тәлім-тәрбие беру саласына өзіндік ықпал
жасауы заңды құбылыс.
Өткен тарихымыздың терең қойнауына ой сәулесін түсірсек, ұрпақ тәрбиесі
үшін маңызы зор - халқымыздың этнопсихология, этнопедагогика ғылымдарына
рухани азық болған, ғасырлардан қалған асыл мұралары бар. Оны филологтар,
тарихшылар, этнографтар, өнер зерттеушілері, психолог және педагог ғалымдар
жан-жақты талдап өз зерттеулерінің мақсат-міндеттеріне орай ғылыми
зерделеуден өткізуде. Ой елегінен өткен ғылыми тәжірибе нәтижелері ұрпақ
тәрбиесіне игілікті үлес қосып келеді.
Қайсы бір ұлттық құндылықтар туралы алсақ та салт-дәстүрлер жүйесінен
аттап кету мүмкін емес. Дәстүр әр түрлі бағытта ұлттық-демографиялық,
философиялық, әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық құбылыс ретінде
ғылым талаптарына сай барлық зерттеу салаларында қолданылады.
И.Г.Гердер, А.К.Конн, Ғ.Ақпанбет, А.Айталы, т.б ғалымдар философиялық
еңбектерінде салт-дәстүрлердің сол халықтың тұрмыс-тіршілігімен,
мәдениетімен, тілімен байланыса отырып, бірлікте дамитынына баса назар
аударады. Мысалы, И.Г.Гердер "салт-дәстүр тіл мен мәдениет бастауларының
анасы", - дейді.
Ғ.Ақпанбет "ұлттық салт-дәстүр тәрбиедегі, мәдениеттегі ұлттың мұрагері
және терең философиялық ойдың ғасырлар бойы жинақталған тәжірибесінің
сұрыпталған тұжырымы, негізгі нәрі, қысқа да, көркем бейнесі" деп қазақ
дүниетанымының салт-дәстүрмен байланысты екенін айтады.
Кеңес үкіметі тұсындағы ұлттық салт-дәстүрімізге мән берілмей, назардан
тыс қалуы туралы философ А.Айталы "отарлау саясаты қазақтың мемлекеттік
рухын жойып, мәдениетін бүлдіріп, тіліне қысым жасап ғана қойған жоқ, ең
қауіптісі оны ұлттық жан дүниесінен, ата-баба салтынан, дәстүрінен айырды"
деп салт-дәстүрдің маңызына үлкен мән береді.
Жер шарында қанша ұлт пен ұлыс тіршілік етсе, олардың әрқайсысының
өзіне тән салт-дәстүрлерінің болуы заңды құбылыс. Дамудың философиялық
заңдылықтарына орай салт-дәстүр - әр халықтың өзіне тән тұрмыс-
тіршілігімен, еңбегімен, сана-сезім, ойлау ерекшелігімен жүйеленіп, сол
халыққа жататын адамдардың мәдени деңгейін, рухани байлығын, басқа
халықтардан айырмашылықтарын танытады. Ғалымдардың осындай ой-пікірлерінен
адамзат ең алдымен өз халқының ұлттық салт-дәстүрлерін игеру арқылы ғана
ұлттық сана мен адамгершілік сезімді, еңбекке деген дұрыс көзқарасты
қалыптастыра алады деп түйіндедік.
Соңғы жылдардағы зерттеулерде ғалымдарымыз ұлттық салт-дәстүрлерді
адамның дүниетану көзқарасын қалыптастыратын үлкен тәрбие мектебі ретінде
насихаттап, ғылыми тұрғыдан жүйелеуге ден қоюда. Осыған орай этнопедагогика
ғылымында бірнеше көзқарастар қалыптасқан. Профессор С.Қ.Қалиев салт пен
дәстүрдің айырмашылығына анықтама беріп, дәстүрдің салттан өрісі кен
екендігіне тоқталады. К.Ж.Қожахметова салт-дәстүрдің ішкі мазмұнына
тоқталып "екі сөз қосарланып айтылғанымен әрқайсысының өз мән-мағынасының
барын ескеру, әр ұғымның өзіндік функция атқаратынын түсіндіру керек" деп
ескертеді. Ғалымның пікірінше салт - жеке адамға, дәстүр бүкіл халыққа
байланысты бағытталып айтылады. Берілген анықтамаларды
салыстыра отырып, олардың бір-біріне сәйкес тұстары көп екенін және салт-
дәстүрлер ұлттық тұрмыспен, мәдениетпен бірлестікте дамитынына көзіміз жете
түсті.
Р.Х.Дүйсенбинова тұрмыс-салт дәстүр, бала тәрбиесіне байланысты әдет-
ғұрыптар, үйлену, үй болуға байланысты салт-дәстүрлер, халық мейрамдары,
қазақтың қонақ күту дәстүрлері, бата-тілек түрлері, діни наным-сенімге
байланысты салт-дәстүрлер деп топтастырады. Жалпы салт дәстүрлерді, ұлттық
идеяларды насихаттау барған сайын көкейтесті сипатқа ие болып отыр.
С.Қалиев, М.Оразаев, . М.Смайылованың "Қазақ халқының салт-дәстүрлері"
атты оқу-құралында қазақтың салт-дәстүрін нақты үш топқа:
а) бала тәрбиесіне байланысты салт дәстүрлер; ә) әлеуметтік мәдени салт-
дәстүрлер; б) тұрмыс- салт дәстүрлер деп бөледі.
Сөйтіп, тұрмыс-салт дәстүрлерге киіз үй, киіз үйдің жиһаздары, ұлттық
киімдер мен тағамдар, мал бағу, егіншілік, аңшылық, балықшылық,
бағбаншылыққа қатысты кәсіпке үйретудің тәлімгерлік түрлері енетіндігін
айтады. Бұл тұжырымның дұрыстығын қазақ тілінің түсіндірмелі сөздігінде
"Тұрмыс - әл-аухат, хал-жай, тіршілік" десе, "Тұрмыс-салт тұрмыста
қалыптасқан әдет, дәстүр, жора жеке халықтардың шаруашылық кәсібі, тұрмыс-
салты кіреді" деп берілген анықтама дәлелдей түседі.
Академик Ә.Қайдар казақтардың тұрмыс салтында киіз үйдің сүйегін
сайлап, киізін басуды, бау-шуын иіріп, шиін өруді, ер-тұрман әбзелдерін ез
қолдарымен реттеп, киім-кешектерін өздері тігіп, қолөнердің өзіне қажетті
салалаларын өзінше дамытып келгендері туралы пікір айтады.
Белгілі этнограф, мәдениеттанушы Н.Шаханова киіз үйді көшпелі
мәдениетімізбен байланыстыра отырып, оны ұлтттық құндылығымен қатар
философиялық мағынасьш "құт" идеясымен түсіндіреді. Ал "Құт" адамның ақыл-
ойымен, еңбегімен келетін ырыздығы, сыйы, бақыты деген мағынаны білдіреді.
Қазактың тұрмыс-салт дәстүрінің балаларды еңбекке баулуда парасатты мінез-
құлык пен еңбексүйгіштік қасиеттерін қалыптастыруда мүмкіндігі зор. Олар:
а) қазақтың тұрмыс-салт дәстүрі үлкенді сыйлау, еңбекті қадірлеу сияқты
қасиеттерге тәрбиелейді;
ә) тұрмыс-салт дәстүрі өз халқының ақыл-ой, қол еңбектерінің
нәтижесінде жеткен этнографиялық өмірін көрсетуге қызмет етеді;
б) тұрмыс-салт дәстүрі еңбек адамының көңіл-күйін, ішкі
сезімін білдірудің психологиялық құралы;
в) тұрмыс-салт дәстүрі атадан балаға мұра болып берілген
еңбек дәстүрінің, қоғамдық сананың ең биік нормалары.
Қазақтың тұрмыстық салт-дәстүрлерінің болашақ ұрпақты еңбекке баулудағы
үлкен тәрбие мектебі екенін насихаттау, ғылыми тұрғыда мәнін ашып жүйелеп
зерттеуді қажет етеді. Сонымен, киіз үй жиһазы, төрт түлік малы, киім-
кешек, қолөнер түрлері еңбек әрекетінің нәтижесінде, бір-бірінен ажырамай
күнделікті тұрмыстық болмысты құрағанына көзіміз жете түседі. Тұрмыс-салт
дәстүрлерінің жалпы тәрбиелік мүмкіндіктері педагогикалық әдебиеттер мен
тәрбие құралдарында әр қырынан айтылып келгенімен, мектеп жасына дейінгі
балаларды еңбекке баулудағы орны әлі жеткіліксіз.
Қорыта айтқанда, тұрмыс-салт дәстүрінің аясын қамтитын кәсіпке; еңбекке
үйретудің тәлімгерлік кағидаларын өз жүмысымыздың негізі етіп алдық.
Тұрмыстық салт-дөстүрлердің мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке баулуда
тәрбиелік, білім беру, дамытушылық мүмкіндіктері жоғары деп санаймыз.
Ж.Аймауытов баланы кішкене кезінен төрт түлік малды бағуға, күтуге, шөп
шабу, арық қазу кәсіптерімен таныстырып, асық ату, ақ сүйек сияқты ұлттық
ойындарын ойнатып, өлең, ән салып, не нәрсе болса да жастан әдеттендіру
керектігін және тәрбиеге туған жер, ана тілде ықпал етіп, қазақ баласының
ұлттық тұрмысынан, салт-дәстүрінен алшақ кете алмайтынын айтады. Бүл біздің
зерттеуімізге қажетті басты қағиданың бірі болмақ.
М.Жұмабаевтың әрбір ұлтгың баласы өз ұлтының ортасында, сол ұлты үшін
қызмет ететін болғандықтан, әрбір тәрбиеші баланы ұлт тәрбиесімен
тәрбиелеуге міндетті деген ойы бүгінгі күн талабымен қабысып отырған
түжырьм. Ә.Диваев қазақ балалары күнделікті тұрмыс салттарында көріп, ұстап
жүрген төрт-түлік малды өздері қолдарымен саз балшықтан жасайтынын (ат,
түйе, қой, т.б.). ол ойыншықтар мен қуыршақтардың, европалық фабрикада
жасалған ойыншықтарға қарағанда баланың қиялдау қабілетін әлдеқайда
дамытатынын айтады.

II. Қазақтың тұрмыс-салт дәстүрі негізінде мектеп жасына дейінгі балаларды
еңбекке баулудың әдістемесі.

2.1. Қазақтың тұрмыс-салт дәстүрі негізінде еңбекке баулудың мектеп жасына
дейінгі балаларға арналған оқу тәрбие бағдарламалары.
Адам өмірінің, тіршілігінің, сана-сезімінің, айналасына деген қарым-
қатынасының негізгі арқауы еңбек екені де белгілі. Ғылыми тұрғыдан қарайтын
болсақ, адам тек еңбекқорлығымен, саналы іс-әрекетінің арқасында ғана
өмірдегі өз қажеттілігін өтеуге мүмкіндік алады. Егер қимыл-қозғалыс, іс-
әрекет болмаса адам физиологиясы сәтсіздіктерге тап болатыны дәлелденген.
Еңбек тәрбиесінің негізгі мақсаты жоғарыда айтылғандай парасатты, саналы
өмір сүрудің объективті нормасына айналуы тиіс. Алғашқы қауымдық құрылыс
пен бүгінгі қоғамның дамуы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке баулудағы
Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеудің маңызы
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған дидактикалық ойындар
Балалар бақшасындағы балаларды тәрбиелеудегі еңбектің маңызы
Бала тәрбиесінің педагогикалық негіздері және еңбек тәрбиесінің зерттелуі
Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбекке бейімдеудің педагогикалық шарттары
Мектеп жасына дейінгі балаларды қазақтың ою-өрнек түрлерімен таныстырудың маңызы
Мектеп жасына дейінгі балаларда еңбек тәрбиесі жүйесінде еңбек іскерліктерін қалыптастыру
5-6 ЖАСАР БАЛАЛАРДЫ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕГЕ БАУЛУДА ДАМЫТУШЫ ЗАТТЫҚ ОРТАНЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Мектеп жасына дейінгі балаларды бейнелеу өнері арқылы еңбек тәрбиесіне баулу
Пәндер