Қазақстандық қоғамды модернизациялау жағдайындағы саяси жарнама


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМДЫ МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ САЯСИ ЖАРНАМА

Саясат әлеміндегі билік үшін күрес пен тайталас қазіргі кезде ақпараттық принциптерге сүйенген сайлау науқаны технологиялары белсене еніп жатқанына таңдануға болмайды. Саяси істерді жүргізу және алға қойылған саяси мақсаттарға жету процестерінде бүгінгі күні танылған маркетингтік, паблик рилейшнз және жарнамалық тәсілдердің өзектілігі күннен-күнге артуда. Дегенмен, оның маңыздылығы соңғы екі - үш жылда байқала бастады. Қазақстан Республикасында сайлау науқанын ұйымдастыру мен жүргізуде, әдістері мен технологияларында қолданылған саяси жарнамалардың ерекшелігін анықтап өтуге болады. Қазақстандағы сайлау науқанында жүргізілген саяси жарнаманың әртүрлілігі және өзіне тән белгілерін 1999 жылы және 2005 жылы өткен Президент сайлауындағы үгіт - насихат шараларын талдау арқылы түсінеміз.

Негізінен саяси жарнаманы талдау арқылы, саясат деген күрделі құрылымға соқпай кетуге болмайды. Саясат (1) мемлекеттік институттар жүйесі (Президент, Парламент, әскери күштер мен ішкі істер министрлігі, әлеуметтік қамсыздандыру және сыртқы істер министрлігі, қауіпсіздік министрлігі және т. б. ) ретінде түсініледі. Ол заң шығарушы, атқарушы, сот биліктерін, бұқаралық ақпарат құралдарын, саяси ұйымдар мен партияларды, қоғамдық бірлестіктер мен қозғалыстарды біріктіреді. (2) Саясат динамикалық саяси процесс секілді үнемі өзгеріп отырады. (мысалы, Б. Н. Ельциннің екінші мерзімге қайта сайлануы, шешен соғысы) . (3) Саясат ойын ережелерінің жүйесі ретінде дәуірдегі өзгерістерге байланысты құрылады. Саясатты реттеуші заңдар жазылған (нормалар, заңдар) және жазылмаған (дәстүрлер, мінез - құлық ережелері) болып бөлінеді. (4) Саясат құндылықтар, нормалар жүйесі ретінде, саяси құндылықтарда ұсынылған басымдықтар арқылы қарама - қайшылыққа ие. (5) Саясат адамзат қызметінің түрі ретінде - күнделікті өмірмен бірге, сайлау науқанын жүргізу кезеңдерінде саясаткерлердің іс - әрекеттерін, лидерлер мен қарапайым азаматтардың мінез - құлқын зерттейді /1/.

1999 жылы Қазақстан Республикасы ғасыр тоғысындағы дәуірдің тағы бір сын сәтінде тұрды. Қоғам дамуы мен мемлекет өркендеуінің ең басты мәні де, ең маңызды сипаты да Президентті қалап, таңдауымен тиянақталады. Бұл бір адамға ғана қатысты мәселе бола алмайды, ол әркім өз тағдырын кімнің, қандай саяси қайраткер тұлғаға сенім тапсыруымен тікелей байланысты тұтас елдік таңдау болып табылады. Сол жылы өткен ашық баламалы сайлаудың мәні асқақ, маңызы зор. Сонымен қатар, пікір алуандығы мен демократияның оң үрдісін орнықтыратын қастерлі қадам.

Қазіргі Қазақстандағы сайлаудағы үміткерлердің саяси сахнаға шығу кезеңдерін атап өткен жөн. Ең маңызды сәт ретінде олардың сайлаушылармен болған кездесу кезіндегі мінез - құлқы болып табылады. Үміткердің саяси тұғырнамасының тұсаукесері сайлаушылар мінез - құлқының моделін өзіне назарын аудартады және бәсекелестер арасындағы өзіндік имиджін қалыптастырады. Саясаттағы үміткердің сайлау алды тұғырнамасы - саясаткерді танымал етуші тауарлық белгі секілді.

Қазақстан Республикасында 1999 жылы 10 қаңтарда өткен президенттік сайлаудың мерзімі жарияланғаннан кейін, тіркелу процесін сегіз үміткер бастады. Сайлау науқанына қатысуға үміткерлер ретінде “Аргументы и факты - Казахстан апталығының тілшісі Сейдахмет Құттықадам, “Азамат” қозғалысының тең төрағаларының бірі Мұрат Әуезов, Коммунистік партияның лидері Серікболсын Әбділдин, жазушы, сенатор Энгельс Ғаббасов, кеден комитетінің төрағасы Ғани Қасымов сынды азаматтар ниет білдірді. Алғашқы сегізден екі кандидат өз еркімен кандидатураларын кері қайтарып алды, ал бұрынғы премьер - министр Әкежан Қажыгельдин мен өзінің радикалдық іс - әрекеттерімен танымал болған Амантай Асылбековті Орталық Сайлау Комитететі тіркеген жоқ /2/. Президент сайлауына қатысты шарттарды тек төрт үміткерлер ғана ұстанды - Әбділдин С., Ғаббасов Э., Қасымов Ғ., Назарбаев Н.

Сайлау алды күрес кезеңін көптеген сарапшылар, науқанның ұйымдастырушылық деңгейін бағалау арқылы имиджмейкингтің жобаларын ұстанған “алға жылжыту” үрдісіне орала берді. Мәселен, “Панорама” газетінің 1998 жылғы 40 - шы санында, “Қазақстанның болашағы үшін” қозғалысы “Дауыс бер немесе ұтыласың” ұранын, “Біз кімді таңдайтынымызды білеміз” деген лозунгке асығыс алмастырғаны айтылған. Ресей сайлау науқанындағы үгіт - насихат жобаларын көшіру, қоғамдық пікірді журналистік шеберлік әдістерге бағындыру деп түсінуге болады. Сонымен бірге, Президенттікке үміткерлер сапалы имиджін қалыптастырып үлгіруге уақыттары тығыз болды. Бұл науқанда саяси жарнамаға қарағанда, саяси үгіт-насихат кеңінен қолданылды. “Молодой Казахстан глазами россиян”, “Давайте жить дружно”, “Мы выбираем Президента” сияқты көптеген TV-жобаларда көбінесе үгіт - насихат жүргізудің элементтері байқалды. Теледидардағы саяси жарнамалар телепублицистикалық репортаждар мен суреттемелер дәрежесінде орындалып, өзіндік өркениеттік стандарттарын жоғалтты. Сайлау алды тактика пассивті түрде өтті десек қателеспейміз /3/.

Жалпы сайлау науқаны кезеңіндегі басылымдарда да үміткерлер саяси жарнама қолданбай, кампанияда саяси үгіт - насихат жүргізуге көп назарын салды. Газеттерде үміткерлер туралы мінездемелік, ақпараттық, сұхбаттық мақалалар жарияланумен болды. Мәселен, елдің негізгі ресми газеттері саналатын “Егемен Қазақстан” мен “Казахстанская правдада” жарық көрген материалдарға көңіл бөлсек.

Президенттікке коммунистер ұсынған кандидат Серікболсын Әбділдинмен “Егемен Қазақстан” тілшісі Оңғар Өмірбек газеттің 1998 жылдың 257 - ші санында “Басты мақсат - өкімет қызметін халық бақылауына ұстау” деген тақырыпта сұхбаты жарияланса, науқанда “Өкімет - халық үшін” қағидасын ұстанған үміткер аталмыш басылымның 1999 жылдың 4 - ші нөмірінде “Өзіңнің де, елдің де тағдырын өзгерту - қолыңда” атты бағдарламалық үгіт - насихат мақаласы жарияланды. Және де орыс тілді негізгі ресми басылымымыздың 1998 жылдың 237 - ші санында журналист Вадим Махинмен жүрген сұхбаты жарық көрді. Сайлау алды қызу жарыстың басынан, С. Әбділдин өкіметке қарсы позиция ұстанды. Кеңестік типтегі басшылардың қимылдарын еске түсірген үміткер, авторитаризмге бет бұруға дайын саясаткер бейнесін көрсетті. Сонымен қатар, коммунистердің оппозициялық саясаткерлермен бірігуі БАҚ - пен байланыс мәселелерін күрделендіре түсті.

Жазушы Энгельс Ғаббасов “Егемен Қазақстанның” 1998 жылдың 4 желтоқсанындағы нөмірінде тілші Ғабит Мүсіреповпен өткен “Өзіне сенімді адамдар ғана тәуекел етеді” сұхбаты оқырман назарына ұсынылса, осы санда қолдау жөніндегі штабтың төрағасы Нұрлан Рақымжановпен Қаз ААГ тілшісі Оразхан Жарқынбекұлының жүргізген сұхбаты жарияланды (орыс тіліндегі нұсқасы “Казахстанская правда” газетінде де жария көрді), аталмыш газеттің сол жылғы 258 - ші санында тілші Оңғар Өмірбектің “Өзіме де, көріпкелдігіме де сенемін” атты мақаласы жарық көрді. Негізінен Э. Ғаббасов турасында бұқаралық ақпарат құралдары алуан түрлі пікірлер білдірді. Әсіресе басылымдар оны ең солғын және енжар кандидат ретінде атап көрсетті.

Сайлау науқанына кеш қосылған Ғани Қасымов сайлаушылар даусына таласты баспасөз, теледидар мен үгітбригадаларын жұмылдыру арқылы демократиялық елдердің тәжірибелеріндегі технологияларды қолданған В. Жириновский секілді жүргізді. Теледидар эфирінде вазаны лақтыру, базардағы бұзақылардың шашынан сүйреп тарту сияқты қылықтары, “Мен барлығына жауаптымын!” және “Қатал қолмен тәртіп орнатып жөнге саламын!” деген ұрандары сайлаушылардың бір бөлігінің назарын аудартып, оларды тарту мақсатын көздеді. “Шындық пен жауапкершілік жолында” атты үндеуі “Егемен Қазақстан” газеті оқырмандарының назарына 1999 жылғы 5 - ші санында ұсынылды.

Іс басындағы Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың науқандағы іс - әрекеттеріне барлық басылымдар ерекше мән берді. Мәселен, “Егемен Қазақстанның” 1999 жылғы 3 - ші санында тәуелсіз баспагер, тарих ғылымының кандидаты Мұхтар Құл - Мұхаммедпен “Мен халқыма сенемін” атты көлемді сұхбаты жарық көрді. Науқан тұсында “Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы” сүйенуге арқау болды. Бағдарлама идеяларын көрсететін ұрандар ілінді. Науқанда табысқа жетуде Қазақстан мен Ресейдің танымал мәдениет қайраткерлерін қатыстыру айтарлықтай үлес қосты. “Біз кімді сайлайтынымызды білеміз” атты турдың ұйымдастырылуы президент науқанының негізгі бағытын көрсеткендей.

2005 жылғы сайлау науқаны ғалым - заңгерлердің жұртшылыққа арналған ашық хатымен басталды. Хаттың негізгі мазмұны президент сайлауының болатын мезгіліне байланысты еді. Ғалымдардың айтқан пікірлеріне байланысты көп таластар пайда болды, нәтижесінде Конституциялық кеңес сайлаудың болатын күнін ресми анықтады.

2005 жылғы Президент сайлауының науқаны осыдан жеті жыл бұрынғы науқаннан өзгеше болды. Саяси жарнаманың уақытпен бірге дамығандығы айқын көрінді. Бұл сайлаудағы Қазақстанның саяси нарығына Ресейлік, Украиндік саяси кампаниялардың қалдықтары қатыспады. Бұл отандық саяси сайлау технологияларының мектебі ілгері жылжығанын байқатады. Дәстүрлі плакаттар, транспаранттар, листовкалармен қатар, жарнамашылырдың әр-алуан идеялары бар. Сол идеялар әрқашан сайлау науқаны технологияларында өзара күреседі. О. Бальзактың өзі, идеяны тек идеямен жеңуге болады деген емес пе? Міне, солардың кейбір түрлері соңғы сайлау науқандарында қолданылды.

Жалпы өткен жылғы сайлауға қатысуға тілек білдірушілер саны көп болды. 2005 жылғы 3 қазандағы мәлімет бойынша президенттікке 18 адам үміткерлікке ұсынылды, оның төртеуін республикалық қоғамдық бірлестіктер ұсынса, 14 - і өзін - өзі ұсынғандар. Лингвистикалық комиссия 13 үміткердің мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтап, ҚР Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының Конституциясы және “Қазақстан Республикасының сайлау туралы” Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сай келетінін анықтады. Дегенмен сайлау комиссиясы “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Конституциялық заңының 59-бабы 7 - тармағы 3) тармақшасының екінші абзацына сәйкес, тіркеуге қажетті құжаттарды табыс етпегендігіне байланысты Асан - Ата К. Қ., Асылбек А. Х., Бәзілбаев Ж. Ә., Қайсаров У. Ә., Оразай М. Қ., Өтен С. С., Рахымжанов Б., Тілеулесов М. Қ сынды азаматтарды кандидат ретінде тіркеуден бас тартты. Президенттікке үміткерлер ретінде “Отан” республикалық саяси партиясы” қоғамдық бірлестігінің атынан ұсынылған Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы, “Әділетті Қазақстан үшін” Демократиялық күштер блогы” республикалық қоғамдық бірлестігінің атынан ұсынылған Тұяқбай Жармахан Айтбайұлы, өзін - өзі ұсынған, “Табиғат” Экологиялық одағының төрағасы Елеусізов Мэлс Хамзаұлы, Қазақстан Коммунистік халықтық партиясының атынан Әбілқасымов Ерасыл Әбілқасымұлы және Қазақстанның “Ақ жол” Демократиялық партиясы қоғамдық бірлестігінің атынан ұсынылған үміткер Бәйменов Әлихан Мұхамедияұлы тіркелді.

Американдық сайлау науқаны тәжірибелеріне қарасақ, АҚШ Президенттігіне үміткерлер сайлау алды науқанда түрлі девиздермен шығады. Мәселен, Ф. Рузвельт - “Төрт бостандық” және “Жаңа бағыт”, Г. Трумэн - “Тура бағыт”, Дж. Кеннеди - “Жаңа белестер”, Л. Джонсон - “Ұлы қоғам”, Р. Никсон - “Алға бірге” және “Заң және тәртіп”, Дж. Картер - “Жаңа көкжиектер”, Р. Рейган - “Жаңа конструктивтік бағыт” және “Жаңа бастама”, кейінірек “Ұлттың жаңару эрасы” сынды ұрандарымен шықты /4/.

Ресейлік сайлау науқанында Г. Зюганов “Өз тағдырыңыз өз қолыңызда”, “Зюгановқа иә!”, Г. Явлинский “Сана. Қалау. Нәтиже. ” сынды ұрандармен шыққаны белгілі. Осы жылғы сайлаудың ерекшелігі сонда, үміткерлер алдағы сайлаумен салыстырғанда көптеген слогандар қолданды. Мәселен, Н. Ә. Назарбаев - “Қазақстан - Тек қана алға!”, “Біздің Елбасы”, Ж. А. Тұяқбай - “Біз бәріміз жеңіске жетеміз!”, “Тұяқбай - әділеттілік пен тәртіп”, “Ел байлығын халқымызға қайтарайық!”, “Әділетті қоғам үшін дауысыңды бер!”, “Біз әділетті қоғамда өмір сүруге лайықпыз!”, “Біздің Президент!”, М. Х. Елеусізов - “Жаңа дәуір лидері”, Е. Ә. Әбілқасымов - “Сөз бастаған - қол бастар, Қол бастаған - жол бастар ”, “Халық - өз елінің иесі!”, Ә. М. Бәйменов - “Жастардың таңдауы - менің таңдауым!”, “Абыройлы өмір үшін!”, “Уәде бітпейді, уақыт күтпейді” сынды ұрандар сайлаушылар назарын аудартты.

Теледидарда және радиода, мерзімдік басылым беттерінде сайлау науқанының басталуы, сайлаумен байланысты саяси - қоғамдық бірлестіктердің, азаматтардың қызметі кеңінен берілді. Орталық сайлау комиссиясы сайлау науқаны кезеңінде сайлау алды үгітті жүргізу, жарнамаларды қолдануға байланысты мейлінше маңызды мәселелерді сайлаушыларға түсіндіріп отырды. Сайлау алды саяси жарнамалар бұқаралық ақпарат құралдары арқылы; сайлау алдындағы жария пікірталастар мен мен пікір алысуларда, митингілерде, демонстрациялар мен заңнамада белгіленген тәртіппен және Конституциялық заңда тыйым салынбаған өзге де іс - шараларда, баспа, дыбыс-бейне және көптеген үгіт материалдарын шығару немесе тарату жолымен жүзеге асырылды.

Барлық үміткерлерге бірдей жағдай жасалды. Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Қазақстан Республикасы президенттігінен үміткерлердің қызметтері туралы материалдар беру жөніндегі мемлекеттік республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жүргізілген мониторинг қорытындыларын апта сайын жариялап тұрды. Мониторинг негізінен “Қазақстан”, “Хабар” мемлекеттік телеарналары мен Қазақ радиосының ақпараттық хабарлары және “Егемен Қазақстан”, “Казахстанская правда” газеттерінің, “Қазақпарат” агенттігінің апталық материалдары бойынша жүргізіліп отырды. Осы орайда президенттіктен үміткерлердің сайлау алдындағы қызметіне тікелей қатысты материалдар есепке алынды.

Эфирлік уақыт пен баспа көлемін мемлекет кепілдендірген қаражат есебінен бөлетін БАҚ - тар тізімін Орталық сайлау комиссиясы анықтап, өзінің тиісті қаулысымен бекітеді. Мұндай БАҚ ретінде Қазақ радиосы мен “Қазақстан” ұлттық телеарнасы және “Егемен Қазақстан”, “Казахстанская правда” газеттері айқындалды. Мәселен, сайлау науқаны туралы “Егемен Қазақстан” газеті “Елбасы сайлауы - елдік сыны” деген айдармен барлық үміткерлердің сайлау алды іс - қимылдары туралы бөліп - жармай, үздіксіз материалдарын жариялап тұрды.

Тағы бір ерекшелік ретінде кандидаттардың сайлау науқаны тұсында өздеріне тән түстермен халық алдында танымал болуы. Мысалы, бұл сайлауда Н. Назарбаев пен Ж. Тұяқбай - “сары”, М. Елеусізов - “жасыл”, Е. Әбілқасымов - “қызыл”, ал Ә. Бәйменов - “көк араласқан ақ” түстерді таңдады. Енді аталмыш түстердің әсер ету мәселелерін төменде қарастырсақ /5/.

Сары барлық негізгі түстік спектрлер арасындағы ерекше жарығы. Физиологиялық деңгейде берілген түс миға дем береді. Сондықтан осы екі факторларға байланысты бұл түс адам назарын аудартады және көрермен оны бірінші байқап, есте басқа түстерге қарағанда ұзақ сақталады. Сары түс адамның негізгі психологиялық қажеттілігінде жеке ашылымдарды айқындайды. Табиғатта аталмыш түс көп таралған: лимон, жүгері, от, май. Соған байланысты адамзат сары түсті қонақжайлылық, жомарттық пен ыңғайлылықтың белгісі ретінде қарастырады. Бұл түстің теріс жақтарының бірі - ол тез жалықтырып, шаршатады. Тағы бір кемшілігі, лингвистикалық мағынада ол айырылысу, опасыздықпен байланыстырылады. “Жасыл басылым” түсінігін де айта кету керек. Уақыттық қатынаста сары болашақ, жаңашылдық ұғымын меңзейді.

Жасыл - ең тыныш түс. Табиғатта жасыл түс көктем мен жемістер белгісін беретіндіктен, ол сенім, молшылық пен қуаныш символы. Физиологиялық деңгейде қарастырсақ ол тыныштандырады, ауырған тұстарды жеңілдетіп, жағымды көңіл - күй сыйлайды. Сезімдік тұрғыдан қарастырсақ жасыл түс шыдамдылық, эмоционалдық жағынан қарасақ - абырой белгісін білдіреді.

Қызыл - негізгі жылы түс. Барлық түстер спектірінде қызыл түс ерекше физиологиялық реакцияны туғызады - жүрек соғысының жиілеуі және ми қызметінің жоғарылауы. Қызыл түске кез - келген оқиға қарамастан тез назар аударылады және жоғарғы эмоцияны шақырады. Адам санасында бұл түс махаббат және құмарлықпен байланыстырылады. Сонымен бірге бұл түс мереке мен қуаныштың белгісі ретінде де қарастырылған. Ежелгі египеттіктер күнтізбедегі мерекелік және демалыс күндерін қызылмен белгілеу дәстүрін қалыптастырған. Және де қызыл түс - агрессивті түс. Ол қан, соғыс пен қауіптіліктің белгісін білдіреді. Қызыл түсті АҚШ, Ұлыбритания, Норвегия, Белоруссия, Жапония, Ресей, Франция, Польшаның мемлекеттік және кейбір партиялық жалауларынан көруге болады. Бұл түс большевиктер мен гитлерлік НСДАП туларында да көрініс тапты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар имиджі
Қазақстандық қоғамды демократияландыру аясындағы саяси жаңарту үрдісі
Қазақстан Республикасындағы саяси коммуникация: ерекшеліктері мен проблемалары
Қазақстан Республикасындағы саяси коммуникация: ерекшеліктері мен проблемалары жайында
Электрондық үкіметтің әлемдік тәжірибесі және оның Қазақстандағы қалыптасуы (салыстырмалы саяси талдау)
Адамның құқықтары мен бостандықтары
Саяси мәдениет - әлеуметтік институт ретінде
Гуманитарлық білімнің техникалық мамандық студенттеріне кажеттілігі
Қазақ қайраткерлерінің көзқарасына әсер еткен қоғамдағы саяси процестер мен саяси қақтығыстарды заман тұрғысынан сараптамадан өткізу
Үшінші толқынның ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz