Капиталды шетке шығару тенденциясы



Капиталды шетке шығару, қазіргі дүниежүзілік шаруашылық пен халықаралық экономикалық қатынастардың маңызды нысаны. Капиталды шетке шығару тауар экспортының көп жылдық монополиясын бұзды. Капиталды шетке шығару халықаралық экономикалық қатынастар жүйесінде басым рөлге ие болуда. Экономиколық ынтымақ және даму ұйымының деректеріне қарасақ 80- жылдары тікелей инвестициялардың орташа жылдық қарқыны 34℅- ке жетіп, дүниежүзілік сауда қарқынынан 5 есе артық болған.
Капиталды шетке шығару дегеніміз – капиталдың бір бөлігін ұлттық айналымнан шығарып тауар немесе ақшалай нысанда басқа бір елдің өндірістік процесі мен айналымына кіргізу. Ең алғаш капиталды шетке шығарумен өнеркәсібі дамыған елдер шұғылданды. Олар өз капиталдарын дүниежүзілік шаруашылықтан тысқары мемлекеттерге шығарды. Дүниежүзілік шаруашылықтың дамуы бұл процестің шеңберін ұлғайта түсті, сөйтіп капиталды шетке шығару дамыған елдермен қатар дамушы елдердің де тіршілігіне айналды. Бұл арада « Жаңа индустриалды елдердің » іс- әрекеттері екпінді.
Капиталды шетке шығарудың негізгі себебі және алғы шарты елдегі капиталдың салыстырмалы молдығы және шамадан тыс қорлануы. Сондықтан, іскерлік пайда немесе процент табу мақсатында ол шетке шығарылады. 90- жылдардың басында бүкіл дүниежүзілік капиталдың шамадан тыс қорлануы 180- 200 млрд. долларға жеткен.
ХХ ғасырдың екінші жартысында капиталды шетке шығару үнемі өсіп келеді. Қазіргі таңда өзінің өсу қарқыны бойынша капитал экспорты тауар экспортын да, өнеркәсібі дамыған елдердің ішкі жиынтық өнімі өсуінің қарқынын да артта қалдырды. Капиталды шетке шығару көлемінің жедел өсуі оның халықаралық ауысуын күшейтті.
Капиталдың халықаралық ауысуы дегеніміз – капиталдың меншік иелерінің табыс көзі ретінде, елдер арасындағы қарама – қарсы қозғалыс. Мұның өзі әрбір ел бір мезгілде капиталды экспорттаушыда, импорттаушы да болатын жағдай, яғни қарама – қарсы инвестициялар.
Капиталды шетке шығарудың негізгі себептері :
1) шетке шығарушы елдегі капиталдың мол қорлануы;
2) дүниежүзілік шаруашылықтың әр түлі бөліктеріндегі капиталға сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе – теңдіктің бұзылуы;
3) жергілікті рынокты монополизациялау мүмкіндігі;
4) капитал экспортталатын елде арзан шикізат пен жұмысшы күшінің болуы;
5) саяси тұрақтылық пен қолайлы инвестициялық ахуал;
Капиталды шетке шығаруға мүмкіндік беретін және осы ынталандыратын факторларға мыналар жатады :
1. Капиталды шетке шығарудың қозғаушы күші ұлттық экономикалардың өзара байланысы мен өзара үйлесуі. Өндірістің интернационалдануы капиаталдардың халықаралық қозғалысына игі әсер етеді және жеделдетеді.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Капиталды шетке шығару тенденциясы

Капиталды шетке шығару, қазіргі дүниежүзілік шаруашылық пен
халықаралық экономикалық қатынастардың маңызды нысаны.

Капиталды
шетке шығару тауар экспортының көп жылдық монополиясын бұзды. Капиталды
шетке шығару халықаралық экономикалық қатынастар жүйесінде басым рөлге ие
болуда. Экономиколық ынтымақ және даму ұйымының деректеріне қарасақ 80-
жылдары тікелей инвестициялардың орташа жылдық қарқыны 34℅- ке жетіп,
дүниежүзілік сауда қарқынынан 5 есе артық болған.
Капиталды шетке шығару дегеніміз – капиталдың бір бөлігін ұлттық
айналымнан шығарып тауар немесе ақшалай нысанда басқа бір елдің өндірістік
процесі мен айналымына кіргізу. Ең алғаш капиталды шетке шығарумен
өнеркәсібі дамыған елдер шұғылданды. Олар өз капиталдарын дүниежүзілік
шаруашылықтан тысқары мемлекеттерге шығарды. Дүниежүзілік шаруашылықтың
дамуы бұл процестің шеңберін ұлғайта түсті, сөйтіп капиталды шетке шығару
дамыған елдермен қатар дамушы елдердің де тіршілігіне айналды. Бұл арада
Жаңа индустриалды елдердің іс- әрекеттері екпінді.
Капиталды шетке шығарудың негізгі себебі және алғы шарты елдегі
капиталдың салыстырмалы молдығы және шамадан тыс қорлануы. Сондықтан,
іскерлік пайда немесе процент табу мақсатында ол шетке шығарылады. 90-
жылдардың басында бүкіл дүниежүзілік капиталдың шамадан тыс қорлануы 180-
200 млрд. долларға жеткен.
ХХ ғасырдың екінші жартысында капиталды шетке шығару үнемі өсіп
келеді. Қазіргі таңда өзінің өсу қарқыны бойынша капитал экспорты тауар
экспортын да, өнеркәсібі дамыған елдердің ішкі жиынтық өнімі өсуінің
қарқынын да артта қалдырды. Капиталды шетке шығару көлемінің жедел өсуі
оның халықаралық ауысуын күшейтті.
Капиталдың халықаралық ауысуы дегеніміз – капиталдың меншік
иелерінің табыс көзі ретінде, елдер арасындағы қарама – қарсы қозғалыс.
Мұның өзі әрбір ел бір мезгілде капиталды экспорттаушыда, импорттаушы да
болатын жағдай, яғни қарама – қарсы инвестициялар.
Капиталды шетке шығарудың негізгі себептері :
1) шетке шығарушы елдегі капиталдың мол қорлануы;
2) дүниежүзілік шаруашылықтың әр түлі бөліктеріндегі капиталға сұраныс
пен ұсыныс арасындағы тепе – теңдіктің бұзылуы;
3) жергілікті рынокты монополизациялау мүмкіндігі;
4) капитал экспортталатын елде арзан шикізат пен жұмысшы күшінің болуы;
5) саяси тұрақтылық пен қолайлы инвестициялық ахуал;
Капиталды шетке шығаруға мүмкіндік беретін және осы ынталандыратын
факторларға мыналар жатады :
1. Капиталды шетке шығарудың қозғаушы күші ұлттық экономикалардың өзара
байланысы мен өзара үйлесуі. Өндірістің интернационалдануы
капиаталдардың халықаралық қозғалысына игі әсер етеді және
жеделдетеді.
Капитал экспорты, әсіресе оның тікелей инвестиция нысаны ұлттық өндірісті
халықаралық өндіріске айналдырып, халықаралық өнім шығаруды ынталандырады.
Халықаралық өнім дегеніміз –бүкіл дүниежүзілік рынокқа өткізілетін
өнім.
2. Халықаралық өнеркәсіп кооперациясы. Бұл трансұлттық корпорациялардың
еншілес компанияларды қаржыландыру. Әр елдегі заңды немесе жеке
тұлғалардың бір халықаралық корпорация шеңберінде салалық,
технологиялық т.с.с. мамандануы арқылы орнайтын экономикалық
қатынастары халықарлық өнеркәсіп кооперациясы деп аталады.
3. Өнеркәсібі дамыған елдердің экономикалық саясаты.
Бұл саясат экономиклық өсу қарқынын бәсеңдетпей, алдыңғы қатарлы
өнеркәсіп салаларын қолдауға, жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге
бағытталған.
4. Дамушы елдердің экономикалық бағыты.
Бұл дамушы елдердің шетелдік капиталдардың қатысуымен өздерінің
экономикалық дамуын жеделдетіп, кедейшілік шеңберінен шығуға
ұмтылыстары дәрежесін көрсететін бағыт.
5. Экологиялық факторлар. Экологиялық нормалардың қатаңдануына

байланысты халықаралық корпорациялар өндірісті өнеркәсібі
дамыған елдерден дамушы елдерге қарай көшуге тырысады.
6. Капиталдар тасқынын реттейтін және бағыттайтын халықаралық қаржы
ұйымдарының да рөлі маңызды.
Капиталды шетке шығару мына нысандарда жүргізіледі :
— өнеркәсіп, сауда т.б. кәсіпорындарына тікелей
инвестициялар;
— портфельдік инвестициялар ( шетелдік облигацияларды,
акцияларды және басқада қүнды қағаздар алу үшін);
— экономиколық көмекті тегін беру немесе несиені
төмендетілген процентпен беру;

Капиталдың ауысуы мен шетелдік инвестициялардың айырмашылықтарын
ажырата білу қажет.
Капиталдың ауысуы деп – шетелдік әріптестермен бірігіп жасаған
операциялар үшін төлемдерді, капиталдарды орналастыру мақсатында шетелдік
компаниялардан акциялар мен облигациялар сатып алуды, басқа да құнды
қағаздар портфелін диверсификациалауды ( шаруашылық қызметін жаңа
сфераларға тарату ) айтамыз.
Шетелдік инвестиция дегеніміз – қабылдаушы елдегі компанияның қызметін
бақылап, басқару үшін капиталдың мақсатты түрде ауысуы.
Тікелей инвестиция деп – капиталды экспорттаушының қабылдаушы ел
территориясында өндірісті ұйымдастыруын айтамыз. Мұның ішіне жергілікті
тұрғындардан жұмысшы күшін дайындау мен оқыту, әлеуметтік жағдайларды
орнықтыру да кіреді.
Тікелей инвестициялар арқылы халықаралық корпорациялар дүнежүзілік
рынокта өз биліктерін жүргізеді. Тікелей инвестициялардың көмегімен
халықаралық корпорациялар шетелдік кәсіпорындарға толық иелік тееді немесе
іс жүзінде кәсіпорынды басқаруға мүмкіндік беретін акционерлік капиталдың
басым бөлігін сатып алады.
Егер, шетелдік инвестордың иелігіде компанияның акционерлік
капиталдың 25℅ болса, онда кәсіпорын сол инвестордың қолында болады.
Шетелдік инвестициялардың елдермен өнеркәсіп салалары арасында бөлінуі
қазіргі халықаралық экономиканың құрлымына айтарлықтай әсер етеді. Сонымен
қатар дүниежүзілік шарашылықтың жекелеген бөліктерінің арақатынасын
көрсетеді.
Тікелей инвестиция саласында жетекші рөлді өнеркәсібі дамыған елдер
атқарады. Тікелей инвестициялардың 45 бөлігі солардың үлесінде. Сондықтан
дамыған елдер бір мезгілде капиталды импорттаушылар да , экспорттаушылар да
болып отыр. 1995 жылы шетелдік тікелей инвестициялардың көлемі 235 млрд.
долларға артып, 2.5 трлн. Доллар деңгейіне жетті.
Шетелдік инвестициаларды тартудың маңызды көзі – портфель
инвестициялары. Олар ірі корпарациялардың мемлекеттік және жеке меншік
банктердің облигациялық қарыздарын қаржыландырада.
Қарыз капиталының халықаралық рыногы ақша рыногы және капиталдар
рыногы болып екіге бөлінеді. Ақша рыногы негізінен қысқа мерзімді ( 1 жылға
дейін ) несиелер рыногы болып келеді. Мұндай несиелер айналымдағы қаражатты
толықтыру үшін пайдаланылады.
Капиталдар рыногы банк несиелері мен ұзақ мерзімді займдардан
құралады. Олар облигацияларды шығару және сатып алу негізінде кездеседі.
Орта және ұзақ мерзімді несиелер: негізгі капиталды толықтыру
үшін; акцияларды сатып алумен байланысты несие, қаржы операциялар үшін;
филиалдар ашу үшін; шетелдегі инвестициялардың құрлымын жетілдіруді
қаржыландыру үшін пайдаланылады.
Капиталды шетке шығарудың портфель инвестициясы нысаны жөнінде
айтатын болсақ, оның дүниежүзілік шаруашылыққа әсері екі түрлі болып
келеді. Бір жағынан, ол капиталдың халықаралық ұдайы өндірісін
қамтамассыз етеді. Екінші жағынан, капиталдың бақылаусыз қозғалысы елдердің
төлем балансының тепе – теңдігін бұзып, валюта курсын тұрақсыздандырады.
Оған қоса шетел капиталының көлемді импорты ұлттық капиталды ығыстырып,
оның әрекеттену аясын тарылтуы да мүмкін.
Экономиклық көмекті өнеркәсібі дамыған елдер тегін, немесе
жеңілдетілген несие түрінде береді. Дүниежізі мемлекеттеріне экономикалық
көмек беруде алғашқы екі орынды Жапония мен АҚШ иемденеді. Мысалы,
Шетелдік мемлекеттерге көмек жөніндегі заңға сәйкес 1994 жылы АҚШ – тың
шетелге көмегі 13 млрд. доллар болды. Көмек берілген елдердің ішіінде
бірінші орында Израиль (3 млрд. доллар), екінші орында Египет (2,1 млрд
доллар) тұрды. Комектің 65℅ тегін, 35 проценті жеңілдетілген несие түрінде
берілді. АҚШ – тың экономикалық көмегінің жариалы мақсаттары: АҚШ – тың
ұлттық қауіпсіздігін қамтамассыз ету; ашық, рыноктық экономика жүйесін
қалыптастыру; демократияның дамуына жердемдесу.
70 – жылдардан басталған капиталдар рыногының интернационалдануы
рыноктық экономака елдері арасындағы капиталдар ауысуы көлемінің ұдайы
өсуін көрсетіп тұр. Тікелей және портфельдік инвестициялар көлемінің өсуі,
қысқа және ұзақ мерзімді несиелер сомасының ұлғаюы, еуровалюта рыногындағы
операциялар санының көбеюі соның дәлелі.
АҚШ зерттеушілерінің есептеулері бойынша 1993 жылы дүние жүзіндегі
қаржы капиталы 3 трлн. доллар көлемінде болған.бұл капиталдардың сомасы
өнеркәсібі дамыған жеті елдің жылдық мемлекеттік бюджеттері қосындысының
төрттен үш бөлігін құрайды.
Шетке шығарылатын капиталдардың иелері негізінен өнеркәсібі дамыған
елдер. Капиталдардың ауысуы дамыған елдердің өзара қатынастарында кең етек
жайған.
Өнеркәсібі дамыған елдер шеңберіндегі капиталдар ауысуын бірнеше
деңгейде қарастыруға болады. Бірінші деңгей: АҚШ – Батыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық капитал қозғалысы
Қарыз капиталының миграциясы және халықаралық несие
Инвестиция түсінігі, шығарудың негізігі мәні, факторлары мен себептері
Халықаралық капитал рыногы
Капитал миграциясы - халықаралық экономикалық қатынастардың маңызды формасы ретінде
КАПИТАЛДЫ ШЕТКЕ ШЫҒАРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗІРП КЕЗДЕГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Ақша және тауар формалары
Шетелдік инвестицияларды тартудың Қазақстан экономикасы үшін маңызы
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САУДА ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ
Қаржылық қызметте лизингті қолдану,жалпы сипаттамасы және түрлері
Пәндер