Тәжікстан


Ò¸æiêñòàí Ðåñïóáëèêàñû
Тәжікстан-экватрдың солтүстігінде 67 0 батыс бойлықтан 76 0 шығыс бойлыққа дейін, 38 0 және 41 0 оңтүстік ендік аралығында, субтропиктік белдеуде созылып жатыр.
Республика Орта Азияның оңтүстігінде орналасқан, Өзбекстанмен, Қырғызстанмен, шығысында Қытаймен, оңтүстігінде Ауғанстанмен шектеседі. Жер көлемі- 143, 1 мың км 2 . Астанасы - Душанбе.
Т а б и ғ а т ы: Тәжікстан таулы ел, территориясының 93%-і Тянь-Шань, Гиссар-Алай, Памир тау жүйелеріне жатады. Жерінің жартысына жуығы 3000 метр биіктікте орналасқан. Ең биік жерлері Коммунизм шыңы-7495 м, Ленин шыңы - 7134 м.
Тәжікстан жерінде Ортаңғы және Төменгі Тянь- Шань және Памир қатпарлы құрамы, сонымен қатар екі тауаралық ойыс Тәжік және Ферғана аңғарлары орналасқан. Альпілік қозғалыс нәтижесінде Гиссар Алайдың қазіргі рельеф формасы қалыптасты.
Тәжікстан территориясы тұтасымен сейсмикалық жоғары ауданда орналасқан. Пайдалы қазбалардан Памир және Гиссар Алайда сурьма, сынап, мышьяк, боксит, тау хрусталі, оптикалық флюорит, исландия шпаты, лазурит, алтын, вольфрам рудалары: құрама зонасында полиметалл, сирек металдар, оптикалық шикізат, таскөмір; Тәжік және Ферғана аңғарларында мұнай, газ, жанғыш тақтатас, тастұз, құрылыс материалдары өндіріледі. Жарылыс зоналары минералдық бұлақтарға (ыстық, радиоактивті сулар) бай.
Тәжікстанның климаты континенттік, қаңтардың орташа температурасы батыстағы таулы аудандарда 2; -2 0 С, солтүстігнде 20 0 С - қа дейін, температураның абсолюттік минимумы 40 0 . Республика жеріне ылғалды солтүстік-батыс, батыс және оңтүстк - батыс ауа массалары алып келеді. Тау аңғарлары мен қазаншұңқырларда жылына 100-150 мм жауын-шашын түседі, Шығыс Памирде 72 мм түседі. Республика территориясының барлық аудандарында жазда тау аңғарлары желдері үстемдік етеді. Ферғана аңғарында жаз бен күзде құрғақ және ыстық гарсмел желі, республиканың оңтүстік бөлігіне ауған желі соғады. Қар жиегі Гиссар Алайда 3800-4400 м, Памирде 3600-5400 м биіктіктен өтед.
Ө з е н д е р і: Тәжікстан өзендері Амудария, Сырдария, Зеравшан алаптарына(Памирдегі қара жылға, Ақ жылға, Мұзкөл өзендері, Қаракөл алабына Марқанау өзені, Тарим алабына құяды) жатады. Амудария алабы (Пндж, Гунт, Бартанг, Язгулем, Ванч, Қызылсу, Вах) республика жерінің төрттен үшін қамтиды. Сырдария алабына Түркістан жотасының солтүстік беткейімен ағатын өзендер (Исфара, Қожабақырған, Қарасу, Ақсу) кіреді. Өзендердің көпшілігі мұз, қар суымен қоректенеді. Тәжікстан гидроресурстық абсолюттік қоры жөнінен ТМД бойынша Ресейден кейінгі орынды алады. Көлдері негізінен Памир және Гиссар Алай тауларында орналасқан. Ірілері: Қаракөл, Сарез, Жасыл көл, Ескендір көлі. Өзендерінде Нүрек бөгені, Фархад бөлігі салынған.
Жазық пен аласа таулы өңірлерде сұр топырақ, таулы бөліктерде қою сұр топырақ, таудың орта бөліктерінде (1600-2800 мм) таудың қоңыр топырағы, оңтүстік және солтүстіктің ылғлды өңрде қоңыр топырақ жоғары белдеулерде (2800м) биік таудың шалғын дала, дала, шөл дала топырақтары, Шығыс Памирде биік таулы шөл қалыптасқан.
Тәжікстанда жоғары сатыдағы өсімдіктердің 5000 түрі кездеседі, сүректі бұталы өсімдіктер территорияның 4%-ін қамтиды. Өзен жайылымдарында тораңғы қамыс тоғайлары, таулы аудандардың екіден бірн арша орманы, ылғалды аудандарда грек жаңғағы, түркістан үйеңкісі, шығыстың шынары, Сиверс алмасы, бұхара бадамы, биік таулы белдеулерде шалғын дала өсімдіктері өседі.
Тәжікстанның фаунасында сүтқоректілердің 81, құстың 365, бауырмен жорғалаушылардың 49, насекомдардың 7-8 түрі кездеседі. Жазық және тау бөліктерде жайра, қабылан бұқара бұғысы, қамыс мысығы, шибөрі, барыс, борсық, жабайы шошқа, таулы ормандарда аю, ақкіс, қасқыр, таутеке, арқар, т. б. мекендейді. Су айдындарында балықтың 40 мың түрі бар.
Ш а р у а ш ы л ы ғ ы мен ө н е р к ә с і б і: Тәжікстанда негізінен түсті металлупгия, химия өнеркәсібі, тау-кен өнеркәсб, жеңіл және тамақ өнеркәсібі дамыған. Тәжікстан гидроресурсқа бай ел болғандықтан түсті металлургия және алюминий өндірісі жақсы дамыған. 1976 ж Тұрсынзада қаласында алюминий зауыты салынды. Өнеркәсіптің бұл саласы электр энегиясын кп қажет ететін белгілі. Сонымен қатар, Таулы Бадахшан автономиялы облысында химия өнеркәсібі дамыған, бірақ, соңғы жылдары бұл өнеркәсіп саласы тоқырау шегінде. Таулы Бадахшанда тау-кен өндірісі де жақсы дамыған. Мұнда негізінен асыл тастар, гауһар, жақұт, т. б. өндіреді.
Тәжікстанда тамақ және жеңіл өнеркәсіп те дамыған, бірақ соңғы жылдардағы елдегі тұрақсыздық, азамат соғысы өнеркәсіптің бұл саласын тоқырауға ұшыратты. Өндіріс орындары соғыс кесрінен қирап, жұмысын тоқтатты. Экономикалық негізгі саласының бұлайша тоқырауы елдің әлеуметтік жағдайына соққы болып тиді: жұмыссыздық етек алып, Тәжікстан әлеуметтік жағынан ТМД-дағы ең арттағы елдердің бірі болды. Тек соңғы 2-3 жылда ғана елде тұрақтылық байқалып, батыс елдер республика өнеркәсібіне көңіл аударып, инвестиция сала бастады. Мұнда инвесторларға қолайлы жағдай жасалмағандықтан, инвесторлар бұл елге келуге онша мүдделі емес.
А у ы л шаруашылығы: Тәжікстан негізінен аграрлы ел, республикада 14, 3 млн га жер болса, оның ауыл шаруашылығына жарамдысы 1, 2 млн га. Жерінің 93%-і таулы аймақ, тек тауаралық жазықтар ғана шаруашылыққа жарамды. Тәжікстанда негізнен бидай, арпа, ячмень, жүгері, т. б. техникалық дақылдар өсіріледі. Сонымен қатар жеміс-жидек, жүзім өсіру жолға қойылған. Халықтың біраз бөлігі мал өсірумен де айналысады: негізінен ірі қара, қой, ешкі өсіреді. Шаруашылықтың бұл саласы таулы аудандарда, атап айтқанда Таулы Бадахшан автономиялы облысы, Зеравшан аудандарының биік таулы аудандарында жақсы дамыған.
Соңғы жылдардағы елдегі тұрақсыздықтың кесірінен егіс жерлерді құнарландыру мүлдем жүргізілмейтін болды. Нәтижесінде жер құнарсызданып, пайдасыз болуда. Көп жерлерде халық наша өсрумен айналысады. Бұл келеңсіз жағдай Ауғанстанмен шекаралас Қаратегін ауданында орын алуда. Республика наркотрафиктің негізгі жолына айналып отыр, Ауғанстаннан әкелінетін нашаның неше түрі Тәжікстан-Өзбекстан-Қазақстан-Ресей арқылы Еуропаға шығарылады. Осы және елдегі саяси тұрақсыздық халықтың жағдайын ауырлатты. Халықтың төменгі бөлгі киерге киім, ішерге ас таппауда, мұндағы қазіргі орташа айлық 8-9, ал ең төменгі жалақы 1 АҚШ долларын құрайды. Аймақтағы тұрақсыздық пен Ауғанстандағы соғыс шекаралас аудандарда босқындардың жиналуына себеп болып отыр. Олар негізінен этникалық тәжіктер. Үйсз-күйсіз босқындардың бір жерге жиналуы небір эпидемиялық аурулартың тууына себепші болып отыр. Бұл аймақта “Халықаралық қызыл крест пен жарты ай” ұйымы жұмыс істейді, олар халыққа қажетті дәрі-дәрмекті жеткізуде, алайда ол жеткіліксіз.
Осындай жағдайлар республика ауыл шаруашылығын 50 жылға артқа тартты. Шаруашылық қазір ХХғ 60-жылдарындағы деңгейінде қалып отыр. Қазір елде орнаған тұрақтылық ауыл шаруашылығының дамуына жағдай жасап отыр. Артқа кеткен ауыл шаруашылығы енді дамиды деген үміт мол.
А у д а н д а с т ы р у: Тәжікстан географиялық және экономикалық жағдайына байланысты 5 ауданға бөлнеді:
- Солтүстік Тәжікстан. Мұнда негізінен ауыл шаруашылығы, көкөніс пен жүзім өсіру басым. Сонымен қатар мал шаруашылығы да жақсы дамыған.
- Зеравшан. Бұл негізінен таулы аудан болғандықтан қой-ешкі өсіру, яғни мал шаруашылығы дамыған. Тәжік экспортының негізі жүн, тері осы ауданда өндірілед.
- Батыс Тәжікстан. Бұл өнеркәсіпті аудан. Мұнда түсті металлургия (алюминий), химия және жеңіл өнеркәсіп дамыған.
- Қаратегін. Бұл Сурхоб өзені аңғарында орналасқандықтан егіншілік пен бау-бақша, жүзм өсіру дамыған. Сонымен қатар мал шаруашылығы да дамыған.
- Таулы Бадахшан. Мұнда тау-кен өнеркәсбі жақсы дамыған, сонымен қатар көкөніс пен жүзім өсіру және мал шаруашылығымен айналысады.
Т р а н с п о р т және сауда: Тәжікстан сыртқы саудасының 80%-ін ТМД елдеріне, қалғаны алыс-жақын шет елдерге бағытталған. Батыс елдеріне негізінен жүн, теріні Швецияға, алюминийді Нидерланды, Италия, Ұлыбритания, т. б. елдерге экспорттайды. Импорттың негізін ТМД елдерінен әкелінетін мұнай-газ өнімдері, химия өнеркәсібі, киім-кешек, тамақ және т. б. құрайды. Тәжікстанның негізгі сауда серіктестері: Ресей, АҚШ, Қазақстан, Латвия, Швеция, Италия, т. б.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz