Ресейдің Қазақстанды отарлаудағы негізгі кезеңдері мен әдіс-тәсілдері



1. Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
2. Негізгі бөлім
2.1 Ресейдің Қазақстанды отарлаудағы көздеген негізгі мақсаттары,
себептері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5
2.2 Отарлаудың бірінші кезеңі (1731.1822) . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 9
2.3 Отарлаудың екінші кезеңі (1822.1867) . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 13
2.4 Отарлаудың үшінші кезеңі (1867.XX ғ. басы). . . . . . . . . . . . . . . . . . . 16
2.5 Отарлау кезеңдерін қысқаша баяндайтын “Тірек.Сызба” . . . . . . . . . 21
3. Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 24
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 27
Көрші мемлекеттердің бір-біріне көздерінің сұғын сұғып, жеріне, байлығына қызығатыны, әсіресе жұртын бағынышты, тәуелді етіп, оның еңбегін қанап-соруды ойлаған арам пиғыл-ниеті қай заманда да болды. Әсіресе, далиып жатқан ұлан-ғайыр сахарасы, сұлу да байлығы тұнып тұрған қазақ өлкесіне әмісе көз тастап, қалай соңы иеленудің жол-жөнін ойлаған мемлекет аз болған жоқ. Кішігірімі өз алдына, ал екі үлкен мемлекеттің – Ресей мен Қытайдың үкіметтері әмісе мазалануда болды. Қазақ халқының басшыларын осы екі жақтан қыспақ әрі сескендірді, әрі олармен қарым-қатынасты қалай жасау керектігі қатты ойландырды. Алайда, шырмауықтай шырмап алған отарлау саясатынан құтыла алмады.
Біздің ұлттық санамызды жоққа шығарып отырған отаршыл Ресей қазақ жерін бір жарым ғасырдан астам уақыт бойын жаулаумен болды. Орыстар елін, жерін қорғайтын әруақты батырлар болмаса, не себепті қазақ жерін қысқа мерзім ішінде ұрымтал кезең туған тұста біржолата жаулап ала салмады? Ресейдің батыстағы отаршылдық саясаты жемісті болып, солардан қолы босағанда біздің жерімізге өңмеңдей еніп, шеңгелін салып қалуға барынша күшін салып бақты. Мұны Маркс мен Энгельстің “Внешняя политика Русского царизма”, “Традиционная политика Русского царизма” деген еңбегінен білеміз. Бұл еңбекті орыс ғалымдары, әсіресе олардың шовинистік пиғылдағы тарихшылары ұнатпайды. Әрине, мұнын себебін түсінуге болады!
1. Аллаберген Қырықбай. Отарлау саясатының ойрандары. – Алматы: Рауан, 1993
2. Ақышев. Қазақстан тарихы – Очерктер. Алматы: Дәуір, 1994, 184-194 б.
3. Бейісқұлов Т. Қазақстан қалай отарланды? – Ақиқат, 2003, № 11, 60-65 б.
4. Бейісқұлов Т. Қазақстан қалай отарланды? – Ақиқат, 2004, № 1, 55-59 б.
5. Құрманалин С.Б. Патшалықтың кіші жүздегі әскери-отарлық саясаты. - ҚазМУ хабаршысы Тарих сериясы, 2002, № 2, 60-64 б.
6. Мырзахметұлы М. Рухани кәмпеске: Ресейдің қазақ жерлерін алудағы отаршылдық саясаты жайындағы деректер. – Парасат, 2001, № 9, 17-19 б.
7. Мусин Чапай. Қазақстан тарихы. 2-ші басылымы. – Алматы, 2003, 118-128 б, 162-167 б.
8. Сүлейменова Д. Отарлау саясатын оқытқанда. – Қазақ тарихы, 2001, № 5, 66-69 б.
9. Юнусова Л.М. Отарлау саясатының елдің сант-санасына әсері. – Қайнар университетінің хабаршысы, 2004, № 1, 35-40 б.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ

Радиотехника және Байланыс Факультеті

Әлеуметтік пәндер кафедрасы

Қалышева Ж.С. БРК-04-01

ТАҚЫРЫБЫ: “Ресейдің қазақстанды отарлаудағы негізгі кезеңдері мен әдіс-
тәсілдері”.
(Семестрлік жұмыс № 1)

Ғылыми жетекшісі:
Аға оқытушы Жұмағұлов М.Д.

Алматы 2004

Жоспар:
1. Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
2. Негізгі бөлім
1. Ресейдің Қазақстанды отарлаудағы көздеген негізгі мақсаттары,
себептері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5
2. Отарлаудың бірінші кезеңі (1731-1822) . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . 9
3. Отарлаудың екінші кезеңі (1822-1867) . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . 13
4. Отарлаудың үшінші кезеңі (1867-XX ғ. басы). . . . . . . . . . . . . .
. . . . . 16
5. Отарлау кезеңдерін қысқаша баяндайтын “Тірек-Сызба” . . . . . . . . .
21
3. Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . 24
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . 27

1. Кіріспе
Көрші мемлекеттердің бір-біріне көздерінің сұғын сұғып, жеріне,
байлығына қызығатыны, әсіресе жұртын бағынышты, тәуелді етіп, оның еңбегін
қанап-соруды ойлаған арам пиғыл-ниеті қай заманда да болды. Әсіресе, далиып
жатқан ұлан-ғайыр сахарасы, сұлу да байлығы тұнып тұрған қазақ өлкесіне
әмісе көз тастап, қалай соңы иеленудің жол-жөнін ойлаған мемлекет аз болған
жоқ. Кішігірімі өз алдына, ал екі үлкен мемлекеттің – Ресей мен Қытайдың
үкіметтері әмісе мазалануда болды. Қазақ халқының басшыларын осы екі жақтан
қыспақ әрі сескендірді, әрі олармен қарым-қатынасты қалай жасау керектігі
қатты ойландырды. Алайда, шырмауықтай шырмап алған отарлау саясатынан
құтыла алмады.
Біздің ұлттық санамызды жоққа шығарып отырған отаршыл Ресей қазақ
жерін бір жарым ғасырдан астам уақыт бойын жаулаумен болды. Орыстар елін,
жерін қорғайтын әруақты батырлар болмаса, не себепті қазақ жерін қысқа
мерзім ішінде ұрымтал кезең туған тұста біржолата жаулап ала салмады?
Ресейдің батыстағы отаршылдық саясаты жемісті болып, солардан қолы
босағанда біздің жерімізге өңмеңдей еніп, шеңгелін салып қалуға барынша
күшін салып бақты. Мұны Маркс мен Энгельстің “Внешняя политика Русского
царизма”, “Традиционная политика Русского царизма” деген еңбегінен білеміз.
Бұл еңбекті орыс ғалымдары, әсіресе олардың шовинистік пиғылдағы
тарихшылары ұнатпайды. Әрине, мұнын себебін түсінуге болады!
Патша үкіметінің Мәскеуден арнайы тапсырмамен келген ерекше істер
шенеунігі, кейін Құлжадағы елшісі болған Балкашин Ақмола, Семей облысындағы
сулы, нулы, орманды жерлерді қазақтардан тартып алып, орталықтан қоныс
аударып, келген келімсектерге берді. Осы әділетсіздікке ара түскен ғалым Г.
Потанинге Балкашинің: “Империяға жер керек, қазақтар қайда кетсе сонда
кетсің” деуі жоғарыда айтылған аса қатыгез идеяның жүзеге асуының бір
көрінісі десе болғандай.
Түркістан өлкесін тұтас отарлап, билікті қолға алғаннан кейін Ресей
бұл жердегі түркі халықтарын мәңгі бодандық бұғауында ұстаудың саяси-
әлеуметтік жолдарын қарастыра бастады. Патша отаршылары бұл халықтарды
жаулап алғанға дейін әр түрлі мақсат көздеген арнаулы экспедициялар жіберу
арқылы жан-жақты зерттеп біліп, отарлаудың қандай айла-тәсілдерін қолдану
жолдарын да анықтап алған еді. Ресейге бодан болған халықтардың ішінде ең
саны көбі де, әрі жер көлемі зоры да қазақтар болуы себепті отаршылдар бұл
халыққа ерекше көңіл бөлді. Өйткені қазақ жерін бір жарым ғасырда әрең
бағындырған Ресей империясы ұлттық санасы күшті, жауынгер, көшпелі өмір
бесігінде тербеліп шыныққан, ұлттық рухы жоғары қазақтарға алдымен назар
аударып, олардың көшпелі өмір қалыптастырған тұрмыстық қалпын бүлдіріп,
ұлттық тілін өзгертіп, орыстандырып жіберу саясатын саналы, жоспарлы түрде
жүргізуді қолға алды.

2. Негізгі бөлім
1. Ресейдің Қазақстанды отарлаудағы көздеген негізгі мақсаттары,
себептері
Қазақ халқының елдігі жолындағы тарихи күрес барысында, әсіресе, XVII
ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ хандары өзінің үлкен көршісі Ресей
мемлекетімен байланыс жасауға көңіл бөлді. Орыс мемлекетінің қазақ
хандығымен сауда және елшілік байланыстары Қазан мен Астрахань
хандықтарының Ресейге қосылып, оның Жайық пен Еділ аралығындағы даланы алып
жатқан Ноғай Ордасына саяси үстемдігін орнатқаннан кейінгі жерде ұлғая
түсті. Еділ бойындағы халықтардың орыс мемлекетінің құрамына кіруі, оның
шекарасын Қазақстан жеріне жақындата түсті. Маңғыстау мен Үстірт арқылы
өтетін құрлықтағы керуен жолдары, Каспий, сондай-ақ, Еділ мен Кама арқылы
өтетін су жолы Ресейдің Кавказ, Орта Азия және Қазақстанмен экономикалық
байланысын күшейтуде зор рөл атқарды. Қазақстан өлкесі арқылы өтетін атақты
Жібек Жолы барған сайын халықаралық маңыз ала бастады. Бұл жол Шығыс және
Батыс Еуропа елдерін Орталық Азиямен байланыстарды, сауда-саттықты,
экономикалық қарым-қатынасты дамытуға мүмкіндік туғызды.
Орыс мемлекеті ең алдымен қазақ даласы арқылы өтетін қатынас, сауда
жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қазақ хандарымен байланысын
нағайтуды көздеді. Сондай-ақ, Сібір хандығына, Орта Азия билеушілеріне
қарсы күресте және жоңғар феодалдары тарапынан күшейе түскен қауіпке
байланысты одақтас іздеген Қазақ жандығы Орыс мемлекетімен экономикалық,
саяси-елшілік байланыс орнатуға мүдделі болды.
Ресей мен Қазақстанның екі жақты жақындасуына XVIII ғасырдың басында
жоңғар феодалдарының шапқыншылығына қарсы тұру мүдделілігі де себеп болған.
Бұл кезде қазақ хандығынын Бұқар және Хиуамен қатынастары да шиеленіскен
түрде қала берді. Еділ өзенінің бойындағы қалмақтар мен башқұрттар Кіші
жүздің жеріне шабуыл жасап, үнемі қауіп туғызып отырды. Осындай күрделі
мәселелерді шешу үшін Солтүстіктегі қуатты көрші Ресеймен мәмілеге келуді
керек етті. Қазақстанның басқа көрші ел халықтарымен қарым-қатынасын
ушықтырып, өзіне тәуелді болуын іске асыруға бағытталған жымысқы саясат
жүргізіп отырған Ресеймен тең құқықты, тату-тәтті қарым-қатынас орнату
қазақ хандары үшін, оның ішіндегі елдің батыс бетіндегі қалмақтар мен
башқұрттардың тынымсыз шабуылынан мазасы кетіп отырған Кіші жүздің ханы
Әбілхайыр үшін қазақ даласында тыныштық орнатудың кепілі сияқты көрінді.
Қазақстан Ресейді Шығыс мемлекеттерімен жалғастыратын көпір іспетті
еді. Ол арқылы Еуропа елдерінен Шығыстағы елдерге және одан кері қарай
құрлық пен сумен ең төте ежелгі сауда жолдары өтетін. Осы жолдармен
Ресейден Орта Азияға, Ауғанстанға, Персияға, Қытайға, Үндістанға және басқа
шығыс елдеріне баруға болатын еді. Орыс патшасы Петр I бұл елдермен
экономикалық және саяси байланыс орнату, оны дамыту үшін алдымен Қазақстан
және Орта Азия елдерін Ресейге қосып алу керек деп есептеді.
Сауда-экономикалық байланыстар орнатуға екі жақ бірдей мүдделі еді.
Тауар айырбастау жолымен қазақтар өздеріне үй тұрмысы заттарын, дәрімен
атылатын қарулар алып отырды, ал орыстар олардан әр түрлі шикізаттар, мал
алды. Орыс мемлекетіне Көшім ұрпақтарымен күресте өзіне одақтас табу, Орта
Азия базаларына кедергісіз шығу, Қазақстан жері арқылы өтетін керуен
жолдарының қауіпсіздігіне жесу аса қажет болатын. Өз кезегінде ортаазиялық
хандықтардың әрдайым тонаушылық шапқыншылығына ұшырап тұратын қазақтар
Мәскеумен байланысты күшейтуге мүдделі болды. Қазақстанмен, Сібірмен, Орта
Азиямен байланыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Орыс мемлекеті
жаңа қоныстанушыларды, көпестерді, елшіліктер мен әскери отрядтарды
жіберумен қатар, Қазақстанмен шекарасында нығайтылған бекініс пункттерін
салуға қарқынды кірісті.
Ресеймен қарым-қатынасты нығайтудың қажеттілігіне бұл тұста қазақтың
басқа да жүздері мен ру басшылары бой ұра бастаған еді. Өйткені ондаған
жылдар бойы созылған жоңғар қалмақтарының және көршілес жатқан елдердің
шапқыншылық әрекеттері қазақ елін әбден тоздырып әлсіреткен болатын.
Отарланған барлық түркі халықтарын мәңгі рухани құлдықта ұстау үшін,
алдымен қазақтарды рухани жағынан шектіріп, шамалары келсе оларды аспай-
саспай жер бетінен біртіндеп жоғалтуды да көздеді. Ресей империясы
қазақтардың ішіне дендей кіріп, тұрмыстық жағынан да, рухани жағынан да
қыса отырып, құнарлы, сулы жерлерден қуып, шөлді, шөлейтті жерлерге
ығыстыру саясатын мықтап ұстанды.
Бүкіл қазақ жері мен Түркістан өлкесіндегі халықтарды жаулап алған
соң, Ресей отаршылары ұлттық санасы жоғары халықты мәңгі бодандыққа салып,
құлдықта ұстау ауыр соғатынын ұғынды. Ұғынды да бұл халықтың тұрмыстық
қалпы мен ділінен, тарихи жадынан туындайтын ұлттық санасын жоюды саяси
мақсат етіп ұстанды. Осы мақсат тұрғысынан Ресей отаршылдары қазақ елін жан-
жақты зерттеп, ғылыми тұрғыдан танып білген соң, өздеріне қолайлы саясатты
жүргізудің тиімді жолдарын қарастыруымен болды.
Отаршылдық саясаттың ерекше мән берілген басты мәселесі – қазақ
халқының ұлттық санасын, ұлттық рухын тұншықтырып, оның ғасырлар бойы
қалыптасып, ұрпақтан ұрпаққа алмасып, жалғасын тауып отырған тарихи жады
және бүкіл ұлттық болмысы мен рухани тірегі болған тарихи қалпын, яғни
моделін, ұлттық ділін, яғни менталитетін бұзу саясатына келіп тіреледі.
Қорытып айтқанда, Ресейдің көздеген негізгі мақсаттарының бірі – қазақ
елін жер бетінен тұтас жоғалтып жіберу, ол жайлаған ұлан-байтақ бай өлкені
босату үшін жоспарлы бағдармалар жүргізу.

2.2 Отарлаудың бірінші кезеңі (1731-1822 жж)
Патша үкіметі қазақ даласын түпкілікті билеу үшін әуелі әр түрлі
реформалар жүргізіп, қазақтың елдік-этникалық ұйытқысын ірітіп, ұлыстарды
бөлшектеп, оларды губернияларға, округтерге теліп, ұлтанды елді тұтастықтан
айырды. Олар мұның бәрін бірден жүзеге асыра ойған жоқ. Патша үкіметі оны
кезең-кезеңмен іске асырды.
Бірінші кезең – 1731 жылдан 1822 жылға дейін созылған ел билеу
жүйесіндегі протектораттық дәуір, яғни күшті мемлекеттің әлсіз мемлекетке
формальды түрде болса да қамқорлық жасау саясатын жүргізу еді. Бұл кезде
патша үкіметі ел билеудің бұрынғы хандық жүйесін сақтап, оның ішкі
тірлігіне араласпай, тұзақты алыстан құрып, сырт иелігін жасады, яғни қазақ
елін өзіне жағынып, бағынышты болған хандар арқылы басқарды.
Ресей патшалығы 1556 жылы Астрахань қаласын жаулап алып, Еділ өзенінің
бойын иемденіп, бекіністер салып, казак әскерлерін қаптатып, 1711 жылы
Ертіс жағалауында “Ишимская линия” деп аталатын шеп жасап, басқа да
әрекеттерді іске асырған соң оның араны бұрынғыдан әрмен ашылды.
Ресейде үш жүз жыл бойы патшалық еткен Романовтар әулетінің көрші
Қазақстанға да билік етуді маңызды мақсат етуі тегін емес. Сонау Петр I-нің
өзі ішкі Азияға да ұмсынып, қазақ жерін соған өтудің “кілті мен қақпасы”
деп есептеп, осылай қарай ұмтылуы да басқа елдің несібесін жырып алудың
көрінісі. XVIII ғасырдың басында-ақ патша сол ой-мақсатын жүзеге асыруға
кірісті. 1715-20 жылдарда жіберілген әскери-барлау экспедицияның шығарған
қорытындысының нәтижесінде бекіністер, форпосттар салына бастады. Солар
арқылы патша империясы өз ықпалын күшейтуге кірісті. Петр І-нің тікелей
өзінің жарлығымен салынған құрылыстар – Ямышевск, Омск (1716), Железинск
(1717), Семей (1718), Өскемен, Коряков (1720) және басқа әскери-қорғаныстық
пункттер Жоғарғы – Ертіс шебін құрап, қазақтарды жоңғар әскерлерінің
ойранды шапқыншылығынан қорғауда белгілі бір рөл атқарды.
Қазақтардың сыртқы саяси жағдайының күрделілігі одан аман шығудың
жолдарын іздестіре беруге түрткі болды. 1730 жылы қыркүйекте Уфа арқылы
Петербургке орыс әйел императоры Анна Иоановнаға өздерінің бодандыққа және
қорғаушылыққа алуды сұраған өтінішін хатпен жолдап әрі ауызекі де айтуды
тапсырып, елшілік жіберді. Нәтижесінде, 1731 жылы 19 ақпанда император Анна
Иоановна Кіші жүзді Ресейдің бодандығына қабылдайтыны жөніндегі сенім
грамотасына қол қойды. Тиісті ант қабылдау үшін Әбілқайырға А.И. Тевкелев
бастаған елшілер жіберілді.
Отарлау мақсатын әлгінде экспедиция жіберіп, жерін, байлығын,
табиғатын, жұртының салт-сана, әдет-ғұрып, терең зерттеуден бастады. Ендігі
бір экспедиция, құрамында 200 адам бар, патша әйел Анна Иоановнаның
жарлығымен Орынбор қаласын салу мақсатында 1734 жылы жіберілді. Ол 10 жыл
бойы жұмыс істеді, әуелі оны И.К. Кириллов басқарды, ол өлгеннен кейін В.Н.
Татищев, В.А. Урусов, Н.И. Неплюев қолға алды. Орынбор қаласын салудағы ой
Орта жүзге Ресей ықпалын күшейту, башқұрт халқына Ресей азаматтығын
мойындату, Орта Азиямен сауда қатынасын ұлғайту болатын.
Қазақстанға негізінен казактарда қалған кішігірім атты әскер
отрядтарын құрып жіберуі бұрынғыдан да көбейе бастады. Олар келіп
қоныстанған жер станица деп аталды. Казак әскерлерін патша үкіметі шет
аймақтардағы отарлау саясатын жүргізу үшін барынша пайаланды. Орынбор,
Орал, Сібір, Жетісу казак әскерлері құрылып, әр жылдарда жіберілді де бүкіл
Қазақстанды жайлады. Бір Жетісудің өзінде 28 станица – казак-орыс тұрағы
орналасты. Бұл шара Ресейдегідей губернаторлық, одан соң генерал-
губернаторлық құрумен, қорғаныс бекіністері бар әскери шептер салумен
жалғасты. Бұрынғы Ор мен Ертіс (Ишимская линия) шептері ұзартылды, 1752
жылдан салына бастаған Қызылжардағы бекініс Петр мен Павелдың аттарымен
аталды. Оның Тобыл, Ертіс, Торск – үш дистанциясында 11 бекініс, 33 қорған
салынған. Республиканың шығыс бөлігін отарлау атаман Ермак бастаған Сібір
казак әскерлерінің келуінен басталады. 1992 жылы жарық көрген “Казачьи
войска” деген анықтама кітапқа сенер болсақ, 1743 жылы Жайық бойындағы
шепте 1700, ал Гурьев шебінде 170 казак қызмет еткен. Жайық шебі (Яицкая
линия) өзеннің оңтүстігінде созылып, 14 бекініс, 9 қорған, 40 форпост, 3
қарауыл бекеті құрылып салынған. 1744 жылы патша үкіметі казак-орыстарға
хутор салуға рұқсат етеді. сол шеп бойына 15 мыңдай гарнизондық әскерлер,
казак-орыстар, қоныстанушылар орналасты.
Сол заманның асқан саясаткері әрі дипломаты, елдің көреген көсемі
Абылай хан 1781 жылы дүниеден озды. Отарлауды барынша күшейтудің мүмкіндігі
туды. Патша үкіметі Орта жүздің ішкі істеріне жиі-жиі қол сұғып отырды.
Қазақ халқын қалай басқарудың жолдарын қарастырып, өзіне бағынышты, тәуелді
етуді ойластырды. Қазақ халқын толық басқару үшін ендігі кезекте хандықты
жою керек болды. 1801 жылдан бастап Ресейде әскери губернаторлық енгзілді.
Осы басқарудың түрі Қазақстанға да енгізілді.
Қарулы әскери экспедиция жіберудің мәні, пайдасы мол екенін байқаған
патша үкіметі 1816 жылы Солтүстік Қазақстанның кең байлықтарын, оның
ішінде, мыс рудасы бар жерлерді барлау мақсатымен деген желеумен тау-кен
инженері И.П. Шангиннің басқаруында экспедиция шығарған. Оның адамдары төрт
айға жуық болып, Ұлытау, Шерубай тауы маңындағы, Нұра өзені бойындағы
жерлерді зерттеп оралған.

2.2 Отарлаудың екінші кезеңі (1822-1867 жж)
Бұл кезеңде патша үкіметі әскер күші арқылы елдің ішкі тірлігіне
араласып, жергілікті қазақ шаруаларын қонысынан қуа бастайды. Олардың
орнына Ресейде жоқшылыққа ұшыраған орыс босқындарын әкеп орналастырады.
Патша үкіметі өзінің басқаруында заңды күш беру үшін қазақ халқының
пікірін сұрап, білмей-ақ, қалай басқарудың құжаттарын шығарды. Онысы көңіл-
көзді алдап, заң жолымен, әділеттілікпен, көмек ретінде жанашырлықпен істеп
жатырмыз десе де, ол, көзбояушылық еді.
Айталық, 1822 жылы 22 маусымда жария етілген “Сібір қырғыздарының
жарғысын” алайық. Орта жүз қазақтарын басқаруды қайта құруды дайындау 1819
жылы басталып, ақыры осы құжат туды. Ол Ресейдің мемлекеттік қайраткері,
Батыс Сібір губернаторы М.М. Сперанскийдің басшылығымен жасалды. Жарғы
туралы Қазақ кеңес энциклопедиясында “Орта жүзде өкіметті жойып, ондағы
басқару жүйесін патша үкіметінің тікелей бақылауына алуға бағытталған
мемлекеттік шара” (10 т. 499 б.) делінген. Яғни хандық басқарудағы қазақ
мемлекеті өз статусынан айрылды, Ресей империясы барлық билікті өз қолына
алды деген сөз. 1824 жылы Кіші жүзде де сондай жағдай орнады (“Орынбор
қырғыздарының жарғысы”). Оларда жаңа жүйе енгізілді. Ол туралы Большая
Советская энциклопедияда “Одновременно в Казахстане была введена система
управления, приближенной к Российской, при которой султаны уже не могли
играть руководящей роли в политической жизни” (19 т., 329 б.) деп
көрсетілген (Бұл екі жарғы туралы толығырақ 00-беттегі “Тірек-Сызбада”
көрсетілген). XIX ғасырдың басында Қазақстанның Ресейге бірігуінің аяқталуы
жақын болатын. Осымен байланысты қазақ елі жалпы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоныстандыру саясаты және оның діни жағдайға әсері
Ресейдің Қазақстанның оңтүстік өңірін отарлауы және оның халықтың күнделікті өміріне әсері
Қазақтардың басты тауары - мал мен мал шаруашылығы өнімдері
ХҮІІІ ғ. екінші ширегінде Қазақстанда Ресейдің әкімшілік-саяси жүйесінің енгізілуі
Орыс әскери құрылымдарының Жетісу жеріне жасаған жорықтары
Зерттеудің жетекші идеялары
Түркістан қаласының әлеуметтік-саяси тарихының мәселелері
Қазақстанның экономикалық тарихы пәнінен дәрістер
Қазақ елінің қоғамдық ой-санасының даму сипаты
Қазақстан жеріне алғаш ислам дінінің келуі
Пәндер