Кредиттік бюро туралы


Ж О С П А Р
І. КІРІСПЕ
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
- Кредиттік бюро туралы
- Әлемдік тәжірибедегі кредиттік бюро
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
ІV. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
К І Р І С П Е
Кредиттік пайыздар қай кездері болмасын, әсіресе қазіргі кезде кез келген банк үшін өте маңызды болып табылады. Қарапайым арифметикалық мысал келтірсек, ірі мөлшердегі кредитті ұзақ мерзімге алған адамның ай сайын төлейтін ақшасы, мәселен 200 АҚШ доллары болса, мөлшермен соның 50-і негізгі қарыз да, қалғаны банк есебіне кететін сыйақы. Бірақ бұл жайттарға қарамастан кредитке деген сұраныс көбеймесе азайған жоқ. Сондықтан осы салалардағы қоғамдық қатынастарды реттеуде кредиттік бюролардың маңызы өте зор. Жоғарыда айтылғанға «Айқын» газетінің мына мақаласы дәлел бола алады: « Бір мезгілде бірнеше кредит алған адамның ойында « осылай істеуіме бола ма, рұқсат етіле ме? Біліп қойса, не болады?» деген үрейлі сауалдардың жүретіні сөзсіз.
«Бұл банктер үшін қауіпті жағдайлардың бірі болып саналады», - дейді Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттік мамандары. Сондықтан да банктер жүйесіне ортақ ақпараттық база енгізіліп отыр. Банк тілімен айтсақ «кредиттік бюро». Бюро әлемнің көптеген елдерінде бұрыннан жұмыс істейді. Заңға сәйкес, кредиттік бюро - кредиттік есеп беру және келісімшарт негізінде өзге де қызмет көрсетуді жүзеге асыфратын коммерциялық ұйым. Ол банктердің өзара қарыз алушының төлем қабілеттігі туралы ақпарат алмасуына мүмкіндік туғызбақ. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі мамандарының айтуынша, сөз болып отырған ұйым бұдан былай кредиттік қызмет көрсету рыногындағы тәуекелдікті азайтуға мүмкіндік береді. Яғни соңғы кездері банктердің дәл осы әлсіз тұсын жақсы меңгеріп алған алаяқтардың бой көрсете бастағанын алға тартты мамандар. Қазіргі кезде аталған агенттіктің лицензиясын алған бір кредиттік бюро жұмыс істеуде.
Елдегі бірнеше банктермен хабарласқанымызда, «жұмысқа енді ғана кіріскен бұл бюро жұмысы әлі жемісін бере қойған жоқ» деген жауап алдық. «Бір ғана бюро аздық етеді. Елдегі банктердің несиелеу жүйесінің қарқынды түрде жұмыс істеп жатқандығын ескерсек, елге бір емес, бірнеше бюро қажет» - дейді олар. »1 ( www. aikyn. kz. «Несиенің пайдасын халық емес, банктер көруде») деп келтірілген.
Кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заң Қазақстан республикасында кредиттік тарихты қалыптастырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерін, кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесіне қатысушылардың құқықтық жағдайын айқындайды, кредиттік бюроларды құруға, олардың қызметін жүзеге асыруға және тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды, осы саладағы мемлекеттік реттеу, бақылау мен қадағалау ерекшеліктерін реттейді. Бұл заң ҚР-да қолданылып жатқанына небәрі екі ғана жыл болды. Сондықтан қоғамда кредиттік бюролардың маңызының бұдан да зор болатын күн алыс емес.
Кредиттік бюро - кредиттік тарихты қалыптастыруды, кредиттік есептер беруді және өзге де қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын коммерциялық ұйым. 2( Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заң, 1-бап) . Кредиттік бюролар Қазақстан республикасының заңдарына сәйкес құрылатын және жұмыс істейтін коммерциялық ұйымдар болып табылады. Қазақстан Республикасында кредиттік бюролар жеке және заңды тұлғалар бойынша құрылады және жұмыс істейді. Кредиттік бюро өз қызметін уәкілетті орган белгілеген тәртіп бойынша берілетін лицензия негізінде жүзеге асырады.
Кредиттік бюролар қызметінің негізгі түрлеріне тарихты қалыптастыру және кредиттік есептер беру болып табылады. Кредиттік тарихты қалыптастыру деп кредиттік бюро ақпарат берушілерден алған ақпаратқа қатысты жүзеге асыратын, оны сақтау, мониторинг жасау, нақтылау және жаңарту жөніндегі іс-әрекетті немесе іс-әрекеттер жиынтығын айтамыз. Ал кредиттік есеп беру дегеніміз - кредиттік бюроның кредиттік тарихтағы ақпаратты беру жөніндегі қызметі.
Кредиттік бюро қызметінің қызметінің қосымша түрлеріне:
- кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесіне қатысушылардың қызметін автоматтандыру үшін пайдаланатын мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуді өткізу;
- кредиттік бюроның қызметіне қатысты арнаулы әдебиетті және өзге де ақпараттық материалдарды өткізу;
- кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесіне қатысушыларды ақпараттық қамтамасыз етуге байланысты консультациялық қызметтерді көрсету;
- кредиттік тарих субъектілерінің кредит қабілеттілігін олар әзірлеген әдістеме негізінде жүзеге асырылатын бағалау;
- маркетингтік және статистикалық зерттеулер жатады.
Кредиттік бюро мынадай құқықтарға ие:
- ақпарат берушілермен ақпарат беру және (немесе) кредиттік есептерді алу туралы шарттар жасасуға;
- ақпарат берушілерден кредиттік тарих субъектісін өзі туралы мәліметтерді кредиттік бюроларға беруге келісімін алғаны туралы растауды, сондай-ақ кредиттік тарихты қалыптастыратын толық әрі анық ақпарат беруді талап етуге,
- Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртіппен филиалдар мен өкілдіктер ашуға;
- Қазақстан Республикасының заң актілерінде және кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңға сәйкес жасалған шарттарда көзделген өзге де құқықтары болуға құқылы.
Кредиттік бюро:
- кредиттік тарихты қалыптастыруды жүзеге асыруға;
- кредиттік тарих субъектісінің келісімін алғаны туралы растау болған кезде кредиттік есептерді беруге;
- кредиттік бюро туралы заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, кредиттік тарихтағы ақпаратты ашуға жол бермеуге;
- егер алушыға берілген кредиттік есепте, кредиттік бюро қызметкерлерінің әрекеті немесе әрекетсіздігі салдарынан, ақпарат берушілер кредиттік бюроға берген ақпаратқа сәйкес келмейтін ақпарат болған жағдайда, кредиттік бюроның ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен кредиттік тарих субъектісіне түзетілген кредиттік есепті беруге;
- кредиттік тарих субъектісінің өтініші бойынша оған кредиттік тарих субъектісі даулап отырған ақпаратты берген ақпарат беруші туралы мәліметтерді табыс етуге;
- кредиттік есепті беру туралы сауал қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптар бұзыла отырып жасалған болса; кредиттік есепті беруден бас тартуға;
- Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз қызметі туралы есеп жүргізуге және есептілік табыс етуге;
- тиісті негіздемелер болған кезде қайта ресімделуге немесе нақтылануға тиіс, келіп түскен ақпаратты түзету, толықтыру туралы талаппен ақпарат берушіге өтініш жасауға;
- ақпараттық ресуртар мен ақпараттық жүйелерді қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес пайдалануға;
- ақпарат беру және (немесе) кредиттік есептерді алу туралы шартта көзделген жағдайларда ақпарат берушінің ақпаратты жібергені үшін шығындарын өтеуге;
- Қазақстан Республикасының заңдарында және (немесе) ақпарат беру және (немесе) кредиттік есептерді алу туралы шартта белгіленген өзге де талаптарды сақтауға міндетті.
«Кредиттік бюроларға банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар беретін ақпаратта мыналар болуға тиіс:
- тұлға осы банктен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымнан алған кредит бойынша борыш сомасы, сондай-ақ ол алған барлық кредиттер, шартты және ықтимал міндеттемелер бойынша борыштың жалпы сомасы;
- кредиттерді, сондай-ақ шартты және ықтимал міндеттемелерді беру күні, өтеу күні;
- міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етудің (сейф жәшіктерінде, шкафтарда және банктің үй-жайында сақтаулы тұрған қамтамасыз етуді қоспағанда) құрамы мен тәсілдері туралы ақпарат;
- тараптардың келісімі бойынша өзге де мәліметтер.
Тауарларды және көрсетілетін қызметтерді кредитке өткізетін не төлемдердің мерзімін ұзартатын жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға кредиттік бюроларға беретін ақпаратта мынадай мәліметтер болуға тиіс:
- кредит бойынша, сондай-ақ кредитке алынған барлық тауарлар және көрсетілетін қызметтер бойынша борыш сомасы;
- кредиттерді беру күні, өтеу күні;
- міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етудің құрамы мен тәсілдері туралы ақпарат;
- тараптардың келісімі бойынша өзге де мәліметтер.
Кредиттік бюроларға жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын мемелекеттік кәсіпорындар беретін ақпаратта мынадай мәліметтер болуға тиіс:
- жеке тұлғалар үшін - тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, меншік құқығын және басқа құқықтарды, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке ауыртпалықтарды тіркеу туралы мәліметтер;
- заңды тұлғалар үшін - атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны орналасқан жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу нөмірі мен күні, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, банк деректемелері, меншік құқығын және басқа да құқықтарды, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке ауыртпалықтарды тіркеу туралы мәліметтер3. » (25-бап) .
«Қорғау жұмыстарын орындайтын және ақпараттық жүйелер құрамына кіретін арнайы бағдарламалар мен аппараттарды пайдалану үшін бағдарламалық және апппараттық қорғау шаралары:
- пайдаланушыларды сәйкестендіруге және аутентификациялауға;
- жүйеге қол жетімділігін шектемеуге;
- оқиғаны тіркеуге;
- криптографиялық қайта жасауға;
- жүйәнің толықтығын тексеруге;
- зиянды бағдарламалардың жоқтығын тексеруге;
- берілетін ақпарат пен байланыс арналарын бағдарламалық қорғауға;
- керек емес ақпараттың барлығы мен пайда болуынан қорғайтын жүйелерге;
- бұзушылардың кіретін жолдарында физикалық бөгет жасауды құруға;
- жүйелер жұмыстарының мониторингі мен оның дұрыстығын қарайтын дабылға;
- бағалы ақпараттың резервтік көшірмесін жасауға негізделген4. »(www. aic. gov. kz. )
Әлемдік тәжірибедегі кредиттік бюро - азаматтың кредиттік тарихы туралы мәліметтерді жинау, ресімдеу (өңдеу), сақтау, есеп берумен айналысатын мемлекеттік емес ұйым.
«Кредиттік бюроның қызмет етуінің қарсылық білдіруге келмейтін қолайлы жақтарына банк кредиторларының кредиттік бюро көмегімен өз заемшылары жайлы ақпараттарды ала отырып және алмаса отырып, сол арқылы сенімсіз заемшыларды шеттете отырып (немесе оларға кредитті жоғарғы проценттер ұсына отырып, әрі қатал жағдайларды көздеп) және сенімділеріне кредит беру бойынша проценттік ставкаларды кеміте отырып оларға жеңілдік жасауды көздеуі.
Яғни бұл тәсіл арқылы кредиторларды ақпараттандыру бір жағынан заемшыларды олардың келесі рет кредит алу барысында қиыншылықтарды тудырмас үшін өз төлемдерін уақытында төлеуіне септігін тигізеді.
Яғни осылайша, заем құралдарын уақытында төлеуге деген ынтаның көрініс табуы түгелдей банкілік жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етудегі қосымша фактордың ролін жүзеге асырады.
«Әлемде кредиттік бюроға деген екі көзқарас бар. Соның бірінің отаны болып Құрама Штаттары болса, екіншісінің отаны - Еуропа. Кредиттік бюроның бұлай көрініс табуына тоқтала кеткен жөн. Олар өзара ерекшеленеді, сондай-ақ кредиттік бюролардың бұлай ерекшеленуі оларды реттейтін заңнамаларының реттеу әдістерінің әр түрлі болуында. Негізгі айырмашылықтары - Еуропада кредиттік бюро туралы заң азаматтардың жеке өмірінің қорғалуына үлкен маңыз береді, ал Америкада көбінесе кредиторлардың коммерциялық мүдделеріне нұқсан келмеуіне үлкен көңіл бөледі. » 5( www. delo-press. ru. « Кредитную историю не перепишешь ( информация о заемщиках приватизирована, защищена и готова к продаже) Интервью с А. Ю. Викулиным, д. ю. н., советником президента Ассоциации российских банков ( АРБ ), генеральным директором Национального бюро кредитных историй. )
Кредиттік бюроның көрініс табуының Еуропалық дәстүрлерінің ішінде Германияның SCHUFA (Schutzgemeischaft fur Allgemeine Kreditsicherung) атты атақты ркдиттік бюроны атап өтпеуге болмайды. Оның атауын тікелей « жалпы кредиттеуді қорғау бойынша сақтау ұйымы» деп аударуға болады. SCHUFA өзінің пайда болған бірінші күнінен бастап мемлекет құрылымдарымен ешқандай байланысы жоқ жеке ұйым ретінде құрылды және бұл дәстүрін әлі де жоғалтқан жоқ. Қазіргі кезде ол алпауыт банктер мен компаниялаодың иелігіндегі ірі акционерлік қоғам болып табылады.
SCHUFA тек жеке тұлғалар жайында ғана мәліметттер жинайды және компаниялар туралы ақпараттарды иемденбейді. SCHUFA-ның тізіміне Германия территориясындағы барлық банктерінің кредит алу бойынша банктерге жеке тұлғалардың келетін түгелі дерлігі енеді. Сонымен қатар бұл тұлғалардың азаматтығы ешқандай рөл ойнамайды. Сондай-ақ кейбір жағдайларда SCHUFA-ның өз ақпаратын шекарадан тыс жерлерге жіберуге құқылы. Мысалыға егер Германия тұрғыны кредитке Испаниядан жылжымайтын мүлікті сатып алғысы келсе және ол туралы испандық банк сұрау жіберсе.
Айрықша атап кететін жайт, SCHUFA өзінің серіктесі болып табылатын тек кредиттік серіктестіктерден алатын мәліметтерді иеленеді және жұмыс істейді. Ондай мәліметтерге клиенттің кезект шот нөмірі, кредиттік карточкасының нөмірі, берілген кредиттің мөлшері және оны өтеу мерзімі. Яғни бюро бұл тұлғаның кірістері, оның жұмыс берушісі, заемның не мақсатта алынғандығы, кепілге қойылатын мүлкінің саны т. б. туралы мәліметтерді құрамайды. Адамның жеке құқықтарын қорғау туралы федералдық заңға сәйкес ол туралы ақпаратты басқа жеке тұлғаларға беруге қатаң түрде тиым салынған. Сондықтан банк клиенті өзінің SCHUFA-да сақталған кредиттік тарихы туралы мәліметтің ешкімге берілмейтіндігіне сенімді бола алады. Германияда кім банкте шотын ашса немесе кредит алса, ол туралы SCHUFA-да сұрау салуға қарсы еместігі туралы құжатқа қол қоюды ұсынады. Мұндай құжатқа қол қою ерікті әрекет болып табылады, әрі қол қоюға келіспеуі оның шот ашуына және кредит беруге кедергі жасамайды. Бірақ мұндай құжатқа қол қою клиенттің банкілік формальдіктерінен өтуін едәуір түрде жеңілдетеді. Нұсқаулық бойынша адам туралы ақпарат үш жыл сақталады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz