«Педагогикалық мамандыққа кіріспе» дәрістер жинағы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   

«Педагогикалық мамандыққа кіріспе» дәрістер жинағы

  1. дәріс. Жоғары кәсіптік білім берудің заңдамалық негіздері

Дәрістің мақсаты: Қазақстан Республикасындағы жоғары білім беру жүйесімен таныстыру.

Жоспары:

1. ҚР Конституциясы “ҚР білім беру туралы “ Заңы. “Білім беру туралы” Заңында анықталған мұғалімдердің құқықтары мен міндеттері.

2. Мектепке дейінгі білім беру жүйесі: негізгі міндеттері мен мақсаттары, мектепке дейінгі мекемелердің функцияларынның принциптері.

Ұғымдық түсініктеме сөздер: Заң, патриоттық тәрбие, инновация, еліміздің төл Конституциясы, мектепке дейінгі кезең, қарым - қатынас, менталитет,

1. 1 ҚР Конституциясы “ҚР білім беру туралы “ Заңы. “Білім беру туралы” Заңында анықталған мұғалімдердің құқықтары мен міндеттері.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында», «Қазақстан Республикасы азаматтарының жаңа әлеуметтік мінез- құлқын қалыптастыру», «Қазақстан Республикасы мәдени-этникалық білім беру», «Білім мазмұнын гуманитарландыру» тұжырымдамаларында білім беру ісінде жаңа рухани-мәдени құндылықтарды игеруге, ұлттық сананың қалыптасып өсуіне жағдай жасау, кәсіби білім берудің сапасын көтруге кең жол ашу талап етіледі.

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру Мемлекеттік бағдарламасы қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологияларға бағдарланған болашақ мамандардың ақпараттық мәдениеті мен педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерінің қалыптасуына объективті жағдай туғызуда. Бүгінгі білім саласында республикалық білім кеңістігін әлемдік деңгейге жеткізуге ұмтылыс байқалады және студенттерге тәрбие мен білім беру іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.

Бірыңғай білім беру кеңістігіне ену қажеттілігімен байланысты біздің еліміздің мемлекеттік саясатының басымдық бағыттарының бірі - бұл жоғары оқу орындарында жалпы білім беретін мектептер үшін жоғары білікті мамандар даярлау. Білім және ғылым қызметкерлерінің III сьезінде сөз сөйлеген еліміздің Президенті Н. Назарбаев Қазақстанстанда ғылым мен білімді дамытудың түйінді мәселелері мен негізгі бағыттарына тоқталды. «Құрылымдық өзгерістер мұғалім кадрларын әзірлеу жүйесін оздыра отырып дамытумен қамтамасыз етілуі тиіс. Жаңа формацияның педагогы қажет. Мұғалімдардің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен әрдайым саналып келгеніндей біршама емес, әлдеқайда жоғары болуы тиіс - бұл уақыттың талабы. Біз сапалы білім беру және негізін іргелі зерттеулер құрайтын озық ғылым арқылы ғана жаңарған елге айналып, ХXI ғасырдың қарапайым емес проблемаларын ойдағыдай шеше алатынымызға терең сенімдеміз. Еркін елдің ертеңі - кемел білім мен кенен ғылымда екенін ұмытпайық», - деді атап көрсетті Елбасы.

Еліміздің төл Конституциясы, жаңадан қабылданған Тіл туралы және Білім туралы Заңдарында бүкіл қоғамның, сол сияқты жеке тұлғаның мәдени және рухани дамуының басты құралы жас ұрпаққа білім беру мен ғылымды, мәдениет пен өнерді заман талабына сәйкес өркендете отырып, балалардың бойында имандылық, эстетикалық, адамгершілік, ізгілік қасиеттерді қалыптастыру мәселелеріне ерекше көңіл аударылған.

2030 стратегияның бірінші он жылдағы табысты өтуі бәрімізді қуанышқа бөледі:

Мұның үш жылдығы “Мәдени - мұра” бағадарламасына арналса онда халқымыздың тарихи тамырларын терең білуге және білім, тәрбие тамырларының этникалық негіздерін бүгінгі өмірге үйлестіруге кеңінен жол ашуда. Осы орайдан патриоттық тәрбиені жетілдіру жолдары айқындала түсуде.

Дәстүрлі білім беру жолын инновациялық мәнде өркендетуге бағдар берілуде.

2. Жалпы және этникалық педагогика кафедрасының ұжымы “Жолдамада” белгіленген бағдарға үйлесімді түрлі ғылыми зерттеу және практи калық жұмыстарды жаңаша жетілдіруде оқыту мен білімдендірудің әдістемелік негіздерін өркендетуге ерекше назар аударуда.

3. Білім берудің өркениетті жолын ұлттық танымға үйлестіру жүргізуде мемлекеттік тілге айырықша көңіл бөле отырып ағылшын, орыс тіліне зейін қоюда.

4. Оқыту, тәрбиелеу әдістерін жетілдіруде оның ұйымдастырудағы менеджменттік жолдарын бүгінгі жағдайға үйлестіруге ерекше назар аударуға батыл түрде ынталы кірістік.

5. Ертеңгі кәсіби мамандарды адамгершілік, имандылық деңгейін жетілдіруде оларға оқылатын педагогикалық пәндердің тиімділігін арттыруға мейлінше мән берумен қатар оның теориялық, практикалық тиімділігін басты мақсат етіп қойдық және жауапкешілікті көтерудеміз.

6. Білім сапасын әлемдік деңгейге көтеруде алдынғы қатар тәжірбиелермен үйлесімділікті жетілдіре отырып, қазақстандық инновациялық педагогикалық жолда өркендету басты мақсатымыз болуда.

7. Әлемдік бәсекелестікке лайықты болу - бүгінгі студент ертеңгі кәсіби маманның өзін - өзі жетілдіріп, дербестігін дамытуға тәуелді екендігін ескертіп, олар меңгеруге тиісті теориялық білім мен практикалық жолдардың өркениетке лайық болуына мән беру - “Жолдаманы” жүзеге асыруда, тиімді де өміршен жолы деп білудеміз.

1. 2. Мектепке дейінгі білім беру жүйесі: негізгі міндеттері мен мақсаттары, мектепке дейінгі мекемелердің функцияларынның принциптері.

Бала мектепке дейінгі кезеңнің соңында құрдастарымен және ересектермен өнімді қарым - қатынас орнатуға көмектеседі. Мектепке дейінгі кезеңнің соңғы кезеңінде балада жауапты қарым - қатынас негізі қалыптасады. Алты жеті жаста бала жауапкершіліктің өнегелі мәселелерінтүсінуге қабілетті ойында және қарапайым өмірде таныстармен құрдастармен қарым - қатынавста жауапкершілік іс - әркетте тәжіребе жинақтайды.

Алты - жеті жастағы бала жақсы таныс құрдастарымен қарым - қатынаста дұрыс қарым - қатына тәсілін таңдайды, өзіндік позициясын жауапкершілік сезінеді.

Бала ересектің бақылауына және дұрыс бағалауына мұқтаж. Дамудың бірінші этапы баланың моральдық мінез - құлқының дамуы.

Ересек адам баламен сенімді, жағымды тонда оның өзін дұрыс ұстай алатынын айту керек.

Ересектермен және құрдастармен қарым - қатынасқа түскенде бала мінез - құлқының әлеуметтік эталонын меңгеруге мүмкіндік алады. Бала өмірдегі белгілі бір ситуацияларда өзінің мінез - құлқының моральдық нормаларымен талапқа бағыну қажеттілігі туады . Сондықтан баланың өнегелік дамуындағы маңызды сәттер - қарым - қатынас нормасын, олардың құндылығын түсіну білімі болып табылады.

Біртіндеп бала өзін басқа құрдастармен салыстыра бастайды. Балаларды бір бірімен теңестіру, бұл оларды жауапкершілік сезімін қалыптастырады: « біздің топ үшін », « біздің класс үшін ».

Мектепке дейінгі кезеңде бала адамдардың ересектермен және балалармен қарым - қатынастағы мінез - құлық жүйелерінің әлеуметтік кеңістікті меңгеруде үлкен жолдан өтеді.

Тілді және саналы сөйлеуді практикалық меңгеру. Мектепке дйінгі балалар өз бетінше әрекет етіп, отбасы шеңберінен алшақтап, құрдастарымен, басқа адамдармен қарым - қатынас жасап қарым - қатынас шеңбері ұлғаяды. Шеңбердің ұлғаюы баладан қарым- қатынас жасаудың барлық тәсілдерін меңгеруді талап етеді. Олардың маңыздысы-сөйлеу.

Сөйлеудің дамуы бірнеше бағытта жүреді: сөйлеу басқа адамдармен қарым - қатынас жасаудың негізгі құралы; сонымен қатар сөйлеу - ойлаудың құралы, психикалық процестің маңызды бөлшегі бала тәрбиесінің белгілі жағдайларда, бала сөйлеудің мағынасын, құрылымын түсінеді.

Сөздіктің және сөздің грамматикалық құрлымының дамуы. Мектепке дейінгі кезеңде сөздік қор дамуы жалғасады. Ерте балалық шақпен салыстырғанда мектепк дейінгі кезеңдегі баланың сөз қоры 2 -3 есеге ұлғайған. Сөздік қордың дамуы өмір жағдайларымен тәрбиеге тікелей байланысты индивидуалдық ерекшеліктері айқын көрінеді.

Мектепке дейінгі баланың сөздік қоры тек зат есім емес, етістік, есімдік, сан есім және біріктіруші сөздер арқылы дамиды. Мектепке дейінгі кезеңде бала ана - тілінің морфологиялық, септелу мен жіктелудің бір қырларын меңгереді.

Балада тілдің меңгеру өзінің белсенділігімен анықталады. Бұл белсенділік сөз құрауда немесе сөздіктің жаңаруында байқалады.

Мектепке барар алдында бала тілдің синтаксистік және морфологиялық заңдарының біраз бөлігін игереді.

Тілдің мағынасын және дыбысталуынан хабардар болу үшін практикада қолдану керек.

Мектепке дейінгі кезеңдегі балада сөздің мағынасын арнайы оқыту процесінде пайда болады.

Фонематикалық есту қабілетінің дамуы. Фонематикалық есту балада ең алдымен міндетті түрде оның сөзбе -сөз байланысынан туындайды. Балалық шақтың аяқталу кезеңінде бала сөздерді жуан не жіңішке дыбыстарына қарай ажырата бастайды. Сондықтан да фонематикалық есту балада ең ерте кезден бастап дамиды. Бірақ та бала осы кезеңде сөздерді дұрыс ырғағына қойып айтуды және сөздегі әріптерді рет-ретімен қоюды әлі дұрыс үйренбейді. Сондықтан да 5-6 жастағы бала жай ғана сөзге анализ беруге қиналады. Балаларды сөздің дыбыстық анализіне оқытқан кезде, олар сөздің бірінші және соңғы дыбыстарын бір- бірінен ажырата бастайды. Бұл тіпті әлі мектепке бармайтын балаға ондай қатты қиындықты тудырмайды. Сөздің дыбыстық анализі кезінде бала оның сол дыбыстың айтылуына байланысты ерекше бір ырықпен айта бастайды. Мысалға, «морж» сөзін балалар «м-м-м- морж» деп айтады. 5-6 жастан бастап бала сөздің дыбыстық анализн толықтай меңгере алады. Осылайша балаларға сөздің дыбыстық жүйесін ажырату оңайға соғады.

Тіл функциясының дамуы. Коммуникативті функция - бұл мектепке дейінгі кезеңде дамитын қарым - қатынас функциясы болып табылады. Ерте кезден бастап бала оның қоғаммен араласу үшін қолдана бастайды. Сол сәтте өзіне жақын адамдармен араласа бастайды. Қарым -қатынастың бұл түрі үлкен адаммен баланың тікелей қатысуымен жүреді. Ситуативтік байланыс әсіресе өзіммен бірге қасында отырған адамға жақын және түсінікті болып келеді. Ал бірақ түсінбеген адамға бұл әрине түсініксіз болып табылады. Ситуативтілік баланың тілімен әр түрлі болып табылады. Айналадағы қоғаммен арласа отырып және айналадағы дүниеге деген қызығушылықтан балада контекстік байланыс пайда бола бастайды. Контекстік байланыс ситуацияны толықтай бейнелей айлады. Контекстік байланысты үйрене отырып, бала ситуативтік байлаеыспен үйренуді, яғни қолдануды тоқтатпайды. Бала - бақшада балалар үлкен адамдардың айтқан сөздерін тыңдай отырып, олар жаңа бір күрделі сөздерді үйрене бастайды. Мектепке дейінгі кезеңде бала бұл бағытқа ең алғашқы қадам істей бастайды. Контекстік байланыстың одан әрі дамуы мектепте оқып жүрген кезеңде дамиды. Байланыстардың ең негізгі типіне түсінікті байланыс жатады. Жлғарғы мектпке дейінгі кезеңде бала өзінің қасында тұрғанн адамына ойнап жатқан ойыншығын және басқа заттарын түсіндіре бастайды. әдетте түсінішпеушілі конфликтіге апарып соқтырады. Түсінікті байланыс - ол қасындағы адамға түсінікті болу үшін мазмұнды қажет етеді.

Жоспаланған функция. Мектепке дейінгі кезең жақындаған сәтте баланың сөзі алдын ала жоспарланған және оның практикалық жүріс -тұрысына айналады. Осыған сәйкес екінші фунуциялық сөз қалыптасады. Бұл функцияны орындау баланың ойлау қабілетімен бірге жүреді. Баланың ойлау қабілеті оның балалық шағында практикалық іс - әрекетімен байланысты. өзіне байланысты айтылған және іс -әрекет кезінде пайда болатын байланыс эгоцентрикалық байланыс деп аталады. Мектепке дейінгі кезеңде өзгеріп отырады. Онда практикалық іс- әрекетке дейін ой пайда болыды. Жоғары мектеке кезеңге келгенде бұл байланыс өте жиі өте байқалады. Гегер бала осы кезеңде ешқандай адаммен араласпаса, онда ор жұмысты ішінен орындайды. Эгоцентрикалық байланыс ішкі және сыртқы байланыстың аралық түрі болып табылады.

Экспрессивтік функция - жоғарғы деңгейдегі жануарларға арналған ең көне гететикалық функция болып табылады. Эмоционалды функцияның барлығы оның барлық жақтарын қамти отырып, экспрессивттік функцияға қызмет атқарады. Экспрессивті функция автономды функциядан бастап, барық функцияға ұқсас болып келеді.

СОӨЖ тапсырмасы:

1. Білім беру нәтиже ретінде: сауаттылық-білімділік-кәсіби-біліктілік-мәдениет-менталитет ұғымдарының мән-мағынасын ажыратып жазыңыздар.

2. Төменде берілген қысқаша мағұлыматты оқып отырып өзіндік пікіріңізді қосыңыз. (жазбаша тапсырыңыз) .

«Менталитет - бұл ұғым, адамның қоғамдық және әлеуметтік-психологиялық даму деңгейін, оның танымдық және тәртіп алгоритмін көрсететін ұғым. Менталитет деген сөздің, бізге Батыс елдерден келгендігі белгілі. Мәселен француздар «mепtalitе», ағылшындар «mепtаlіtу», немістер «mепtаlіtat» дейді, бірақ түбірі бір, негізінде латын тілінен алынған. Олардың пікіріне сүйенсек, бұл ұғым жеке адамдардың, не топтардың «ақыл» сапасы мен сананың қабілетін, күшін, ақылдың бастауын, мазмұнын, құрылымын, ойлау түрін, бағытын, сондай-ақ мүмкіндігін бейнелеп, олардың басқа физикалық құбылыстардан ерекшелігін ажыратып береді. Айталық, менталитет - мидың салмағына, көлеміне, оның ішіндегі түрлі иірім-жолдарына жатпайтын, одан тыс, тікелей туындамайтын интеллектік құбылыс. Шетел сөздігінде «менталитет» - сезімдік және рухани ойлау тәсілі, жеке адамдардың немесе топтың рухани хал-жағдайы деп пайымдалған. Мәселен, М. С. Орынбеков «Основные универсалии тюркского менталитета» деген маќаласында: «Менталитет - это коллективно формируемый в обществе строй мышления и поведения, который присутствует у всех его членов и проявляется на индивидуальном уровне» - деп жазады.

Менталитет атауын Батыста 1856 жылдары Р. Эмерсон қолдана бастаған. Кейін ол атау XX ғасырдағы гуманистикада М. Пруст, В. Леви Н. Брюль, Ж. Лефевр, И. Мейерсон, Л. Февр. Ж. Ле. Тофф, Ж. Дюби еңбектерінен орын алады.

Солармен қатар бастауын XX ғасырдан алған проблеманың зерттеушілері ретінде Батыс пен Шығыс ғалымдары: Г. Лебон, Г. Тард, В. Вундт, Л. В. Бирко, Д. Дэвидсон, С. Хантингтон, Э. Агацци, А. Аверьянов, И. Г. Дубов, А. Я. Гуревич, Л. Н. Гумилев, Б. С. Гершунский, Ж. В. Ковалевская жєне В. В. Манекин, Л. П. Репина, А. И. Куприянов, А. И. Марцинковская, Г. Д. Гачев, А. С. Панарин, М. Қозыбаев, С. Сатыбалдин, Ќ. Жарықбаев, С. Қ. Қалиев, К. Қожахметова, М. Қойгелдиев, Қ. Салғарин, С. Ақатай, А. Сейдімбек, Қ. Жүкеш, Б. Байлярова, С. Нұрмұратов, Т. Омарбеков т. б. менталитет мәселесінің мәні мен маңызына жұртшылықтың назарын аударып, өріс алуына өзіндік үлес қосып келеді.

Менталитет пән аралық категория, демек оны зерттеу әдіснамасы да жүйелі пәнаралық әдістерді қолдануға бағытталуы тиіс. Қазіргі қазақ менталитетінің қалыптасу мен даму ерекшеліктерінің зерттелуіне тоқталатын болсақ, бұл мәселе - әлеуметтік-философиялық тұрғыдан әлі толық зерттеліп болмаған, философ-ғалымдардың көз қырына енді ілініп келе жатқан мәселелердің бірі. .

Әдебиеттер тізімі:

Негізгі:

  1. ҚР білім беру Заңы // Егеменді Қазақстан 15 тамыз 2007 жыл
  2. Қазақстан Республикасы «Білім беру заңы, Алматы, 1998.
  3. Қазақстан Республикасының гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы. / Егеменді Қазақстан, № 2, 20 тамыз, 1994.
  4. Амангелді Айталы. Ұлттану - Алматы, 2003
  5. Введение в педагогическую профессию: курс лекций. - Волгоград, 1998
  6. Кузьмина Н. В. Очерки психологии труда учителя. - Л., 1967
  7. Кузьмина Н. В., Реан А. А. Профессионализм педагогической деятельности. - Спб., 1993

Қосымша:

  1. Станкин М. И. Профессиональные способности педагога: Акмеология воспитания и обучения. - М., 1998.

Все начинается с учителя /Под ред. З. И. Равкина, Сост. К. А. Иванова. - М., 1983.

2-дәріс Педагог мамандығының жалпы сипаттамасы -1 сағат

Дәрістің мақсаты: Педагог маманның шығу тарихымен, қызметімен және тұлғалық қасиеттерімен таныстыру.

Жоспары:

1. Педагог мамандығының пайда болуы және қалыптасуы.

2. Өткен дәуірдегі көрнекті педагогтар. Педагог мамандығының ерекшеліктері.

3. Болашақ мамандардың білімі мәселесіне қойылатын қазіргі талаптар.

Ұғымдық түсініктеме сөздер: педагог, мұғалім, маман, педагогика, ғылым, тәрбие,

2. 1. Педагог мамандығының пайда болуы және қалыптасуы.

Кез келген мемлекеттiң өркениеттiлiгi онда өмiр сүретiн халықтың бiлiм деңгейiмен бағаланады. Ал өркениеттiлiктiң негiзi мектепте қаланып, мектепте қанат жаяды. Елбасы Н. Ә. Назарбаев Үкiметтiң кеңейтiлген отырысында сөйлеген сөзiнде: “Мектеп туралы мәселенiң көтерiлiп жатқаны өте дұрыс. Мектеп әлеуметтiк мәселелердiң iшiндегi ең өзектiсi”, - деген пiкiрі айта келе әсiресе ауыл мектебiн өркендетуге, ауыл мектебiнiң жағдайын жақсартуға баса көңiл бөлу қажет екенiне баса мән бердi.

Қазіргі кезде Қазақ қоғамы қоғамдық экономикалық жүйеден екінші бір жүйеге өтудің қиын кезеңінде тұр. Мемлекет тарапынан адамдардың жақсы өмір сүруіне жағдай жасалу, олардың әділеттілік, еріктілік, қайрымдылық құндылықтарын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл үрдістің өзіндік қиыншылығы, қарама-қайшылығы, көп жақтылығы бақалады. Бұл негізінен белгілі курстар арқылы немесе жоғарыдағы адамдардың ниеттенуіне байланысты. Жалпы әрбір адамның мақсатын өзінің қатысуынсыз іске асыруға болмайды. Сондықтан Қазақстанның әрбір азаматты жоғарыдағы мақсатты іске асыруға үлес қосуы тиіс. Егер де, халық білімді, ақылды, мәдениетті, гуманды, демократиялы, әділетті, кәсіби бағдарлы болса, соғұрлы қоғам өркениет де» гейіне көтеріледі. Сол себептен, Қазақстанның болашақ иелерін сол тұрғыда тәрбиелеу қажет.

Осыған орай, еліміздегі жоғары білім концепциясында адамның дамуындағы өмірмен, адамдармен қарым-қатынасына зор назар аударылып отыр. Әр адам күшті, құрметті, іскер, сыйлы өмірде өз дегініне жетуге тырысады. Сол себептен, әр кім өзін-өзі құрметтеп, бағалай білуі қажет.

Әрбір адамның психология және педагогика аймағында ғылыми білімі болмайынша бұл дәрежеге жету мүмкін емес. Педагогика ғылымы - өмір туралы ғылым.

Педагогика - өркениетті қоғамның даму тарихынан, жас ұрпақ тәрбиелеу тәжірибесінен бастау алады.

Педагогика ұғымы екі мағына береді. Біріншіден - білімнің ғылыми аумағы, ғылым; екіншіден - өнер, қолөнер, педагогикалық іс-әрекет аумағы. Грек тілінен тікелей аударғанда "бала жетектеуші" ал, өнер сөзінің мағынасы "баланы өмірде жетектеу", т. б. оқыту, оны тәрбиелеу, жан және тәннің дамуына бағыттау.

Педагогика - қоғам мен табиғаттың теңдесуін, өмірге қанағаттандыруда толық белсенді шығармашылық, рухани байлығын көмек беру, адамды тәрбиелеуді зерттейтін ғылым. Педагогикалық білім - жан-жақты, адамды дамытуды” тәсілдері мен жолдарын әмбебап оқытуды тұтасымен зерттейді.

Педагогика, басқа ғылымдар сияқты дамушы ғылым, оның негізгі категорияларының ойлау аспектілері үнемі кеңейтіліп қарастырылып отырылады. Ал, педагогикалық шығармашылық тәрбие мен оқу күшінің шектеусіз көпқырлы тәжірибеде дамиды.

Мұғалім- жалпы білім беретін орта мектептердің қайыссында болмасын барлығында да оқушыларға білім мен тәрбие беретін кәсіби маман.

Ал түрлі бағдардағы кәсіби мамандық беретін орта оқу орындарында көбіне оқытушы деп атайды. Білімдендіру, оқыту, тәрбие саласына ортақ атау- ұстаз, педагог, ал денешынықтыру, тәрбие ісімен ғана шектелетін мамандарды -тәрбиеші, тәлімгер деп атау да ана тілімізде берік қалыптасқан нұсқа.

Шартты түрде осылай бөлінгенмен де көп жағдайда бірін-бірімен алмастырып айту өмір тәжірибесінде жие ұшырасады. Мұғалімнің мектеп өміріндегі қызметі сан-салалыболғанымен де атқаратын ең басты ісі -оқыту, тәрбиелеу және ғылыми-әдістемелік, әлеуметтік педагогикалық жұмыстар. Жалпы білім беретін оқу орындарындағы мектеп мұғалімі белгілі бір пәнді оқытатын кәсіби маман және сынып жетекшілік қызметін атқарады.

Мұғалімнің кәсіби мамандығы мемлекеттік стандартты жүзеге асыруға сәйкес және үлгі-өнег көрсетерліктей білімдарлық пен еңбеккерлік көрсететін болса, халықтың құрметті де абройлы маман-тәлімгер болатындығы. 1960 ж. мұғалімдердің Республикалық съезіне арналған Сәбит Мұқановтың "Мұғалім" деген шығармасында ұстаз болмысы былай сипатталған:

Мұғалім

Бақытқа жол бастаған көсем бол, сен

Бал тамған таңдайыңнан шешен бол, сен

Батыр бол қол бастаған, тағы сондай

Салада қанша биік өсе бер, сен

Жаса сен, қай жағдайда, қай заманда,

Әрдайым міндеттісің бір адамға

Былайғы жақын түгіл, оның орнын

Көрген жоқ басып, туған ата-анаңда

Мұғалім! Бұл-адамның ардақты аты.

Білімдік бар биікке шығар саты.

Ең алғаш басталады осы адамнан

Сүйеді сондықтан да жақын, жаты

Аржағы иероглиф, бергі әріп

Арқылы қандай тілде, қандай халық

Хат білсе, санасына мұғалімнен

Түседі бірінші рет сәуле-жарық

Білімнің шарлағанда талай өрін

Жаңалық ашқан шақта нелер керім,

Бар адам, барлық қауым мұғалімді

Сыйлайды мәңгі бақиберіп төрін

Сол құрметті адамға қойылатын талаптар педагогикалық ғылыми әдебиеттерде және мамандық жөніндегі ресми құжаттарда жан-жақты сипаттарған.

Сондай мұғалім үлгісі қандай боу керек оған бірінші қарым-қатынас қажет.

Ел Президенті Н. Ә. Назарбаевтың жолдауында жеке тұлғаның уақыт талабына сәйкес дамуы: «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады» (Астана, 19 наурыз, 2004 жыл) деп нақты тоқталып өткен .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұғалімнің дидактикалық іскерліктерінің зерттелуі
Әскерге шақыру бойынша әскери қызмет
Қазақ мемлекеттік Қыздар педагогикалық университеті
Педагогика және психология мамандығында арнайы
Электрондық оқу-әдістемелік кешендері
Бастауыш мектептің болашақ мұғалімінің кәсіби дайындығының ілімдік негіздері
Балалар мен жасөспірімдерді физикалық тәрбиелеуде медициналық бағалау.
Студенттің өзіндік жұмысы
Болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін кәсіби даярлауда көпсатылы жоғары білім беруді ұйымдас-тырудың педагогикалық шарттары
Кәсіби құзыреттілік және кәсіби құзыреттілік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz