Қоңыраттардың шығу тегі және этнонимі



Кіріспе 3.бет
I тарау Қоңыраттардың шығу тегі және этнонимі туралы
ежелгі дерек көздерінен
1.1 Рашид ад.Дин деректері бойынша қоңыраттардың арғы тегін 8.бет
моңғолдармен байланыстыру
1.2 Моңғол тарихшысы Санан.Сесена еңбегі бойынша
қоңыраттардың шығу тегі
1.3 Әбілғазы мен Мұхаммед . Салих зерттеулерінен 10.бет
II тарау Қоңыраттардың шығу тегі туралы орыс зерттеушілерінің еңбектерінен
2.1 Радлов, А.И.Тевкелев, А. И.Левшин, Г. Волкоискийдің зерттеулерінен 10.бет
ІІІ тарау Қоңыраттардың шығу тегі туралы қазақ зерттеушілерінің
еңбектерінен
3.1 М. Тынышбаев пен М.Мұқанов еңбектері бойынша 11.бет
3.2 М. Ақынжанов пен Т. Сұлтанов еңбетерінен талдау 12.бет
Қорытынды 13.бет
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 14.бет
Қазақ халқының рулары мен тайпаларының атының (этнонимінің) шығу тегі, мән-мағынасы мен сөз төркіні тұманды мәселе, қай қашанда тарихнамада талай пікір туғызып, айтыстар көтеретін, сан алуан жорамал-жоруларды жарыққа шығаратын және бірауызды шешімге келе қоюы қиын күрделі мәселе. Бейне сол сияқты «қоңырат» атауының шығу тегі, оның мән-мағынасы туралы мәселе де сонау Иран тарихшысы Рашид-ад Диннің зерттеген «Жамиғат тауарих» (Жылнамалар жинағы) атты еңбегінен ХІІІ-ХІV ғғ. белгілі бола бастады. Одан кейін де талай моңғол,қытай, орыс, қазақ зерттеушілерінің қаламын тербеткен бұл мәселе төңірегінде көптеген еңбектер жарыққа шықса да, әлі де өз шешімін таба алмауда. Өйткені бір тайпаның тарихи қалыптасуы мен оның атының тарихи деректемелерде жарыққа шығуы үнемі бір уақытта бола бермейді, ілгерінді-кейінді болып отырады. Алайда бір тайпаның атының шығу тегін, мән-мағынасын анықтау, сол ұлттың арғы тегі мен алғашқы кездегі тарихын түсінуге көмегі көп, маңызды мәселенің бірі.
Жалпы, қазіргі уақытқа дейінгі ғалымдарымыздың зерттеулері нәтижесінде ежелгі моңғолдардан бастау алатын кейін түркіленіп кеткен «қоңырат» тайпалық одағын түсіндіретін түпкілікті пікір қалыптаса қойған жоқ. Сондықтан «қоңырат» атауы туралы бұрын-соңды айтылған болжал пікірлер мен дәлел-деректердің басты-бастыларына тоқталуды жөн көрдім.
Менің ойымша, жалпы Қазақстанда тұратын, өзін қазақпын деп есептейтін әр азамат пен азаматша өз шығу тегін тайға таңба басқандай білу керек. Ежелгі бабаларымыз «тегін білмеген тексіз» деп бекер айтпаса керек. Қазіргі ақпарат әлемінде сан ойды сан салаға алып ұшыратын зерттеулер де, оны зерттеуші ғалымдардың саны да көбеюде. Қазіргі кезде қолы босаған қарияларымыз қолына қалам алып өзінің білген, көрген, естіген, әр жерден оқыған шала білімін қағазға түсіруге де шебер болған. Осылай өз тарихымызды, шығу тегімізді сан салаға бұрып кеткен ойлардан аулақ болып, керісінше жойылып бара жатқан ұлттық құндылықтармызды сақтап, тарихымызға барынша жарқын көзқараспен қарағанымыз жөн болар. Себебі, біз болашақ Қазақстанның туын көкке желбіретер, қазақ халқы тарихының болашақ жанашыр ұландырымыз.Сондықтан менің бұл алып отырған тақырыбым қазіргі қоғамдағы зерттеушілер мен жастарды елеңдетерлік өзекті мәселеде жазылған деп ойлаймын.
1. Рашид ад-Дин, Сборник летописей.- Л.
2. Әбілғазы Бахадүр. Түрік шежіресі. –Алматы, 1992.
3. Бартольд В.В. Очерк истории Семиречья. –Фрунзе, 1943.
4. Уәлиханов Ш.Ш. Шығармалар жинағының V кітабы. – Алматы, 1968.
5. Ақынжанов М. Қазақтың тегі туралы. – Алматы,1957.
6. Тынышбаев М. История казахского народа. – Алматы, 1998.
7. Бартольд В.В. Тюрки двенадцать лекции по истории турецких народов Средней Азии. – Алматы, 1998.
8. Сұлтанов Т.М. Кочевые племена Приаралья. – Алматы, 1982.
9. Аристов Н.А. Түрік тайпалары мен халықтарының ата тегі және олардың саны жайлы. – П., 1898.
10. Алпамыс батыр өзбек нұсқасы «Алпамыш».
– Ташкент, 1974.
11. Сартқожаұлы Қ. Объединенный каганат тюрков. – Астана, 2002.
12. Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих, или киргиз- кайсацких, орд и степей. – Алматы, 1996.
13. Рычков П.И. . Топография оренбургскии губернии сочинение. – Оренбург, 1872.
14. Андреев И.Г. Описание Средны Орды киргиз кайсаков. – Алматы 1998.
15. Вастров, Мұқанов. Радоплименной состав и роселение казахов конец ХІХ в начало ХХ веке. - Алматы 1968.
16. Арғынбаев, Мұқанов, Вастров. Қазақ шежіресі хақында.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
3-бет

I тарау Қоңыраттардың шығу тегі және этнонимі туралы

ежелгі дерек көздерінен

1. Рашид ад-Дин деректері бойынша қоңыраттардың арғы тегін 8-бет

моңғолдармен байланыстыру

2. Моңғол тарихшысы Санан-Сесена еңбегі бойынша 9-бет

қоңыраттардың шығу тегі

1.3 Әбілғазы мен Мұхаммед – Салих зерттеулерінен
10-бет

II тарау Қоңыраттардың шығу тегі туралы орыс

зерттеушілерінің еңбектерінен

2.1 Радлов, А.И.Тевкелев, А. И.Левшин, Г. Волкоискийдің

зерттеулерінен
10-бет

ІІІ тарау Қоңыраттардың шығу тегі туралы қазақ зерттеушілерінің

еңбектерінен

3.1 М. Тынышбаев пен М.Мұқанов еңбектері бойынша 11-
бет

3.2 М. Ақынжанов пен Т. Сұлтанов еңбетерінен талдау
12-бет

Қорытынды
13-бет

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
14-бет

-3-

Тақырыптың өзектілігі

Қазақ халқының рулары мен тайпаларының атының (этнонимінің) шығу тегі,
мән-мағынасы мен сөз төркіні тұманды мәселе, қай қашанда тарихнамада талай
пікір туғызып, айтыстар көтеретін, сан алуан жорамал-жоруларды жарыққа
шығаратын және бірауызды шешімге келе қоюы қиын күрделі мәселе. Бейне сол
сияқты қоңырат атауының шығу тегі, оның мән-мағынасы туралы мәселе де
сонау Иран тарихшысы Рашид-ад Диннің зерттеген Жамиғат тауарих
(Жылнамалар жинағы) атты еңбегінен ХІІІ-ХІV ғғ. белгілі бола бастады. Одан
кейін де талай моңғол,қытай, орыс, қазақ зерттеушілерінің қаламын тербеткен
бұл мәселе төңірегінде көптеген еңбектер жарыққа шықса да, әлі де өз
шешімін таба алмауда. Өйткені бір тайпаның тарихи қалыптасуы мен оның
атының тарихи деректемелерде жарыққа шығуы үнемі бір уақытта бола бермейді,
ілгерінді-кейінді болып отырады. Алайда бір тайпаның атының шығу тегін, мән-
мағынасын анықтау, сол ұлттың арғы тегі мен алғашқы кездегі тарихын
түсінуге көмегі көп, маңызды мәселенің бірі.

Жалпы, қазіргі уақытқа дейінгі ғалымдарымыздың зерттеулері нәтижесінде
ежелгі моңғолдардан бастау алатын кейін түркіленіп кеткен қоңырат
тайпалық одағын түсіндіретін түпкілікті пікір қалыптаса қойған жоқ.
Сондықтан қоңырат атауы туралы бұрын-соңды айтылған болжал пікірлер мен
дәлел-деректердің басты-бастыларына тоқталуды жөн көрдім.

Менің ойымша, жалпы Қазақстанда тұратын, өзін қазақпын деп есептейтін
әр азамат пен азаматша өз шығу тегін тайға таңба басқандай білу керек.
Ежелгі бабаларымыз тегін білмеген тексіз деп бекер айтпаса керек. Қазіргі
ақпарат әлемінде сан ойды сан салаға алып ұшыратын зерттеулер де, оны
зерттеуші ғалымдардың саны да көбеюде. Қазіргі кезде қолы босаған
қарияларымыз қолына қалам алып өзінің білген, көрген, естіген, әр жерден
оқыған шала білімін қағазға түсіруге де шебер болған. Осылай өз
тарихымызды, шығу тегімізді сан салаға бұрып кеткен ойлардан аулақ болып,
керісінше жойылып бара жатқан ұлттық құндылықтармызды сақтап, тарихымызға
барынша жарқын көзқараспен қарағанымыз жөн болар. Себебі, біз болашақ
Қазақстанның туын көкке желбіретер, қазақ халқы тарихының болашақ жанашыр
ұландырымыз.Сондықтан менің бұл алып отырған тақырыбым қазіргі қоғамдағы
зерттеушілер мен жастарды елеңдетерлік өзекті мәселеде жазылған деп
ойлаймын.

-4-

Жұмыстың мақсаты

Ежелден моңғол аталып келген, кейін түріктер арасына сіңісіп қазіргі
қазақ құрамында жүрген қоңырат тайпалық одағының шығу тегін, этнонимін
ежелгі дерек көздерінен бастап қазіргі зерттеуші ғалымдарымыздың жазған
еңбектеріне дейін зерттеп, талдай отырып, қазіргі қазақ ру-тайпалық
құрылымын болашақ жастар алдында ашып, жаңғыртып көрсету.

Жұмыстың міндеттері

I. Қоңыраттардың шығу тегі және этнонимі туралы

ежелгі дерек көздерінен

1. Рашид ад-Дин деректері бойынша қоңыраттардың арғы тегін

моңғолдармен байланыстыру

1.2 Моңғол тарихшысы Санан-Сесена еңбегі бойынша

қоңыраттардың шығу тегі

1.3 Әбілғазы мен Мұхаммед – Салих зерттеулерінен

II. Қоңыраттардың шығу тегі туралы орыс

зерттеушілерінің еңбектерінен

2.1 Радлов, А.И.Тевкелев, А. И.Левшин, Г. Волкоискийдің зерттеулерінен

ІІІ. Қоңыраттардың шығу тегі туралы қазақ зерттеушілерінің

еңбектерінен

3.1 М. Тынышбаев пен М.Мұқанов еңбектері бойынша

3.2 М. Ақынжанов пен Т. Сұлтанов еңбектерін талдау

-5-

Жұмыстың зерттелу деңгейі

Қазақ халқының этникалық тарихының мәселері, әсіресе қазақтың
құрамындағы ру-тайпалардың шығу тегі, орналасуы, таңбалары мен шежіресіне
қатысты деректер ең алғаш орыс зерттеушілерінің еңбектерінен кездеседі.
Әсіресе, ХVIII-XIX ғғ. ІІ жартысынан бастап қазақ далаларына келген орыс
саяхатшылары, шенеуніктер, офицерлер мол мағлұматтар қалдырған. Солардың
ішінде қоңыраттарға қатысты еңбектер қалдырған басты орыс зерттеушілері:
А.Левшин, В.Вельяминов-Зернов, Н.А. Аристов, А.Тевкелев, Радлов, Г.
Волкоиский еңбектерін атап өтуге болады.1748 жылы А.Тевкелев орта және ұлы
жүздер қазақтарының рулықтайпалық құрамында қоңыраттар – күшті ру деп
атап көрсеткен. А.Левшиннің зерттеуі бойынша қоңыраттар Ұлы жүздің
құрамында болып, кейін Орта жүз құрамына кірген деп жазған және қоңырат
құрамына кірген 12 рулар туралы мәлімет береді. Н.А.Аристов қоңыраттар
құрамындағы шаңырақ, отбасы, адам санын зерттеуде көп мәлімет береді.
Радловтың сөзінше һәм қазақтың ескі сөзінше, Қоңырат екі атаның баласы, Көк-
Көтенше деген.

Ал қазақ зерттеушілері құрамында қоңырат тайпасының шығу тегі,
этникалық құрамы жайлы көбірек дерек беретін ғалымдар қазақтың ұлы ғалымы
Ш.Уәлиханов, М.Тынышбаев, С.А.Аманжолов, М.Ақынжанов, М.С.Мұқанов
еңбектерінен көруге болады. Ш.Ш.Уәлиханов қоңыраттардың Орта ордадан Уәли
хан тұсында (ХІХ ғ. І жартысы) бөлініп, Бұхарада, Қоқанда, Ташкентте,
бәрінен бұрын Қаратауда және Талас өзені бойынла өзбек руларымен көшіп
жүретінен жазған. М.Тынышбаев негізінен Н.А.Аристов бастаған еңбекті
жалғастырушы болды. Ол өзінің еңбектерін ежелгі ежелгі моңғол
тарихшыларының да еңбектеріне сүйеніп жазады. Ол қоңыраттардың шығу тегін
ежелгі моңғолдармен байланыстырып бір аңызға байланысты туындаған деп
жазған. М.Тынышбаев еңбектері қазіргі қазақ этногенезін зерттеудегі құнды
дерек болып табылады. М.С.Мұқанов қоңырат руының хонхират деген атаудан
шыққандығын пайымдайды және бұл тайпаның құрамы түрік тектес рулар
болғанымен оны билеп-төстеуші моңғол тектес Жошы хан нөкерлері болғандықтан
бүкіл тайпа қоңырат атауын қабылдап кеткендігін баяндайды. М.Ақынжанов
Қазақтың тегі туралы еңбегінде қоңыраттарды археологиялық, этнологиялық,
антропологиялық түр сипаты бойынша зерттеп олардың ІХ-Х-ХІ ғғ. пайда
болғандығын айтады. Қоңыраттарды Қарқаралы, Ұлытау төңірегінен табылған
Пазырық қорымынан табылған арх. қазба жұмыстардағы үй шаруашылық, мәдени,
өнер туындыларымен ұқсас екенін айтады.

-6-

Тақырыптың деректік негізі

Ең алғаш қоңырат этникалық бірлестігі туралы деректі біз Иран
тарихшысы Рашид ад-Диннің Жылнамалар жинағы еңбегінен аламыз. Ол
қоңыраттардың шығу тегін моңғолдардың тайпасы моңғол-дарлекин тайпаларымен
байланыстырады. Ал моңғол- дарлекиндер өз шығу тегін моңғол тайпаларының
бір бөлшегі нукуз және қият тайпаларынан тарайтындығын атап көрсеткен.
Ертеректе олар Эргуне-кун яғни деректерде Аргун өзенінің жақын жерлерінде
өмір сүрген дейі. Ал олар тараған қият тайпасының өзін аңыз бойынша Алан-
Гоа мен оның күйеуі Добун-Баяннан таратады. Бұл қоңырат тайпалары қалай
Шыңғыс ханнан тарайды десек, моңғол-нейрун тайпалар тобынан 3 бала күн
нұрынан жаралып, сол үшінші баласы қият-бурджугин Шыңғыс хан әкесі Есугей
Бахадүрдің ұрпақтары тарайды делінген.

Екінші дерек бойынша Әбілғазы Бахадүр өзінің Түрік шежіресі
еңбегінде Шыңғыс ханның да, қоңыраттың да бабасы Қиян аталатын еді дейді.

Үшінші дерек бойынша Моңғол тарихшысы Санан-Сена қоңырат тайпалары
Ұлы Моңғолдардан тарайды дейді, ол Кок-Моңғолдардың ұрпағы. Кок деген
сөз аспан деген мағынаны да береді. Қоңыраттардың арасында Көктің ұлы
немесе аспан ұлы деген сөз бар. Бұдан шығатын қорытынды, қоңырат қарапайым
адамнан емес Шыңғыс әруағынан пайда болған, яғни жесір әйел Аланговаға киіз
үйдің ішінде жатқанда күн сәулесі аялап ғажап бала дүниеге келген. Ол
қоңырат еді. Осындай аңыз желісі негізінде құрылған болатын.

Жұмыстың құрылымы

Жұмыс кіріспеден, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

-7-

І. .1.1.Рашид ад-Дин деректері бойынша қоңыраттардың арғы тегін
моңғолдармен байланыстыру

Ең алғаш қоңырат этникалық бірлестігі туралы деректі біз Иран
тарихшысы Рашид ад-Диннің Жылнамалар жинағы еңбегінен аламыз. Ол
қоңыраттардың шығу тегін моңғолдардың тайпасы моңғол-дарлекин тайпаларымен
байланыстырады. Ал моңғол- дарлекиндер өз шығу тегін моңғол тайпаларының
бір бөлшегі нукуз және қият тайпаларынан тарайтындығын атап көрсеткен.
Ертеректе олар Эргуне-кун яғни деректерде Аргун өзенінің жақын жерлерінде
өмір сүрген дейі. Ал олар тараған қият тайпасының өзін аңыз бойынша Алан-
Гоа мен оның күйеуі Добун-Баяннан таратады. Бұл қоңырат тайпалары қалай
Шыңғыс ханнан тарайды десек, моңғол-нейрун тайпалар тобынан 3 бала күн
нұрынан жаралып, сол үшінші баласы қият-бурджугин Шыңғыс хан әкесі Есугей
Бахадүрдің ұрпақтары тарайды делінген. Осы аңызға толық тоқталатын болсақ.
Моңғол-нейрундар аңыз бойынша Алан Гоаның күйеуі Добун Баян өлген соң
тарайды делінген. Алан Гоаның өзі құралас деген тайпадан болған. Ал, ол
тайпа моңғол дарлекин тайпасының бір бұтағы. Алан Гоа күйеуі өлген соң
күндердің бір күнінде күйіз үйдің шаңырағы төбесінен түскен сәуледен
екіқабат болады. Одан 3 бала туады. Оарды кейін күннен жаралған балалар деп
атайды. Бұл үш баладан мынадай ұрпақтар тарайды:

1. Алан Гоаның алтыншы ұрпағына дейінгі Кабул ханға дейінгі
ұрпақтары.Оларды нейрундар деп атаған. Нейрундар Кабул ханның ағалары болып
келеді.

2. Олар нейрун болса да қият деп аталады. Бұлар Алан Гоаның 6-ұрпақтары.
Кабул ханға дейінгі ұрпақтары.

3. Бұлар нейрун-қият тайпалары. Алан Гоаның тікелей Кабул ханнан тараған
ұрпақтары. Кабул ханды қият-бурджигин деп атайды. Оның немересінен тараған
ұрпақтар Есугей Баһадүр ұрпақтары, яғни Шыңғыс хан әкесі.

Қоңыраттардың орналасқан жері ұйғырлардан Қытай және Джуржде
шекарасына дейін мекендеп жүрген деп атайды, яғни бұл Моғолтан жері.
Шамамен екімың жыл бұрын бұл тайпалар моңғолдар деп аталған, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарағанды облысы этнотопонимдері
Қарағанды қаласының тарихы мен бүгіні
«Жәми ат-тауарих» шығармасындағы Орта және Кіші жүз негізін құраған ХІ-ХІІІ ғғ. түркі тайпаларының тарихы
Қазақ халқы
Найман, керейт, қоңырат, жалайыр, меркіт тәрізді түрік тайпаларының қалытасуы
Тарихи этнонимдердің ерекшеліктері
Қазақ этнонимінің синонимі
Орта жүз шежіресі
Қазақ этнонимдерінің этимологиясын айқындаудың танымдық негіздері
Найман моңғол тілінде сегіздік - сегіз тайпаның одағы деген сөз
Пәндер