Қазақстан Республикасының Конституциясы сақтандыру құқығы



Кіріспе

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы сақтандыру құқығының негізгі қайнар көзі ретінде
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі сақтандыру құқығының қайнар көзі ретінде
3. Қазақстан Республикасының «Сақтандыру қызметі туралы» Заңы Сақтандыру құқығының қайнар көзі ретінде
Сақтандыру заңнамасы және сақтандыруға қатысы бар өзге де заңнамалық актілер сақтандыру ісі мен сақтандыру қызметі аясында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеуге ат салысатын нормативтік құқықтық актілер, былайша айтқанда ҚР Заңдары болып табылады. Бұл жерде сақтандыру заңнамасы тек сақтандыру саласын және сақтандыру катынастарын тікелей әрі жан-жақты реттеу максатында қабылданған сақтандыру туралы арнайы заңдардың жүйесін білдіреді. Сақтандыруға қатысы бар заңнамалық актілерге ҚР басқа құқық салалары ауқымындағы қоғамдық қатынастарды регламенттеуге әрі реттеуге арналғанымен құрамында сақтандыру құқығының нормалары бар кодекстер, заңдар жатады.
Алайда, «заңнама» ұғымының, заң жүзінде нактылы ашып көрсетілмеуі айтарлыктай проблема туындатып отыр. Мәселен, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» ҚР Заңының 1-бабы 2) тармақшасында «Заңдар — белгіленген тәртіппен қабылданған нормативтік құқықтық актілердің жиынтығы», ал 1) тармақ¬шасында «нормативтік құқықтық акт — референдумда қабылданған не уәкілетті орган немесе мемлекеттің лауазымды тұлғасы қабылдаған, құқықтық нормаларды белгілейтін, олардың қолданылуын өзгертетін, тақтататын немесе тақтата тұратын белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат» деген айқындама берілген. Демек, бұл ретте заңнама кодекстерден, Заңдардан, лауазымды тұлғалардың — министрлер мен орталық мемлекеттік органдар басшыларының, ҚР Үкіметінің, Қазақстан Ұлттық Банкінің және т.б. органдардың нормативтік қаулыларынан, нормативтік құқықтық бұйрықтарынан, нормативтік құқықтық қаулыларынан б.а. заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерден де тұрады деп айтуға болады.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Ж О С П А Р:
Кіріспе

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы сақтандыру құқығының негізгі
қайнар көзі ретінде
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі сақтандыру құқығының
қайнар көзі ретінде
3. Қазақстан Республикасының Сақтандыру қызметі туралы Заңы Сақтандыру
құқығының қайнар көзі ретінде

Кіріспе
Сақтандыру заңнамасы және сақтандыруға қатысы бар өзге де
заңнамалық актілер сақтандыру ісі мен сақтандыру қызметі аясында туындайтын
қоғамдық қатынастарды реттеуге ат салысатын нормативтік құқықтық актілер,
былайша айтқанда ҚР Заңдары болып табылады. Бұл жерде сақтандыру заңнамасы
тек сақтандыру саласын және сақтандыру катынастарын тікелей әрі жан-жақты
реттеу максатында қабылданған сақтандыру туралы арнайы заңдардың жүйесін
білдіреді. Сақтандыруға қатысы бар заңнамалық актілерге ҚР басқа құқық
салалары ауқымындағы қоғамдық қатынастарды регламенттеуге әрі реттеуге
арналғанымен құрамында сақтандыру құқығының нормалары бар кодекстер, заңдар
жатады.
Алайда, заңнама ұғымының, заң жүзінде нактылы ашып көрсетілмеуі
айтарлыктай проблема туындатып отыр. Мәселен, Нормативтік құқықтық актілер
туралы ҚР Заңының 1-бабы 2) тармақшасында Заңдар — белгіленген тәртіппен
қабылданған нормативтік құқықтық актілердің жиынтығы, ал 1) тармақшасында
нормативтік құқықтық акт — референдумда қабылданған не уәкілетті орган
немесе мемлекеттің лауазымды тұлғасы қабылдаған, құқықтық нормаларды
белгілейтін, олардың қолданылуын өзгертетін, тақтататын немесе тақтата
тұратын белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат деген айқындама
берілген. Демек, бұл ретте заңнама кодекстерден, Заңдардан, лауазымды
тұлғалардың — министрлер мен орталық мемлекеттік органдар басшыларының, ҚР
Үкіметінің, Қазақстан Ұлттық Банкінің және т.б. органдардың нормативтік
қаулыларынан, нормативтік құқықтық бұйрықтарынан, нормативтік құқықтық
қаулыларынан б.а. заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерден де тұрады
деп айтуға болады.[1]

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы Сақтандыру құқығының негізгі
қайнар көзі ретінде

1995 жылғы 30 тамызда өткізілген республикалык референдумда
қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы Қазақстан
Республикасының бүкіл аумағын өзінің жоғары заңи күшімен тікелей қамтитын
нормативтік құқықтық акті болып табылады. Қазақстан Республикасы
Конституциясының ережелері адамның және азаматтың өміріне, денсаулығына,
мүліктеріне, еңбек ету бостандығына, меншік субъектілері мен объектілеріне,
кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, мүлікті кез келген кәсіпкерлік қызмет
ауқымында пайдалануға, әлеуметтік камсыздандыруға, коршаған ортаны қорғауға
катысты сақтандыру құқығының жалпы принциптерін белгілеуге, сақтандыру
саласындағы мемлекеттік саясат басымдықтарын айкындауға, сондай-ак
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің бір түрі сақтандыру
қызметінін конституциялық негіздерін құруға және сақтандыру туралы Заңдарды
қабылдауға байланысты мән-жайларды белгілі бір дәрежеде регламенттейді.
Осы орайда сақтандыру ісі мен сақтандыру қызметінің конституциялық негізін
құруға ат салысатын Қазақстан Республикасы Конституциясының мынадай
баптарында:
1) 1-бап, 1-тармағы: Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы,
құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат
казынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.
2) 4-бап, 2-тармағы: Конституцияның ең жоғары Заңдык күші бар және
Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады.
3) 6-бап, 2-тармағы: Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар
коғам игілігіне де қызмет етуге тиіс. Меншік субъектілері мен объектілері,
меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды
қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді.
4) 12-бап, 3-тармағы: Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай
құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады; 5-тар-мағы: Адамның және
азаматтың өз кұқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың
құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық
имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс.
5) 13-бап, 1-тармағы: Әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы
бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, кажетті корғанысты қоса
алғанда, заңға кайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы; 2-
тармағы: Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот аркылы корғалуына
құқығы бар.
6) 15-бап, 1-тармағы: Әркімнің өмір сүруге құқығы бар.
7) 24-бап, 1-тармағы: Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп
түрін еркін тандауына құқығы бар...; 2-тармағы: Әркімнін кауіпсіздік пен
тазалык талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін нендей бір
кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ак жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға
құқығы бар.
8) 26-бап, 4-тармағы:Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін
кез келген Заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар...
9) 28-бап: 1. Қазақстан Республикасының азаматы жасына келген,
науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де
Заңды негіздерде оған ең төменгі жалақы мен зейнетақының мөлшеріне,
әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік беріледі. 2. Ерікті әлеуметтік
сақтандыру, әлеуметтік камсыздандырудың қосымша нысандарын жасау және
қайырымдылык көтермеленіп отырады.
10) 29-бап, 1-тармағы: Қазақстан Республикасы азаматта-рының денсаулығын
сактауға құқығы бар.
11)31-бап: 1. Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулы-ғына қолайлы
айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды. 2. Адамдардың өмірі мен
денсаулығына қатер төндіретін деректер мен жағдаяттарды лауазымды
адамдардың жасыруы заңға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады деп айтылған.
Бұл ретте аталған конституциялық нормалардың тікелей сақтандыру
құқықтық бағытты ережелері 6-баптың 2-тармағында, 13-баптың 1-тармағында,
24-баптың 2-тармағында, 28-бабында, 31-бабында көрініс тапканын байқаймыз.
Ал қалған баптар құқық саласы ретіндегі сақтандыру құқығының жалпы
принциптерін белгілеуге мүмкіндік беріп отыр.[2]

2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі Сақтандыру құқығының
қайнар көзі ретінде

Бүгінгі танда құрылымдық бөлімдерінде сақтандыру -құкыктык нормалары
бар және сақтандыруға қатысы бар өзге де заңнамалык актілер ретінде ҚР
Азаматтық кодексін, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылыктуралы кодексін, ҚРСалық
кодексі, Қ Р Орман кодексін, сондай-ақ Қаржы рыногы мен каржылық ұйымдарды
мемлекеттік реттеу және кадағалау туралы, Сауда максатында теңізде жүзу
туралы, Мұнай туралы, ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы,
Лицензиялау туралы ҚР Заңдарын атап көрсетуге болады.
ҚР азаматтық Заңдары тауар-акша катынастарын және катысушыларының өзара
теңдігіне негізделген өзге де мүліктік катынастарды, сондай-ақ мүліктік
қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке катынастарды реттеуге ат
салысады. Азаматтық Заңдармен реттелетін осындай катынастардың катысушылары
азаматтар, Заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ак әкімшілік-аумақтык бірліктер
болып табылады.
Бұл ретте осы Кодекстін Сақтандыру деп аталатын 40-та-рауында
сақтандыру ісі мен сақтандыру қызметі мән-жайларын мұқият камтыған мынадай
баптар орын алған:
803-6 а п. Сақтандыру шарты.
1. Сақтандыру шарты бойынша бір тарап (сақтанушы) сақтандыру сыйлыкақысын
төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап (сақтандырушы) сақтандыру жағдайы
басталған кезде сақтанушыға немесе шартта белгіленген сома (сақтандыру
сомасы) шегінде өзінің пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға)
сақтандыру төлемін толеуге міндеттенеді.
2. Сақтандыру сақтандыру шарты негізінде жүзеге асырылады.
804-6 а п. АК реттелетін сақтандыру катынастары.
Сақтандырушылар мен сақтанушылар арасындағы катынас-тар, сондай-ақ олардын
сақтандыру шартын жасау және оны орындау процесі кезінде туындайтын
сақтандырылғандармен және пайда алушылармен катынастары АК реттеледі.
805-6 а п. Сақтандыру нысандары.
1. Сақтандыру нысандары:
1) міндеттілік дәрежесі бойынша - ерікті және міндетті;
2) сақтандыру объектісі бойынша — жеке және мүліктік;
3) сақтандыру толемін жүзеге асыру негіздері бойынша жи-нақтаушы және
жинақтаушы емес болып табылады.
2. Сақтандыру қызметін лицензиялау мақсатында заң актілерінде өзгеше
жіктеу көзделуі мүмкін.
806-6 а п. Міндетті және ерікті сақтандыру.
1. Міндетті сақтандыру — заң актілері талаптарына орай жүзе-ге асырылатын
сақтандыру.
2. Міндетті сақтандырудын түрлері, тәртібі мен талаптары заң актілерімен
белгіленеді.
3. Өз өмірін немесе денсаулығын сақтандыру міндетін аза-матқа Заң
актілерімен де, шартпен де жүктеуге болмайды.
Міндетті сақтандыру сақтанушынын есебінен жүзеге асы-рылады.
4. Міндетті сақтандыру кезінде сақтанушы сақтандырудың осы түрін реттейтін
заң актілерінде жазылған талаптар бойынша сақтандырушымен шарт жасауға
міндетті.
5. Міндетті сақтандыру шарты сақтандырудың осы түрін жүзеге асыруға
лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жаса-лады. Мұндай шартты жасасу
жоғарыда аталған сақтандырушы үшін міндетті болып табылады.
6. Ерікті сақтандыру — тараптардың еркін біддіруіне орай жүзеге асырылатын
сақтандыру.
Ерікті сақтандырудың түрлері, шарттары мен тәртібі тарап-тардың келісімі
бойынша белгіленеді.
807-6 а п. Сақтандыру объектісі.
1. Азаматтардың және Заңды тұлғалардың, соның ішінде:
1) азаматтардың белгілі бір жасқа дейін немесе сақтандыру шартында
белгіленген мерзімге дейін өмір сүруіне, өліміне, азаматтардың өмірінде
белгілі бір оқиғалардың басталуына;
2) жазатайым жағдайлардың және өзге де оқиғалардың, аурулардың салдарынан
азаматтардың өмірі мен денсаулығына зиян келтірілуіне;
3) мүлікті иеленуіне, пайдалануына және оған билік етуіне;
4) басқа тұлғаларға, соның ішінде шартты (міндеттемелерді) бұзу салдарынан
келтірілген зиянды өтеу міндетіне байланыс-ты кез келген мүліктік мүдделері
мүліктік және жеке сақтандыру объектілері бола алады.
Сақтандырудың міндетті түрлері бойынша сақтандыру объектісі сақтандырудьщ
осы түрін реттейтін заң актілерімен айқындалады.
2. Сақтанушының құқыкка қайшы мүліктік мүдделері сақтандыруға жатпайды.
3. Осы баптың 2-тармағында көзделген мүліктік мүдделер объектісі болатын
сақтандыру шарттары жарамсыз болып табылады.
809-6 а п. Жеке және мүліктік сақтандыру.
1. Азаматтын өмірін, денсаулығын, еңбекке кабілеттілігін және жеке басына
байланысты өзге де мүліктік мүдделерін сақтандыру жеке сақтандыруға жатады.
Жеке сақтандыру шарты бойынша сақтанушының өзі, сондай-ак шартта аталған
басқа (сақтандырылған) адам сақтандырылған болуы мүмкін.
2. Мүлікті және оған байланысты мүліктік мүдделерді сақтандыру мүліктік
сақтандыруға жатады.
3. Мүлікті сақтандыру кезінде мүліктің жоғалуы (жойылуы) тәуекелі,
жетіспеуі немесе бұлінуі және АК 115-бабында көзделген өзге де мүліктік
игіліктер мен құқыктар сақтандырылады.
4. Сақтанушының немесе пайда алушының мүліктерді сақтандыруға мүддесі
болмаған жағдайда жасалған мүліктік сақтандыру шарты жарамсыз болады.
5. Азаматтық-құқықтық жауаптылыкты сақтандыру кезінде, үшінші бір
адамдардың өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтірудін салдарынан
туындайтын міндеттемелер бойынша жауапты болу, сондай-ақ шарттардан
туындайтын міндеттемелер бойынша жауапты болу тәуекелін сақтандырады.
813-6 а п. Сақтанушы.
1. Сақтанушы — сақтандырушымен сақтандыру шартын жасасқан тұлға.
2. Заңды тұлғалар мен азаматтар сақтанушылар бола алады.
3. Сақтанушы сақтандырудың ерікті де, міндетті де нысандары бойынша
сақтандырушыны тандап алуға ерікті.
814-6 а п. Сақтандырушы.
Сақтандырушы - сақтандыруды жүзеге асыратын, яғни сақтандыру жағдайы пайда
болған кезде сақтанушыға немесе пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда
алушыға) шартта айқындалған соманың (сақтандыру сомасының) шегінде
сақтандыру төлемін жүргізуге міндетті тұлға.
Сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген және сақтандыру кызметін жүзеге асыру
құқығына лицензиясы бар Заңды тұлға не ҚР өзара сақтандыру туралы
заңнамалық актісіне сәйкес езара сақтандыру қоғамы ғана сақтандыру шы бола
алады.
817-6 а п. Сақтандыру жағдайы.
1. Сақтандыру жағдайы - басталған бойда сақтандыру шарты сақтандыру төлемін
жүзеге асыруды көздейтін оқиға.
2. Міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру жағдайының түрлері міндетті
сақтандыру туралы заң актілерімен, ал өз еркімен сақтандыру бойынша —
тараптардың келісімімен белгіленеді.
3. Жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша көзделуі мүмкін оқиғаларды
қоспағанда, сақтандыру жағдайы ретінде қарастырылатын окиға, оның
басталуының ыктимал және кездейсок белгілеріне ие болуы тиіс.
4. Сақтандыру жағдайынын басталғандығын, сондай-ак ол келтірген зияндарды
дәлелдеу сақтанушының міндетіне жатады.
826-6 а п. Сақтандыру шартының мазмүны
1. Сақтандыру шартында мыналар болуы тиіс:
1) сақтандырушының атауы, орналасқан жері және банктік реквизиттері;
2) сақтанушының тегі, аты, әкесінің аты және түрған жері немесе оның атауы,
орналасқан жері және банктік рекви-зиттері;
3) сақтандыру объектісін көрсету;
4) сақтандыру жағдайын көрсету;
5) сақтандыру сомасы мен сақтандыру төлемін жүзеге асырудыңтәртібі мен
мерзімдері;
6) сақтандыру сыйлықақысының мөлшері, оларды төлеудің тәртібі мен
мерзімдері;
7) шарттың жасалу күні және қолданылу мерзімі;
8) егер олар сақтандыру қатынасына қатысушылар болса, сақтандырылған адам
мен пайда алушы туралы көрсету;
9) шарттың номері, сериясы;
10) шарттың талаптарына өзгерістер енгізу жағдайлары мен тәртібі;
11) сатып алу сомасынтөлеудің шарты және оның мөлшері.
2. Тараптардың келісімі бойынша шартқа өзге де талаптар енгізілуі мүмкін.
2-1. Франшиза — сақтандырушыны сақтандыру талаптарын-да көзделген, белгілі
бір мөлшерден аспайтын заладды өтеуден босату. Франшиза шартты
(шегерілмейтін) және шартсыз (шегерілетін) болады. Шартты франшиза кезінде
сақтандырушы франшиЗаңың белгіленген мөлшерінен аспайтын залалды өтеуден
босатылады, бірақ егер оның мөлшері осы сомадан көп болса, залалды толык
өтеуге тиіс. Шартсыз франшиза кезінде залал барлық жағдайларда белгіленген
сома шегеріле отырып өтеледі. Франшиза сақтандыру сомасына катысты процент
бойынша не абсолютті мөлшерде белгіленеді.
3. Егер сақтандыру шартында заң актілерінде көзделгендермен
салыстырғандасақтанушыныңжағдайын нашарлататындай талаптар болса, осы заң
актісімен белгіленген ережелер қолданылады.
4. Егер қайта сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, қайта сақтандырушының
қайта сақтандыру шарты бойынша жауаптылық кезеңі сақтандырушының сақтандыру
шарты бойынша міндеттемесі қайта сақтандыруға берілген сақтандыру шарты
бойынша жауаптылык кезеңіне сәйкес келуге тиіс.
5. Сақтандыру шартында көрсетілуге тиіс талаптардыңтолык болмағаны үшін
сақтандырушы жауапты болады. Оның жекелеген талаптарының толық болмауы
салдарынан сақтандыру шарты бойынша дау туындаған жағдайда дау сақтанушының
пайдасына шешіледі. Осы тармақтың талаптары қайта сақтандыру шарттарына
қолданылмайды.
827-6 а п. Сақтандыру шартынын қолданылуы
1. Сақтандыру шарты сақтанушы сақтандыру сыйлыкақы-сын телеген кезден
бастап, ал оны бөліп-бөліп төлеу кезінде, егер шартта немесе міндетті
сақтандыру туралы заң актілерінде өзгеше көзделмесе, бірінші сақтандыру
жарнасы төленген кезден бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті
болады.
2. Сақтандыру шарты, егер шартта немесе міндетті сақтандыру туралы заң
актілерінде өзгеше көзделмесе, алғашқы басталған сақтандыру жағдайы бойынша
сақтандыру төлемі жүзе-ге асырылған кезден бастап қолданылуын тоқтатады.
3. Сақтандырып корғаудың кодцанылу мерзімі, егер шартта немесе міндетті
сақтандыру туралы заң актілерінде өзгеше көзделмесе, шарттың қолданылу
мерзіміне дәл келеді.
828-6 а п. Сақтандырушының міндеттері
1. Сақтандырушы:
1) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру шартында немесе
заңактілерінде белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде сақтандыру
төлемін жүргізуге;
1-1) сақтанушыны сақтандыру ережелерімен таныстыруға;
2) сақтанушыға сақтандыру жағдайы кезінде олардың залалдарды азайту үшін
жүмсаған шығындарын өтеуге;
3) сақтандыру құпиясын камтамасыз етуге міндетті.
2. Сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заң актілерінде, сондай-ак
сақтандыру шартында сақтандырушының басқа да міндеттері көзделуі мүмкін.
830-6 а п. Сақтандыру құпиясы
1. Сақтандыру құпиясына сақтандыру сомасының, сатып алу сомасының
мөлшерлері туралы және төленген сақтандыру сый-лықақылары, сақтандыру
(қайта сақтандыру) шартының сақтанушының, сақтандырылған адамның немесе
пайда алушының жеке басына қатысты өзге де талаптары туралы мәліметтер
жатады. Таратылу процесіндегі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасаған
сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты туралы мәліметтер сақтандыру құпиясына
жатпайды.
1-1. Міндетті сақтандыру туралы заңнамалык актілерде сақтандыру кұпиясын
қүрайтын мәліметтерді жария етудін езге де талаптары мен тәртібі көзделуі
мүмкін.
2. Сақтандыру рыногының кәсіби катысушыларының, сак-тандыру агентінін өз
кәсіби қызметінің нәтижесінде алған сақтандыру құпиясын кұрайтын
мәліметтерді, кәсіби сақтандыру рыногының басқа катысушысына не сақтандыру
агентіне қайта сақтандыру шарттарын жасасуға немесе қосарлас сақтандыру
жөніндегі катынастарға байланысты акпаратберу жағдайларын, сондай-ак осы
баптың 4,5 және 6-тармақтарында кезделген жағдайларды коспағанда, жария
етуге құқығы жоқ.
3. Өздерінің қызмет міндеттерін жүзеге асыруына байланысты сақтандыру
құпиясы бар мәліметтерді алған лауазымды адам-дар, сақтандыру (қайта
сақтандыру) ұйымының қызметкерлері, сақтандыру брокерлері, сақтандыру
агенттері және басқа да адамдар оларды жария еткені үшін ҚР заң актілерінде
көзделген тәртіппен жауап береді.
4. Сақтандыру құпиясын үшінші адамға сақтанушының (сақтандырылған адамның,
пайда алушының) жазбаша келісімі негізінде ашуға болады.
5. Сақтандыру құпиясы бар мәліметтер:
1) сақтанушының (пайда алушынын) өкіліне — нотариатта куәландырылған
сенімхат негізінде;
2) анықтау және алдын ала тергеу органына — оның өндірісіндегі қылмыстык
істер бойынша;
3) сотқа — сот ұйғарымы негізінде оның өндірісіндегі істер бойынша;
4) прокурорга - оның құзыреті шегінде өзінің қарауындағы материалдар
бойынша тексеру жүргізу туралы қаулы негізінде;
5) уәкілетті мемлекеттік органга — сақтандыру қызметін қадағалауды жүзеге
асыруға байланысты мәселелер бойынша;
6) Қ Р міндетті сақтандыру туралы заң актілеріне сәйкес өзге де түлгаларга
беріледі.
6. Сақтандыру құпиясы бар мәліметтер сақтанушы, сақтандырылған адам, пайда
алушы қайтыс болған соң:
1) мурагерлерге;
2) соттарга және нотариустарга — соттың үйғарымы, қаулысы немесе
нотариустың мөрі басылған жазбаша сауалы негізінде олардьщ ондірісіндегі
мүрагерлік істер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалға алу шарты
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты туралы
Адам мен азаматтың құқықтық мәртебесінің негіздері
18.12.00 ж Қазақстан Республикасының «Cақтандыру қызметі туралы» Заңының негізгі мәселелері
Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру мен қорғау
Еңбек қорғаудың түсінігі туралы
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ПӘНІ, ЖҮЙЕСІ
Конституциялық құқықтар мен бостандықтар ұғымы
Сақтандыру мәселелерінің заңнамалық регламенттелуі
Әлеуметтік қорғау құқығының теориясы
Пәндер