Дүниежүзілік сауда ұйымы туралы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   

Реферат

ТАҚЫРЫБЫ: Дүниежүзілік Сауда Ұйымы және Қазақстан

Жоспар:

Кіріспе3

1. Дүниежүзілік сауда ұйымының құрылымына сипаттама . . . 5

2. Дүниежүзілік сауда ұйымына кірудің мақсаты мен негізгі мәселелері . . . 7

3. Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруінің кезеңдері . . . 9

4. Қазақстанның БСҰ-ға кіруінің оң және теріс жақтары. 15

5. Қазақстан БСҰ-ға кіру шарттары бойынша келіссөздер. 18

Қорытынды20

Пайдаланған әдебиеттер тізімі: . . . 22

Кіріспе

Ғаламдану кезінде тауарлар мен қызметтер өзара еркін алмасуда. Әлемде интеграциялық процесстер орын алып, экономикалық, саяси даму бір жолға жақындатылған.

Соңғы онжылдықта дүниежүзілік қауымдастық даму барысында мүлдем жаңа құбылыстарға тап болды. Бұл арада экономикалық және әлеуметік процестердің ғаламдануы мен жекелеген елдердің әсіресе тәуелсіз даму жолына түскен жас мемлекеттердің тұрақты дамуын қамтамасыз ету қажеттілігі турасында болып отыр.

Осы себептен Қазақстан да әлем елдері тәрізді осы процестен қалмай көш басын дұрыс бағытқа бұруы қажет. Қазіргі күні елеміз көптеген аймақтық, халықаралық экономикалық ұйымдар, саяси институттардың мүшесі. Осы мүшеліктердің барлығы оның әлемдік қауымдастықтың толық құқықты мүшесі екендігін дәлелдеп отыр. Бұл ұйымдардың мүшесі бола тұра Қазақстан өзінің ұлттық мүдделлерін қорғап оларды алға жылжыта алады.

Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болуға дайындалуда. 1996жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасы ДСҰ Секретариатына ресми өтініш жолдаған болатын. Содан бері бұл ұйыммен келіссөз жүргізіп келеді. Дегенмен әсіресе елдің ДСҰ алғашқы жылдарында одан халық шаруашылығына келетін пайда мен шығынның ара салмағы туралы мәселе әлі ккүнге дейін ашық күйінде қалып отыр. Осы жылдың шілдесінде ведомство аралық комиссия ДСҰ Секретариатына сыртқы сауда режимі туралы меморандум мен басқадай міндетті құжаттарды жолдады. Осы кезден бастап Қазақстанның ДСҰ кіруі туралы ұзақ та, көпжақты келіссөздер жүргізіле бастады. Бұл еліміздің экономикасы үшін зор мәнге ие болатын, күрделі де, маңызды процесс. Осыған байланысты ДСҰ іс-әрекетінің мақсаты, міндеті, құрылымы мен ерекшелігін қарастыру маңызды болып табылады.

Бұл жұмыста Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруінің кезеңдері қарастырылады. Сонымен қатар, ұйымының құрылымына сипаттама берілген. Қазіргі күнде осы мәселе бойынша ҚР сауда және индустрия министрлігінде ДСҰ кіру бойынша Департамент ашылып, онда күрделі жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар еліміздің Үкімет орындарында, жалпы елдің экономикалық саясаты оссы ДСҰ талаптарына сай болу мақсатында жүргізіліп жатыр. Дәл осы тұста мемлекет деңгейінде конференциялар өткізіліп, ғаалымдар мен экономисттер, саясаткерлер мен сарапшылар өз тұжырымын беруде.

Жұмыстың негізгі мақсаты Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымының құрылымына сипаттама беріп, ұйымға кірудің мақсаты мен негізгі мәселелерін талқылау.

1. Дүниежүзілік сауда ұйымының құрылымына сипаттама

Дүниежүзілік сауда ұйымы 1995жылы құрылды. Ол Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін құралған тариф және сауда туралы келісімнің жалғасы болып табылады. Бұл жүйе бір жақты іс - әрекет арқылы әлемдік сауданы елу жыл реттеді және өзінің қажеттілігін дәлелдеді. Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін әлемдік сауда айналымы тек өсіп отырды. Жүйе ГАТТ шегінде сауда келіссөздерін жүргізу арқылы дамыды. Алғашқы раундттарда көбіне тарифтерді қысқарту сұрақтары қаралған, бірақ кейін антидемпинг және тарифсіз шаралар сияқты салаларды қамтыды. Соңғы раунд 1986-1994 жылдары(Уругвайлық раунд) - ДСҰ құру туралы шешім қабылдады, ол ГАТТтың қызмет саласын аса кеңейтті, соның ішінде қызмет саудасы мен интеллектуалды меншік құқығы саудасының өсуіне жол салды. Сонымен қатар, ГАТТ іс жүзінде халықаралық ұйым болғанымен, ресми түрде статусы болмаған. Ал ДСҰ Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы мекемесінде арнай заңды статусын алды. ГАТТ пен ДСҰ екі негізгі принциптерге сүйенеді, ал олар халықаралық құқықтық тәжірибеде төрт негізгі элементтен көрінеді.

Екі принцип - бұл дискриминациядан бас тарту және нарықтық тиімділік. Ал төрт негізігі элемент:

1. Ұлттың аса жағымды режимі(РНБ) ;

2. Ұлттық режим;

3. Тариф;

4. Ашықтық;

Ұлттың аса жағымды режимі(РНБ) дегеніміз - ДСҰ на мүше елдердің тауарлары мен қызметтері кедендік шегараны өткеннен кейін сол елдердің тауарларына қолданылатын ережелеріне қатысты.

Ұлттық режим жоғарыдағы айтылғанға ұқсас, тек ұлттық нарықта қолданылады.

ДСҰ ның жоғарғы органы болып ұйымның барлық қатысушылырынң өкілдерін біріктіретін Министрлік конференция болып табылады. Конференцияның сессиясы Уругвайлық раундтың келісіміне байланысты маңызды сұрақтарды талдап, шешім қабылдау үшін кемінде екі жылда жиналады. Бірінші конференция Сингапурда 1996жылы желтоқсан айында екінші Женевада 1998 мамырда, ГАТТ ДСҰ ның 50 ұызметінің қорытындысы шығарылды. Келесі конференциясы 2001 жылдың қарашасында Доха(Катар) қаласында өтіп, содан соң көп жақты келіссөздердің жаңа раундысы басталды. Соңғы конференция 2003 жылы 10 - 14 қыркүйек Канкун(Мексика) қаласында өтті.

ДСҰ ның Министрлік конференциясы сауда және даму бойынша комитетін, тең төлем балансын қамтамасыз ету мақсатында шектеу бойынша комитет, бюджет, қаржы және әкімшілік бойынша комитет сонымен қатар сауда және қоршаған орта бойынша комитет болып құрылды. Министрлік конференция ДСҰ бас директорын тағайындайды. Бүгінгі күні ДСҰ ның бас директоры Супачай Панитчпакди болып табылады. Бас директор ДСҰ ның секретариат бөлімшелерінің қызметкерлерін тағайындайды және Министрлік конференцияның қабылда, ан шарттары бойынша міндеттері мен қызметінен өту шарттарын анықтайды.

Сессиялар арасында қажеттілігіне байланысты (жылына 8-10 рет) ағымдық пен процедуралық сұрақтарды шешу үшін ДСҰ ның барлық қатысушы өкілдерінен жиналған Бас кеңес шақырылады. Сонымен қатар бас кеңес дауларды шешу бойынша органның және сауда саясатын талдау бойынша органның қызметіне басшылық етеді. Бас кеңестің басшылығымен тауар саудасы бойынша кеңес, қызмет саудасы бойынша кеңес, интеллектуалдық меншің құқығы аспектісіндегі сауда бойынша кеңес, ДСҰ ның проблематикасы бойынша басқа органдар қызмет етеді. Тауар мен қызмет саудасы бойынша кеңестің шегінде келісім және келіссөз топтар бойынша комитет құрылған. Кеңестер мен комиттетегі мүшелік ДСҰ ның барлық қатысушыларына ашық. Сонымен қатар көпжақты келісімдердің орындалуын қадағалайтын орагандар жұмыс істейді.

Шешім қабылдау келетін болсақ, ДСҰ консенсус негізінде шешім қабылдау тәжірибеге алынған. Консенсус болмаған жағдайда дауыс беру арқылы шешім қабылданады. Тауарлар, қызметтер, интеллектуалды меншік, қабылдаған міндеттемелерден босату бойынша келісім шарттарға дауыстардың 3/4 қабылданады. Қатысушылардың құқықтары мен міндеттемелеріне қатысты емес өзгертулер, сонымен қатар жаңа мүшелерін қабылдау дауыстың 2/3 талап етеді(тәжірибеде, әдетте, консенсуспен шешіледі) .

2. Дүниежүзілік сауда ұйымына кірудің мақсаты мен негізгі мәселелері

Дүниежүзілік сауда ұйымының ерекшелігі - осы ұйымға мүше елдердің барлағы өзара тиімді шарттарға, ашық және тең құқықтыққа негізделген халықаралық сауда ережелері мен еркін сауда шарттарын қамтамасыз ететін тәртіптік шараларды құру.

Ашық сауда саясаты, шағын ішкі нарығы бар және кеңейіп жатқан әлемдік нарыққа жол іздеген Қазақстан үшін ДСҰ на мүшелікке ену өте қажет. Аса ашық және халықаралық құқыққа негізделген ДСҰ ның шарттары Қазақстанға тиімді ішкі мүмкіндіктерін пайдалана отырып, өзінің бәсеке қабілеттілігін көрсетуге мүмкіндік береді.

Кез келген елдің ДСҰ на кірудегі мақсаты - белгілі артықшылықтарды алу болып табылады. Қазақстан үшін олар келесіге негізделген:

  • Қазақстан әлемдік шаруашылық пен әлемдік құрылымға интеграцияланған, оның дамуына әсер ететін, ашық нарықтық ел болып танылады. Сонымен бірге ДСҰ ның барлық мүшелері мен қарым қатынасында аса жағымды ықпал режимине ие болады.
  • Қазақстан өз тауарлары үшін қосымша және транзит жолдарын иемденеді. Бұл Қазақстанға ұлттық өңдеуші кәсіпорындары тауарларының сыртқы саудасын дамыту үшін өте маңызды.
  • Қазақстанның ДСҰ на қысқа және орта мерзімді болашақта кіруі инвестиция тарту тұрғысынан маңызды. Әсіресе өңдеуші өнеркәсіптер мен жоғары технологиялық өндірістердің дамуына өз әсерін береді.
  • ДСҰ ның дауларын шешудегі режимінің Қазақстан үшін үлкен маңызы бар. Әсіресе Қазақстанның экспорттық тауарларына қатысты қолданылатын антидемпингтік келіспеушіліктер кезінде және сауда саяси келіспеушіліктерді шешуі, ДСҰ ның процедураларында көрсетілген және бұл кез келген мәселені әділ негізде шешуге мүмкіндік береді.
  • ДСҰ на кіре отырып, Қазақстан өзінің ұлттық мүдделері шегінде әлемдік сауданы реттейтін нормаларды өңдеуге қатысатын құқықты алуға мүмкіндігі болады.
  • Сонымен қатар, аса тиімді сауда саясатын жүргізуге мүмкіндік беретін ДСҰ на мүше елдердің сыртқы экономикалық саясаты мен үкіметтің бастамалары туралы ақпарттарды ала алады.
  • Алдыңғыы қатарлы технологияларды, тауарлар мен қызметтердің, ішкі нарықта инвестицияның болуы, халықаралық сапа стандарттарының енгізілуі, ұлттық өнімдердің сапасы мен бәсекеге төзімділігінің жоғарылауына жағдай жасайды. Импорттың кеңеюіне байланысты тұтынушылар төмен бағада кең тауарлар ассортиментін алдаы.

Мәселелер Қазақстанның ДСҰ на мүше болуынан күтілетін нәтижелерге жету, көбінесе Қазақстанның кіруіне қойылатын талаптарға және ұлттық тауарлар мен қызметтер нарығын қамтамасыз етуде Қазақстанға қойылған міндеттемелерге байланысты.

3. Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруінің кезеңдері

Әуелі тауарлармен сауда саттық жасау жөніндегі Бас келісім кейіннен ДСҰ аталынған келісім құқық жүйесі құрылатын бастапқы алғышарт оған мүше елдердің рыноктарға кіруді өзара ырықтандыру кәсіпкерлердің шетел рыноктарында жұмыс істеу шарттарын алдын ала болжай білу, сондай ақ үкіметтердің сыртқы экономиканы реттеу жөніндегі әрекеттеріне тәртіп белгілеу жолымен халықаралық сауданы дамытуға және экономикалық дамуды қамтамасыз етуге ұмтылысы болып табылады. Алайда бұл мақсаттарға жету оңайлыққа түспейді. Ол үшін бас келісімнің негізі боллған принциптер мен нормаларды сақтау талап етіледі. Олардың ішінде:

  • Шетелдік әріптестерге ұлттық сауда тәртібінде анағұрлым қолайлы жасау мен мүмкіндік беру принципін барынша жан жақты қолдану;
  • Импорттық тарифтермен сауда жасауды, олардың деңгейін тұрақты түрде төмендете отырып реттеу;
  • Импорттың көлемін шектеуді және экспортқа жәрдем ақша бөлуді бірте бірте жою;
  • Мемлекттік және жеке меншік сауда тәртіптерін теңестіру;
  • Саудадағы кемсітушілікке тиым салу;
  • Екі жақтың да өзара бірдей жеңілдіктер жасауы;
  • Бәсекенің еркіндігі сияқты шарттар бар;

ДСҰ ға кіруге қам қарекет жасап жатқан Қазақстан үшін осынау әмбебап халықаралық сауда ұйымына жаңа мүшелер қабылдаудың нормалары мен рәсім шараларының маңыздылығы да бұлардан кем емес. Бұл шарттар ұйымның құжаттарында анық көрсетілген. ДСҰ ға кіру үшін қойылатын негізгі талаптар мыналар:

  • Тауарлар және қызмет түрлері саудасында өзара теңестірілген жеңілдіктер жасауға қол жеткізу;
  • Шарауашылық заңдарын ДСҰ талаптарына сәйкес үйлесімді ету;
  • Шетелдермен сауда экономикалық ынтымақтастық саласында халықаралық көпжақты және екіжақты келісімдерге өзара өзгертулер мен толықтырулар енгізу;
  • Қажетті институциялық, соттық және әкімшілік шараларын қабылдау;

Келіссөздер жүргізудің негізгі кезеңдеріне тоқталатын болсақ, Қазақстанның ДСҰ на қосылу процесі 1996 жылы кіру туралы ресми өтініш ұсынған кезден басталды. Өткен жылдың ақпан айында оған қадағаланушы статусы берілді. Осы статуспен қатар Қазақстанның ДСҰ на кіруі бойынша жұмыс тобы құрылды. Бүгінгі таңда Қазақстанның ДСҰ на кіруі бойынша жұмыс тобының құрамына 36 ел кіреді. Олар Қазақстанның негізгі сауда әріптестері болып табылады(АҚШ, ЕО, Канада, Жапония, Австрали, Швейцария және т. б. ) . Кіру процессін бағыттау мақсатында 1996ж. ҚР Үкіметінің бекітуімен ДСҰ ның сұрақтары бойынша ведомство аралық комиссия құрылған болатын. Бүгінгі таңда ол кедендік - тарифтік саясат және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу сұрақтары бойынша ведомство аралық комиссияға қайта өзгертілді.

1996 ж. шілде айында Қазақстан жұмыс тобының мүшелерінің қарауына сыртқы сауда режимі туралы меморандум дайындап, ұсынды. ДСҰ на кіру процессінің бастапқы кезеңін ДСҰ на мүше елдер үшін Қазақстанның сыртқы сауда режимімен және оның ДСҰ ның келісіміне сәйкестігімен танысу ретінде сипаттауға болады. Осы кезеңге дейін ДСҰ ның секретариатына Қазақстанның әр түрлі экономикалық салаларын қамтитын мәліметтер жіберілді: баға орнатуды реттеу тәжірибесі, салық салу жүйесі, экономиканың жеке экономикалық секторларындағы субсидиялар, шетелдік инвестиция режимі, импорттық кедендік тариф, ұлттық өндірушілерді қорғау шаралары, импорттық лицензиялау, экспортты реттеу, тауарларды стандарттау және сертификациялау жүйесі, валютаны айырбастау операциялары, зады жобалық жұмыстарының жоспары және т. с. с. ДСҰ ның мүше елдерімен жұмыс тобының алғашқы мәжілістері оларды жүйелі талдаумен өтті. 1996 жылдан 2000 жылдың 1 кварталына дейін Қазақстанның ДСҰ на кіруі бойынша жұмыс тобының барлығы 6 (1997ж. наурыз - қазан; 1998ж. қазан; - 2001 жыл шілде; 2002жыл желтоқсан; 2004 жыл наурыз), жұмыс тобының ресми емес мәжілісі (2003 шілде) және екі жақты келіс сөздердің 10 раундысы өтті. Қазақстанның ДСҰ на кіруі бойынша келіссөздер процесінің әрі қарай белсенділігін арттыруға 2003 болған келіссөздер әсер етті.

Қазақстанның ДСҰ ға қосылу үрдіснің бастапқы кезеңінің барысында жұмыс тобы Қазақстан Республикасның экономикалық тетіктері мен сыртқы сауда тәртібінің «Уругвай раунды» келісімдер пакетінің негізгі ережелеріне сәйкестігі ережелеріне сәйкестігі мәселесін қарады. Ақпаратпен қамтамасыз ету кезеңі аяқталғаннан кейін қосылу сатылары, басқаша айтқанда ДСҰ ға мүше мүдделі елдермен тауар және қызмет рыноктарына жол ашу жөніндегі екі жақты келіссөздер басталды.

Ақпаратпен қамтамасыз ету кезеңі аяқталғаннан кейін қосылу сатылары басқаша айтқанда ДСҰ ға мүше мүдделі елдермен тауар және қазмет рыноктарына жол ашу жөніндегі екі жақты келіссөздер басталды. 1997-1998 жылдардағы осындай келіссөздердің барысында Қазақстан жағы серіктесерімен тауар және қызмет рыногына кіру жөнінде Қазақстан жасаған бастапқы ұсыныстарды талқылады. Сондай ақ көрсетілген материалдар бойынша ауыл шаруашылығының проблемалары қаралды.

1999-2000 жылдардың барысында ВАГ мақұлдаған тауар және қызмет рыногына кіруге қатысты, сондай ақ ауыл шаруашылығы бойынша құжаттар пакеті, саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар, интеллектуалық меншік құқықтарының сауда аспектілері тағы басқалары жөніндегі жаңа ұсыныстар ДСҰ ның хатшылығына табыс етілді.

2000 жылдың қазанында келіссөздер жүргізуші команда келіссөз үрдүсін жандандыру мақсатымен Женевада ДСҰ ға мүше 16 елдің өкілдерімен бейресми келіссөздер жүргізді. Екі жақты бейресми келіссөздердің нәтижесінде ДСҰ елдерінің Қазақстанның осы ұйымға кіруіне ортақ көзқарасы анықталды. Қазақстан ұсынған материалдар сипаты ауқымды екенін барлық елдер мойындап, Қазақстанның ұсыныстарына алдына ала жазбаша сұраныстар жолдау арқылы екі жақты келіссөздер бастауға дайын екендігін білдірді.

2001 жылдың 12-13 шілдесінде Қазақстанның ДСҰ ға кіруі жөніндегі жұмыс тобының 4 отырысы болды. Талқылауға АҚШ, ЕО, Австралия, Жапония, Канада, Швейцария, Польша, Словакия, Грузия, Үндістан және Қырғызстан қатысты.

Бұл отырысқа Қазақстанның сыртқы сауда саласындағы заңдар туралы меморандум ұсынды. Онда қабылданған заңдардың тізбесі ДСҰ келісімдерінің Қазақстан заңдарында тиісінше көрініс тапқан тұстарының жазбаша баяны, Қазақстанның заң шығару базасыныңдамуы туралы сол жылғы ақпарат кестесі келтірілді.

Сондай ақ экспортқа жәрдемақша бөлу және ауылшаруашылығын ішкі қолдау шаралары мәселелерін талқылау үшін АҚШ, ЕО, Австралия, Жапония, Канада, Швейцария, Польша, Словакия, Грузия, Үндістан қатысқан арнайы отырыс болды.

Жұмыс тобының отырысы өткен кезеңде топқа мүше он бес елмен аталған ұсыныстарды талқылау жөнінде екі жақты келіссөздер жүргізілді.

Сонымен бірге АҚШ, ЕО, Австралия Қазақстанның ұсыныстарын айтарлықтай сыншыл тұрғыдан қарап, сыртқы сауданы мейілінше ырықтандыру керек деген пікір білдірді. Атап айтқанда, олар:

  • Қазақстанның импортқа қойылатын кеден салықтарының ставкаларын қазір қолданып жүрген деңгейде ұстауға міндеттеме алуын;
  • Барлық секторлық бастамаларға қосылуын;
  • Тарифтың асқынуын ескере отырып, тарифтік ұсыныстарды жақсартуын талап етті.

2001жылдың 12-13 желтоқсанында ДСҰ ның Хатшылығында Қазақстанның тауар және қызмет рыногына кіру жөніндегі ұсыныстарын талқылау үшін ДСҰ ға мүше 8 елмен - Қазақстанның ДСҰ ға кіруі жөніндегі Жұмыс тобының мүшелері: Жапониямен, Канадамен, Польшамен, Бразилиямен, Латвиямен, Болгариямен, Пәкістанмен және Грузиямен екі жақты келіссөздер болып өтті.

2002жылдың 4-5 наурызында екі жақты келіссөздердің бесінші отырысы өткізді. Қазақстан делегациясын Экономика және сауда министрі басқарды. Келіссөздерге Жұмыс тобына мүше 13 ел: ЕО, Австралия, Жапония, Канада, Болгария, Бразилия, Грузия, Куба, Латвия, Мексика, Швейцария, Пәкістан, Польша қатысты. 2002 жылдың 27-28 мамырында ЖТ на мүше 10 елмен: ЕОмен, Австралиямен, Жапониямен, Канадамен, Бразилиямен, Кубамен, Латвиямен, Мексикамен, Пәкістанмен, Польшамен кезекті келіссөздер өткізілді.

2002 жылғы шілдеде Қазақстанның ДСҰ ға кіруі жөніндегі ЖТ на мүше елдердің делегацияларымен Қазақстан рыногына шетел тауарлары мен қызметіне жол ашу туралы келіссөздер жүргізілді. 2002 жылғы желтоқсанның ортасында Женевада соңғы екіжақты келіссөздер өткізілді. Оған АҚШ, ЕО, Австралия, Жапония, Канада, Болгария, Бразилия, Грузия, Куба, Латвия, Мексика, Швейцария, Польша, Түркия қатысты.

2003жылдың 22 сәуірінде Оттава қаласында Канада мен екі жақты келіссөздер өтті. Онда тауар мен қызметтер нарығы, жүйелі сұрақтар, стандарттау мен сертификациялау облысында Қазақстан Республикасының заңдарын өзгерту бойынша Қазақстандық ұсыныстар талданды.

Екі жақ та өнеркәсіптік тауарға тарифтер саласындағы екі жақты келіссөздерді бір екі раундтта аяқтауға ынта білдірді. 2003 ж. 23 сәуірінде Вашингтон қаласында Қазақстанның ДСҰ на қосылу шарттары бойынша АҚШ пен екі жақты келіссөздер өтті. Келіссөздердің негізгі нәтижесі болып қызметтер мен тауар нарығының ашықтығы туралы сұрақтары бойынша жүйелі келіссөздер жүргізуге қол жетуі табылды. 2003ж. 9-15 шілде аралығында Женева қаласында тауар мен қызметтер нарығының ашықтығы бойынша келіссөздердің тоғыз раунды өтті.

Тауарлар мен қызметтер нарығының ашықтығы бойынша екі жақты келіссөздерге тоқталсақ олар келесі негізгі тұстарға ие болды. Тарифтік ұсыныстарды талдау бойынша екі жақты келіссөздер 14 және қызмет көрсету бойынша Қазақстанның міндеттемелі 7 жұмыс тобының мүше елдерімен өткізілді. Осы келіссөздер кезінде Қазақстандықтар тарифті ұсыныстарды Болгария, Канада, Швейцария және Жапония елдермен ауыл шаруашылық өнеркәсіптік тауарлар бойынша толық талдады. Нәтижесінде Қазақстанның қызмет нарығының ашықтығы бойынша өзара тиімді міндеттемелеріне келісіп, жеке елдердің тапсырыстары алынып тасталды. 2003 жылдың 17-19 желтоқсанында Брюсель қаласында ЕО мен тауарлар мен қызметтер нарығының ашықтығы және жүйелі сұрақтар бойынша екі жақты келіссөздер өтті. Келіссөздер барысында көп көңіл ҚР заңдық базасына және оның ДСҰ ның келісіміне сәйкестігіне бөлінді, соның ішінде өнеркәсіптік субсидия, антидемпингтік шараларға назар аударылды. Жеке тақырып ретінде ДСҰ ның келісіміне қосылу сұрақтары қаралды, олар: сауданың инвестициялық шаралары бойынша, санитарлық және фитосанитарлық шараларды қолдану, саудадағы техникалық кедергілер бойынша болды. Осыған байланысты ЕО Қазақстанға ТАСИС бағдарламасы шегінде халықаралық талаптарға сәйкес техникалық регламенттермен ерікті стандарттарды өңдеуге, техникалық көмек көрсететінін білдірді.

2003 жылы 15 шілдесінде Женева қаласында жұмыс тобының соңғы мәжілісімен (2002 желтоқсан) кейін ҚР сыртқы сауда облысында заңдық өзгерістер орын алғанын талдады.

Жалпы, Қазақстанның ДСҰ на кіруі бойынша 8 жылдық жұмыс нәтижесі бойынша, келіссөздердің елдің ДСҰ на болашақ мүшесі параметріне ауысуы мүмкін.

4. Қазақстанның БСҰ-ға кіруінің оң және теріс жақтары.

Қазақстанның БСҰ-ға кіруі шынымен, өте күрделі және қиын процесс. Қазақстан экономикасы ауыспалы болып есептеледі, өйткені КСРО құрамында болған кезде біздің экономикамыз жоспарлы механизмде дамыған болатын. Нарықтық формалар, шаруашылық жүргізу әдістері, кәсіпкерлік дағдылар, дамудың демократиялық жолдары тәуелсіз елімізге жаңа болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ДСҰ міндеттері
Бірікен ұлттар ұйымының жүйесі
Интеллектуалдық меншікті халықаралық қорғау
ҚАЗІРГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА
ҚАЗАҚСТАННЫҢ БҮКІЛӘЛЕМДІК САУДА ҰЙЫМЫНА КІРУІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселелері
Біріккен Ұлттар Ұйымының қазіргі таңдағы халықаралық қатынастардағы ролі
Дүниежүзілік сауда ұйымы және Қазақстан. Қазақстанның ДСҰ-на қатысудан көретін артықшылықтары
Дүниежүзілік халықаралық ұйымдар
Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz