Нарық: түсінігі, қатынастары, құрылымы



Кіріспе:
Нарық түсінігі нарықтық қатынастардың теориялық
негіздері Нарықтың құрылымы түрлері даму кезеңдері

1. Негізгі бөлім:
1.1. Қазақстанда нарықтық механизмнің қалыптасуы
1.2. Нарыққа өту кезеңіндегі Қазақстандағы экономикалық және әлеуметтік жағдай
1.3. Нарық механизмінің мәні және ерекшеліктері
1.4. Нарықтың атқаратын қызметтері, шарттары және
түрлері

Қорытынды

Қолданған әдебиеттер тізімі
Нарық - өте күрделі, көптеген құрылымы бар үғым. Жалпылама тұрғыдан алғанда нарықтың мәні оның атқаратын қызметтері арқылы ашылады.
Экономикалық байланыстар өнімдердің өндірушілерден түтынушыларға қозғалысын қамтиды: бір жақтан өндірушілер, басқа жақтан, түтынушылар арасында көп түрлі айырбас жүріп отырады.
Осындай айырбас процестері қоғамдық еңбек бөлінісімен белгінеді. Бұл бір жақтан, өндірушілерді ажыратады, еңбек эрекеттеріне сэйкес оларды бір - біріне оңашаландырады. Екіншіден, олардың арасында түрақты функционалдық қатынастар туады. Бірінші жағдай эр өндірушілердің шаруашылық жүргізуде экономикалық жекеленуіне, тэуелсіздігіне үласады, сөйтіп нарық қатынастарының субъектілерінің қалыптасуының экономикалық негізін құрайды. Екінші жағдай, тауарларды сатып алу - сату эквиваленттік негізде жүріп отыратын айырбастар процестеріне айналады. Нәтижесінде, жабайы өндірушінің нарық қатынастарының субъектіне айналуының экономикалық шарты материализацияланады, өндіріс тауарлық өндіріске айналады. Өндірушілер өнім өндіруді және оны өткізуді, шығындарды өтеуді, өндірісті кеңейтуді және жетілдіруді - барлығын өз еркімен дербес шешеді. Тауар - ақша қатынасы жағдайында айырбас процестері нарықтық қатынастар формасын алады.
Осы қатынастардың мазмүны неде? Экономикалық эдебиетте бұл сұраққа жауап бірдей емес. Оның ең жабайысы: нарық адамдардың сатушы және сатып алушы болып бір - біріне тауып кездесетін жері. Неоклассикалық экономикалық эдебиетте жиі қолданылатын нарыққа анықтаманы француз экономисі А.Курно (1801 - 1877 жж.) мен экономист А.маршалл (1842 - 1924 жж.) береді. «Нарық заттар сатылатын және сатып алынатын белгілі нақты нарық алаңы емес, ол сатып алушылар мен сатушылардың бір - бірімен өте еркін жағдайда келісімге келетін, кез келген жалпы аудан; еркіндік сонда-бірдей тауарлардың бағасы көп үзамай тез арада теңеледі». Бүл анықтама айырбастың еркіндігі мен бағаның белгіленуі нарықтың басты критериі деп көрсетілген.
Ағылшын экономисі У. Джевонс (1835 - 1882 жж.) нарықтың критериі деп сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы өзара қатынастардың тығыздығына назар аударады. Бүның айтуы бойынша, тығыз іскерлік қатынасқа түскен және қандай болмасын сондай тауралар туралы келісім жасасқан кез келген адамдардың тобы, нарық болады.
1. Я.Әубәкіров. «Экономикалық теория негіздері». Алматы - 1998 жыл.
2. Б. Мэдешев.«Нарықтың экономика теориясына кіріспе ».Алматы -
1995 жыл.
3. Ә.Н. Нысанбаев.«Нарық және адамның орнықты дамуы». Алматы -
1996 жыл.
4. Б. Жүнісов, ¥. Мэмбетов, Ү. Байжомаров.«Нарықтық экономика негіздері».Алматы - 1994 жыл.
5. Ә. Әділханов.«Нарықтық экономикаға көшу». Алматы-1995 жыл.
6. Мамыров Н.К, Күлеев Ж.А, Сұлтанбекова Г.К. «Микроэкономика». Алматы, Экономика- 1997 жыл.
7. И.О. Волкова, В.К. Скляренко. «Экономика», учебное пособие. Москва - 2000 год.
8. С.С Мэуленова, С.Қ. Бекмолдин, Е.Қ. Құдайбергенова. «Экономикалық теория». Алматы - 2003 жыл.
9. М.Кәрібаев. «Нарықтық қатынастарды қалыптастыру сәтті қадамы». Заң газеті, 26-Мамыр - 2001 жыл.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Мазмүны:

Кіріспе:
Нарық түсінігі нарықтық қатынастардың теориялық
негіздері Нарықтың құрылымы түрлері даму кезеңдері

1. Негізгі бөлім:
1.1. Қазақстанда нарықтық механизмнің қалыптасуы
1.2. Нарыққа өту кезеңіндегі Қазақстандағы экономикалық және
әлеуметтік жағдай
1.3. Нарық механизмінің мәні және ерекшеліктері
1.4. Нарықтың атқаратын қызметтері, шарттары және
түрлері

Қорытынды

Қолданған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Нарық - өте күрделі, көптеген құрылымы бар үғым. Жалпылама тұрғыдан
алғанда нарықтың мәні оның атқаратын қызметтері арқылы ашылады.
Экономикалық байланыстар өнімдердің өндірушілерден түтынушыларға
қозғалысын қамтиды: бір жақтан өндірушілер, басқа жақтан, түтынушылар
арасында көп түрлі айырбас жүріп отырады.
Осындай айырбас процестері қоғамдық еңбек бөлінісімен белгінеді. Бұл
бір жақтан, өндірушілерді ажыратады, еңбек эрекеттеріне сэйкес оларды бір -
біріне оңашаландырады. Екіншіден, олардың арасында түрақты функционалдық
қатынастар туады. Бірінші жағдай эр өндірушілердің шаруашылық жүргізуде
экономикалық жекеленуіне, тэуелсіздігіне үласады, сөйтіп нарық
қатынастарының субъектілерінің қалыптасуының экономикалық негізін құрайды.
Екінші жағдай, тауарларды сатып алу - сату эквиваленттік негізде жүріп
отыратын айырбастар процестеріне айналады. Нәтижесінде, жабайы өндірушінің
нарық қатынастарының субъектіне айналуының экономикалық шарты
материализацияланады, өндіріс тауарлық өндіріске айналады. Өндірушілер өнім
өндіруді және оны өткізуді, шығындарды өтеуді, өндірісті кеңейтуді және
жетілдіруді - барлығын өз еркімен дербес шешеді. Тауар - ақша қатынасы
жағдайында айырбас процестері нарықтық қатынастар формасын алады.
Осы қатынастардың мазмүны неде? Экономикалық эдебиетте бұл сұраққа
жауап бірдей емес. Оның ең жабайысы: нарық адамдардың сатушы және сатып
алушы болып бір - біріне тауып кездесетін жері. Неоклассикалық экономикалық
эдебиетте жиі қолданылатын нарыққа анықтаманы француз экономисі А.Курно
(1801 - 1877 жж.) мен экономист А.маршалл (1842 - 1924 жж.) береді. Нарық
заттар сатылатын және сатып алынатын белгілі нақты нарық алаңы емес, ол
сатып алушылар мен сатушылардың бір - бірімен өте еркін жағдайда келісімге
келетін, кез келген жалпы аудан; еркіндік сонда-бірдей тауарлардың бағасы
көп үзамай тез арада теңеледі. Бүл анықтама айырбастың еркіндігі мен
бағаның белгіленуі нарықтың басты критериі деп көрсетілген.
Ағылшын экономисі У. Джевонс (1835 - 1882 жж.) нарықтың критериі деп
сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы өзара қатынастардың тығыздығына
назар аударады. Бүның айтуы бойынша, тығыз іскерлік қатынасқа түскен және
қандай болмасын сондай тауралар туралы келісім жасасқан кез келген
адамдардың тобы, нарық болады.

I. Негізгі бөлім:
Нарықтық экономиканың элементтері, қызмет ету принциптері.
1.1. Нарықтық механизмнің қалыптасуы.
Нарық экономикасының қызмет етуі, нарықтың белгілі элементтерінің
болуын талап етеді. Осылардың жиынтығы нарық жүйесін қүрайды.
Нарық экономикасының бірінші және өте маңызды элементі - өндірушілер
мен түлынушылар. Бұлар қоғамдық еңбек бөлінісі процесінде қалыптасады
-біреулері тауарды өндіреді, екіншілері оны түлынады. Түтыну жеке тұтыну
және өндірістік түлыну болып бөлінеді. Жеке түтынуды тауарлар өндіріс
сферасынан шығып, адамдардың жеке қажеттіліктеріне пайдаланады. Өндірістік
түлыну өндіріс процесін эрі қарай жалғастырып жүргізу болып табылады. Бұнда
тауарды басқа өндірушілер эрі қарай өңдеуге пайдаланады. Бұл жағдайда
өндірушілер мен тұтынушылардың бір-бірімен байланысы, әрқайсының
эрекеттерінің нәтижелерін айырбастау арқылы жүріп отырады. Нарық
шаруашылығында бұл байланыстар тұрақты болады, мамандануға негізделеді және
көтерме нарықтық келісімдер формасында жүреді.
Нарық экономикасының екінші элементін өндіріс орындарының
корпоративтік басқаруына негізделген, меншіктің жеке немесе аралас
формаларымен болжанған экономикалық оңашалануды қүрайды.
Нарық экономикасының үшінші маңызды элементі - баға. Бағаны жеке
талдап танысайық. Бүл жерде тек екі мәселені ескереміз. Бірінші, баға
сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасады. Бүлардың сэйкестігі
конъюнктураға байланысты өзгеріп (тербеліп) отырады. Екінші осы
географиялық ауданда өндірілген тауарға нарықтық қатынастар эсерінің
сферасын баға анықтайды. Осы сфераның шегін трансакциондық шығындар
болжайды, яғни айырбаспен байланысты айналым шығындары болжайды.
Нарық экономикасының төртінші, оратлық буыны - екі құрылымнан,
сүраныстан және ұсыныстан тұрады. Нарықта сұраныс тауарларға қажеттілік
болып көрінеді. Осы тауарларды тұтынушылар қалыптасқан бағамен ақшалай
табыстарына сатып алады. Сұраныс өндірудың ең тиімді әдісін қолданудың және
ресурстарды тиімді пайдаланудың стимулы болып табылады. Сұраныс пен ұсыныс
материалдық игіліктерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы түрақты
байланыстарды қамтамасыз ететін, нарық механизмінің өте маңызды
элементтері.
Нарық механизмінің бесінші элементі - бәсеке. Бұл пайданың жоғары
болуын және осының негізінде өндіріс масштабын кеңейтуді қамтамасыз етеді.
Бәсеке нарық субъектерінің өзара әсерінің және пропорцияларды реттеу
механизмінің формасы болып табылады. А. Смит бәсекені нарықтың көрінбейтін
қолы деген. Көрінбейтін қол идеясының мэні: адамдар өз мүдделеріне
сэйкес, өздерінің қара басының қамын ойластырып эрекет етеді. Осы
әрекеттердің жиынтығы қоғам пайдасына шешіледі, қоғам экономикасын
жандырады. Бәсекенің басты қызметі экономиканың реттеушілерінің - бағаның,
пайданың нормасының, проценттің, т.б. мөлшерін анықтау болып
табылады.Нарықтың маңызды элементтеріне нарықтық инфрақұрылым жатады. Нарық
тауар биржаларының көтерме және бөлшек сауда құрылымдарының құрылып, қызмет
етуін талап етеді.
Нарық экономикасы эрекеттерінің механизмі үш басты принциптерге
негізделеді:
• маржиналдық (шекті) талдауға;
• балама таңдау шығындарына;
• экономикалық рационалдыққа.
Маржиналдық талдау принциптері негізінде нарық субъектілерінің іс-
қимылы жүріп отырады. Олардың эрекеттеріне әсер ететін орташа емес, шекті
шамалар болады. Осының нәтижесінде нарықты тауарлармен толық қамту,
нарықтық бағаның өзгеру, нарық экономикасының бір жағдайдан басқашаға
ауысуы бірте-бірте жүріп отырады. Жаңа, шекті субъектінің пайда болуы нарық
экономикасына, ондағы ұсыныс пен сүранысқа, мэнді эсер етпейді. Жетілген
нарық жағдайында, яғни, үлкен және үнемі болатын ұсыныс кезінде, шаруашылық
жүргізушілер өте көп болғанда, олардың эрқайсының нарықтағы жеке үлес
салмағы шексіз аз шамада болады. Маржиналдық бағыт нарықтық ортаның үзілмей
қызмет етуін қамтиды деуге болады; сүраныс пен ұсыныстың күрт тербелуіне
жол бермейді; тауар өндірушілер мен түлынушылар тепе-теңдік болмысын
қамтамасыз етіп отырады.
Балама таңдау шығындарының принциптері. Балама таңдау шығындарына,
тікелей шығындар және ресурстарды пайдаланудың немесе кәсіпкерлік
эрекеттердің, осыдан басқа өзгеше эдістерінен бас тартудың салдарынан
түспеген, табыстың және тікелей шығындардың жиынтығы жатады. Нарық
экономикасының ерекшелігі мынада: барынша қолданылмаған мүмкіндіктердің
варианттарының ішінен, ең ұнамсыз болса да, эйтеуір күмэнсіз табысқа
жеткізетін варианты таңдап алынады. Балама таңдау шығындарының принципі
өндірушілерді, олардағы бар ресурстарды тиімді қолдануға ынталандырады.
Экономикалық рационалдық принципі табыс пен шығындарды салыстырып
отыруға негізделеді. Рационалдық таңдау өзгеріп түратын варианттардан
жасалады. Осы варианттардың ішінен, мүмкін болатын пайда ең аз көлемде
болса да, күмэнсіз табысты қамтамасыз ететін вариант алынады.
Рационалдықтың критериі - табыс төтенше қүдықтың болуымен байланысты. Фирма
неғүрлым өзінің пайдасын көбейтуді көздейді, ал түлынушылар - капиталды
шектеп пайдалана отырып, барынша өздерінің жағдайын жақсартуды көздейді.
Нарық экономикасын осы аталған принциптер негізінде құру, тепе-теңдік
болмысына жетуді қамтамасыз етеді. Осы болмыс нарық механизмінің орталық
проблемасы. Бүл жағдай екі қарама-қарсы күштерді қолдануға негізделеді. Бір
жақтан сүраныс пен ұсынысты; екінші жақтан, нарықтағы бағаны.
Сирек кездесу нарық экономикасының өте маңызды шарты болып табылады
сиректік деген түсінік экономистер үшін өте маңызды методологиялық
қүрал, эсіресе тауардың пайдалылығын дэлелдеудеқолданылады.
Демек, шекті пайдалылық теориясында сиректік деген түсінік негізгі және
ешқандай түсіндірме тілемейтін, физикалық ақиқат болып табылады. Сиректік
мәселелерін зерттеу, белгілі бір тұрғыда кейбір игіліктердің тапшылығын
дэлелдеуге мүмкіндік береді. Классикалық мектептің өкілдері Д.Рикардо,
А.Смит сиректік түсінігін қүнмен байланыстырады. Олардың айтуы бойынша,
сиректік еңбектің санымен қатар, тауардың құнын белгілейтін маңызды
факторларға жатады. Осы замандағы нарықтық қатынастар теориясында
сиректіктің түсінігі белгілі трансформацияға ұшырап отыр. Егер бүрын
сиректікті табиғи және элеуметтік факторлармен байланыстырған болса, қазір
сиректік нарықтың қызмет ету мерзімімен байланыстырылып отыр. Сұранысы мол
жаңа игілік бір мезетте және толығымен қажеттіліктерді қамтамасыз ете
алмайды. Бүл үшін белгілі уақыт мерзімі қажет. Осыдан тұжырым: сиректігі
мол болған сайын, осы игіліктің қажет санын өндіруге соншама мол уақыт
керек.

1.2. Нарыққа өту кезеңіндегі Қазақстандағы экономикалық және әлеуметтік
жағдай

Нарықтық қатынастар Қазақстан жерінде қашан пайда болды, оның
ерекшеліктері неде деген сұрақтарға жауап берейік. Бұл сұраққа жауап беру
оңай шаруа емес. Себебі, жеріміздің тарихын білеміз.
Нарықтық экономикаға өту белгілі бір тарихи дәуірді қамтиды. Бұл
процестің қысқа мерзімде аяқталмайтындығына бірнеше негізгі себептер бар.
Әңгіме - дамыған нарықтық қатынастардың қалыптасып, ел экономикасының жан-
жақты өркендеп, халықтың әл-ауқаты, мәдени-техникалық дәрежесі жоғары болуы
туралы боп отыр. Осыған орай дамыған нарықтық экономикаға өтудің бірнеше
негізгі ерекшеліктеріне тоқтауға болады: Қазақстанда бұрынғы Кеңес Одағының
басқа распубликаларындай 70 жылдан астам әкімшілік-әміршілік жүйе
қалыптасты да, нарық бет бұрған қатынастар қалыптасуда. Демек, шаруашылық
жүргізудің бір жүйесінен, оған қарама-қарсы екінші жүйеге ауысуы қысқа
мерзімде болуы мүмкін емес. Бұрынғы КСРО-да 1985 жылы басталған қайта құру,
әкімшілдік- әміршілдік жүйеден нарықтық экономикаға көшудің өтпелі
кезеңінің бастамасы болды. Осы кезең ішінде радикалды саяси және
экономикалық реформалар жасалды, жаңа дүниетаным қалыптаса бастады. Көп
партиялы саяси жүйе қалыптасуды, сөз бостандығы, баспасөз, митинг, шеру
жасау бостандығымен басқа да демократиялық қоғамға тән құбылыстар қоғамдық
өмірімізде орын алуда. Соның нәтижесінде, мемлекеттік кәсіпорындармен
қатар, кооперативтік, жалгерлік, акцоинерлік қоғамдар мен серіктестіктер,
жекелеген кәсіпкерлер пайда бола бастады. Алайда өтпелі кезең көптеген
күтпеген қиындықтарға әкеп тіреді. Соңғы 10 ішінде дағдарыс одан әрі
тереңдей түсуде. Дағдарыс экономика мен басқару, қоғамның саяси өміріне,
ұлтаралық қатынастарға, мәдениет пен қоғамдық мораль, өмірдің барлық
салалары мен жақтарына ықпал етіп отыр. Дағдарыс бір бүйірден қысса,
экологиялық жағдай халықтың денсаулығы мен әлеуметтіқ тұрмысын одан әрі
күйзелте түсуде. Мұның бәрі еліміздің әлеуметтік тұрмысын одан әрі күйзелте
түсті. Мұның бәрі еліміздің қиын кезеңді бастан кешіріп жатқандығының
көрінісі. Сондықтан еліміздегі жағдайды қалпына келтіру мен реформаны одан
әрі қарай тереңдетіп жүргізу үшін ірі мемлекеттік шаралар кешенін барлық
салалар бойынша жасап, іске асыру қажет.
Қазақстанда көп салалы экономика, оны нарық жолына салуға бағытталған
қайта құру 1990 жылдардың басында басталды. Қазақстанды нарыққа көшірерде
республиканың әлеуметтік-экономаикалық дамуында өзіне тән бірқатар
ерекшеліктер бар еді.
Олар ең алдымен Қазақстан экономикасының құрылымындағы қайшылықтарда
болды. Мұнда терілмеген мол мүмкіншіліктер бола тұра өнеркәсіптің дәрежесі
өте төмен болды. Реформаға кірісерде республиканың қоғамдық табысындағы
өнеркәсіп өндірісіндегі үлесі бүкіл КСРО бойынша орта есеппен 61% болса,
Қазақстанда 46% қана болды. Қор және капиталды көп жұмсайтын салалардың
үлесі өте жоғары еді, КСРО да ОЭК, ТМК, химия және мұнай-химия өндірудің
үлесіне орташа 9% келсе, Қазақстанда 15% еді, ал машина жасау өнеркәсібінің
үлесі КСРО бойынша 27% болса, Қазақстанда 17% ғана жетті.
Қазақстанның нарыққа көшуде бастапқы капитал дәрежесі төмен болды.
Республикада адам басына шаққанда кіріс төмен болды. Экономиканы қайта құра
бастағанда, мамандардың тұжырымы бойынша, тұрмыс дәрежесі төмен шамамен 5-6
млн. адам болды., ал мұның өзі Қазақстан халқының 13 –ден астамы.
Ұзақ жылдар бойы тауар-ақша қатынасын елемеу, экономиканың
монополиялығы, бұйрық-әкімшілік басқару тәсілі қор және тауарлардың
жеткіліктігіне қарамастан тапшылыққа, тауар-ақша тепе-теңдігінің
бұзылуына,қайта-қайта көңіл бөле берудің тууына, мемлекетке арқа
сүеушілікке әкеп соқты.
Нарыққа көшудің қиындығы да, ұзаққа созылатындығы да осы себептерден
болып отыр. Сондықтан республика ерекшеліктерін ескере отырып, нарыққа
кезеңдей соңғы жылдардағы тәжірибие көрсеткендей, күрделі де қайшылықты
жағдайларға соқтырды.
1990 жылы желтоқсанның аяғында “Қазақ ҚСР-ң экономикасын тұрақтандыру
және нарыққа көшу ” бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарламада нарықтық
құрылымдар құруды жеделдету , экономиканы нарыққа сәйкес реттеу,
республиканың әлеуметтік – экономикалық жағдайын тұрақтандыру, нарық
тарапын қалыптастыру, шаруашылық әрекеттерді белсендіру қаралды.
Осы кезге дейін жүзеге асырылып келген экономикалық реформалар бағытын
жалпы алғанда әкімшіл - әміршіл басқару элементтері бар дәйексіз монетаризм
деп сипаттауға болады. Принципті тұрғыдан алғанда өтпелі кезеңнің
экономикалық саясатын белгілі бір дәрежеде тәп-тіштей отырып, екі принцип:
1 нарықтық радикализим
2 экономикалық консерватизм негізінде жүзеге асыруға болатыны жалпы
жұртқа мәлім.
Бірінші принциптің мәні – айналымдағы ақша массасын шектей отырып,
инфляцияны қатаң бақылауларға алу,бюджет-салық және ақша–несие әдістері, ал
бұл жағдайда тауар өндірісін қолдаудың және шаруашылық өміріне мемлекеттің
араласуының маңызы бірінші дәрежелі емес.
Екінші принципі – экономикалық артықшылықтар бойынша барлық меншік
түрлеріндегі тауар өндірісіне, ең алдымен тіршілікті қамтамасыз ету
салаларына, сондай-ақ экспортттық кешен салаларына іріктеп қолдау көрсету
болып табылады.

1.3. Нарық механизмінің мэні және ерекшеліктері.

Нарық, қоғамдық тұтынушылар мен өндірушілерді байланыстырудың тиімді
механизмі ретінде элемдік өркениеттің үлы жетістіктерінің бірі деп
есептеледі, оны математикамен, электроникамен және адамзаттың басқа да
ұжымдық даналығының щыңымен теңеуге болады. Бірақ нарық механизмі
кэсіпкерлік пен бәсекелестікті дамытпайыша өмір сүре алмайды. Ал бүл
меншіктің алуан түрлі формалары және эртүрлі тауар өндірушілер болғанда
ғана мүмкін, бүлда өндіріс экономикалық жағынан элсіз, өмір сүруге қабілеті
жоқ шаруашылықтардан тазарады, оның есесіне олардың тиіиді жұмыс жасайтын
болашағынан үміт күттіретініне қолайлы жағдай жасайды. Бұдан біз нарықтық
қоғамға қажет шаруашылық бірліктерін іріктеудің демократиялық механизмі
және ең әділетті төрешісі екенін көріп отырмыз.
Сонымен бірге нарықтық механизм идеалды емес, оның елеулі қайшылықтары
бар. Оның жағымсыз жақтарына элеуметтік жіктелу, элсіздерге, эсіресе,
банкротқа ұшырағандарға деген мейірімсіздік, жүмыссыздықтың болуы жатады.
Экономиканы бірыңғай сүранымға ғана бағдарлап, нарық орны толмайтын табиғат
ресурстарын және қоршаған ортаны сақтауды қамтамасыз етпейді. Сондықтан
мемлекет қоғам атынан адамдардың дұрыс экономикалық жағдайда өмір сүру
қүқын реттеп отыратын шараларды жүзеге асырауы қажет.
Реттелмеген таза нарықтық экономика адамның еңбек ету, білім алу,
табыс табу сияқты элеуметтік қүқтарына кепілдік бермейді. Бүл салалар
мемлекеттің белсенді түрде араласып реттеуін қажет етеді. Мемлекет бағаны
реттеу, салық жүйесінің негізінде табысты қайта бөлу, бюджет шығындарының
есебінен жұмысшыларды қайта мамандандыру, оларға жэрдем ақша бөлу және
халықты элеуметтік қамту жүйесі арқылы нарықты экономиканың қысымын
жұмсартады. Бұндай шараларды жүзеге асырмайынша қоғамда тұрақты саяси-
элеуметтік ахуалды ұстап түру мүмкін емес.
Нарық механизмі ғылым мен техника жетістіктерін, еңбек ресурстарын,
еңбекті ұйымдастырудың жаңа әдістерін кеңінен пайдалануды көздейді. Бірақ
көп қаржы мен уақытты қажет ететін оның жаңа бағыттарында стратегиялық
мақсаттарды жүзеге асыруды, өндірісте терең құрылымдық өзгерістер жасауды
қамтамасыз ете алмайды. Бұл жерде мемлекеттің стратегиялық, ғылыми
техникалық саясаты мен экономикалық көмегінсіз, ірі кэсіпорындар мен
бірлестіктердің қаржы қуатынсыз жақсы нәтижеге жету мүмкін емес.
Енді нарық дегеніміз не? Ең алдымен осыны анықтап алайық. Нарық бұрын-
соңды біздің терең зерттелмеген, сондықтан оның мэнін қате түсіну қазіргі
әдебиеттерде жиі кездеседі. Себебі нүхқау-бөлу эдістеріне негізделген
басқару жүйесі жағдайында нарық проблемалары тиісті ғылыми зерттеу пэні
бола алмады. Ұзақ жылдар бойы эмірщіл-экімшіл жүйенің идеологиялық
түтқынында болып келген экономикалық ғылымдарда нарықтың маңызы мен орны
туралы даурықпалы көзқарас басым болды.Нарық мәселелерінің, қоғамды қайта
құру теориясы мен практикасында алатын зор мэніне қарамастан, ТМД-ға
кіретін мемлекеттердің және Қазақстанның ғалым-экономистерінің арасында
нарық туралы бірыңғай пікір жоқ. Осыған байланысты нарықтың бірнеше
анықтамасын келтірейік.
Нарық - бүлөндіріс факторларын немесе оның нәтижелері мен шарттарын
айырбастауға байланысты болатын өндірістік қатынастардың белгілі бір бөлегі
немесе жүйесі.
Нарық - бұл сатушылар мен сатып алушылар арасындағы эконмикалық
қатынастардың белгілі бір жүйесімен сипатталатын тауар айырбасының саласы.
Нарық - сатушылар мен сатып алушылар арасында тауаржәне қызмет көрсету
процесіне байланысты қалыптасатын экономикалық қатынастардың жиынтығы.
Нарық - тауарларды сатып алу, сатумен байланысты орын алатын
экономикалық қатынастар жиынтығы.
Келтірілген көзқарастардың қай-қайсысы да жеткілікті түрде дэлелді,
бірақ проблеманың бір жағын қамтиды. Бүл анықтамаларға ортақ нэрсе - ол
нарықты өндірістің емес, айырбастың категориясы, нарықтық қатынастардың
субъектісі өндірушілер мен тұтынушылар емес, сатушылар мен сатып алушылар
деп көрсетілуі. Шын мэнінде тауар-ақша, нарықтық байланыстар сату-сатып
алумен шектелмейді. Бүл жерде, басымдылық айырбаспен айналыс саласындағы
қатынастарға емес, өндірісте болатын қатынастарға тиісті болуы керек,
себебі тек осы жерде ғана өнім жасалды және оның тауарға айналуын
сипаттайтын, тауар-ақша қатынастарын қандай нақты нысандарда болатынын
көрсететін эконмикалық байланыстар пайда болады.
Нарық қызметін тек қана айырбас саласымен шектеу - оны бәсеке, ең аз
шығынға үмтылуы, өзара тиімді өндірістік байланыстарды жасау сияқты маңызды
қасиеттерінен айырады. Сонымен бірге, нарықты жай ғана тауар айырбасы емес,
тауар өндірушілер мен тұтынушылардың қарым-қатынастарына тэн қайтарымдылық,
эквиваленттік, бәсекелестік болатын айырбастың экономикалық өткізілуі
ретінде қарау керек. Осы түрғыдан алғанда, нарықты эртүрлі тауар
өндірушілер мен түлынушылардың арасында болатын экономикалық байланыстар
мен қатынастар жүйесі деп сипаттауға болады.
Берілген анықтамада эңгіме, біріншіден, тек өндірушілер мен
тұтынушылардың арасындағы жеке байланыс пен қатынас ғана емес, сонымен
қатар өндірушілер мен сатып алушы-түлынушылардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
НАРЫҚТЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ. Нарықтың мәні мен пайда болу жағдайлары
Жер құқық қатынастары. ҚР-ның жер нарығы туралы түсінік
Капитал және пайда
Басқару тәсілдері
Нарықтық экономикадағы табыстары
Бағалы қағаздар нарығының жалпы түсінігі
Қ.Р. қаржы нарығы
Нарықтың түрлері, құрылымы және мәні
Нарықтық қатынастар, олардың мәні, қызметтері
Азаматтық қоғамының экономикалық жүйесі
Пәндер