Қазақ хандығы туралы мәлімет


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

Кіріспе

І. Қасым хан (1511-1518жж) 2

ІІ. Хақназар хан (1538-1580жж) . . 3

ІІІ. Тәуекел хан (1582-1598жж) . . . 5

IV. Тәуке хан (1680-1718жж) . . . 7

V. Әбілқайыр хан (1718-1748жж) . . . 8

VI. Абылай хан (1771-1781жж) . . . 12

VII. Кенесары Қасымұлы хан (1841-1847жж) . . . 14

Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе

Қазақ хандығы алғашқы кезде Батыс Жетісу өңірін, Шу мен Талас алқабын алып жатты. Ол орталық және оңтүстік Қазақстаннан қоныс аударған қазақ рулары мен тайпаларын, сондай-ақ жергілікті тұрғындардың басын біріктірді. Қазақ хандығының негізінің қалануы тарихи әдебиеттерде 1465-1466 жылдары Керей мен Жәнібектің Әбілхайыр хандығынан тайпалардың бір бөлігін алып, Моғолстанның батыс өңіріне көшіп келуінен басталады. 1480 жылдан бастап Қазақ ханы Керейдің ұлы Мұрындық хан болды, бірақ өмірінің соңына дейін жоғарғы билікті қолында ұстап тұра алмады. Тақ Жәнібектің ұлы Қасымға көшіп, ол қазақ елін басқарады.

Қасым хан

(1511-1518жж)

Мемлекеттік деңгейдегі күресі. Мұрындық пен Қасымның өзара алауыздығын пайдаланған Мұхаммед Шайбани қазақ жеріне бірнеше жорықтар жасаған. Шайбанидің қазақтарға қарсы үш жорығы нәтижесінде оған қазақ әкімдерін Түркістан алқабы сыртына қарай уақытша ысырып тастаудың сәті түскен еді. 1510 жылы Мұхаммед Шайбани Сығанаққа қайтадан келді, бірақ Қасым ханның әскерлеріне төтеп бере алмады. Осы жылдың соңында Мұхаммед Шайбани Мерв түбіндегі Хорасанда Иран шахымен шайқаста қаза тапты. Қасым ханның билік еткен соңғы жылдарындағы қазақ билеушілері мен шайбанилердің өзара қатынасы жайлы айтатын болсақ, олар шиеленіскен және әсте де бейбіт емес қалпында қала берді. Деректерге қарасақ, негізгі күрес Ташкент төңірегінде жүрген. Васифидің хабарлауынша, қазақтарға қарсы күрес Көшім хан бастаған Шайбани сұлтандарының бірлескен жорығы жасалған, ол сірә, 1516-1517 жылдың қысында болса керек. Қасым ханның күресіндегі басты мақсаты: Сыр бойындағы қалаларды қайтадан өз иелігіне қосып алу. Сырдарияға берік орнығу үшін Қасым хан Орта Азиядағы саяси жағдайды тиімді пайдаланды.

  • 1513 жылы Қасым хан Сайрамды алды;
  • 1513 жылы Бабырдың ізбасары Қаттабек шақыруымен Қасым хан онымен одақ жасасып, Ташкент билеушісі Сүйініш қожаға соғыс ашты. Ташкент түбінде Қасым хан жараланып, Сайрамға шегінді. 1513 жылы Моғолстан ханы Сұлтан Сайдпен одақтасып, Ташкентке бірігіп жорық жасауға келісті. Қыстың таяп қалғанына байланысты, бұл жорық кейінге қалдырылды.

Дипломатиялық қарым-қатынасы. Қазақ хандығы сол кездегі халықаралық қатынастарға біртіндеп тартыла берді. Қазақ хандығымен дипломатиялық байланыстар жасаған алғашқы мемлекеттердің бірі Ұлы Князь ІІІ Василий (1505-1535) басқарған Мәскеу мемлекеті болды. Қасым хан билік еткен кезеңдегі Қазақ хандығының тарихы нақ сол жылдарда қазақтардың Батыс Еуропаға дербес этникалық қауым ретінде белгілі болуымен ерекше: Москвада бірнеше рет (1517ж, 1526ж) болған австриялық дипломат Сигизмунд Герберштейн қазақтар туралы өз жазбаларын қалдырған. Қасым билігінің соңғы жалдарында тыныштық заман болды. Ол халыққа хан билігін мойындата отырып, ел бірлігін сақтай білді. Сауда дамып, Сауран сауда орталығына айналды. Қасым Моғолстан ханы Сұлтан Сайдпен достық қарым-қатынасын үзбеді. Моғол ханы Қасым ханға сол жылғы жаздың аяғына таман Ташкентке бірлесіп жорық жасады. Қасым хан қазақ жерінің кең байтақ далалық кеңістігінде өз үстемдігін нығайтты. 1514 жылы Сұлтан Сайдтың Шығыс Түркістанға кетуі қазақ ханының Жетісудағы билігінің нығая түсуіне себепші болды. Түрік басшыларымен жазысқан хаттарында Қырым ханы қазақтардың батыс бағытындағы иеліктерінің кеңейіп бара жатқандығына алаңдаушылық білдірді.

Хақназар хан

(1538-1580жж)

Саяси жағдай. Хақназар өзінің әкесі Қасымның тұсындағы Қазақ хандығының көлемді аумағын құраған жерлерге деген қазақтардың құқын қайта қалпына келтіруге тырысып бақты. Оның тұсында қазақ даласы шекараларына Қазан, Астрахань, сонан соң Сібір хандықтарын жаулап алғаннан кейін Орыс мемлекеті жақындай түсті. Қазақ далаларына ноғайлықтар, башқұрттар, сібір татарлары қаптап келе бастады, Сырдария бойында қарақалпақтар пайда болды. Осы аралықта Жетісу жерлерін, ондағы Ұлы жүз қазақтарын ығыстырып, ойраттар жаулай бастады. Хандықтың шекаралары хандардың тек әскери және дипломатиялық қабілетіне және соғыстағы жеңістері мен жеңілістеріне ғана емес, сонымен бірге сыртқы саяси ахуалға да байланысты өзгеріп отырды. Оның үстіне қазақтардың бір бөлігі мекендеген жерлерінде қалып қойып, көрші мемлекеттер мен солардың әкімдеріне бағынышты болды. Түркістан аймағында тұрған қазақтар өзбек ханы Бараққа, оның ұлы Баба сұлтанға бағынды.

1548/1549жж Хақназар Әмудариядан жүзіп өтіп, Пул-и Хатун түбінде Қазақпен шайқасты, шайқас Хақназардың жеңіліс табуымен тынды деп хабарлаған. 50-60 жылдарда Моғол ханы Абдар Рашид Жетісу мен Ыстық көл маңындағы жерлерді басып алу мақсатымен соғысты қайтадан бастады. Моғолстанға қарсы қазақ-қырғыз соғыс одағы құрылды. Деректерде, Хақназарды «қазақтар мен қырғыздардың ханы» деп атайды.

1560 жылы Моғолдар қазақ-қырғыз соғыс одағын жеңді.

Моғолстанға қарсы жорықтағы сәтсіздік және ойраттардың шапқыншылығы салдарынан Хақназардың Жетісудағы иелігі азая берді. 1570 жылдың аяғы - Жетісудың батысы, Шу, Талас өңірі оның билігінде болды.

Башқұрт аңцызында Хақназарға башқұрттардың да бағынғаны айтылады.

Дипломатиялық қарым-қатынасы. XVI ғасырдың ІІ жартысында, Қазан (1552ж) мен Астраханды қосып алғаннан кейін, Ресейдің Орта Азия хандықтарымен байланыстары жолға қойыла бастады, атап айтқанда, қазақ-орыс қатынастары нығайып, кеңейе түсті. Нақ сол кезде Орта Азия-орыс саудасы орнығады. Орыстардың Бұқарамен, Хиуамен және Персиямен сауда жасағаны туралы нақты деректер сақталған. 1569-1573 жылдары орыс елшілері Семен Мальцев пен Третья Чебуков Қазақ хандығында болып қайтты. Москваға шетелдіктер де қазақтар туралы әр түрлі мәліметтер жеткізген. Хақназар хан тұсында Қазақ хандығы Москвамен сауда байланыстарын орнатып, саяси қарым-қатынас жасады. Қазақ хандығының аралық етуімен Москвадағы Түркістандағы өзбек хандықтарымен байланысты жолға қойды. Ресеймен қатынастарда Хақназар хан әкесі Қасымның жолын ұстанды. Патша архивінің тізбесінде ІІІ Иванның Қасым ханмен байланыс жасағаны тіркелген, бірақ олардың сипаты тарих ғылымына әлі де беймәлім.

70-ші жылдардың аяғында-ақ Ресеймен қатынас қойылды да, Хақназар хан өзін «патша әрі ұлы князьбен татумын» деп санаған. Мұны «Ноғайға» жіберілген орыс елшісі, бояр баласы Борис Доможиров дәлелдейді. 1573 жылы ағайынды Строгановтардың қатты өтінуімен Хақназар ханға Третьяк Чебуков бастаған орыс елшілігін жіберген кезде Иван Грозныйдың елшілердің алдында Қазақ хандығымен тікелей байланыс орнату мақсатын ғана емес, сонымен бірге онымен Сібір ханы Көшімге қарсы әскери одақ жасау мақсатын да қойғаны кездейсоқ емес. XVI ғ ортасына қарай Қазақстан аумағы арқылы сауда жолдары өтті. Орыс үкіметі өзінің барлық елшілеріне Қазақ хандығындағы істің жайын анықтауға, ханның Орта Азия хандықтарымен қарым-қатынасы қандай екенін білуге анықтама берген. Ал орыс елшілері өздерінің «Статьялық тізбелерінде» қазақ даласындағы әскери жағдайға көп көңіл бөлген. Бұл мәліметтердің бәрі үкіметке Қазақ хандығымен тұрақты дипломатиялық қатынастар орнату үшін қажет болған еді.

Тәуекел хан

(1582-1598жж)

Тәуекел күрестері. 1586 жылы хандық билік Тәуекелдің қолында болды, ол ташкенттік билеушіге қарсы соғыс ашып, қазақтар жеңіске жетті.

Тәуекел Сыр өңірінің қалалары үшін күрес бастайды. 1586 жылы ол Ташкентті алуға әрекет жасайды. Абдуллах ханның әскерлері оңтүстікте шоғырланғанын біліп, Тәуекел Мәуереннахрдың солтүстік аймақтарына шабуыл жасады. Оның шабуылы Түркістан, Ташкент, тіпті Самарқанд сияқты орталықтарға қатер төнді. Ол Ташкент жасағын талқандады, бірақ өзіне Самарқандтан Абдаллахтың інісі Убайдаллах қарсы аттанғанда, Тәуекел шайқасқа түспей, асығыс шегініп кетті. Сөйтіп, Тәуекелдің Ташкентті алуға жасаған алғашқы әрекеті сәтсіз аяқталды.

Тәуекел 1598 жылы Ташкентті жаулап алып, Самарқандтың түбінде Абдулланың әскерлерін талқандады. Орта Азияның барлық қалалары, оның ішінде Түркістан өңірі, Ташкент, Самарқанд қазақ сұлтандарына бағынды.

1598 жылы Тәуекел Шайбани ұрпақтарының мемлекетіне жаңа шапқыншылық жасайды. Ташкент пен Самарқанд ар/ы шайқаста Абдуллах әскері ауыр жеңіліске ұшырады.

Тәуекелдің Орта Азияға 1598 жылы жасаған шапқыншылығы парсы тіліндегі бірнеше перративтік еңбектерде көрініс тапқан.

  • 1586 жылы - Тәуекел Түркістанды басып алып, Ташкентке қауіп төндірді.
  • 1586-1594 жылдары - Тәуекел билікке таласқан Хақназар ұлдарымен күресті.

Дипломатиялық қатынастары. Тәуекелдің хан жағдайын 1586 және 1594 жылдар арасында жүргізілген ұзақ та табанды күрес нәтижесінде жеңіп алғаны, оның содан кейін Москвамен қатынастар жасау кезінде нағыз хан ретінде әрекет етті.

1594 жылы Тәуекел өзін бодандығына қабылдауды өтініп, Федор патшаға Құл-Мұхаммедті елші етіп жіберді. Елшілік Тәуекелдің жиені «Ораз-Мұхаммедті орыс тұтқынынан босату» мақсатымен жіберілген болатын, ол 1580 жылы Көшіммен бірге қолға түскен еді.

Мақсаты:

  • Өзбек ханымен күресу үшін әскери одақ құру;
  • 1580 жылы Сібір ханы Көшіммен соғыста қолға түскен Ораз-Мұхаммедті орыс тұтқынынан босату;
  • Қазақ-орыс дипломатиялық қатынастарын дамыту;
  • Керуен саудасын кеңейту.

Тәуекел Москвамен сауда байланыстарын жасады. Москвадағы өзара қатынастарға Тәуекел қазақ хандығының саяси тәуелсіздігін жоғалтуы түрінде емес, қайта Абдуллахқа қарсы күресу үшін әскери одақ ретінде ғана қарағаны көрінеді. Тәуекелдің елшілері Москваға Иран шахы І Аббастың елшісі Дәруіш-Мухаммед келгенін біліп, қазақтар мен ирандықтардың Абдаллахқа қарсы бірлесіп күресуі туралы келісімге қол жеткізу үшін Иран елшісін өздерімен бірге Тәуекелге жіберуін сұрады.

Құл-Мұхаммед елшілігіне жауап ретінде 1595 жылдың наурыз айында Москвадан Тәуекел ханға тілмаш Вельямин Степанов жіберілді.

Тәуке хан

(1680-1718)

Жүргізген күрестері. Қазақ хандығының билігі 1680 жылы Жәңгірдің ұлы Тәукеге көшті.

Тәуке ханның билік еткен кезеңінде қазақ-ойрат қатынастары шиеленісті. Ғалдан-Башокту билеген кезде оның мұрагері Цеван-Рабтан өкімет басына келгенде қазақ-қалмақ қатынастары қатты шиеленісті. 1698 жылы ойраттар мен қазақтар арасында қарулы қақтығыстың жаңа кезеңі басталды. Жоңғардың әскери шонжарлары маңызды сауда жолдары өтетін және ірі сауда орталықтары орналасқан Оңтүстік Қазақстанды басып алуды көздеді. Қазақ-қырғыз қырқыстары толассыз жүргізілді. Олардың 1711, 1712, 1714, 1717 жылдарғылары ерекше еді. Жоңғария қазақтарға аса қатерлі қауіп төндірді.

Тәуке хан билік еткен кезеңдерде (1680-1718жж) Қазақ хандығының нығайтылуы, қазақтардың қырғыздармен және қарақалпақтармен одақтасуы жоңғарлардың қазақ жерлеріне шабуылын уақытша бәсеңдетті.

1724-1725 жылдары жоңғарлар Түркістан және Ташкент қалаларын талқандады, ал 1723 жылы «Ақтабан шұбырынды» жылы олар қазақтардың бір бөлігін этникалық территорияларынан тысқары шалғайға ығыстырып тастады.

Дипломатиялық жағдайлар. Тәуке хан Қазақ хандығының ішкі мәселелерін ғана шешіп қоймай, сыртқы саясатында да көрші елдермен бейбіт байланыс жасай отырып, экономикалық қарым-қатынас орнатты. Соның ішінде Ресей елімен ұзақ уақытқа мәмілегерлік және сауда байланысын жаңартады. Тәуке хан, сонымен қатар, Бұхар, Хиуа хандарымен бейбіт қарым-қатынас орнатты.

Тәуке хан орыс-қазақ қатынастарын жалғастыру барысында 1687 жылы Тәшіле бастаған елшілік жібереді. Бұл елшіліктің мақсаты - бұрынғы сауда байланысын қалпына келтіру. Тәуке қазақ жері арқылы өтетін Ресей және Хиуа, Бұхар керуендерінің Қазақ хандығының экономикалық дамуына көп әсерін тигізді.

1683-1686 жылдар аралығында Тәуке хан орыс жеріне елшілік жібереді. Бірақ олардың кейбіреуі сәтсіздікке ұшырады. Мұның басты себебі қазақ-орыс шекарасындағы тонаушылық қақтығыстар еді. Ресей керуенінің тоналуы осы кезде Тобылға сауда жасау туралы шартқа қол қою мәселесімен келген Сары мен Келдей мырзалардың елшілігі тұтқынға алынуына әсерін тигізді. 1690 жылы Қабай елшілігі барып, Келдей мен Сары мырзаны босатуды талап етеді. 1691 жылы сауданы дамыту бағытында Туманшы мен Қабай бастаған елшілікті аттандырады.

Ресей мемлекеті өз тарапынан Қазақ ордасына елшілер жіберіп тұрады. Шекаралық мәселелерді шешу мақсатында 1692 жылы Андрей Неприкасов, Василий Кобяков бастауымен елшілік келеді. Қазақ ордасының жағдайымен танысу үшін 1694 жылы Түркістанға Ф. Скибин, М. Тромин бастаған елшілік жөнелтіледі. 1715 жылы Бухгольц бастаған экспедиция Шығыс Қазақстан мен Алтайға сапар шегеді.

1718 жылы қазақтардың барлық үш жүзіне билігі толық тараған қазақ хандарының соңғысы Тәуке хан қайтыс болады. Тәуке ханның тұсында Қазақ хандығы бір орталыққа бағынған мемлекет болды.

Әбілхайыр хан

(1718-1748жж)

Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін, таққа талас Қайып пен Әбілхайыр арасында болды. Саяси аренадан Қайып ханның жойылуы және содан кейін болған жоңғарлардың соғыс агрессиясына қарсы қазақтардың ірі ауқымды күресінің тартысқа толы оқиғалары Кіші жүз ханы Әбілхайырдың күрделі тұлғасын алдыңғы қатарға шығарды.

Соғыс жорықтары. 1723-1729 жылдардағы қазақ-ойрат соғысы кезеңінде Әбілхайыр Қазақстан аумағына өзінің саяси ықпалының шекарасын едәуір кеңейтіп, қазақ қауымдарының әскери-саяси өмірінде жетекші рөлге қол жеткізе білді.

Әбілхайыр елді басқарып отырған кезде, жоңғарлар қазақ еліне көптеген шапқыншылықтар жасады. Соғыс қимылдары 1717 жылы Аягөз өзенінің бойында болды. Қазақ жасақтары мен жоңғарлар арасында шайқас болды. Жоңғар әскерлері шығыс жақта жүрген еді. Қазақтардың басым күші Аягөз өзеніне әкелінді.

1718 жылдың көктемінде жоңғарлар Жетісудан, Арыс, Бөген, Шаян өзендері бойына шұғыл жорық жасап, Түркістан қаласына тақап келді. Олардың ниеті қазақ хандарының ордасын басып алу болатын. Сырдарияның орта ағысы басындағы қазақ қалаларына қауіп төнді. Бірнеше шайқас болды. Жоңғарлар «қазақ ордасын шапты», бірақ санының аздығымен өз қоныстарынан ұзап кетуі олардың толық жеңіске жетуіне мүмкіндік бермеді.

ХVІІІ ғасырдың басында жоңғар билеушілерінің қазақ жүздеріне қарсы неғұрлым батыл қимылдар жасауын Жоңғар хандығына Цин билеушілері әскерлерінің шапқыншылық жасау қаупі тежеген еді. Бірақ 1722 жылы Қытай императоры Канси қайтыс болғаннан кейін бұл қауіп уақытша болса да бәсеңдеді.

1723 жылға қарай қазақ-жоңғар қатынастарындағы жағдай күрт өзгерді. Қазақ хандықтарының бытыраңқылығын пайдаланып және алдағы соғысқа мықтап дайындалып алған жоңғар билеушілері 1723 жылы өз әскерлерін Қазақстан шегіне аттандырды. Жоңғарлардың 1723 жылғы шапқыншылығы елеулі оқиға болып қана қойған жоқ, ол қазақ халқы өмірінің басты салаларына және бірінші кезекте саяси ахуалына қатысты болды. Жоңғарлардың бұл теңдесі жоқ әрекетке өздерінің әрбір қадамын әр түрлі жеті бағыт бойынша күтпеген жерден берілетін және қуатты соққының барлық салдарын өлшестіре отырып, мұқият дайындағанын мойындау керек. 1723 жылы шапқыншылыққа дайындалу барысында жоңғар ханы Цеван-Рабтанның елеулі рөл атқарғаны да көрінді. Бұл кезең «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама кезеңі» деп аталады. Сөйтіп жоңғар феодалдары қазақтарға қатты соққы беруге және қазақ жеріне, одан әрі Орта Азияға басып кіруге ұйғарды. Шабуыл жасауға 1723 жылдың көктемі таңдап алынды, қыс қыстаудан жүдеп шыққан қазақ ауылдары көшуге дайындалып жатыр еді.

1723 жылғы жеңіліс қазақ халқының еркі мен рухын жасыта алмады. Бұл жылы Әбілхайыр хан әскерлері Жоңғар хандығының әскеріне төтеп бере алмады. Алайда, 1724 жылы басқыншыларға алғаш рет елеулі тойтарыс берілді.

1726 жылы сұлтандар мен билар басқыншы жауға қарсы барлық қазақ руларын біріктіру жөнінде кең саясат жүргізе бастады. Бұл саясатты мейлінше ауқымды жүргізген Кіші жүз ханы Әбілқайыр болды. 1726 жылдың күзінде Бадам өзені маңындағы биік қырқа - Ордабасы деген жерде бүкілқазақ съезі өткізілді. Съезге Әбілқайыр, Әбілмәмбет, Сәмеке және қазақтың билері қатысқан. Бұланты өзенінің бойындағы шайқас XVII ғасырдың аяғы - XVIII ғасырдың басында қазақ жасақтары мен жоңғарлар арасындағы соғыс қимылдары Ерейментау және Желіадыр таулары аралығында шеп бойынша, әсіресе, Нұра өзенінің төменгі ағысы ауданында өткен. Бұл ауданда қазіргі кезде де жоңғарлар зираттары көп. Бұл шайқас Сарысудың орта ағысында болды. Бұланты өзенінің жағасындағы «Қара сиыр» деген жерде, 60 мың қазақ әскері күшімен қалмақтар талқандалды. Әбілқайыр бас қолбасшы болып сайланды, Жетісуды азат етуге аттануға осы жер жақын болды. Алатау, Қаратау сілемдерімен қоршалып, шығысы ашық дала болатын бұл жер қазақ жасақтарын шоғырландыруға мүмкіндік берді. Қазақ жасақтары жүздік негізде орналастырылды.

Аңырақай шайқасы. Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте бұл шайқас елеулі рөл атқарды. Бұл шайқасқа Әбілқайыр хан басшылық етті. Нақ осы шайқас оның саяси қызметінің шарықтау шыңы болды. Шайқасқа барлық үш жүздің жасақтары қатысты. Бұл шайқас 1729-1730 жылдары Аңырақай түбінде болды. Батырлардың бойында ерлік, қайсарлық, өздерінің жеңісіне деген сенім болды. Шайқас жекпе-жекпен басталды. Жоңғарлар жағынан ортаға талантты әскербасы, қоян-қолтық ұрыстың асқан шебер жауынгері Шарыш шықты. Қазақтар жағынан жекпе-жекке жиырма жасар Сабалақ сұранды. Шайқаста Әбілқайыр ханның өзі мен оның серіктестерінің ең жақсы қасиеттері көрінді. Қаратаудың, Ұлытаудың таулы аудандарын, Сарыарқа мен Жетісу жерлерін азат ету оқиғалары халықтың тарихи жадында мәңгі сақталды. Ақтастыдағы, Бұланты-Білеуті жеріндегі «Қалмаққырылған» шайқастары, Аңырақай шайқасы қазақ халқының тарихи өткен кезінің қаһармандық символына айналды. Аңырақай шайқасы халық санасындағы бетбұрыс болды. Рухы көтерілген халық жоңғарларды жеңуге болатынын түсінді. Аңырақай шайқасынан кейінгі қазақ-жоңғар қарым-қатынастары бейбіт жолда дамуы, сол кездегі халықаралық қатынастар орыс-қазақ, қазақ-башқұрт, Еділ қалмақтарының арасында сауда-экономикалық байланыстардың дамуына қолайлы жағдай жасалды.

Көрші елдермен дипломатиялық қарым-қатынасы. Қазақ-ойрат қатынастары. Жоңғар хандарының көршілес Орталық Азия аумағына дәмеленуінде Қазақстанның ойрат тайшылары ежелден көз тігіп келе жатқан оңтүстік жерлері ерекше орын алады. Жетісуды және Сыр өңірі аймағын жаулап алу ойрат билеушілеріне жаңа алымдардың түсуімен қатар, Жоңғарияны Еуропалық Ресеймен және Сібірмен байланыстыратын сауда жолдарының аса маңызды қиылыстарының біріне стратегиялық бақылау жасауды қамтамасыз ететін 1719 жылы Жоңғар хандығының барлық күштері Цин әскерлерінің кезекті шабуылына тойтарыс беруге шоғырланған кезде қолайлы жағдайды пайдаланған қазақ билеушілері 1720 жылы жоңғарлардың шекаралас қоныстарына да бірнеше рет басып кіруді жүзеге асырды. Осы жорықтар барысында 3 мың ойрат тұтқынға алынды. Қалмақ ұлысында қалыптасқан жағдайдың қатерлі болғанын 1723 жылы тамыздың аяғында Аюке ханның бітім туралы келіссөз жүргізу үшін Әбілқайырға өз елшісі Құқытушты жіберуді дәлелдейді. Қалмақ елшісі Кіші жүздің ханын Темір өзенінде саны 15 мыңдай адам болатын, біріккен қазақ-қарақалпақ әскерін бастап келе жатқанында жолықтырды. Кездескен кезде Әбілқайыр: «өзі қалмақтарымен және орыстармен соғысу үшін бара жатқанын, ал өзімен бірге қырық мыңдай орда болатынын» мәлімдеді. Осы оқиғалардан сәл бұрын Аюке ханға Цеван-Рабтаннан жоңғар елшісі келіп, қазақтарға бірлесіп соғыс қимылдарын жүргізуді ұсынған еді. Аюке орыс үкіметінен тұрақты әскер сұрай бастайды, бірақ орыстың өкімет орындары оның бұл өтінішінен бас тартып, ханға жоңғарлар мен қазақтар арасындағы соғысқа араласпауды ұсынды. Жоңғар қоңтайшысының Аюкемен әскери одақ жасаспақ ниеті шынына келгенде Әбілқайырға мәлім болса керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XVI ғ. Мухаммед Шайбани ханның Қазақ хандығына қарсы жорықтары
Жәңгір хан тұсындағы Қазақ хандығы
Қазақ хандығы құрылуы
Қазақ хандығының қалыптасуы туралы
Шайбанилық Әбілқайыр хан
Ежелгі қазақ хандары мен билеушілері
Қасым хан Жәнібекұлы
Асан қайғының шығармаларының зерттелуі
Қазақ хандығының құрылуы және оның маңызы
Қазақ халқының тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz