Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи рекреациялық ресурстарының географиясы және оларды халықтың демалыс орындары ретінде пайдалану ерекшеліктері



Кіріспе
І Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи . рекреациялық ресурстарының географиясы және оларды халықтың демалыс орындары ретінде пайдалану ерекшеліктері
1.1 Табиғи . рекреациялық ресурстар туралы түсінік
1.2 Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи . рекреациялық ресурстары, олардың экономикалық . географиялық ерекшеліктері
1.3 Ақсу . Жабағылы қорығының табиғи . рекреациялық ресурстары және олардың демалыс орындары ретінде пайдалану
1.4 Қаратау қорығы және оның рекреациялық ресурстарын пайдалану
1.5 Сайрам . Өгем ұлттық табиғи паркі оның рекреациялық ресурстарын пайдалану
ІІ Оңтүстік Қазақстан облысының антропогендік . рекреациялық ресурстары, олардың халық . шаруашылығында пайдалану
2.1 Сарыағаш шипажайының антропогендік рекреациялық ресурстарын халық денсаулығы үшін пайдалану
2.2 Манкент шипажайындағы антропогендік рекреациялық ресурстарын халық денсаулығы үшін пайдалану
2.3 Біркөлік санаториясының рекреациялық ресурстарын адам денсаулығы үшін пайдалану.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қазiргi кезеңде қоғамның рекреациялық қажеттiлiгiнiң үнемi өсуi (демалу және денсаулықты қалпына келтiру), сондай-ақ туризмдi экономиканың рекреациялық ресурстарды пайдаланатын дербес саласына айналдыру рекреацияға арналған анағұрлым перспективалық ресурстарды рекреациялық жетiстiктердi бағалау негiзiнде неғұрлым дәл бiрдейлендiрудi талап етедi.
Әлеуеттi рекреациялық ресурстарды пайдалану бүгiннiң өзiнде табиғи ортаға және ресурстардың өзiнiң жай – күйiне әсер етудiң елеулi факторына айналуда, бұл олардың сақталуы мен ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдауды талап етедi. Қазіргі кезде халықтың демалысқа деген қажеттілігін қанағаттандыру қоғам дамуының басты маңызды факторларының бірі. Оған қажетті жағдайларды жасау – халыққа қызмет көрсетуші салалардың көлемін қамтитын жұмыс орындарының міндеті. Бұл кешенді мәселені ғылыми тұрғыдан, зерттеп шешу әлеуметтік – экономикалық география тұрғысынан қарастыруды талап етеді. Маңызды міндеттердің бірі рекреациялық тұрғыдан табиғи және әлеуметтік – экономикалық жағдайлар мен ресурстарды жан – жақты әрі мақсатты түрде зерттеу және оларды аймақтық көлемде бағалау.
Туризм жүйесінің көп қырлы функцияларының біріне рекреациялық ресурстары жатады. Рекреациялық ресурс деп-рекреациялық сұранымды қанағаттандыруға қазіргі технологиялық компоненті болып есептелінетін, рекреациялық салаға тартылған объектілерді(табиғи, табиғи-этникалық геожүйе мен оның элементтерін). Адамдардың дене және рухани күштерін, оның денсаулығы, еңбек ету кабілетін калпына келтіріп, арттыруға және де курорт пен туристік қызметтегі тұтыну мен өндіруге, сондай-ақ туризмнің әртүрлі түрлерінің сұранымдарын қанағаттандыруға катысты қолданылатын табиғи және мәдени-тарихи кешендер мен оның элементтерін айтамыз.
"Рекреациялық ресурстар" мен "туристік ресурстар" ұғымдары өздерінің мәндерін жағынан өте жақын ұғым, олар адамдардың демалуы, мен рекреацияға, танымдық және коммуникативтік танымдарын қанағаттандыруға қатысты қарастырылады.
1. Оңтүстік Қазақстан энциклопедиясы. Алматы, 2005-457б.
2. Максаковский
3. Мамадияров М.Д. Туристико-рекреационные ресурсы Южно-Казахстанского области.
Шымкент: ЮКГУ им.М.Ауезова, 2004-130с.
4. Николаенко Д.В.
Рекреационная география
М.: Гуманит. Изд.центр ВЛАДОС, 2001.-288с.
5. Lkk
6. Ердавлетов С.Р.
Туризм в свете науки //Новое поколение (Круиз) – 1995,№1.-7с
7. Пыхарев А.Н. Теория туризма: методика оценки рекреационных геосистем для целей отдыха и туризма.
Уч.пос.-Шымкент: ЮКГУ им. М.Ауезова, 2003-156с
8. Uuu
9. Рекреационные ресурсы. – Условия и ресурсы отдыха и туризма – Часть 2.// Под ред. В.А.Шальнева. – Ростов на Дону: Изд.Ростовск.ун – та, 1982.
10. Өмірзақ А. Ұлттық парк – ұлт мақтанышы.
«Евразия kz» 22.09.2006ж.
11. Мархабат БАЙҒҰТ САЙРАМ-ӨГЕМ ДЕГЕНДЕ, САЙРАМ-ӨГЕМ.
Ұлт тағлымы. 30.01.2010ж.

Кіріспе
Қазiргi кезеңде қоғамның рекреациялық қажеттiлiгiнiң үнемi өсуi
(демалу және денсаулықты қалпына келтiру), сондай-ақ туризмдi экономиканың
рекреациялық ресурстарды пайдаланатын дербес саласына айналдыру рекреацияға
арналған анағұрлым перспективалық ресурстарды рекреациялық жетiстiктердi
бағалау негiзiнде неғұрлым дәл бiрдейлендiрудi талап етедi.
      Әлеуеттi рекреациялық ресурстарды пайдалану бүгiннiң өзiнде табиғи
ортаға және ресурстардың өзiнiң жай – күйiне әсер етудiң елеулi факторына
айналуда, бұл олардың сақталуы мен ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ету
жөнiнде шаралар қабылдауды талап етедi. Қазіргі кезде халықтың демалысқа
деген қажеттілігін қанағаттандыру қоғам дамуының басты маңызды
факторларының бірі. Оған қажетті жағдайларды жасау – халыққа қызмет
көрсетуші салалардың көлемін қамтитын жұмыс орындарының міндеті. Бұл
кешенді мәселені ғылыми тұрғыдан, зерттеп шешу әлеуметтік – экономикалық
география тұрғысынан қарастыруды талап етеді. Маңызды міндеттердің бірі
рекреациялық тұрғыдан табиғи және әлеуметтік – экономикалық жағдайлар мен
ресурстарды жан – жақты әрі мақсатты түрде зерттеу және оларды аймақтық
көлемде бағалау.
Туризм жүйесінің көп қырлы функцияларының біріне рекреациялық
ресурстары жатады. Рекреациялық ресурс деп-рекреациялық сұранымды
қанағаттандыруға қазіргі технологиялық компоненті болып есептелінетін,
рекреациялық салаға тартылған объектілерді(табиғи, табиғи-этникалық геожүйе
мен оның элементтерін). Адамдардың дене және рухани күштерін, оның
денсаулығы, еңбек ету кабілетін калпына келтіріп, арттыруға және де курорт
пен туристік қызметтегі тұтыну мен өндіруге, сондай-ақ туризмнің әртүрлі
түрлерінің сұранымдарын қанағаттандыруға катысты қолданылатын табиғи және
мәдени-тарихи кешендер мен оның элементтерін айтамыз.
"Рекреациялық ресурстар" мен "туристік ресурстар" ұғымдары өздерінің
мәндерін жағынан өте жақын ұғым, олар адамдардың демалуы, мен рекреацияға,
танымдық және коммуникативтік танымдарын қанағаттандыруға қатысты
қарастырылады.

І Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи – рекреациялық ресурстарының
географиясы және оларды халықтың демалыс орындары ретінде пайдалану
ерекшеліктері

1. Табиғи - рекреациялық ресурстар туралы түсінік

В.П. Максаковский бойынша рекреациялық ресурстар туралы түсінік.
Рекреация (латын тілінен аударғанда recreatio – қалпына келтіру) –
адамның еңбек ету барысында жұмсалған физикалық және рухани күшін қалпына
келтіру, оның денсаулығының және жұмысқа қабілетілігі деңгейінің
көтерілуі.
Рекреацияның қазіргі кездегі адамдардың өмірінде өте маңызды орын
алғаны барлығымызға мәлім. Еңбеккерлердің демалысын ұйымдастыруға қатысатын
адамдардың әртүрлі жұмыс-әрекеттерін рекреациялық іс - әрекет деп атайды.
Ол тым енжар немесе аса белсенді болуы мүмкін, халықтың азды – көпті
қозғалыс-қимылын туғызады. Сонымен қатар ол қысқа (сенбі және жексенбі)
және ұзақ уақыт яғни жылына берілетін бір айлық еңбек демалысы болады.
Оған маусымсық ауытқулар тән (жыл маусымдарына тән ауытқулар жазда –
теңіз жағажайы, өзен және көл жағалауы, ал қыста –шаңғы мен таушаңғы тебу
аудандарды және т.б.) болуы мүмкін.
Рекреациялық қызмет белгілі бір жер аумағының рекреациялық әлеуетін
анықтайтын рекреациялық ресурстарды пайдалануға негізделген. Рекреациялық
ресурс деп бірегейлік, көркемдік және құндылық, эстетикалық тартымдылық
және емдік – сауықтыру маңызы сияқты қасиеттері бар, сонымен қатар
рекреациялық әрекеттердің әр түрін ұйымдастыруда қолданылатын табиғи
және антропогендік нысаналарды айтады. Оның сипатына қарай мынадай
аумақтарды бөлуге болады:
1. Рекреациялық қарқындылығы жоғары аумақтар (парктер, жағажай және
басқада демалыс орындары). Онда рекреация жерді пайдаланудың
басты түрі болып табылады. Онда жер рекреациялық емес
мақсаттарға да қолданылады.
2. Рекреация қарқындылығы орташа аумақтар (қала маңындағы жасыл
көшетті аумақтар, орман алқаптары). Бұл алқаптарды рекреациядан
басқа да шаруашылық үшін пайдаланады.
3. Рекреация қарқындылығы төмен аумақтар.
Жоғарыда келтірілген анықтамаға қарап, барлық рекреациялық ресурстарды
мынадай негізгі екі топтық түрге бөлуге болады: табиғи – рекреациялық
ресурстар және адамдардың (антропогендік) әрекетінен пайда болған
рекреациялық ресурстар.
Табиғи кешендердің ішінде бір-бірінің рекреациялық әлеуетін
арттыратын табиғи компоненттер кездесуі мүмкін. Олар мысалыға: орман-су
қоймасы, орман-көкорай шалғын, төбе-жазық алаң және т.б., немесе
бұдан да күрделі бірлестіктер болуы мүмкін.
Табиғи-рекреациялық ресурстарға сонымен қатар рекреация тұрғысынан
қолайлы болып саналатын табиғаттың жеке компоненттері (жер бедері,
климат, өсімдіктер, су қоймалары) және тұтас табиғи кешендер жатады.
Табиғи ресурстардың адам ағзасына ықпал етуіне қарай рекреациялық
ресурстар үш түрге бөлінеді:
Бірінші түрі – медициналық – биологиялық, мұнда басты табиғи
кешендердің рекреацияға қолайлылығын анықтайтын климаттық жағдайлар (ауа
температурасы,ауа ылғалдығы, ауа – райы және оның өзгеруі) шешуші роль
атқарады.
Екінші түрі – психологиялық – эстетикалық, мұнда бірінші кезекте
табиғи ландшафттың жалпы немесе жеке-жеке құрамдық бөлігінің адамға
эстетикалық әсер етуі бағаланады, әсіресе шешуші рольді пейзаждардың
алуан табиғат көріністерінің әртүрлілігі маңызды.
Үшінші түрі – технологиялық, ең әуелі табиғи рекреациялық аумақты
инженерлік – құрылыстық тұрғыдан игеру мүмкіндіктерін болжау (санаториялық
құрылыстарды, демалыс үйлерін, кемпингтер, шаңғы және таушаңғы базаларын
салу және т.б. ).
Антропогендік әрекеттен пайда болған рекреациялық ресурстарды
көбіне мәдени –тарихи ресурстар деп атайды. Олар мәдени-танымдық
рекреациялық іс-әрекетті ұйымдастыру үшін басты алғышарт болып табылады
және көбіне адамдардың рекреациялық легін анықтайды және күнделікті
өмірде іс жүзінде демалыс нысаналары ретінде пайдаланып жүргендіктен
оларды нақтылы материалдық ресурстар деп атайды. Мұндай ресурстарды нақты
материалдық нысанда көрініс тапқан материалдық және ғылымда, білімде,
өнер, әдебиет, халық тұрмысы мен шығармашылығында бейнеленген рухани
ресурстар деп бөледі. Оларды сонымен қатар тарих, архиология, архитектура
және өнер ескерткіштері деп бөлу де қалыптасқан. Көптеген елдер
өздерінің басты табиғи және мәдени-тарихи нысандарының тізімдемесін
жасап анықтаған. Сонымен бірге оларды сақтау және рекреация мен туризм
нысандары ретінде насихаттауға қажетті шаралар ұйымдастыруда. Осындай
ұлтық шаралардың маңыздылығына қарамастан, Адамзаттың бүкіләлемдік табиғи
және мәдени мұралары туралы түсінік қалыптасып одан маңызды жаңа сапалық
деңгей болып отыр. Бүкіләлемдік мұралар нысандары рекреациялық іс-
әрекеттің, әсіресе рекреациялық-танымдық жұмыстардың орталықтарына айналып
отыр. Басқаша айтқанда олар жалпыадамзаттық маңызы бар аса ірі
рекреациялық ресурсды құрайды.
Рекреациялық ресурстар қатарына: табиғи кешендер және олардың
компоненттері (рельеф, климат, өсімдік жамылғысы, су айдыны), мәдени-
тарихи ескерткіштер, қалалар және басқа да елді-мекендер, бірегей
техникалық құрылымдар жатады.
Рекреациялық ресурстар 3 топқа бөлінеді.
• Курорттық
• Сауықтыру-спорттық
• Экскурциялық-туристтік

Рекреация Демалыс
Түсінік белгілері:
❖ адам ағзасының күшін қалпына келтіруге бағытталу;
❖ өндірістік қызметпен байланыстың болмауы;
❖ күнделікті қажеттіліктерді қанағаттандырумен байланыстың
болмауы;
❖ тұрғылықты жерінен тыс жердегі белсенділік;

Рекреациялық іс-әрекеттің типі


Санаторийлік курорттық Спорттық сауықтыру Танымдық
емдеу
а) климаттық емдеу 1.Маршуттық а) экскурциялық
б) лаймен емдеу 2.Спорттық б) экологиялық
в) бальнеологиялық а) шомылу в) іскерлік
б) жаяу
в) шаңғы
г) су туризмі
е) альпинизм

1.2 Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи – рекреациялық ресурстары,
олардың экономикалық – географиялық ерекшеліктері
Жердің географиялық ортасының сипаттарына байанысты ғылыми
зерттеулерді дамыту кезінде, рекреацияның мәселелері пайда болады.
Рекреациялық мәселелерді қазіргі өмір талабында зерттеу, ғылыми
жетістіктердің сөз жүзінен іске асырылуы жаңа жинағы қоғамдық географияның
жаңа саласы болатын рекреациялық географияны туғызады.
Демалысты ұйымдастыру үшін табиғи жағдайларды бағалау кезінде басты
критерий болып табиғи ортаның түрлілігі табылады, бұл рекреациондық
бағалаудың басты объекті ретінде ландшафтты ұсынады
Оңтүстік Қазақстанда болған адам осы бір тамаша өлке мен оның ғажайып
табиғатынан алған әсерлерін мәңгі есте сақтайды. Оңтүстік Қазақстан облысы
республиканың ең ірі аймақтарының бірі болып табылады  және  шығысында –
Жамбыл, солтүстігінде – Қарағанды, батысында – Қызылорда облыстарымен,
оңтүстігінде – Өзбекстан Республикасымен шекаралас жатыр. Облыс аумағы –
117,3 мың шаршы шақырым, мұнда 2,4 млн. шамасында халық тұрады. Облыстың
әкімшілік-аумақтық құрылымына 4 – облыстық, 4 – аудандық бағыныстағы
қалалар, 11 ауылдық аудандар кіреді.
Облыс орталығы – Шымкент қаласы. Облыс тұрғындарының саны жағынан
республикада алдыңғы орында тұрған облыстардың бірі екендігі, байырғы
тарихи-мәдени орындарының молдығымен де ерекшеленетіндігі белгілі. Атақты
Отырар қамалы, түркі жұртына мәлім болған бұрынғы Иасы, қазіргі Түркістан
қаласы, осы топырақта туып өскен, орта ғасырдағы атақты шығыс жұлдыздарының
қатарында аталып жүрген ғалымдардан, ғұламалардан қалған көне соқпақтың
ізін әлі де саралай түсу - бүгінгі ұрпақтың парызы.
Оңтүстік Қазақстан облысының шағын ғана аумағын салыстыра қарағанда
өзіне астасқан ғажап табиғаттың бояу тақтасын еске салатын алуан түрлі
ландшафты сыйғызғанын көресіз. Бір жағынан, байсалды қалпындағы атам
заманғы дала суреті, сондай-ақ сирек ұшырасатын, әдеттегі өсімдіктер
түрлерінен тұратын әсем өрнек. Облыстың бір бөлігінде - тіршілік куан
көрінгенмен де, оның дәл қасында жануарлар үшін таптырмас жұмақ жер тұр.
Облыстың солтүстігіне қарай Бетпақ дала мен Мойынқұм Қаратау қырқаларына
иек артқан. Нақ осы тұста, бұлақтар мен дала қайнарларының айналасындағы
шалғындарда сан ғасырлық мал жайылымына пайдаланылатын жерлер қалыптасқан.
Жер бедері
Облыс жері негізінен жазық, көпшілік бөлігін орташа биіктігі теңіз
деңгейінен 200-300 м болатын Тұран ойпатының шығыс бөлігі алып жатыр.
Терістігіңде Бетпакдала шөлі, Шу аңғарының оңтүстігін Мойынқұм, облыстың
батысында Қызылқұм және Шардара даласы, қиыр оңтүстігін Мырзашөл алып
жатыр. Орталық бөлігінде, Жамбыл облысының аумағымен шектес, оңтүстік-
шығыстан солтүстікке қарай 217 километрге көлбей созылып Қаратау жотасы (ең
биік нүктесі 2176 м) жатыр, ал оңтүстік-шығысыңда Талас Алатауының батыс
шетіндегі - Өгем жотасында облыстың ең биік нүктесі - Сайрам шыңы (4238 м)
бар. Өгем мен Келес өзеңдерін бөліп жатқан Қаржантау жотасы Тәңіртаудың
(Тянь-Шань) ең батыс сілемі болып табылады. Қаржантаудың орташа биіктігі
2000 м, ал ең биік нүктесі - Мыңбұлақ тауы (биіктігі 2834 м). Қаржантаудан
солтүстік батыска қарай тарихы терең, аңызға толы қарт Қазығұрт (ең биік
нүктесі 1600 м) тұр. Қазығұрт тауы оңтүстігіде Келес өзенінің аңғарына
тіреледі.
Қазығұрт туралы жыр да, аңыз да көп. Көк Тәңірі дүние жүзін топан су
басқан кезде жаңа бір пәк дүние жасау үшін Нұх пайғамбардың кемесіне
адамзат, жан-жануар, ұшқан құстан, өсімдіктен жұп-жұбымен отырғызып, таза
тұқым сақтап қалмақ болған. Топан тартылып, су қайтқанда, Нұх пайғамбардың
кемесі Қазығұрт тауының басына қайырлапты деседі.
Облыс аумағының жер бедеріндегі жазықтар мен таулы аймақтар жиі
алмасып отырады. Мұнда алуан түрлі құмды, сортаң шөлдерден биік тау
мұздықтарына дейінгі климаттық табиғат зоналары кездеседі. Таулы аймақтарда
болып тұратын тектоникалық жер сілкіністері аумақтағы тау түзілу
процестерінің әлі аяқталмағандығын көрсетеді.
Жер бедерінің қалыптасуына зор ықпал етуші күштер: ағын сулар мен
желдер. Осы күштерге қосымша антропогендік, яғни адамдардың шаруашылық
әрекеттері табиғи ортаның, әсіресе жер бедерінің қалыптасуына зор әсерін
тигізетіні сөзсіз. Мысалы, каналдар мен суару аймақтары, авто және темір
жолдар, кеніштер мен қала салынған аймақтар, т.б.
Геологиялық құрылымы жөнінен облыс аумағы Тұран плитасына жатады.
Қаратау жотасы - протерозой тақтатастарынан және құмтастардан тұрса,
оңтүстік-батыс Қаратау карбонның әктас, кұмтас конгломераттарынан және
девонның жанартау тектес тау жыныстарынан құралған. Сонымен бірге палеозой
қатпарлы іргетасы, пермь дәуірінде қалыптасқан интрузиялық және жа-
нартаулық, сондай-ақ платформалық мезозой-кайнозой шөгінді тау жыныстары
кездеседі.
Облыс қойнауы әр түрлі пайдалы қазбаларға бай: полиметалдар, қоңыр
көмір, темір кені, гипс, әктас, оттөзімді саз, кварцты құм қабаттары,
мәрмәр, түрлі құрылыс шикізаттары бар. Қарт Қаратау қойнауындағы Ащысай,
Мырғалымсай және Байжансай қорғасын-мырыш кеніштері 20 ғасырдың 40-
жылдарынан жұмыс істейді. Боралдайтау, Қаржантау, Күмісті және Жоғарғы
Бадам алтын кен көздерінің орны ерекше.
Облыста республика уран ресурстарының жартысына жуығы орналасқан, олар
әлемдегі ең ірі уран кеніштері болып саналады. Ал Иірсу, Сусіңген және
Абайыл кеніштерінен титан, хром, марганец және темір кендері өндіріледі.
Облыс аумағында Шу-Сарысу газ-гелий және Сырдария мұнай-газ кен орындары
бар. Боралдайдан, Таскөмірсайдан, Келтемашаттан және Ленгер кеніштерінен
мезозойлық қоңыр көмір өндіріледі. Облыс аумағындағы Қаратау фосфорит
алабына жататын Герес және Үшбас фосфор кен орындары барлаудан өтті. Ал
Тәңіртаудың ең батыс сілемі Қаржантау мен Сайрам жоталары өнеркәсіптің
көптеген салаларына өте қажетті шикізатқа бай.
Кентау қаласына жақын маңда орналасқан Ақсай және Солтүстік доломитті
кеніштерінде резина, қағаз, бояулар дайындалады, газ-мұнай бұрғылау
жұмыстарында кеңінен пайдаланылатын минералдық шикізат - бариттің ірі
ресурстары бар.
Облыстағы қүрылыс материалдарының минералды-шикізат базасы әр түрлі
цемент, керамзит, кірпіш, шыны және құрылыстық тас өндірістерінің
шикізаттары, кұм-тас, минералдық бояулар ретінде қолданылады. Олар:
Қазығұрт, Бадам, Састөбе және Түлкібас әктастары, Бағаналы гипсі,
Күбірексай минералдық бояулары, Леңгір оттөзімді сазы, Күрішбұлақ кварц
құмы, Дарбаза және Қыңырақ бентониттері, Сарытопырақты саздақтардың ірілі-
ұсақгы ресурстары мен құмтастардың табиғи қоспалары көп кездеседі.
Климаты
Облыс аумағының географиялық орнына (яғни атмосфераның ылғалдылықтың
негізгі көзі мұхиттардан тым шалғай орналасуына) және жер бедерінің
сипатына байланысты қуаң континенттік климат қалыптасқан. Мұнда күндізгі
және түнгі, қысқы жөне жазғы температуралар шұғыл ауытқып отырады. Жазы
ұзақ, облыс түстігінде 8 айға дейін созылады. Қысы жылы: ең суық ай -
қаңтардың орташа температурасы -2 -9°С. Ең суық кезең Созақта тіркелген (-
41°С).
Жазы ыстық: шілде айының орташа тем-пературасы 20-30°С. Ең ыстық кезең
Шардарада (47°С) тіркелген. Вегетация кезеңі 230-320 тәулікке созылады.
Шөлді аудандарда жылдық жауын-шашын мөлшері 100-170 мм, тау
етектерінде 300-450 мм, ал биік тауларда 1000 мм-ге дейін құбылады. Жауын-
шашын негізінен көктем мен күз айларында болады. Қар жамылғысының орташа
қалыңдығы 20-40 см аралығында, жазықта 2 айға, тауларда 5 айға дейін
жатады. Қар қарашаның соңы, желтоқсанның басында түсіп, наурыз айында ери
бастайды.
Су қорлары
Облыстың су қорларын ірілі-ұсақты 127 өзен (жалпы үзыңдығы 5 мың
шақырымдай), 34 көл (көлемі 110 млн. текше метр), 30 бөген (көлемі 6 млрд.
текше метр), 29 пайдаланылатын жер асты сулары және 5 минералды су көздері
құрайды. Жалпы облыс аумағына жылына орташа есеппен 37 млрд. текше метрге
жуық су келіп, осыншама мөлшерде су кетіл отырады.
Облыстағы ең ірі және ұзын өзен - Сырдария өзені басқа мемлекеттерден
басталып, Қызылорда облысы арқылы Арал теңізіне қүяды. Облыс аумағындағы
Сырдария өзенінің негізгі саласы Арыс өзені (378 км), ол Алатау
мұздықтарынан басталып, жол-жөнекей Боралдай (130 км), Ақсу (133 км), Машат
(60 км), т.б. көптеген өзен суларымен толығады. Маңызды да ірі өзендер
қатарына Келес (102 км), Бадам (145 км) өзендерін жатқызуға болады.
Облыстағы ең үлкен суқойма - Шардара бөгені 1965 жылы пайдалануға
берілген, су сыйымдылығы 5,2 млрд. текше метр, су өткізу мөлшері 200 м3с.
Одан су алатын Қызылқұм (106 км), Шардара (10 км) каналдары арқылы 71,5 мың
гектар егістік жер суландырылады. Бөген суқой-масының сыйымдылығы 37 млн.
текше метр, ол Бөген, Арыс өзендерінің суларымен толығып отырады.
Облыстағы 500 мың гектардан астам суармалы жерлерді игеру үшін 14336
шақырым су арналары, 4743 км су қашыртқылары және 1900 дана тік дренажды
ұңғышалар, 61 мыңнан астам гидротехникалық ғимараттар жұмыс істейді.
Облыс аумағындағы көлдер ауыл шаруашылығымен бірге басқа да
мақсаттарға пайдаланылады. Шошқакөлде (көлемі 8,6 млн.м3) аң ауланады,
Сарыкөлден (10,2 м3) балық ауланады, Қызылкөл суының (5,9 м3) ем үшін
пайдасы зор.
Облыстағы жерасты суларының қоры ретінде Бадам-Сайрам, Мырғалымсай,
Талас-Ақсу, Иқансу, Бөген жерасты су көздерін атауға болады, Шу-Сарысу
артезиан алабының су қоры 260 млн. текше метрден асады, минерадды сулар
Сарыағаш, Манкент шипажайлары мен Темірлан ауылда-рында арнайы рұқсатпен
пайдалануға берілген.
Аңшылық
Ордабасы, Қазығұрт, Төле би, Созақ, Түркістан, Түлкібас, Отырар және
Бәйдібек аудандарында аң аулауға пайдаланылатын жерлер мол. Қазақы тазы
жүгіртіп, бүркіт, сұңқар сияқты құс салу сияқты ұлттық аңшылыққа
негізделген туризмге ден қоюшылардың қызығушылығын арттыра түседі.
Бұдан өзге Түлкібас, Төле би, Қазығұрт аудандарында атпен және жаяулап
саяхаттаушыларға, сондай-ақ туризмнің басқа да түрлеріне кең жол ашылған.
Төле би ауданының жер жағдайы, табиғаты мен ауа райы қысқы туризмді
өрістетуге қолайлы: осы бағытта Тау самалы демалыс лагері маңында аспалы
жол мен шаңғы базасы салынды. Бұл көптеген қызмет түрлерін көрсету
тораптарын өрістетуге, демалыс лагерьлерінің жұмысын жандандыруға,
инфрақүрылымды дамытуға серпін береді. Біркөлік санаторийі қалыпқа
келтіріліп, іске косылуда.
Сарыағаш ауданындағы әйгілі бұлақ көздері маңайындағы санаторийлік
демалыс пен емдеу орындары, сондай-ақ Сайрам ауданындағы Манкент шипажайы
келушілер санын арттыра түсуде.
Республикада қолайлы табиғи жағдайларымен ерекшеленетін, қысы қатал,
жазы салқын Түлкібас пен түгін тартса майы шығатын Жетісайдың, жайма шуақ
Түркістанның арасында ежелде өмір сүрген өркениетті ел болғандығын
дәлелдейтін археологиялық қазба орындар мол. Жақпар тастарда, қыш
кітаптарда қалған таңбалар оңтүстік өлке тарихының сырлы белгісі іспетті.
Облыстың айтарлықтай өндірістік-экономикалық мүмкіндіктері бар.
Олардың негізін орасан зор табиғи қорлар мен жеткілікті еңбек ресурстары
кұрайды. Уран қоры жөнінен облыс Қазақстанда бірінші, фосфориттер мен темір
рудасы бойынша - үшінші орын алады.
Облыс мақта, тері шикізаттары, өсімдік майы, жеміс-жидек, көкөніс
өнімдерін, жүзім, бау-бақша, макарон, темекі, сыра және басқа да
алкогольсіз сусындарды басқа жерлерге жеткізіп отырады. Сонымен бірге,
облыста қорғасын, цемент, мұнай өнімдері, күкірт қышқылы, шифер,
автотрактор шиналары, экскаваторлар, трансформаторлар, майлы ажыратқыштар,
шұлық-ұйық, тігін бұйымдары, жиһаз шығарылады.
Облыста екі бағытта жалпы ұзындығы 445 км темір жолдар, ұзындығы 5,3
мың км автомобиль жолдары, оның ішінде қатты жабыны бар 5,1 мың км жол бар.
Азаматтық авиация ұзындығы 27 мың км ауа белдеулерінде жұмыс істейді. Облыс
орталығы халықаралық Орынбор-Ташкент және Түркістан-Сібір магистральдарының
тоғысында орналасқан. Сонымен қатар, облыс аумағы арқылы Ташкент-Шымкент-
Тараз-Алматы және Ташкент-Шымкент-Түркістан-Самара автомагистральдары өтіп
жатыр.
Ерте кездердің өзінде Оңтүстік өңірі, оның Отырары мен Түркістаны,
Сайрамы мен Шымкенті, тағы басқа қалалары, Қаратауы мен Алатауы, Мырзашөлі
мен Қызылқұмы, Созағы мен Қазығұрты, Сырдариясы мен Арысы сиякты таулары,
өзен, сулары, жазиралы далалары, берекелі құмдары баршаға мәшһүр болған.
Тіпті әріге кететін болсақ, Қаратаудың күнгей және теріскей беттері
адамзаттың бұдан миллион жыл бұрын мекен еткен жерлері екендігі ғылыми
тұрғыдан дәлелденген. Оңтүстік өлкесі - небір қасиетті, әулие ата-
бабаларымыздың кесене-күмбездері, тарихи-мәдени ескерткіштері неғұрлым
көбірек сақталған аймақ. Олардың әрқайсысы өз кезендерінен өзгеше шежіре
шертеді
Туризм. Тянь-Шань етегінде Ақсу-Жабағылы қорығы орналасқан. Атауының
өзі айтып тұрғандай Ақсу және Жабағылы сияқты екі өзеннен құралған. Бұл
жерде флора мен фаунаның сирек нұсқалары сақталған. Олардың көбі Қызыл
кітапқа енген. Осы себепті осында ерекше қорық құрылған. Бұл территорияның
ең керемет гүлі – Грейг қызғалдағы өседі. Бұл гүл Оңтүстік Қазақстан
облысының символы болып табылады.
Осы Ақсу-Жабағылы қорығында туризмді дамыту үшін монорельстік темір жол
қажет, яғни туристерге қорықты ыңғайлы және қызықты аралуына үлкен септігін
тигізеді.
Шардара су қоймасында туризм саласын дамытуға қолайлы жағдай бар. Осы
саланы дамыту мақсатында теңіз жағасынан демалыс аймағын салу үшін орман
қорынан арнайы 245 га жер бөлінген. Осы бөлінген аумақта жағажай шомылу,
жағажай су спорты, балық аулау, аңшылық, құм ішінде атпен, түйемен,
серуендеу, аудандағы тарихи орындарға саяхатқа шығу, құм қойнауын көлікпен
аралау (сафари), емдеу-сауықтыру орындарын ашу секілді бірнеше бағыттарды
ұйымдастыруға болады. Бұл мақсатқа инвесторлардың қаржысы керек.
Сонымен қатар, Төлеби ауданындағы Қасқасу өзенінің басындағы тау бөктерінде
тау шаңғысы базасының, сауықтыру кешендерінің құрылыстарын жүргізуге
инвесторларды тарту қажет.
Туризм жүйесінің көп қырлы функцияларының біріне рекреациялық
ресурстары жатады. Рекреациялық ресурс деп-рекреациялық сұранымды
қанағаттандыруға қазіргі технологиялық компоненті болып есептелінетін,
рекреациялық салаға тартылған объектілерді(табиғи, табиғи-этникалық геожүйе
мен оның элементтерін). Адамдардың дене және рухани күштерін, оның
денсаулығы, еңбек ету қабілетін қалпына келтіріп, арттыруға және де курорт
пен туристік қызметтегі тұтыну мен өндіруге, сондай-ақ туризмнің әртүрлі
түрлерінің сұранымдарын қанағаттандыруға қатысты қолданылатын табиғи және
мәдени-тарихи кешендер мен оның элементтерін айтамыз. Туризмде қолданылатын
мақсатты туристік-рекреациялық ресурстар катарына:
• емдік демалыс ресурстары: минералды су, климаттық жағдайларды (орман,
дала, теңіз):
• сауықгыру туризмнің ресурстары: ландшафты климаттық жағдайлар,
қолайлы жыл мезгілінің ұзақтығы, өзендік жүйесі, теңіз жағасы,
суға түсу маусымын:
• спорттық туризм ресурстары: табиғи ортаның әсемдері (жабдықталған,
әдемілілік, өзгелерге ереьапе болып көрінетін ерекшеліктер),
оның өзіне тән ерекшеліктерін өзгеге қиын, кедергілер, халықтың
сирек орналасуы, т.с.с)
• экскурсиялық туризм ресурстары:тарихи, мәдени, археологиялық
ескерткіштер, табиғаттың көрікті орындары, этнографиялық және шаруашылық
объектілер, музей және тағы басқаларын жатқызуға болады.
"Рекреациялық ресурстар" мен "туристік ресурстар" ұғымдары өздерінің
мәндерін жағынан өте жақын ұғым, олар адамдардың демалуы, мен рекреацияға,
танымдық және коммуникативтік танымдарын қанағаттандыруға қатысты
қарастырылады.

1.3 Ақсу – Жабағылы қорығының табиғи – рекреациялық ресурстары
және олардың демалыс орындары ретінде пайдалану

Рекреация - адам баласының рухани және физикалық жағынан дамуын, оның
қабілеттілігі мен сыртқы ортаға бейімделуін қалыптастыратын мотивациялық
үрдіс. Адамдық күштермен жүзеге асырылған іс-әрекеттер "рекреациялық
қызметтер" деп аталса, адамның демалуына, тынығуына жағдай жасайтын
табиғаттың көркем жерлері, нысандар "туристік-рекреациялық ресурстар" деп
аталады.
ЕҚТА-дың бағалылығы мен жарамдылығын анықтау мақсатымен туризмді
дамытуда туристік-рекреациялық ресурстарды зерттеген қазақстандық ғалым,
туризм саласын кеңінен зерттеуші С.А.Ердәулетов туристік-
рекреациялық ресурстарға келесідей сипаттама берген: "Туристік-рекреациялық
ресурстар -қоршаған ортадағы адам үшін қажетті табиғи құбылыстар мен
нысандардың өзара жиынтығы және туристік-экскурсиялық қызмет өндірісі үшін
жарамды жерлер, танымдық, спорттық-сауықтыру және емдеу туризмі арқылы
қажеттіліктерді қанағаттандыру". Сонымен бірге, аталған автор туристік-
рекреациялық ресурстар терминін анықталған аумақтағы табиғи және
антропогенді ландшафттардың үйлесімімен, технологиялық дәрежесіне сай
қоғамдық қажеттілік пен туристік-экскурсиялық қызмет көрсетуде тікелей
пайдалану мүмкіндігімен түсіндіреді.
Ресейлік ғалымдар Л.А.Багрова, Н.В.Багров, В.С.Преображенскийдің
пікірінше, "табиғи-рекреациялық ресурстар - рекреациялық іс-әрекет үшін
көптеген қасиеттерге ие табиғи құбылыстар, табиғи және табиғи-техникалық
геожүйелер, сонымен қатар, адам денсаулығын жақсартуға арналған және
демалуын ұйымдастыру үшін белгілі бір уақыт аралығында қолданылатын
нысандар" .
Ал біздің көзқарасымызша, табиғи-рекреациялық ресурстар - әлеуметтік
жағынан, адам денсаулығын жақсартуға мүмкіндігі бар, экологиялық жағынан
республиканың ерекше құнды табиғи аумағын табиғи түрде сақтауға
жұмылдыратын, экономикалық тұрғыдан, республика бюджетіне қосымша табыс пен
пайда алып келетін, халықтың өмірлік тұрмысын жақсартатын дауажайлық,
танымдық, экскурсиялық мақсатта қолданылатын, ғылыми, эстетикалық, тарихи-
кесенелік, рекреациялық маңызы бар, толық немесе жартылай шаруашылықтан
босатылған бағалы жерлер.
Табиғи-рекреациялық ресурстарды экономикалық тұрғыдан бағалауда
А.А.Минц аталмыш ресурстардың негізгі екі тобын бөліп қарастыруға мүмкіндік
беретін табиғи көзқарасқа жүгінуді ұсынды. Бұл дауажайлық-шипажайлық емдеу
және туризм мен демалудың табиғи ресурстары. Ерекшеліктері келесідей:
туризм мен демалудың табиғи-рекреациялық кешені табиғи, экологиялық,
әлеуметтік және экономикалық көрсеткіштердің жиынтығынан түрады, оның
ішінде адам сырқаттанғанда еңбекке деген қабілетінің жойылуына жол бермей,
мемлекеттік әлеуметтік сақтандыруға, емханада емделуіне және т.б.
жүмсалатын қаржыны үнемдеуге бағытталады. Осы жерде экономикалық бағалаудың
өлшемі табиғи ресурстарды рекреациялық пайдаланудың әлеуметтік-экономикалық
тиімділігі болса, оның көрсеткіші тиімділіктің ақшалай өлшемі больш
табылады.
Сапалық көрсеткіштерге нысандар мен пейзаждардың тартымдылығы мен сұлу
келбеті есептеледі. Бұл тәсіл рекреациялық ресурстарды бағалаушы құрал
ретінде келесі әдістерге негізделеді:
табиғи ресурстар құнын анықтау немесе ақшалай бағалау - оны игерумен, ұдайы
өндірілуіне жұмсалатын шығынға тікелей байланысты деген қағидамен
ұштастырылған шығындық әдістер. Бұл әдіс демалушылардың көлік шығындарымен
қоса қала маңындағы демалыс аймағын бағалауда да қолданылады. Демалыс
орынына бару үшін, туристер жол шығынын көтереді. Келушілердің шығыны
бойынша рекреациялық ресурстарды бағалаудың бұл әдісінде келетін пайда
ескерілмей, керісінше тек көліктік шығындардың өтелуі ғана ескеріледі;
ренталық тәсілге негізделген әдістер. Демалыс пен туризм тұрғысынан,
дауажайлық-шипажайлық емдеуді ренталық бағалау тек шырайлы жерлердің
дифференциалдық рентасын анықтаумен шектеледі.
Дифференциалдық рента І-дің түзілуі рекреациялық аймақтардың,
минералды сулар, емдік балшықтардың, бастау көздерінің табиғи құндылығының
алуандылығымен, сұраныс аудандарындағы орналасу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБИҒИ РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ
Шығыс Қазақстан облысының ірі өзендері
Туризмді дамытуға барынша қолайлы аудандар шығыс аймақта
Оңтүстік Қазақстан облысының рекреациялық ресурстарына табиғат компоненттерінің ықпалы
Оңтүстік Қазақстан облысының халқы мен оның әлеуметтік жағдайы
Шалқар курорттық зонасының экологиялық жағдайлары
ТУРИСТІК- РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ АУМАҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ
Туризм индустриясына басқа экономика салаларының экономикалық бағыныштығы
Қостанай облысындағы ішкі туризм
Рекреациялық әлеуетті экономикалық тұрғыдан бағалау
Пәндер