Тележурналистика
Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Журналистердің адамдармен қарым.қатынасы
2. Әлемнің кереметтері
3. Қазіргі фильмдер
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Тележурналистика бұқаралық ақпарат құралдарының бір саласы, соның ішінде орасан зор мүмкіндіктерді иеленетін жүйе. ХХІ ғасыр адамзат игілігіне ұсынған ұлы жаңалығы адам баласының көзқарасына, ой – санасына тікелей әсер ететін идеологиялық құрал. Рухани нәр мен эстетикалық әсер беретін өнердің өзгеше бір түрі. Қазіргі таңдағы уақыт аясынан «ақпарат ғасыры» деген ұғымды иеленіп отырған кезеңде тележурналистиканың ақпарат кеңістігінен алатын орны айрықша.
Тележурналистің көпшілікпен сырласуы, өзімен - өзі кеңесетін шақтары қашанда қоғам, ел мүддесімен, адамзаттың көкейкесті арманымен ұштасып жатады. Тележүргізуші жүрек түбінде өзін толғантқан сырын өзгеге айтады. Телехабарда автор тақырыбын тереңнен толғап, содан әлі өзгелер көрмеген шынайы көріністі табу жолында ізденіске түседі. Әңгімелеуші өз ойын, айтайын дегенін әңгімеу кезінде сарықпай тынбауы тиіс. Хабар барысында жүргізушінің тақырып өзегінен шықпай, әңгіме көпшілікке мейлінше ұғынықты, ықшам айтылуы тиіс. Қосалқы сөз, артық тіркес болмауы, әңгімелеушінің айтамын дегенін жеріне жеткізіп, шағын көлемде шебер суреттелуі – парыз. Кадрдан тыс мәтін не жүргізушінің сөйлеуі көпке ұғынықты сөйлемдерге құрылғаны жөн. Бұл көрерменнің көрініс пен мәтінді есінде ұстап қалуына, әрі хабар туралы өзіндік пікір қалыптастыруын туындатады. Жүргізушінің аудиториямен жанды байланысында оның тілге жетіктігі мен майда биязы қоңыр үнді көрермендерді теледидар алдына көптеп тартады. Әрі хабарды жүргізу кезіндегі қонақтардың талғам таразысының қандай екендігінен жүргізушінің хабардарлығы да студияда жылы байланысқа негіз негіз қалап отырады.
Көрермендерге экранда оқиғаны хабарлау кезінде фактілер мен теориялық тұжырымдар, салыстырулар мен дәлелдердің, көрнекі суреттердің мол болуы аудитория мен студия арасын жақындыстыра түседі. Өйткені фактіні іріктеу, оны сөзбен суреттеу кезінде автордың тақырыпқа шын жетіктігі айқындалып, ашыла түседі. Көрермендер жылдар өткен сайын рухани жағынан өсіп – жетіліп, байыпты бола бастады.

1. Амандосов Т. Публицистика – дәуір үні. – Алматы: Қазақстан. – 1974
4. Барманқұлов М. Телевизия: бизнес, әлде билік? Алматы: Қазақ университеті. – 2007
5. Тұрсын Қ. Қазақ тележурналистикасы: қалыптасу, даму проблемалары. Алматы: Білім. – 2006
6. Абас– Шах С. Өзім және телевизия туралы. Алматы – 2006
7. Тұрсын Қ. Көгілдір экран құпиясы. Алматы – 2004
8. Жақып Б. Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары. Алматы: Білім. – 2004
9. Жақан С. Сөйлеу техникасы. Алматы – 2005
10. Әбдіжәділқызы Ж. Тікелей эфир табиғаты. Алматы: Қазақ университеті. – 2003
11. Назарбаев Н. БАҚ туралы. Егемен Қзақстан. – 2001
12. Омашев Н. Қазақ радиожурналистикасы. Алматы: Қазақ университеті. –1992
13. Әлем. жинақтар топтамасы. Алматы. – 1990
14. Амандосов Т. Совет журналистикасының теориясы мен практикасы. Алматы: Мектеп. –1978
15.Смайылов К. Деректі фильмнен үлкен фильмге дейін. Алматы. - 2004

Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Журналистердің адамдармен қарым-қатынасы
2. Әлемнің кереметтері
3. Қазіргі фильмдер
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Тележурналистика бұқаралық ақпарат құралдарының бір саласы, соның
ішінде орасан зор мүмкіндіктерді иеленетін жүйе. ХХІ ғасыр адамзат
игілігіне ұсынған ұлы жаңалығы адам баласының көзқарасына, ой – санасына
тікелей әсер ететін идеологиялық құрал. Рухани нәр мен эстетикалық әсер
беретін өнердің өзгеше бір түрі. Қазіргі таңдағы уақыт аясынан ақпарат
ғасыры деген ұғымды иеленіп отырған кезеңде тележурналистиканың ақпарат
кеңістігінен алатын орны айрықша.
Тележурналистің көпшілікпен сырласуы, өзімен - өзі кеңесетін шақтары
қашанда қоғам, ел мүддесімен, адамзаттың көкейкесті арманымен ұштасып
жатады. Тележүргізуші жүрек түбінде өзін толғантқан сырын өзгеге айтады.
Телехабарда автор тақырыбын тереңнен толғап, содан әлі өзгелер көрмеген
шынайы көріністі табу жолында ізденіске түседі. Әңгімелеуші өз ойын,
айтайын дегенін әңгімеу кезінде сарықпай тынбауы тиіс. Хабар барысында
жүргізушінің тақырып өзегінен шықпай, әңгіме көпшілікке мейлінше ұғынықты,
ықшам айтылуы тиіс. Қосалқы сөз, артық тіркес болмауы, әңгімелеушінің
айтамын дегенін жеріне жеткізіп, шағын көлемде шебер суреттелуі – парыз.
Кадрдан тыс мәтін не жүргізушінің сөйлеуі көпке ұғынықты сөйлемдерге
құрылғаны жөн. Бұл көрерменнің көрініс пен мәтінді есінде ұстап қалуына,
әрі хабар туралы өзіндік пікір қалыптастыруын туындатады. Жүргізушінің
аудиториямен жанды байланысында оның тілге жетіктігі мен майда биязы қоңыр
үнді көрермендерді теледидар алдына көптеп тартады. Әрі хабарды жүргізу
кезіндегі қонақтардың талғам таразысының қандай екендігінен жүргізушінің
хабардарлығы да студияда жылы байланысқа негіз негіз қалап отырады.
Көрермендерге экранда оқиғаны хабарлау кезінде фактілер мен теориялық
тұжырымдар, салыстырулар мен дәлелдердің, көрнекі суреттердің мол болуы
аудитория мен студия арасын жақындыстыра түседі. Өйткені фактіні іріктеу,
оны сөзбен суреттеу кезінде автордың тақырыпқа шын жетіктігі айқындалып,
ашыла түседі. Көрермендер жылдар өткен сайын рухани жағынан өсіп – жетіліп,
байыпты бола бастады.
1.Журналист адамдармен қарым – қатынас жасай жүріп, өмірдің таңғажайып
сырларына қанығады, өзінің ой – түйсігін тереңдетеді. Бұл журналисті
байқағыштыққа тәрбиелейді, ойдан ой туғызуға көмектеседі, рухани әлемінді
байытады. Маман ретінде басқа жұрттан ерекшелігіңді байқатады. Өзгелер
аңғармағанды журналистің аңғаруына қалыптастырады.
Қазіргі заманғы тележурналистикада әлеуметке ықпал ететін,
көрермендерге бағыт бағдар сілтейтін мүмкіндіктер молынан ұшырасады.
Теледидар бағдарламаларындағы ықшамдылық, өткірлік, айқындылық, маңыздылық
тележурналистикаға қойылар басты шарттар. Қрапайым хабардың өзі
телепублицистикалық үнмен естіледі, оқиғалық ақпарат қоғамдық пікірді
қалыптастырады, информациялық заметка да публицистикада басқаша көрініспен
танылады - дейді, Е. Прохоров. Минут, сағат сайын сан – саладан ағылып
жатқан ақпараттар тасқынында өткір де маңызды идеялар мен пікірлер мол.
Бізде хабар авторы елеулі проблеманы алып, соны экранға шығарғанымен де,
оны тиімді, әсерлі жеткізу жолдарын іздестіре бермейді. Шағын сюжет не
көлемді хабар болсын, онда тақырып актуальді, тосын, тың, маңызды болып,
қоғамның мәнді проблемасын өзіне өзек етсе, әрі ол автордың тақырыпты жан –
жақты аша білуімен іштей қабысса, көрермен де сырт қалмайды.
Хабардың тақырыптық ауқымы мол, идеялық деңгейі биік, әлеуметтік
философиялық мазмұны терең алынуы қажет. Көркем жанрдың үлесі тек сыр шерту
емес, сонымен қатар үлкен әлеуметтік, қоғамдық, тіпті бүкіл адамзаттық
тақырып бойынша азаматтық үн көтеру, терең ой толғау, заман кеселін қозғау
болуы керек - ті. Теледидарда барлаушыға тән – тапқырлық, ғалымға тән –
тереңдік, білгірлік, күрескерге тән – табандылық, істі ақырына дейін апара
білетін алғырлық, батылдық болуға тиіс. Автор мен редактор, жүргізуші мен
режиссер – оператор түсірілмек тақырыпты егжей – тегжейлі танымақ керек. Ал
қолына микрофон ұстаған тележүргізуші байқау да, байыбына бару да оңай,
өтіп жатқан күнделікті өмір ғой деп ойлайды. Қазіргі заман оның кейіпін
көріп, біліп қоюда ғана емес, ол ұшқыр қиялға нәр беретін, әрі түрлі
деректердің көзге көрінуге тиіс ішкі үндестігін тап басып тануда. Бүгінгі
күннің тұтас көркем суретін көңілге таңбалау, оны ақыл – ой қазанында
қайнатып, экран көзіне лайықтап, шынайы картина дәрежесіне жеткізу үшін
өмір тұнығына терең бойлау керек.
Сценарийде бейнелердің типтік мінездерін жасау кезінде автор
өмір шындығын бұрмаламай, кездейсоқ емес, шыншыл құбылыстарды көре білуі
шарт. Шеберлік ең алдымен осыдан баасталады. Сценарийдегі нақты кейіпкерлер
арқылы автор белгілі бір заманның, әлеуметтік ортаның жетекші
ерекшеліктерін танытуы тиіс. Кейіпкерді өмірде кездесетін түрлі қиындықты
жеңу жеңу үстінде көрсетсем ниет, кей сәттерде өмірдің көлеңкелі жағын баса
суреттеуге жол беріп жатады. Өмір шындығы – жаңа өмірді, жаңа көзқарасты,
жаңа қарым – қатынасты орнықтыру тұрғысынан бейнеленеді.
Теледидар бағдарламаларының тақырыбы жағынан өте ұнамды, ал мазмұны
жағынан көрермендерге мейлінше ұғынықты болуы – экран шарттылықтарының
бірі. Тақырып өмірдің өзіндегі бар құбылыстар мен әрекеттерден туындайды.
Саяси мәні бар, кезең қойып отырған міндеттерге жауап беретін, жұрттың
назарын аударатын тақырыпты таңдай білу аса қажетті шарт, - дейді
профессор Т. Амандосов.
Эфирдегі телехабардың берер тағылымы мол. Ұлттық діл, ұлттық сезім,
ұлттық сезім, ұлттық рух, ұлттық тәрбие, ұлттықсана, ұлттық болмыс – бітім
бойымызға ананың сүтімен, әженің тілімен, ата – бабамыздың салт –
дәстүрімен қалыптпсса, соны сырт елге бар артықшылығымен танытуда
телеэкранның атқаратын қызметі ұшаң – теңіз.
Аға ұрпақтың өкілдері атасы мен әжесінің аңыз – ертегілерін тыңдап,
олардың сөз саптау, ой құрау мәнерін көріп, таза қазақы ортада өсті. Ал
соңғы кездері ұлттық тәрбиелік орта қалалық жерлерде жоқ деуге болады. Осы
тұрғыдан, жас ұрпақтың мәңгүрттену бағдарының одан әрі жалғасуын тоқтату,
оларды халқымыздың рухани дүниетаным негіздерінен ажырап қалмау ісінде
ақпарат құралдарының, соның ішінде теледидардың атқарар рөлі зор. Теледидар
кеше де, бүгін де шын мәніндегі көгілдір тәрбиешіге айналып отыр. Тек,
жастарымыздың ғанаемес, ол күллі елдің тәрбиешісі болуда. Ақпарат құралдары
арқылы халық санасына кез келген идеяны сіңіруге болатындығы дүниежүзілік
тәжірибеде толық дәлелденді. Демек, қазақ халқының ұлттық қайта жаңғыруы,
оның бірігуі, ұйысуы, мемлекеттігін нығайтуы сияқты аса күрделі қарекеттер
ақпарат құралдары арқылы жете түсіндірілгені орынды. Осы бағытта
теледидарға жүктелер мәдени – рухани шаралар ұшаң – теңіз. Соған орай,
кезінде халық ықыласын өзіне еріксіз тартқан Шаңырақ, Алтын сақа атты
сауықтық – тағылымдық көрсетулердің бергені мол. Бұлар бір жағынан қызықты
ойын – тамаша ретінде қабылданса, екіншіден ойын – сауық ретінде
көпшілікке, соның ішінде жас толқынға халық тарихынан, оның салт –
дәстүрлері мен ұлттық рухына тән ұғым – түсініктерінен маңызды деректер
беріп, оны ұрпақ санасына сіңіру арқылы қыруар тәрбиелік жұмыстарды
жүргізді. Бұндай бағдарламалар алты жасар баладан алпыстағы кәріге дейін,
үлкенді – кішілі толық қамтитын бағдарлама. Соңғы жылдары жас ұрпақтың
белгілі бір бөлігінің ұлттық тәрбиелік ортадан тыс өмір
сүруі, мәңгүрттенуі сияқты келеңсіз құбылыстармен қатар, қазақ отбасында
халқымызға жат, жағымсыз құбылыстар жиі кездесетін болды - дейді, Ш.
Битаева. Бүгінгі жас балдырған ертең еліміздің тұтқасын ұстайтын азамат
болады.
Көгідір экран арқылы аудиторияға хабар таратудың маңыздылығы орасан
зор. Жаңа ақпарат ғасыры кезеңінде жоғары дәрежеде дамыған технологияның
көмегімен, қоғамдық көңіл – күйде, қарқынды түрде эволюциялық процесс жүріп
жатыр. Сондықтан теледидар табиғаты, тележүргізушінің қызметі қандай деген
мәселенің алдыңғы кезекке шығаруы заңды болып табылады. Жаңа ақпараттық
ғасыр кезеңінде электрондық бұқаралық ақпарат құралдарыкөпшіліктің
дүниетанымын, өзіндік көзқарасын қалыптастыруда ерекше белсенділік танытып
отыр. Өйткені бүгінде әлем тез өзгеріп, тез жаңаруда. Адамзат өркениетінің
әлемдік даму эволюциясы жеке адамның сезіміне ақпараттың барлық түрімен
әсер етуде.
Теледидар өз бойына театр мен киноның, баспасөз бен радионың сан
қырын тоғыстырған синкретті өнер түрі болғандықтан, оның табиғатының да
күрделілігі өз - өзінен айқындала түседі. Ол тележурналистиканың негізгі
бейнелеу элеметтері жанды көрініс пен дыбыс, мәнерлі сөз арқылы
аудиториямен байланыс орнатады.
Теледидарда көркемдік, публицистикалық сарын жалпы журналистиканың
заңдылықтарынан туындайды. Телеэкрандағы хабарлардың көркемдік деңгейі,
ішкі құрылымының қуаты, кіріспе сөздерден бастап шарықтау шегіне, шешім
табуына дейінгі сыңарлар әрбір бағдарламаның өн бойынан көрініп отыруы
тиіс. Мысалы, теледидардың әдеби – драмалық хабарларында әдебиетке тән
көркемдік тәсілдер барынша еркін сақталып қолданылады. Эфирдегі көрініспен
қатар естілетін не сөйленетін сөздің дыбыс мүмкіндіктеріне, дауыс ырғағына
қарай құбылып, әсер, ықпалының арта түсетінін ескерсек, қойылымдардағы
әдіс, тәсілдер сөздің реңін ашып, ойдың бейнелі түрде көрермендерге
эстетикалық ләззат беріп, құлақтан кіріп, санаға сіңіп қалатындай көркем
дүниелер ұсынуына мүмкіндік туғызады. Хабарлар тілінің шұрайлылығы, онда
троптардың (эпитет, метафора, антитеза, теңеу, аллитерация, гипербола т.б)
мол қолданылуы бір мезгілде көрермендердің санасына ғана емес, сезіміне де
әсер етеді. Сондай – ақ, теледидардың акустика мен бейнеге қатар ие
екендігін ескерсек, хабардың көрерменді әсемдік әлемімен бірге тәрбиелік
қасиеттерге үндейтіні ақиқат.
Теледидарда бір бөлшек өз міндетін нақтылы атқармаса, ондағы хабар
толыққанды болып шықпайды. Тележурналисте тарих, мәдениет, ғылым туралы
жүйелі ой, толымды пікір болмаса, мұның түйіні – теледидардың өз
аудиториясын жоғалтуына әкеліп соғады. Радиолампаны ойлап табушы,
американдық Ли де Форестаның сөзімен айтсам: ... Сіздер менің балаларыма
не істедіңіздер. Ол қоғамның дамуы, әрі әсем музыка мен мәдениетті
насихаттаудың өткір қаруы түрінде ойластырылған болатын. Сіздер, оларды
көшеге шығарып, тобырдан ақша жинауға дейінгі дәрежеге дейін
жеткіздіңіздер. Осыған орай, бүгінде теледидардың қоғамдық тәрбиешілік әрі
ағартушылық рөліндегі маңыздылығы ойлантады, көпшілікті алаңдатады.
Телебағдарламада ойдың әмбебап ие болуының хабарламаны аудиторияның
қабылдауына тигізер әсері зор. Көрермен сезімінде теледидарда көрсетілген
көркем фильмнің қабылдануы кинотеатрдағыдан өзгеше. Талғамдық жағынан
теледидарда көңіл – күйге әсер етушілік кинодағыдан үстем. Ол репродукция,
фильмнің ішкі құрылымын өзгерту, көркем полотно, симфония, эстрадалық
концертті қабылдау үрдісі кезінде оны қайта жасауға тіптен құдіретті.
Теледидардың комуникативтік міндеті, оның аудиториямен тікелей қатынас
кезеңінде көрерменнің түрге деген қызығушылығын тудыратындығын осыдан
байқауға болады. Олардың кейбіреулері мыналар: телеқабылдау кезеңінде
көпсериялылықтың бұлдыр сағымтүзуі; қабылдаудағы тұрақсыздығы; ұзақтығы;
деректілігі; айдар тізбектің телефильмің әсер ету тетігіне сүйенуі.
Айырмашылығы, тізбек әлде айдар тақырыбына біріккен кез келген хабарлама
сюжеттік жағынан тұйық әрі шексіз мүмкіндікке ие. Тәжірибеде телетізбек не
айдардың ұзақтығы тақырыптың мазмұнына да қатысты.
В. Вильчек, А. Вартанов, Ю. Богомолов, Р. Копылова т.б зерттеушілер,
теледидардың қайталампаздық әмбебаптығын, телехабарламаның өзіндік
эстетикалық маңызды алғы шарты деп бағалап, әрі теледидарды өнердің өзінен
бұрынғы түрлеріне мәнерлік әсерін сезінетіндігін мойындайды. Шын мәнінде,
уақыт өткен сайын теледидар көпшілікпен бірте – бірте жақындасу сатысын
бастан өткеруде. Сонымен бірге экранда көрермен, шығарма және суретшінің
шынайы қатынасы іштей түсіністікке ұласып, ол өзара жымдаса түсуде. Осының
нәтижесінде теледидардағы айшық әрбіріміздің сырбаздық сезімімізге күн
сайын өзгеше бір айқындықпен әсер етуде.
Телевизионная журналистика оқулығында тележурналистиканың жеті
түрлі функциясын атап көрсетеді. Олар: ақпараттық функция, қарым – қатынас
жасау функциясы, тәрбиелеу функциясы, үгітшілдік, насихатшылдық,
ұйымдастырушылық функциясы, интегративтік функциясы, мәдени – ағартушылық
функциясы, рекреативтік функциясы.
Менің жұмысымның негізгі өзегі интегративтік функция болып табылады.
Яғни, интегративтік функцияның атқаратын қызметі адамзатқа тән
құндылықтарды адамзат баласының (адамға қатысы бар) бойына сіңіру, соның
бәрін кез келген адамға қатысы бар дүние екенін ұғындыру. Өмірдегі
таңғажайып нәрселерге етене араласып одан ешкімді шет қалдырмау. Әлбетте әр
көрермен талғамы әр түрлі. Интегративтік (шоғырланған, бірлескен) функция
теледидарда хабар таратудың барлық бөлімінен жасалады. Публицистика, көркем
өнер, спорт және тағы басқа функциялармен тығыз байланысты.
Осы жерде адамзатқа тән құндылықтар дегенге түсініктеме беріп кетсем.
Адамзатқа тән құндылықтар ол: халықтың ұлттық тілі, ұлттық мінез – құлқы,
ерекше адамгершілік қасиеттері, ауызша – жазбаша ұлағатты тәлім – тәрбиелік
мәні бар даналық өсиеттері, мақал – мәтелдері, әдеби және музыкалық
шығармалары, салт – дәстүрлері, ділі мен діні, ойындары, мерекелері,
халықтың еңбек құралдары, сәулет өнері, кәсібі, киімдері, тұрмыстық тұтыну
заттары мен құралдары, қолданбалы өнері және т.б.
Мысалы, сәулет өнеріне жататын әлемнің жеті кереметі бүкіл адамзатқа тән
ортақ құндылық. Оған Мысыр пирамидалары, Вавилонның аспалы бағы, Эфес
Артемидасының ғибадатханасы, Галикарнас мавзолейі, Радос алыбы, Александрия
маягі, Олимпиядағы Зевс мүсіні жатады. Және де Тәж – Махал Ақ дидарлы
кереметі мен Ұлы Қытай қорғанын осы тізімге жатқызамыз. Аталған әрбір
кереметтің өзіне тән тарихы бар.
Бірінші керемет
Жер бетінде ең танымал ескерткіш – Мысыр пирамидалары. Мысырдағы
перғауындардың (фараон) төртінші әулеті – Хафу (Хеопс) мен Хафраға (Хефрен)
орнатылған зәулім қабыр уақытқа да, жаулаушыларға да мыңқ етпестен төтеп
беріп келеді. Пирамидалар салынғаннан кейін Мысыр мемлекеті үш мың жылдай
өмір сүрді. Талай перғауын мен патша тақтан тайды, алайда, Мысыр
мәдениетінің бастауында дүниеге келген пирамидалар өз еліндегі ғана емес,
бүкіл дүние жүзіндегі ең құдіретті ғимарат болып қалуда. Пирамидалардың
биіктігі 137 метірлік зәулім ғимараттың әрқайсысы мұқият өңделген 2300000
мың әктастан қаланған. Ешқандай механизімсіз тек қана сына мен тасбалғаның
көмегімен Нілдің жағасындағы тасқазбадан опырып алынған шомбал тастар сол
жерде өңделіп, папирус арқандардың көмегімен суға жеткізілетін болған.
Сосын құрылыс алаңына әкелініп, одан әрі пирамиданың биіктігімен бірге
көтерілетін көлбеу төбе арқылы шың басына шығарылып отырған. Герадоттың
айтуы бойынша пирамида жиырма жыл бойы салынған. Құрылыс жұмысымен бір
мезгілде жүз мың адам айналысып, олар әрбір үш ай сайын ауыстырылып
отырған. Бұлардың ішінде үш айда қанша адамның тірі қалатынын перғауынның
жазғыштары ғана білген. Құрылыстың әрбәір кезеңін суретшілер бейнелеп
қалдырып отырған, оны бүгінгі археологтардың ізденістері дәлелдеуде. Сол
секілді жұмыр басты пенденің ой – қиялын өзіне табындырып қою үшін тірі
құдай – перғауын о дүниеден тыныш орын алмақ болды. Сонда, ондай тұрақ неге
пирамида болуы керек? Қалайда, біреудің пирамиданы ойлап тауып, ірге салып,
құрастыруы керек? Мұндай құрылысты жүзеге асырған Имхотеп. Өзінің іскерлік
қабілеті мен атқарған жұмысы жөнінен Имхотеп әмбебаб, әрі дарқан жанды
данышпан. Ол – үшінші әулеттің іргесін қалаған Джосерге (біздің заманымызға
дейінгі үш мыңыншы жылға жуық) замандас. Имхотеп ойлап тапқан пирамиданың
бітімі мынадай еді. бұрынғы дәстүрлі қабір – мастабаның үлгісіндегі орасан
зор пирамиданың үстіне бір саты кішірейіп екінші пирамида орнатылатын.
Осылайша алты рет бір – бір сатыдан кішірейе қаланған пирамиданың биіктігі
жетпіс метірге жеткен. Имхотеп даналығы тек қана құрылыс жұмысында танылып
қоймаған. Көне замандағы көптеген данышпандар сияқты, Имхотеп те әулиешіл
бола жүріп, ұрпақтар есінде ұлы балгер, сиқыршы ретінде қалған. Өйткені,
ғылымның бастау кезінде ғұмыр кешкен ғалымдардың өмірі міндетті түрде
балгерлікпен астасып жататын.
Екінші керемет
Вавилонның аспалы бағы пирамидаға қарағанда жастау. Ол салына
бастағанда жұртшылық Одессеяны құныға тыңдайтын, грек қалалары самсап
ірге көтере бастаған. Соның өзінде бұл бақ грек әлеміне қарағанда Мысырдың
көне дүниесіне әлдеқайда жақын. Біздің жыл санауымызға дейінгі 331 жылы
Вавилон тұрғындары македондықтарға елшілерін жіберіп, Вавилонға бейбіт
ниетпен кіруін өтінеді. Александр әлемнің айтулы қаласының құлдырай
бастаған кезіне тап болса да, оның байлығы мен салтанатына қайран қалып,
біраз аялдайды. Вавилон александрды азат етуші ретінде қарсы алады. Алайда,
ол бағындыруға тиісті байтақ әлем әлі де алда болатын. Арада он жылға толар
– толмас уақыт өткенде, дүниені алаң еткен жағдайдың жайы белгілі бола
бастайды. Осы кезде Александр ауырып қалады. Ауруы асқынған кезде оның
жанына сая болар Вавилондағы жалғыз орын есіне түседі. Сонда, әлі де ұлы,
әлі де тірі қалпындағы Александр, мәңгілік сапарының соңғы аялдамасында,
өзін аспалы баққа жеткізуді бұйырады. Осы бақты салдырған Навуходоносор.
Дүние жүзінде тұңғыш рет махаббаттың құрметіне салынған айтулы монументті
де Вавилон әлемге әйгіледі. Вавилонның қос арба қатар жүре алатын жүз
метрлік қорған қабырғасының үстінен көгілдір желектей болып ағаш бағы
көтеріледі. Осы бақта жүріп, ол өзін бақытты сезінді ме екен? Александр
бақытсыз болатын. Ол өлім мен өмір арасында арпалысып жатты. Барлық арманы
әскерін алға бастап шығу еді. сол арманына жете алмай көз жұмды. Александр
өлісімен, кешікпей – ақ оның империясы быт – шыт болды. Әлем астанасы болу
Вавилонға бұйырмады. Қала бірте – бірте өмір нышанын жоғалтып, қаңырай
бастады.
Үшінші керемет
Эфес Артемидасының ғибадатханасы туралы дау тым ертеден басталған.
Грек әлеміндегі ең дамыған, байлыққа бөккен, оған қоса Шығыс мәдениетімен
толыға құлпырған Эфес қаласы Иониядағы грек қалаларының ішіндегі
көрнектілерінің бірі болатын. Ғибадатхана әлденеше рет салынды. Алайда,
ағаш тез тозып, өртке шалынып немесе осы төңіректе жиі болып тұратын жер
сілкінісінен зардап шеге беретін. Сондықтан да, біздің жыл санауымызға
дейінгі VI ғасырда қаржы мен уақыттың бет – жүзіне қарамастан қамқоршы
құдай – ананың құрметіне айтулы тұрақ салу үшін шешім қабылданады. Мұндай
шешімнің қабылдануына айтулы құрылысқа қолғабыс тигізуге уәде берген көрші
қалалар мен мемлекеттердің де ықыласы себепші болады. Осы ғибадатхана
туралы салынып біткен соң, бірнеше жүз жылдан кейін қалам тартқан Плиний
былай дейді: ... мұны жиырма жеті патшаның сыйын білдіретін жүз жиырма
жеті колонна қоршаған. Бұл құрылысты саларда архитекторға, суретшіге
немесе мүсіншіге тапшылық болмаған. Ең үздік жоба ретінде әйгілі
Херсифронның еңбегі қабылданған. Ол ғибадатхананы мәрмәрдан салуды және сол
кездегі Иония диптерінің шартымен үйлесе бермейтін қос қатар мәрмәр
колонналармен қоршауды ұсынады. Архитектор ғибадатхананың ұзақ ғұмырлы
болуына ден қояды. Ұлы Херсифроннан дәрмен кеткен кезде, көмекке
Артемиданың өзі келген; өйткені осы құрылысқа пейілді өзі ғой. Қанша
әрекеттенсе де Херсифрон тас табалдырықты орнына қоя алмайды.
Ғибадатхананың бітуін Херсифрон көре алған жоқ. Ғибадатхана шамамен біздің
жыл санауымызға дейінгі 450 жылдары салынып бітті. Тек қана даңқ үшін,
мәңгілік атақ үшін салынғанына жүз жылға жетер – жетпес уақыт болған
ғибадатхананы Герострат өртеп жіберді. Бұл эфестіктердің бірінші
ғибадатханасы болатын. Осыдан кейін олар ғибадатхананы қайта салуға бел
буады. Екінші ғибадатхананы архитектор Хейрократ салады. Демек, бұрынғы
жасалған істі қайталап шықты. Ғибадатхананың ішіне Пракситель мен Скопастың
қолынан шыққан тамаша мүсіндер қойылады. Мұндағы суреттер тіптен ғажайып
болатын. Арадағы ондаған жыл өткенде Иониядағы айтулы ғибадатхананың соңғы
нышаны өзен ағындысының астына түсіп көзден ғайып болды. Бара – бара оның
тұрған орны да ұмытыла бастады.
Төртінші керемет
Галикарнас мовзолейі екінші Артемида ғибадатханасымен бір кезде
салынған. Екуінің де құрылысы мен әрлеу жұмыстарын атқарған шеберлері бір
еді. Олар өз заманының әйгілі шеберлері болатын. Салыстыра айтар болсақ,
бұл мавзолей де Вавилонның бағы мен үндінің Тәж – Махалы сияқты махаббаттың
белгісі ретінде дүниеге келген. Қалай болғанда да, бұл патшаны Карияда жан
– тәнімен сүйген бір адам болған. Ол - әрі туған қарындасы, әрі әйелі
Артемисия еді. Мавсол жиырма төрт жыл патшалық құрып дүние салғанда,
Артемисия да қайғыдан мерт болған. Артемисия өзінің күйеуін өліп - өшіп
жақсы көрді деген сөз бар, - деп жазады Авл Геллий, - мұндай махаббатты
айтып жеткізу былай тұрсын, әлемдік шежіреден бұған тең түсер сезімді
ұшырату қиын... Патша дүние салғанда Артемисия мәйітті құшып, көзінің жасын
көлдеткен қалпы, от құшағына берілетін табытпен бірге өзін де ғажайып
салтанатпен алып жүруге бұйрық береді. Мұнан әрі қасірет шеге жүріп,
мәйіттен қалған күлге жұпар септіреді де, тостақтағы суға салдырып ішіп
қояды. Оның көз жұмған күйеуіне деген өлшеусіз махаббаты мұнымен де
басылмайды. Кейін байлықтың бет – жүзіне қарамастан марқұм болған күйеуінің
құрметіне тамаша мазар салдырады, онысын әлемнің жеті кереметінің санатына
қосылады. Галикарнас озбырының мазарын архитекторлар төрт бұрышты етіп
салады да, бірінші қабатын Мавсол мен Артемисияның мүрдесіне айналдырады.
Мазардың төңірегіне арыстандар мен шауып келе жатқан салт аттылардың мүсіні
орнатылған. Мавзолейдің бар болмысы классикалық грек өнерінің ең соңғы
шырқап салған әніндей болатын. Ерекше әсемділігіне орай оның байлығы мен
сән – салтанаты да олқы соқпаса керек. Тіптен, сурет – жобасының өзінен –
ақ парсы бейіттері сияқты ауыр да асқақ бітімі аңғарылады. Қалай десек те,
тұңғыш рет грек өнерінде бір ғимараттың бойына үш бірдей әйгілі үлгілердің
топтастырылғаны анық.
Бесінші керемет
Радостағы алып мүсін – Артимида мавзолейі мен ғибадатханасының кіші
замандасы болатын. Біздің жыл санауымызға дейінгі 304 жылы Александр
Македонский державасының мұрагері, Алдынғы Азия мен Сирия билеушісінің ұлы
– Деметрий Полиоркет Кіші Азия жағалауына тиіп тұрған шағын аралдың
тұрғындарын ұзақ уақыт қоршауға алған соң кейін шегінеді. Радос аралының
халқы осы қоршаудан әбден титықтап, қансыраған халде теңіз төріне қарай
шегініп бара жатқан кемелерге қарап тұрып, әйгілі алып мүсінді тұрғызу
туралы ойға келеді. Радостықтарға тізе бүктіру үшін Полиоркет сол кездің ең
жетілген әскери техникасын қалаға әкеледі. Қаланы қоршаған әскердің мақтан
тұтары гелеополид деп аталатын – аттамалы көпірі бар, тас ата алатын,
шабуылшыларын түсіретін алаңқайы бар қамал бұзғыш қару болатын. Темірмен
қаптап тастаған гелеополидті үш мың төрт жүз жауынгер қозғалысқа
келтіретін. Полиоркет сәтсіз шабуылдан кейін гелеополидті аралдың жағасына
қалдырып кетеді. Қажетке жарамай қалғанымен бұл қару әлемнің кереметі деуге
лайық болатын. Осы керемет қалаға қыруарпайда келтіріп қана қоймады, даңққа
да бөледі. Қалаға ағылып келіп жататын саудагерлер гелеополидті металл
сынығы ретінде сатып алу үшін үш жүз талант ұсынады. Ақыры, алып қаруды
сатады да, ақшасына қала аман қала ма деген ниетпен Родостың желеп –
жебеушісі – Гелиостың мүсінін орнатуға пәтуаласады. Мүсінді құюды Лисипптің
шәкірті, мүсінші Хареске тапсырады. Алып мүсін айлақтың жағасында ақ
мәрмәрмен өрілген жасанды төбемен бірге көтеріледі. Он екі жыл бойы мүсінді
ешкім көре алмайды. Өйткені, мүсіннің қаңқасына кезекті қола жапырағы
кигізілгенде, шеберлерге ыңғайлы болу үшін төңірегіне үйілген топырақ
биіктетіліп отырған. Жарқыраған құдай мүсіні Родосқа келе жатқан жолаушының
көзіне қиырдан шалынатын. Алайда, жарты ғасыр өткенде Родосты қиратқан аса
күшті жер сілкінісі алып мүсінді де құлатады. Жер құшып жатқан алып мүсін
тот басып, аңызға айналады.
Алтыншы керемет
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz