Тәрбие процесі мен тәрбие жүйесі



Кіріспе
1. Тән мен тазалық тәрбиесі
2. Еңбек пен өнер тәрбиесі
3. Бала тәрбиесі
4. Тәрбие процесі мен тәрбие жүйесінің
педагогикалық моноторингі
5.Тәрбиенің жалпы заңдылықтары
6. Тәрбие мақсаты мен тәрбие міндеттері
7. «Тәрбие процесі » ұғымының анықтамасы, мазмұны
8. Тәрбие процесінің диалектикасы
9. Тәрбие принциптері
10. Тәрбиенің қоғамдық бағытта болуы
Қорытынды
Пайдала нылған әдебиеттер
Қазақ халқы - рухани зор байлықтың мұрагері. Ол өзінің өресі биік, сан салалы өскелең мәдениетіне бір күнде, бір ғасырда жеткен жоқ. Осы мол қазынаның түп төркіні сонау VI-VIIІ ғасырлардағы Орхон – Енисей, ежелгі түркі жазбаларынан басталады.
Қазіргі Қазақстан территориясында жүргізілген археологиялық қазбалар біздің ертедегі ата-бабаларымыз тек мал баққан, жерін шет жаудан қорғаған батыр, жауынгер ғана емес, сонымен бірге тамаша сәулетші, мүсінші, суретші, ұста, зергер болғанын да дәлелдеп отыр. Маңғыстау түбегіндегі, Отырар маңындағы қазбалар, Шақпақ ата, Айша бибі, Қарақан, Алашахан, Қозы Көрпеш - Баян сұлу ғимараттары, Есіктен табылған «алтын адам» қаңқасы - осы айтылғандар айқын айғақ.
Ежелгі ата-бабаларымыздың күмбірлеген күміс күйімен, сыбызғы-сырнай үнімен, асқақтата салған әсем әнімен, ғашықтық (лиро-эпостық) жырымен, мақал–мәтел, шешендік сөз, айтыс өлеңдерімен сан ғасыр бойы өз ұрпағын « сегіз қырлы, бір сырлы », өнегелі де өнерлі, адамгершілік ар-ожданы жоғары, намысқой азамат тәрбиелеп келгені тарихи шындық.
Бүкіләлемдік өркениет тарихынан ерекше орын алатын, екінші Аристотель атанған әмбебап ғұлама , ұлағатты ұстаз әл-Фараби бабамыздың да Қазақстан топырағында дүниеге келіп, артына ұлан-ғайыр рухани мұра қалдырып кеткенін бүгінгі ұрпақ зор мақтаныш тұтады.
Түркі тілдес халықтарға ортақ, өшпес асыл мұра қалдырған орта ғасыр ойшылдары: Баласағұни, Қашқари, Жүгінеки, Иассауи трактаттары, сондай-ақ Алтын Орда дәуірінің ойшылдарының әр түрлі өмір құбылыстары, адам мен қоғам, жан мен тән, тыныс-тіршілік туралы терең толғаныстарының, ақыл – кеңес өсиеттерінің қазіргі жастарымыз үшін, олардың тәрбиесі үшін берері аз емес.
1. Қ. Жарықбаев , С.Қалиев «Қазақ тәлім – тәртиесі» ,Алматы,1995ж.

2. Әбиев Ж.Ә., Бабаев С.Б., Құдиярова А.М « Педагогика» , Алматы,2004ж.

3. « Қазақстан мектебі » журналы , № 2 , 2001 ж.

4. «Ұлағат » журналы, № 4 , 2003 ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
1. Тән мен тазалық тәрбиесі
2. Еңбек пен өнер тәрбиесі
3. Бала тәрбиесі
4. Тәрбие процесі мен тәрбие жүйесінің
педагогикалық моноторингі
5.Тәрбиенің жалпы заңдылықтары
6. Тәрбие мақсаты мен тәрбие міндеттері
7. Тәрбие процесі ұғымының анықтамасы, мазмұны
8. Тәрбие процесінің диалектикасы
9. Тәрбие принциптері
10. Тәрбиенің қоғамдық бағытта болуы
Қорытынды
Пайдала нылған әдебиеттер

Кіріспе
Қазақ халқы - рухани зор байлықтың мұрагері. Ол өзінің өресі
биік, сан салалы өскелең мәдениетіне бір күнде, бір ғасырда жеткен
жоқ. Осы мол қазынаның түп төркіні сонау VI-VIIІ ғасырлардағы Орхон
– Енисей, ежелгі түркі жазбаларынан басталады.
Қазіргі Қазақстан территориясында жүргізілген археологиялық
қазбалар біздің ертедегі ата-бабаларымыз тек мал баққан, жерін шет
жаудан қорғаған батыр, жауынгер ғана емес, сонымен бірге тамаша
сәулетші, мүсінші, суретші, ұста, зергер болғанын да дәлелдеп отыр.
Маңғыстау түбегіндегі, Отырар маңындағы қазбалар, Шақпақ ата, Айша
бибі, Қарақан, Алашахан, Қозы Көрпеш - Баян сұлу ғимараттары, Есіктен
табылған алтын адам қаңқасы - осы айтылғандар айқын айғақ.
Ежелгі ата-бабаларымыздың күмбірлеген күміс күйімен, сыбызғы-
сырнай үнімен, асқақтата салған әсем әнімен, ғашықтық (лиро-эпостық)
жырымен, мақал–мәтел, шешендік сөз, айтыс өлеңдерімен сан ғасыр бойы өз
ұрпағын сегіз қырлы, бір сырлы , өнегелі де өнерлі, адамгершілік ар-
ожданы жоғары, намысқой азамат тәрбиелеп келгені тарихи шындық.
Бүкіләлемдік өркениет тарихынан ерекше орын алатын, екінші
Аристотель атанған әмбебап ғұлама , ұлағатты ұстаз әл-Фараби
бабамыздың да Қазақстан топырағында дүниеге келіп, артына ұлан-ғайыр
рухани мұра қалдырып кеткенін бүгінгі ұрпақ зор мақтаныш тұтады.
Түркі тілдес халықтарға ортақ, өшпес асыл мұра қалдырған орта
ғасыр ойшылдары: Баласағұни, Қашқари, Жүгінеки, Иассауи трактаттары,
сондай-ақ Алтын Орда дәуірінің ойшылдарының әр түрлі өмір
құбылыстары, адам мен қоғам, жан мен тән, тыныс-тіршілік туралы терең
толғаныстарының, ақыл – кеңес өсиеттерінің қазіргі жастарымыз үшін,
олардың тәрбиесі үшін берері аз емес.

Қазақ халқының өте әрідегі ата-бабаларының өмір сүрген кезінен
бастау алып, күні бүгінге дейін кәдесіне жарап келе жатқан рухани
мұраның бірі – халықтық педогогика. Ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық
тәлім – тәрбиенің белгілі жүйесінде жас буын жадына біртіндеп
сіңіріп отыратын арнаулы жолдар, тиісті тәсілдер де болған. Мәселен,
мақал-мәтелдерде адамгершілік, имандылық тәрбиесіне байланысты әдет-
ғұрыптар насихатталса, жұмбақтар мен айтыстарда - ақыл-ой тәрбиесі,
өлең , жыр-дастандарда - әсемдік тәрбиесінің негізгі принциптері, ал
ертегілер халықтық тәрбиенің сан алуан мәселелерін қозғайтын
тәлімдік материал ретінде пайдаланылған. Демек халықтық педогогика –
тәлім тәрбиелік ой-пікірдің ілкі бастауы, халықтың рухани мұрасы.
Қазақ халқының тәлімдік мәні зор ой-толғаныстары бесік жыры
мен батырлық эпостарда, ертегілер мен аңыздарда, шешендік сөздер мен
айтыс-термелерде көптеп кездеседі. Мұндағы ұрпақ тәрбиесінің негізгі
түйіні - адамгершілік-имандылық , ақыл-ой, еңбек, эстетика, дене, отбасы
тәрбиесіне байланысты мәселелерге келіп тіреледі.
Қазақ халқы арнайы бала тәрбиесімен айналысатын қоғамдық орындары
болмаса да, өз ұрпағын бесікте жатқан кезінен бастап-ақ өлең-жыр мен
әңгіме, ертегі, тақпақ, санамақ арқылы тәрбиелеп отырған. Кәсібі, мал
шаруашылығына байланысты болғандықтан, бала 5-6 жасынан-ақ құлағында
ойнай бастайды. Оқусыз-ақ бір есіткенін қалтқысыз есте сақтайтын
қабілеті күшті, әңгімеге үйір көшпелі халықтың баласы небір қызық
ертегілерді, жыр-дастандарды жаттап алады.
Қазақ отбасында тәрбие ісі ғалым Ш.Ахметовтың зерттеулерінде
негізінен басты-басты сегіз түрлі мәселені қамтыған. Біріншіден,
тәрбие басы алдымен әдептілікке үйретуді көздеген, әке-шеше баласына
әдепті бол дегенді басты міндет етіп қояды. Екіншіден, олар
баланы қайырымды, иманды, мейірімді болуға тәрбиелеген. Үшіншіден, тіл
алғыш, елгезек болуға баулыған. Төртіншіден, адал, шыншыл болуға
үйреткен. Бесіншіден, өнегелі ұстаз бен көпті көрген қарияның сөзін
тыңдап, ақпа құлақ болмай, құйма құлақ бол дегенді, бойларына
біртіндеп сіңіре берген. Алтыншыдан, үлкенді, ата-ананы сыйлап
құрметтеуге үйретуді ең басты міндет етіп қойған. Жетіншіден, кісі
айыбын бетіне баспай, біреуге орынсыз тіл тигізбейтін әдепті азамат
бол, әсіресе қарып-қасерлердің табиғи кемдігін (мұрны пұшық, көзі
қисық, аяғы қисық ) бетіне баспа деп үйреткен. Сегіншіден, ел қорғаған
батыр бол, халық алдында қызмет ет, бар өнеріңдң соған жұмса дегенді
ерінбей – жалықпай айтып қана қоймай, жеке өнегелер арқылы көрсетіп
отырған.

Тән мен тазалық тәрбиесі
Адамның жеке басының қалыптасып, саналы еңбек ететін азамат
болып өсуі үшін жан тәрбиесі мен тән тәрбиесі қатар қажет. Жан
тәрбиесінің өзі тән тәрбиесінен туындайтын процесс. Осыны екі ауыз
сөзбен топшылаған ата-бабамыз тәні саудың - жаны сұлу деп
қоғамдағы рухани байлықты игеру үшін тән тәрбиесінің дұрыс болуын
қалаған.
Дене сұлулығына, әсіресе қыз баланың көрікті болуына ерекше
көңіл бөлген. Аналар Аттың көркі – жал, қыздың көркі – шаш деп ұққан.
Қыздың көзі қызылда деген мақал да қыз баланың әшекей заттарға
үйірлігін білдіреді. Ұзатылған қыздың аулында айтылатын Жар-жар ,
Жұбату , Сыңсу өлеңдерінде , келін түсіру тойларында орындалатын
Беташарда қыздың, жас келіннің басты-басты киімдері, сән-салтанаты,
сұлулық бейнесі мақтала жырланған. Дене тәрбиесіне ерекше көңіл
бөліп, материалдық игіліктерді өндіруде оның маңызын ерекше түсінген
қазақ халқы Денсаулық – зор байлық деп, бұған батырлық
дастандарда, ертегілерде төрінен орын алады. Өлім-жітіммен, ауру-
сырқаумен халықтық ем-дом арқылы күрескен.

Еңбек пен өнер тәрбиесі

Еңбек - өмірдің тұтқасы, тіршіліктің көзі. Еңбексіз өмір жоқ.
Қоғамдағы байлықтың бәрі адам еңбегімен жасалады. Осыны терең түйіп,
ой топшылаған халық: Еңбек – адамның екінші анасы , Еңбек түбі –
береке , Жалқаулық аздырады, еңбек оздырады деген мақал-мәтелдер
арқылы жастарды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеудің мәнісін, сондай-ақ
еріншектік, жалқаулық – кісінің соры, жаман әдет , жат мінез екендігін
жас буынға тәптіштеп түсіндірген.

Бала тәрбиесі

Қазақ халқының көпшілік салт-дәстүрлері баланың дүниеге келуімен
байланысты туған. Отбасының жеміс берер гүлі, алтын тіреу діңгегі –
бала. Халқымыз Бесіксіз үйде береке жоқ деп ой түйген. Бұл – отбасы
ошағының түтіні сөнбесін деген жеке бастың тілегінен туған мақал
емес, сонымен қатар халықтың қамын қарастыру, елдікті ойлау, елдің
ертеңгісі жөнінде қам жеу. Н.К.Крупская балаға деген бауырмалдық,
жылы жүректік шығыс халқына тән қасиет екенін айта келіп: Балаға
деген сүйіншілікті россиялықтар шығыс халқынан үйренсін деп өте
орынды айтқан.

Тәрбие процесі мен тәрбие жүйесінің
педагогикалық моноторингі

Қазіргі кезде біздің мектептегі басты міндетіміз – заман
талабына сай жан-жақты дамыған, туған жерін, Отанын сүйетін ұлтжанды,
саналы, ғылым мен білім негізін бойына дарытқан азамат етіп
тәрбиелеу, мектептен шыққан шәкіртті өмірге даярланған тұлға етіп
шығару.

Жас ұрпаққа тәрбие және білім беру – педагогика ғылымының
негізгі категориялары. Бірақ осы ұғымды бірлікте алып қарастырғанда
ғана өздерінің толық мәнін, мақсатын айқын аша алады. Себебі осы екі
категорияның басты нышаны - Адам. Білім мен тәрбиенің өзара
үйлесімді жүргізілуі оқушыны білімдар, тағылымы мол, ақыл – парасаты
биік азамат етіп қалыптастырудың басты шарты болмақ.
Білімдендірудің басты ошағы – мектеп. Тәрбиенің ауданы одан да
кең, түбі терең адамның өсетін, жетілетін балалық, жеткіншектік дәуірі
түгілі тәрбиенің әсері жігіттік, кекселік кезеңдерінде де қалмайды.
Тәрбие әулесі түспейтін адамның еш қалтарысы жоқ деген екен
ойшылдарымыздың бірі – Ж.Аймауытов.
Олай болса, бүгінгі таңда педагогиканың қуатты рухани қазынасы
– тәрбие процесін технологияландыру қажеттігі туындап отыр. Мектептің
тәрбие жүйесінің мазмұны, әдістемесі мен технологиясы оның тәрбие
жүйесімен айқындалады. Жалпы білім беретін мектептердің тәрбие
жұмысының тиімділігін арттыруда, жүйелік жұмыс арқылы әр түрлі
деңгейде жобалау, құрастыру, жетілдіру барысында еңбек етіп жүрген
ғалымдар М.М.Поташниктің , Л.И.Новикованың , В.А.Караковскийдің
еңбектерін өз тәжірибемде үнемі басшылыққа алып отырамын.
Білім мен тәрбие – егіз дейтін болсаақ, аса маңызды
нәрсенің бірі – білім беру мен жастарды тәрбиелеу ісінде мәдениет,
құқық , өмірдің салауатты көрінісін қамтыған, тәрбиенің сан-саласын
игерген бағдарлама жасау қажет. Қазір ол жасалды да.
Мектептің тәрбие жүйесінде қазақ халқының бағалы педагогикалық
ой-пікірлерін бүкіл оқу-тәрбие жүйесінің тірегіне айналдыруды мақсат
еттік. В.А.Караковскийдің көп жылдық тәжірибесі мен зерттеулері
көрсетіп отырғандай, тәрбие жүйесін құрастыру мен дамыту негізінде
мектептің кіші тұжырымдамасын жасадық. Тәрбие процесі үздіксіз
жүріп отырғандығын ескере отырып, мектептің тәрбие жұмысының жүйесін
қалыптастырдық. Білім ордасындағы тәрбие жұмысы бірін-бірі толықтырып
тұратын екі бөлімнен құралған.
Біріншісі – оқу процесінде тәрбиелеу, екіншісі – сабақтан тыс
уақыттағы тәлім. Тәрбие жүйесінің бірінші бағыты бойынша тәрбиелік
мақсатты көздейтін арнайы пәндер әдеп, валеология, т.б. , үйірмелер
мектептің тәрбие үлгісіне байланысты енгізілген. Ал екінші бағыты
бойынша төмендегі салалары қамтылды. Олар: патриоттық, адамгершілік, ,
дене тәрбиесі, салауатты өмір салты, құқықтық, әсемдік , отбасы,
экология, экономикалық тәрбие. Осы бағытта мектеп ұжымы оқушылардың

қызығушылығы мен қажеттілігіне негізделген түрлі шаралар өткізіп,
тәрбие жұмысындағы сөз бен істің бірлігі, таңдап алынған істің
түрлері мен әдістері ықпалының мақсатқа сай екендігін дәлелдей
білді. Оқушыларымыз республикалық, облыстық , аудандық өнер-білім
сайыстарында жетістіктерге жетіп келеді.
Бүгінгі күн тәртібінде тұрған мәселелердің бірі – оқыту
нәтижесін бағалау және талдау, бақылау. Оқыту мен тәрбиелеуде сапалы
нәтижеге жету үшін жүргізілетін жүйелі түрдегі үздіксіз бақылау
әрекеті – мониторинг екенін айта кеткен жөн.
Педагогикалық мониторинг нәтижесінде оқу және оқыту сәтіндегі
біілмді игеру дәрежесін анықтап білсе, тәрбие процесінде оқушының
қай затқа танымдық қызығушылығын, мұратын айқындауға болады. Оқушы
мен мұғалімнің қарым-қатынасын, жолдастық қарым-қатынас сипатын
анықтауда педагогикалық мониторингтің маңызы зор. Мониторингті
жүргізу нәтижесінде оқушының дамуына ықпал ете отырып, оқушы
тұлғасының әлсіз және күшті жақтарын байқайды. Мектептерде оқу және
тәрбие беру процесінде педагогикалық мониторинг әлі жан-жақты
жүргізілмей келеді. Себебі – оның жүргізу тәсілдері, дидактикалық
құралдары жайлы жазылған еңбектердің біздің тілімізде жарық
көргендері аз.
Білім беру үрдісінде педагогикалық мониторинг бірнеше қызметтер
атқарды. Олар: ақпараттық , қозғаушы , ынталандырушы , қалыптастырушы ,
түзетушілік қызметтер. Мектеп ішіндегі бақылау жүйесінің басты
компоненті - оқушы білімінің деңгейі. Білім мониторингі оқушы
білімінің , біліктілігінің , қабілетінің , тәрбиелілігінің қандай
дәрежеде екендігін анықтауға толық мүмкіндік қызметінің нәтижесін
көрсетеді.
Енді өз мектебімізде тәрбие процесі мен тәрбие жүйесі
тиімділігінің педагогикалық мониторингі бойынша жүргізілген
жұмыстарына тоқталайын.
Тәрбие жұмысына байланысты сыныптарда жүргізілген педагогикалық
мониторингтің жоспары:
1. Сынып туралы ақпарат сынып ұжымы туралы мағлұмат , оқушылар
саны , оның ішінде ұлы мен қызы қанша , жас ерекшелік құрамы ;
2.Сыныптағы қозғалыс және білім көрсеткіші Сынып ұжымына
мінездеме , 1-10 сынып аралығындағы білім сапасы ;
3. Сыныптағы тыс уақытта Оқушылардың бос уақытын өткізу
бағыттары , интеллектуалдығы ;
4. Оқушылардың жеке тұлғалық мұраты Баланың болашақ мақсаты,
оның идеалы ;
5. Сынып ұжымының іс-әрекеті Оқушының өзіне - өзі қызмет етуі
, сыныптан тыс шараларға қатысуы , қоғамдық пайдалы еңбегі ;
6. Жұлдызды сәттер: 1) Спорттық жарыста;
2) Сайыстарда;
3) пәндік олимпиадада;
4) Танымдық , өрелік ойындарда
;
5) Апталықта;

6) Кештерде, т.б.
7. Оқушылардың отбасы туралы мәліметі Отбасы мүшелері , оның
әлеуметтік жағдайы, олардың мектеп өмірімен байланысы туралы ;
8. Диагностикалық әдістердің дәстүрлі түрлері Тестілер,
оқушылар мен ата-аналарға түрлі сауалнамалар ;
9. Денсаулық парағы Оқушының денсаулығы мен физиологиялық
дамуы ;
10. Диагностиканың дәстүрлі емес әдістері Пікіралысу бақылаулар
, логикалық жаттығулар ;
11. Гистограмма Бала бойындағы адами қасиеттердің нышаны ;
12. Сол сыныпқа сабақ беретін мұғалімдердің бағалауы:
1) тәрбиелілігі;
2) белсенділігі;
3) мәдениеттілігі;
13. Қорытынды . Диагностикалық аяқтаушы кезең.
Осылайша жүргізілген тәрбие саласындағы мониторинг арқылы біз
өз жұмысмыздағы ауытқуларды , кемшіліктер мен ағаттықтарды , қол
жеткізген табыстарды анықтап, жүйелі түрде зерттеуге, талдауға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәрбие жүйесінің жалпы заңдылықтары
Тәрбие мақсаттарының шынайы болуы
Тәрбие процесі жайлы
Мектеп пен сыныптың тәрбиелік жүйесі
Тәрбие – жеке тұлғаның калыптасуынын шешуші факторы ретінде
КӘСІПТІК ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Педагогиканың теориялық және әдіснамалық негіздері
Тәрбиенің негізгі мақсат – міндеттері
Тәрбие үдерісі-тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі
Тәрбие іс – әрекетінің және қарым – қатынастың шешуші ролі
Пәндер