Музыка – эстетикалық тәрбие көзі



I. КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...

Музыка .эстетикалық тәрбие көзі.
1. 1. Бастауыш сынып оқушыларына музыка пәні арқылы эстетикалық тәрбие беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2. Музыка және баланың жеке басының жетілуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Бастауыш сыныптарда музыка пәнін оқыту әдістемесі.
1.3 Музыка пәнін оқыту әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.4. "Музыка" пәні бойынша мектептің бастауыш сатысындағы оқушылардың міндетті дайындық деңгейіне қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
IV.ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Музыканың өнер құралы ретінде орасан зор тәрбиелік мүмкіндігі бар. Ол өмірдің ажырамас бір бөлігі және оны бөліп қарастыруға болмайды. Қоршаған орта музыка тілі арқылы адамға аудармасыз- ақ түсінікті де жақын бола түседі. Музыкалық көркем бейне оқушыларды қоршаған ортада болып жатқан түрлі құбылыстардың шын бейнесін ашуда жаңаша ойлау өрісін байытып, өмірлік тәжірибесін кеңейтуде елеулі үлес қосады..
Музыка эстетикалық тәрбиенің маңызды бір бөлігі бола отырып жеке тұлғаның ақыл ойымен дене бітімін жетілдіріп, жан- жақты өмір тәжірибесін кеңейтуге, қызығушылық біліктігін және ойлау кабілетін дамытуға, шығармашылық іскерлікке тәрбиелеуге мүмкіндік туғызады.
Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сыныптарында музыка сабақтары білім беру мен тәрбие берудің маңызды бір саласы болып табылады. Музыка пәнінің музыка қоғамның әлеуметтік сұранысына жауап бере отырып, оқушыларды халықтық музыкаға баулиды.
Музыкалық тәрбие берудің басты мақсаты -- музыка өнері арқылы рухани бай, шығармашылығы мол, халық өнерін өмірдің бейнесі ретінде түсініп, оны сүйе білетін, халқымыздың әдет-ғұрыптарымен салт- дәстүрлерін қастерлейтін, классикалық музыканы және басқа халықтардың өнерін құрмет тұтатын жеке тұлға тәрбиелеу.
Музыканың адамның рухани дүниесіне зор әсер ететінін немен түсіндіруге болады?
Бәрінен де бұрын адамдардың өмірдің әр түрлі сәттеріндегі бастан кешкен күйлерін бейнелеп беретін ғажайып мүмкіндігімен түсіндіруге болады. Халық шаттық құшағында екен музыка әуені де салтанатты, қуанышты, ал солдат жорықтан келе жатып ән салады екен ән оны аса бір көңілдендіріп, қадамын ширатады.
Ана қаза тапқан баласын жоқтап аза тұтса - мұңды дыбыстар қайғыны айтып беруге көмектеседі. Музыка - адамның өмірлік серігі.
Музыканың тағы бір ерекшелігі - ол адамдардың көңіл күйіне ортақтасу, олардың арасындағы қарым- қатынас құралы болу. Бір адам дүниеге әкелген музыкалық шығарма екінші адамның жан дүниесіне қозғау салып керемет ретінде қабылданады.
Музыканың үшінші ерекшелігі, Д. Шостаковичтің айтуынша, «өзіндік тамаша тіл». Бейнелі, жарқын әуенді, жан- жақты үйлесімді, өзіндік бір ырғақты ұштастыра отырып, композитор өзінің дүние сезімін, айналасына көзқарасын бейнелейді. Мұндай шығармаларды қабыл алғандардың бәрі солар арқылы рухани байи түседі.
Музыканың біз ынта қоятын тағы бір ерекшелігі оның
адамға өмірінің алғашқы күндерінен бастап-ақ әсер ететіндігінде. Құлаққа жағымды бесік жырын естігенде нәресте тыныштала қалады.
1. Анохин П. А. Музыкалық ырғақ, әуен. М. 1998
2. Астафьев Б.К. Музыкальная грамота М . 1975
3. Аймауытов Ж. «Тәрбие жетекші Б ала оқытушыларға» Орынбор. 1924
4. Балтабаев М., Ұзақбаева С. «Елімай» бағдарламасы. А. РБК-1998
5. Безрукова И.О. Педагогика. М., Просв. 1990
6. Бозжанова К.Т. Оқушылармен жүргізілетін кластан тыс жұмыстар. А.1990
7. Затаевич А.В. «Иследование, воспитания, письма и документы» А.1958
8. Жұбанов А. «Замана бұлбұлдары» А.1975
9. Құлманова Ш.Б. Музыка пәнін оқыту әдістемесі. А. 1998
10. Қазакстан бастауыш білімінің мемлекеттік стандарты.А. 1998
11. Левшин Л.И.. «Описание киргизов-казахских или киргиз-кайсацких орд и степей» СПб 1832.
12. Любова О.В. Бастауыш мектеп оқушыларына сазды эстетикалық тәрбие үрдісіне шығармашылық белсенділігін қалыптастыру-автореферат к.п.н
13. Потошник М.М. «Как развивать педагогическое творчество» М. 1987
14. Радлов Г.О. «О музыке туркестанских киргизов» М. 1984.
15. Сухомлинский В.А. Избр. Пед. соч., М.1979
16. Табылдиев Ә. Халық тағлымы. А. Қаз.унив. 1992
17. Тихонов Г.О. «О музыке туркестанских киргизов» М.1984
18. Уәлиханов Ш. Собр. Соч., т.3, А.1978
19. Мектеп оқушыларына музыкалык, тәрбие беру әдістемесі,
20. Музыка оқыту әдістемесі (4 сынып).
21Бастауыш мектеп 2000ж.
22. Музыка 4 сынып.-оқулық А. 2001ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР:

I. КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...

Музыка –эстетикалық тәрбие көзі.

1. 1. Бастауыш сынып оқушыларына музыка пәні арқылы эстетикалық тәрбие
беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...

1.2. Музыка және баланың жеке басының
жетілуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Бастауыш сыныптарда музыка пәнін оқыту әдістемесі.

3. Музыка пәнін оқыту
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

1.4. "Музыка" пәні бойынша мектептің бастауыш сатысындағы оқушылардың
міндетті дайындық деңгейіне қойылатын
талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

IV.ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ

Музыканың өнер құралы ретінде орасан зор тәрбиелік мүмкіндігі бар.
Ол өмірдің ажырамас бір бөлігі және оны бөліп қарастыруға болмайды.
Қоршаған орта музыка тілі арқылы адамға аудармасыз- ақ түсінікті де жақын
бола түседі. Музыкалық көркем бейне оқушыларды қоршаған ортада болып жатқан
түрлі құбылыстардың шын бейнесін ашуда жаңаша ойлау өрісін байытып, өмірлік
тәжірибесін кеңейтуде елеулі үлес қосады..
Музыка эстетикалық тәрбиенің маңызды бір бөлігі бола отырып жеке
тұлғаның ақыл ойымен дене бітімін жетілдіріп, жан- жақты өмір тәжірибесін
кеңейтуге, қызығушылық біліктігін және ойлау кабілетін дамытуға,
шығармашылық іскерлікке тәрбиелеуге мүмкіндік туғызады.
Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сыныптарында музыка сабақтары
білім беру мен тәрбие берудің маңызды бір саласы болып табылады. Музыка
пәнінің музыка қоғамның әлеуметтік сұранысына жауап бере отырып, оқушыларды
халықтық музыкаға баулиды.
Музыкалық тәрбие берудің басты мақсаты -- музыка өнері арқылы рухани
бай, шығармашылығы мол, халық өнерін өмірдің бейнесі ретінде түсініп, оны
сүйе білетін, халқымыздың әдет-ғұрыптарымен салт- дәстүрлерін қастерлейтін,
классикалық музыканы және басқа халықтардың өнерін құрмет тұтатын жеке
тұлға тәрбиелеу.
Музыканың адамның рухани дүниесіне зор әсер ететінін немен түсіндіруге
болады?
Бәрінен де бұрын адамдардың өмірдің әр түрлі сәттеріндегі бастан
кешкен күйлерін бейнелеп беретін ғажайып мүмкіндігімен түсіндіруге болады.
Халық шаттық құшағында екен музыка әуені де салтанатты, қуанышты, ал солдат
жорықтан келе жатып ән салады екен ән оны аса бір көңілдендіріп, қадамын
ширатады.
Ана қаза тапқан баласын жоқтап аза тұтса - мұңды дыбыстар қайғыны айтып
беруге көмектеседі. Музыка - адамның өмірлік серігі.
Музыканың тағы бір ерекшелігі - ол адамдардың көңіл күйіне ортақтасу,
олардың арасындағы қарым- қатынас құралы болу. Бір адам дүниеге әкелген
музыкалық шығарма екінші адамның жан дүниесіне қозғау салып керемет ретінде
қабылданады.
Музыканың үшінші ерекшелігі, Д. Шостаковичтің айтуынша, өзіндік тамаша
тіл. Бейнелі, жарқын әуенді, жан- жақты үйлесімді, өзіндік бір ырғақты
ұштастыра отырып, композитор өзінің дүние сезімін, айналасына көзқарасын
бейнелейді. Мұндай шығармаларды қабыл алғандардың бәрі солар арқылы рухани
байи түседі.
Музыканың біз ынта қоятын тағы бір ерекшелігі оның
адамға өмірінің алғашқы күндерінен бастап-ақ әсер ететіндігінде. Құлаққа
жағымды бесік жырын естігенде нәресте тыныштала қалады. Ал енді сергек марш
ойналса, оның жүзінде өзгеше нышан байқалып, қимылы жиілейді. Бұл сияқты
эмоциялық әсер нәрестені ерте бастан музыкаға баулуға, эстетикалық
тәрбиенің белсенді көмекшісі етуге мүмкіндік туғызады.
Сондықтан да бастауыш сыныптардан бастап жүйелі түрде жүргізілетін
музыка пәнінің бала тәрбиесіндегі ролі ерекше.Музыка арқылы баланың ішкі
жан дүниесіне әсер ете отырып,оны жан-жақты дамытуға жол ашылады.Баланың
өзіндік ерекшелігі мен қызығушылығын арттыра отырып.музыка тілі арқылы
дамыта түсуге мүмкіндіктер бар.Ол мұғалімнің музыка пәнін шеберлікпен
өтуіне тікелей байланысты.Бастауыш сыныптардағы музыка пәнінің өз
дәрежесінде өтуі баланың сабақ арқылы жан-жақты дамып,өсіп жетілуіне
жағдай жасайды.

1.1. Бастауыш сынып оқушыларына музыка пәні арқылы эстетикалық тәрбие
беру
Адамдардың эстетикалық сезімдері олардың өмірінде зор роль атқарады,
Әсемдікгі көре, түсіне, жасай білу адамның рухани өмірін байытады,
қызғылықты етеді, оған ең жоғары рухани ләззаттануға мүмкіндік береді. Біз
әр адамның адамгершілікті тұлғалық мәнін жан-жақты дамытуға ұмтыламыз,
сондықтан әр баланың сезім нәзіктігін, көркемдікті, әсем нәрсені
сүйенетіңдей етіп дамытуымыз керек. Адамның әсемдікті және жексұрындықты,
сәулеттілік және ождансыздықты, қуаныш пен қайғыны т.б, түсінуіне
байланысты, оның саналы тәртібі мен мінез-құлқы айқындалады. Осыдан келіп
адамның әсемдікке шынайы көзқарасы мен мұраттары болуы керек екендігі
шығады.
Қазіргі кезде эстетикалық көзқарастарды тәрбиелеу – тәрбие барысының
зейін салуды, күн санап өсіруді талап ететін мәселесі. Біздің қоғам адамына
тек қана өнердің емес, еңбек, қоғамдық қаттынастар, қоршаған орта, тәртіп,
тұрмыс, табиғаттың да әсемдік жақтары ықпал етеді. Эстетикалық көзқарастар
адамның шындыққа қатынасын анықтайды.
Адам өміріңде эстетикалық көзқарас әрдайым қуатты рухани күш ретінде
көрінеді. Балаға балғын бөбектік кезеңнен бастап әсемдікке ұмтылу тән
нәрсе. Ол әрдайым бойларында әсемдік құндылықтары бар қатар-құрбыларына,
ересектерге еліктейді. Балалардың өз еңбек іс-әрекеті тиімді және сапалы
болуы үшін оның ұйымдастырылуы толысып, тамаша нәрсені қабылдау деңгейіне
жеткені жөн. Балаға сонымен қатар жасампаздықтың да әсемдігі ашылады.
Еңбек әсемдігін қабылдауды үйретіп, қоғамдық іс-әрекет әсемділігіне
сезімталдығын тәрбиелеп, мұғалім балалардың еңбек белсенділігін кеңейтуге
дем береді. Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің экономикалық мәселелерге
әрі тікелей, әрі жанама қатынасы бар. Бұл біздің қоғамдағы қоғамдық өндіріс
адамдардың өскелең рухани және материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға
бағытталғандығынан туындайды. Өндірілген товарлар сапасының әсемдігі
тұтынылу жағына үлкен есер етеді. Мұның өзі әр баланың білім алуыңда
белгілі дәрежеде эстетикалық көзқарас мәдениеті болуын талап етеді.
Өнерде шоғырланған адамдардың шындыққа эстетикалық қарым-қатынасы
қоғамдық идеяларды алға алып баруымыздың құралы, сол арқылы санаға өте
күшті өсер ету жүзеге асады.
Сонымен, оқушылардың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу - дамыған әсемдік
сана мен талғамды, оны қабылдау және бағалау қабілетін калыптастырудың
мақсатқа бағыттала ұйымдастырылған процесі. Эстетикалық көзқарасты музыка
арқылы тәрбиелеу оқушыны жан-жақты және үйлесімді дамытудың жалпы жүйесінде
ең алдымен өзіне тән қызмет атқарады. Ол іс-әрекеттің барлық түрлеріндегі
әсемдік нышанын анықтап, оны оқушының әсемдікке көзқарасының дамуы, білім
алуы, қалыптасуы құралына айналдырады.
Кең ой-өрістілік сөйлеу іс-әрекетінің мазмұнынан сөз өнерін, ақыл-ой
еңбегін, шындықтың объективтік жақтарын, көркем сөз сұлулығын бөліп
қарайды. Еңбек іс-әрекетінде еңбек мақсаттары және процесі, оның нәтижесі,
сұлулығы ерекше көрсетіледі. Құқықтық іс-әрекетінде қогамдық мұраттардағы,
дамудағы оның ынтасы мен тәртібіндегі сұлулыққа баса назар аударылады.
Бейнелеу іс-әрекеті барысында балаларға көзге көрінетін әлем, музыкада адам
жасаған дыбыс үйлесімділігінің сұлулықтары ашылады. Дене тәрбиесі мәдениеті
және гигиена негіздері арқылы бала адам денесінің тән және жан сұлулығын
таниды т.б.
Әсемдікке тәрбиелеудің оқушыны жан-жақты және үйлесімді дамытудың жалпы
жүйесінде әлемдік және ұлттық музыка жатады.
Музыка әсемдіктің адам үшін зор тартымды күші бола отырып, сонымен
бірге оның іс-әрекетінің белсенді және тиімді дем берушісі де болады. Оқушы
музыканың әсемдігін меңгереді, оның жан дүниесінің байлығы,шешендігі оны
басқа адамдарға тартымды етеді. Оқушылар алдында ашық көрініс берген
музыка еңбегі әсемдігі, оларды ынталандырып, тартымды етеді және еңбек іс-
әрекетінің процесін жеңілдетеді. Ерлік пен шын азаматтық әсемдігі адамдарды
қоғамдық тәртіп және құқықтық әрекеттерін орындауға жетелейді.
Баланың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу әсемдіктің қасиеттері бар әр
түрлі өмір мен қатынастар және әсерлер ықпалымен жүзеге асырылады. Кіші
мектеп жасындағы балалардың эстетикалық көзқарасы үздіксіз дамиды. Оған
себеп болатын нәрсе оқу, қоғамдық және тұрмыстық еңбектің жаңа жүйеге
түсуі.
Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің негізгі құралы - өнер. Ол шындықты
көркем, сезімді қабылданылатын бейнелер арқылы бере отырып және осылар
арқылы адам сезімі мен санасына әсер етіп, оның көзқарасын қалыптастыруға
жәрдем етеді. Педагогикада эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу тәрбиенің басқа
салаларымен тығыз байланысы қаралады. Балалардың ақыл-ой тәрбиесін,
зерттелген құбылыстар әсемдігін ашпай жүзеге асыру мүмкін емес. Еңбекке
тәрбиелеу — адамдардарды әсемдікті, еңбек мазмұны мен процесін танымай
саналы тәртіп пен мінез-құлықты тәрбиелеу мүмкін емес. Сондай-ақ әсемдікке
көзқарасты тәрбиелеуді өмірден, белсенді іс-әрекеттен және мұраттарға жету
жолындағы күрестен оқшау қарауға болмайды.
Мектеп оқушыны әсемдікті өмірден, адамдар қылықтарынан, еңбек іс-
әрекетінен, еңбек нәтижесінен көруді және ләззат алуды үйретіп қана
қоймайды, күнделікті өмірде осы әсемдікті жасау ынтасы мен іскерлігін
тәрбиелейді.
Сонымен эстетикалық тәрбие табиғаттағы, өнердегі, еңбектегі,музыкадағы,
өмірдегі ең жақсыны қабылдау, одан ләззат алу. Эстетикалық тәрбие адамды
дүниедегі әдемілік атаулыны бағалай білуге үйретеді. Өнер шығармаларын
тануға, қастерлеуге баулиды, оған керісінше ұсқынсыздыққа жағымсыз
көзқарасты қалыптастырады.
Эстетикалық. тәрбиенің өзіне тән міңдеттері бар. Олардың бірі -
эстетикалық сезімді және эстетикалык, қабылдауды тәрбиелеу. Өмірдегі,
өнердегі әдемілікті сезу және көру адамдарда әр түрлі болады. Біреулер
әдемілікке үңіле қарап, оның сырын білуге тырысады, ал кейбіреулер оған
онша мән бермейді, қалай болса солай қарап, жанынан өте шығады. Әдемілікгі
сезу үшін, оған түсіну үшін ең алдымен бейнелеу өнері, музыка және ән
саласынан әрбір адамда білім болуы қажет. Білім адамды әдеміліктің
объективтік критерийлерімен қаруландырады. Білімді адам сұлулықты бағалай
біледі, түсінеді. Айналадағы дүниеге сезімталдық, эстетикалық қабылдау
қырағылығы, ықыластылық, қамқорлық баланың эстетикалық дамуынын негізі
болады.
Эстетикалық ұғымды, байымдауды, баға беруді қалыптастыру — эстетикалық.
тәрбиенің тағы да бір міндеті. Әдемілікті сүю, оған түсіну үшін балаға
негізінен көмектесетін білім. Сондықтан бала бейнелеу өнері саласындағы
ырғақ, үндестік, музыка мен әндегі дыбыстарды және өнер әдістері туралы
білімді игеру қажет. Осыған байланысты ол эстетикалық терең түсінуге
тырысады, байымдай және бағалай біледі.
Көркемдікке және сұлулыққа баға беру үшін эстетикалық танымның маңызы
өте зор. Эстетикалық таным — бұл өмірдегі, еңбектегі және табиғаттағы
сыртқы әдемілік пен нағыз сұлулықгың арасын ажырата білу, өнер
шығармаларына жоғары талап қою. Мысалы, мұзда конькимен мәнерлеп сырғанақ
тебу жарысы өткізіледі. Сонда орындаушыларға екі түрлі баға, яғни бірінші
баға - көркемділігін келістіре орындағаны үшін, екінші баға мәнерлеп
сырғанаудың техникасын жоғары дәрежеде игергені үшін қойылады. Әрине,
орындаушыларға әділетгі баға қою үшін мамандардың, әсіресе төрешілер
алқасының танымы, білімі жоғары дәрежеде болуы керек.
Эстетикалық танымның дамуына көбінесе өнер үлгілерін қабылдаумен, не
тегінде шығармашылықпен байланысты іс-әрекеті мүмкіндік береді.
Қазіргі жағдайда біздің қоғамдық өміріміздегі қажетті мәселелердің бірі ~
баланың эстетикалық белсенділігін тәрбиелеу. Ол әдемілікті сезіп жене оның
заңдарын түсініп қана қоймай, осы заңдар бойынша өзін қоршаған айналаға
өзгеріс жасауы қажет. Өмірге енген эстетикалық талғам (еңбек, табиғат
эстетикасы, адамдар қатынасы және жай жағдай эстетикасы) адамды
сүйсіндіреді. Адам белсенді түрде өмірдегі әдемілікке, көркемдікке өз
үлесін қосып, оны көріксіздіктен, ұсқынсыздықтан қорғауы қажет.
Балаларды музыка арқылы эстетикалық белсенділікке тәрбиелей отырып,
оларды өздігінен ілтипатты оқырман, қайырымды көрермен, сезімтал тыңдаушы
болуға үйрету керек. Балалар әдебиетті оқуға,, кинофильмді, теледидарды,
спектакльді көруге, музыканы тыңдауға өте ынталы болады. Әр түрлі әдеби,
музыкалық шығармалардағы іс-әрекеттің оқиға желісін дұрыс түсіну үшін
баладарды көп ізденуге үйрету, бағыт беру ұстаздардың басты міндеті.
Баланың эстетикалық мәдениеті және белсенділігі тұтас педагогикалық
процесте дамиды. Сондықтан оның барлық еңбегі, демалысы эстетикалық бағытта
тиімді ұйымдастырылса, ол өз өміріне әдемілік элементтерін енгізе алады.
Эстетикалық тәрбиенің маңызды міндеті — өнер және әдебиет салаларында
балалардың қабілетін, ынтасын және бейімділігін дамыту. Осыған орай,
мектепте оқушылардын ықтимал мүмкіндіктерін және қабілетін барынша ашу
керек.
Эстетикалық тәрбиенің негізгі құралдары —музыка, әдебиет және өнер. Олар
зор идеялық тәрбиелік роль атқарады.Музыка,әдебиет пен өнер адамдары
қуанышқа бөлейді, жігерлендіреді, олардың идеялық жағанан баюына игі әсер
етеді. Өнер және әдебиет,музыка адам санасына белгілі көзқарастарды әр
түрлі құралдар арқылы (әдебиетте - проза, поэзия; кескіндеме - жанр,
баталия, пейзаж; мүсінде — бюст, т.б.; музыкада - симфония, оратория, ән
енгізіледі).
Белгілі орыс суретшілері ПЛ.Федотовтың, В.Г.Перовтың, И.Е.Репиннің,
В.В.Верещагиннің, И.И.Шишкиннің, И.Н.Левитанның жене қазақ суретшілері
Ә.Қастеевтің, М.Кенбаевтың, Қ.Шаяхметовтың т.б. шығармашылығымен байланысты
бейнелеу өнері адамдардың тәрбиесіне күшті ықпал етеді.
М.Горький, Н.А.Островский, А.А.Фадеев, М.А.Шолохов, М.Әуезов,
Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов, т.б. еңбектеріндегі адам баласының бақыты және
бостандығы үшін күрескерлердің бейнелері жастарды ұлы ерлікке рухтандырады.
Сонымен өнер мен әдебиет,музыка шындықты игерудің және танудың құралы.
Өнер мен әдебиет,музыка адам дамуының және рухани өсуінің басты шарттарының
бірі болып табылады.Әдемілікті сезуде, эстетикалық көзқарастарды
қалыптастыруда табиғат зор роль атқарады. Табиғат адамды қуанышқа бөлейді,
сезімін дамытады, эстетикалық түсінігін байытады. Адам табиғатты бақылаушы
ғана емес, ол тұтынушы, сұлулықты жасаушы шығармашылық қызметкер. Сондықтан
өзінің күшін, қабілетін адамдар бақыты үшін табиғатқа өзгеріс жасауға
жұмсауы керек. Мысалы, қала мен селоны, тұрғын жерлерді көгалдандыру, бақ
және гүлдер өсіру, мәдениет және демалыс орындарын әшекейлеу - бұл зор
эстетикалық қамқорлық.
Мектеп оқушыларының эстетикалық түсініктері, олардың еңбекке әсемдік
тұрғысынан қатынасы, өзіндік белсенді іс-әрекетімен байланысты екенін
көрсетеді. Мәселен өзі шешу мүмкіндігі болғанда ғана оның әрі мінез-
кұлықтық, әрі әсемдік көңіл-күйі жай табады, тояттайды.
Жемісті еңбектен қанағаттануы, көңілдің жай табуы, эстетикалық сезімі
бала үшін көп жағдайда бір нәрсе.
Оқушылардың оқу еңбегіне талғампаздық қатынасын дамыту, оны оқудың
қозғаушы күші, дем берушісі ретінде пайдалану үшін балалардың өзіндік
белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру, көркемдік ләззат және құлықтық әсер алуды
қамтамасыз ететін еңбектің нәтижесіне жетуіне көмектесу кажет.
Бақылау және балалармен әңгіме олардын, әрқайсысы өте әсем зат жасағысы
келетінін көрсетеді. Бала өзі жасаған затты ең тәуірлердің қатарына жатпаса
да қуанады. Мұндай жағдайда мұғалім оқушылар жұмыстарына көрме ұйымдастырып
олардың нетижесін бағалауға көмектеседі.
Оқушыларды бірлесе орындалатын қоғамдық пайдалы еңбек әсемдік жағынан
қатты қызықтырады. Оларға бірлесіп, аула тазарту, жер дайындап гүл
отырғызу, металл сынықтары мен қағаз қалдықтарын жинау, кітап жөндеу, сынып
бөлмесін тазарту, безендіру т.б. ұнайды. Оларды жақсы жұмыс үшін мадақтау,
жарыста озып шығып әсер алу да еліктіреді. Осы тұрғыдан қарағанда еңбек
және эстетикалық тәрбие өзара қабысып бірін-бірі толықтырады.
Көп жағдайда оқушылар тәртібінің дұрыстығына сыртқы, кейде үстірт
белгілер арқылы баға беріледі. Тәртіп шеңберлілігі олардың мұраттары
мұғалімнің, жақын адамдардың тәртібі мен іс-әрекеті, қоғамдық өмір және
өнер ықпалымен қалыптасады. Бұл тұрғыдан әдебиеттің,өнердің,музыканың
оқушылар есінде ұзақ сақталатын кейіпкерлерінің бейнелері үлкен орын алады.
Оқушылардың эстетикалық санасынын және шындыкқа қатынасының
ерекшеліктерін білу оқушылар өмірін эстетикалық көзқарас тұрғысында дұрыс
ұйымдастыруға көмектеседі.
Мектептегі эстетикалық тәрбиенің негізгі бағыттары және олардың
ұлттық ерекшеліктері.
Оқушылардың эстетикалық тәрбиесі оқу және сыныптан тыс тәрбие процесінде
іске асырылады.
Эстетикалық білімнің негізі — оқу пәндері. Бастауыш сынып оқушылары әр
түрлі пәндерді оқудың нетижесіне табиғаттың, еңбектің сұлулығын және адам
іс-әрекетінің әдемілігін бағалай білуді түсінеді. Олар әдемі жазуға,
мәнерлеп оқуға және ән айтуға үйренеді. Ал бұл мәдениетті сөйлеуге,
көркемдік танымын қалыптастыруға, қиялын дамытуға игі әсер етеді.
Ана тілі сабақтарында оқушылардың тілін дамыта отырып, мұғалім суретке
қарап әңгіме құрауды, әсер алған уақиғаларды айтып беруді, қиялында жаңа
белгілерді жасауға үйретеді. Көркемдікті сезінуге талғамы пайда болып,
олардың рухани күші дамиды.
Музыка сабақтары өте әсерлі сезімдерді оятып, музыка мұраттарын
қалыптастырып, бала тәртібіне ықпал етеді. Музыканы тыңдау, ән салу балалар
үшін өнегелік-әсемдік мәні бар, себебі көтеріңкі көңіл, ержүректік
сезімдерден ортақ әсер алу оларды рухани өрлеу үстінде біріктіреді және
топтастырады. Сондықтан саналы тәртіп пен мінез-құлықтық тәрбиені күшейту
үшін музыка пәні бағдарламасында халық әндерін игеруге үлкен мән берілген.
Музыка пәнінің бағдарламасы ән салу және жазылып алынған музыкалық
шығармаларды тыңдау негізінде оқушылардың есту қабілетін дамытуды көздейді.
Бастауыш мектеп мұғалімі музыка сабағын өзі жүргізетіндей даярлығы болуы
керек немесе музыка сабақтарына тікелей қатынасып, ол пәнді жүргізушімен
тығыз байланыста отырып, басқа сабақтарда, сыныптан тыс жұмыстарда
музыканың адам өміріндегі алатын орны туралы әңгімелер өткізуі керек.
Мектепте эстетикалық тәрбие оқушылардың сыныптан тыс тәрбие жұмысының
жүйесінде кеңінен пайдаланылады. Эстетикалық тәрбиенің өмір елегінен өткен
көтеген формалары бар. Шығармашылық үйірмелер — олар әдебиет, музыка,
хореография, бейнелеу өнері т.б.
Балалардың шығармашылық жұмыстарының басты формаларының бірі —
көрмелер, сайыстар. Көрмеде оқушылардың бейнелеу өнері, қабырға газеттері,
қолжазба журналдары көрсетіледі. Сайыста жақсы лирикалық, эстрадалық әндер,
әңгімелер орындалады. Сайыс оқушыларды қуанышқа бөлейді, келешекке үмітін
тұтандырады.
Мектепте музыка, кескіндеме және әдебиет кештері өткізіледі. Онда
оқушылар тыңдаушыларды өз шығармалары және әндерімен таныстырады, пікір
алмасады, ұсыныстар айтылады.
Шығармаишлық конференцияларда оқушылардың зерттеу жұмыстары туралы
баяндамалары, рефераттары талқыланады. Олардың жұмыстары жөнінде құнды
пікірлер айтылып, ұсыныстар беріледі.
Мектеп және сынып бойынша алдынала жасалған жоспарларға сәйкес
эстетикалық саяхат өткізіледі. Саяхаттың негізгі объектілері көркем
галерея, мұражай, табиғат, театр, кинотеатр, түрлі көрмелер.
Көркемөнерпаздар үйірмесі оқушылардың өнерге әуестігін, қызығушылығын,
талғамын дамытуда үлкен роль атқарады. Көркемөнерпаздар үйірмесі сынып,
сыныпаралық және мектеп бойынша ұйымдастырылады. Үйірмеге ән салуға,
билеуге машық, музыка аспаптарында ойнай білетін қабілетті оқушылар
қабылданады.
Эстетикалық тәрбие жұмысына көмектесуде мектеп кітапханасының көп
мүмкішшліктері бар. Кітапхана бейнелеу өнері, көрмедеме, музыка және
өнердің басқа түрлеріне байланысты кітаптар көрмесін ұйымдастырады, әдебиет
тізімдерін дайындайды, әңгімелер өткізеді, мұғалімдермен бірігіп, сыныптан
тыс оқуларды, оқырмандар конференциясын өткізеді, басшылық жасайды.
Сыныптан тыс эстетикалық жұмыстың барлық түрлері оқушылардың еріктік,
қызығушылық, бейімділік принциптері негізінде іске асырылады.
Мектепте оқушылардың эстетикалық мәдениетіне басқа факторлар әсер етеді.
Мысалы, жарық сынып бөлмесі, әдемі мектеп мебельдері, демалыс бөлмелері,
қолайлы жұмыс орны оқушылардың эстетикалық танымын, белсенділігін көтереді.
Көп түрлі эстетикалық жұмыстарды тиімді ұйымдастыру оқушылардың
эстетикалық дүниетанымының негізгі көзі болады.
Басты мәселе, күнделікті өмірдегі әсемдіктің адам мен табиғаттың
бірлескен әрекетінің күшімен пайда болғанын ұғындыру. Осының негізінде ғана
оқушы өз еңбегінің пайдалы екенін және оның сұлулығын көре білетін, осыдан
өмір сұлулығын жасайтын адам екенін түсінеді. Мұны жүзеге асыруда
көпшілікке хабар тарату құралдарын және баспасөз материалдарын кең
пайдалануға болады.
Қазіргі кездегі эстетикалық тәрбиенің міндеттерін шешу үшін халықтың осы
уақытқа дейінгі тәжірибесін меңгеру қажет.
Мәдени құндылықтарды жасауда әр халықтың өзіндік ерекшелігі бар. Мысалы,
қазақ халқына көшпенділік өмір жағдайында табиғи өзгерістерге байланысты
өте нәзік байқағыштық тән. Кең дала қозғалыс бағытын дұрыс табу,
жайылымдардың күйін анықтау, ауа райының өзгерісін аддынала болжау,
өсімдіктердің атын өте дәл тауып қою, т.с.с.
Халық әрдайым өсемдіктер іздеді, қолдан жасады және оны өмірде,
тұрмыста, еңбекте бекітуге тырысады. Оны халқымыз үй жиһаздарын жасауынан
және оны әсемдікті сезінудегі тәрбие құралы ретінде пайдалануынан көруге
болады.
Халықтық эстетикалық тәрбие жүйесінде лирикалық, үйелмендік тұрмыстық,
әдет-ғұрыптық, еңбектік және т.б. әндер мен өлеңдер ерекше орын алады.
Бұлар да эстетикалық тәрбиенің құралдары ретінде қызмет етті. Халқымыздың
әндері жанры және тақырыбы жағынан өте бай. Көптеген әндер би қимылдарымен
байытылды.
Қазақ халқының музыкалық аспаптарының түрлілігі таң қаларлықтай (домбыра,
шертер, асатаяқ, шаң қобыз, мүйіз сырнай, жетіген, үскірік, қамыс сырнай,
дабыл т.т.)- Олар бос уақытта пайдаланылып жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие
беру ісіне қызмет етті.
Халқымыздың тұрмысына енген қолданбалы қолөнер бұйымдары, олардың
әшекейленіп жасалуы эстетикалық тәрбиеде өз алдына бір сала. Ағаш, тері,
металл өңдеудегі өнері әлемге әйгілі.
Эстетикалық тәрбиеде халық ауыз әдебиетінің маңызы өте зор боллды. Оның
мазмұны халқымыздың бүкіл өмір тәжірибесін қамти отырып, жас ұрпақ санасын,
әсемдік сезімін, талғамын, қажеттігін билейді.
Эстетикалық тәрбиенің күрделі мәселелерін айқындауда біз халықтың
жинақтаған педагогикалық білімі мен тәрбие тәжірибесіне сүйенуіміз қажет.

Музыкалық — эстетикалық тәрбие берудегі халық дәстүрі.

Қазақтың халық педагогикасында эстетикалық талғамдырды қалыптастыру,
балалар мен жастарды бай әдеби және музыкалық мәдениетке тарту құралдары
сан алуан. Халықтың ауызекі шығармаларының түрлі жанрлары да,ұлттық әдет-
ғұрыптары да, қазақ отбасының ішкі қарым-қатынастары да, халықтың
қолданбалы өнері де, ұлттық ойындар да осы эстетикалық талғамды дамытудың
жарқын айғағы болып табылады. Отбасында балаларға музыкалық-эстетикалық
тәрбие беру үшін қазақтарда ғасырлар бойы қалыптасқан ішкі отбасылық
қатынастардың елеулі маңызы болды.
Қазақтың үнемі жан серігі болған әннің көптеген еңбек операцияларымен
қатар жүргенін айта кету керек. Әндер жеке дауыста немесе топтасқан түрде
(хормен) орылдалады. Әндердің мазмұны балалap мен жастарды халықтың қайғы-
мұңына толы өмірімен және адам өміріндегі еңбектің жасампаз ролімен
("Бозторғай") сүйгенінен арылған сәттегі ыза-мұңымен ("Сүйіктім, хош аман
бол") таныстырып, өмірге өзіндік көзқарасын қалыптастыруға негіз болады.

Қазақ халқының өмір мен тұрмыстағы өзІндік ерекшелік, музыка мен ән
мамандарының, тұрақты музыкалық оқу орындарының болмауы қазақтардың әуен
ырғағын асқан сезімталдықпен қағып ала білу және таңқаларлық есте сақтау
қабілетін қалыптастырады. Мұның өзі далада оңай бағдар табуға ғана емес,
сонымен бірге ұнаған музыкалық немесе әдеби шығарманы сол есте сақтап
қалуға мүмкіндік береді. Ғасырлар бойы суырып салып айтудың өз қағидалары
қалыптасты. Әлбетте, суырып салып айту белгілі бір дәрежеде
дүниетанымынның кеңдігіне, шеберлікті, сан қилы дағдыларды талап еткені
белгілі. Биік шеберлікке жеткен суырып салу өнерін халық жоғары
бағалаған. . Бұл өнерге өмірдің өзі, халықтың тұрмыс –тіршілігінің өзі
өте ерте жастан үйретті.
Халық ақындарды, әнші-күйшілері, жыршылары музыкалық және әдеби
шығармаларды таратушылар болды. Қазақ халқының бірде-бір мерекесі
олардың қатысуынсыз өтпеген . Ал, мұндай жиын-тойдағы музыкалық сайыс
әнші күйшілердің орындау шеберліктерін ұштай түсті.
Музыкалық шығармаларды таратушылардың арасында сал- серілер аз
болмаған. Олар 15-20 адамнан топталып, ауылдарды аралап, өз өнерін
танытты. Шынында, салдар мен серілер сол заманғы өнердің өкілдері. Бұл
күнделікті артистерше сахнаға киетін киімін чемоданға салып алып келіп,
әдейі оларға арнайы бөлмелерде қайта киінетін жағдай сал мен серіде
болған жоқ. Олар ат үстінде де, ауыл сыртында да , жәрмеңкелерде де
өнерлерін көрсетті. Сондықтан басқа алабажақ, қызыл көрінетін олардың
киімдері-сол сахынаға киетін киімдер. Ал, олар өмірде де солай киініп
жүреді. Өйткені оларды өнер мен өмір екеуі бірімен-бірі қосылып ұласып
кеткен, деп жазған А.Жұбанов (8. 21 б.).
Оларды жұртшылық қуанышпен қарсы алып, үлкен де, кіші де
тағатсыздана күтіп отырған. Тіпті, олардың көрші ауылға келгенін ести
салысымен тайлы-таяғы қалмай, сонда ағылып, түн ортасына дейін ән мен
күй тыңдаған. Мұндай музыкалық көріністер эстетикалық талғамды дамытып,
жалпы ой-өрісті кеңейткен, көрермендерді басқа өлкелердің жаңа ән-
күйлерімен таныстырып отырады.
Халықтың музыкалық-әдеби шығармаларын таратуда ата-аналардың,
қарттардың ән-күй, айтыспен сөзссіз қатар жүретін алуан түрлі ұлттық
мерекелердің, сауық-сайрандардың, ойындар мен жарыстардың қосқан үлесі
мол.
Музыкалық әдеби шығармалар тәрбие мақсатында кеңінен пайдаланғаннын
атап айту керек. Олар балалар мен жастардың ақыл-ойы мен сезіміне әсер
етіп, музыкалық-эстетикалық ләззат берген және танымдық тәрбиелік маңызға
ие болған. Балалардың музыкалық тәжірибесі неғұрлым бай болған сайын,
олардың дербес шығармашылық еңбегі соғұрлым жемісті бола түсетіні аян.
Себебі, көркем әсерлермен шебер байытып отыру балалардың шығармашылық
қабілеттерін, олардың әсерлік құралдарын іздестірудегі белсенділігін
дамытуға жәрдемдеседі. П.Тихоновтың айтқан пікірі соның айғағы: Қырғыздар
(қазақтар) ән шығарудың үлкен шеберлері әрі өз әншілерін өте
құрметтейді. Қазақтарда әнге деген сүйіспеншілік ана сүтімен енген
тәрізді, әйгілі өнерпаздардың мейілінше сүйікті әуендерін әдеттегідей
тез үйреніп алады. Бұл әндер ұрпаққа аса маңызды мұра сияқты сақталып,
рудан руға аса қастерлі нәрсе ретінде беріліп отырады . Әншілердің
арасында әнге ерекше әсерлілік бере алатын және әндерді әрлеп, артистік
шеберлікпен орындайтын асқан өнерпаздар аз болмаған.(17.7.)
Отбасылық-тұрмыстық және әдет-ғұрыптық әндерге сол сияқты айтыстар да
жатады. Айтыс — әрі ақын, әрі әншілер арасындағы жарыс. Оның бірнеше түрі
болады (салт айтыс, сүре айтыс, жұмбақ айтыс, мысыл айтыс, өтірік айтыс,
қыз бен жігіт айтысы т.б.).
" ...Қырғыз (қазақ) әндері әрдайым дерлік табан астында шығарылады. Бұл
жағдай оларды ерекше қызықтырумен бірге, ән айтушылардың сауығын түрлендіре
түседі. Олар — әйелдер, еркектер болып айту үшін жұп құрайды. Екі
жақтағылар кейде бір-біріне қағытпа әзілдер айтып, өте тапқыр жауаптар
қайтарады, оны тыңдаушылар сол мезетте-ақ қолпаштап отырады", — дейді
А.И.Левши.(11. 45). Ақындар айтысы кезінде айтысушылар бір-біріне өткір сын
айтатынын, мұның өзі тыңдаушыға әсер ететінін, сондай-ақ "ақындар көбінесе
мәнді" мәселелерді қозғайтыны жайлы ұлы ағартушы Шоқанның айтқаны да бар
(18.419).
Айтыс — халықтың қоғамдық және рухани өміріндегі қажетті шыңның бірі.
Олай болса, оның жас жеткіншектің музыкалық-эстетикалық талғамының дамып,
жетілуіне ықпал етпеуі мүмкін емес.
Қазақ халқының ол шығармашылығында лирикалық әндер ерекше орын алады.
Өзінің мазмұны жағынан лирикалық әндер мейілінше caн қилы. Олардың бірінде
ғашық жандардың толқыныс сезімдері, сүйген жардың сұлулығы нәзік жырланса,
екіншісінде экономикалық және әлеуметтік теңсіздік салдарынан екі жастың
қайғы-мұңы, енді бірінде жеке бастың күйініш — сүйінішімен ұштастыра
отырып, туған жердің табиғаты терең сезіммен бейнеленеді. Лирикалык
әндерге, қайтып оралмайтын жастық шақ туралы мұңлы ой-толғаулар да, сүйікті
аты немесе бүркіті мерт болған кездегі өкініш наласы да арқау болады.
Осындай мазмұны жағынан алуан түрлі лирикалық әндерге, мысалы, Естайдың
"Қорлан", Садықбектің "Ақбөпе", Ақансерінің "Құлагер" және "Маңмаңгер" т.б.
көптеген әндері жатады.
XIX ғасырда академик В.В.Радлов: "Қырғыз (қазақ) өз әндерінде ертегіде
айтылатып қайдағы бір ғайыптан пайда болған қорқынышты дүниені
дәріптемейді, қайта ол өз өмірін, өз сезімдері мен мұраттарын, қоғамның
әрбір жеке мүдіесі жүрегінде жүрген идеяларды әнге қосады, тыңдаушыларды
жаратылыстан тысқары кайдағы бір кереметтер емес, нақты шындықтан ләззат
алады", — деп жазады. (14.. 8-9).
Сонымен, түрлі жанрдағы әндер (сүйіспеншілік, теңдікті аңсау, ата
мекенін аңсау, тарихи оқиғалар т.б. тақырыпта) халықтың эстетикалық
көзқарастарын және оның әсемдік жөніндегі түсінігін білдіре отырып, балалар
мен жастарға музыкалық-эстетикалық тәрбие берудің тиімді құралдарының бірі
болды. Өзінің әуезділігімен, сюжеттерінің байлығымен, өмірдің, табиғаттың,
тұрмыстың алуан түрлі құбылысына caн қилы музыкалық үн қосуымен, тамаша
поэтикалық формасымен және терең мазмүнымен әндер айналадаға тұрмыс
құбылыстарына шығармашылық көзқарасты қалыптастыруға жәрдемдесті. Күні
бүгін де көптеген халық әндері кәсіби әншілер мен көркемөнерпаздардың
репертуарынан берік орын алып, көпшілік игілігіне айналып отырғаны соның
бірден-бір айғағы..
Қазақ отбасында бадаларды халықтың музыкалық мәдениетіне, музыкалық
аспаптарда ойнауға үйренуіне, музыкалық .шығармашылыққа тарту әдісінде де
өзіндік ерекшеліктер бар. Мәселен, оларды сәби жастан музыкалық аспапта
ойнауға үйрете бастаған. Оларлдың үлгі тұтар ұстазы — ата-аналары мен
музыкалық қабілеті бар адамдар. Негізінен қазақ халқының ең кең тараған
музыкалық аспабы-домбыраға үйреткен. Мысалы, халық сазгері, тамаша күйші
Дина Нүрпейісова 9 жасынан бастап күй шертті. Алғашқы күйлерді ол өз
әкесінен естіп, үйренді. 1890 жылы Дина атақты сазгер — домбырашы
Құрманғазы Сағырбаевтен кездеседі, ол оған орындаушылық өнердің алғашқы
сабақтарын береді. Содан кейін ол әйгілі домбырашы Салауаткерейге жолығады.
Ол Динаны өзінің әкесі, халық сазгері Дәулеткерейден үйреніп алған күйлерді
орындап алуға үйретеді. Осылайша өзінің алғашқы ұстазы Құрманғазыдан және
басқа да белгілі домбырашылардан Д.Нүрпейісова көптеген күйлерді үйренген.
Дина халық сазгерлерідің күйлерін ойнап қана қоймай, сонымен бірге өзі де
күйлер шығарады. Мысалы, "Бұлбұл", "Әсем қоңыр" т.б.
Жоғарыда айтылғандардың бәрі — халық педагогикасында пайдаланылған және
бүгінгі таңда да музыкалық аспаптарда ойнауға үйрету методикасында
қолданылып жүрген әдістер.
В.А.Сухомлинскийдің: "Егер сәби шақта музыкалық шығарманың әсемдігін
жүрекке жеткізе білсек, caн қырлы реңін сезіне білсе, ол мәдениеттің
ешқандай құралмен жетуге болмайтын сатысына көтеріледі... Музыкалық тәрбие
— бұл музыканты тәрбиелеу емес, ең алдымен адамды тәрбиелеу", — деуінде
үлкен шындык, жатыр (15.75).
Қазақтың халық педагогикасы өзіне әдіс- құралдармен барлық уақытта осыған
жетуге ұмтылды. Айта кеткен жөн, казақ халқының аңыз-күйлеріне, соның
ішінде "Ақсақ құланға"аңызына француз жазушысы, әлем музыкасының
мәдениетін жетік білуші Ромен Роллан өте жоғары баға берді. "Мен де, сіз
сияқты — деп жазды Р.Роллан қазақ музыкасын зерттеуші А.3атаевичке, —
"Ақсақ құлан" аңызының қарапайым әдістермен-ақ көңіл-күйге күшті әсер
қалдыратына қайран қалдым ... Тағы бір таңырқағаным ол мен үшін бөтен
болудан қалды, қалай бомасын мен олардан европалык, музыкаға жақындық
тапқандаймын, бүгінгісімен болмаса да, бұрынғы халықтың элементін
жоғалтпайытындығымен" (7. 273 .).
Miнe, осы қазақтың музыкалық мәдениетің ары қарай жетілдіріп
дамытуда, ересектер мен жас жеткінішіктердің, өнерге, соның ішінде музыкаға
деген көзқарасын қалыптастыруда халық сазгерлерідің, әншілердің,
күйшілердің ықпалы зор болды. Олар: Біржан Қожағұлов, Жаяу Муса Байжанов,
Ақан сері Қорамсаұлы, Мұхит Маралиев, Құрманғазы Сағырбаев, Дәулеткерей
Шығаев, т.б. Қай сазгердің шығармасын алма, өзіндік орындаушылық
ерекшілігімен, жан-жақтылығымен, музыкалық әуенділігімен өзіне тартады.
Мысалы, Дәулеткерейдің (1821-1875) күйлеріне көркем мәнділік пен музыкалық
форманың үйлесімділігі тән. Шығармаларының мазмұнында туған жерге деген
сүйіспеншілік, халық мерекесінен көріністер, жақын адамдардың бейнесі
баяндалған.
Ықылас (1843-1946) күйлерінің мазмұнында негізінен этикалық, тарихи,
қияли және тұрмыстық тақырыптар мен сюжеттер енген.
Кезінде қазақ халқының тарихын зерттеуіші Савичев Н.Ф. атақты
сазгеріміз Құрманғазының шертуіне қайран қалыл, осындай екі ішекті
қарапайым аспапен кереметтей адам сезімін тебірентетін музыкалық әуен
шығару тек орындаушының дарындылығы мен шабыттылығына, орындау
ерекшеліктеріне байланысты екенін ескерте отырып, "Сағырбаев — ете сирек
кездесетін музыкалық дарын, егер ол Европалық білім алғанда, музыка
әлеміндегі тұлғалы жұлдыздардың бірі болар еді", — деген болатын
("Уральские войсковое ведсмости", 1968. ғ 44).
Құрмалғазының шығармаларында қазақтың шексіз, кеңжазира даласы
суреттеледі. Ол өзінің тыңдаушысын мазмұндылығымен, әсемділігімен,
әсерлігімен баурайды. Бір сөзбен айтқанда, қазақ халқының музыкалық және
көркем шығармалары өзі өмір сүрген ғасырлар ішінде өскелең ұрпақтың
эстетикалық талғамы мен көзқарастарын қалыптастыруға жәрдемдесіп отырды.
Балалар мен жастарға музыкалық-эстетикалық тәрбие беру қарапайым
әдістермен, тәсіл-құралдармен сәби шақтан әр отбасында жүзеге асырылып
отырған. Ата-аналар мен айналадағы көпшілік балаларды ән-күйге, ауызекі
халық шығармаларының қазыналарына тартып, музыкалық-эстетикалық талғам мен
нанымды қалыптастырады. Өнер негіздерін игеру — өскелең ұрпақты
тәрбиелеудің қажетті элементі. Халықтың ән айтуға, музыкалық аспапта
ойнауға, суырып салма ақындыққа үйретуге ұмтылысы осыдан келіп туса керек.
Сөйтіп, қазақ халық педагогикасындағы музыкалық-эстетикалық тәрбиенің
ықпалы ғасырларда туған прогресшіл әдіс-тәсілдері мен құралдары бүгінгі
таңда да күнделікті практикада тәрбие міндеттерін шешуге өз үлесін қосып
келеді.
Ал, қазіргі кезеңде қалада да, ауылда да музыка мектептері, маман
мұғалімдері жеткілікті. Оның үстінде магнитті немесе бейнетаспаларда жазып
алу мүмкіндіктері де зор. Ел ішінде әнші, күйші, жыршы-термеші, сазгерлер
де аз кездеспейді. Ұлттық мектептерде басқа тәрбиелік шараларға кеселін
тигізбей-ақ бір апта бойы бір сазгердің шығармасын ұзақ үзіліс сайын мектеп
радио торабының төгілдіріп қойса, нұр үстіне нұр. Ал, ондай тәрбиенің
әдістемелік жолдарын шығармашылықпен қолданатын ұстаздар болғаны абзал.
Халықтық музыка,саз-әуен бала жүрегіне туылған күннен бастап,ананың
әлдиі арқылы жететінін ескеретін болсақ бұл тәрбие үшін таптырмайтын
құрал.Оны орнымен жүйелі түрде бала тәрбиесіне қолданып отыру, сөзсіз өз
нәтижесін беріп келеді.

1.2. Музыка және баланың жеке басының жетілуі.

Эстетикалық тәрбиенің жарқын құралдарының бірі музыка. Музыка осы
маңызды міндетті орындау үшін балада жалпы музыкалық қабілеттің негізгі
белгілерін қалыптастырады.Музыкалық қабілеттің бірінші белгісі - музыкалық
шығарманың сипатын сезіну, естігеніне бірге қуану не күйіну, эмоциялық
әсерін көрсету, музыкалық образды түсіну қабілеті. Музыкалық қабілеттің
екінші белгісі тыңдау қабілеттілігі, неғұрлым жарқын және түсінікті
музыкалық құбылыстарды салыстыру, оларға баға бере білу қабілеті.
Музыкалық қабілеттің үшінші белгісі музыкаға шығармашылық көзқарастың
көрінісі. Бала музыканы тыңдап отырғанда, көркем образды әнді, ойынды, биді
көз алдына елестете отырып, өзінше қабылдайды.Музыка баланың сезімдеріне
тікелей әсер ете отырып, оның моральдық бейнесін қалыптастырады. Музыканың
ықпалы кейде үгіттеуден де, нұсқаудан да анағұрлым күшті болады. Музыканы
қабылдағанда туатын түрлі сезімдер балалардың тебіністерін, олардың рухани
дүниесін байытады.
Музыкамен айналасу мектеп оқушыларының жалпы мінез - құлқына,
мәдениетіне себін тигізеді.Сөйтіп, музыка баланың жеке басының адамгершілік
қасиеттерін қалыптастыру үшін қажетті жағдайлар туғызады, болашақ адамның
жалпы мәдениетінің алғашқы түп негіздерін калайды.
Музыканы қабылдау ақыл-ой процестерімен тығыз байланысты,
яғни зейінді, байқағыштықты, тапқырлықты талап етеді. Балалар дыбыс үніне
құлақ салады, ұқсас және бір-бірінен өзгеше дыбыстарды салыстырып, олардың
бейнелік мәнімен танысады, көркем образдардың сипаты мағыналық
ерекшеліктерін байқайды, шығарманың құрылымын түсіне білуді үйренеді.
Баланы эстетикалық және ақыл-ой тұрғысынан жетілдіре отырып, оның қабылдау
және көз алдына елестету қабілетін жандандыратын, ой қиялын оятатын
кішкентай да болса шығармашылық сезімін, шаттық қуанышын сезінеді.
Музыкалы ырғақ сәтінде балалар рақаттана әндетіп, музыка ырғағына сай
қимылдай жүріп, өздері ойлап тапқан жаңа биге көшеді. Би, халықтың жеке
билері, пантомима, әсіресе музыкалық ойын түріндегі драма балаларды өмір
көріністерін бейнелеуге, бейнелі қимыл, мимика, сөз арқылы қайсыбір
персонажды сипаттауға итермелейді. Бұл жағдайда белгілі бір жүйе байқалады
балалар алдымен музыканы тыңдайды, тақырыпты талқылайды, рольдерін
бөліседі, Содан кейін барып іске кіріседі.
Есту мүшелері қабылдайтын музыка адамның бүкіл организмінің жалпы
жағдайына әсер етеді, қан айналымында, тыныс алуда өзгерістер туғызады.
Мажорлық және минорлық сарындардың организм жағдайына қаншалықты әсер
ететінін зерттей келе П.Н.Анохин музыканың әуен, ырғақ және басқа
компненттерін тиімді пайдаланса адамға жұмыста да, демалыс кезінде де
пайдалы деген тұжырым жасайды .(1.28.)
Ән айту дауысты жетілдіреді, дауыс желбезегін бекітеді,
сөзді дұрыс айта білуге үйретеді,вокалдық дыбыс координациясын
қалыптастыруға көмектеседі. Музыка мен қимылдың өзара байланыса негізделген
ритмикамен шұғылдану баланың тұлғасын, координацияны жақсартады, аяқты нық
басып, жеңіл жүгіретін қасиет қалыптастырады
Музыкалық тәрбие дегеніміз музыкалық өнердің ықпалы арқылы баланың
жеке басын қалыптастыру - музыкалық ынтасын, қажеттерін, қабілетін,
музыкаға эстетикалық көзқарасын қалыптастыру деген сөз.
Бала музыканың әр түрін өзінің қабылдау ерекшелігін, жасын ескергенде
ойдағыдай меңгереді. Музыкалық дамыту -- баланың музыка ісіндегі
белсенділігінің нәтижесі. Әр баланың дербес ерекшелігінің өзіндік мәні бар.
Музыкаға үйрету тәрбиелеуші процесс. Оның барысында педагог
музыкалық тәжірибе жинақтауға, ең қарапайым мәліметтер, білім, дағдылар
алуға көмектеседі. Өз тарапынан бала оны белсенді түрде меңгереді.
Музыкалық дамыту тәрбие мен оқыту процесіне
байланысты. Даму дәрежесі балалардың музыка сабақтарындағы
мінез-құлқымен, дербес ісіндегі шығармашылық көріністермен
айқындалады. Егер бала өз талабымен құмарта ән салып, билеп,
музыкамен әуестеніп, бұларды мәнерлі де дұрыс істесе, онда
оның музыкалық дамуының жеткілікті дәрежеде жоғары екендігі
туралы айтуға болады.
Музыкалық тәрбиенің міндеттері.
Барлық қағидалар мектеп оқушыларындағы музыкалық тәрбиенің
міндеттерін айқындап беруге мүмкіндік туғызады, бұл қағидалар баланың жеке
басын жан жақты және үйлесімді тәрбиелеудің жалпы мақсатына бағындырылып,
музыкалық өнердің өзгешелігі мен жас ерекшеліктерін ескеріп құрылады.
1.Музыкаға деген сүйіспеншілікпен құштарлықты тәрбиелеу.
Бұл міндет баланың естіген шығармаларының мазмұнын
тереңірек сезіп, түсінуіне көмектесетін музыкалық
қабылдағыштығын, музыканы есте ұстау қабілетін дамыту
жолымен шешімді. Музыканың тәрбиелік ықпалы жүзеге
асырылады.

2. Балаларды алуан түрлі музыкалық шығармалармен
таныстырып, олардың музыкалық әсерлерін байыта беру
керек.

3. Балаларды музыканың ең қарапайым ұғымдарымен
таныстыру, музыка тыңдау, ән айту, музыкалық ырғақтық
қимыл, балалардың музыкалық аспаптарында ойнау
саласындағы дағдыларын дамыту қажет.

4. Эмоциялық әсер алғыштығын, сенсорлық қабілеттері мен биік
дыбыстарды айыра білуін, ырғақ сезуін жетілдіріп, әншілік
дауыс пен қимылдарын әрлендіре түсу керек.

5. Ән айтудың қарапайым түріне және қимыл әдістеріне үйрете
беру, бұл істе музыкалық шығармалардың табиғи және әсерлі
орындауын қадағалау керек.

6. Алған әсерлері мен музыка жөніндегі ұғымдары негізінде
музыкалық талғамы пайда болған балалардың алғаш көрінуіне
жәрдемдесу керек, ол үшін алдымен олардың музыкалық
шығармаларды талдауына, содан соң бағалай білуіне
көмектескен жөн.
7. Музыканың балаларға түсінікті барлық түрлерінде, ойындар
характерлік образдарды беруде, ойдан шығарған шағын әндер
мен қайырымдары айтуда шығармашылық белсенділікті
дамыта беру керек.
Музыка сабағы балалардың эстетикалық талғамын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі білім беруде балаларға музыкалық шығармашылық құралдары арқылы эстетикалық тәрбие беру
Мектепке дейінгі мекемелерде балаларға музыка арқылы эстетикалық тәрбие беру
Бастауыш сыныпта музыка сабағын ұйымдастыру жолдарын қарастыру
Оқушыларға көркемдік тәрбие берудің жолдары мен құралдары
ЭСТЕТИКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Эстетикалық тәрбиенің мақсаты - жеке адамның эстетикалық мәдениетін дамыту
Эстетикалық тәрбиенің теориялық негіздері
Жасөспірімдерге эстетикалық тәрбие берудің мәселелері
Мектеп жасына дейінгі баланың эстетикалық тәрбиесі
Балалардың музыкалық әсерлерін қорытындылау
Пәндер