Намаз кітабы


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   

Намаз кітабы

Намазды қасыр етіп оқудың шарттары

Намазды қысқартып оқудың шарттары: сапар он алты фарсахқа тең болу керек.

Ханафилер айтады: уақыт жағынан сапар жылдың ең қысқа күндердерімен есептегенде үш күнге тең келу керек. Сонымен қатар таң атқаннан түске дейін жүргені есепке алынады. Жолда орта жүріспен жүру керек, түйенің жүрісімен немесе жаяу жүріспен. Таң ертеңнен шығып түске дейін жүріп, сол уақытта жеткен жерде тұрақтайды. Екінші және үшінші күні осылай етсе, онда жолда намазды қысқартып оқуына болады. Сапар бұдан аз болса, онда намазды қысқартып оқу дұрыс емес. Ханафилердің кейбірі оны фарсахпен есептеген. Біреулер сапар 24 фарсах деген. Ал ол үш бөлікке тең келеді.

Маликилер айтады: егер жолдық қашықтығы белгіленген мөлшерден сегіз милге қысқа болса, онда намазды қысқартып оқыса болады. Әрі оны қайта оқымайды. Мекке, Мина, Муздалифа, Мухсабтың тұрғындары мәселесі қажылық уақытында, Муздалифада тұру себебінен, ерекшеленеді. Олар намаздарын жолда болғанда қысқартып оқиды. Бұл - сүннәт. Басқа жерлерден келгендер де қажылықтың басқа амаладарына қатысты да осылай болады.

Жолды белгілі бір уақытта өту шарт емес. Он күндіз не болмаса түнде болуы мүмкін. Егер одан да аз уақыт жүрсе дұрыс болады.

Сапарға шыққанда ниет ету өзіне екі мәселені қамтиды. Біріншісі: ниет еткен жолды бастан-аяқ жүру. Егер қайда баратынын білмесе, онда намазды қысқартып оқымайды. Жолға шығып жолда сапар үкімін бұзатын мөлшерде тұрақтауды ниеттенсе де намазды қысқартып оқымайды.

Ханафилер айтады: қысқа уақыт бір жерде тұрақтау ниеті намазды қысқартып оқу үкімін бұзбайды. Егер бір жерге он бес не болмаса одан көп уақыт тұрақтауды ниеттенсе, онда жолда намазды қысқартып оқып, барған жерінде толық оқиды.

Екінші шарт: өзі ниеттену. Біреуге еріп, еру ниеті жарамайды.

Маликилер айтады: біреуге ерген жағдайда намазды қысқартып оқуға болады. Бірақ еруші өзі ергенмен бірге сапарды толық жүрмесе, онда қысқартып оқуына болмайды.

Шафиғилер айтады: еруші қашан ермейтінін ниеттенгенннен кейін қасыр сапарды толық өтпейінше намазды қысқартып оқымайды. Ол екі бөліктен тұрады. Осы қашықтықта намазы қаза болса, онда оны қасыр етіп өтейді. Өйткені ол намаз қасыр уақытында қаза болды.

Сапар ниетінде көздеген жеріне жету шарт емес.

Егер сәби қасыр сапарды ниетенсе, онда ол намазын қасыр етіп оқиды.

Ханафилер айтады: сапар ниетінде балиғатқа жету шарт. Сәбидің ниеттенуі дұрыс емес. Олардың айтуынша сапар ниетінің шарты үшеу: сапарды толық жүру, өз ниеті болу, балиғат жасына жету.

Сапар мубах болуы тиіс.

Ханафилер сапардың мубах болуы шарт емес деді. Қандай сапар болмасын, ол харам болса да, мусафир намазын қасыр етіп оқиды.

Егер сапар харам болса, мысалы ұрлық үшін немесе жолды кесу, онда намаз қысқартылып оқылмайды. Егер қысқартып оқыған жағдайда, онда соны ниеттенуі тиіс.

Маликилер егер сапар харам іс үшін болса, онда күнәлі болуына қарамастан, намазды қысқартып оқиды.

Егер сапар мәкруһ болса, онда мазһабтардың арасында айырмашылық бар.

Ханафилер: мәкруһ сапарда намаз қысқартылып оқылады деді. Шафиғилер мәкруһ сапарда намазды қысқартып оқыса болады деді. Маликилер мәкруһ сапарда намазды қысқартып оқу мәкруһ деді. Маликилер мәкруһ сапарда намазды қысқартып оқуға болмайды. Егер оқыса, онда намазы харам деп ниеттенбейді.

Егер сапар мубах болып, сапар кезінде мәкруһ іс істелгені намазды қысқартып оқылуына кедергі бола алмайды.

Сапардың келесі шарты: тұрған жерінен шығу.

Шафиғилер: сапарда есептелетін жерге жетуі тиіс. Тұрғылықты адам ауылдың шегінен шыққаннан сапарда болады. Ор сияқты нәрселер есептелмейді. Егер ауылдың сыртында дуал болмаса, онда көпір ауылдың шеті болып есептеледі. Егін, бақ, онда ғимарат болып, онда біреу тұрса да, ауылдың шегі болып есептелмейді. Егер ауылдың шетінде қабір болып, ол ауылға тиіп тұрса, онда сол қабірден шықса, сапарда болады. Егер жодлда екі ауыл тиіп тұрса, онда арада шек болмаса, онда екуінен шығу шарт. Егер арасы бөлініп тұрса, онда біреуінен өткеннің өзі жеткілікті. Егер ауылдың жанындағы бақта үй болып онда біреу жыл бойы тұратын болса, онда бақ ауыл болып есептеледі. Егер біреу шатырдан тігілген ауылда тұрса, онда сол ауылдан шыққаннан сапарда болады. Егер ауылдың жанында кішкентай жазық, төбе болса, ол ауылға жатады. Егер үлкен болса, онда ауылға жатпайды. Бұл жағдайда ауылдың шегінен шықса болғаны. Егер жолаушы ауылда немесе шатырда тұрмаса, онда сапары өзі тұрған жерден басталады. Егер теңізде тұрса, онда сапары кеменің жүре бастаған жерінен басталады. Егер кеме жағадағы үйлердің жанынан жүрсе, онда олардан өтпей сапар үкімінде болмайды.

Ханбалилер: жолаушы өзі тұрған жердегі үйлерден шыққаннан бастап намазын қысқартып оқиды. Бұл жағдайда ауылдың шетіндегі дала мен қираған үйлер есепке алынбайды. Егер қираған үйлер тұрғын үйлермен жалғасып жатса, онда қираған және тұрғын үйлерден өтпейінше қасыр оқымайды. Сол сияқты егер ауылдың жанында бау болып, ол ауылға жалғасып жатса және онда жазда адам тұратын болса, баудан өтпейінше қасыр оқылмайды. Егер үйлер қамыс т. б. нәрселерден құрылса да, олардан өтпейінше қасыр оқымайды.

Ханафилер: қасыр болу үшін қасырдың белгіленген қашықтығы есепке алынады. Ауылдан шыққаннан бастап қасыр оқылады. Бұл жағдайда ол қала немесе ауыл екен есепке алынбайды. Егер қаланың жанында қаладан бөлек аудан болып, ол қалаға жатса, одан өтпейінше қасыр оқылмайды. Ол аудан тұрғылықты болу керек. Егер қираған үйлер болса, одан өту шарт емес. Қаланың жанында қалаға жатпайтын үйлер болса, олардан өту шарт емес. Ауылдан шыққаннан кейін үйлер көрінбеуі шарт емес. Егер шатырлардан болған жерден шықса, олардан шыға салысымен қасыр оқылады. Ол шатырлар бірге немесе бөлініп тұруы шарт емес. Егер суда немесе орманда тұрса, онда судан немесе орманнан кетпейінше сапарда болмайды. Бұл жағдайда орман өте үлкен болмау керек. өзен де өте ұзын болмау керек. Сапарға шыққанда тұратын жеріне тиіп тұрған аулалардан шығу керек. Аулаға қора, ауыл жанындағы қабір т. с. с. жатады. Егер қора мен үйлердің арасы 400 білек болса, онда қоралардан өту шарт емес. Бау болып, ол үйлерге жалғасып тұрса да, одан өту шарт емес. Ода біреулер тұрсын немесе тұрмасын.

Маликилер: жолаушы үйден, шатырдан, таудан шығуы мүмкін. Жолаушы үйлерден, жылдың бір бөлігінде тұрғындары бар баулардан шықпайынша қасыр оқымайды. Бұл жағдайд бау ауылға тиіп тұру керек немесе һөкімет бойынша сол ауылға жатысты болу керек. Және ол бау өнім беретін болу керек. Егер олай болмаса, онда одан өту шарт емес.

Егер жұма оқылатын қала болса, оның дуалдарынан үш миль өту шарт емес. Оның жанындағы баулардан өтсе болды. Егер жұма оқылатын қаланың жанында бау болып, ол қалаға тиіп тұрса және ол өнім беретін болса, сол баудан өтпейінше қасыр оқылмайды. Далада тұрған ауылдан шықса, арада бір ауылдай қашықтық болу керек. Шатырда тұратын болса, онда бір тайпаға қатысты шатырлардан өтпейінше қасыр оқымайды. Егер бір тайпаға жататын шатырлардың арасы бір ауылдай болса, онда оның бәрінен өту шарт емес. Бұл жағдайда шеткі бір шатырдан өтсе болғаны. Далада үй және шатыр жоқ жерде тұратын адам, тұрған жерінен кеткеннен қасыр оқиды.

Келесі шарт: жолаушы муқимге намазда ұйымайды.

Ханафилер: бір уақытта оқыса, онда жолаушы мұқимге ұйыса болады. Егер намаздың уақыты шығып кетсе, онда ұйымайды. Себебі жолға шыққаннан кейін жолаушының төрт рәкәғаты екіу болып оқылады. Сонымен қатар бірінші отырыс жолаушы үшін парыз, ал муқим имам үшін парыз емес. Имам болатын адам оған ұйыған адамнан білімді болу керек. Ал муқимнің жолаушыға ұйығаны қашанда дұрыс.

Егер ұйыса онда намазын толық оқиды. Соңғы ташаһһудте ұйыса да солай.

Маликилер: егер жолаушы имамның рәкәғатына жетпесе, онда намазын қасыр етіп оқиды.

Ханафилер: сапарда намазды басында қасыр етіп оқуды ниеттену жеткілікті. Қайта қасыр етуді ниеттенудің қажеті жоқ. Оны Рамазанның басында жасалған ниетпен салыстырса болады.

Келесі шарт: әрбір намазда оны қасыр етіп оқуды ниет ету.

Намазды қасыр етіп оқудың үкімін жоятын нәрсе

Мына жағдайларда намаз қасыр үкімінен шығады: мазһаб бойынша барған жерінде белгілі уақыт бойы тұруды ниеттенсе.

Ханафилер: барған жерінде толық он бес күн тұруды ниеттенсе, онда намазын қасыр оқымады. Егер он бес күннен аз болса, бір сағатқа болса да, онда барған жерінде муқим үкімінде болады. Муким болудың төрт шарты бар: барған жерінен кетпеуді ниеттену. Егер барып муқим болуды ниеттенсе, бірақ жол жүрсе, онда муқим болмайды. Бұл жағдайда ол қасыр оқиды. Екінші: барған жері тұрғанға жарамды болу. Егер баратын жерінде үй болмаса, ол дала болса, онда намазын қасыр оқиды. Үшінші: барған ерінде бір жерде тұрақтау. Егер екі жер болып, соның бірінде тұрақтамаса, онда қасыр оқиды. Төртінші: өзі ниеттену. Егер біреуге еріп тұрамын десе, ол жарамайды. Намазын қасыр оқиды.

Біреу үш күндік сапарға шығып, үш күннен бұрын кері қайтса, онда ол қайтуды ниеттенгеннен бастап намазын толық оқиды. Бір жерге тұрақтауды ниеттенсе де осылай. Онда барған жерінен бастап намазын толық оқиды. Бір жерде он бес күннен аз уақыт тұрақтауды ниеттенсе, онда сол жерде намазын қасыр оқиды. Бір жерде он бес күннен артық тұрып, бірақ ол жерде он бес күннен ниеттенбеген болса да қасыр оқиды. Егер тұрақтамайтын жерінде он бес күннен артық уақыт кідіріп қалатынын білсе, онда ол жерде қасыр оқымайды.

Ханбалилер: егер бір жерге барып, ол жер тұрғанға жарамсыз болса да, сол жерде тұрақтауды ниетенсе, барған жерінде жиырма намаздан артық намаз оқуды ниеттенсе, барған жерінде ісі үшін төрт күн кідіруді ниеттенсе де намазын толық оқиды. бұл жағдайда жеткен күні мен кететін күні осы төрт күнге кіреді. Егер жода келе жатып бір жерде тұрақтап, ол жерде қанша уақыт болатыны белгісіз болса және тұрақтауды ниеттенбесе, онда намазын қасыр оқиды. Сол жерден кеткенге дейін, ол жерде жыл бойы тұрса да, сапар үкімінде болады. Егер сапар уақыты бітпейінше кері қатса, онда қайтып бара жатып намазын толық оқиды.

Маликилер: барған жерінде төрт тұрақтауды ниеттену қасыр үкімін жояды. Мұның екі шарты бар. Бірінші: төрт күн толық болу керек. Таң атқаннан кейін келсе немесе кетсе, ол күн есептелмейді. Екінші: барған жерінде жиырма намаз оқу. Егер төрт күн тұрып, төртінші күні күн батқаннан кейін жолға шықса, оны тұрақтаудан бұрын ниеттенген болса, онда намазын қасыр етеді. Сапар ниеті жол жүруден бұрын жасалады. Жол жүріп бара жатып ниеттенседе болады. Егер жолға шығудан бұрын ниеттенсе, онда шыққан жері мен баратын жердің арасы қасыр етудің үкімінде болу керек. Ұл жағдайда жолаушы жолда қасыр оқиды. Егер арадағы қашықтық қасыр үкімінде болмаса, онда барған жернде тұрғанға жағдайы болуы шарт емес. Барған жерінде төрт немесе одан көп уақыт боламын деп ниеттенсе, онда барған жерінде қасыр оқымайды. Егер төрт күннен аз уақыт тұрамын десе, онда қасыр оқиды. Әскерге бұл мәселге қатысты емес. Әскер қанша тұрса да, сапар үкімінде болады. Егер жолда бір жерде тұрақтап, ол жерде тұрақтауды ниеттенбесе, онда сол жерде қасыр оқиды. Барған жерінде қанша уақыт тұратынын білмесе, онда намазын толық оқиды. Сапарға шығып, сапарының уақыты бітпестен бұрын кері қайтса, ол отаны болсын немесе болмасын намазын толық оқиды.

Шафиғилер: барған жерінде төрт күн тұрақтауды ниетенсе, келген және кететін күнін есептемегенде, онда намазын толық оқиды. егер төрт күннен аз тұруды ниетенсе немесе ештеңе ниеттенбесе, онда төрт күн болғанға дейін қасыр оқиды. Бұл егер барған жерінде қажеті болмаса, егер қажеті болса, онда ниеттенеді. Егер кері қайтса, онда ниеттенсін ниеттенбесін, сапары бітеді. Егер қаза етсе, онда басқа уақытта қаза етеді.

Келесі шарт: сапраға шыққаннан кейін қасыр ететін жеріне қайтып бару. Ол отаны болсын немесе болмасын. Қайту ниеті қайтуға жатады.

Ханафилер: сапарда болған қасыр уақыы бітпестен отанына қайтса, онда сапары бітеді. Егер қайтпаса да қайтуды ниеттенсе, онда сапары біткен болып есептеледі. Бұл жағдайларда ол намазын толық оқуы тиіс. Егер қасыр уақыты бітсе, онда қайтпайынша қасыр оқиды. бұл жағдайда қайту ниеті қасырды бұзбайды. Ханафилерде отан екі түрлі болады: негізгі отан. Туылған жері негізгі отаны болады. Сонымен қатар тұратын жері, жұмыс жері негізгі отанға жатады. Екіншісі: тұрақтау отаны. Ол он бес күн немесе одан көп уақыт тұруға болатын орын. Бір жерде үйі болып, кейін туылған жеріне он бес күннен аз уақытқа баратын болса, ниетіне қарай онда қасыр етеді. Және өзі тұратын жер мен баратын жердің арасы қасыр үкімінде болу керек. Тұрақтау үш нәрсемен күшін жояды. Бірінші: негізгі отан. Бір жерде тұрып, кейін басқа жерге барып үйленсе, кейін шыққан жеріне барса, онда намазын толық оқиды. Екінші: қасыр үкімінде болған жол жүріп, кейін ол жерде он бес күн тұрса. Кейін ол жерден басқа жерге кетіп, кейін шыққан жеріне барса. Бұл жағдайда ол он бес күн тұрақтауды ниеттенбесе, қасыр оқиды. Үшінші: тұрақтаған жерінен жолға шығу. Егер ол барған жерінде он бес немесе одан көп күн тұруды ниеттеніп, кейін басқа жерге баруды ниеттенсе. Осыдан соң ол шыққан жеріне қайта барса қасыр оқиды. бұл жағдай екі жағдаймен жоққа шығарылады.

Маилкилер: қасыр үкімінде болған сапарға шығып, кейін кері қайтса. Ол негізгі отаны болса. Негізігі отан: туылған жері, тұрақтаған жері, қасыр үкімін жятын орын. Егер негізгі немесе тұрақтайтын жеріне тұрақтау үшін қайтса, онда, тұрақтауды ниеттенбесе де, жеткеннен толық оқиды. Тұрақтайтын жеріне барып, онда тұрақтауды ниеттенбесе, қасыр оқиды. барған жерінде тұрақтауды ниеттенсе немесе онда әйелі болса, онда толық оқиды. Отанына қайтқан кезде арақашықты қарау керек. Жол қасыр үкімінде болса, қасыр оқиды. сапра қасыр үкімінен қасқа болса, толық оқиды. Бұл жағдайда барған жерінде және қайтқан кезде де толық оқиды. Қасыр үкіміндегі жолды жүріп, жолда негізгі отанына немесе тұрақтайтын жерге барса, онда сол жерде намазын толық оқиды. Әйелінің отанына барса да солай. Шыққан жері мен баратын жердің арасында негізгі отанына немесе әйелінің отанына баратын болса, онда негізгі отаны және әйелінің отаны мен шыққан және баратын жердің арасындағы қашықыты қарайды. Егер сол қашықтық қасыр үкімінде болса, онда қасыр оқиды. Жолда негізгі отанына неамесе әйелінің отанына кірмесе, онда сапардың қасыр үкімі бұзылмайды.

Шафиғилер: отанға адам жыл бойы тұратын орын жатады. Басқа жер отанға жатпайды. Сапардан отанына келісімен сапары бітеді. Отанында төрт күннен аз тұратын болса да, намазын толық оқиды. Отанына қайтып келе жатып та, жолда қасыр оқиды. Баратын жеріне бара жатып та қасыр оқиды. Егер барған жеріне қажетсіз қайтып барса, онда қасыр оқиды. Баратын жеріне жетпестен онда тұрақтауды ниеттенсе, жеткен уақытта сапары аяқталады. Ол біреуге ермеген болу керек. Осы жағдайда ол баратын жеріне жетісімен сапары аяқталады. Егер баратын жерінде тұрақтауды ниеттенбесе, онда сапары екі жағдаймен аяқталады. Бірінші: төрт күн тұрақтауды ниетену. Жеткеннен кейін ниеттенсе де солай. Тіпті қажет үшін қайтып барған болса да. Сапар тұрақтау ниетімен бітеді. Егер ісі төрт күннен бұрын бітеніні білсе, онда сапары аяқталады. Барған жерінде ісі бітпей жатса, онда қасыр оқиды. Бұл жағдайда ол он сегіз күн бойы қасыр оқиды. Барған жерінде қайтуды ниеттенгенннен толық оқиды. Отанынан басқа жерге баруды ниеттенсе, қажеті болмаған жағдайда сапары аяқталады.

Ханбалилер: сапары отанынан басталып, ол онда қайтсын қайтпасын, оған қайтуды ниеттенсін, ниеттенбесін, ара қашықтық қасыр үкімінде болмасада, онда намазын толық оқиды. Бұл жағдайда қайтудан бұрын немесе қайтуды ниеттенулен бұрын оқылған қасыр намаздарын қайта оқымайды. Бұл жағдайда ол қажеті үшін қатқаны және екінші рет бара жатқаны есепке алынбайды. Отаны мен қайта баратын жердің арасындағы қашықтық қасыр үкімінде болса, жолда қасыр оқиды. Отанының өтіп бара жатса, қасыр үкімі жойылады. Әйелінің отанынан өтсе де солай. Отанынан немесе әйелінің отанынан өткеннен кейін намазын қайта қасыр оқиды.

Екі намазды қосып оқу

Зуһр мен аср, мағрибпен ғиша намаздары қоыслып оқылады.

Маликилер: сапар, ауру, жаңбыр, қараңғы және лай болған жағдайда, Арафат пен Муздалифада осы намаздар қосылып оқылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қасиетті сандар
Намаз – діннің тірегі
Шиалық атаудың қалыптасуы
Намаз оқу
Түйе айдаушыны ұру қажылық толық орындалуының шарты болып табылады
ИТИҚАДТЫҚ ИСЛАМ МАЗХАБТАРЫ
Ислам дінінің бастауы
Бахаи сенiмiнiң дiни iлiмдерi
Ислам — әлемдік монотеисттік-ибраһимдік дін
Мұхаммед пайғамбардың өмірі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz