Тойшыбек Қасаболатұлы - Жетісудағы қазақ ұлт-азаттық көтерілістің жетекшісі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1.2б.
I. ТОЙШЫБЕК ӨСКЕН ОРТА ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3.5б.
II. XIX ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ЖЕТІСУДАҒЫ САЯСИ АХУАЛ. ТОЙШЫБЕК БАТЫРДЫҢ ҰСТАНЫМЫ ... ... ..6б.
III. ПАТШАЛЫҚ РЕСЕЙДІҢ ЖАУЛАП АЛУ САЯСАТЫНА ҚАРСЫЛЫҚ ЖӘНЕ ТОЙШЫБЕК БИ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7.10б.
IV. ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11б.
V. ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12б.
Қазақ халқының сан жылғы тарихында небір тар жол тайғақ кешулерден елін аман-сау алып шығуға, тағдырдың тезінен, тозақтың көзінен сақтап қалуға ұмтылған дара тарихи тұлғалар болғаны белгілі. Мұндай ерлерін ел есінде сақтап, жырға қосып, данққа бөлеп, ұрпақтан-ұрпаққа үлгі қылып жеткізіп отырған. Патша өкіметі тұсында да, кеңестік дәуірде де, қанша күш салынғанымен, ұлттың азаттығы үшін күрес барысында туған өлеңдер мен жырларды, ел жадында сақталып қалған әңгіме-аңыздарды ұмыттыру мүмкін болмады.Аты аңызға айналған сол тарихи тұлғаларға бүгіндері ұлттық мүдде тұрғысынан лайықты баға беру жолында көптеген ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, тарихымыздың ақтаңдақ беттері ашыла түсуде.Соның арқасында кешегі өткен бабаларымыздың “найзаның ұшымен, білектің күшімен” жасаған ерлік істері көпшілік қауымға таныла бастады.Дегенмен де, өкінішке орай, осы күнге дейін зерттеушілердің назарынан тыс қалып келе жатқан белгілі тұлғалар қаншама. Солардың бірі –Жетісу өңірінің саяси тарихында өзіндік із қалдырған, XIX ғасырдың 40-50 жылдарындағы мұрағаттық құжаттардан жиі есімі кездесетін батыр, әрі би –Тойшыбек Қасаболатұлы. Бірақ әлі күнге дейін арнайы зерттеу жүргізілмегендіктен есімі де, шыққан руы да бұрмаланып, ақиқаты айтылмай келеді. 9 сыныптағы мектеп оқушыларына арналған Қазақстан тарихында (1, 90- б.) “Таушүбек”, “Жалпы тарих” журналындағы бір мақалада “Таушелек” (2, 61- бет) деп тура аталмай кете барған. Мұның себебі, орыс шенеуніктерінің құжаттарда қазақша, қырғызша кісі аттарын қате жазатындығында болса керек.
Тойшыбектің руын да кейінгі кезде шапырашты деп қателесу орын алды. Бірақ мұрағат құжаттарында және Ботпайлар шежіресін құрастұрушы Ә.Ақпейіловтың еңбектерінде оның руы Дулаттың Ботпай тармағы деп нақты көрсетіледі. І. Жансүгіровтің еңбегінде және “Хан Кене” атты жинақта(3) Жамбыл естелігін көшіріп жазуда жіберілген жаңылыстар кейінгі зерттеушілердің де шатасуына алып келген (аталған жинақта тек Тойшыбек қана емес, Дулаттың тағы бір белгілі адамы Байзақтың да руы қоңырат деп жаңсақ берілген).
Тойшыбектің және оның батыр ұлы Байсейіттің заманын бір кісідей білген және олардың ерлік істерін жырға қосып, аңыз қылып айтқан жетісулық ақындар – Сүйінбай, Жамбыл, Кенен, Саяділ т.б. шығармаларында және естеліктерінде де ол Дулаттың ботпай руынан екендігі айқын айтылады. Бір қарағанда, батырдың руында тұрған ештеңе жоқ сияқты, бірақ сол заманда батыр, би болып, бір рулы елдің намысын жыртып, қорғаны бола білген жандардың тегін тарқата алмай, шатасу елдігімізде сын болса керек.Тойшыбек бидің әкесінің атына байланысты да екі түрлі мәлімет бар. Тойшыбек бидің өзінің мөріне араб әрпімен “Тойшыбек Қасаболатұлы” деген жазу түскен (қосымшадағы Тойшыбек бидің мөріне қараңыз).
1. Қазақстан тарихы. –Алматы, 2001.
2. Жалпы тарих. 2004 № 2,3.
3. Хан Кене. –Алматы 9 бет.
4. Махаева А.Ш. Тойшыбек би және оның заманы
5. Ділібаев Ә. Ауыз әдбиеті үлгілері мен зерттеу мақалалары.-Алматы, 1999
6. Ақпейілов Ә. Тойшыбек // Жетісу. Энциклопедия. –Алматы, 1999.
7. Бекназаров Р. Оңтүстік Казахстан тарихының очеркі (XYIII-XIX ғ.ғ.) Алматы, 1976.
8. Қойгелдиев М. Жетісудағы Ресей билігі (XIXғ.-1917).
9. Әбілдаұлы Б. Сыпатай батыр. –Алматы, 2000
10. Тынышпаев М. Материалы к истории киргиз-казакского народа. Ташкен, 1825
11. Янушкевич А. Қазақ даласына сапар туралы жазбалар.-Астана, 2003.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Қазақ халқының сан жылғы тарихында небір тар жол тайғақ кешулерден елін
аман-сау алып шығуға, тағдырдың тезінен, тозақтың көзінен сақтап қалуға
ұмтылған дара тарихи тұлғалар болғаны белгілі. Мұндай ерлерін ел есінде
сақтап, жырға қосып, данққа бөлеп, ұрпақтан-ұрпаққа үлгі қылып жеткізіп
отырған. Патша өкіметі тұсында да, кеңестік дәуірде де, қанша күш
салынғанымен, ұлттың азаттығы үшін күрес барысында туған өлеңдер мен
жырларды, ел жадында сақталып қалған әңгіме-аңыздарды ұмыттыру мүмкін
болмады.Аты аңызға айналған сол тарихи тұлғаларға бүгіндері ұлттық мүдде
тұрғысынан лайықты баға беру жолында көптеген ғылыми-зерттеу жұмыстары
жүргізіліп, тарихымыздың ақтаңдақ беттері ашыла түсуде.Соның арқасында
кешегі өткен бабаларымыздың “найзаның ұшымен, білектің күшімен” жасаған
ерлік істері көпшілік қауымға таныла бастады.Дегенмен де, өкінішке орай,
осы күнге дейін зерттеушілердің назарынан тыс қалып келе жатқан белгілі
тұлғалар қаншама. Солардың бірі –Жетісу өңірінің саяси тарихында өзіндік із
қалдырған, XIX ғасырдың 40-50 жылдарындағы мұрағаттық құжаттардан жиі есімі
кездесетін батыр, әрі би –Тойшыбек Қасаболатұлы. Бірақ әлі күнге дейін
арнайы зерттеу жүргізілмегендіктен есімі де, шыққан руы да бұрмаланып,
ақиқаты айтылмай келеді. 9 сыныптағы мектеп оқушыларына арналған Қазақстан
тарихында (1, 90- б.) “Таушүбек”, “Жалпы тарих” журналындағы бір мақалада
“Таушелек” (2, 61- бет) деп тура аталмай кете барған. Мұның себебі, орыс
шенеуніктерінің құжаттарда қазақша, қырғызша кісі аттарын қате
жазатындығында болса керек.
Тойшыбектің руын да кейінгі кезде шапырашты деп қателесу орын алды.
Бірақ мұрағат құжаттарында және Ботпайлар шежіресін құрастұрушы
Ә.Ақпейіловтың еңбектерінде оның руы Дулаттың Ботпай тармағы деп нақты
көрсетіледі. І. Жансүгіровтің еңбегінде және “Хан Кене” атты жинақта(3)
Жамбыл естелігін көшіріп жазуда жіберілген жаңылыстар кейінгі
зерттеушілердің де шатасуына алып келген (аталған жинақта тек Тойшыбек қана
емес, Дулаттың тағы бір белгілі адамы Байзақтың да руы қоңырат деп жаңсақ
берілген).
Тойшыбектің және оның батыр ұлы Байсейіттің заманын бір кісідей
білген және олардың ерлік істерін жырға қосып, аңыз қылып айтқан жетісулық
ақындар – Сүйінбай, Жамбыл, Кенен, Саяділ т.б. шығармаларында және
естеліктерінде де ол Дулаттың ботпай руынан екендігі айқын айтылады. Бір
қарағанда, батырдың руында тұрған ештеңе жоқ сияқты, бірақ сол заманда
батыр, би болып, бір рулы елдің намысын жыртып, қорғаны бола білген
жандардың тегін тарқата алмай, шатасу елдігімізде сын болса керек.Тойшыбек
бидің әкесінің атына байланысты да екі түрлі мәлімет бар. Тойшыбек бидің
өзінің мөріне араб әрпімен “Тойшыбек Қасаболатұлы” деген жазу түскен
(қосымшадағы Тойшыбек бидің мөріне қараңыз). Ал Г.А.Колпаковскийдің (4)
ғұмырнамалық еңбегінде “Тойшыбек Әлмесов” деген атау кездессе, Ә.
Ділібаевтің (5) еңбегінде “оның әкесінің аты Әлмес” деп көрсетілген. Біз
Тойшыбек бидің мөріндегі жазуды ғылыми негізге ала отырып, Ә.Ақпейіловтың
Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында тұратын Ботпайлар шежіресін
білетін қариялардан және Тойшыбектің ұрпақтарынан жиналған мәліметтерін
басшылыққа алдық, сөйтіп, Тойшыбектің әкесінің аты Қасаболат, ал атасының
аты Әлмес болса керек деген тоқтамға келдік.
XIX ғасырдың бірінші жартысында Жетісу жерінде өмір кешкен атақты би
Тойшыбек Қасаболатұлы туралы деректік материалдар аз емес.Соған қарамастан
қазақ халқының азаттығы жолында күрескен осынау тұлғаның саяси келбеті әлі
күнге тарихымыздан өз орнын таппай келеді. Тек қана жуырда жарық көрген
“Жетісу” энциклопедиясында (6) ол туралы алғаш рет анықтама берілді.
Тойшыбек туралы тұңғыш энциклопедиялық мақаланы дайындаған Ә.Ақпейіловтің
бұл еңбегін қуана құптау керек. Себебі, ұлт тарихының жанашыры, белгілі
шежіреші Ә.Ақпейілов Ұлы жүздегі ықпалды, ірі тұлғаның бірі –Тойшыбек
Қасаболатұлының тарихымызда алар орнын айқындай түсүді көп болып қолға
алудың қажеттілігін аңғарта білді.
Мұрағат мәліметтерін зерделей қарағанда Тойшыбек Қасаболатұлы мен
оның заманы жөніндегі шындық айқындала түседі. Сондай мұрағат құжаттарының
бір топтамасы Ресей Федерациясы Омбы облыстық мемлекеттік мұрағатында,
нөмірі 366-қорда, Катанаев қорында сақтаулы тұр. Әсіресе, осы қордың 1
тізбесіндегі 236-істе тіркелген 50 парақтық құжаттың тарихи маңызы, берер
мәліметі мол. Шетіне “құпия” деген бұрыштама қойылған бұл істің мазмұнын
Батыс-Сібір генерал-губераторы Горчаковке Үлкен Орда приставы қызметін
уақытша атқарушы капитан Гутковскийден түскен мәлімдеме құрайды, сонымен
бірге қоқандықтардың Ұлы жүз сұлтандары мен би, батырларына жолдаған
хаттары тіркелген. Ал осы қордың 238, 239, 240, 241, 249-іс құжаттарында
Горчаковтің және басқа әскери шенеуніктердің Әскери министрге жетісудағы
саяси жағдайға қатысты жіберген мәлімдемелері берілген.
Тойшыбек бидің заманы жөніндегі құнды мәліметтерді қоқандық
тарихшылар еңбектері береді. Қоқандық жылнамашылар қазақ даласын “Дешті
Қыпшақ” елі деп атайды және Қоқан хандарының саясатына “Дешті
Қыпшақтағылардың” көзқарастары қандай болғанын сипаттап жазуды ұмытпайды,
сонымен бірге қазақ датқаларының да ұстанымдарын баян етеді.
Оңтүстік Қазақстанның тарихына арналған Р.Бекназаровтың кітабында (7) да
Тойшыбек бекінісі және Тойшыбектің замандастарының саяси ұстанымдары, Ұлы
Жүз қазақтарының Қоқан, Ресей, Қытай бәсекелестігі кезіндегі,іс-қимылдары
жөнінде, кеңестік дәуірде жазылғанына қарамастан, тарихи міні зор
мағлұматтар кездеседі. Еліміз тәуелсіздікке ие болғаннан кейінгі кезеңде
Т. Тарихи тұлғасына көңіл аударғандар Ж.Қасымбаев, М.Қойгелдиев(8) сияқты
тарихшылар мен шежіре тарқатушылар (9)болды.

ТОЙШЫБЕК ӨСКЕН ОРТА
Тойшыбек батыр 1783 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданының қазіргі
Балғабек Қыдырбекұлы атындағы ауыл аумағында туған.Дулаттың Ботпай руынан.
Өз дәуірінің аса беделді билерінің бірі болған. Орыс жаугершілігінің
басталуына байланысты оның батыр атағы да тарайды. Ал оның беделді би
болатын да ,атақты батыр атанатын да реті бар. Өйткені Тойшыбектің атасы
Әлмес пен Абылайдың атышулы батырларының бірі Сәмен екеуі емшектес
бауырлар.Сәменнің ұлы Қапсалаң да, немересі Диқанбай да батыр болғаны
тарихтан мәлім . Шоқан Уәлихановтың қолымен хатқа түскен ұлы жүз шежіресі
осы Диқанбай батырдың аузынан жазылып алынған ғой. Тойшыбектің өз әкесі
Қасаболат та ағасы Сәмен батырға ілесіп жоңғар басқыншыларына қарсы
соғысқан белгілі жаужүректің бірі. Осындай, қазақша айтқанда, шынжыр
балақ, шұбар төс әулеттен тараған Тойшыбектің беделі жоғары болмайтын жөні
жоқ-ты. Соның әсері шығар, Кенесары Қасымұлы бастаған қазақ халқының ұлт
азаттық соғысын барынша қолдаған.Үлкен қатердің таяп келе жатқанын аңғарып,
біліп отырған батыр 1849 жылы Алматының теріскей батысындағы Ақсай және
Қарасу өзендерінің түйіскен тұсына бекініс салдырады. Бекініс қабырғасының
ұзындығы 85 метр, биіктігі 5 метр болған. Патшалық Ресей әскері Жетісу
жеріне кірген кезде,оған қарсы тұру үшін,Тойшыбек Қоқан хандығына арқа
сүйемекші болады. Сондықтан аталмыш бекіністе қоқандық Аққұлы бек басқарған
әскери гарнизон тұрады. 1850 жылы 19-23 көкек аралығында капитан Гутковский
2 зеңбірегі бар 300 әскермен бекініске шабуыл жасайды. Бірақ ала алмайды.
Тойшыбек жасағынан 200-ден астам адам өледі. Бір жылдан соң, яғни 1851
жылғы маусымда Ресейдің полковник Карбышев бастаған 1 мың 370 әскері
шығады.Тойшыбектің Шу бойына ығысуына тура келеді. Қорғаусыз қалған
бекіністі Карбышев талқандайды.
Тойшыбек енді өз ұлы Байсейіт батырдың, қырғыздар мен
қоқандықтардың қолдауымен Іленің сол жағалауынан орын тепкен орыстарға жиі-
жиі шабуылдар жасап, жау әскерін шығынға ұшыратып тұрады, бұларға қарсы
орыстар да тұтқиылдан шабуыл жасаумен болған: 1854 жылы жазда пристав
Перемышльски 2 зеңбірегі бар 160 әскермен Тойшыбек ауылына түнде тиеді де,
40-астам адамын өлтіріп, үлкен ұлы Жанғазыны балашағасымен тұтқынға алып
кетеді. Тойшыбек бұған қарымта ретінде Ресейдің қолтығына кірген Іле
бойының казактарын шабуылдайды.Ақыры ол орыс билігі жете қоймаған,
қоқандықтарға қарайтын Пішкек маңына жылжиды. Батырдың соңғы жылдарғы өмірі
Шу өзенінің бергі бетінде өтеді.
Тойшыбек Қасаболатұлының өмір жолы ел тарихындағы аса күрделі
кезеңгее сәйкес келді.Себебі бұл кезең батырдың туып, өскен жері-Жетісу
өңіріне үш мемлекеттің-Қытай, Қоқан және Ресейдің көз тіккен тұс еді.XYIII
ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басында Ұлы жүз қазақтарының құрамына кірген
рулардың ішінде саны жағынан ең көбі дулаттар болған. Олар, өзге аз санды
руларды айтпағанның өзінде, албандардан 5 есе, жалайырлардан 3 есе көп
болған. Дулаттар басқа рулардан санының көптігінен былай жауынгерлігімен,
бай-қуаттылығымен де ерекшеленген.
Тойшыбек би Ұлы жүздің осы Дулат руының Ботпай тармағынан еді.Ботпай
Дулаттан тараған 4 атаның бірі. Дулаттан Сиқым, Жаныс, Ботпай, Шымыр; ал
Ботпайдан тағы 4 ата-Құдайғұл, Шағай, Бидас, Қоралас-тарайды.
Тойшыбек батыр ауылы көшіп-қонған жер-ботпайлардың 4-ші тобы қоныс тепкен
тұста болған. Қалмақтар бұл жерді “Гурбан Алматы”, яғни “Үшалматы шатқалы”
деп атаған. Үшалматы өзендеріне Н.А.Аристов үлкен Алматы, Кіші Алматы және
Қаскеленнің бір тармағы кіретінін көрсетеді.Тойшыбек ауылы қонған жер, яғни
Үшалматы шатқалы сонау жоңғарлар кезінен-ақ талай шайқастардың куәсі
болған, талайлар көз тігіп, қызығып, қан төккен жер-тұғын. Мұндай
Жетісудағы ең көркем жерге иелік етіп, ұстап тұру үшін Тойшыбектің өзі де,
оның балалары да шайқастарды басынан кешірді.“Әке көрген оқ жонар” демекші,
Тойшыбек әкесі Қасаболат батырдың, атасы Әлмес батырдың өнегесін көріп
өскен. Әлмес 1798 Сәмен батырмен бірге Ташкент иелігіне қарсы Ботпайлар
күресіне қатысқан (10).
Тойшыбектің әкесі Қасаболат батыр, шамамен, 1729 жылы қазіргі Алматы
облысының Жамбыл ауданында, Жайсаң ауылында туылған. Қасаболат батыр жоңғар
шапқыншылығы кезінде Сәмен батырмен бірге талай шайқастарға қатысқан, жекпе-
жекке де шығып, жеңіске жеткен және Ұлы жүздің танымал батыры ретінде қазақ-
қығызға аты шыққан. Төле бидің тапсыруымен жоңғар шапқыншылығынан кейін
Сәмен, Текебай батырлармен бірге Арқарлы асуы арқылы өтетін жолды күзетіп,
жоңғар шапқыншыларын Жетісуға өткізбей, ел тыныштығын қорғаған. Қасаболат
батыр Арқарлы асуының шығысында болған шайқаста көзге түскен. Қасаболат
батырдың сүйегі Сәмен батырдың күмбезінің жанына (Алматы облысының Кербұлақ
ауданында) қойылған (15).Қазіргі Алматы облысы, Жамбыл ауданының Таран елді
мекенінде дүниеге келген Тойшыбектің өмір сүрген уақытын шамамен 1783-1860
жылдар аралығы деуге болады. XIX ғасырдың ортасында қазақ даласында ұзақ
мерзімді айдауда болған, Тойшыбекті өз көзімен көрген поляк революционері
Адольф Янушкевич оны “Ұлы жүздің атақты қазақтарының бірі” деп бағалаған
(11) Ал орыс әскери шенеуніктері “бүлікші би Тойшыбек” деген сөз
тіркестерін жиі қолданады.Жаупты редакторы Әлкей Марғұлан болған Ш.
Уәлиханов шығармаларының бірінші томында Тойшыбекке “қазақтың шапырашты,
дулат руларын басқарған ірі қазақ феодалы, Қоқан хандығының басқаруға
қойған адамы, Ақсу өзені бойында әскери бекініс салушы” деген анықтама
берілген.
Тойшыбек бидің арғы аталары да еліне белгілі адамдар
болғандығында күмән жоқ. Қазіргі Қордай асуы XIX ғасырда “Шағай асуы” деп
те аталған екен (18). Тойшыбек бидің арғы аталарының бірі Шағай болған.
Шағай асуы- Қордай асуы кейін Пішкек уезіне қарайтын Ботпай болыстығы
құрамына енді.
“Ат тұяғын тай басар” демекші, уақыт өте келе Тойшыбек те, оның
туысы Диқанбай да бір-бір ауылдың иесіне айналды. Тойшыбектің үлкен қара
шаңырағында бірнеше ұл мен қыз тәрбиеленді. Тойшыбектің Жанқожа, Шынқожа,
Асан, Шыңғыс, Керімбек, Байсейіт, Найзабек, Біташ және Елемес атты ұлдары
болған. Осы ұлдарының ішінде аты шығып, танымал болғаны-
Байсейіт батыр. Байсейіттің алып денелі батыр тұлғасына қарай халық оны
“Қабан тіс”, “Кең сауыр”, “Бес құйрық” деп те атаған. Тойшыбектің қыздары
да Кенесары ханға, Қоқанның Құдияр ханының ұлы-хандазаға қалыңдық
болуларына қарағанда тартымды да қылықты сұлулар, әрі арабша сауатты жандар
болса керек. Байсеиіттің батырлығы, Данагүлдің ақындығы Тойшыбек батырдың
ұл- қыздарының өнегелі ортада өскендіктерін аңғартады.
Тойшыбек батырдың өзі де жатты сыйлап, жақын қылған, білігі мықты
жандардың бірі екенін оның Кенесары, Құдияр хандармен де, алыстағы
қарақалпақтармен де (баласы Байсейітке қарақалпақ қызын әперген) құдаласып,
жақындағы қырғыздармен де жақсы қарым- қатынастар орната білуінен көрінеді.
Ботпайда Ер Тойшыбек, хан Сыпатай,
Батырлығы Рүстем-Зорабтай еді.
Қып өткен жатты жақын, жарды кешу,
Ерлердің мәртебесі дардай еді,
-деп шымырдан шыққан ақын Молда Өзбек Ақжолұлы да жырға қосқан.
Тойшыбектің заманы XYIII ғасырдың соңы XIX ғасырдың 60 жылдарына
дейінгі мезгілді қамтиды. Жас батырдың ер жетіп, есею жылдары XYIII
ғасырдың соңғы ширегі мен XIX ғасырдың бас кезіне сәйкес келеді, ал XIX
ғасырдың 40-60 жылдары қас батыр оң-солын танып, өзі де жұртқа танылып, ел
қорғауға, билік айтуға араласып, Жетісудағы қоғамдық-саяси істердің бел
ортасында жүрді. Кенесары хан Жетісуға ат басын тірегенде алғаш осы
Тойшыбек батырдың үйіне түседі. Тойшыбек ауылы, жалпы Ұлы жүз батырлары
Кенесарыны орыс жаулаушылығына қарсы күресуші, қазақтың қорғаушысы ретінде
дәріптеп, қарсы алды. Бұл кезде Тойшыбек замана ағымын, Кенесары ханның
Жетісуға келуінің себебін дұрыс ұғып, қолдау танытты.Кенесары ханнан да
тағлым ала жүріп, Тойшыбек би, әсіресе , 1850- 1855 жылдары Үшалматың
орыстар қолына өтуіне қарсы жан аямай күресті.Қытай, Қоқан, Ресей
мемлекеттерінің Ұлы жүз жеріндегі саясатын қазақтар өз мүддесі тұрғысынан
қарап, бірде қолдап, бірде қарсы шығып жатты. Жетісу жеріндегі қазақтардың
мүддесін білдіргендер азулы билер, төрелер мен батырлар болды. Олардың
арасында Тойшыбек би де бар болатын. Тойшыбек би дулаттарды басқарушы Әли
төре, албандарды билеген Тезек төре, жалайырлардың басшысы Сүйік, кейіндері
Жанғазы сұлтан, Сыпатай би, Диқанбай би, Бөлтірік шешен, Саурық батыр,
Сұраншы батыр және басқа замандастарымен бірге өз елінің мүддесіне орай
қызмет етті. Олардың әрқайсысы болашақта неболарын білмеді, бірақ болашақ
ұрпақ қамы үшін өз түсінік, қабілеттеріне қарай әректтенуге талпынды.
Тарихтың сансыз жолы, қилы оқиғалары олардың тағдырын да, заманында да
күрделендіріп жіберді. Қалайда тәуелсіздікті сақтап қалу қамымен Тойшыбек
те, оның замандастары да талай тар жол , тайғақ кешулерді бастарынан
өткерді.

II. XIX ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ЖЕТІСУДАҒЫ САЯСИ АХУАЛ. ТОЙШЫБЕК
БАТЫРДЫҢ ҰСТАНЫМЫ

Қоқан хандығының атты әскері негізінен қазақ, қырғыз жігіттерінен
тұратынын, қазақтар Қоқан хандығы халқының ең көп бөлігін құрап, бақуатты
тұрмыс-тіршілік кешіп жатқанын, қоқандық қазақтардың Әзіреті Түркістанда
немесе басқа жерлерде өздері тұрмаса да үйлері бар екенін 1863 жылы
қоқандық қазақтармен жүздескен венгриялық саяхатшы А. Вампери олардың санын
сұрағанда қазақтар: “алдымен даладағы құмды сана, содан соң бізді сана” деп
күле жауап беретін еді” дейді.
Тойшыбек би шыққан Ұлы жүздің дулат руын Шоқанның топтамасындағы
екінші топқа жатқызуға болады. Дулаттар, соның ішінде Тойшыбек би басқарған
Ботпайдың Шағатайлары, қоқандықтарға зекет төлеп, қажет кезде әскерге жігіт
берді, тіпті кейіндері Тойшыбек орыс жаушылығына қарсы қоқандықтар мен Шу
бойы қырғыздарының көмегіне сүйеніп, орыс бекіністеріне шабуылдар
ұйымдастырды. Ш.Уәлиханов Іленің сол жағалауындағы қазақтар бәрінен де
қоқандықтардың ықпалына көбірек берілді дейді. Шоқан айтқан осы қазақтардың
арасында, әрине, Тойшыбек би, Диқанбай би, Байзақ датқа, Сыпатай би және
т.б. бар болатын. Тойшыбек бидің орыс жаулаушылығына қарсы күрескен кезі
көбіне Құдияр ханның билік еткен тұсына сәйкес келеді. Құдияр ханның әкесі-
Қыпшақ Шерәлі хан, ал шешесі қырғыз қызы Жарқынайым еді. Құдияр таққа алғаш
1844 жылы, 13 жасында қыпшақ-қырғыздың әскербасы-Мұсылманқұлдың жәрдемімен
отырған және 1858 жылға дейін билік құрды, араға жылдар салып, екініші рет
1862-1863 жылдары, үшінші рет 1865-1875 жылдары хан болған. Құдиярдың
алғашқы тақты иеленген кезінде хандықтағы билікті Мұсылманқұл Қыпшақ
атқарған (Құдиярдың жас болуына байланысты). Тойшыбек Құдияр ханға құда
болып келеді. Ол қызы Данагүлді Құдияр ханның ұлына ұзатқан.
Құдияр ханды орыстар Орынборға келіссөздерге шақыртып алып,
қамауға алғанда, оның қашып шығуына қазақтар жәрдем берген. Әсіресе, Кіші
жүздің шекті руынан шыққан би, әрі батыр Әзберген Мұңайтпасұлы үлкен
белсенділік танытқан. Сол үшін Құдияр хан қарындасы Кенжені Әзбергенге
қосқан. Барлық Дулаттар сияқты Тойшыбек те Әлтөрені құрметтеп, тығыз қарым-
қатынаста болып, үлгі-өнеге тұтқан. Әли төре де Тойшыбекпен келелі істерді
ақылдасып, бірге шешіп отырған. 1846 жылы генерал Вишневскийге Әлитөре мен
Тойшыбектің бірге келіп жолығулары олардың замандас қана емес, жақын
пікірлес жандар болғандығын аңғартады. Әли төренің орыс әскерилеріне берген
мәлімдемелерінде Тойшыбек ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ - Қырғыз саяси байланыстарының тарихы (ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың бас кезі )
Жетісудағы ұлт - азаттық қозғалыс (19ғ.ІІ жартысы-20ғ. басы)
А. Г. Серебренников мұрағаты, патшалық Ресейдің Түркістан өлкесін отарлау саясатының тарихи дерек көзі (1840-1870 жж. )
Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулауы: әскери-отарлық әкімшілік пен жергілікті халық арасындағы қатынас
Қазақ халқының 1837-1847 жылдардағы азаттық қозғалыстың жақтаушылары және қарсыластары
Орыс әскери құрылымдарының Жетісу жеріне жасаған жорықтары
ХХ ғасырдың бас кезіндегі Жетісудағы саяси жағдай және 1916 жылғы ұлт- азаттық көтеріліс
Е.БЕКМАХАНОВ ЖӘНЕ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ XIX ҒАСЫРДАҒЫ САЯСИ ТАРИХЫ
Тақырып: XX ғ. басындағы қазақ өлкесіндегі жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы
1916 жылғы ұлт – азаттық көтерілістің шығу себептері
Пәндер