Қарыз алушы кәсіпорынның несиелік қабілеттіліктерін бағалау


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«қаржы және банк ісі» кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: «Қарыз алушы кәсіпорынның несиелік қабілеттіліктерін бағалау»
Орындаған: Ф/К-303 тобының
студенті Садырбаев А.
Тексерген: Абдіманапов Ү.
Алматы 2007ж.
Жоспар:
Кіріспе.
1. Заңды тұлғаның несиелік қабілеттіліктерін бағалау . . . 4
1. 1. Қарыз алушы кәсіпорынның несиелік қабілетін бағалау көрсеткіштері . . . 6
1. 2. Жеке тұлғаның төлем қабілетін бағалау . . . 9
2. Несиелік қабілетті бағалауды жетілдіру жолдары. Шетел тәжірибесі . . . 14
3. Несие беру және қайтару есебі . . . 19
Қорытынды . . . 25
Қолданылған әдебиеттер . . . 28
Кіріспе
Қазіргі несиелеу жүйесі қарыз алушының несиелік қабілетін анықтау әдістерінде де негізделеді. Айта кету керек, қарыз алушының несиелік қабілеті - бұл коммерциялық банк балансының өтімділігін қолдау әдісі болып табылады.
Несиелеу процесі белгіленген мерзімде сауданың қайтарылмай қалуға себепкер болатын көптеген тәуекел факторлардың іс - әрекетімен байланысты болып келеді. Сондықтан да банк ссуданың берілуі алдын - ала ықпал ететін факторларды оқып - үйрену арқылы несиелік қабілетті оқып үйренуге жағдай жасайды.
Қарыз алушышының несиелік қабілеті - бұл қарыз алушының өзінің қарыздық міндеттемелері бойынша толық және уақытылы есеп айырысу қабілеті.
Қарыз алушының несиелік қабілетінің, оның төлем қабілетінен бір айырмашылығы - онда өткен кезеңдегі немесе қандайда біркүндегі төлемсіздікті есепке алмайды, яғни мұнда алдағы уақыттардағы қарызды өтеу қабілеті болжанады. Өткен уақыттардағы қарыз алушының төлем қабілетсіздігінің дәрежесі клиенттің несиелік қабілетін бағалау барысында иек артатын ең бір формальды көрсеткіш болып табылады. Егерде қарыз алушының мерзімі өткен қарызы болып, ал балансы өтімді және меншікті капиталдың мөлшері жеткілікті болса, онда банкке өткен уақыттағы төлемдердің бір рет кешіктірілуі, клиенттің несиелік қабілетссіздігі туралы қорытынды үшін негіз болып табылмайды. Несиелік қабілеті бар клиенттер банкке жабдықтаушыларға, бюджетке ұзақ төлемсіздіктің болуын жібермейді.
Клиенттің несиелік қабілетінің деңгейі, банктің нақты қарыз алушыға беретін нақты ссудасымен байланысты қарапайым (жеке) тәуекелдерінің дәрежесін көрсетеді. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі деп өз уақытында техника және материалдармен жабдықтаушылардың төлем талаптарын қанағаттандыру, несиелерді қайтару, қызметкерлердің еңбегінің төлемін жүргізу, бюджетке төлемдер енгізу қаблеттілігі түсіндіріледі. Төлем қабілеттілігінің өте қысқа және дәлірек анықтамасын профессор В. П. Кондраков береді. Оның пікірінше «төлем қабілеттілігі - бұл кәсіпорынның өз міндеттемелері бойынша есеп айырыса алу мүмкіндігі». Бұл жағдайда міндеттеме - бұл кәсіпорынның банкке немесе басқа қарыз берушіге ақша төлеу және сонымен өз қарыздарын (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді ) өтеу міндетті. Ұзақ мерзімді қарыздарды өтеу мерзімі шарты бойынша ұзақ мерзімді несиенің және қарыздың мерзімінің өтуіне байланысы, қысқа мерзімді қарыздармен сәйкес келуі мүмкін. Және есепті жылы өтеуі қажет ұзақ мерзімді қарыздардың бір бөлігін қысқа мерзімді қарыздарына жатқызу керектігін есептеу біздің ойымызша дұрыс, себебі ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелер шотының бас жоспары «несиелер» 60 бөлімшесінің 601-603 синтетикалық шоттарының әр түрлі субшоттарында ескеріледі. Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, кәсіпорынның төлем қабілеттілігі деп, оның дер кезінде өзінің барлық міндеттемелері бойынша төлемдер жүргізуге дайындығын түсіну керек деп есептейміз. бірақ бұл үшін кәсіпорынның есеп айырысу, валюта және басқада шоттарында ақшалары болуы керек.
Қарызды өтеу үшін құралдардардың айналымы кезінде ақшаға айналуы керек дебиторлық борыштар потенциалды құрал болып табылады.
Қарызды өтеу үшін құралдар сонымен бірге кәсіпорында бар тауарлы-материалдық құндылықтардың қоры бола алады. Оны сатып кәсіпорын ақша қаражатын алады.
Басқаша айтқанда, теориялық түрде қарыздарды өтеу кәсіпорынның барлық ағымдағы активтерімен қамтамасыз етіледі. нақ осылай теориялық түрде, егер кәсіпорынның барлық ағымдағы активтері қысқа мерзімді міндеттемелерді сомасынан артса, онда ол қарыздарды өтеуге дайын деп есептеуге болады. Бірақ, егер кәсіпорын барлық ағымдағы активтерін қарыздарды өтеуге бағыттаса, онда дәл сол кезде оның өндірістік қызметі тоқтатылады, себебі онда өндіріс құралдарын тек негізгі құралдары құрайды, ал материалды айналым құралдарын алуға ақша жоқ, олар толығымен қарыздардытөлеуге кетті.
Сондықтан төлем қабілеттілігі бар деп, ағымдағы активтің сомасы ағымдағы міндеттемелерінен көп жоғары кәсіпорынды есептеуге болады. Кәсіпорынның тек қарыздарды өтеуге ғана емес, сонымен бірге үздіксіз өндіріс үшін қаржылары болуы керек.
Ағымдағы төлем қабілеттілігі баланс жасау мерзімімен анықталады. Кәсіпорын жабдықтаушыларына, банктік қарыздар және басқада есеп айырысулар бойынша қарыздары жоқ болса төлем қабілетті деп саналады.
Келешекке арналған төлем қабілеттілігі нақты бір мерзімдегі оның төлем құралдарының сомасын осы мерзімдегі жедел (бірінші кезектегі) міндеттемелерімен салыстыру жолымен анықталады.
Төлем қабілеттігі белгілі бір мерзімде қолдағы ақша сомасының жедел төлемдер сомасына қатынасын көрсететін төлем қабілеттілігі коэфициенті арқылы көрінеді. Егер төлем қабілеттілігі коэффициенті 1-ге тең немесе үлкен болса, онда ол кәсіпорынның төлем қабілетті екенін білдіреді. Егер коэффициент 1-ден аз болса, онда талдау процесінде төлеу құралдарының жетіспеуі себептерін анықтау керек.
Төлем қаражатының сомасын анықтау мәселесі бойынша әр түрлі көзқарастар бар. Төлемге қабілетті құралдарға ақша қаржыларын, қысқа мерзімді бағалы қағаздарды жатқызу әлдеқайда тиімді, себебі олар тез өткізіледі және ақшаға тез айналады. Ағымдағы міндеттемелерге ағымдағы пассивтер, яғни, өтелуге жатқызылған міндеттемелер мен қарыздар: банкінің қысқа мерзімді несиелері, қысқа мерзімді қарыздар, кредиторлық борыштар және басқа пассивтер кіреді.
Төлем құралдарының ағымдағы міндеттемелерден асуы кәсіпорынның төлемге қабілетті екенін білдіреді. Банкте есептің және басқа шоттарда ақшаның болмауы, банкке қайтарылатын несиенің мерзімі өтіп кетуі, қаржы органдарына қарыз болу, еңбекке төленетін қаржылар мерзімінің сақталмауы төлемге . Төлем қабілеттілігі оны қысқа мерзім ішінде (апта, жарты ай) талдау кезінде анығырақ көрінеді.
Есепті кезең ішіндегі ағымдағы төлем қабілеттілігі төлемдік күнтізбе көмегімен есептелуі мүмкін, оның негізінде ағымдағы жедел төлем қабілеттілігінің коэффициенті анықталады, кредиторлармен, банкпен, қаржылық және басқа органдармен өз уақытында есеп айырысуды қамтамасыз ететін шаралар жасалады. Төлемдік күнтізбе аналитиаклық есептің мәліметтері, банк көшірмесі, төлемнің мерзімдік картотекасы негізінде жасалады. Мұндай есептер күнделікті немесе 3-4 күнде бір рет және басқа уақыт аралықтарында жүзеге асырылуы мүмкін. Есептеудің мерзімділігі кәсіпорын төлем қабілеттілігіне байланысты.
Қорытынды
Бұл аталған белгілер банкті сақтандыра отырып, мерзімі өткен несиелердің алдын алуға немесе олардың пайда болуын анықтап беруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, американдық коммерциялық банктердің күмәнді несиелерді анықтау және жою жұмысы әр түрлі кезеңді қамтиды:
Бірінші кезеңде банк және қарыз алушы кәсіпорын нағыз серіктестіктер ретінде әрекет етеді. Олар жаңаша келісім жасай отырып, қарыз алушыға несиені өтеудегі мерзімнің кешіктірілуіне мүмкіндік беріледі.
Егер қосымша жасалған келісім нәтиже бермесе, яғни қарызалушының қаржылық жағдайы жақсармаса және ссуданың өтелуіне көз жеткізу мүмкін болмаса, онда банк келесі кезеңге - мүлікті сатуға көшеді. Бірақ бұл жерде көптеген кедергілер де болуы мүмкін. Өйткені, қамтамасыз ету мүлкінің сату бағасы нарық жағдайына сәйкес ауытқуы мүмкін.
Бұл жерде оны бағалау, нарықтық перспективаларды есепке алып жүргізілуі тиіс. Егер қамтамасыз ету құралы, проблемалық несиені қайтаруға толық мүмкіндік бермесе, үшінші кезең - несиені сот арқылы іздеу жұмысы жалғасады.
Сот шешімің орындалуын банк әр түрлі формада таңдап жүзеге асыра алады. Бұл проблемалық несиемен жұмыс жасаудың төртінші кезеңі болып табылады. Сонымен, таңдау жолдары келесідей:
1. Борышқордың мүлкін тәркілеу туралы сот шешімінің орындалуы жолында қарызды қайтару.
2. Тіркелген мүлікті баспа беттегі аукциондары арқылы сату.
3. Борышқордың үшінші бір тұлғадағы қаражаттарына арест жасау.
4. Банкке тұрақсыз борышқордың мүлкін басқарушы тұлға ретінде мәртебе беріледі.
Мерзімі өткен ссудалармен жасалатын банк жұмысының нәтижесі борышқордың банкроттығы болып табылады. Бұл бесінші кезең. Банкроттық - бұл күмәнді несиелерге қолданатын соңғы шешім құралы.
Ағымдағы төлем қабілеттілігін талдау мен бағалау кезінде сандық көрсеткіштерден басқа, сапалық сипаттамаларын білу қажет.
Қаржылық икемділік кәсіпорынның алдын ала болжамаған жағдайларға байланысты ақша қаражатының түсуі кезінде кездейсоқ үзілістерге қарсы тұру қабілеттілігімен сипатталады. Бұл өзгермелі жағдайға төтеп беру үшін әр түрлі көздерден қарыз алу, акционерлік капиталды көбейту, активтерді сату, қайта орналастыру, кәсіпорын қызметінің деңгейі мен сипатын өзгерту дегенді білдіреді.
Ақша қаражатын қарызға алу қабілеттігі әр түрлі себептерге байланысты және тез өзгертуге бейім. Ол кәсіпорын табыстылығымен, тұрақтылығымен, салыстырмалы өлшемімен, салардағы жағдаймен, капиталдың құрамы және құрылымымен анықталады.
Көбіне ол несие нарығының өзгерту бағыттары мен жағдайы сияқты сыртқы факторларға тәуелді. Несие алу қабілеттілігі ақша қаражаты керек жағдайда және кәсіпорынға қысқа мерзімді несиелерді ұзарту үшін қажет кезде маңызды. Алдын ала келісіммен қаржыландыру немесе ашық несие линиялары (кәсіпорын беогілі бір мерзім ішінде және белгілі бір жағдайларда ала алатын несие) - потенциалды қаржыландыруға қарағанда, керек кезде алудың сенімді көздері. Кәсіпорынның қаржылық икемділігін бағалау кезінде оның вексельдері, облигацияның және артықшылықты акцияның рейтингі, активті сатудың шектілігі, шығынның кездейсоқ дәрежесі, ереуіл, сұраныстың төмендеуі және жабдықтау көздерінің жойылуы сияқты, өзгермелі жағдайларға тез бейімдеушілік қабілеттілігі есепке алынады.
Ағымдағы (қысқа мкрзімді) төлем қабілеті өте тартүсінік, себебі оны болашақта қолдану мүмкін емес.
Кәсіпорынның перспективті (ұзақ мерзімді - бір жылдан аса) төлем қабілетін бағалау үшін өтімділіктің динамикалық, статистикалық көрсеткіштері пайдаланылады. Динамикалық көрсеткіштердің бірі өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден түскен табыстың орташа ағымдағы міндеттемелерге қатынасы болып табылады. Есептеу үшін алымында есепті кезеңдегі есеп шоты бойынша дебет айналымын, ал бөлімінде - осы кезеңдегі ағымдағы міндеттемелерінің орташа қалдықтарын алуға болады. Бұл есепте алымы баланс жасау мерзіміндегі емес белгілі бір кезең үшін ақша қаражатының ағымын көрсетеді.
Нарықтық экономика теориясы мен практикасында перспективті төлем қабілеттілігін талдауды нақтыландыру және тереңдету үшін қолданылатын басқа да көрсеткіштер белгілі. Олардың ішіндегі маңыздысы табыс пен табыс табу қабілеттілігі, себебі осы факторлар кәсіпорынның қаржылық саулығы үшін анықтаушылар болып табылады. Табыс табу қабілеттілігі деп болашақта кәсіпорынның негізгі қызметінен тұрақты табыс алу қабілеттілігі түсіндіріліеді. Төменгі шегі ағымдағы міндеттемелерді өтеуге жеткілікті болуы тиіс, жетпесе кәсіпорын төлеуге қабілетсіз болуы мүмкін.
Ағымдағы активтердің ағымдағы міндеттемелерден екі есе артық болуы орынсыз болып табылады, себебі бұл компаиняның өз қаражаттарын рационалды салмауы мен олардың тиімсіз пайдалануын көрсетеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz