Бастауыш сынып математика сабағында халықтық педагогика элементтерін пайдалану



Кіріспе
І тарау. Математиканы оқытуда халық педагогикасының кейбір мәселелері
§1.1. Халықтық педагогика туралы ұжым.
§1.2. Халықтық педагогиканың математиканы оқытудағы орны.
ІІ тарау. Бастауыш сынып математика сабаұында халықтық педагогиканы пайдалану.
§2.1. Ұлттық ойындар.
§2.2. Сынамақтар.
§2.3. Мақал.мәтелдер.
§2.4. Жұмбақтар мен жаңылтпаштар және ертегі.
§2.5. Логикалық есептер.
§2.6. Халықтық педагогика элементтерінің пайдаланудың іс.тәжірибесі.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Қазақстан Республикасы орта білім мемлекеттік стандартында қазіргі кезде математика негіздерінде, оқушыларға меңгерту, жас ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеудің негізгі екіндігі айтылған. Ал, мұның негізі бастауыш сыныптарда қалыптаса бастайтыны белгілі. Осыған орай мұғалім өз ісіне жетік меңгерген шебер ұстаз болуы тиіс және үнемі ізденіс үстінде оқушының қызығушылығын, белсенділігін, білімін арттырып жүргізуге міндетті.
Бастауыш мектеп - бұл оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан да бастауыш білім - үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған сәйкес оқушыға белгілі бір көлемдегі білім, білік-дағдыларды меңгерту, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты талабы. Себебі, жоғалтып ала жаздаған ана тіліміздің, мемлекеттік мәртебе алып, өркендеу кезеңінде жас бүлдіршіндерді халықтың салт дәстүрі, әдеп-дәстүрі, әдет ғұрыптары арқылы оқытып-тәрбиелеу өте жымды жұмыс. Себебі, жастайынан халықтық тәлім-тәрбие негізінде тәрбиеленген жеткіншек болашақта өз халқын, өз жерін ардақтайтын адал да парасатты азамат болып өсетіні сөзсіз. Сондықтан да мектепте балаларға білім беруде ұлттық тәрбие дәстүрлерін басшылыққа алу басты талап бұл міндетті шешудегі шаралардың қайнар бұлағы сарқылмас көзі-халықтык педагогика.
Диплом жұмысты алдымен «1-2 сыныпта математика сабақтарында халық педагогикасының элементтерін пайдалану» атты курстық жұмыс жазудан бастадым. Осы тақырып бойынша студенттердің ғылыми конференциясында баяндама жасап мақтау қағазымен марапатталдым. Материалдар жинақтауда №7 Қ.Спатаев атындағы техникалық лицей мектебінің озат мұғалімдері Оспанова Шарипа, Аташ Құндыз, Сапаева Камиләнің және халык ағарту ісінің үздігі Керімбекова Жұмабикенің сабақтарына және облыстық жыл мұғалімі - 2002 байқауына қатыстым.
1. Ақадықова Б. "1001 мақал". // Қазақстан мектебі. 2003ж, №7.
2. Алиева К.С. "Математиканы оқыту әдістемесінен бақылау
жұмыстары". — Шымкент, 2002ж.
3. Амонашвили Ш.А., Лысенкова С.Н., Шаталов В.Ф., және т.б.
Педагогикалық ізденіс. — Москва: Просвещение І995ж.
4. Абдрахманова А., Молдабек К., Қойшибаева Н.,
Жунисбекова Ж. "Особенности применения развивающих игр на уроках математики в начальной школе". Шымкент, 1999г.
5. Арғынбаев X. "Қазақ отбасы". - Алматы: "Қайнар", 1996ж.
6. Ақылбаева М. Қызықгы есептер.
//Бастауыш мектеп// 2004ж. №1
7. Асарбаева А. Үлттық ойындар — халық педагогикасының
құрамдас бөлігі. // Үлт тағылымы. 2002ж. №2.
8. Әбдіқадырова Г. Халықтық педагогиканың мәні зор.
// Қазақстан мектебі. 2003ж., №8.
9. Әбілова 3., Қалиева Қ. "Этнопедагогика". Алматы, 1999ж.
10. Әбуова А. Жаңылтпаштар - тіл дамыту құралы
// Бастауыш мектеп. 2003ж. №5.
11. Бантова М.А., Бельтюкова Г.А., Полевщикова А.М. "Бастауыш кластарда математиканы оқыту методикасы".
- Алматы. "Мектеп", 1978ж.
12. Баймүханов Б. "Математика есептерін шығаруға үйрету".
- Алматы, 1983ж.
13. Бантова Б. "Математиканы оқыту әдістемесі", Москва: Просвещение. 1978ж.
14. Балтабай Е. Этнопедагогика және отан сүйгіштік тәрбие
// Қазақстан мектебі. 200Зж. №1.
Бектенғалиева С. Этнопедагогикалық даярлық аса қажет.
// Қазақстан мектебі. 200Зж. №6.
15. Біләлова Ж. Математикалық ұғымды меңгеру.
// Бастауыш мектеп. 2001ж.№і2.
16. Волкова С.И., Столярова Н.Н. "Тетрадь с математическими
заданиями". 2-3 класс.
17. Елубаева С. Дидактикалық ұлттық ойындар немесе
логикалық есептер. // Бастауыш мектеп. 1991ж.№8.
18. Елубаева А. "Математикадан кластан тыс жұмыстар".
- Алматы: "Мектеп", 1984ж.
20. Елубаев С. "Қазақтың байырғы қара есептері".
- Алматы: "Қазақстан", 1996ж.
21. Едігенова А. Танымдық қызығуды қалыптастырудағы халық
ертегілерінің мүмкіндіктері. // Қазақстан мектебі. 2003ж. №9.
22. Елубаев С. Халық аузындағы еспетердің сипаттары.
// Бастауыш мектеп. 2003ж.№2.
23. Жампозова Э. Ұлттық дәстүрге баушық.
// Қазақстан мектебі. 2ООЗж. №ІО.
24. Исмайлова Ш. Ұлттық ойымен сыбайлас. // Бастауыш мектеп. 1989ж. №11-12.
25. Ильина Т. "Педагогика". - Алматы, 1977ж.
26. Кенжебекова Р.И. "Бастауыш мектепте математика пәнінен
үйірме жұмысын жүргізу". Шымкент, 2001ж.
27. Кенжебекова Р.И. Бастауыш мектепте математикадан
сыныптан тыс уақытта туыстық атауларды пайдалана
отырып есеп шығаруға және имандылыққа тәрбиелеу.
//Ұлт тағлымы. 2002ж.№4.
28. Кішібаева Д. Ұлттық ойындарды пайдалану. //Бастауыш мектеп. 2004ж.№і.
29. Қалиева Г. Математикалық ертегілер.
//Бастауыш мектеп. 2002ж.№8.
30. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. "Педагогика".
- Алматы, 2000ж.
31. Қосанов Б.М. "Қазақстандағы әдістемелік-математикалық
ой-пікірдің қалыптасу тарихы".
32. Құрманалина Ш.Х. "Математикадан дидактикалық ойындар
мен қызықты тапсырмалар". - Алматы: "Атамұра", 1997ж.

33. Меңдалиев Б. Үлттық ойындар.
// Қазақстан мектебі. 2003, №12.
34. Наурызбайқызы Ә., Әубәкір Қ., Мүқанбетқызы С.
"Математикадан дидактикалық материалдар мен ойындар
және қызықты тапсырмалар". - Алматы: "Рауан", 1994ж.

35. Нұрғанова 3. Ертегілер еліне саяхат. // Бастауыш мектеп. 2002 ж. №10.
36. Оспанов Т.Қ. "Математика". 2000ж.

37. Оспанов Т.Қ. "Бастауыш кластарда математиканы оқыту".
-Алматы: "Мектеп", 1987ж.
38. Оспанов Т.Қ., Қүрманалина Ш.Х., Қайыңбаев Ж.Т., Ерешева
К.Ә. "Математика". 2-сынып.-Алматы: "Атамұра", 2002ж.
39. Өтеев Ж. "Алтын көнбе университеті". // Қазақтілі мен өдебиеті. 1992ж.№7,8,9.

40. Сағындықов Е. "Қазақстың ұлттық ойындар". -Алматы: "Рауан", 1994ж.
41. Сулеев О. "1-2 кластарда математиканың кейбір
тақырыптарын оқыту әдістері". - Алматы: "Мектеп", 1972ж.
42. Сардарова Ж. Компьютерлік ойындардың дидактикалық
мүмкіндіктері.//Бастауыш мектеп. 1990ж.№і2.
43. Скаткин Л.Н., Жикалкина Т.К. "Обучение решению задачи
пропорциональными величинами".
- Москва:Просвещение. 1997ж.
44. Сауранбаева Н. "Ұлттық әдет-ғұрыптар туралы". -Алматы, 1968ж.
45. Табылдиев Ә."Халық тағылымы". -Алматы: Қазақ университеті, 1992ж.
46. Табылдиев Ә. "700 жұмбақ". -Алматы: "Жалын", 1985ж.
47. Табылдиев Ә. "Қазақ этнопедагогикасы". -Алматы: "Санат", 2001ж.
48. Төлебекова Р. "Бала тәрбиесіндегі халықтықпедагогика".
- Алматы, 1994ж.
49. Төлтаева Г. Үлттық ойындарды пайдалану.
//Бастауыш мектеп. 2002ж.№9.

50. Тотикова Г., Мұсабеков. Халық педагогикасы сабақта.
//Бастауыш мектеп. 2004ж.№і.
51. Ұзақбаева С. "Тасыры терең тәрбие". - Алматы: "Білім", 1995ж.
52. Ұзақбаева С. "Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі халық
дәстүрлері". - Алматы: "Білім", 1990ж.
53. Цыдырова Е.Д., Искаков А.А. "Занимательный материал к
урокам математики в начальных классах". - Шымкент, 1993г.
54. Шәріпова Ж. "Ертегілер елінде" сабағы. //Қазақстан мектебі. 2003ж. №12

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Қазақстан Республикасы орта білім мемлекеттік стандартында қазіргі
кезде математика негіздерінде, оқушыларға меңгерту, жас ұрпаққа білім беру
мен тәрбиелеудің негізгі екіндігі айтылған. Ал, мұның негізі бастауыш
сыныптарда қалыптаса бастайтыны белгілі. Осыған орай мұғалім өз ісіне жетік
меңгерген шебер ұстаз болуы тиіс және үнемі ізденіс үстінде оқушының
қызығушылығын, белсенділігін, білімін арттырып жүргізуге міндетті.
Бастауыш мектеп - бұл оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін
ерекше құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан да бастауыш білім - үздіксіз
білім берудің алғашқы басқышы. Осыған сәйкес оқушыға белгілі бір көлемдегі
білім, білік-дағдыларды меңгерту, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты
дамыту-бүгінгі күннің басты талабы. Себебі, жоғалтып ала жаздаған ана
тіліміздің, мемлекеттік мәртебе алып, өркендеу кезеңінде жас бүлдіршіндерді
халықтың салт дәстүрі, әдеп-дәстүрі, әдет ғұрыптары арқылы оқытып-тәрбиелеу
өте жымды жұмыс. Себебі, жастайынан халықтық тәлім-тәрбие негізінде
тәрбиеленген жеткіншек болашақта өз халқын, өз жерін ардақтайтын адал да
парасатты азамат болып өсетіні сөзсіз. Сондықтан да мектепте балаларға
білім беруде ұлттық тәрбие дәстүрлерін басшылыққа алу басты талап бұл
міндетті шешудегі шаралардың қайнар бұлағы сарқылмас көзі-халықтык
педагогика.
Диплом жұмысты алдымен 1-2 сыныпта математика сабақтарында халық
педагогикасының элементтерін пайдалану атты курстық жұмыс жазудан
бастадым. Осы тақырып бойынша студенттердің ғылыми конференциясында
баяндама жасап мақтау қағазымен марапатталдым. Материалдар жинақтауда №7
Қ.Спатаев атындағы техникалық лицей мектебінің озат мұғалімдері Оспанова
Шарипа, Аташ Құндыз, Сапаева Камиләнің және халык ағарту ісінің үздігі
Керімбекова Жұмабикенің сабақтарына және облыстық жыл мұғалімі - 2002
байқауына қатыстым.
Диплом жүмысының зерттеу әдісі - педагогикалық және әдістемелік
эдебиеттерден тақырыпқа сай материалдар жинау, сұрыптау, тәжірибелі
озат бастауыш сынып мұғалімдерінің сабақтарына қатысу, бақылау,
ізденушілік жэне зерттеушілік жұмыстары.
Диплом жұмысының зерттеу объектісі- екінші сынып оқушыларына математиканы
оқыту процесі.
Диплом жұмысының мақсаты - балаларды халыктық педагогика арқылыұлттық сана
сезімі оянған. өз халқын, өз жерін ардақтайтын адал да, парасатты азамат
тәрбиелеу.
Диплом жұмысының болжамы - егер математика сабақтарында халықпедагогикасын
қолдау арқылы оқушылырдың математикалық білім деңгейін, пәнге деген
қызығушылығы нәтижесі қалыптасады.
Диплом жұмысының міндеттері -

Тақырып бойынша жинақталған әдебиеттерге шолу жасау.
Екінші сыныпта математика сабағында халықтық педагогиканы пайдалану
арқылы балалардың ой-өрісін даму мүмкіндіктерін анықтау.
Екінші сыныпта математика сабағында халықтық педагогиканы
пайдалану арқылы балалардың ой-өрісін дамытудың әдістерін және оның
тиімділігін тексеру.
6. Диплом жұмысының практикалық құндылығы -
а) екінші сыныпта математиканы оқытуда;
б) пәндерді кірістіре оқыту әдістерін жетілдіруде;
в) математиканы оқыту әдістемесі пэнінен арнайы
семинарда,
студенттердің педагогикалық іс-тәжірибесінде көмекші құрал ретінде
пайдалануға болады.
Бастауыш сынып математика сабағында халықтық педагогика элементтерін
пайдалану

Кіріспе
І тарау. Математиканы оқытуда халық педагогикасының кейбір мәселелері
§1.1. Халықтық педагогика туралы ұжым.
§1.2. Халықтық педагогиканың математиканы оқытудағы орны.
ІІ тарау. Бастауыш сынып математика сабаұында халықтық педагогиканы
пайдалану.
§2.1. Ұлттық ойындар.
§2.2. Сынамақтар.
§2.3. Мақал-мәтелдер.
§2.4. Жұмбақтар мен жаңылтпаштар және ертегі.
§2.5. Логикалық есептер.
§2.6. Халықтық педагогика элементтерінің пайдаланудың іс-тәжірибесі.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

І тарау. Математика сабағында ұлттық ойындарды пайдалану жолдары.
§1.1. Халықтық педагогика туралы ұғым.
Қазақ халқы ежелгі замандардан-ақ оны ертіңгі тіршілік дүниесіне
дайындау мәселелеріне ерекше мән берген. Осының нәтижесінде жас ұрпаққа
тәлім-тәрбие мен білім беру жөніндегі халқымыздың ұзақ ғасырлар бойы өмір
тәжірибесінен туған, өзіндік аса бай ойтолғаныстарының жүйесі қалыптасып
яғни бұл қазақ халқының өте әріден ата-бабаларының өмір сүрген кезінен
бастау алып, күні бүгінге дейін кәдесіне жарап келе жатқан рухани мұраның
бірі – қалықтық педагогикасы.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы әр адамның жан -жақты
дамуына мол мүмкіндік жисайтын құжаттардың бірі.
Қанша заман өтсе де, маңызын жоймаған халықтық педагогиканы тәлім –
тәрбиеннің түп қазығына айналдыру ата - ананың да, мектеп ұйымының да басты
борышы.
Халық педагогикасы туралы ұғымдардың анықтамасын білу үшін кейбір
ғалымдардың, педагогтардың пікіріне тоқталған жөн.
А.Ш. Гашимов халық педагогикасына анықтама беру үшін тәрбие жөнінде
халық идеяларына аса көңіл бөлудің қажет екенін айта келіп: Халық
педагогикасы кең мағынада айтқанда тәрбие мәселері бойынша халық
дәстүрінің, әдет - ғұрытарының, идеяларының жиынтығы - деді. Белгілі татар
педагогы Я.И. Ханбиков бірсыпыра авторлардың көзқарастарын қуаттай келіп,
өзінің анықтамасында халық еңбекшілер бұқарасы қолданылатын тәрбие жэне
оқыту мақсаттары мен міндеттері, халық құралдарының жиынтығы, іскерлік пен
дағдылар кіретін халықтық эмперикалық білімдердің саласын - халық
педагогикасы деп атайды.
Кейбір авторлар халық педагогикасының зерттеу саласын тәрбие деп
қарастырады. Әрине, тәрбие жастарды әлеуметтік өмірге, еңбекке даярлау және
қоғамдық тарихи тәжірибені үйрету процесі. Сонымен бірге халық
педагогикасында оқыту процесінің де маңызы өте зор. Өйткені халық жастарды
оқытады, оларды мамандық алуға, зергерлікке, спрот ойындарына үйретеді.
Демек, халық педагоп ікасында тәрбие мен оқытуды екі жақты бір текті, яғни
тұтас педагогикалық процес деп қарастыру керек.
Әр түрлі ғылыми мәлімегтерге сүйеніп, халық педагогикасы туралы ұғымның
мәнін Орта Азия жәғе Қазақстан халықтарының педагогоикалық көзқарастарын
зерттеген А.Г. Измайлов былай анықтауға болар еді дейді: Халық
педагогикасы бұл жиналған және эмпирикалық білімнің практикасымен
тексерілген, ұрпақтан - ұрпаққа берілетін мағлұматтар, іскерлік пен
дағдылар жиынгығы, халықтың әлеуметтік және тарихи тәжірибенің жемісі. Әр
түрлі халықтардың дәстүрлері мен әдет — ғұрыптарының мақсаты жас ұрпақты
бұқараның ең жақсы идеяларына тәрбиелеу.
Кейбір ғалым - педагогтар дың зерттеу мәліметтеріне қарағанда халық
педагогикасы жайлы әр түрлі ұйымдарды байқауға болады. К.А. Ушинский әрбір
елде халықтың мүддесіне, мұқтажына сэйкес өзіндік білім және тәрбие беру
жүйесінің қажет екендігін айтты. Ол өзінің педагогикалық теориясында
тәрбиенің ұлыстық принципіне сүйеніп, тәрбиенің халықтық идеясын дәлелдеді.
К.Д. Ушинский халық дәстүрін, әдет - ғұрыптарын, салт -санасын жақсы
білген. Дерексіздік идеяларға сүйеніп жазған ең жақсы тәрбие жүйесін,
халықтың мол тәжірибесіне негізделген тәрбие еш уақытта тең бола алмайды -
деп тұжырымдады ол. Осыған орай халық педагогикасының тәрбиелік ықтималын
өте жоғары бағалады. Оның пікірі бойынша халық бірінші тәрбиені, ал халық
ертегілері - халық педагогикасын жасаудың бірінші жэне жарқын әрекеті.
XXғ. алғашқы жылдарынан бастап ғалымдар халық педагогикасының
проблемаларына назар аудара бастады. Белгілі этнограф және педагог Г.С.
Виноградов өзінің еңбегінде халық педагогикасын жеке адамды қалыптастыру
мақсатында қолданылатын дағдылар мен тәсілдердің, білім мен іскерліктің
жиынтығы деп сипаттайды. Г.С. Виноградовтың пікірі бойынша жасөспірімдерді
оқыту және тәрбиелеу мақсатында көзқарасын, қолданатын құралдарын - халық
педагогикасы деп атауға болады, өйткені халық педагогикасының халықтық
өмірі нәтижесі. Халық педагогикасының жан - жақты зерттеген ғалымның бірі
Г. Н. Волков. Ол екі монографияның авторы. Г.Н. Волков ең алғаш рет Этно -
педагогика терминін қолданды. Этнопедагогика жас ұрпақты тәрбиелеуде халық
тәрбиесі өмір үйелмен педагогикасы ру, тайпа, ұлыс және ұлт жайлы Г.Н.
Волков кіргізген ұғым.. Этнопедагогика - бұл ғылым, теориялық ойлардың
өрісі.
Қоғамның барлық тарихи даму кезеңдерінде халық педагогикасы жайлы
ұғымды анықтау, әр түрлі ғылыми - педагогикалық көзқарастарды қалыптастыру
проблемаларына көптеген ғалымдар, педагогтар көңіл аударды, құнды пікірлер
айтты, өмірлік мұра қалдырды. Орыс педагогтары К.Д. Ушинский, Н.К.
Крупская, А.С. Макаренко, В.А. Сухамлинский, В.И. Водовозов, Г.С.
Виноградов, Чуваш педагогы Г.Н. Волков, татар педагогы Я.И. Канбиков,
азербайжан педагогы А.Ш. Гашимов, грузин педагогы А.Ф. Кинтибидзе,
Қырғызстан ғалымы, академик А.Э. Измайлов, қазақтың көрнекті жаңашыл
педагогы Ыбырай Алтынсарин, қазақтың аскан ақыны, педагогы Мағжан Жұмабаев
т.б.
Халық педагогикасы - бұл ұлттық қазына, кең өріс XIX ғасырдың екінші
жартысында Ш. Уалиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, Ш. Құдайбердиев, А.
Байтұрсынов, М. Жұмабаев т.б. педагогикалық ой -пікірлерді дамытқан қазақ
халықтарының ғұлама ғалымдары. Бұл демократ - ағартушылардың еңбектеріндегі
қазақ халқының әдет - ғұрыптары, салт - дәстүрлері, мақал - мәтелдері,
фольклорлық жырлар мен көркем шығармалары, тілі мен мэдениеті ұлттық
тәрбиенің құралына айналды.
Қазақ халқының ұлы педагогы, этнографы, жазушысы Ы.Алтынсарин өзінің
әдеби және педагогикалық еңбектерінде қазақтың фольклорын, мысалы Қобланды
батыр, Жәнібек батыр, Қара батыр т.б. түрлі әңгімелері (Ағаштар
бағы, Жомарт адам, Әке мен бала, Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш т.б.
сонымен бірге, Жақсылық пен жамандық, Адам, бала, ата - аналар)
пайдалана білген.
Кемеңгер ұстаз Ы.Алтынсариннің ұлағатты сөздері, педагогикалық мұралары
халық педагогикасьшда үлкен орын алады. Оларды қазіргі қазақ халқының
ұлттық мәдениеті мен салт - дәстүрін қайта жаңарту кезінде кең мағынада
насихаттау әрбір ғалымның, мұғалімнің борышы болуы қажет.
Халық педагогикасын дамытуда қазақтың асқан ақыны, педагогы Мағжан
Жұмабаев үлкен үлес қосты.
Ол бала тәрбиесі жөнінде көп мөлщерінде (Бесік жыры, Ана т.б.)
өзінің терең педагогикалық ойларын ортаға салды. Балалық шақ әлемінде
өмірді қызықты өткіз, білім алуға тыры;, білімді адам ел басшысы және
мейірімді, көреген азаматы бол деп тілеген.
Соңғы жылдары Қазақстан ғалымдары профессор Қ. Жарықбаев, профессор С.
Қалиев тағы да басқа бірсыпыра педагогтар халық педагогикасы жайлы зерттеу
жұмыстарына мән беріп, өздерінің үлестерін қосуда. Қ. Жарықбаев төңкеріске
және кеңес өкіметі жылдарында Қазақстанда педагогикалық ойлардың даму
тарихы жазылған бірқатар ғалымдардың зерттеу жұмыстарына сүйеніп, қазақтың
халық педагогикасы жөнінде өзінің ой - пікірін жазған. Оның шағын
кітапшасында қазақ халқының ұзақ тарихи өмірінде жастарды тәрбиелеуде
жазылған бай тәжірибесі, сат - дәстүрлері, әдет - ғұрыптары, адам мінез -
құлқының ережелері, тәрбие принциптері, тәсілдері, құралдары баяндалған.
Көшпелі қазақ елінің әлеуметтік - экономикалық, тарихи мәдениеті, табиғи
-климаттық жағдайларында оқыту және тәрбие ісінде балаларға,
жасөспірімдерге қойылатын психолгиялық - педагогикалық талаптар жөнінде
автор сөз еткен. Қазақтың халық педагогикасында адамгершілік, еңбек,
эстетикалық тәрбие, дене тәрбиесі, әсіресі ер және қыз балалар арасындағы
тәрбиенің ерекшелігі, мазмұны, ата - аналар және ересек үйелмен мүшелерінің
беделі, сонымен бірге тәрбие жөнінде мақал -мәтелдердің және халық ауыз
әдебиетінің алатын орны жайлы Қ. Жарықбаев өзінің пікірін, көзқарасын
байымдаған.
Қ. Жарықбаев пен С. Қалиевтің бірлесіп жазған Национальные аспекты
обучения и воспитания, в Казахстане атты кітапшасында қазақтың ұлттық
тәрбиесі жөнінде мәселелер қарастырылған. Солардың ішінде қазақ даласында
әлеуметтік жэне табиғи климаттық жағдайларға байланысты әрбір жеке бойында
қандай қасиеттер болу керек, оған қандай талаптар қойылады. Міне, осындай
мәселерердің сонымен бірге халық педагогикасында жұмбақ, мақал – мәтел,
терме сияқты халық тағылымдарының тәрбиелік мәні жайлы құнды пікір
айтылған. VI - XV ғасырларда, XX ғасырдың басында және кеңес өкіметі
дәуірінде жинақгалған философиялық және педагогикалық ойлардың негізінде
Қазақстанда халық дамуына авторлар өздерінің шабыттылық үлесін қосты.
Қазақ халқының өте әріден ата - бабаларының өмір сүрген кезінен бастау
алып, күні бүгінге дейін кәдесіне жарап келе жатқан рухани мұраның бірі -
халықтық педагогика.
Әр халықтың өзінің жас ұрпағы қайырымды, адал, үлкенді құрметтейтін
әділ, ержүрек ізгі ниетті ар - ожданы мол болып өссін деп армандайды, бұл
мәселені өзінің тұрмыс салтына байланысты шешіп отырады. Ол үшін ғасырлар
бойы қолданып, сұрыпталып, тұрмыс, өмір тәжірибесінің сыннан өткен салт –
дәстүрлері педагогикалық әдіс – тәсілді пайдаланып келеді.
Халықтық педагогика дәуірдің небір қатал сынынан өтіп, жаңарып,
жаңғырып, шым бойлатпай тіршілік тынысы және салт - дәстүрлерімен біте
қайнасып, бірге жасасып келе жатқан құнды қазына.
Тәрбиенің қайнар көзі ретінде халықтық педагогиканың аумағы кеңейе
түседі. Олар: ертегілер, жырлар, жаңылтпаштар, жұмбақтар, санамақтар,
мазақтамалар, мақал – мәтелдік сөздер, ұлттық салттар мен дәстүрлері,
халықтық ойындар мен ойыншықтар.
Ертегілер баланы қызықтырады, сөзді тыңдай білуге үйретеді, оның қиялын
дамытып, жан - дүниесін, мінез - құлқын қалыптастырады, дарын нышандарын
өрнектейді.
Батырлар жыры мен лирикалық дастандар, термелер мен өсиеттер, бесік
жыры адамгершілік тәрбиесінің қуатты құралдары. Ол жырлар баланы ерлікке,
халқын сүюге, сүйісіпеншілікке, достыққа тәрбиелейді, ұлттық мақтаныш
сезімін тудырады.
Аңыз әңгімелер шыншылдыққа, сергектікке, елін сүйіп, еңбек етуге,
зұлымдықпен күресе білуге үйретеді.
Жаңылытпаштар баланың тілін ширатады. Жаңылтпаштың дүниетанымдық
түрлері мен тәрбиелік нұсқалары әрі баланың тілін ширатып, әрі ой - өрісін
кеңейтеді.
Жұмбақтар мен жұмбақ айтыстар баланың ойын, қиялын шарықтатып, қисындық
пайымдау қабілетін дамытады, оны тапқырлыққа баулиды.
Санамақтар баланың ойлау жүйесін жетілдіріп, оның сюжеті нұсқаларға
тапқырлық танытуға құштар етеді, дүниетанымдық мәнде құрылған санамақтар
балғын жастың тапқырлық қабілетін дамытуға септігін тигізеді. Мазақтамалық,
юморлық уытымен баланың басындағы кемшіліктерді көрсетіп, сергектікке
тәрбиелейді, дегенмен, ертеде құрылған мазақтамалардың анайы түрлері де
болған, халықтың мәдениеті өскен сайын, ауыз әдебиетінің бұл түрі сыпайы
сын, әдемі әзіл түрінде құрылып жүр.
Мақал – мәтелдер халыктың жиі қолданатын тәрбие құралы. Қазақ халқының
мысалдап, мәтелдегі, мақалдап сөйлейтін ұлттық ерекшелігіне сәйкес оның
мақал – мәтелдері де мол. Ауыздан - ауызға тарайтын бұл жанырды халық күн
сайын толықтырып отырады.
Шешендік сөздер бала сөз қадірін білуге үйретеді, ата - бабаны
ардақтауға тәрбиелейді. Философиялық, данышпандық ой мен өткір сөздің мән -
мағынасын сезініп, терең ойлануға, тауып сөйлеуге құлшындырады, ой
қисындарын кеңейтіп, сөз өнеріне қызықтырады. Жиренше, Сырым батыр, Төле
би, Қаз дауысты Қазыбек би, Байдалы шешендермен қатар, қазақ ақындарының
шешендік сөздері ұлы мұра, терең философия.
Ұлттық салттар мен дәстүрлердің, әдет - ғұрыптардың заманға сай,
ұрпақтарымызды өркендететік өрнектерін халық жоғары бағалайды. "Дәстүрдің
де озығы бар, тозығы бар" - деп халық ең озық дәстүрлерді дұрыс дәріптеп,
ұрпақтан - ұрпаққа мол мұра етіп қалдыруда, әдемі әдет, әдемі әдеп, аталық
дәстүр, рәсім бәр – бәрі ғасырлар бойы қалыптасқан халық педагогикасы,
адамгершілікке толы үлгі - өнеге. Әрбір ұлттың әдептілік қағидалары сол
ұлттың тарихи - мәдени дэрежесін айқын көрсетіп, ұлттық ерекшеліктерін
бейнелеп тұрады.
Қазақ халқының әзілқойлығы, қалжыңбастығы ұлттық әдет болса, оның
ізеттілігі мен инабаттылығы, меймандостығы, сыйласымдылығы тағы басқа игі
әдеттері ұлттық дәстүр больш табылады.
Халықтық ойындар мен ойыншықтар бала тәрбиесінде елеулі орын алады.
"Ақсерек пен көксерек", "Алтыбақан" сияқты ойындармен бірге "Көкпар",
"Аударыспақ" тәрізді спорттық сайыстар дене тәрбиесінің асыл арқауы. Жас
қыздар қуыршақ ойынын кейде күрделендіріп "қуыршақ театры" сияқты сюжетте
құрып ойнайтын. Әсіресе қыз баланың үй ішінің тіршілігіне үйренуі осы
қуыршақ ойындарынан басталады. Ертеде ойыншықтарды, көбінесе балалардың
өздері жасап, өз талғамы, өз еңбегі, өз өнері арқылы іске бейімділігін, шын
дамытып отырған.
Ұлттық мерекелер мен тойлардың да тәрбиелік мәні зор. "Шілдехана тойы",
"Тұсау кесер", "Атқа мінгізу", "Наурыз тойы" тағы басқа тойлар мен
мерекелер баланы шаттыққа бөлейді. Тойдың болғанынан боладысы қызық деп,
халық тойға дайындық кезінде баларды өнерге ынталандырып, еңбекке баулиды,
салтанатты салттарды қайта өткізу жолдарын үйретеді.
Әулеттік тағылымдар мен тәжірибелер бір атадан тараған әулеттік
тұрмыстық әулеттік, әдептік өзгешеліктері болып табылады. Яғни әрбір
әулеттің өзіне тән қалыптасқав дәстүрі болады. Дәстүр әдеттен, дағдылану
мен әдеппен, қалыптасады. Мысалы, сәулет өнері белгілі бір әулеттің өзіне
тән тәлімдік мұрасы болуы мүмкін, сол сияқты күйшілік, әншілік, шешендік
өнері де бір әулеттің өмірлік мәніне айналған қымбат мұрасы болуы ықтимал.
Халықтық педагогик сан салалы, мазмұны бай. Оны халқымыз үзбей тәлім –
тәрбие ісінде пайдаланып келеді. Ұлтымыздың ұлағатты дәстүрлерін келешекте
де кеңінен пайдаланып, тәрбие ісіне арқау ету борышымыз.
Әрине қазіргі таңда халықтық педагогиканы оқу - тәрбие жұмысына
мақсатты түрде енгізіп отыр.
¥лттық салт – дәстүр, әдет - ғұрыптың, халықтық өнеге мен тәлімнің
негізінде шәкірттерге тәрбие берудің жолдары мен бағыттарын анықтауда
біршама ұнамды тәжірибелері жинақталған.
Халықтық педагогика тәлім - тәрбиелік ой - пікірің бастауы, халықтың
рухани мұрасы. Халықтық педагогикамен қатар этнопедагогика атауы жиі
қолданылады.

§ 1.2. Халықтық педагогиканың математиканы оқытудағы орны.
Қоғамның қазіргі даму кезеңінде болып жатқан әлеуметтік, саяси және
жаңа технологиялық өзгерістерден, ұрпақ тәрбиесіндегі бетбұрыстардан білім
ең тәрбие беру жүйесінің ісін жаңа сатыға көтеру қажеттілігі туындап
отырғандығы мәлім. Осыған орай, бүгінгі таңда қоғамның ұлттық мәдени
тұрғыдан кемелденуі жас ұрпақты өз халқының рухани қазынасымен, ұлттық
тәбиеннің озық, өнегелі дәстүрлерімен тереңірек таныстыру, соның
негізінде жеке тұлғаны қалыптастырып, оның шығармашылық, рухани
мүмкіндіктерін дамыту көзделеді. Өйткені, егемен еліміздің болашағы, оның
рухани және материалдық дамуы жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесінің деңгейіне
байланысты.
Халықтың өте әрідегі ата-бабаларының өмір сүрген кезінен бастау алған,
халықтың қажетінен туған тәрбие мен оқу, әр халықтың даму тарихын барлық
жақсы қасиеттерін бейнелеп көрсетеді.
Халықтық жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқытуға көзқарасы, тәрбие мен оқыту
мәселесі мен мақсаттары, оқу мен білімнің белгілі мазмұны, жас ұрпаққа
ықпал жасау жолдары мен құралдары ерте заманда белгілі болған.
Әр жасөспірімнің қалыптасып дамуының өзі күнбе - күн сезінетін,
еститін, көретін заттары мен құбылыстары, оқиғалары үлкен орын алады. Соның
ең негізгісі - қазақтың халық педагогикасы.
Қазақ халқының сан ғасырлар бойы жинақтаған мол тәжірибесі, I танымдық
мұрасы, салт - дәстүр, әдет - ғұрып, аңыз - ертегілері, жүмбақ, мақал –
мәтелдері, өлең - жырлары, үлттық оиындары ерекше тэрбиелік мэні бар баға
жетпес асыл қазына.
Мектепте бірқатар пәндерді оқытуға байланысты бүл мэселе жан -жақты
талданған. Кейбір пәндер - математика, әдебиет, биология, еңбек
сабақтарында халықтық педагогика: ұлттық әдет - ғұрып, салт - дәстүр тиімді
пайдаланылуда. Математиканы оқыту саласындағы зерттеулердің бірі ретінде
педагогика ғылымының докторы, профессор А. Әбілқасымованың ғылыми
жетекшілігімен жүргізіліп жатқан Бастауыш мектептегі математиканы оқыту
үрдісінде қазақ этнопедагогикасының материалдарын пайдалану арнайы
курсының оқу бағдарламасын атауға болады. Бағдарламада болашақ бастауыш
сынып мұғалімдеріне қазақ этнопедагогикасын математика сабағында қолдануды
меңгерту және сол алған білімдерін мектеп қабырға^ында қолдану көзделген.
Бұл математиканы оқыту үрдісінің нәтижелі болатыэдығының кепілі.
Халықтық педагогика мэселесіне байланысты ой қозғағанда Қорқыттың
ұлттық педагогикаға байланысты қағидаларын, Абайдың дана сөздерін, Ы.
Алтынсарин мсн А. Байтұрсынүлының педагогикалық идеяларына сүйенбей өте
ал^іаймыз. М. Жұмабаевтың Педагогика оқулығында оқытудың білімілік жэне
тэрбиелік мақсатын ұлттық тәрбиеге негізделгенде ғана оның сапалы: білім
беріп, жастардың санасын көтеруге жэрдемі тиетіндігі айтылады.
А. Байтұрсынұлы Әдебиег танытқыш еңбегінде, кемеңгер де ойшыл ақын
Құдайбердиев Шэкәрімнің шығармаларында халықтың бай дәстүрі жете
сипатталады. Д. Әшімхановтың Бес арыс еңбегіне шолу жасағанда кемеңгер
ойшылдарымыздың кай - қайсысы да балаға тәрбие беруде, олардың білімін
кеңейтіп көзқарасын қалыптастыруда ұлттық тэлім -тэрбиенің, эдет - ғұрыптың
алаті.ш орнын баса көрсеткен.
Бүл ғалымдар қазақ халқының болашағы - жастарды жан - жақты дамыту үшін
нені оқыту, қалай сқыту керектігін айта келіп, берілетін білімді ұлттық
педагогикаға негіздеу арқылы олардың бойында халықтың рухани байлығын
сіңіруге болатынын дэйектейді.
Халықтық педагогика элементтерін сабақта жэне сабақтан тыс жұмыстарда
жұйелі түрде оқытудың дәстүрлі емес жаңа әдіс - тәсілдерімен ұштастыра
пайдалану математиканы оқытудың тиімділігін арттырып, оқушылардың
математикалық білімді игеруін қамтамасыз етеді және олардың тіл байлығының,
ойлау қабілетінің дамуына, адамгаршілік, ұлтжандылық, ұлттық мәдениетті
дәріптеу дағдыларының жетіле түсуіне жол ашады. Ең бастысы, оқушыны жеке
тұлға ретінде қалыптастыруға септігін тигізеді. Демек, халықтық педагогика
элементтерін пайдалану — мазмұндық тұрғыдан білім көздерінің бірі Сондықтан
ол ғылыми негізде жасалған оқытудың құралын және мектептердің іс
тәжірибесінде сыналған әдістемені қажет етеді.

II тарау. Бастауыш сынып математика сабағында халықтық педагогиканы
пайдалану
§ 2.1. Ұлттық ойындар.
Ұлттық ойындар халық - педагогикасының ажырамас бір саласы. Сондықтан
ол халық педагогикасмна тоқталып, мазмұн жағынан бір - бірін байытып
отыратын, қос өзеннің бір жерге келіп тоғысқан екі арнасы секілді. Ұлт
ойындары халық педагогикасының аса белсенді, үнемі өзгеріп, жетіліп
отыратын, өмірге үздіксіз келіп тұратын ұрпақ арқылы жалғасып, жаңара
беретін құрамдас бөлігі болып табылады. Сондықтан да оның атқарар қызметі
кең өрісті, ауқымды. Ол салауатты өмір салтын мұрат тұтқан арманшыл, елі
мен жерінің қамын ойлайтын, ұлтқа тән нэрсенің бәрін қадір тұтатын, дара
тұлға - жаңа адамды тәрбиелеп шығарудың құралы.
Ұлт ойындары ұжымдық ой - қиялдан бас құрап, жеке адамдардың игілігіне
асатын, ұлт өкілдерін түі ел қамтитын, тұтас ұлтқа тән атадан балаға мұра
болып келе жатқан рухаки, мэдени қазына. Олай дейтініміз, ұлт ойындары сол
ұлттық өсіп жетілу барысындағы ұзақ жолда пайда болып, оның сан мыңдаған
ұрпағының рухани азығына айналған, қиялын қозғап, ұлттық болмысы мен
өзіндік ерекшелігін қалыптастыруға игі әсерін тигізетін дәстүрлі құбылыс.
Осы тұрғыдан қарағанда, ұлт ойындары сол ұлттың ғасырлар бойы жасаған
мұраларының заңды бір саласы, халқының игілігіне қызмет ететін, оның жас
ұрпағын жетілдіріп шыңдайтын әлеуметтік педагогикалық мүмкіншілігі зор
тәрбие құралы.

Математика сабағында ұлттық ойындары пайдалану оқушылардың ақыл-ой
белсенділігін тәрбиелеудің маңызды құралы болып табылады. Ойында, оқу мен
еңбек сияқты, баланың іс-әрекетінің бір түрі. Ойын бала үшін нағыз өмір.
Сондықтан мұғалім математика сабағында ұлттық ойындарды пайдалану арқылы
жас бүлдіршіндердің білімге деген ынта-ықыласын, пәнге деген
сүйіспеншілігін арттырумен бірге өз халқымыздың ғасырлар бойы салт-
дәстүрін, ата мұрасын дамыту, яғни пәнге деген сүйіспеншілдігі,
қызығушылдығы қалыптастырылады.
Қазақтың ұлттық ойындары тақырыпқа өте бай және балуан болып келеді,
уақыт мектеп мұғалімдеріне жастарды жаңа заман талаптарына сай әрі оның
ұлттық дәстүр рухында тәрбиелеп, өмірге әзірлеу секілді жауапты міндетті
жүктейді. Бұл міндетті нәтижелі орындау үшін, мұғалімдер оқу тәрбие
жұмысына шығармашылықпен қарап, күні бүгінге дейін іске қосылмай келе
жатқан тәрбие неіздерінің бірі ұлттық ойындар. Ұлттық ойындар халық
педагогикасының бір саласы болып табылады. Ол мыңдаған ұрпақтың керегіне
жарап, оларды өмірге әзірлеу қажетін өтеген, сыннан өткен сенімді тәрбие
құралы. Қазақ халқы өмірге шыныққан, әділетті, өнерлі, елін-жерін сүйетін
азаматтар тәрбиелеу жөнінде өз ұрпақтарына таусылмас мұра қалдырған.
Халқымыз ойындарға тек балаларды ойнату әдісі деп қарамай, жас
ерекшеліктеріне сай олардың көзқарастарының, мінез-құлқының, қырағылығымен
тапқырлығының қалыптасу құралы деп те ерекше бағалаған. Бала кішкентайынан
ата-анасының талап етуімен және өз еркімен әртүрлі ұлттық ойындарға
қатысып, өзінің икемділігін, тапқырлығын, батылдығын байқатқан. Өкінішке
орай, қазақтың көне ұлттық ойындардың бір ерекшілігі сонда, оларды сабақта,
үзілісте, сыныптан тыс жұмыстарға тиімді пайдалануға болады.
Математиканы оқытуда бағдарламаның негізгі тақырыптарын оқып-үйренгенде
қолданылатын ойындар оқушыладың математикалық ұғымдарын арттырады. Есептеу
дағдыларын шыңдай түседі, балалардың тапқырлығын арттырып қызығушылығын
дамытады, теориялық мәселелерді меңгеруге және оларды практикада қолдануға
машықтандыоады, жалпы алғанда олардың ынтасын арттырады.
Қай халықтың болмасын, ойын-сауығы болады, ал оның жан дүниесінің
көрнекісі саналады, демек, іргелі ел екенбіз, өзіміздің әдеп-ғұрпымызды,
алт-санамызды, дәстүрімізді бағалап, қадірлей білуіміз қажет. Жалпы ойынның
қай түрі болмасын, атадан – балаға, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырады. Яғни,
халық ойындары тіршілік қажетінен туады да психологиялық жағынан денсаулық
сақтау, тіршілік элементі ретінде өркен жаяды.
Халық ойындарын математика сабағында пайдалану оқушының алған білімін
күнделікті өмірмен берік ұштстыруға қолайлы. Математика сабағында халық
ойындарын қолданудың түрлі жолдары бар. Мысалы, ойын сабақтың басында,
ортасында не соңында қолдануы мүмкін. Ойынды сабақтың басында қолдану үй
тапсырмасына оқушыларды түгел қатыстыру мақсатын көздейді. Егер ойын
сабақтың ортасында қолданылатын болса, онда мұғалімнің мақсаты –
оқушылардың көңіл күйін сергіту, шаршағанын ұмыттыру. Ойын сабақтың соңында
тақырыпты бекіту, не сол сабақтан алған білімді жинақтау мақсатында
пайдаланылады.
Ұлттық ойындарды өткен сабақтарда қайталау кезінде де қолдануға болады.
Ол жағдайда сабақтың мазмұнын байыта түседі., балалардың қиялдарын қозғап,
зейіндерін кеңейте түседі.
Математика сабағында аз, көп ұғымдары баланың зердесіне ұялату оңай
нәрсе емес. Ал, оны қарапайым халық ойынының негізінде түсіндіре бстасақ,
ол онша қиындық келтірмейді. Бірінші сыныпта математиканы оқып үйрене
бастағанда оқушылардың түсінігін жеңілдету үшін санамақ ойынының ойнату
тиімді санамақ.
Ойын сауық өлеңдерін жаттатып, мазмұнын түсіндіру арқылы оқушылардың
тілін ұстартып, логикалық ой-жүйелерін қалыптастыруға болады.
Оқушылардың белсенділігін арттыра түсу мақсатында әрбір сабақты
түрлендіріп өткізу орынды. Ұлттық ойындарды үнемі пайдалану арқылы
оқушыларды ауызша есептерге жаттығуына логикалық ой-жүйелерін жетілдіре
түсінуіне толық мүмкіндік бар. Олардың қатарына халықтың байырғы ауызша
есептерін, халық ойындарын жатқызуға болады, атап айтқанда, Қанталапай,
Асық алу, Ақ сүйек, Қыз қуу, т.б. Мысалы, өзімде құр қалмадым
ойыны.
Жексенбі күні еді. Атамның үйіне немерелері келеді. Атасы олардың
алдына бір табақ алма қойды. Немерелері атасына алманы бөліп беруді өтінді.
Алманы бір-бірден бөлсе, біреуі артылып қалады, екі-екіден берсе жетейді.
Сонда атасының үйіне келген немересі нешеу, атасының табақтағы сатып
әкелген алмасы неше болған?.
Оқушылар есепті қызығып шешуге кіріседі. Жауабы: үш бала, төрт алма .
Үш алманың үш немересі алды да, біреуін атасына берді.
Сонымен қатар математика сабағында ойынды пайдалану мүмкіндігі өте көп.
Оларды қолдану ретіне қарай түрлендіріп өтуе болады. Ойын арқылы
оқушылардың ойлау қабілеті артады, өз беттерінше орындауға дағдыланады.
Мысалы, ұшты-ұшты ойыны. Мұғалім сынып оқушыларына – мен ұша алатын
затты атап ұшты деп қолымды көтергенде, бәрің тез қолдарыңды көтеріп,
алақандарыңды жазып, ұшты-ұшты деп қалықтап тұрасыңдыр. Бұл ұшқандарың
мысалы, Торғай ұшты десем, сендерде ұшасыңдар. Енді мен әдейі өздеріңді
жаңылдыру үшін әлгі затпен аты ұйқас тағы бір ұша алмайтын нәрсені атап
ұшты деп қолымды көтерсем онда сендер ұшпайсыңдар.
Ұшатын затты атағанда ұшпай қалған, сол сияқты ұша алмайтын нәрсені
атағанда ұшып кеткен ойнаушы айып тартады –деп түсіндіреді.
Айып тарқандарға мысалдар мен есептер дайындалады. Мысалдар мен
есептерді шығарған оқушы нәтижеге жетіп,бағаланады. Ойын:
- Ұшты, ұшты қызғыш ұшты (ұшады).
- Ұшты, ұшты сызғыш ұшты (ұшпайды)
- Ұшты, ұшты үкі ұшты (ұшады)
- Ұшты, ұшты екі ұшты (ұшпайды)
- Ұшты, ұшты қыран ұшты (ұшады)
- Ұшты, ұшты қалам ұшты (ұшпайды)
- Ұшты, ұшты кепте ұшты (ұшады)
- Ұшты, ұшты шеңбер ұшты (ұшпайды)

Ұлттық ойын.
Қармақ салу.
Балалар математикаға мықты дегендеріңіздің кез келгенін мына көлден
қармақпен балық аулауларыңызға болады. Қармағыңызға балық аулап, оны сіз
ұстай алсаңыз, балық не айтады. Соны орындауға тиіссіз. Қармаққа тек дұрыс
жауап берген баланың балығы ғана ілінеді.
1100+800:2=1500 (275+425)+(1240-
440)=1500
(400+350)·2=1500 750·20=1500

(2240-1940)·5=1500 1000:4+250·5=1500
Оқушыларға осы мысалдарды шығаруда олардың ұқсастығы мен айырмашылығы
сұралады.Бұдан соң балаларға осы санға байланысты қандай той өтілгендігі
сұралады (Түркістанның 1500 жылдық мерей тойы). Бұл ойында сонау дағдыларын
бекіту мақсатында ұсынылады.

Қасқыр мен Түлкі.
Бұл ойын балалардың тез байқағыштығын, тез есептер дағдыларын
қалыптастыру мақсатында ұсынуға болады.
Бір күні қасқыр мен түлкі бір себеп балықты бөліп жемекші болады.
Сонда қасқыр:
Түлкі сен маған қарағанда есепті жақсы шығарасың ғой, балықтарды сен
бөлші - депті. Сонда қу түлкі қасқырдың аңқаулығын, есеп шығара
алмайтынын байқап, былай депті.
- Біреу саған, екеу маған, үшеу саған төтеу маған, бесеу саған, алтау
маған, жетеу саған, сегізі маған, тоғызы саған, оны маған. Сонда
олардың әрқайсысы қанша балықтан жеген?
Қасқырға тақ сандар 1+3+5+7+9=25
Түлкіге жұп сандар 2+4+6+8+10=35
Қазақтың ұлттық ойындары: көкпар, сайыс, күрес, теңге алу, қыз қуу,
алтын қабақ ату, жамбы ату т.б. спорттық сипатпен бірге тэрбиелік маңызға
ие болды. Бұл ойындардың бәрі де атпен ойналатын ойын болғандықтан, оларға
күн ілгері орасан зор бірлік, мұқият даярлық керек болды. Сол даярлықтың
басы - қасында болған жас баладан бастап, бозбалалар мен жігіт ағалары,
атбегілері мен ауыл ақсақалдары болып түгел қатынасатын. Жоғарыда аталған
ойын түрлері мен бэйгенің алуан түрлеріне қосылатын аттар, оған
мінгізілетін балалар, балуандар, көкпаршылар, қыз қууға қатынасатындар, қыз
бен жігіттер ауыл ақсақалдарының алқасында талқыланып, солардың ұйғаруы
бойынша қатынасуға мүмкіншілік алатын болған. Бұл, бір жағынан, халықтық
тэләм- тэрбиеннің маңызын арттырса, екінші жағынан үлкендерге деген ілтипат
пен сенімді, басқаның пікірімен санаса білуді үйретеді, үшінші, жеңіске
деген құлшынысты туғызып, баланың ақыл - ойын, қиялын ұштайды, көпшіліктің
үмітін ақтауға деген жауапкершілігін шыңдай түседі. Осы жағынан келгенде,
ұлт ойындары халық педагогикасының ажырамас бір бөлігі ретіндегі өзінің
маңызды қызметін осы күнге дейін жүйелі атқаруда. Егеменді елге айналған
жалпы халықтық жэне элемдік маңызы бар Абай мен Мұхтар Әуезовке арналған
тойларда қазақтың ескі дэстүрі бойынша бабалардың ұлт ойындарына белсене
қатынасуы ескі дэстүрді қайта жаңғыртып, жастарға деген сенімділік пен
талапты арттыра түсті.
Қазақтың ұлттық ойындарының халық педагогикасына ұласып, қабысып
келетін бір тұсы ауыз әдебиеті үлгісінде жиі кездеседі. Әсіресе, ақындар
айтысында ойын туральз пікірлер, оның адам өмірінен алатын орны туралы
пікірлер көп болса, ақындар айтысының үлгілері мен балалр айтысы халық
арасында көп болған. Бұл ойын арқылы баланы әлеуметтік өмірге ерте
алмастыру, ақыл — ойын шыңдау қамымен үлкендердің үлгі - өнегесін олардың
бойына ерте сіңіру ниетінен туған. Мысалы, Айтыс ойыны, Қыз бала мен ұл
баланың айтыс ойыны, Сан айтыс, Бала мен шілдің айтысы т.б. секілді
неше алуан ойын өлендері де кездеседі.
Қазақ халқында өз ойынан бір ауыз өлең құрап айтпайтын адамды табу
қиын. Олай дейтініміз, бүгінгі қазақ мектептерінде бастау алған бұл өнер
баланың шығармашылық талабьш шыңдап, өнерге деген қүштарлығы мен
бейімділігін ерте оятып, талантын елге танытады. Егемендігін алғаннан кейін
мектептердегі тэрбиенің жаңа бет бұрысы елімізде жиі өте бастаған ақындар
айтысында кейінгі жылдарда мекгеп бітірген жас талап ақындардың жүлделі
орындарды жеңіп алуын айқын корінеді.
Алайда біз халықтың ділі (менталиеті) туралы сөз еткенде мұны көп ретте
еске ала бермейміз. Бұл халқымыздың өзге жұрттардан ерекше көрсететін
дәлелді мәселе екенін білдіреді. Олай болса, тарих қойнауынан бастау алып,
бізге жеткен ұлт ойындары ұрпақ тэрбиесінде әлі де өзіндік орны бар тэрбие
құралы екенін айқындай түседі.
Айтыс - өнер. Ал өнердің бәрі де ең алдымен сол ойынға да, оның ішінде
ұлт ойынарына қатысты сыртқы дүниені қабылдап түсінуінің нәтижесінде ішкі
логикасын жеге меңгерудің мүмкін екенін түсіну қиын емес.
Олай болса, ұлт ойындары адамның денесін, ақыл ойын жаттықтырушы,
адамның адамгершілік қастеттерін шыңдап, жетілдіруші әлеуметтік ортаның
жемісі болып табылады. Адам өзінің көргені мен ұстап білгенін ой сезімі
арқылы. ішкі жан сезімі арқылы өткізіп, қайта жаңғыртқан дүниесін элеуметке
жеткізгенде, ол өнер ретінде танылып, көпшілік талқысына тартылады.
Солардың көпшілігі ойын тойлар, көпшілік бас қосқан үлкен жиындарда өмірге
келетін болған.

Ұлт ойындарын сабақта пайдалану.
Сабақ барысында ойын элементтерін дидактикалық материал ретінде
пайдаланудың пайдасы мол. Ойын арылы баланың бойына адамгершілік
қасиеттерін, білімге, өнерге құштарлығын қалыптастыруға болады. Нашар
оқитын оқушылардың өздері де ойын элементтері араласқан сабаққа зор
ынтамен, жігермен араласатыны анық нэрсе.
Өз басым ойын элементтерін пайдаланған сабақтарымды жарыс түрінде
өткіземін. Жарыс - сабақ барысында алма ағашынан алма жинау, не бақшадан
көкөніс жинау сияқгы ойындарды пайдалана отырып сөздікті тексеру өте
тиімді. Оқушылар өз құрбылрынан қалып қоймауы үшін сабаққа белсені қатысып,
қойылған сұраққа жауап іздеп ойлана бастайды. Мысалы, сабақ үрдісінде
Сенің атың кім? деген сұрақты жай енгізгеннен көрі ойын арқылы енгізу
эсерлі. Бұл ойында оқушыларды 2 топқа бөліп, эр топтан бір -бір баладан
алға шығып, өз тобындағы мүшелеріне Сенің атың кім? сүрағын қоя отырып
допты лақтырады, ол оқушы өз атын айтып келесісіне береді, ерте біткен топ
мүшелері жеңіске жетеді.
Сабақ барысында менің басты ұстанымым - баланың ынта - ықыласы мен
қызығуын арттыру. Ол үшін көрнекілік қажет. Бұл бағытта халқымыздың үлттық
ойындарының кейбір элементтерін сабақ үрдісінде енгізуге әбден болады.
Халық ойындары ақыл - ойдың дамуына әсер етіп, өнер жарыстыруға, білгенін
ортаға салу секілді ізгі мақсаттарға жол ашады.
Сондай -- ақ ұлт ойындарын сабаққа сэйкестендіріп ойнауға болады.
Мысалы: Қоржын ойыны (немесе асық атып ойнау) қазіргі тэрбие мақсаттарына
сай өзгертуге ыңғайлы. 4 - сынып оқушыларымен бір тарауды аяқтап, қайталау
сабағында сурет бойынша эңгіме құрау не сурет салу барысында осы ойынды
ойнаған қызықты эрі тиімді. Он асық салып, оны 1-ден 10-ға дейін нөмерлеп
коржынға салып қоясың, сол нөмірге сэйкестендіріп конверт дайындап, оған
өтілген тақырыптарға байланысты суреттер саласың. Оқушы қоржыннан алған
асық нөмірімен сол нөмірлі конвертті алып, ондағы суретті сипаттайды.
Орамал тастау ойынын да пайдаланған ұтымды. Мұғалім өтілген бір тақырыпты
тақтаға жазады. Айталық, Мектеп. Кейін бір оқушы тақтаға шығып сынып
бөлмесі деп жазады да, орамалды екінші оқушының партасына тастайды, ол
оқушы тақтаға шығып, Мұғалім деп жазады. Осылайша Мектеп тақырыбына
байланысты сөздер жазылып, қам гылады.
Құрақ құрау.
Дидактикалық мақсаты. Геометриялық фигурлардың түр түсіне, пішіні мен
мөлшеріне қарай ажыратуға дағдыландыру. ¥лттық қолөнеріміз ою - өрнектер
туралы мағлұматтар беру.
Қажетті құрал — жабдықтар. Жолақша, түрлі - түсті геометриялық
фигуралар, оюлар. Құрақ көрпеше үлгісі, өрнек салынған сандықтың көрнекті
суреті, не моделі.
Ойын мазмүны. Мұғалім құрақ көрпеше, сандық туралы кіріспе әңгіме
жүргізеді.
Оқушыларға қажетті заттар таратылып беріледі. 6-8-деп геометриялық
фигуралар, жолақша, орындарына отырып әр оқушы өз шығармашылық өнерін
көрсетуге тиіс. Яғни жолақшаға әртүрлі геометриялық фигураны, оюды
қиюластыра орналастырып, қатты қағаз, матаға жолақшалы апликация жасау жэне
олардың орналасу тэртэбіне түсінік беру керек. Мысалы, оқушы былай дейді:
менің апиликациямның ортасында үлкен көк дөңгелек, оң жэне сол жағында көк
оюлар, жоғары жағында жасыл, төменгі жағында көк ұшбұрыш, ал оюлардың
жанына сары кішкене шаршылар орналастырылды.
Ойын барысында сөйлеу шеберлігі дамиды, заттардың орналасу реті туралы
түсініктері кеңейеді. Ойынды мұғалім қалауынша жалғастыра алады.
Хан талапай.
Дидактикалық мақсаты. Санау дағдыларын бекіту. Артық, кем
түсініктерін тиянақтау.
Қажетті құрал - жабдықтар. Асық (саны 20)
Ойын мазмұны. Ойынды сынппен жарыс түрінде өткізуге болады.
Талапай - ау талапай,
Табылды ойын, алақай!
Асықты алға шашамыз,
Талапайға басамыз, - деп өлең шумағын айтып, асықты шашып жібереді.
Окушылар шашылған асықты жинап алады. Әр оқушы өзінің қолындағы асықты
сыныппен қосыла хормен санап шығады. Асықтардың саны анықталған соң,
салыстыру жұмысы жүргізіледі. Кім асықты көп жинады?
Нешеу? Қаншасы артық? Сияқты сұрақ қоя отырып, жеңімпаз оқушыны мадақтайды.
Ханым дат!
Дидактикалық мақсаты. Санау дағдыларын дамыту. Қажетті құрал -
жабдықтар. Асықтар.
Ойын мазмұны. Ойынға сынып оқушылары түгел қатысады. Мүғалім эр
қатардан 1 оқушыдан тақтаға шақырып асық береді. Оқушылар асықты иіріп
тастайды. Кімнің асығы алпіы болып түссе хан, тәйкі түссе уэзір
еайланады. Ал шілік түскен асық иелері айыпкер ұры саналады. Енді
уәзір, ұрыны қолынан ұстап ханға апарады. ¥ры барғысы келмей
карсыласады. Ал, уәзір болса, ұрының жылқының иесін құрметтемегеніне
ашуланып дат деп ханға сөз салады. Ол: О, менің зор мәртебелі ханым,
мына күнэьарды сіздің жылқыларыңыздың ішінен бір сэйгүрігіңізді алып кетуге
тырысқанда ұстап алдым, оған үлкен жаза қолдануға тұрады дейді. Ашуланған
хан ұруға жаза береді. Жаза түрлері әр түрлері болуы мүмкін санау,
санамақ, оқыту, айтқызу т.б. Сан қүрамын атау. Жаза түріне берілетін
тапсырманы келесі кезеңдерде түрлендіріп беруге болады. Ойын осылайша
жалғаса береді.
Қорыта айтқанда ұлттық ойындар-ата – бабамыздан бізге келіп жеткен,
өткенді мен бүгінді байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз.
Сондықтан оны үйренудің, күнделікті тұрмысқа пайдланудың заманымызға сай
ұрпақ тәбиелеуде пайдасы орасан зор. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін
ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштаса береді.
Сонымен қатар ойын тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан ойға жетелейтін,
адамға қиялы мен қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, ақыл-ой жетекшісі,
денсаулық кепілі, өмір тынысы демекпіз.

§ 2.2. Санамақтар.
Жас балалардың қарапайым математикалық білім түсініктерін
қалыптастыруда санамақтар ерекше рөл атқарған.
Мектепке келмей түрып - ақ бала сандық ұғым туралы мағлүмат ала
бастайды. Бірақ оны саналы түсінбейді. Осы қүбылысты сезген халық жастарға
сан ұғымы туралы мағлұмат берудің алуан жолдарын ойлап тауып, олардың ақыл
ойын өте шеберлікпен жетілдіре білген. Сан ұғымын есептер арқылы, ауыз екі
әңгіме арқылы немесе нақыл сөздер, мақал мэтелдер арқылы да жеткізген. Сан
үғымын заттың негізінде, сол заттың бейнелі суреті арқылы беру бала
зердесінде өшпес із қалдырып, санасына мықтап орын тебері сөзсіз. Аз,
Көп деген ұғымдарды баланың зердесіне ұялату оңай емес. Ал, оны қарапайым
халық ойынының негізінде түсіндіре бастасақ, ол онша қиындық келтірмейді.
Халық ойындары арқылы сандардың жиынтық ұғымын да оңай түсіндіруге болады.
Осының бәрін қазақ халқының бір ғана ойынының бойынан табуға болады десек
артық емес. Мысал ретінде он бірге дейін санайтын санамақты алайық. Осы
ғасырдың 30-40 жылдарында бұл ойын баланы мектепке әзірлеу құралы ретінде
есептелінді. Ол бүгінде өзінің эуелгі маңызынан айырылып отыр. Бұл оның
күні өтіп, тәрбие қүралы болуынан қалғандығынан емес, керісінше ұмыт
болғандықтан. Бірінші сыныпта математиканы оқып үйрене бастағанда (яғни
алғашқы ондықты өткенде) оқушылардың түсінігін жетілдіру үшін санақ ойынын
ойнату Ьрынды. Мұғалім пәнаралық байланыс мақсатына санаумен қатар тіл
жаттықтыруға арналып қайта - қайта естеріне салып қайталап отыруы жөн.
Қазақ отбасында жас баланың тілі алғаш шығып, былдырлап сөйлей ісімен,
ата - ана оның алақанын қыттықтап немесе саусақтарын бүгіп - I жазып,
саусақ ойындарын ойната бастайды.
Саусақ ойындары балалардың жас ерекшелігіне қарай, түрліше
ұйымдастырылуы мүмкін. Мэселен, балалар тобынан бір бала шығып, бас -
бармақтан бастап шынашаққа дейінгі саусақтардың аттарын жаңылмай, жылдам
атап шығуы тиіс. Немесе, ортаға шыққан бала адымдап жүре отырып, әр аттаған
сайын ақындардың, батырлардың немесе т.б. аттарын жаңылмай атап шығуы
керек.
Қазақ арасында өлең түрінде айтылатын санамақтардың сан алуан түрлері
бар. Олардың барлығы дерлік мазмүн жағынан бір - біріне жақын, көпшілігі
онға дейін немесе беске дейінгі санау мэселеріне байланысты болып келеді.
Сондай - ақ алтыға, жетіге дейінгі сандарды қамтитын санамақтар да бар.
Ұйымдастарылу сипатына қарай оларды ойын - санамақтар, айтыс санамақтар,
жұмбақ - санамақтар., т.б. деп те бөлуге болады.
Біздің ойымызша, қазақтың халық санамақтарын баланың жас
ерекшеліктеріне байланысты қолдануына қарай, негізінен, екі топқа бөлуге
болады.
Жас балаларды санай білуге, жалпы сан жэне санау ұғымдарын игеруге даярлау
мақсатында қолдаңылатын санамақтар. Бұларды сусақ ойындары деп те атайды.
Онға дейінгі санау қабілетін жетілдіріп, дамыта отырып, он көлеміндегі
сандардың ауызша және жазбаша нумерациясы туралы білім – түсініктерді
қалыптастыру мақсатында пайдаланылатын санамақтар тобы.
Қазақтың халық санамақтары, ең алдымен, жас балаға сан үйретудің
дидактикалық құралы, әсіресе он көлеміндегі сандардың нумерациясын игерудің
әдіс – тәсілдері ретінде қолданылған.
Балалар есейген сайын, олардың жас жэне психологиялық ерекшеліктеріне
орай тәжірибелік және тұрмыстық мұқтаждықтың үлғаюына байланысты сан
үғымымен таныстыру жұмыстары да бірте - бірте күрделене береді. Енді онға
дейінгі сандарды енгізу мақсатында санамақтардың екінші тобы қолданылады.
Мәселен, алғашқы алты санды енгізу мынадай санамақтың негізінде жүзеге
асырылады:
Қаны менен Су баласы.
Әкең қайда?
Базар кетті.
Жаз келер.
Жаз келмесе, күз келер Шақалшақ, Тоқалшақ, Қию - қию!
Сан ұғымын игерудің келесі кезеңінде сан ауқымын онға дейін кеңейте
отырып, төмендегі сияқты жұмбақ - санамақтарды жаттатқызу қолға алынады.
Жұмбақ: Шешуі:
Бірім - бір Бір дегенің - білеу
Екім - екі Екі дегенің - егеу

Тоғызым - тоғыз, Тоғыз дегенің - торқа
Оным - он, Он дегенің - оймақ,
Он бірім - Он бір қара
жұмбақ.
Оны тапшы, ай - күнім.,

7 - ге дейінгі санамақ
дегенің бөрік,
Кисең береді көрік. дегенім -
етік,
Киер сәнді етік.
дегенім - ішік,
Теріден тігер пішіп.
дегенім — тымақ,
Қыста кисең жылы - ақ.
дегенім - байпақ,
Іші жылы жайпақ.
дегенім - алқ,
Мойыныңа тақ, қалқа.
дегенім - жиде,
Көлік дейді кейде.
Мұнда қазақ халқының ұлттық киім, бұйымдарына тоқталып, оларға түсінік
беріліп тұр.
Көңілді санамақтар
Бір дегенім – бүркіт
Қалады аңдар үркіп.
Екі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықтық педагогика ұғымы
Қазақ халықтық педагогикасының мәні
Математиканы оқытуда халық педагогикасының кейбір мәселелері
Қазақ халқының математикалық ертегілерін сабақта қолдану
Математика сабағында ұлттық мазмұндағы есептерді шешу
МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудің теориялық негіздері
3 сынып математика сабақтарындағы халық педагогикасының озық үлгілерін пайдалану
Бастауыш сыныптарда математика сабақтарында ойын технологиясын қолдану
Математика пәні бойынша дидактикалық ойындар арқылы оқушылардың оқу белсенділігін дамытудың әдістері
Пәндер