Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар мен қозғалыстар


ЖОСПАР
1. КІРІСПЕ
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЯСИ ПАРТИЯЛАР МЕН ҚОЗҒАЛЫСТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ҚҰРУДАҒЫ РОЛІ.
2. 1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЯСИ ПАРТИЯЛАР МЕН ҚОЗҒАЛЫСТАР.
2. 2. МЕМЛЕКЕТТЕГІ САЯСИ ПАРТИЯЛАР МЕН ҚОЗҒАЛЫСТАРДЫҢ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ҚҰРУДАҒЫ РОЛІ.
3. ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Қоғамның саяси жүйесінің құрамындасаяси биліктің қызмет атқаруы саяси институттар арқылы жүргізіледі. Мемлекет пен саяси партиялар негізгі билік көзі болғандықтан, тікелей саяси институттар болып табылады.
«Партия» деген сөз латын тілінде «бөлік, бөлшек» деген мағынаны білдіреді. Партия ұғымын анықтауда әлі күнге дейін тұрақты пікір қалыптаса қойған жоқ. Осы заманғығалымдардың пайымдауынша, партия - саяси билікті белгілі бір әлеуметтік топтың мүддесін іске асыру жолына пайдалануға ұмтылған адамдардың ерікті ұйымы. Билік тұтқасын белгілі бір әлеуметтік топтың мақсат-мүддесін іске асыру үшін пайдалану және партия құрамына кірі мен шығу еркіндігі саяси партиялардың әлеуметтік-саяси мәнін көрсететін негізгі факторлар болып табылады. Саяси партиялардың даму кезеңдерін алғашқылардың бірі болып жіктеген Макс Вебер болатын. Ол партиялардың қалыптасуындағы бірнеше кезеңдерді атап көрсетеді:
- Аристократиялық үйірмелер.
- Саяси клубтар.
- Бұқаралық партиялар.
Әлем елдеріндегі саяси партиялар алуан түрлі, оларды түрлі сапалық белгілері бойынша жіктеп, топтастыру типтерін таптық белгілері бойынша, іс-әрекет жасау ортасына қарай, идеологиялық бағыты, жұмыс істеу әдістері және ұйымдастырылу принциптері бойынша қарастыруға болады.
Ал жалпы қоғамдық ұйымдар дегеніміз - халықтың белгілі бір тобының мүддесін білдіріп, қорғайтын, алдына қойған әлеуметтік мақсатына жету үшін, ерікті түрде мүшелікке кірген, оған материалдық көмек көрсететін, өзін-өзі басқаратын адамдар бірлестігі.
Көпшіліктің қатысуы, белгіленген мүшеліктің болмауы, айқындалған бағдарламаның жоқтығы, ұйымдастырылған басшылықтың болмауы адамдардың ортақ мақсатқа жету үшін бірлесе талпынып, соған ұмтылысы - қоғамдық қозғалыстарға тән сипаттамалар.
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЯСИ ПАРТИЯЛАР МЕН ҚОЗҒАЛЫСТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ҚҰРУДАҒЫ РОЛІ.
2. 1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЯСИ ПАРТИЯЛАР МЕН ҚОЗҒАЛЫСТАР.
Қазақстан Республикасының 30 тамыз 1995 жылы қабылданған Конституциясының 5-бабына сәйкес :
«1. Қазақстан Республикасында идеологиялық және саяси әр алуандылық танылады. Қоғамдық және мемлекеттік институттардың бірігіп кетуіне, мемлекеттік органдарда партия ұйымдарын құруға жол берілмейді.
2. Қоғамдық бірлестіктер заң алдында бірдей. Қоғамдық бірлестіктер ісіне мемлекеттің және мемлекет ісіне қоғамдық бірлестіктердің заңсыз араласуына, қоғамдық бірлестіктерге мемлекеттік органдардың қызметін жүктеуге, қоғамдық бірлестіктерді мемлекеттік қаржыландыруға жол берілмейді.
3. Мақсаты немесе іс-әрекеті Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруға бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың қызметіне, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендірілген құрамалар құруға тыйым салынады.
4. Республикада басқа мемлекеттердің саяси партиялары мен кәсіптік одақтарының, діни негіздегі партиялар қызметіне, сондай-ақ саяси партиялармен кәсптік одақтарды шетелдік заңды тұлғалар мен азаматтардың, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қаржыландыруына жол берілмейді.
5. Шетелдік діни бірлестіктердің Республика аумағындағы қызметі, сондай-ақ шетелдік діни орталықтардың Республикадағы діни бірлестіктер басшыларын тағайындауы Республиканың тиісті мемлкеттік органдарымен келісу арқылы жүзеге асырылады, » республикадағы саяси ұйымдар мен қоғамдық қозғалыстар мемлекет тарапынан осылайша қарастырылған.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында дүниеге келген «Азат», «Алаш» сияқты партиялардың идеялық, саяси, әлеуметтік, экономикалық мақсат-мұраттары бір-біріне жақын еді, соның өзінде олардың ешқайсысы жарып алға шығып, жарқырап көрініп, халықтың белгілі бір әлеуметтік топты қорғаушы ретінде саяси күш есебінде өздерін таныта алған жоқ.
1996 жылдың 31 мамырында «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының заңы қабылданды. Осы кезеңнен бастап еліміздегі саяси партиялар мен қозғалыстар сандық жағынан да, сапалық жағынан да айтарлықтай жаңа бетбұрыс ала бастады.
Бүгінгі таңда ресми мемлекеттік тіркеуден өтіп, саяси процесске кеңінен араласыпкеле жатқан «Қазақстан Азаматтық партиясы», «Қазақстан аграрлық партиясы», «Ақ жол», «Нағыз ақ жол», шаруалардың социал-демократиялық «Ауыл» партиясы, «Әділет» демократиялық партиясы, «Руханият», «Қазақстан патриоттар партиясы», Коммунистік партия, Халықтық коммунистік партия сияқты партияларды атауға болады.
«Қазақстан Азаматтық партиясы» өнеркәсіп саласы еңбеккерлер мен кәсіпкерлердің мүддесін түп негіз етіп ұстаса, «Қазақстан аграрлық партиясы» еліміздің аграрлық секторының талап-талғамдарына назар аударады. «Әділет» партиясы демократия мен құқық мәселелрін жан-жақты қарастырады. «Ақ жол» партиясы 2004жылғы парламент сайлауынан кейін іштей ыдырап, оның құрамынан «Нағыз ақ жол» партиясы Коммунистік партиямен бірлесе отырып «Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысының құрамына енді. Бүгінгі оппозицияның түп қазығы осы екі партия .
Қазақстан партиялырының ішіндегі «Нұр Отан» партиясы мүшелерінің саны жағанан да, саяси ықпалымен де беделді, атқарылған істері жөнінен де ауқымдылығымен ерекшеленеді. Бұл партияның басты бағыты - Қазақстан Президенті жүргізіп отырған әлеуметтік-экономикалық және саяси бағдарламаларды толық қолдай отырып, бұқара халықты осы процесстерге жұмылдыруға күш салу. 2004 жылғы парламент және 2005 жылғы перзидент сайлауында үлкен басымдылық танатып, өзге партиялардан біршама ілгері кеткені белгілі. «Нұр Отан» партиясы шын мәнінде халықтық-демократиялық партия делініп жүр, партия белсенділері үлкен еңбек етіп, маңызды мәселелрідегі бүркемелеулерді ашып көрсетіп, халықтың мұң-мұқтажын ескеруді басты бағыт етіп белгілеген. Партияның төрағасының міндетін атқарушы Бақытжан Жұмағұлов партияның беделі артып келе жатқанын ерекше атап өтті, мысалға айтар болсақ, Шығыс Қазақстан облысынан 48 мыңнан астам адам «Нұр Отан» мүшелері, еліміздегі түсті металлургияның алыбы - «Қазцинк» акционерлік қоғамының металлургтері де аталған партияға жүрек қалауларымен мүшелікке өтіп жатыр, осылайша елдің қамын ойлаған бас партияға адамдар топ тобымен мүше болуда. 77 депутаттық мандаттың 68 иемденген негізгі депутаттық корпус елдің сөзін сөйлеп отыр. Атап айта кетерлік жай, 2007 жылдың 26 наурызында өткен партия конференциясының ауқымдылығы сонша, еліміздің астанасына 600-ден астам партия делегаттары келіп қатысты. Конференцияның күн тәртібінде партияның атына заты сай келерліктей, нағыз халықтық және нағыз демократилық партияның атқарылған істері мен жақын арада өткелі отырған аудандық және облыстық маслихат сайлауларына байланысты тақырып қозғалып, барлық маслихат орындарының 70-80% иемденуді негізгі мақсат етіп отырғандығы және осы жергілікті атқарушы органдарының бірлесе атқарған істерінің тиімдірек болатынын ерекше атап көрсетті. Ал партия председателінің орынбасары Дариға Назарбаева 2007 жылдың соңында ОБСЕ құрамындағы төрағалыққа жету жолында «Нұр Отанның» маңызды орын алатынын және осыған байланысты атқарылуы тиіс жұмыстар тізімін атап көрсетті, айрықша орын - сайлау қорытындыларының мемлекет өміріндегі негізгі қозғаушы күшке айналатындығы деуге болады. Конференцияда атлған жайларды енді сөзіне сәйкес істермен аяқтау негізгі мәселелердің бірі.
2004 жылдың науры айында екіге бөлініп кеткен Қазақстанның коммунистік партиялары «Қазақстан Коммунистік партиясы» және «Халықтық коммунистік партиялары» биыл өткелі отырған аудандық және облыстық маслихат сайлауы қарсаңында бірігуге бағытталған кезекті басқосу өткізді. Партияның негізгі мақсаттарының бірі болып Қазақстандағы маңыздылығы бойынша екінші орындағы партия атану. Жоғарыда айтылған сайлауда әрбір ауданнан немесе облыстан кемінде 4 депутаттық мандатқа ие болу қазіргі ыстық мәселе. Бұл мандатқа деген алаңда өзге партиялар да қалысар емес, әрқайсысы мемлкет дамуына өз үлесін қосуда.
2. 2. МЕМЛЕКЕТТЕГІ САЯСИ ПАРТИЯЛАР МЕН ҚОЗҒАЛЫСТАРДЫҢ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ҚҰРУДАҒЫ РОЛІ.
Қандай партия болмасын мемлкетке оң әсерін тигізгені жақсы. Демократиялық бағыт ұстанған мемлекеттің қанат жайып өркендеуі, дамуы, болашағы азаматтық қоғам орнатумен және өзінің құқықтық сипат алуымен тығыз байланысты. Азаматтық қоғам қазірде жеке адамдардың сұранымдары мен мүдделерінің жарыққа шығып, қалыптасуына жағдай туғызатын мемлекеттен тәуелсіз, дербес қоғамдық қатынастар мен институттар жүйесі ретінде сипатталады. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстанның болашағы - қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде азаматтық қоғамды : «Жаңғыру - дамыған азаматтық қоғамның қалыптасуын көздейді. Ал бұл ең алдымен адамдардың ерікті түрдегі бірлестіктерінің жиынтығын: отбасын, қоғамдық ұйымдарды, діни, мәдени, шаруашылық бірлестіктерін, кәсіптік одақтарын және тағы басқаларын өз бойына жинақтайды. Олардың ортақ сипаттамасы бұл шын мәніндегі ерікті, мемлекеттік емес ұйымдар болып табылады. Бұл адамдардың жеке өмірі, белгілі бір әдет-ғұрыптары, дағдылары мен құқықтары. Бұл өмірдің сырт көздің араласуын қажет етпейтін саласы». Демократиялық қоғамда азаматтық қоғам мен мемлекет бірін бірі қуаттайды, бірін бірі қажет етеді, үнемі келісімде болады. Азаматтық қоғамның негізгі функциялары:
- азаматтардың мүдделері мен игілік-қазыналарының қорғалуын қамтамасыз ету, олардың жеке және қоғамдық өміріне мемлекеттің орынсыз араласып, өз өктемдігін тықпалай беруін шектеу;
- қоғамдағы мүсәпірлер мен кембағалардың күнкөрісіне қамқорлық жасау;
- түрлі партиялар мен қозғалыстар, ұйымдар арқылы мемлекет саясатына араласып, ықпал жасау, өз өкілдерін мемлекет органдарына сайлау.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz