Топырақ туралы мәлміет



1.Топыраққа жалпы түсініктеме
2 .Топырақ құнарлылығын ұдайы арттыру жолдары
3 .Топырақ режимдері және оларды оңтайландыру жолдары
4 .Топырақ эрозиясы және оның даму заңдылықтары
5 .АРАМШӨПТЕР ЖӘНЕ ОЛАРМЕН КҮРЕС
6 .АУЫСПАЛЫ ЕГІС
7 .ТОПЫРАҚ ӨҢДЕУ
8 .ЕГІНШІЛІК ЖҮЙЕЛЕРІ
9.Қорытынды
10. Пайдаланған әдебиеттер
1.Топырақ — табиғат компоненттерінің бірі. Жердің геологиялық тарихында алдымен пайда болған топырақ. Палеогеографиялық зерттеулердің деректері бойынша алғашқы жұқа топырақ қабаты 500 млн жыл бұрын кембрий дәуірінде пайда болыпты. Бұл кезде әлі өсімдік жамылғысы қалыптаспаған. Топырақ жамылғысын зерттейтін топырақтану ғылымы - жас ғылым. Оның негізін салған XIX ғасырдың 80-жылдары орыс ғалымы В. В. Докучаев - топырақтың табиғи және тарихи дене екенін анықтады. Табиғатта топырақ жамылғысының түзілуі - өте ұзаққа созылатын құбылыс. Ұзақ геологиялық мерзімде таулар үгітіліп, мүжіліп, шыңдар аласарады. Құм мен саздар суға шайылып, желдің күшімен ауаға ұшады, шаңданады. Бұл процестер ғасырлар бойы жалғасады. Жаңбыр, жел қатты болса, жер беті өзгеріп тұрады. Топырақтың ең негізгі қасиеті табиғи құнарлылығы, яғни құрамында өсімдіктің тез әрі жақсы өсуіне жағдай жасайтын қоректік заттардың мол болуы. Сөйтіп, аналық тау жыныстарынан кейін топырақ түзуші жетекші фактор ағзалардың тіршілік әрекеті. Олар тасты бұзатын қышқылдар шығарады. Қышқылдар тау жыныстарын ерітуінен, одан шірінді (гуммус) пайда болған. Шірінді үгілген майда жыныстармен араласып кіріккен. Осылайша топырақ қалыптаса бастаған. Топырақ - үзақ уақыт жүргізілген күрделі және комплекс процесстер нәтижесінде пайда болған және өзгеруші бір түзіліс. Сол себепті химиялық құрамы және кейбір қабаттарының химиялық қасиеттерін үйрену теориялық және тәжірибелік жағдайларды дұрыс шешуге жәрдем береді.
Топырақ құрамында белгілі бір мөлшерде есімдік, жануар және микроорганизм қалдықтары болады. Бұлар топырақ құрамындағы заттардың арганикалық қосылыс түріндегі негізгі қоры болып есептеледі. Топырақта топталған органикалық қалдықтар жайғана шіриді, оның сыртқы көрінісі және химиялық құрамы өзгеріп, күрделі жаңа қосынды түзеді.
1. Әуезов Ә.Ә, Атақұлов Т.А., Сүлейменова Н.Ш., Жаңабаев Қ.Ш. «Егіншілік», Алматы, 2005
2. Әуезов Ә.Ә., Сүлейменова Н.Ш., Уразымбетова Қ.Н. Егіншілік практикумы, Алматы, 2006
1. Бараев А.И., Сулейменов М.К. және басқалар. Почвозащитная система земледелия.-Алматы,1985
2. Богарное земледелие. –Алматы, 1976
3. Ерлепесов М.Н., Турешев О.Т. Орошаемое земледелие. – Алматы, 1973
4. Жаңабаев Қ.Ш. және т.б. «Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» Алматы, 1994
5. Жаңабаев Қ.Ш. Қазақстанда жиі кездесетін арамшөптер және олармен күрес, Алматы, 1994
6. Зенкова Е.М. Севообороты и плодородие почвы. Алматы, 1979.
7. Иванников А.В., Мұқажанов К. Солтүстік Қазақстан егіншілігі. – Алматы, 2004
8. Киреев А.К., Сейтказинов Д.Т. Обработка почвы на богаре Казахстана. – Алматы, 2001
9.Интернет жүйелері.

Жоспар:
1.Топыраққа жалпы түсініктеме
2 .Топырақ құнарлылығын ұдайы арттыру жолдары
3 .Топырақ режимдері және оларды оңтайландыру жолдары
4 .Топырақ эрозиясы және оның даму заңдылықтары
5 .АРАМШӨПТЕР ЖӘНЕ ОЛАРМЕН КҮРЕС
6 .АУЫСПАЛЫ ЕГІС
7 .ТОПЫРАҚ ӨҢДЕУ
8 .ЕГІНШІЛІК ЖҮЙЕЛЕРІ
9.Қорытынды
10. Пайдаланған әдебиеттер

1.Топырақ — табиғат компоненттерінің бірі. Жердің геологиялық тарихында
алдымен пайда болған топырақ. Палеогеографиялық зерттеулердің деректері
бойынша алғашқы жұқа топырақ қабаты 500 млн жыл бұрын кембрий дәуірінде
пайда болыпты. Бұл кезде әлі өсімдік жамылғысы қалыптаспаған. Топырақ
жамылғысын зерттейтін топырақтану ғылымы - жас ғылым. Оның негізін салған
XIX ғасырдың 80-жылдары орыс ғалымы В. В. Докучаев - топырақтың табиғи және
тарихи дене екенін анықтады. Табиғатта топырақ жамылғысының түзілуі - өте
ұзаққа созылатын құбылыс. Ұзақ геологиялық мерзімде таулар үгітіліп,
мүжіліп, шыңдар аласарады. Құм мен саздар суға шайылып, желдің күшімен
ауаға ұшады, шаңданады. Бұл процестер ғасырлар бойы жалғасады. Жаңбыр, жел
қатты болса, жер беті өзгеріп тұрады. Топырақтың ең негізгі қасиеті табиғи
құнарлылығы, яғни құрамында өсімдіктің тез әрі жақсы өсуіне жағдай жасайтын
қоректік заттардың мол болуы. Сөйтіп, аналық тау жыныстарынан кейін топырақ
түзуші жетекші фактор ағзалардың тіршілік әрекеті. Олар тасты бұзатын
қышқылдар шығарады. Қышқылдар тау жыныстарын ерітуінен, одан шірінді
(гуммус) пайда болған. Шірінді үгілген майда жыныстармен араласып кіріккен.
Осылайша топырақ қалыптаса бастаған. Топырақ - үзақ уақыт жүргізілген
күрделі және комплекс процесстер нәтижесінде пайда болған және өзгеруші бір
түзіліс. Сол себепті химиялық құрамы және кейбір қабаттарының химиялық
қасиеттерін үйрену теориялық және тәжірибелік жағдайларды дұрыс шешуге
жәрдем береді.
Топырақ құрамында белгілі бір мөлшерде есімдік, жануар және микроорганизм
қалдықтары болады. Бұлар топырақ құрамындағы заттардың арганикалық қосылыс
түріндегі негізгі қоры болып есептеледі. Топырақта топталған органикалық
қалдықтар жайғана шіриді, оның сыртқы көрінісі және химиялық құрамы
өзгеріп, күрделі жаңа қосынды түзеді.

2 Топырақ құнарлылығын ұдайы арттыру жолдары
Топырақ құнарлылығы мен оны құнарландыру – мол өнімнің негізі көзі.
Топырақ құнарлылығының түрлері. Құнарлылықты ұлғаймалы ұдайы және қарапайым
ұдайы жоғарылату.
Топырақ құнарлылығының биологиялық факторлары. Топырақтың органикалық
заттары, топырақ биотасы, фитосанитарлық жағдайы. Топырақты
құнарландырудағы мәдени өсімдіктер мен ауыспалы егістердің, тыңайтқыштардың
атқаратын рөлі.
Топырақ құнарлылығының агрофизикалық көрсеткіштері. Топырақтың –
гранулометриялық құрамы, құрылымы, құрылысы, тығыздығы, қуыстылығы. Олардың
өсімдіктер тобы мен топырақ түрлері үшін қолайлы көрсеткіштері. Топырақтың
гумустық қабатының қалыңдығы және оның маңызы туралы агрономиялық
түсініктер. Егіншілікте агрономиялық жағынан бағалы топырақ құрылымының
пайда болуы. Топырақ құрылымының оның агрофизикалық қасиеттерімен
байланысы, оны жақсарту жолдары.
Топырақ құнарлылығының агрохимиялық көрсеткіштері. Топырақтағы қоректік
заттардың құрамы мен мөлшері. Олардың топырақтың гранулометриялық құрамына,
қарашіріндісіне, орта реакциясына, ылғалдылығына және басқа жағдайларға
байланыстылығы.
3 Топырақ режимдері және оларды оңтайландыру жолдары
Топырақ режимдері және оларды егіншілікте оңтайландыру. Топырақтағы су
түрлері, өсімдіктерге сіңімділігі. Өндіріс жағдайындағы судың ысырап болу
жолдары. Топырақтың су теңгерімі. Суды пайдаланудың жиынтық мөлшері және
коэффициенті. Суарудың топырақта жүретін процестерге және микроклиматқа
әсері. Суармалы егіншіліктегі топырақтың ылғалдық режимінің ерекшеліктері.
Топырақтың ылғал режімін реттеу жолдары.
Топырақтың ауа режимі және оны реттеу. Топырақ пен атмосфера арасындағы
газ алмасудың агротехникалық маңызы. Газ алмасу факторлары. Топырақтың
ауалық қасиеттері. Топырақтың ауа режимін реттеу тәсілдері.
Топырақтың жылу режимі. Ауылшаруашылық дақылдарының жылуға қоятын
талаптары. Жылу көздері. Топырақтың жылулық қасиеттері. Олардың топырақ
құрылысына, гранулометриялық құрамына, жер бедеріне және агроландшафтың
басқа көрсеткіштеріне байланыстылығы. Топырақтың тоңдануы мен жібуі.
Егіншілікте топырақтың жылу режимін реттеу тәсілдері.
Топырақтың қоректік заттар режимі. Топырақтағы қоректік заттардың
динамикасы мен режимі, оның сілтілік-қышқылдық және сіңіру қабілеті.
Топырақтағы қоректік элементтерінің қоры, олардың өсімдіктерге сіңімділігі.
Өсімдіктер сіңіре алмайтын қоректік элементтердің оңай сіңіре алатын түрге
алмасуы. Өсімдіктердің қоректенуінде топырақтың және микроорганизмдердің
алатын орны. Егіншілікте топырақтың қоректік режимін реттеу жолдары.
Интенсивтік егіншілікте топырақ құнарлылығын жақсартудағы нормативті-
технологиялық негіздердің маңызы.
4 Топырақ эрозиясы және оның даму заңдылықтары
Топырақ эрозиясы мен дефляция туралы ұғым, олардың туу себептері.
Эрозия түрлері, даму механизмі, келтіретін зияндары. Әр түрлі дәрежеде
эрозияға ұшыраған топырақтың құнарлылығы.
Ауыл шаруашылығы дақылдарын эрозияға төзімділігі қабілетіне байланысты
бағалау. Жел және су эрозияларымен күрестің кешенді шаралары. Топырақты
ирригациялық эрозиядан, екінші рет тұзданудан және батпақтанудан сақтау.
Істен шығып бүлінген және қалпына келтірілген жерлерді (рекультивация)
пайдалану ерекшеліктері.

5 АРАМШӨПТЕР ЖӘНЕ ОЛАРМЕН КҮРЕС
Арамшөптер, арамшөп қоспасы немесе ластаушылар, маманданған және
қоқыстық (рудералдық) арамшөптер туралы түсініктер.
Арамшөптердің егіншілікке келтіретін негізгі зияндары: ылғалды,
қоректік заттарды мәдени өсімдіктерге қарағанда көп мөлшерде пайдалануы,
ауылшаруашылық дақылдарының аурулары мен зиянкестерін тарататын орта болуы,
улылығы және басқа зиянды жақтары.
Агрофитоценоздың қалыптасуы, оның табиғи фитоценоздан айырмашылығы,
түрлік құрамы мен құрылымы.
Арамшөптердің фитоценотикалық статистикалық, экономикалық шектері.
Ауылшаруашылық дақылдарының арамшөптерге ең төзімсіз кезеңдері.
Арамшөптердің биологиялық және экологиялық ерекшеліктері. Арамшөптердің
тұқымдық өсімталдығы, олардың кеңістікте таралу жолдары.
Тұқымның биологиялық қасиеттері: дем алуы, тіршілік қабілетін ұзақ
сақтауы, түрлі жемістілігі, арамшөп тұқымдары мен жемістерінің бір мезгілде
көктеп шықпауы, әр уақытылы пісуі.
Арамшөптердің вегетативтік жолмен: тамырсабақтары, атпатамырлары,
баданалары, түйнектері және басқада вегетативтік мүшелері арқылы көбеюі.
Арамшөптерді агробиологиялық жіктеу: қоректену тәсілі, өмір сүру
ұзақтығы, өсіп-даму мерзімі, көбеюінің ерекшеліктері бойынша топтарға бөлу.
Егіншілік алқаптарында жиі кездесетін арамшөптердің сипаттамасы. Аз
жылдық (раңтәріздес, жаздық, күздік, қыстап шығатын, екі жылдық), көп
жылдық (көгентамырлы, атпатамырлы, кіндіктамырлы, түйнектамырлы,
өрмелегіштер) арамшөптер өкілдеріне қысқаша сипаттама.
Егістіктің және топырақтың арамшөптенуін есепке алу әдістері: көзбен
шамалау (визуалды), сандық-салмақтық, сандық, лабораториялық. Танаптың
арамшөптену картасын жасау. Картаға түсіру техникасы, жиілігі. Арамшөптену
картасын ауыспалы егістерде арамшөптерді жою үшін пайдалану.
Арамшөптермен күрес әдістерін топтау принциптері мен белгілері: алдын
ала сақтандыру шаралары, арамшөптерді әртүрлі тәсілдер (физикалық,
механикалық, химиялық, биологиялық, фитоценотикалық, экологиялық,
ұйымдастырушылық, кешенді) арқылы жою.
Арамшөптермен алдын ала күрес шаралары: карантиндік шаралар, тұқымды
тазалау, органикалық тыңайтқыштарды дұрыс дайындау және сақтау, суару
суының тазалығы.
Арамшөптермен агротехникалық жолмен күрес: арамшөптердің топырақтағы
тұқымдарын, вегетативтік көбею мүшелерін жою әдістері, көктеп шыққан
арамшөптерді отау. Арамшөптермен күресутің биологиялық әдісі. Оның бүгінгі
жағдайы мен келешегі.
Арамшөптермен күрестің химиялық әдістері. Гербицидтердің арамшөптерге
әсерінің механизмі, оларды жіктеу, қолдану тәсілдері, мерзімі және
қолданудың тиімділігін анықтайтын жағдайлар. Негізгі ауылшаруашылық
дақылдары егістіктерінде, жайылымдықтар мен шабындықтарда гербицидтерді
қолдану. Гербицидтерді қолдану техникасы, олармен жұмыс істегендегі
сақтандыру шаралары. Гербицид қолданудың экологиялық тәртібі. Арамшөптермен
күрестің кешенді шаралары.

6 АУЫСПАЛЫ ЕГІС
Ауыспалы егістердің ғылыми негіздері. Ауыспалы егіс, егіс көлемінің
құрылымы, бірдақылдылық (монодақылдылық), алмаспайтын (үзіліссіз) дақыл,
қайталап себілетін дақылдар, пайдаланылатын жерлер туралы түсініктер.
Ауыспалы егістердің даму тарихы. Оның ғылыми негізде дамуындағы көп
жылдық далалық тәжірибелердің атқаратын рөлі.
Дақылдарды алмастырып егудің себептері: химиялық, физикалық,
биологиялық және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Топырақ тіршілік ортасының органикалық топтары
Топырақтану ғылымының Қазақстанда дамуы
Бухгалтериядағы және қоймалардағы материалдар мен құндылығы төмен тез тозатын заттардың есебі. Тауарлы-материалдық запастарды есепке алуға арналған шоттар корреспонденциясы және құндылығы төмен тез тозатын заттар. Ластағыш заттардың айналуларын химиялық реакция типтері
Қазақстан топырақ типтері және оны тиімді пайдалану
Топырақтардың химиялық құрамы
Топырақ - ерекше биокосты дене
Топырақ суы және топырақ ылғалдылығы
Қазақстан Республикасының аумағын жер-бағалаулық аудандастыру
Іле Алатауының терістік беткейінің геологиялық қүрылымы мен геоморфологиялық сипаттамасы
Топырақтың минералдық құрамы
Пәндер