Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кiрiспе3

1. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiнiң
құрылым және мәртебесi5

2. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңестің құзыреті11

3. Конституциялық Кеңестiң конституциялық іс жүргізу
құзыреті . . . . . 14

Қортынды19

Пайдаланылған әдебиеттер. 21

Кiрiспе

Қазақстан Республикасының Президенті 2005 жылдың 18 ақпанында Қазақстан халқына арналған өз жолдауында еліміздің экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолдарына қатысты күрделі де кешенді көптеген жаңа, тың бастамалар көтерді солардың бірі елді демократияландыруды жедел жаңартудың міндеттеріне байланысты, яғни саяси жүйені одан әрі жаңарту және демократияны дамыту жөніндегі жүйелі және көп бағытты жұмысқа көшу көзделген.

Мұндай қадамның мәні - Қазақстанды Батыс демократиясының дәстүрлері мен қағидаттарына және Оңтүстік-Шығыс Азияның іргелі мемлекеттерінің тәжірибесіне, көпұлтты және көпдінді халқымыздың дәстүрлеріне сәйкес одан әрі демократияландыру.

Мен бұл жұмыс барысында Конституциялық Кеңестiң құзыретiн қарастырып өтпекпiн. Бұл орайда алдымен айтып кетерлiк жай бiздiң елiмiзде Конституциялық Кеңес сот органы емес. Ол Конституцияның үстемдігін сот әдістерімен қамтамасыз етпейтін мемлекеттік орган болып табылады.

Алайда Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясында Конституциялық Кеңеске арналған бөлім бар. Осы мемлекеттік органның қандай мақсатта құрылатындығы Конституцияда көрсетілмеген. Алайда, Конституциялық Кеңестің Конституцияда белгіленген өкілеттігінен Конституциялық Кеңестің негізгі көздейтіні Конституцияны қорғау екендігі көрінеді1.

Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" Конституциялық заң күші бар Жарлығы осы органның нені көздейтінін айқын да дәл бейнелеген. Онда Конституциялық Кеңестің мемлекеттік орган ретінде Республика Конституциясының Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында үстемдік етуін қамтамасыз ететіндігі айтылған. Қазақ КСР-ның бір де бір Конституциясында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 1993 және 1995 жылдардағы Конституцияларында мұндай ереже болған жоқ. " Қазақстан Республикасы Конституциясының үстемдігі туралы" Ереже бірінші рет Президенттің жоғарыда көрсетілген Жарлығында баянды етілді. Осы ережеде ең алдымен Қазақстанда конституциялық құрылыстың белгіленгені, құқықтық мемлекет құрғысы келетіндігі, мемлекеттің Конституцияға бағынуға тиістігі идеясы көрініс тапқан.

Ендi осы және өзге мәселелердi қарастырып жете қарастырып өтiпкетелiк.

1. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiнiң құрылым және мәртебесi

Конституциялық Кеңес Конституцияның үстемдігін қамтамасыз етуі тиіс. Бұл Конституциялық Кеңестің өз қызметінде:

-олардың бұлжымастығын, яғни, нормативтік құқықтық актілерді қабылдау, ұйымдастыру акцияларын жүзеге асыру (сайлау және т. б. ) кезінде жоғары мемлекеттік органдардың конституциялық нормаларды мүлтіксіз орындауын қамтамасыз ететін конституциялық нормаларды;

-мемлекеттің белгілі бір жағдайын айқындайтын, мысалы мемлекеттің біртұтас нысанын, саяси тұрақтлықты орнықтыратын, т. б. конституциялық қағидаларды;

-конституциялық идеяларды, принциптерді, мысалы әлеуметтік мемлекет, қазақстандық патриотизм, т. б. идеяларды басшылыққа алуы тиіс.

Көрсетілген мән-жайларға орай Конституциялық Кеңес актілердің конституциялық заңдылықтарын тексерумен ғана шектелмейді. Конституциялық Кеңес қызметінің негізі Қазақстан Республикасының Конституциясы және Президенттің "Конституциялық Кеңес туралы" Жарлығы болып табылады2.

Осы екі акт Конституциялық Кеңестің өкілеттігін, құрамын, қалыптасу тәртібін, мүшелеріне қойылатын талапты, Конституциялық Кеңес мүшелерінің мәртебесін, конституциялық іс жүргізуді айқындайды. Өз қызметінің аталған актілерiмен реттелмеген, ұйымдастырылуы мен тәртібі бойынша Конституциялық Кеңес Регламент қабылдайды.

Конституциялық Кеңес, оның ішінде Төраға бар, жеті адамнан тұрады. Осыған қоса республиканың бұрынғы Президентi өмір бойына Конституциялық Кеңестің мүшесі болып табылады. Конституциялық Кеңестің Төрағасын қызметке Президент тағайындап, Президент қызметінен босатады. Конституциялық Кеңестің екі мүшесін - Президент, екі мүшесін - Сенаттың Төрағасы, екі мүшесін Мәжілістің Төрағасы қызметке тағайындап, қызметтен босатады. Конституциялық Кеңес мүшесінің өкілеттігі - 6 жыл. Конституциялық Кеңес мүшелерінің жартысы үш жыл сайын жаңартылып отырады.

Конституциялық Кеңес мүшелеріне мынадай талаптар қойылады:

  • олар Қазақстан Республикасының азаматтары болуы тиіс;
  • жасы отыздан төмен болмауы керек;
  • Қазақстан аумағында тұруы тиіс;
  • жоғары заң білімі болуы тиіс;
  • заң мамандығы бойынша кем дегенде бес жыл жұмыс тәжірибесі болуы керек.

Конституциялық Кеңестің Төрағасы мен мүшелері Парламент Палаталарының бірлескен отырысында тағайындалғаннан кейін Республика Президенті алдында ант береді. Ант мәтіні: "Өзіме жүктелген Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы (мүшесі) міндетін адал атқаруға, әділ болуға және басқа ешкімге, еш нәрсеге емес, Қазақстан Республикасының Конституциясына ғана бағынуға салтанатты түрде ант етемін".

Конституциялық Кеңестің Төрағасы мен мүшелері мемлекеттің лауазымды тұлғалары болып табылады. Олардың мәртебесі Конституцияға, Президенттің "Конституциялық Кеңес туралы" Жарлығына қоса, алғашқы екеуінде реттелмеген бөліктері мемлекеттік қызмет туралы нормативтік құқықтық актілермен белгіленеді.

Конституциялық Кеңестің белгілі бір шектеушілікке байланысты мүшелігі Депутаттық мандатына орай, оның оқытушылық, ғылыми және өзге шығармашылық қызметтен басқа, кәсіпкерлік қызметті жүзеғе асыруына, басшы орғандардың немесе коммерциялық ұйымдардың қадағалау кеңестерінің құрамына кіруіне жол берілмейді3. Конституциялық Кеңес туралы Жарлықта жоғарыда аталған тыйымдарды орындамау мүшелікті тоқтатуға әкеліп соқтыратыны туралы жазылған.

Конституциялық Кеңес мүшелері мәртебесінің ерекшелігі мынадай сәттерінде көрінеді.

Өз міндеттерін орындау кезінде олар тәуелсіз және тек Конституцияға және Президенттің Конституциялық Кеңес туралы Жарлығына ғана бағынады. Басқа актілердің (нормативтік және нормативтік емес) ол үшін айтарлықтай міндеттілік күші болмайды.

Олардың қызметіне қайсыбір араласушылық, сондай-ақ қысым көрсету немесе өзғедей бір қандай да болсын нысанда әрекет жасау заң бойынша жауаптылыққа тартылады.

Конституция Конституциялық Кеңестің немесе оның мұшелерінің қандай да бір органның алдында есеп беретіндіғін көздемейді. Конституциялық Кеңестің Парламентке елдегі конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы жолдауы оның есебі болып табылмайды. Конституциялық Кеңес Төрағасы және оның мүшелері Конституциялық іс жұрғізу жөніндеғі қызметі үшін ешкімге есеп бермейді. Президенттің Конституциялық Кеңес туралы Жарлығында олардың өкілеттігін жүзеғе асыру жөніндегі есебін талап етуге ешкімнің құқығы жоқтығы туралы жазылған.

Қаралған мәселе бойынша шешім шығарылғанша Конституциялық Кеңес Төрағасынан немесе оның мүшелерінен ешкімнің ешнәрсе сұрауына құқығы жоқ. Конституциялық Кеңестің Төрағасы мен мүшелері шешім шығарылғанша оған қатысты мәселелер бойынша пікір білдіруге немесе ақыл-кеңес беруге құқылы емес.

Конституциялық Кеңес мүшелері өкілеттік мерзімі біткенше ауыстырылмайды. Олардың өкілеттігі Президенттің Конституциялық Кеңес туралы Жарлығымен көзделгеннен өзге жағдайда ғана тоқтатылуы немесе тоқтата тұруы мүмкін.

Конституциялық Кеңес мүшелерінің сотта немесе өзге де құқыққа мұрагерлік органдарда қорғаушылықты немесе өкілдікті жүзеге асыруына, қандай да болсын адамның құқықтары мен міндеттерінен босануына қорғаншылық көрсетуіне рұқсат етілмейді. Әрине, олар басқа да азаматтар сияқты, мысалы, өз балалары, т. б. үшін заңды өкіл бола алады.

Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелері иммунитетін пайдаланады. Олар өз өкілетшінің мерзімі ішінде тұрмеге қамалмайды, күштеп әкелінбейді, сот тәртібімен әкімшілік жазалау шаралары қолданылмайды, қылмыс немесе ауыр қылмыс ұстінде ұсталғаннан өзғе жағдайларда қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды. Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелеріне қатысты қылмыстық істі тек алдын ала анықтау және тергеу жұрғізуші республикалық мемлекеттік органның басшысы ғана қозғай алады. Мәселе мемлекеттік орғанның лауазымы жоғары адамы туралы болғандықтан Бас прокурор істі тергеу барысында заңдылықтың сақталуын қадағалауды жүзеге асырады. Қылмыстың жасалғаны туралы дәлелдемелер болған жағдайда Бас прокурор Конституциялық Кеңестің Төрағасын немесе мүшелерін қылмыстық жауаптылыққа тартуға келісім беру туралы Парламентке ұсыныс енгізеді. Конституциялық Кеңестің Төрағасына және оның мүшелеріне қатысты қылмыстық істі тек Жоғарғы Сот жұргізеді.

Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелері мәртебесінің тағы бір ерекшелігі мынада: ол тәртіптілік жауаптылыққа жатқызылмайды. Оның үстіне Конституциялық Кеңес мүшелерін оның отырыстарынан аластауға ешкімнің құқығы жоқ. Конституциялық Кеңес мүшесінің өкілеттігі ол туралы Жарлыққа сәйкес тоқтатыла түрған жағдайда, Төрағаның оны отырысқа қатыстырмауға құқығы бар.

Конституциялық Кеңестің Төрағасы мен мүшелері Конституциялық Кеңесте мәселелер қарау және ол бойынша шешімдер қабылдау кезінде тең құқылы жағдайда болады. Осы жалпы ереженің, Төраға даусының шешуші дауыс болатын бір ғана қатаң тәртібі бар.

Заң Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелері өкілеттігін тоқтата тұру жағдайы мен тоқтату жағдайын ажыратады.

Өкілеттікті тоқтата тұру жағдайын негізінен екі топқа бөлуге болады.

Бірінші топқа мынадай:

-Конституциялық Кеңестің отырыстарына кем дегенде үш рет қатарынан дәлелсіз себеппен қатыспау;

-денсаулығына байланысты өз міндетін атқаруға ұзақ уақыт бойы қабілетсіз болу;

-соттың заңдық күшіне енген шешімі бойынша хабарсыз жоқ болып кетуі танылған жағдайлары жатады. Мұндай жағдайларда Конституциялық Кеңестің өзі осы мүшені тағайындаған субъектіге (Президентке, Мәжіліс Төрағасына немесе Сенаттың Төрағасына) ұсыныспен шығады.

Өкілеттігі тоқтатыла тұратын екінші топқа заңмен белгіленген тәртіп бойынша:

- тұтқындауға;

-әкімшілік жауаптылыққа тартуға;

- қылмыстық жауаптылыққа тартуға;

-сотта медициналық сипатта күштеу шараларын қолдану туралы өтініш түсіруге;

-сотта Конституциялық Кеңес Төрағасының немесе мүшелерінің қабілетсіз немесе қабілетінің шектеулі екендігін тану туралы өтініш түсіруге келісім берілген жағдайлар жатады.

Конституциялық Кеңес Төрағасының немесе оның мүшелерінің өкілеттігін тоқтата түру туралы шешім өкілеттікті тоқтата тұру үшін негіз белілі болған кезден әрі кеткенде бір айдың ішінде қабылданады. Аталған адамдардың өкілеттігі оны тоқтата тұруға қызмет еткен негіздер дәлелденгенше тоқтатта тұрады. Егер аталған негіздер дәлелденсе, ол олардың өкілеттігінің тоқтатылуына Әкеліп соқтырады.

Конституциялық Кеңес Төрағасының немесе оның мүшелерінің өкілеттігі мынадай, егер:

  • орнынан түсу туралы өтініш қабылданса;
  • Жоғарғы Соттың ол туралы айыптау үкімі заңды күшіне енсе;
  • ол қайтыс болған жағдайда;
  • атқаруға тыйым салынған қызметті атқаруын тоқтатпаса;
  • антын бұзса, Конституцияның, Президенттің Конституциялық Кеңес туралы Жарлығы талаптарын орындамаған, оның жоғары мәртебесімен сыйыспайтын өрескел теріс қылық жасаған; заң талабын бұза отырып тағайындалған;
  • оның қайтыс болғандығы туралы сот шешімі заңдық күшіне енген;
  • қызметінің Конституция бойынша белгіленғен мерзімі біткен;
  • алпыс жасқа, ерекше жағдайларда - алпыс бес жасқа толған (мұның экс-Президенттерге қатысы жоқ) ; саяси мақсаттарды көздейтін саяси партияларға немесе өзғе де қоғамдық бірлестіктерге кірген жағдайларда тоқтатылуы мұмкін.

2. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңестің құзыреті

Конституциялық Кеңестің қарауына жатқызылған мәселелердің сипатына орай, осы орғанның құзыреті өкілеттіктердің төрт тобынан тұрады.

Даулы мәселелерді шешу жөніндегі өкілеттіктер бірінші топқа жатады. Конституциялық Кеңес:

1) Республика Президенті сайлауын;

2) Парламент депутаттары сайлауын;

3) республикалық референдум өткізудің дұрыстығы туралы даулы мәселелерді шешеді (Қазақстан Республикасы Конституциясында даулы мәселені шешу жөнінде өтінішпен Конституциялық Кеңеске жүгінуге құқылы субъектілер көрсетілген. Олардың қатарына Қазақстан Республикасының Президенті, Сенаттың Төрағасы, Мәжілістің Төрағасы, Парламент депутаттарының жалпы санының кем дегенде бестен бір бөлігі, Премьер-министр жатады) . Конституциялық Кеңес аталған шараларды өткізу кезінде Конституцияның, сайлау жөніндегі және өзге де заңдардың бұзылған, бұзылмағандығы туралы мәселені қарайды. Егер жиналған материалдар заңның бұзылғандығына көз жеткізсе, онда Конституциялық Кеңес сайлауды және референдумды заңсыз деп таниды.

Конституциялық Кеңес өкілеттігінің екінші тобына:

  1. Президент қол қойғанға дейінгі заңдарды және оның Конституцияға сәйкестігін Парламент бекіткенге дейінгі халықаралық шарттарды қарауға қатысты өкілеттіктер жатады.

Конституциялық Кеңес өкілеттігінің үшінші тобына:

  1. Конституция нормаларын ресми түсіндіруге;
  2. Республика Президентін қызметінен мерзімінен бұрын босату туралы Парламент шешімі шыққанға дейін Президентті қызметінен кетіру туралы түпкілікті шешім - белгіленген Конституциялық рәсімдерді сақтау туралықорытындыберуге қатысты өкілеттіктер жатады.

Конституциялық Кеңес өкілеттігінің төртінші тобына:

1) егер сот қолданылуға жататын нормативтік-құқықтық акт адамдар мен азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп шешсе, актінің Конституцияға сәйкес келмейтіндігін тану туралы сот жүгінісін қарауға;

2) конституциялық іс жүргізу тәжірибесін қорыту нәтижесі бойынша конституциялық заңдылықтың республикадағы жәй-күйі туралы Президент жолдауының жіберілуіне байланысты өкілеттіктер жатады. Бірінші мәселе бойынша Конституциялық Кеңестің шешімі шығарылады. Ал жолдау конституциялық заңдылықты нығайту жөніндегі нұсқау мазмұндас болуы мүмкін. Аталған өкілеттік конституциялық өкілеттік деп есептеледі.

Өз өкілеттігін орындау үшін Конституциялық Кеңес барлық мемлекеттік органдардан, ұйымдардан қажетті құжаттарды, материалдарды өзге де ақпараттарды сұратып алдыруға құқылы. Ол мамандарды сараптамалық және ғылыми-консультативтік жұмыстарға тарта алады. Бұл өкілеттіктер конституциялық өкілеттіктер қатарына жатпайды.

Конституциялық Кеңестің Төрағасы ерекше, жеке өкілеттіктерді иеленеді. Ол: 1) қаралуға жататын мәселелердің әзірленуі мен талдануын басқарады; 2) Конституциялық Кеңес отырыстарын шақырады, оған төрағалық етеді; 3) Конституциялық Кеңес мүшелерінің міндеттерін бөледі, олардың жұмысын ұйымдастырады; 4) Республика Президентінің талап етуімен оған елдегі конституциялық заңдылықтың жәй-күйі туралы ақпараттар береді; 5) Конституциялық Кеңестің шешімдері мен хаттамаларына қол қояды. Президенттің "Конституциялық Кеңес туралы" Жарлығына және оның Регламентіне сәйкес Конституциялық Кеңес Төрағасы басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Конституциялық Кеңестің құзыретің, оның төрағасының өкілеттігін қарастыра отырып, айтарлықтай бір маңызды жәйтке назар аударалық. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне Конституцияның үстемдігін, оның дұрыс түсініліп, оның нормаларының қатаң орындалуын қамтамасыз ету міндеті жүктелген. Демек, Конституциялық Кеңес мемлекет саясатының жинақталған және заңдық тұрғыдан орнықтырылған көрінісі болып табылатын саяси конъюнктураға орай өзгермейтін заңдық материалдармен жұмыс істейді. Конституциялық Кеңес тек Конституцияны және оған сәйкес келетін заң актілерін ғана басшылыққа алуы және ешқандай құйтырқы саясаттың былығына берілмеуі тиіс. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің "Конституциялық Кеңес туралы" Жарлығында, ол "тек Республика Конституциясына бағынуы және саяси және өзге себептерге сүйенбеуі тиіс" деп тура жазылған.

Конституциялық Кеңес - жоғары мемлекеттік орган. Алайда, бұл оның басқа органдардың қызмет саласына араласа алатындығын білдірмейді. Заң Конституциялық Кеңестің бұл мәселелер соттың және басқа мемлекеттік органдардың белгілеуі мен зерделеуіне жататын болса, ұстамдылық жасауы қажеттігін атап көрсетеді. Өзге органдар деп, атап айтқанда Прокуратура айты-лып отыр. Конституцияны басшылыққа ала отырып, Прокуратура Конституцияға қайшы келетін заңдарға және басқа құқықтық актілерге наразылық білдіреді (83-бап) . Бұл арада Конституциялық Кеңес пен Прокуратураның өкілеттіктері тұтасып кеткендей болады. Дегенмен, олардың арасында қайшылық жоқ деп ойлаймыз. Конституциялық Кеңес мәселені Конституцияда көзделген субъектілердің бастамасы бойынша және заңның конституциялығына Президент қол қойғанға дейін қарайды. Прокуратура қабылданғаннан кейінгі (қолданылып жүрген) заңның конституциялығын өзі қарайды. Сондықтан Конституциялық Кеңестің Прокуратура өкілеттігіне араласуына негіз жоқ.

3. Конституциялық Кеңестiң конституциялық іс жүргізу құзыреті

Конституциялық Кеңес өз құзыретін конституциялық іс жүргізу жолымен жүзеге асырады. Бірақ ол сот ісін жүргізу емес, Конституциялық Кеңестің мемлекеттік органдар жүйесіндегі өзіндік ерекшелігін бейнелейтін өзіндік қыры бар мемлекеттік іс жүргізу. Конституциялық Кеңес мемлекеттік механизмнің бір бөлігі болатұрып, мемлекеттік биліктің бір де бір тармағына жатпайды. Ол тіпті билік тармақтарының бір де біріне жуыспайды. Осының бәрі Конституциялық іс жүргізудің өзіндік қырын көрсетеді. Өтініші бойынша конституциялық іс қозғайтын субъектілер ауқымы шектеулі. Ол субъектілер конституциялық іс жүргізуге қатысушылар болып есептеледі. Оған Президент, Сенат Төрағасы, Мәжіліс Төрағасы, Парламент депутаттарының жалпы санының кем дегенде бестен бірі, Премьер-министр, республика соттары, мемлекеттік органдар және актілерінің конституциялығы тексерілетін лауазымды адамдар жатады. Конституциялық іс жүргізуге қатысушылар іс жүргізудің тепе-тендік құқығын пайдаланады. Олар іс материалдарымен танысуға, дәлелдемелер беруге, оларды зерттеуге қатысуға өтініштің дұрыстығын немесе терістігін дәлелдеуге, Конституциялық Кеңеске ауызша немесе жазбаша түсініктеме беруге құқылы.

Конституциялық іс жүргізуге қатысушыларға міндет те жүктеледі. Олар өз құқықтарын абыройлы пайдалануы тиіс. Олардың Конституциялық Кеңеске теріс мәліметтерді хабарлауы немесе талап етілген құжаттарды және басқа ақпараттарды бермегені Конституциялық Кеңесті құрметтемеушілік ретінде бағаланып, заң бойынша жауаптылыққа тартылады. Конституциялық іс жүргізуге қатысушылар Конституцияға құрметпен қарауы тиіс.

Конституциялық Кеңес іс жүргізуге қабылданған өтінішті қарайды және өтініш түскеннен кейінгі бір айдың ішінде ол бойынша қорытынды шешім қабылдайды. Конституциялық іс жүргізу қорытынды шешім қабылдағанға дейін мынадай: 1) егер өтініш жасаған субъект өз өтінішінен бас тартқан; 2) конституциялығы дауға түскен акт кері қайтарылған немесе заңдық күшін жоғалтқан; 3) егер мәлімделген өтініш Конституциялық Кеңестің қарауына жазылмаған жағдайда тоқтатылуға жатады.

Конституциялық Кеңес шешімдершің тұрлері. Оның отырысында қабылданған кез келген акт Конституциялық Кеңестің шешімі болып табылады. Конституциялық Кеңестің шешімі екі түрге бөлінеді:

  • конституциялық өкілеттікті жүзеге асыру негізінде қабылданатын қорытынды шешім;
  • өзге өкілеттіктермен (конституциялық емес деңгейдегі) жүзеге асырылатын шешімдер.

Қорытынды шешім әртүрлі нысанда болады. Бірінші нысан - нормативтік және нормативтік емес сипаттағы қаулы. Нормативтік сипаттағы қаулы Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген құқығының құрамдас бөлігі болып табылады. Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулыларының республиканың нормативтік құқықтық актілер иерархиясында қандай орын алатынын Конституция немесе басқа нормативтік құқықтық актілер атап көрсетпейді. Осыған байланысты нормативтік қаулының сипатын бағалауда мәселе туындайды. Конституциялық Кеңестің Конституция нормаларын түсіндіру туралы шешімі нормативтік қаулы ма немесе қорытынды ма? Біздің пікірімізше, Конституциялық Кеңестің Конституция нормаларын түсіндіру туралы шешімі нормативтік қаулы болып табылады. Бұл мұндай шешімнің Конституция нормаларының күшіндей күші бар екендігін, конституциялық нормалармен бір қатарда тұратынын білдіреді. Егер Конституциялық Кеңес басқа сипаттағы нормативтік қаулы қабылдайтын болса, онда оның маңызы заңға сәйкес нормативтік актінің маңызындай болады. Конституциялық Кеңестің конституциялық немесе жай заңдық нормативтік құқықтық актілер қабылдауға Конституцияның құқықтық мүмкіндік бермегендігі осындай тұжырымның негізі болып табылады.

Қорытынды шешімнің тағы бір нысаны - Конституциялық Кеңестің нормативтік сипатта болмайтын қорытындысы. Конституциялық Кеңес конституциялық өкілеттіктің барлық мәселелері: Президент, Парламент депутаттары сайлауларының, республикалық референдумның дұрыстығы, Конституциялық заңдылық, халықаралық шарттардың Конституцияға сәйкестігі, Президента орнынан кетіру туралы шешім бойынша қорытынды қабылдайды.

Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімінің маңызды нысаны елдегі конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы Парламентке жолдауы болып табылады. Жолдауда талдау, сондай-ақ конституциялық заңдылықты нығайту жөнінде ұсыныс болуы мүмкін.

Конституциялық Кеңес шешімді алқалы түрде шығарады. Отырысқа қатысқан мүшелерінің бір де бірінің дауыс бермеуге немесе қалыс қалуға құқығы жоқ. Шешім көпшілік дауыспен қабылданады.

Конституциялық Кеңес шешімінің заңдық күші. Қорытынды шешім (нормативтік, нормативтік емес қаулы, қорытынды) қабылданған күннен бастап күшіне енеді, республиканың бүкіл аумағына міндетті болып табылады, түпкілікті шешіледі, қайта қарауға жатпайды. Тек Республика Президенті ғана қорытынды шешімге тұтас немесе оның жекелеген бөліктеріне наразылық білдіре алады. Президенттің наразылығы Конституциялық Кеңестің отырысында талқыланады. Наразылық Конституциялық Кеңес мүшелерінің жалпы санының үштен екі даусымен еңсерілуі мүмкін. Егер Конституция Қазақстан Республикасы Президентінің наразылығын еңсере алмаса, онда шешім қабылданбаған болып есептеледі және конституциялық іс жүргізу тоқтатылады.

Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімді қабылдауының белгілі бір құқықтық салдары болуы мүмкін.

1. Егер заңдар Конституцияға сәйкес келмейді деп танылса, оған Президент қол қоймайды. Егер Конституциялық Кеңес заң Конституцияға сәйкес келеді деп шешсе, Президент заңға қол қояды.

2. Егер халықаралық шарт Конституцияға сәйкес келмейді деп тапса, онда Парламент оны бекітпейді. Конституциялық Кеңес оң бағаласа Парламент шартты бекітеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Конституциялық бақылаудың Қазақстан Республикасында пайда болу тарихы мен оны жүзеге асыру
Конституциялық Кеңестің Төрағасы мен мүшелерінің мәртебесі
Республика Конституциясында және Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі конституциялық бақылау органы ретінде
Қазақстан Республикасының Конститутциялық Кеңесі және оның құқықтық мәртебесі
Қазақ КСР Президенті қызметін тағайындау
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің конституциялық-құқықтық мәртебесі
Президент мемлекет басшысы ретінде қалыптасқан институтын қарастыра отырып, оның негізгі қызметі мен конституциялық құқықтық мәртебесін ашу
Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасының конституциясын құқықтық негіз ретінде қарастыру
Конституциялық Кеңестің регламенті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz