Табиғи жағдайлар және ежелгі гоминидтердің тіршілік еткен ортасы



Кіріспе
Тас дәуірі
Табиғи жағдайлар және ежелгі гоминидтердің тіршілік еткен ортасы
Әуелгі палеолит
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Қазіргі таңда Қазақстан тарихының даму кезеңдері жөнінде жаңа материалдарды жинақтап, оларды Кеңес үкіметі тұсында жазылған еңбектермен салыстыра отырып, терең тарихнамалық талдаулар жасап, бірқатар қағидаларды нақтылау жолға қойылып отыр.
Белгілі бір әлеуметтік – экономикалық формацияның дамуына байланысты адамзат тарихи ұзақ – ұзақ кезеңдерге бөлінеді. Археологияда кезеңдендірудің өзіндік әдісі жасалған, оған сәйкес адамзат тарихы тас, қола мен темір және ортағасырлар дәуірлеріне бөлінеді. Көне дәуір ескерткіштерінің ашылуы, Қазақстанның ежелгі тарихы мен археологиясын жаңа қырынан алып көрсетуге мүмкіндік береді.
Қазақстанның археологиялық ескерткіштері туралы алғашқы мәліметтер орта ғасырлардағы ғалымдар мен тарихшылар, географтар мен саяхатшылардың еңбектерінде кездеседі. Олар өз еңбектерінде өздері тікелей көзімен көрген немесе өздеріне айту бойынша мәлім болған әдеттен тыс заттар, бейнелер, өз замандарынан көп бұрын болған қалалар мен қоныстардың жұрттарын, оқиғаларды айтып кеткен.
Қазақстанның өткендегісін ғылыми зерттеуде І Петрдің көне мұраларға ұқыпты қарауға, оларды суреттеу мен жинауға әмір берген жарлықтары, сондай-ақ оның бастамасы бойынша Сібірді және Ресейге іргелес жатқан Қазақстан жерін зерттеу мақсатымен қолданылған шаралары маңызды рөл атқарды.
1. Қазақстандағы іздеулер мен қазбалар, Алматы 1972ж

2. Ежелгі Қазақстан мәдениеті, Алма-Ата 1969ж

3. Қазақстан полеолитінің геохронологиясы, Медәев А. Г. 1982ж

4. Архив Марғұлан атындағы архелогия инетитуты,НАН РҚ

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
Тас дәуірі
Табиғи жағдайлар және ежелгі гоминидтердің тіршілік еткен ортасы
Әуелгі палеолит
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
Қазіргі таңда Қазақстан тарихының даму кезеңдері жөнінде жаңа
материалдарды жинақтап, оларды Кеңес үкіметі тұсында жазылған еңбектермен
салыстыра отырып, терең тарихнамалық талдаулар жасап, бірқатар қағидаларды
нақтылау жолға қойылып отыр.
Белгілі бір әлеуметтік – экономикалық формацияның дамуына байланысты
адамзат тарихи ұзақ – ұзақ кезеңдерге бөлінеді. Археологияда
кезеңдендірудің өзіндік әдісі жасалған, оған сәйкес адамзат тарихы тас,
қола мен темір және ортағасырлар дәуірлеріне бөлінеді. Көне дәуір
ескерткіштерінің ашылуы, Қазақстанның ежелгі тарихы мен археологиясын жаңа
қырынан алып көрсетуге мүмкіндік береді.
Қазақстанның археологиялық ескерткіштері туралы алғашқы мәліметтер
орта ғасырлардағы ғалымдар мен тарихшылар, географтар мен саяхатшылардың
еңбектерінде кездеседі. Олар өз еңбектерінде өздері тікелей көзімен көрген
немесе өздеріне айту бойынша мәлім болған әдеттен тыс заттар, бейнелер, өз
замандарынан көп бұрын болған қалалар мен қоныстардың жұрттарын, оқиғаларды
айтып кеткен.
Қазақстанның өткендегісін ғылыми зерттеуде І Петрдің көне мұраларға
ұқыпты қарауға, оларды суреттеу мен жинауға әмір берген жарлықтары, сондай-
ақ оның бастамасы бойынша Сібірді және Ресейге іргелес жатқан Қазақстан
жерін зерттеу мақсатымен қолданылған шаралары маңызды рөл атқарды.

Тас дәуірі
Алыс замандарда өткен бабаларымыздың өмір –тіршілігі жайлы қазіргі
түсінігіміз олар тұрған үңгірлер мен үңгіме қуыстарды зерттеп білуге
негізделген,сол үңгірлер мен қуыстарда адам еңбегінің белгісі-тас
құралдар,соларды дайындаудан қалған қоқыстар тамақ қалдықтары –жануарлардың
сүйектері сақталған. Қазіргі заманның артта қалған халықтары дейтін жұрттар
өмірінен алынған этнографиялық мәліметтердің де маңызы аз емес.Мұндай
мәліметтер ежелгі адамзаттың материалдық және рухани мәдениетінің біраз
қырлары мен сырларын анығырақ түсіндруге мүмкіндік жасайды.Алайда ең басты
хабарды алғашқы қауымның бәрінен де көбірек кездесетін материалы - еңбектің
тас құралдары береді.
Белгілі бір әлеументтік экономиқалық формацияның дамуына байланысты
адамзат тарихы ұзақ-ұзақ кезөңдерге бөлінеді. Археологияда кезөңдендірудің
өзіндік әдісі жасалған,оған сәйкес адамзат тарихы тас,қола мен темір және
орта ғасырлар дәуірлеріне бөлінеді. Ал, өзінің рет-ретімен жоғарыда
айтылған дәуірлер кезөңдер мен мәдениеттерге-палеолит,мезолит,неол ит
кезөңдеріне бөледі.
Көне тас ғасыры дәуірі адамзат және оның шаруашылығының қалыптасу көзі-
өндіргіш күштердің төмен деңгейінде болуымен сипатталады. Арнайы шаруашылық
қам-харекеті табиғаттың дайын тұрған өнімдерін пайдаланумен ғана шкетелген.
Әуелгі адам жабайы өсетін дәндерді,жемістер мен жидектерді
жинап,жануарларды аулаған. Адамдардың өзара қарым-қатынасы,мүшелерінің
экономиқалық төңдестігіне, еңбек бейнеті жынысы сипаты жағынан ұжымдық
қатынастар болды.
Адамдардың қоғамдық ұйымы палеолит дәуірінде дамудың күрделі де ұзақ
жолына өтеді.Оның бастапқы көзі алғашқытабыр тобы-бас қосып қорғану және
бассалу үшін, аң аулау, жиын-терін үшін бірлесу болды. Осынау рулық
қатынасқа дейінгі әлеументтік құрылымдық қоғамдық қарым қатынасы мүлде
дамымаған ,қауымдық үйшілік шаруашылығы болмаған,дегенмен де оларда некелік
байланыстардың біраз реттелгені байқалады.
Алғашқы тобыр төменгі полеолиттің ертеректегі екі басқышына-шелльге
дейінгі және шелль кезөңдеріне сәйкес келеді.Ашель заманында жаңа
әлеументтік орғанизм –алғашқы қауымға қажетті алғы шарттар біртіндеп
толысып жетіле бастайды. Мустье дәуірінде отырықшылық ,еңбекті жынысы мен
жасына қарап ,табиғи түрде бөлу жүзеге асады,қауымның бастапқы түрі пайда
болады.кейінгі полеолитадами ұжымы әлеументтік жағынан жаңа бір қырынан
сипатталады-оларда алғашқы рулық қауымның толысқан түрлері құрылады.
Көптеген зертеушілердің пікірінше,осы бір сапалық секіріс неандерталдардың
дене бітімі кәзіргі адаммен бірдей саналы жанға айналуына сай келеді.

Табиғи жағдайлар және ежелгі гоминидтердің
тіршілік еткен ортасы
Евразияның ұлан-ғайыр кеңістігіндегі шөлдер мен шөлейт және дала
аймақтарынан соңғы 15-20 жылда тас ғасырының толып жатқан тұрақ мекендері
табылып зерттелді.Оларды хронологиялық мерзімі плиоценнен голоценге
дейінгі аралықты қамтиды.
Евразияның аридік аймағы жерінің бетінде рельфтің сан алуан түрлері
–асқар таулар мен қыраттардан бастап ойпатты шөлдерге дейін бар.Эволюцияға
және оның ұзақтығындағы,айырмашылық,жерді игерудегі,сол сияқты гоминидтер
эволюциясындағы айырмашылықтар аридік аймақ аудандарына тән сипат болып
табылады. Аридік аймақтрда ашық тұрақ-мекендерде жиірек кездеседі. Олардың
көпшілігі кешенді болып келеді,және ежелгі гоминидтердің белгілі
біргеоморфологиялық орындарда ұзақ уақыт тұрғанының іздері сайрап жатады.
Аридік аймақтағы жағдай жағынан,терреториясының үлкендігі және табиғи-
ландшафтық зоналары жағынан Қазақстан жері Евразия аридік зонасының
палеолитін зерттеудің мәделі қызметін атқара алады.
Қазақстан жеріндегі ежелгі гоминидтіңпайда болудың алғышарттарын
адамзат тарихындағы ең маңызды,өтпелі кезеңнің –плиоценнің екінші
жартысының геологиялық-жағрафиялықжағдайына сүйене отырып іздеу керек.
Гиндукуш пен Гиматай Қарақорым, Тән-Шон мен Алтай таулары муссондарды
өткізбейтін бөгет қана емес, олар тіпті күллі ландшафтыны толығынал
өзгертіп жібереді де, бірте-бірте кәзіргі кескін-кейпіне келеді. Мұзарт
құреаү-ында есіп келе жатқан тау қыраттары, уақыт еткен сайын бұрынғыдан
бетер көтеріле түсетін кең көлемдегі жаңа жерлер, тегі, палеолит
ареалындағы аумақтар мозаикасын күнілгері анықтап қойғанға ұқсайды.
Муссондар мен циклондар қозғалысының өзгеруі. аридтік аймақтағы ауа райының
қытымырланып қатая түсуі едәуір мол жердің құлатып, шөлге айналуына
себепші болады.
Дүние осындай өзгеріске ұшырап жатқан жағдайда Қазақстанның әртүрлі
аймақтары сол өзгеріс жағдайына турліше бейімделген. Тұран мен Каспий өңірі
шөлдері аймағының жағдайы тұрақты болған. Каспий теңізінің жағалаулары мен
Үстірт жанында палеолит пен неолит ерте кезөңдерінің кептеген тұрақ
мекендері сақталған, олар — палеолиттің ерте кезеңінен неолитке дейін
болған үздікеіз өрістеудің куәсі. Каспий өңірі мен Үстірттің
палеолитіне кремний шикізаты база болған.
Каспий жағалауы мен Үстірт тегістігіндегі ұзақ өрістеүге палеографиялық
жағдайдың (қолайлы ауа райы, аң аулайтын орындар мен мекен жайлардың)
көптігі, шикізаттың шекеіз молдығымен ауызеудың барлығы негіз болады.
Сақталып қалған тұрақтар топографиясы геологтардың жағатау бедерінің сан
рет өзгергені жайлы деректерін дәйектейді.
Уақ шоқылары мен тегіс те кең алқапты жазықтары үйлесіп жататын
Сарыарқа өзінің геоморфологиялық жағдайы жағынан ең тұрақты аймақ болған
және болып та отыр.
Тас ғасыры тұрақтары топографиясының ерекшелігіне қарағанда, алғашқы
гоминидтердің Сарыарқаның басты су айрығымен жүріп өткені ықтимал, сөйтіп
олар одан әрі барып, Солтүстік Балқаш өңіріне тарап қоныстанған.
Палеографиялық жағдайдың тұрақтылығы, көші-қон жолдарының қалыпқа
келуі және, шамасы, олардың өзгермеуі, сол сияқты жануарлардың (аң аулау
көзі) тіршілік ететін жерлері мен құстар жолының да бір қалпында қалуы,
жақсы шикізат қорының жер бетіне шығып жатуы және тиянақты су
көзінің болуы (бұлақтар, жарқабақ, астындағы шүңейттер т.б.) палеолиттің
әртүрлі мәдениетін бойына дарытқан алғашқы ұжымдардың бір тұрақ-
мекендерінде ұзақ уақыт тіршілік етуіне мүмкіндік берген, ал тұрақтар өрны
мен қозғалыс жолы едәуір дәрежеде сол шикізаттар жер бетіне шығып жатқан
орынға, өзендер жағалауына, терең шүнейттер мен суы тұщы бұлақтар басына
жақын болған. Жоғарғы қабаты аяқталар кезде ауа райы сұмдық суытып,
құрғақшылық бел алған (Б. Ж. Әубокіровтың айтуынша) аса қиын жағдай су
жүйелерін біржолата бұзып кетеді.
Ұзақ жылдарға созылған тоңазып кету жағдайында Сарыарқаның көптеген
аудандарында сол аймақты мекөңдейтін жануарлар мен бір кезде осы өлкеде
дәстурлі тіршілік етіп, кейін біржолата кетіп қалған гоминидтердің
қалыптасқан байланысы үзіледі. Тек өтпелі зоналарда, Сарыарқаның шет-
шетінде, Ертіс өңірінде ғана өрістеу неолитке дейін үзілмейді.
Өтпелі зоналарға әрқашанда айрықша назар аударыдған. Осындай қызқты
учаскенің бірі Қаратау қыраты. (Сырдария өңірі) географиялық жағдайының бір
ерекшелігі, екінші жағынан ол аса ірі екі облысты — Орта Азияның
құмды шөлдері мен сазтопырақты Бетпақдала шөлінің араларын шектеп бөліп
тұрады.Климаттық жағынан алғанда, Қаратау жағдайы айрықша қолайлы болып
келеді. Мұндай ақуал Қаратау қыраты аймағында ұзақ замандар бойы, кем
дегенде, жоғарғы плиоценнен бері сақталған. Неоген кезеңінен бері
сақталып келе жатқан көптеген реликті өсімдіктер мен жануарлар — міне,
осының айғағы. Қаратау қыратының шөлді аймақтағы жағдайы сол арадан қалың
құм қатпарлары (шет-шеттерінде) мен сары топыракты қабаттардың
(шұңқырларда) құрылуына себепші болған. Қаратау қыраты көптеген
аудандардың геологиялық құрылымы, сол сияқты, жануарлардың осы араны ұдайы
ызғындай көп болып мекендеуіне қолайлы жағдай жасаған, олардың сүйектерінің
қордалы қалдықтары көптеген жерден табылған.
Сол себепті де осының бәрі ежелгі гоминидтің осы араны мекендеуіне жол
ашқанына ешбір таң қалуға болмайды, олар бұл маңнан қоректі де, су көздерін
де, сонымен бірге өзендер жағалаулары мен үңгірлерден, бортопырақты
аудандардан шұрайлы мекен-жайлар тапқан.
Бірақ, шамасы, өтпелі (шеқаралық) аудандардың бір ерекшелігі — ол
оқиғалар мен құбылыстардың үзік-үзік және әртүрлі болып келетіні.
Мәселен, Қаратау қыратының палеолиті өрістеудің екі линиясы (бәлкім,
үшеу де шығар) арқылы сипатталады. Оның біріншісі Қаратаудың куост
аудандарына тән, ол қара кремнийдің тұтас қалың қабатына негізделген
(Боріқазған, Тәңірқазған — басты тұрақтары). Ірі, ежелгі тұрақтар
пенепленнің бір кездегі аумақты әуелгі бетіндегі куәстік қалдықтар биігімен
байланысты. Мүлде кейініректегі ашелдік, мустьелік тұрақтар және кейінгі
палеолит куәстер баурайына орналасқан және ерте палеолиттің, дәріқазған,
Тәңірқазған сияқты тұрақтары мен салыстырғанда хронологиялық айырмашылығы
тым көп.
Екінші линия физиқалық қасиеті өзгелерінен жақсырақ сұрғылт түсті
кремнийде дамыған, олардың дайындамаларынан тастың сапалы сынықтарын алуға
болады. Мұның негізгі тұрағы Ш. Уәлиханов атындағы тұрақ болып табылады.
Оның біреу де болса бірегейлілігі, бұл тұрақтың күллі тіршілігі өзен
алқаптары аздырып-өздырған топырақтарға еніп кетіп зонасының шегі кайнозой
шөгінділерімен ұласып жататын тұтас бір үлкен жонның тарихына байланысты.
Бәлкім Уәлиханов палеолитінің өрістеуі, Л. Г. Медәев Арыстанды мәдениеті
деп атаған, Буденный поселкесі жанындағы конгломераттардан тұратын
палеолитке дейін өрлеп баратын шығар.
Әзірше Қазақстан облыстарының таулы аудандары жеткілікті зерттелмей
ке.теді. О.ндай жерлерден палеолит тұрақтарын іздеу ісінің бір қиындығы
жауын-шашын сулары қақтардың қорлануы мен жер бедері өзгеруі
жылдамдығының ерекшелігіне байланысты. Жер шарының белгілі бір аудандарының
жаграфиялық және климаттық ерекшеліктеріне сәйкес пайда болған әртүрлі
табиғи жағдайлар маймылдар мен шала маймылдардың (приматтар) адамға
айналуының барлық жерде бірдей өтпегендігінің негізгі факторлары болып
табылады, көп жағдайда әртурлі ендіктердегі жұрттардың ежелгі шаруашылығы
мен алғашқы мәдениетіндегі айырмашылық төркінін де сол факторлардан іздеу
керек. Адамзат пен оркениеттің бүдан былайғы дамуының қарқынына да әсер
еткен сол факторлар.

Әуелгі палеолит

Ертедегі палеолит ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тас дәуірі
Тас дәуірі жайында
ҚАЗАҚСТАН ТАС ҒАСЫРЫ ДӘУІРІНДЕ
Жаңа тас дәуірі
Ежелгі дәуірдегі Қазақстан туралы
Адамның шығу тегі туралы тұжырымдар
Еңбек тұжырымдамасы
Көпжылдық тоңданудың өрістеуі жағдайында Сарыарқаның көптеген аудандарында
Ежелгі тас ғасыры (палеолит) дәуіріндегі Қазақстан
Антропология ілімі
Пәндер