Негізгі құралдар есебі жайлы



1.бөлім. Негізгі құралдар есебінің жіктемесі
1.1 Негізгі құралдардың экономикалық мәні
1.1 Негізгі құралдар амортизациясының есебі
1.3 Негізгі құралдардың есептен шығуы
2.бөлім. Негізгі құралдар есебінің аудиті
2.1 Негізгі құралдарды есепке алудың және пайдаланудың аудиті
2.2 Негізгі құралдар тозу есебінің аудиті
2.3 Негізгі құралдарды түгендеу есебінің аудиті
Өндіріс процесі өндіріс құралдарының қатысуымен жүзеге асырылады, олар:
1.еңбек заттары: шикізат, материалдар, сатып алынатын жартылай фабрикаттар
2.еңбек құралдары: станоктар, машиналар болып бөлінеді.
Қандай да болмасын заттарды - еңбек құралдарының құрамына енгізу сыртқы белгілерімен емес, солардың өндіріс процесінде атқаратын ролімен анықталады. №6 Бухгалтерлік есеп стандарты «Негізгі құралдар есебі» бойынша – негізгі құралдардың мақсаты субъектілерге жататын негізгі құралдар есебінің методикасын, меншіктік құқығын анықтау, шаруашылық операциясын анықтау, шаруашылықты жүргізу немесе оперативті басқару.
Негізгі құралдар – ұзақ мерзімге пайдаланатын (1 жылдан артық) материалдық активтер, яғни, материалдық өндіріс сферасында және материалдық өндірістен тыс сферада қолданылатын активтер.
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебінің міндеті:
1. Расталған есептік мәліметтердің, техникалық паспорттардың, басқа да құжаттар мен түгендеу журналдарының негізінде еңбек құралдарының барлық түрлерінің сақталуына жүйелік бақылауды ұйымдастыру.
2. Негізгі құралдардың келіп түсуін, шығарылуын, қозғалысын есепте уақытылы және дұрыс көрсетілуін қамтамасыз ету.
3. Негізгі құралдарының тозуының дұрыс есептелуіне және тиімді пайдаланылуына бақылауды ұйымдастыру және қор қайтарымдылығын арттыру жөніндегі шараларды жүзеге асыру.
4. Негізгі құралдарға ағымдағы және күрделі жөндеулерді, қайта құруды және модернизациялауды жүргізумен байланысты шығындарды есепте дұрыс және уақытылы көрсетуді жүзеге асыру.
5.Моральды және физикалық тұрғыдан ескірген негізгі құралдарды жедел айқындау.
6. Негізгі құралдар бойынша дұрыс есептеме жасау үшін бухгалтерлік есептің деректері банкін уақытылы және дұрыс қалыптастыру.
Негізгі құралдар есебін жоғарыда айтылған міндеттеріне сай жүргізу үшін, ғылыми түрде негізделген негізгі құралдардың жіктелуін, негізгі құралдарды бағалау принциптерін анықтаудың, есеп регистрлері мен бастапқы құжаттардың формаларын анықтаудың маңызы өте зор.
Негізгі құралдардың ғылыми негізделген жіктемесі алға қойған мақсаттарға жету үшін маңызды шарт болып табылады. Жіктемелік топтарға өндірістік-техникалық мақсаты бойынша, тозу қарқыны, қызмет мерзімі, жөндеудің ерекшелігі, икемділігі мен техникалық жаңалығының дәрежесі бойынша өте жақын негізгі қорлар енгізіледі.
1. ҚР-ның «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңы, 12-наурыз 2007 жыл.
2. ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы, 1-наурыз 2007 жыл/ Егемен Қазақстан.
3. ҚР-ның Азаматтық кодексі, 2004.
4. ҚР-ның «Аудиторлық қызмет туралы» Заңы, 2004.
5. №7 Бухгалтерлік есеп стандарты «Тауарлы-материалдық құндылықтар есебі».
6. Бухгалтерлік жұмыс шоттар жоспарын жасау бойынша нұсқа (ҚР Қаржы Министрлігінің бұйрығы, 22.12.2005, №426).
7. Журнал «Бухгалтер бюллетень», №8, 2006.
8. Журнал МСФО №5 (305), 2007.
9. Журнал «Бухгалтер.kz.» № 4 (24) 2005.
10. С. Б. Баймуханова «Бухгалтерлік есеп» оқулық, Алматы: 2005.
11. С. Б. Баймуханова, Ә. Ж. Балапанова «Бухгалтерлік есеп» А.: Қазақ университеті, 2002.
12. В. К. Радостовец, Т. Ғ. Ғабдуллин, В. В. Радостовец, О. И. Шмидт «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп», Алматы: 2002.
13. Ж. С. Толпаков «Бухгалтерский учет» учебник, Караганда: 2004.
14. «Бухгалтерский учет» под ред. Профессора П. С. Безруких, Москва: 1996.
15. Қ. К. Кеулімжаев, З. Н. Әжібаева, Н. А. Құдайбергенов, А. Ә. Жантаева «Қаржы есебі» оқу құралы, Алматы: 2001.
16. Т. А. Тасмағанбетов, А. Ш. Омаров, Б. А. Әлібекова, О. Ж. Рабатов, Н. Ә. Байболтаева, В. К. Радостовец «Қаржы есебі» оқу құралы, Алматы: 1998.
17. М. Байдәулетов, С. М. Байдәулетов «Аудит» оқу құралы, Алматы: 2004.
18. Д. О. Абленов «Аудит негіздері» Алматы Экономика, 2005.
19. Дүйсен Оңғарұлы «Аудиттің негіздері», 2005.
20. Әжібаева З. «Аудит», 2005.
21. М. С. Ержанов «Аудит негіздері», Алматы: 2005.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

1-бөлім. Негізгі құралдар есебінің жіктемесі
1.1 Негізгі құралдардың экономикалық мәні
1.1 Негізгі құралдар амортизациясының есебі
1.3 Негізгі құралдардың есептен шығуы
2-бөлім. Негізгі құралдар есебінің аудиті
2.1 Негізгі құралдарды есепке алудың және пайдаланудың аудиті
2.2 Негізгі құралдар тозу есебінің аудиті
2.3 Негізгі құралдарды түгендеу есебінің аудиті

Экономикалық мәні және жіктемесі
Өндіріс процесі өндіріс құралдарының қатысуымен жүзеге асырылады,
олар:
1.еңбек заттары: шикізат, материалдар, сатып алынатын жартылай
фабрикаттар
2.еңбек құралдары: станоктар, машиналар болып бөлінеді.
Қандай да болмасын заттарды - еңбек құралдарының құрамына енгізу сыртқы
белгілерімен емес, солардың өндіріс процесінде атқаратын ролімен
анықталады. №6 Бухгалтерлік есеп стандарты Негізгі құралдар есебі бойынша
– негізгі құралдардың мақсаты субъектілерге жататын негізгі құралдар
есебінің методикасын, меншіктік құқығын анықтау, шаруашылық
операциясын анықтау, шаруашылықты жүргізу немесе оперативті басқару.
Негізгі құралдар – ұзақ мерзімге пайдаланатын (1 жылдан артық)
материалдық активтер, яғни, материалдық өндіріс сферасында және
материалдық өндірістен тыс сферада қолданылатын активтер.
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебінің міндеті:
1. Расталған есептік мәліметтердің, техникалық паспорттардың, басқа
да құжаттар мен түгендеу журналдарының негізінде еңбек құралдарының
барлық түрлерінің сақталуына жүйелік бақылауды ұйымдастыру.
2. Негізгі құралдардың келіп түсуін, шығарылуын, қозғалысын есепте
уақытылы және дұрыс көрсетілуін қамтамасыз ету.
3. Негізгі құралдарының тозуының дұрыс есептелуіне және тиімді
пайдаланылуына бақылауды ұйымдастыру және қор қайтарымдылығын арттыру
жөніндегі шараларды жүзеге асыру.
4. Негізгі құралдарға ағымдағы және күрделі жөндеулерді, қайта құруды
және модернизациялауды жүргізумен байланысты шығындарды есепте дұрыс
және уақытылы көрсетуді жүзеге асыру.
5.Моральды және физикалық тұрғыдан ескірген негізгі құралдарды жедел
айқындау.
6. Негізгі құралдар бойынша дұрыс есептеме жасау үшін бухгалтерлік
есептің деректері банкін уақытылы және дұрыс қалыптастыру.
Негізгі құралдар есебін жоғарыда айтылған міндеттеріне сай жүргізу үшін,
ғылыми түрде негізделген негізгі құралдардың жіктелуін, негізгі құралдарды
бағалау принциптерін анықтаудың, есеп регистрлері мен бастапқы
құжаттардың формаларын анықтаудың маңызы өте зор.
Негізгі құралдардың ғылыми негізделген жіктемесі алға қойған
мақсаттарға жету үшін маңызды шарт болып табылады. Жіктемелік топтарға
өндірістік-техникалық мақсаты бойынша, тозу қарқыны, қызмет мерзімі,
жөндеудің ерекшелігі, икемділігі мен техникалық жаңалығының дәрежесі
бойынша өте жақын негізгі қорлар енгізіледі.
Ақшалай бағаланған негізгі қорлар негізгі құралдар деп аталады. Олар
бухгалтерлік есепте осы бағамен есептелінеді және субъектілердің
балансында көрініс табады. Негізгі құралдар өндіріс процесінде
пайдалану кезінде ұзақ мерзімге пайдаланылып, өз құнын бірте-бірте
жаңадан өндірілген өнімге аударады. Бұл жағдайда олар бірте-бірте
тозады және өзінің қасиеті мен түрі сақталады. Негізгі құралдар өндіріс
процесіне қатысу сипатына қарай былайша бөлінеді:
Өндірістік негізгі құралдар дегеніміз – мөлшері мен техникалық
деңгейіне қарай субъектілердің техникалық жарақтандырылуына тікелей
байланысты болатын өндірістік құралдар. Олардың шамасы мен техникалық
күйіне шаруашылық субъектісінің, жалпы елдегі салалардың экономикалық
қуаты тәуелді. Бұлардың құрамына өндірістік үйлер мен ғимараттар,
машиналар мен жабдықтар, өлшеуші және реттеуші аспаптар мен құрылғылар,
көлік құралдары, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, керек-
жарақтар, жұмысшы және өнім беретін малдар, көп жылдық өсімдіктер
енеді. Қор қайтарымдылығы, яғни негізгі құралдардың бірлігіне
натуралды және ақшалай өлшеуіштермен, өнім өндіру негізгі өндірістік
қорлардың тиімді пайдалануын сипаттайтын, жалпылаушы экономикалық
көрсеткіш болып табылады.
Өндірістік емес негізгі құралдар – тұтынушыларға арналған құрал
жабдықтар. Олар өндіріс процесіне қатыспайды, субъектінің мәдени-
тұрмыстық қажеттіліктерін ұзақ мерзім бойы өтеуге арналған.
Тиістілігі бойынша негізгі құралдар былайша бөлінеді:
меншікті – бұл субъектіге тиесілі және оның балансында көрініс табатын
негізгі құралдар;
жалданған–жалдау шарты бойынша, онда белгіленген мерзімге басқа
субъектілерден алынған негізгі құралдар. Қысқа мерзімді жалға алынған
негізгі құралдарды жалгер баланстан тыс шотта ескереді. Ұзақ мерзімді
жалға алынған негізгі құралдар жалдау мерзімі аяқталған бойда немесе
ол аяқталғанға дейін жалгер шартта келісілген өтемін төлеу бағасын
түгелдей енгізген болса, негізгі құралдар жалгердің меншігіне өтеді.
Олар тиісінше 2410-2417- шоттардағы Ұзақ мерзімді жалға алынған негізгі
құралдар субшотында ескеріледі.
Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар былайша бөлінеді:
қолданыстағы – бұл пайдалану сатысындағы негізгі құралдар
қолданылмаған – консервацияға немесе басқа да себептерге байланысты
уақытша қолданылмай тұрған негізгі құралдар
запаста ұрған – қолданылып жүрген негізгі құралдардың жөнделуі,
жойылуы, апатқа ұшырауы жағдайында оларды алмастыру үшін запас
құрайтын негізгі құралдар
Заттық құрамы бойынша негізгі құралдар:
инвентарлық – бұл заттай нысанға ие және айырбастау мен заттай санауға
болатын объектілер (үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар)
инвентарлық емес – бұл жер, орман және су дақылдарына арналған күрделі
салым, яғни заттық нысаны жоқ шығындар (жер учаскелерін жоспарлау,егістік
алаңдарын өңдеу).
Экономика саласы мен қызмет түрлері бойынша негізгі құралдар осы
қорлардың қатысуымен өндірілген өнім немесе көрсетілген қызмет жатқызылған
экономика саласы мен қызмет түріне жатады. Өнеркәсіп саласына экономиканың
барлық салаларында өнеркәсіптік өнімдерді өндіру процесімен тікелей
байланысты негізгі қорлар жатады.

Мақсаттық бағыты мен орындайтын функцияларына байланысты негізгі
құралдар келесідей түрлерге бөлінеді. Негізгі қорлар тобының
құрамына кіретіндер:
Субъект меншік құқында сатып алған жердің жер-саны мен құны.
Жерге меншік құқы жерге меншіе құқын беретін актпен расталуға
тиіс. Оларға арнап акт берілген әрбір жер учаскесі инвентарлық объект
болып табылады.
Үйлер – бұл мақсаттық бағыты халықтың еңбек етуіне, тұрғын
үйіне, әлеуметтік-мәдени қамтамасыз етілуіне және материалдық
құндылықтардың сақталуына жағдай жасаудан тұратын сәулет-құрылыс
объектілері
Ғимараттар – еңбек заттарының өзгеруіне байланысы жоқ қандай да
бір функцияларды атқару жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға
арналған инженерлік-құрылыс объектілері (платина, көпір, автомобиль жолы,
шахта стволы, мұнай бұрғысы). Инвентарлық объект дегеніміз барлық
икемділіктерімен бірге бір бүтінді құрайтын әрбір жеке ғимарат.
Машиналар мен жабдықтар. Әрбір машина, егер оның құрамына кіретін
саймандарды, керек-жарақтарды, аспаптарды, қоршауларды, іргетастарды қоса
алғанда, басқа инвентардың бөлігі болмаса, инвентарлық объект болып
табылады.
Негізгі құралдардың бұл тобы 5 ішкі топтан тұрады:
1.Күш беретін машиналар мен жабдық-машиналар, жылу және электр қуатын
өндіретін генераторлар, әр түрлі қуаттарды механикалыққа, яғни қозғалыс
қуатына айналдыратын машина-қозғалтқыштар (тракторлар мен өздігінен
жүретін шассилер, турбинаның бу қозғалтқыштары, іштей жану қозғалтқыштары,
электроқозғалтқыш).
2.Жұмысшы машиналар мен жабдықтар – бұл еңбек өнімдерін жасау процесінде
еңбек заттарына механикалық, термикалық және химиялық әсер етуге арналған
машиналар, аппараттар және жабдықтар (токарьлық темір жонғыщ станоктар,
насостар, электрлі моторлар, эксковаторлар, грейдерлер)
3.Өлшеу және реттеу аспаптары, құрылғылар мен зерттеухана жабдықтары –
бұл өндіріс процестерін өлшеу мен реттеуге арналған аспаптар мен құрылғылар
(дизаторлар,амперметрлер, микроскоптар, водомерлер, манометрлер).
4.Есептеу техникасы – процесті жылдамдату мен автоматтандыруға арналған
машиналар, құрылғылар мен аспаптар (компьютерлер мен басқа да есептеу
машиналары).
5.Өзге де машиналар мен жабдықтар (телефон станцияларының, радио
желілерінің жабдықтары, өрт машиналары). Көлік құралдары – адамдар мен
жүктердің қозғалуына арналған қозғалыс құралдары (автомобиль, теміржол, су
көлігінің қозғалмалы құрамы).
Инвентарлық объект – барлық тиесілі керек-жарақтарымен және керек
заттарымен бірге жекеленген объект.
Құрал-сайман–темірді,ағашты өңдеуге арналған, қол еңбегінің
механикаланған және механикаланбаған құралы немесе машиналарға бекітілген
заттар (кесетін, ұратын, қысатын және тығыздайтын еңбек құралдары).
Инвестициялық объект – басқа инвентарлық объектінің құрамына
кірмейтін заттар.
Құрал-саймандар – темірді, ағашты өңдеуге арналған, қол еңбегінің
механикаланған және механикаланбаған құралы немесе машиналарға
бекітілген заттар.
Өндірістік еңбек құралдары және керек-жарақтар - өндірістік
операцияларды орындауға немесе жеңілдетуге қызмет ететін басқа
мақсаттағы заттар (жұмыс үстелі, верстактар, закрома, шкафтар).
Түгендеу объектісі – қандай да бір инвентарлық объектінің бөлігі
болып табылмайтын және өзіндік мәні бар заттар.

Негізгі құралдарды бағалау және қайта бағалау
Негізгі құралдар есебін дұрыс ұйымдастырудың маңызды шарты болып
оларды бағалаудың қабылданған принципі болып табылады. Негізгі
құралдарды ақшалай өлшеммен бағалау олардың көлемін, құрылымын,
тозуын анықтап, қайта өндіруді жоспарлауға мүмкіндік береді. №6 БЕС
бойынша бастапқы, ағымдағы, баланстық құндарды, сату құнын және жою
құнын ажыратуға болады.
Бастапқы құн – негізгі құралдарды сатып алған мезгіліндегі немесе
іске қосылған кездегі нақты жұмсалынған шығындардың құны, оған
сонымен қатар салықтар және жинаулар, жеткізу және монтаждау шығыны
және басқадай шығын жатады.
.
Сату құны - өзара келісілген баға.
Жойылу құны – негізгі құралдардың жойылуынан пайда болатын
қосалқы бөлшектердің, металл сынықтарының болжамды құны.
Ағымдағы құн – белгілі бір мерзімдегі нарық бағасы бойынша есептелетін
құн.
Бағалардың күнделікті өзгерілуіне байланысты Қазақстан
Республикасының қаржы Министрлігінің 1994 жылғы 21 қазан айындағы
№1178 қаулысы бойынша негізгі құралдар жыл сайын бағаланып немесе
индекциялау жүргізіліп отырады.
Негізгі құралдар бухгалтерлік есепте бастапқы құны бойынша кіріске
алу сәтінде көрсетіледі. Оған барлық қажетті нақты өндірістік
шығындар, негізгі құралдарды орнату және сатып алу шығындары, соның
ішінде:
1.Сатып алу кезінде төленген өтелмейтін салықтар мен алымдар (үйлер,
жеңіл автомобильдер бойынша ҚҚС және сатып алу шарты бойынша мемлекеттік
баж).
2.Жеткізу, монтаждау, орнату, пайдалануға қосу жөніндегі шығындар.
3.Құрылыс мерзіміне берілген несие үшін проценттер.
4.Активті жұмыс жағдайына келтіруге байланысты басқа да шығындар
жатады.
Жер учаскесінің бастапқы құнына мыналар кіреді:
1.Шотта көрсетілген сату бағасы;
2.Жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттерге комиссиялық сыйақылар;
3.сатып алу-сату құжаттарын ресімдеу бойынша заңгердің көрсеткен қызметін
төлеу;
4.Салықтар мен алымдар;
5.Жерді мақсатты пайдалануға әзірлеу жөніндегі шығындар.
Мысалы, Альтаир ЖШС-і аумағында 1 200000 теңгенің құрылысы
орналасқан жер учаскесін сатып алды. Жылжымайтын мүлік жөніндегі
агенттің көрсеткен қызметінің құны – 23000 теңге, шарт жасау жөніндегі
заңгер көрсеткен қызмет құны – 15600 теңге, құрылысты бұзу шығындары 35000
теңге, үйді бұзудан алынған табыс 12300 теңге, учаскені тазалау және
тегістеу жөніндегі шығындар 7000 теңге.Учаскенің бастапқы құны: 1 200 000
+ 23 000 + 15 600 +(35 000-12 300) + 7 000 = 1 268 300 теңге құрайды. Дт –
2411(жер) Кт – 3310(жеткізушілермен есеп айырсу).
Сатып алынған жабдықтардың бастапқы құнына мыналар қосылады:
1.Сатып алу бағасы;
2.Тасымалдау шығындары;
3.Монтаждау;
4.Жабдықтың пайдалануға жарамдылығын тексеру мақсатында сынақтан өткізу.
Үйлер мен ғимараттардың құрылысы кезінде бастапқы құнға құрылыс
жөніндегі мынадай шығындардың барлығы қосылады:
1.Материалдар
2.Еңбекақы төлеу
3.Үстеме шығындардың тиісті үлесі
4.Сәулетшінің, заңгердің қызметін төлеу
5.Құрылыс кзеңіндегі сақтандыру шығындары.
Құрылыс жүргізуге рұқсат алуға жұмсалған шығындар
Негізгі табынға қосылған жас малдардың бастапқы құны жануарды төлдетудің
нақты өзіндік құнынан құралады. Негізгі табынды қалыптастыру үшін сатып
алынған малдар бойынша – жеткізу жөніндегі шығындарды қоса алғанда сатып
алу шығандарынан және сатып алумен байланысты өзге де шығындардан
құралады.
Жас өсімдіктердің бастапқы құны егу, күту, суару, тазалау жөніндегі
нақты шығындардан құралады.
Негізгі құралдардың келіп түсуі негізгі құралдарды қабылдау-өткізу
Негізгі құралдар №1 нысандағы актімен ресімделеді. Ол жекелеген
объектілерді негізгі құралдардың құрамына есептеу үшін, олардың
пайдалануға берілуін ресімдеу үшін, негізгі құралдардың бөлімше ішіндегі
қозғалысын есептеу үшін, негізгі құралдарды қоймадан пайдалануға беру
үшін, сондай-ақ басқа субъектіге беру мақсатында негізгі құралдар
құрамынан шығарып тастау үшін пайдаланылады. Негізгі қабылдауды ресімдеген
кезде басшы тағайындаған қабылдау комиссиясы әрбір жеке объектіге бір дана
акт жасайды. Негізгі құралдардың бірнеше объектілерін қабылдау-өткізуді
ресімдейтін жалпы актіні жасауға шаруашылық бұйымдарын, құрал-саймандарын,
жабдықтарын есепке алған кездегі, егер бұл объектілер біртектес болса,
құндары бірдей болса және бір күнтізбелік айда қабылданған болса рұқсат
етіледі. Акт ресімделгеннен кейін осы объектіге қатысты техникалық
құжаттармен бірге бухгалтерияға беріледі. Оған бас бухгалтер қол қояды
және оны субъект басшысы немесе соған өкілетті адам бекітеді. Негізгі
құралдар ішкі қозғалысын ресімдеген кезде акт екі данада жасалады. Негізгі
құралдар басқа объектіге сатылған кезде акт 3 данада жасалады, оның екеуі
өткізуші субъектіде қалады, үшіншісі негізгі құралдар қабылдайтын
тұлғаларға беріледі.
Жас өсімдіктерді қабылдау мен оларды жас өсімдіктер тобына
есептеуді, сондай-ақ өсімдіктерді пайдаланудағы өсімдіктер тобына
ауыстыруды көпжылдық өсімдіктерді қабылдау және пайдалануға беру
актісімен ресімделеді. Акт бекітілгеннен кейін техникалық құжаттарымен
бірге бухгалтерияға тапсырылады.
Алаңдарды қорғайтын орман жолақтарын кірске алу қорғаныс орман
өсімдіктерін пайдалануға қабылдау актісімен жүргізіледі. Ол сонымен қатар
ағаштардың бұтақтары толығымен шығып біткеннен кейін қорғаныс орман
өсімдіктерін егу және пайдалануға беру (5 жылдан кем емес) жөніндегі
орындалған жұмыстарды ресімдеуде қолданылады.
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі Ұлттық комиссиясы
бекіткен (1996 жылғы) субъектілердің қаржы шаруашылық қызметінің
бухгалтерлік шотының Бас жоспары бойынша, Негізгі құралдар бөлімшесі
бойынша төмендегідей шот негізінде жүргізіледі:
2411 – Жер
2412 – Ғимараттар
2413 – Машиналар мен жабдықтар
2414 – Көлік құралдары
2415– Компьютерлер,перифериялық қондырғылар және деректерді өңдеу жөніндегі
жабдық
2416 – Кеңсе жиһазы
2417 - Өндірістік құрал-саймандар мен керек-жарақтар
Бұл шоттарда негізгі құралдар бастапқы құны бойынша есептелінеді.
Негізгі құралдардың келіп түсуі
ҚР Қаржы министрлігінің Бас салық инспекциясының №37 Нұсқаулығына
(14.01.1997ж.) сәйкес нақты келіп түскен тауарлар бойынша, соның ішінде
негізгі құралдар(үйлерден, жеңіл машиналардан басқа) бойынша берілген
салық шот-фактуралары бойынша төленуге тиісті салық сомасы есепке алуға
жатқызылған ҚҚС сомасы болып табылады.
1. Үйлер мен жеңіл автомобильдерді сатып алу
а. Баланстық құнына Дт 2412,2414 Кт 3310
ә.Тозу сомасына Дт 2412,2414 Кт 2422, 2425 – 100,0
б.ҚҚС-ты қоса алғанда, жеткізуге байланысты шығындар Дт 2414 Кт 3310 –
50,0
в.Жеткізушілер мен мердігерлер алдындағы берешек өтелді Дт 3310
Кт 1010,1020,1040,1050
Егер сатып алу бір қалада және бір күнтізбелік ай ішінде жүргізілсе,
онда бухгалтерлік жазбаны 3310-шотта көрсетпестен жүргізуге болады, яғни
Дт 2412,2414 Кт 1010,1020,1040,1050, тозу сомасына
Дт 2412,2414 Кт 2421,2425. Бұл тәртіп бұзу болып саналмайды, өйткені ол
қаржы нәтижелерінде көрсетілмейді. Өзге қалалық есеп айырсу жағдайында
бухгалтерлік жазбаларды 3310-шот арқылы жүргізуге болады. Егер мен
автомобильдер жаңа болса, онда тозу операциялары болмайды. Егер негізгі
құралдар нарықтық бағасы бойынша сатып алынса,онда ол негізгі құралдардың
бастапқы құны болып саналады.
2. Сатып алынған басқа негізгі құралдар
а. ҚҚС-сыз салық шот-фактураларына сәйкес келісім құнына біз мынадай жазба
жасаймыз: Дт 2415-2417 Кт 3310 – 300
ә. Ұсынылған шот бойынша ҚҚС сомасына: Дт 1420 Кт 3310 – 60,0
Төлем фактісіне қарамастан ҚҚС-ты есепке алу (бюджетке ҚҚС бойынша
төлемдерді кеміту).
Кіріске алу сәті бюджет алдындағы берешекті кемітуге ҚҚС-ты жатқызу
сәті болып табылады. Дт 3130 Кт 1420 – 60,0
б. Жеткізушіге төленген шоттар: Дт 3310 Кт 1010,1020,1040,1050 – 360,0
Егер алдын-ала төлем жүргізілсе:
а. Жүргізілген алдын-ала төлемнің сомасына Дт 2910 Кт
1010,1020,1040,1050 – 360,0
ә. Негізгі құралдар келісім құнына Дт 2415, 2417 Кт 3310 – 300,0
б. ҚҚС сомасына Дт 1420 Кт 3310 – 60,0
в. ҚҚС есепке алу Дт 3130 Кт 1420 – 60,0
г. Берілген аванстарды есепке алу Дт 3310 Кт 2910 – 60,0
3. Объект құрылысының нәтижесінде келіп түскен негізгі құралдар.
Үйлер мен ғимараттарды тұрғызу, жабдықтарды монтаждау жөніндегі
шығындар мен күрделі құрылысқа сметалармен, сметалық-қаржылық
есептеулермен көзделген басқа шығындар 2930-шотта (аяқталмаған құрылыс)
ескеріледі.
Құрылыстың мердігерлік әдісі:
1.ҚҚС-ты қоса алғанда, үйдің құрылысы бойынша сметалық және құрылыс-монтаж
жұмыстары үшін жобалау ұйымы мен мердігерлік-құрылыс ұйымына есептелді:
Дт 2930 Кт 3310 – 1200,0
2.Монтажға берілген жабдықтың құнына (егер жеткізу тікелей жүзеге
асырылса): Дт 2930 кт 3310, 1040 (егер жабдық монтажға қоймадан
берілсе, онда Дт 2930 Кт 2930, орнатуға арналған жабдық субшоты).
3.Құрылысқа жер учаскесін бөлуге байланысты өтемақы есептелді: Дт 2930 Кт
687: 3210,3370,3440,3540,4240,4430
4.Жобалау және мердігерлер ұйымдарының шоттарына төлем жасалды: Дт 3310
Кт 1010,1020,1040,1050 – 1200,0
5.Жер учаскесін бөлгені үшін өтемақы сомасы төленді: Дт 3310 Кт
1010,1020,1040,1050 -480,0
6. Жұмыстар аяқталғаннан кейін объектіні акт бойынша қабылдау және
пайдалануға беру :
Егер өтемақы объектінің бастапқы құнына енгізілсе
Дт 2412 Кт 2930 – 1980,0 (1200,0+300,0+480,0);
Егер өтемақы сметада көзделмесе, онда құрылысқа байланысты шығындар
ретінде. Бірақ объектінің бастапқы құнына енгізілмеген шығындар кезең
шығындарына жатқызылуға тиіс:
-өтемақы сомасына Дт7210 Кт2930 – 480,0
-объектілер пайдалануға берілген кезде олардың бастапқы құнына
Дт 2412 Кт 2930 – 1500,0 (1200,0+300,0)
-жыл қорытындысы бойынша шығындар жиынтық табыстың кемуіне жатады
Дт 571 Кт кт 7210 – 480,0
Құрылысты жүргізудің шаруашылық әдісі
1.Құрылысқа пайдаланылатын материалдардың құнына Дт 2930 Кт 1317 – 500,0
2.Монтаждауға берілген жабдықтардың құнына Дт 2930 Кт 1040, 3310
3.Құрылыс жұмысшыларына жалақы есептелген Дт 2930 Кт 3350
4.ММСҚ зейнетақы қорына әлеуметтік сақтандыру аударымдары жасалды
Дт 2930 Кт 653 – 75,0
5.Орындаған жұмыстары үшін жобалау ұйымына есептелгені Дт 2930 Кт 3310-
400,0
6.НҚ объектісін пайдалануға беру актісіне сәйкес
Дт 2412 Кт 2930- 1530,0 (500,0+300,0+250,0+5,0+75,0+400,0)
4.Негізгі құралдардың өтеусіз келіп түсуі
1-нұсқа. Егер негізгі құрал демеушілік көмек ретінде алынса, онда оларды
былайша кіріске алады: Дт 2412-2417 Кт 6160 – 1200,0
Егер табыс ету құжаттарында тозу сомасы көрсетілсе, онда
а) баланстық құнына Дт 2412-2416 Кт 6280 – 400,0;
б) тозу сомасына Дт 2412-2416 Кт 2421-2429 – 800,0;
2-нұсқа.Егер негізгі құралдар атқарушы үкімет органдарынан субсидия түрінде
алынса Дт 2412-2416 Кт 726 – 1 млн. теңге, табыс етілген негізгі құралдар
пайдалануда болып, құжаттарында тозу құны көрсетілсе, онда:
а) баланстық құнына Дт 2412-2416 Кт 726 – 600,0;
б) тозу сомасына Дт 2412-2416 Кт 2421-2429.
Жыл қорытындысы бойынша 7-бөлімнің шоттарында көрсетілген табыстар
жиынтық табыстың өсуіне жатады Дт 726, 6280 Кт 571 .
Негізгі құралдардың жарғылық капиталға салым ретінде келіп түсуі
1.Мәлімделген жарғылық капиталдың сомасына Дт 5020 Кт 501-505 - 5 млн.
теңге.
2.Жарғылық капиталға салым ретінде келіп түскен негізгі құралдар келісім
құнына Дт 2412-2416 Кт 5020 – 3500,0.
Егер пайдалануда болған негізгі құралдар келіп түссе және келісім құны
баланстық құнына сай келсе, онда:
а) баланстық, келісімді, келісілген құнына Дт 2412-2416 Кт 5020 – 2300,0.
б) тозу сомасына Дт 2412-2416 Кт 2421-2429 – 1200,0.
3.Құрылиайшылар енгізген салымның қалған сомасына Дт 101-103, 1310-1314,
1317, 221-223,106, 1050, 1040, 1010, 1020 Кт 5020 – 1500,0
Тауар-айырбас операциясы нәтижесінде негізгі құралдар келіп түсуі
1.Босатылған тауарлардың сатып алу құнына Дт 802 Кт 1330 – 1200,0;
2.ҚҚС-сыз босатылған тауарлардың келісім құнына Дт 301 Кт 702 – 1500,0;
3.ҚҚС сомасына Дт 301 Кт 3130 – 300,0;
4.Алынған негізгі құралдардың баланстық құнына Дт 2412 Кт 671 – 1500,0;
5.Тозу сомасына Дт 2413 Кт 2427 – 200,0;
6.ҚҚС сомасына Дт 1420 Кт 3310 – 300,0;
7.ҚҚС есепке алу Дт 3130 Кт 1420 – 300,0;
8.Өзара міндеттемелерді есепке алу Дт 3310 Кт 301 – 800,0
(1500,0+300,0)
9.жыл соңында:
а) шығындар жиынтық табысты кемітеді Дт 571 Кт 802 – 1200,0;
б) табыстар жиынтық табысты арттырады Дт 6010 Кт 571 – 1500,0.
Негізгі құралдарды түгендеу кезінде анықталған артықшылықтары мынадай
бухгалтерлік жазбамен кірістеледі: Дт 2412-2416 Кт6260
Негізгі құралдардың талдамалы есебін ұйымдастыру
Инвентарлық объект негізгі құралдар есебінің объектісі болып табылады,
яғни оған тиесілі бейімдеулері мен керек-жарақтарымен бірге аяқталған
құрылғы немесе жеке оқшауланған зат белгілі бір дербес функцияларды
орындауға арналған. Инвентарлық объектіге инвентарлық нөмір тағайындалады.
Объектінің нөмірленуін әдетте реттік-сериялық жүйе бойынша құрады.
Мысалы, үйлер үшін 0001-ден 0299-ға дейінгі ғимараттарға 0300-ден 0399-
ға дейінгі, беріліс құрылғылары үшін 0400-ден 0499-ға дейінгі нөмірлер
бөлінген.
Инвентарлық нөмірлер №1 нысанында және негізгі құралдар қолда бары мен
қозғалысын есепке алу жөніндегі барлық тіркелімдер мен құжаттарда
келтіріледі. Оларды тиісті объектілерде темір жетондарды бекіту, бояу жағу
немесе басқадай әдістермен белгілейді. Инвентарлық нөмір объектінің
пайдалануда болған барлық кезеңіне сақтайды, ал ол шығарылатын болса,
жаңадан келіп түскендеріне ұзақ уақыт бойы қайтадан нөмір қоймайды.
Бухгалтерлік есепте негізгі құралдар әрбір объекті бойынша бүтін теңгеге
дейін дөңгелектелген сомамен ескеріледі.
Негізгі құралдардың талдамалы есебі екі нұсқамен ұйымдастырылуы мүмкін:
1.Негізгі құралдар саны көп және есепті қол әдісімен жүргізетін ұйымдарда
объектілік, яғни негізгі құралдар талдамалы есебі инвентарлық карточкаларда
жүргізіледі. Олар шаруашылық инвентарлық біртектес заттарын, құрал-
саймандарын және техникалық сипаттамасы, құны бірдей және бір өндірістік
бөлімшеде тұрған басқа заттарды қоспағанда, әрбір инвентарлық объектіге
ашылады.
Бұл заттарды бір инвентарлық карточкада ескеруге рұқсат етіледі. Негізгі
құралдардың барлық түрлеріне ИНВЕНТАРЛЫҚ КАРТОЧКА №6 нысаны деген бірегей
типтік нысан белгіленген. Оны келіп түскен негізгі құралдар жасалған
актінің, техникалық паспорттардың және басқа құжаттардың негізінде жасайды.
Объектілер мен олардың жекелеген құрамдас элементтерінің сипаттамасы
қысқаша болып, объектінің жеклеген ерекшеліктерін дәл көрсетуге және
техникалық құжаттаманың деректерін толықтай қайталамауға тиіс. Топтың
есепке алу жағдайында карточка негізгі құралдардың жекелеген объектілерін
позициялық жазу жолымен толтырылады. Негізгі құралдар №3 нысанындағы
объектілерін есептен шығарған кездегі Негізгі құралдар №1 нысандағы акт
негізгі құралдар объектісін басқа субъектіге берген кезде негізгі құралдар
шығарылғандығы, сондай-ақ негізгі құралдар объектілерінің субъект ішіндегі
қозғалысы туралы белгілер қоюға негіз болып табылады. Негізгі құралдарды
салуды аяқтау, толығымен жабдықтау, қайта құру, жаңғырту, жөндеу жөніндегі
аяқталған жұмыстар туралы жазбаны карточкаға Негізгі құралдар №2
нысанындағы Жөнделген, қайта құрылған, жаңғыртылған объектілерді қабылдау-
өткізу актісі негізінде енгізеді. Толтырылған инвентарлық карточкалар
бухгалтерияда Негізгі құралдар №10 нысанындағы Негізгі құралдарды есепке
алу жөніндегі инвентарлық карточкалардың тізімдемесінде тіркеледі. Олар
негізгі құралдардың әрбір сыныптамалық тобы бойыншабір данада жүргізіледі.
Тіркеу кезінде карточканы нөмірлейді, содан кейін арнайы карточкаға
орналастырады. Онда ол сыныптамалық тобы бойынша сақталады. Ал бұл
топтардың ішінде – пайдаланылатын орындары мен материалды жауапты адамдар
бойынша және негізгі құралдар түрлері бойынша сақталады. Карточкада мынадай
бөлімдер болады:
-пайдаланудағы негізгі құралдар;
-ағымдағы айда түскендер;
-ағымдағы айда шығарылғандар;
-ішкі қозғалыс;
-жөндеуде;
-запаста;
-сақталуда;
-жалға берілген негізгі құралдар;
-ұзақ мерзімді жалға берілген негізгі құралдар;
-жалға алынған негізгі құралдар;
-архив.
Ай ішінде 4-бөлімнің карточкалары 12-бөлімнің шотында ескерілген
айналымдармен салыстырғаннан кейін картотеканың тиісті бөлімдеріне
орналастырылады.
Негізгі құралдарды есепке алудың 1-нұсқасы
Объект жөндеуден және жалгерден қайтарылғаннан, тоқтатылып тұруы
аяқталғаннан кейін бұл объектілердің карточкалары картотеканың тиісті
бөлімдеріне салынады. Шығарылған негізгі құралдардың карточкаларын архив
бөліміне орналастырады. Картотеканың дұрыс жүргізілуі негізгі құралдардың
жағдайы мен қозғалысына тиісті есеп жүргізіп, бақылауға алуға мүмкіндік
береді. Салық салу мақсаттары үшін субъектілер инвентарлық карточкалардың
екінші даналарын пайдалана отырып, негізгі құралдарды есепке алудың екінші
картотекасын жүргізуге тиісті. Амортизациялануға жататын негізгі құралдар
алдын-ала белгіленген амортизация нормаларымен топтарға бөлінеді. Негізгі
құралдардың әрбір сыныптамалық тобы бойынша ай ішіндегі еркін айналымдар
мен қалдықтарды ақпаратты қолмен өңдеу кезінде Негізгі құралдар №12
нысанындағы негізгі құралдардың қозғалысын есепке алудың карточкасында
ескеріледі. Оған құжаттардың негізінде инвентарлық карточкаларда
көрсетілген айналымдар мен қалдықтар жазылады. Оны 12-бөлімшенің шоттары
бойынша бас кітаппен салыстырады. Карточкаларда негізгі құралдардың жыл
ьасындағы қалдығы , келіп түсуі, шығарылуы, жыл соңындағы қалдығы
көрсетіледі. Осы деректердің негізінде негізгі құралдардың қолда бары және
қозғалысы туралы есептеме жасалады. Субъектілердің цехтары шеңберінде
материалдық жауапты адамдарға табысталған барлық негізгі құралдар №13
нысандағы негізгі құралдардың инвентарлық тізімдеріне енгізіледі. Тізімдер
материалдық жауапты адамда болады және олар оны жедел мақсаттар үшін
пайдаланады. Тізімдер мен инвентарлық карточкалардағы негізгі құралдардың
құны деректерге сәйкес келуі тиіс.
Тұрған жері бойынша негізгі құралдардың есебі бухгалтерия жазып беретін
инвентарлық карточкалардың екінші даналарында жүргізіледі.
Бухгалтерия карточкаларының деректері мен пайдалану жеріндегі деректер
бірдей болуға тиіс.
Талдамалы есеп негізгі құралдардың ел аумағындағы және шетелдегі қолда
бары мен қозғалысы туралы деректер алу мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.
Негізгі құралдарды есепке алудың 2-нұсқасы
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның қызметі
Ұзақ мерзімді активтер туралы
Сатып алушылармен тапсырыс берушілер борышының есебі
Дебиторлық борыштар есебіне жалпы сипаттамасы
Заңды тұлғалардың көліктеріне салынатын салық төлемдерін есепке алудың ақпараттық жүйесін тұрғызу
Дебиторлық және кредиторлық берешектер есебі
JPK Corporation ЖШС
Дебиторлық қарыздың есебі
Қаржылық есептілікте мынандай ақпараттар болуы міндет
Негізгі құралдардың жіктелуі
Пәндер