Шалқия кен орны


Пән: Тау-кен ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

  1. Шалқия кен орнының тау - кен геологиялық сипаттамасы . . . 4Шалқия кен орнының тау - кен жұмыстарының қазіргі жағдайы……. . 5

2. Кен орнын ашу 6

2. 1. Кен беретін кеніш. 6

2. 2. Автокөліктік еңіс. . 7

2. 3. Желдетістік шурф. 7

2. 4. Кенішті ашу сұлбасы7

2. 5. Кен сілемінің әртүрлі құлау бұрыштағы тазалай қазу блоктарын дайындау. . 8

3. Кенді атылыс күшімен жеткізу қазу жүйесінің құрылғыларын таңдау…9

3. 1. Атылыс күшімен жеткізу қазу жүйесін өнеркәсіптік сынақтан өткізуге кен денесінің бір бөлігімен блоктарды дайындау сұлбасын таңдау………10

3. 2. Панельді - бағаналы қазу жүйесін өнеркәсіптік сынақтан өткізуге кен денесінің бір бөлігімен блоктарды дайындау сұлбасын таңдау . . . 11

3. 3. Кен сілемін таңдау бөлігінде блоктарды дайындау сұлбасымен бөлектеп кен қазу жүйесін өнеркәсіптік сынау. 12

3. 4. Солтүстік - батыс тәжірибелік бөлімшесін өндіруге дайындау………12

3. 5. Тәжірибелі солтүстік - шығыс бөлімшесінің кен қорын алуға дайындау14

3. 6. Жазық қазбаны өткенде, призмалы ұңғыманың құрлымын өндеу …. . 14

3. 7. Тазалау жұмыстары14

3. 8. Дайындық - тазалау жұмыстарының күнтізбелік графигі. 15

4. Жерасты көлігі . . . 15

4. 1. Жалпы жағдайлары15

5. Кеніштік көтерме . . . 16

5. 1. Скипті көтерменің ұсақтау - шанақ кешені17

6. Желдетпе17

6. 1. Желдеткіш қондырғысы17

7. Шақтылық сутөкпе18

8. Электржабдықтау сұлбасы және көздері19

8. 1. Күштік электр жабдығы. 19

8. 1. 1. Нысандар және жерүсті ғимараттары . . . 19

8. 1. 2. Жерасты тұтынушылар . . . 19

8. 2. Электрлік жарықтандыру. . 20

8. 3. Байланыспен белгі бергіш. 20

9. Бас жоспар. . 21

9. 1. Бас жоспардың негізгі көрсеткіштері . . . 21

10. Еңбекті қорғау. 21

Қорытынды25

Пайдаланған әдебиеттер . . . 26

КІРІСПЕ

Шалқия кен орны Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданының шекарасында, Жаңақорған т. ж. станциясынан 20 шақырым жерде және Кентау қаласынан 165 шақырым жерде орналасқан.

Аталған жерлер кен орнымен асфальтталған жолдармен байланысқан.

Жергілік шамалы дөңесті жер болып табылады, жазық кең дала және біркелкі ұзыннан келе жатқан таушықтар, абсолютті биіктігі 250 - 300 м, қатысты көтерілімдері 30 - 120 м. Кен орнының батыс бөлігінде 25 шақырым жерде ірі сулы артериясы Сырдария орналасқан. Ауа райы (климаты) ауыспалы, ал температурасы айнымалы, яғни тұрақсыз; солтүстік - шығыспен оңтүстік - батыстан құрғақ жел соғады, кейде күйген шаңды борандарға айналады. Тұрғылықты халықтың басым бөлігі Жаңақорған, Бірлік, Аққұм, Төменарық поселкелерінде жайғасқан, және ауыл шаруашылығымен айналысуда. Кеніштен 7 км жерде жоғары кернеулі (220кВт) сым жүргізілген. Ол Шымкент - Кентау - Қызылорданы байланыстырады. Ауданда бірқатар құрылыс жадығаттар кешендері ашылған, бірақ оның көбісі өндеу шенінде. Ағаш жадығаттарымен жағар - жанармайларымен . Сондықтан жағар - жанармайлармен ағаш жадығаттары өзге жерлерден тасымалданады.

1 ШАЛҚИЯ КЕНОРНЫНЫҢ ТАУ - КЕН ГЕОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

Кен денесі фаменді және төменгі таскөмірлі карбонатты жыныстармен орналасқан. Жаңақорғанның кен үстіндегі жоғарғы төрт бөлігінің деңгейжиегі Жылағанат деңгейжиегінің үш бөлігін жабады, ал жоғарғы кен алабының бөлігі қорғасын - мырышты минералдардан түгелдей оқшауланған. Кен сілемінің қуаты 80 - 120 м дейін өзгеріп тұрады. Өнімдірек бөлік тектоникалық блокта қорытындылайды, солтүстік - батыста Шалқия лақтырындымен Жертансай сырғуымен, ал оңтүстік - батыста Басты лақтырындымен және оңтүстік - шығыста Орталық қаусырмамен шектеледі. Кен және бейкен жыныстарының деңгейжиектері тектоникалық бұзылыстар қаусырма типті, лақтырындылар және сырғыма және күрделенген қатпарлы антиклинальді типтер серияларына бөлінген.

Ірі тектоникалық бұзылыстарға Шалқия лақтырындылары жатады және де өз кезегінде бірнеше сырғымамен кідіртпелерді блоктарға бөледі. Шалқия лақтырындылар қуаты оншақты метрге дейін брекчиялы шөгінді жыныстарға толы. Сырғымалар қуаты бірнеше метрге жететін кенді бөліп алу зоналармен көрсетілген және жие кальцитті - кварцты минералдары қарқынды кездеседі. Сырғымамен қатар өте ұсақ жарықшақтар кездеседі.

Жылағанат деңгейжиек бөлігінің жоғарғы сыйыстырушы кеннің ішінде кенденудің өндірістік нұсқасы біркелкі емес және оларды тексеру нәтижелері арқылы орнатады.

Шалқия кен орны карбонатты жыныстарда гидротермальді - шөгінді жаралымы стратиформды қорғасын - мырышты кен орны болып табылады. Арнайы метологиялық бөліктерге байланысты пласт тәріздес екі кен денесінен тұрады(Жоғарғы және Төменгі) . Бүгінгі күнге дейін барланған кен денесінің созылым ұзындығы ось бойынша 5000 м, ені бойынша солтүстік - батысында 1200м және оңтүстік - шығысында 400м.

Шалқия кен орнында өндірістік типтің бір түрі тараған, барлық кен денесі сульфидті қорғасын - мырыш кені.

Кен орнының тау - кен геологиялық жағдайына күрделі және тектоникалық бөліністің кеңінен таралуы, майда жарықшақтардың болуы және басқа да күрделі факторлар жатады.

ВНИМИ зерттеулер жүргізу нәтижесінде 400 м тереңдіктен бастап қазу соққы қаупіне әкеліп соғады.

Кен денесімен берілген кен орнының солтүстік - батыс бөлімшесінің қазіргі уақыттағы тәжірибелі өндірістің эксплуатациясы, қазу тереңдігі 200 - 300 м, екі тік оқпанмен ашылған, жазық қазбалар жүйесі және жер бетінен +100 м деңгейжиегіне дейін, қимасы 18 - 23 м², құлау бұрышы 6° және ұзындығы 1906 м болатын көлбеу автокөліктік кірмесі өтілген.

Тәжірибелі - эксплуатациялық жұмыстар нәтижесінде кен орнының солтүстік - батыс бөлімшесінде жыныспен кеннің өздігінен жану және жатып қалу қасиеттерінің жоқтығын бекітті.

Кремнеземнің кендегі және бос жыныстағы құрамы 39 - 48% дейін жетеді, яғни кен орнын қазғанда силикоз қаупін көрсетеді.

Кен денесінің жату тереңдігі: min - 50 м, max - 500 м. Қаттылық коэффициенті проф. М. М. Протодьяконовтың шкаласы бойынша 7 - 18 аралығында өзгеріп тұрады, орташа есеппен алғанда - 16, қопсу коэффициенті - 1, 54, көлемдік салмағы - 2, 82 т/м³.

Кен денесінің орташа қуаты, жағдауының құрамы 12, 5 - тен 14, 5 м дейін өзгеріп тұрады, ал Жоғарғысы 8, 5 - 9, 5 м дейін жетеді. Төменгі кен денелерінің өзгеруне байланысты, құлау бұрышы 0 - 48° аралығында, аударылған бөлігінде - 75° дейін. Жоғарғы кен денесінің көлбеу ұзындығы оңтүстік - батыстан солтүстік - шығысқа дейін 70 - 150 м және созылым ұзындығы солтүстік - батыстан оңтүстік - шығысқа дейін 360 м, ал қуаты 7 м - ден 22 м дейін өзгеріп тұрады(орташа - 14 м) . Төменгі кен денесінің көлбеу ұзындығы оңтүстік - батыстан солтүстік - шығысқа дейін 110 - 250м және созылым ұзындығы солтүстік - батыстан оңтүстік - шығысқа дейін 420 м, ал қуаты 3 м - ден 35 м дейін өзгеріп отырады( орташа - 13м) .

Кен орнын қоршаған жыныстар берік категориясына жатады.

Жоғарғы (+163 м, +40 м) деңгейжиектерінде солтүстік батыс бөлімшеде тау - кен қазбалар жұмысының ең жоғары сукелім болжамы 150 - 200м³/сағ құрайды, ал төменгі деңгейжиектерде 1500 м³/сағ құрауы мүмкін. Су металға және бетонға қауіпті.

Солтүстік - батыс бөлімшеде +163 м, +100 м, +40 м деңгейжиектері жазық қазу жүйесімен ашылған, жер бетінен абсолютті белгісі 250-270м.

1. 1 Шалқия кенорнының тау - кен жұмыстарының қазіргі жағдайы

Қазіргі уақытта Шалқия кенорнында Басты және Көмекші тік оқпандары, көлбеу автокөліктік кірме, +163 м және +100 м деңгейжиектеріндегі кен денесін ашатын басты қабаттары өтілген. +40 м деңгейжиегінде ашу жұмыстары басталды. Кен денесінің кеңістікте орналасуын белгілеу үшін қазба жұмыстары оңтүстік - шығыс бағытында жүргізіліп жатыр.

«Шалқия кенорны қорғасын - мырышты тұрақты кондициялары техника- экономикалық дәлелдеу» жұмысы, Алматы, КазНИПИ, Недра, 1993, қазу жүйесінің келесі түрлерін ұсынады:

  • кен денесінің қуаты 10 м жоғары және құлау бұрышы 0 - 25° болатын бөлімшелерді қабатаралық құлата қазу жүйесі;
  • кен денесінің қуаты 4 - 15 м және құлау бұрышы 25 - 45° және одан жоғары болатын бөлімшелерде кенді атылыс күшімен жеткізу жүйесі;
  • кен денесінің қуаты 5 - 10 м және құлау бұрышы 0 - 15° болатын бөлімшелерде сыйыстырушы тау жыныстарын құлата қазу, тасымалдау қазбаларына қарқынды шығару жүйесі.

Алғашқы кезендерде Шалқия кенорнын игеруге бірнеше қазу жүйелерінің өндірістік тексерулері жүргізілді: кенүңгірлі - бағаналыдан кейін сыйыстырушы тау жыныстарын құлату, қабатаралық - кенүңгірлімен кенді қарқынды шығару.

1993 жылдың соңында кенорнында шамамен 1, 735 млн. т. кен қазылып алынды, құрамында: қорғасын - 1, 13%, мырыш - 3, 02%, күміс - 3, 78 г/т, кеннің жоғалымына және құнарсыздануна байланысты - 15, 2% және 16, 1%.

1992 - 1993ж. ж. еңбек өнімділігінің құрамы:

Кенжаршы жұмысының:

Тазалай қазу жұмыстарда - 7, 1 м³/ад. аус.

ДТЖ - да - 3, 4 м³/ад. аус.

Жерасты жұмысының:

Тазалай қазу жұмыстарда - 2, 36 м³/ад. аус.

ДТЖ - да - 1, 6 м³/ад. аус.

Кеніш бойынша:

Тазалай қазу жұмыстарда - 1, 83 м³/ад. аус.

ДТЖ - да - 1, 21 м³/ад. аус.

КазНИПИ недра институтының мәліметтері бойынша жағдаудағы 1, 4% мырыш құрамы бар кен қорын қазу және 1 млн. т. кеніштің жылдық өнімділігімен шығынға түседі. Ал жағдаудағы 3, 0% мырыш құрамы бар кен қорын қазу және 1 млн. т. кеніштің жылдық өнімділігі экономикалық жағынан тиімді.

Кеннің тауарлық сапасын көтеру мақсатында, жоғалымды азайтуға және құнарсыздануды төмендетуге қазу жүйесінің оңтайлы тәсілін қолдану қажет.

2 КЕНОРНЫН АШУ

Шалқия кенорны екі кен денелерімен берілген(Жоғарғы және Төменгі), бірінің астында бірі орналасқан және ортасында қуаты (қалындығы) 5 - 10м - ден 50 м дейін жететін бос тау жыныс қабаты орналасқан. Кен денеснің созылым ұзындығы 600 - 1000 м аралығында, көлбеу ұзындығы 1600 - 2000 м аралығында өзгереді. Жату тереңдігі жер бетінен құлау сызығына дейін 50 - 500 м аралығында өзгеріп тұрады.

Кен денесінің орташа қуаты - 12, 5 м, құлау бұрышы 0 - 45° аралығында. Кенді сыйыстырушы тау жыныстар - жарықшақты және кремниленген доломиттер; жатушы жыныстар - доломиттенген әктастар. Кремнеземнің орташа құрамы - 44%.

Шалқия кенішінің басты ашу қазбаларына кіретіндер: кеніштің скиптік және клеттік оқпандары, көлбеу автокөліктік қазбасы, желдетістік оқпандары, жеддетістік шурф және +100 м деңгейжиектегі сорғы станциясындағы кабельді - құбырлы өрлеме, және де +163 м деңгейжиекте жүріп жатқан кеніштің барлау оқпаны.

2. 1 Кен беретін кеніш

Тереңдігі 250 м, жарықтағы диаметрі 6 м, бос тау жыныстарын беріп тұратын скипті (скип - скипті) және скип - клетті көтерме жабдықтармен, адамдарды, жабдықтармен жадығаттарды көтеріп - түсіруге жабдықталған. Өнімділігі жылына 1млн. т. кенді, 280 мың т. бос тау жыныстарын көтеріп тұрады. Оқпан арқылы +163 м және +100 м деңгейжиектерінің барлық қорларын шығарады.

2. 2 Автокөліктік еңіс

Ұзындығы 1906 м болатын жер бетінен +100 м деңгейжиегіне дейін жетеді, қимасы 13 - 23 м² және 0, 1° ( немесе 0, 6° ) болатын жазық сызықтағы енбесі, ал дөңгеленген жерлерде - 0, 03°. Қазба, құрал - жабдықтарды, жерасты кеніштердегі жұмысшыларды, жағар - жанармайларды және т. б. жадығаттарды жеткізуге және де 150 м³/с таза ауаны беруге арналған.

2. 3 Желдетістік шурф

21 және 57 белгісінде өтілген барлау қимасының сызығы, +100 м деңгейжиекке көлбеу автокөліктік кірмені өту барысында желдетістік өрлеме қызметін атқарады. Содан кейін диаметрі 6 м желдетпе шурфы +163 м деңгейжиекке дейін кеңейтіліп, бетонмен бекітіліп, ВЦД - 315 типті бір желдеткіш құралымен жабдықталады және берілген ауа ағымын шығару қызметін атқарады.

2. 4 Кенішті ашу сұлбасы

Шалқия кенішінің басты және күрделі құрылыс нысаны болып жерасты қазба кешені және клетті - скипті шақты үсті ғимараттары жатады. Осы нысандардың басты құрылыс көлемі кешенді қосу барысында орындалу қажет.

Клетті шақты оқпаны : жалпы тереңдігі 643 м және жарықтағы диаметрі 7м, қиылысқан жыныстар алдын - ала цементтеліп бетонмен қатайтылады. Оқпан таза ауа беру, технологиялық, өртке қарсы және ауыз суларын 100м³/сағ мөлшерінде беру, адамдарды түсіріп - көтеруге, өте ірі және өту құралдарын (жабдықтарды) көтеріп - түсіруге және де көмекші жұмыстарды орындауға арналған. Жоспардағы еденінің өлшемдері 4500 x 1500 мм, бір жақты металды бағыттауышы, жүк көтергіштігі 6 т және де оқпанда 13 аялдама орны бар 17кН 4, 5 - 3 типті адам - жүк клеті орнатылған. Оқпаналбары қазбасы шайқалмалы алаңмен, шақтылық сақтандырғыш есіктермен және 35 т дейін жүк салмағын қабылдауға оқпанның жүк бөлімінің астындағы көпірлермен жабдықталған.

Скипті шақты оқпаны : жалпы тереңдігі 633 м және жарықтағы диаметрі 7, 5 м, тау жыныстары алдын - ала цементтеліп, бетонмен қатайтылады. Оқпан кенді ( жылына 3млн. т. ) және бос жынысты ( жылына 400 мың т. ) шығаруға арналған. Көтерме екі көп арқанды ЦШ - 4 x 4 көтергіш машинасымен, скипті қарсы салмақты көтерме жүйесімен жабдықталған. Скиптің сыйымдылығы 4 м³. Көтеру қондырғылары толығымен автоматтандырылған.

Скиптік және клеттік оқпандары бірден толық тереңдігіне өтіледі.

2. 5 Кен сілемінің әр түрлі құлау бұрыштағы тазалай қазу блоктарын дайындау

Шалқия кенорнындағы кен сілемінің құлау бұрышы 0 - ден 35° - қа және одан да жоғары, өйткені алынатын блок әртүрлі сұлбамен дайындалады. Кең ауқымды топтар үшін құлау бұрыштарын үш дәрежелерге бөледі:

  • құлау бұрышы 0 - ден 15° - қа дейін
  • құлау бұрышы 15° - тан 35° - қа дейін
  • құлау бұрышы 35° - тан жоғары

Әрбір үш дәрежелі ауқымында жатқан кен сілемі үшін жүргізілген тазалай қазу жұмыстарының сұлбасы бірыңғай болуы мүмкін. Кенүңгір өлшемі кен сілемінің барлық құлау ауқымы бойынша бірдей болып алынады: кенүңгір ұзындығы, кен сілемінің қуатына байланысты 10 - 20м, ені 10 - 12 м.

Кенүңгіраралық кен тіректердің ені барлық құлау бұрыштарының ауқымында бірдей - 4 - 6 м.

Кен сілемінің құлау бұрышы 0 - 15° болғанда блоктардың сұлбасын дайындау және тазалай қазу жұмыстарын жүргізу ең алдымен +163 м деңгейжиектен жоғарғы және төменгі кен денесінің жүрістік еңкіші және одан желдетпе жеткізу қуақазын кен сілемінің созылымымен қапталға дейін үңгіленеді. +100 м деңгейжиектеде кен сілемінің созылымымен қапталға дейін қуақаз, одан төменгі және жоғарғы кен денесінің болашақ кенүңгірдің ортасымен көлбеу кендік қияқаз үңгіленеді. Көлбеу кендік қияқаздан кен денесінің қапталынан кесу саңылауы өтіп, жоғарғы кенүңгір шекарасындағы желдетпе қуақаздан өткен енбемен түйістіріледі де жалпы шақтылық депрессияның есебінен сыртқы желдетіспен қамтамасыздандырылады.

Кенүңгірде кен кенүңгірдің ортасымен жүргізілген, қияқаздан бұрғыланған тік желпуішті төтелдермен уатылып, өздігінен жүретін ПДМ жабдығымен кенқұдыққа жеткізіледі.

Тазалай қазу жұмыстарын бір уақытта жүргізген жағдайда жоғарғы және төменгі кен сілеміндегі кенүңгіраралық кентіректер бір - бірден тік жазықтықта орналасады.

Кен сілемінің құлау бұрышы 15° - тан 35° ауқымында болған жағдайда тазалай қазу кенүңгір кен денесінің созылымымен үңгіленген кендік қуақазда дайындалады.

Кен сілемінің құла бұрышы 35° - тан жоғары болған жағдайда тазалай қазу кенүңгірін дайындау кенүңгір ортасымен үңгіленген көлбеу өрлемелерде жүргізіледі. Кенүңгірде кен өрлемелерден бұрғыланған жазық желпуішті төтелдермен уатылып, кенқұдыққа атылыстың күшімен жеткізіледі. Тасыма деңгейжиекке шығатын кенқұдықтар дірілдекқоректік жабдықтармен қамтамасыздандырылған.

3 КЕНДІ АТЫЛЫС КҮШІМЕН ЖЕТКІЗУ ҚАЗУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫН ТАҢДАУ

Шалқия кенорнының тау - кен геологиялық жағдайы Мырғалымсай кен орнына ұқсас, осыған байланысты осы кенорнының қазу жүйесінің әсерін эксперименттік қорытындыдан қарап аламыз.

Зертханалық және өнеркәсіптік жағдайлардың әсерінен өткізілген сынақта атылыс күшімен жеткізіп қазу жүйесі былай орнатылды:

  1. Мырғалымсай кенорнының жағдайымен салыстырғанда кен сілемінің жату бұрышы 0 - 20° болғанда өздігінен жеткізу тәсілі қолданылмайды.
  2. Құлау бұрышы 20° - тан 35° - қа дейін болғанда атылыс күшімен жеткізуді қолдануға болады, өздігінен жеткізу қашықтығы 20 - 25 м. Ұзындығы аз кенүңгірде дайындық жұмыстары көлемінің көптігінен атылыс күшімен жеткізу, бұл жағдайда толық блоктың дайындығын қажет етпейтін кішкене ғана бөліктерде жүргізілуі қажет.
  3. Осы құлау бұрышында және үлкен арақашықтықта атылыс күшімен жеткізуге болады, егер кенүңгір табаны кен үйілімінен тазартылса. Екі - үш рет тазартылғаннан кейін ұзындығы 45 - 50 м болатын кенүңгірлерде жұмыс жүргізуге мүмкіндік бар.
  4. Құлау бұрышы 35° - тан жоғары болғанда кенді атылыс күшімен жеткізу кенүңгірде өздігінен жеткізу болып қолданыла алады.
  5. Тазалай қазу кеңістігінің биіктігі 10 м - ге дейін және төтелдердің диаметрі 56 - 65 мм болғанда кенді атылыс күшімен жеткізу әсерін қамтамасыздандыратын ҚҚС оңтайлы ұзындығы 1, 6 - 1, 8 м аралығында болады.
  6. Кен сілемінің жату бұрышы 25 - 30° және жеткізу арақашықтығы 45 м болғанда АЗ - ның меншікті шығыны жеткізу қашықтығына байланысты 230 - 450 г/т - дан жоғары болған жөн. Осы себепті уатылған қабаттың биіктігі бойынша орналасуы әрбір 2, 5 м - де 1:1:1, 5:2 өзгеріп отыруы тиіс.

Атылыспен жеткізу сынағы № 555 блокта жүргізілді, кен денесі тақталы, орта қуатты 5, 5 м және құлау бұрышы 18 - 26°. Тектоникалық бұзылыстардан кен және бос жыныстар тұрғылықсыз екені анықталды.

Тазартылыс блогы тасылым қуақаздан, адам жүріс бөлімінен, кенқұдық және ені 5 - 6 м болатын автокөліктік тиеу кірмелерімен көлбеу өрлемелерден дайындалды. Кірменің төбесі 0, 7 x 0, 7 м тордан 2 метрлік темір бетонды қарнақтармен бекітілген.

Блок, ені 15 м болатын 3 панельмен бөлінген. Панель арасындағы кентіректердің ені 4 м. Әр панельде тиеу кірмесінен жыныстың сұлама бүйрінен тереңдігі 0, 5 м болып бұрғылау өрлемелері өтілген.

Кен массивін желпуішті жазық төтелдермен өрлемелерден бұрғылайды. Төтелдердің диаметрі - 56 мм, ҚҚС - 1, 5 м, төтелдердің арақашықтығы - 0, 5 - 2, 5 м. АЗ - ның меншікті шығынына байланысты желпуішті төтелдердің саны 13 - 26 аралығында өзгереді. Төтелдерді гранулит АС - 8 АЗ - мен оқталады. Кенді уату 1- ші және 2 - ші қатардағы төтелдерді аттырумен жүргізіледі. Кен ПДМ - ST - 5А жабдығымен тиеп жеткізіледі. Кенүңгір табанында қалған кен қалдықтарын қашықтықтан басқарылатын бульдозермен тазартылады.

АЗ - ның шығымы жоғарылауына қарамастан ( 450 - 500 г/т - дан 600 - 650 г/т) жеткізу әсері жеткізу қашықтығы 1, 5 м- ден 15 м - ге жоғарлағанда 100% - дан 70% - ға төмендеді, ал жеткізу қашықтығы 18 м болғанда 40% құрады.

АЗ - ның меншікті шығыны 1120 г/т жоғарылағанда әрбір уатылған қабаттан кенүңгір табанын жүйелеп тазарту, жеткізу қашықтығы 33 м өсуіне қарамастан жеткізу әсері 78 % құрады. Жеткізу қашықтығы 42 м алыстағанда жеткізу әсері 58, 5 % дейін төмендеді.

3. 1 Атылыс күшімен жеткізу қазу жүйесін өнеркәсіптік сынақтан өткізуге кен денесінің бір бөлігімен блоктарды дайындау сұлбасын таңдау

Қазу жүйесінің жобасын жасауға өнеркәсіптік сынақты өткізу № 20 қылует бөлігіндегі солтүстік - батыс қабатаралық қуақаздағы, +163 м деңгейжиекте орналасқан, солтүстік - батыс қапталындағы төменгі кен денесінің бөлігі алынды. Бөліктің ұзындығы 190 м - ге созылған, кен денесінің қуаты 8, 7 - 15, 8 м дейін. Орташа металл құрамы: қорғасын - 1, 15%, мырыш - 4, 29 %. Кен сілемінің құлау бұрышы 28 - 70° аралығында. Кен қоры бұл бөлікте 267, 2 мың т.

Құлау бұрышына байланысты кенді алу атылыс күшінің көмегімен жеткізу қазу жүйесін қолдану көзделді. Мырғалымсай кенішіндегі қазу жүйесіндегідей мына шамашарттар қабылданады: кенүңгір ені - 12 м, кенүңгір аралық кентіректердің ені - 4 м. Кенүңгірде кенді алып болған соң бос жынысқа төнбе бүйірден терең бұрғыланған төтелдермен уатып төбені құлату арқылы жүзеге асады.

Дайындық жұмыстары кен денесінің жатпа бүйірінен, +163 м деңгейжиектен солтүстік - батыс қуақаздан № 20 қылуетке одан әрі кен денесінің шекарасына дейін үңгіленеді. Қуақаздан кен МоАЗ жабдығымен тасымаданады, сондықтан ауданын 16 м² етіп аламыз.

20с белгісіндегі бөлімшеде кен сілемінің жатпа бүйірінен өрлеме өтіледі, ол жер бетімен тікелей байланысты болғандықтан лас ауа шығатын желдетпе өрлемесі және қосалқы шығу ретінде пайдаланылады. Өрлемені ұңғылап және орнатып болғаннан кейін, жатпа бүйірден +203 деңгейжиекке кендік қуақазды өту басталады. Кендік қуақаз өрлемеден басталып солтүстік - батыс және оңтүстік - шығыс қапталындағы кен сілемінің шекарасына дейін үңгіленеді. Бұл деңгейжиекте уатылған кен кенүңгірден кенқұдыққа ысырмамен жеткізіледі, сол себепті кендік қуақаздың ауданы 7, 5 м² етіп алынады. Үңгілеу жұмысы аяқталған соң солтүстік - батыс қапталдағы 21в және оңтүстік - батыс қапталдағы 20а белгілеріндегі бөлімшеде жатпа бүйірден, шоғырмен байланыстырылып, болашақ кенүңгір ортасымен өрлеме өтіледі. Ол +163 м және +203 м деңгейжиектегі кендік қуақаздарды қосып тазалай қазу жұмыстары жүріп жатқан бөлікті жалпышақтылық депрессияның есебінен желдетілуімен қамтамасыздандырады. Бұрғылау жұмыстары жүргізіліп жатқан кенүңгірді желдету үшін, көрші кенүңгірдегі өрлемемен жұмыс жасалып болған кенүңгірдегі өрлемені қысқа қуақазбен қосу арқылы жүзеге асады.

+203 м деңгейжиектен +163 м деңгейжиекке кенді түсіру үшін 20с және 21в белгілерінің арасымен кенқұдық үңгіленеді.

+100 м және +163 м деңгейжиектерінің арасындағы кенүңгірден кен түсіру дірілдекқоректің көмегімен орындалады.

Төнбе бүйірдегі жұмыс жасалып болған кеңістіктегі жыныстарды төтелдермен бұрғылап құлату үшін кендік қуақаздан қысқа өрлеме өтіліп бұрғылау кенүңгірімен шектеледі. Екі кенүңгірдегі төбені бұрғылау үшін өрлеме кеүңгіраралық кентіректерге қарама - қарсы орналасады.

Жеткізу құмалары бөлігіне төсем жыныстар жеткілікті болу үшін төтелдердің ұзындығы 25 м - ге бұрғыланады. Кенүңгірдегі уатылған кенді шығарудың келесі нұсқасы енбенің табанына жинап ПНБ тиеу жабдығының көмегімен МоАЗ көлігіне тиеледі деп болжамданады.

3. 2 Панельді - бағаналы қазу жүйесін өнеркәсіптік сынақтан өткізуге кен денесінің бір бөлігімен блоктарды дайындау сұлбасын таңдау

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫ БОЙЫНША
Қазақстан Республикасында түсті металдардың маңызды түрлерін өндіретін аудандар
Шалқия мұнай кені
Облыс жерінде қар жамылғысы тұрақсыз
Түсті металлургияның салалық құрамы
Алтын нарығының әлемдік металдар нарығындағы орны
Қазақстанның қазба байлықтары
Металлургия өнеркәсібі.Молибденге түсініктер
Қазақстаның терреиториясындағы байлықтары
Мыс және мысты – молибденді кендерді байыту технологиясы. Заттық құрамы, негізгі түрлері. Кенің және концентраттың сапасына қойылатын талаптар. Технологиялық сызбалар және байыту көрсеткіштері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz