Шағын бизнестің Қазақстанда қалыптасуы, дамуы


Жоспар:
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім:
2. 1 Шағын бизнестің Қазақстанда қалыптасуы, дамуы.
2. 2 Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерліктің рөлі.
2. 3 Шағын бизнес проблемалары және оны шешу жолдары.
3. Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе.
Қазақстан Республикасының қазіргі таңдағы даму барысындағы өзекті мәселелердің бірі болып тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму арқылы халықтың тұрмыс деңгейінің сапасының артуын қамтамасыз ету болып табылады. «Қазақстан -2030» стратегиясы, 2015жылға дейінгі индустриялдық- инновациялық даму стратегиясы мен Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында кәсіпкерлік ортаны одан әрі нығайту мәселесіне, оның ішінде ұлттық экономиканы инновациялық технологиялар негізінде диверсификациялауды жүзеге асыруда шағын және орта бизнеске жетекші орын беріліп отыр. Осыған бйланысты еліміздегі өзекті мәселелердің бірі- осы аталмыш саланы одан әрі желілдіріп, өркендету. Бұл жердегі бизнес дегеніміз азаматтар мен азаматтар тобының жеке мүліктік жауапкершілігі, тәуекелі мен қауіп-қатері негізінде пайда немесе экономикалық түсімдердің өзге де нысанын алуға бағытталғандербес қызметі. Қазақстан Республикасының 1997жылғы 19 маусымдағы «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» Заңына сәйкес, шағын кәсіпкерлік субъектілері болып жұмыскерлердің жылдық саны 50 адамнан аспайтын әрі орташа есеппен жылына айлық есептік көрсеткіштің 60 мың мәртесәнен артпайтын мөлшерде актив ұстайтын кәсіпкерлік қызметпен шұлылданатын заңды тұлғалар мен заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар танылады. Орта кәсіпкерлік субьектілері болып жұмыскерлердің жылдық саны 250 адамнан аспайтын әрі орташа есеппен жылына айлық есептік көрсеткіштің 325 мың мәртесінен артпайтын мөлшерде актив ұстайтын кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын заңды тұлғалар танылады.
Осы орайда қаржы, бюджет, салық, несиесаясаттарын және сәйкесінше олардың механизмдердін одан әрі жетілдіру жолдары мен әдістерін іздестірудің объективтік қажеттігі туындауда. Бұл механизмдер тек Қазаұстан Республикасының экономикасының ойдағыдай дамуын қамтамасыз ететін іргелі қаржы негізін құрып қана қоймай, сан салалы экономиканы реттеуді жүзеге асырады. Қаржы-несие қатынастарын жетілдіру, экономиканың барлық саласында, бизнесте, оның ішінде шағын және орта бизнесте экономикалық тұтқалар мен ынталарды қолдану арқылы аталмыш салаларды қаржылық тұрғыдан сауықтыру орындалады. Аталмыш істі жүзеге асырудың бір нысаны ретінде 2002 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген Салық Кодексінде шағын және орта бизнес субъектілеріне салық салу мәселесі біршама жүйелендірілген.
Шағын және орта бизнес - экономикадағы нарықтық қатынастарды қалыптастырудың неғұрлым тиімді әрі икемді түрі. Шағын кәсіпорындар өзгермелі нарықтық коньюктурасының өзгеруіне қарай жылдам бейімделе алады. Қазақстандағы шағын кәсіпорындар меншік түріне қарай мемлекеттік, жекеменшік және аралас болып үшке бөлінеді. Жекеменшік кәсіпорындар барлық шағын кәсіпкерік пен бизнес нысандарының шамамен 80 пайызын құрайды. Расында, елімізде экономиканың әр түрлі салаларын қамтыған көптеген шағын бизнес кешендерін құру арқылы ғана толлыққанды нарық қалыптастыруға болады. Өйткені, нақ сол кәсіпорындар ішкі нарықты тұтыну тауарларымен тез толықтыра алады.
2004 жылдың шілдедегі Қазақстан Республикасында шағын бизнесті қолдау мен дамытудың басымдылықтары мен аймақтық бағдарламалары туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы шағын кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламалық қүжаты болып табылады. Оның мақсатына- ауыл шарушылығы өнімдерін қайта өңдеу, құрылыс материалдары мен конструкция өндірісінде, халық тұтынатын тауарлар мен азық-түлік өнімдерін өндіруге тұрақты жұмыс істейтін шағын бизнес субъектілерін қаржымен, ақпараттармен қамтамасыз ету механизмдерін жетілдіру жатады. Сонымен қатар, осы жарлықта импортты алмастыру өндірісін құру мақсатында жаңа өндірісті құру және жұмыс істеп тұрғандарын дамыту, ресурстық және технологиялық өзара байланыс белгілеріне байланысты ірі кәсіпорындарынмен бірге шағын арнаулы өндірістерді үлестіруді қамтамасыз ету үшін шағын бизнесті дамытудың басым бағыттары анықталған.
Негізгі бөлім.
Республикамызда нарықтық қтынастарды қалыптастырудағы маңызды міндеттердің бірі-шағын кәсіперлікті дамыту. Республикада шағын бизнестің дамуы мен қызмет жасауына қажетті ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық шараларды қалыптастырудың алғашқы қадамдары жасалуда. Оған келесі жағдайлар бекітіледі:
- Шағын кәсіпорындар кез келген халық шаруашылығының саласында, кез келген меншік формасы негізінде құрыла алады.
- өнеркәсіп пен құрылыста жұмыскерлер саны 200-ге дейін.
- Ғылым мен ғылыми қызмет көрсетусаласында: жұмыскерлер саны 100 адамға дейі ;
- Бөлшек сауда: жұмыс істейтіндер саны 15 адамға дейін.
Шағын кәсіпорындар, шаруашылық ассоцялары, ұжымдық, біріккен кәсіпорындар, мемлекеттік органдар құрады. Республикамызда шағын бизнестің экономикалық мәнің тереңнен түсінуге « Қазақ КСР -індегі шаруашылық қызметінің еркіндігі мен кәсіпкерлердің дамуы» туралы заңның қадылдануы жол ашты. Бұл заң азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметінің еркіндігін қамтамасыз ететін негізгі құқықтық, экономикалық, әлеуметтік шаралар мен кепілдіктерді анықтап береді. Ол мынадай бағыттар бойынша жүргізіледі:
- Қазақстанда шағын кәсіпорындардың қолдау қорын құру;
- Жеңілдік жағдаймен несиелеу;
- Шағын кәсіпорындарға сыртқы экономикалық қызметпен айналысуға көмек көрсету;
Кәсіпкерлікті қолдаудың, дамытудың жоғарыда аталған бағыттардан басқа шағын кәсіпкерлікті қолдаудың тереториялық орталықтарды жатқызуға болады.
Шағын бизнес мониторингі.
Статистикалық тіркелім деректерінде Республика бойынша 2003 жылғы шілде айының 1 жұлдызына дейін кәсіпорын тіркелген, бұл көрсеткіш өткен жылғы осы кезеңдегі деңгейден 13, 1% жоғары.
Тіркелген кәсіпорындар 72, 0% жұмыс істейтін кәсіпорындар. Белсенді жұмыс істейтін кәсіорындардың басым көпшілігі саудаға, автомобильді және үй мүліктерін жөндеуге маманданған, өйткені сауда қызметі мен белсенді кәсіпорындармен аса қолайлы.
Дүние жүзілік практикада жалпы қабылданған кәсіпкерліктің даму деңгейінің көрсеткіші
- шағын бизнес кәсіпорындардың 1000 тұрғынға шаққандағы саны.
Халықтың кәсіпкерлік белсенділігі әсіресе Алматы қаласы мен Астана қаласында (15, 4) , сондай-ақ Маңғыстау (8, 4) және Павлодар (6, 5) облыстарында ас жоғары. Шаруа қожалықтары бойынша оң түстік Қазақстан, Алматы, (34) және Қарағанды(24) обылыстары көзге түседі.
Шағын кәсіпкерлік базар қатынастрын ұдайы іске қосып отыратың ортаның нақ өзі экономиканың өтпелі кезеңіндегі шағын кәсіпкерлік, ең алдымен, базарлардың тауарлармен малығуына және жаңа жұмыс орындардың құрылуына мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, кәсіпкерлік экономикада нақты белсенді, бәсекелес ортаны ғана қалыптастырып қоймайды, сонымен қатар меншіктің экономикалық дамуына оның тұрақтылық индикаторы есепті орта жасақтайды. Шағын кәсіпкерліктің әлеуметтік
міндетіне ; халықты жұмыспен қамту, тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету және адамның өмірге нақ сезімен қарау мүмкіндігін артыру жактады.
Қазақстанда шағын кәсіпорындар жүйесінің қалыптастыру әлі жүріп жатыр. Фирмаларды көлемі бойынша топтастыру кезінде негізінен бірінші белгі ескеріледі: шағын бизнеске жұмыысшы саны 100 адамға дейін, ал Қазақстанда 50 адамға дейін болатын кәсіпорндарды жатқызу құбылысы. Кәсіпорындардың кәсіпкерлеріне жоғары білімі бар және онысын жұмысында қолданады.
Ең басты: шығын кәсіпкерліп саны өсіп келеді, өсіп келеді. Өсім соншалықты жоғары да емес, небәрі пайыздың бөлшегі ғана.
Дегенмен, өсім бар. Ол 7 пайызды құрайды.
1998-2003 жылдар ішінде ҚР -да жұмыс істеген шағын кәсіпорындар саны. (мың есебімен) .
Шағын кәсіпорындардың соңғы жылдары күрт ұлғаюы жаңа нарықтық құрылымының қалыптаса бастаған аймағы . Алайда, заңды тұлғалардың жалпы соның 55 % ғана жұмыс істегенің айтпай кетуге болмайды. Заңды түрде тіркеліп, мерзімінде жұмыс істеген шағын кәсіпорындардың басым көпшілігі Алматы қаласында орналасқан. Мұнда 23144 кәсіпорынның 16037-і, яғни 69 пайызы жұмыс істейді.
Тұрғындардың мемлекеттік бөлікте жұмыспен қамтылу деңгейі төмендеді. Босап қалған еңбек ресурстарының бір бөлігі амемлекеттік кәсіпорындардан жеке кәсіпорындарға ауысты. Шғын және орта кәсіпкерлік, әсіресе, агроөнеркәсіптік өндіріс саласында мықтап дамуға тиіс. Өткен жылдары еске алсақ, ауыл шаруашылық шикізаттың басым бөлігі риспубликадан тыс жерлерге тасымалданып, сол жерлерде өнделіп, дайын өнім жоғары бағамен қайта әкеледі. Агроөнеркәсіптік кешен- экономиканың ірі де әлеуметтік маңызы зор бөлігі. Жалпы ішкі өнімнің алтыдан бір бөлігі ауыл шаруашылығының, сондай -ақ ұқсату кәсіпорындардың үлесіне тиеді. Шағын кәсіпкерлік тек бәсекелестің ғана емес, сонымен бірге, қоғамдағы техникалық прогресс пен ақпараттандырудың да лайықты ұйытқысы болып табылады. Ол шағын және орташа қалалар мен аудандар ауамағында тұратын адамдардың әлеуметтік - экономикалық жағдайын жақсартуға қызмет етеді.
Шағын бизне проблемалары және шешу жолдары.
Шағын кәсіпорын өзінің іс- әрекетінде көптеген қиындықтарға кездеседі. Олардың негізгі проблемалары - ресурстық базасын жетіспеушілігі: материял- техникалық және финанстық. Шың мәніңде халық шаруашылығында бос жерге кең және жаңа сектор құру көзделіп отыр. Ондаған жылдар бойы шағын кәсіпорын секторы болған емес. Олай болса осындай жұмысты ұйымдастырып, алап кететіндей кәсіпкерлер де болған жоқ. Тұрғындардың көпшілігінің басында артық ақшасы болмады, ал өз ісін бастайтын кәсіпкерлер болуы үшін, қаражаттары болу керек еді. Сақтық кассаларындағы ақшалар күйіп кетті. Сондықтан өз ісің жүргізу үшін тек қана несие керек. Оны кім береде?
Шағын кәсіпкерліктің заңға сүйенрлік базасы жоқ деуге болады. Шағын кәсіпкерліктің іс- әрекеттерін терең жасайтын жүйе жоқ.
Олардың істеген жұмысынан қортынды табу қиын, қандай көрсеткіштер арқылы талдау жасап мемлекеттік жеңілдік беру керек екендігін аңықтау қиын. Көбіне тек таныстық керек. Олкорупцияға апарады.
Басты проблеманың бірі-ол кадр мәселесі. Кәсіпкерлік сүйекке біткен қасиет дейді. Ол мүмкі дұрыс болар, бірақ оңдай адамдар аз. Қоғамға керекті кәсіпкерлерді даярлау керек. Ол үшін оларды таңдап алып оқыту қажет.
Кейіңгі жылдары елімізде шағын және орт кәсіпкерлікті дамытуда көбірек көбірек көңіл бөлініп бастағаны байқалады. Оның экономиканы жандандыруға, адамдарды жұмыспен қамтамасыз етуде маңызы зор екендігін әлемдегі көптеген елдердіңтәжірибесі көрсетіп отыр. Біздеде ол жайлы бүгіндерде аз айтылып, аз жазылп жүрген жоқ. Қазақстан кәсіпкерлерінің 4 форумы ел Президентінің қатысуымен 1998 жылғы 27 сәуірде Алматыда өткізілді. Форумға республиканың түпкір -түпкірінен 1600 делигат қатысы, шағын бизнесті дамытудың көптеген мәселелері жан -жақты талқыланды.
Осы бас қосуда Призедент Нұрсұлтан назарбаев мінберде тұрып « Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне құқығын қорғау туралы» жарлыққа қол қойды. Призедент жанынаң шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніңдегі ҚР агентігі және қоғамдық бірлестк - «Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы » құрылды.
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуда атқарылған істер, қол жеткен табыстармен қатар әлі де осы саланың дамуына бөгет жасап отырған, шешуі табылмаған мәселелер де көп екені форумға қатысушылар сөзінен айқын байқалады. Өзінің сөзінде ел басы Н. Назарбаевта ондай мәліметтердің көп екенің айтып, олардың негізгі екі себебіне тоқталды.
Бірінші - қызмет бабы бойынша шағын және орта кәсіпкерлікпен байланыс жасайтын мемлекеттік қызметкерлерн мен ұйымдар тарапынан тойылмай отырған зорлық - зомбылығы.
Екіншісі -орталықтан қаржыландырудың және сауда айналымына ғана емес, ұзағырақ мерзімге несие беру мүмкіндігің жоқтығы. Сондай -ақ кәсіпкерлер мүддесін қорғайтын сот ретінде еңгізу керек, кәсіпкерлер мен тексерушілер органдар арасындағы даулы мәселелерді ашқ процесстерде қарайтн сот арнайы әкімшілік сот жүйесін құру да қажет және ондай сот әкімшілік жаза қолданатын құқығн болуы шарт.
Қызметкерлердің саны аз кәсіпорындардың қызмет облысы экономикасын дамытуға әзірше үлес қоса қойған жоқ деп атап көрсетуге болады. Зандық нормативті - құқықтық бозаның, кіші бизнесті дамытудың қаржы - несиелік және инвестициялық механизімдерінің жетілмегендігі, сондай- ақ экономикада болып жатқан дағдарыстың құбылыстар кәсіпкерлік белсенділікті дамытуға кері әсерін тигізеді. Соның өзінде де кіші бизнес дамуы үстінде, экономиканың және заңдық механизімдерді жетілдіріп икемді салық саясатын қолданған кезде, нарық экономикасының маңызды болуына тиіс. Мемлекеттік емес сектордың дамуы жаңа жұмыс орындарын жасау есебінен бәсекелесу қабілеті төмен адамдар ( жастар, зейнеткерлер, балалар, балалы әйелдер) үшін еңбекке арнаулы мүмкіндігін ала отырып, белгілі бір дәрежеде еңбек нарығында шиеленісті бәсендетеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz