Саяси билік жайлы мәлімет



1. Саяси билік. Билік түсінігі, жалпы сипаттамасы мен мәні
2. Билік құрылымы
3. Қазақстанда мемлекеттік биліктің орнығуы мен нығаюы
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Саяси билік саясаттың аса маңызды проблемасы болып табылады. Билік - адамзат қауымдастығының, адамдар өмірінің негізгі бастауларының бірі. Қоғам бар жерде биліктің де болатындығы дәлелсіз шындық. Бұған басқа тұрғыда көз салсақ - билік жүргізу үшін сол билікке мойын ұсынатын қоғам кажет.
Алғашқы билік нысандары сонау ғасырлар қойнауынан қылаңдап көрініс береді де, өз тамырын отбасындағы, ру мен тайпадағы өзара қарым-қатынастардан алады және де ол өндірістің дамуыма да байланысты болады.
Еңбек бөлінісі. Биліктің отбасылық-рулық түрі көшпелі халықтар арасында біздің дәуіріміздің алғашқы ғасырларында көрініс бере бастады. Отырықшылықтың дамуына байланыс¬ты бірте-бірте тайпалық билік қалыптасты. Солардың арасынан неғұрлым күштілері, ақылдылары, айлакерлері мен қабілеттілері дараланып көзге түсе бастады. Қоғамдық өндірісті бөлу мен жеке меншіктіліктің пайда болуына байланысты аймақтық билік қалыптасты. Сөйтіп рулық-тайпалық байланыстың күйреуіне орай жария билік орныға бастады. Уақыт оза келе басқарудағы өз құқығын жариялаған және егіншілер мен малшыларды өзіне күшпен бағындырған жария билік қоғамнан іргесін аулақ сала бөлінді. Бұл мемлекетсіз қоғамның мемлекеттік қоғамға өтуіне негіз қалады да, енді билік саяси мәнге не болды.
Билік қоғамдық көрініс ретінде қалыптасады да нақты табиғи-тарихи дамудың нәтижесі ретінде пайда болады. Сөйтіп саясат өрісі билік пен соған қатысты барлық жүйелер арқылы анықталады. Билік міндетті түрде саясатты жүзеге асырудың құралына айналады.
Билікке таласу, оған ие болу үшін күресу (бейбіт жағдайда - сайлау өткізу, тағайындау, немесе жаулап алу яки басып алу), оны қолда ұстап тұруға ұмтылу - қоғамның саяси өмірінің негізгі қырларының бірі. Саясат билікке жетудің себебі болса, ал билік - саясаттың себебіне айналады.
1. Жамбылов Д. – Саясаттану. Алматы, 2003
2. Сыздықов Лұқпан Е. Саясаттану. Алматы, 1996
3. Қуандыков Е.С. Саясаттану негіздері. Астана 2000.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

1. Саяси билік. Билік түсінігі, жалпы сипаттамасы мен мәні
2. Билік құрылымы
3. Қазақстанда мемлекеттік биліктің орнығуы мен нығаюы
Қолданылған әдебиеттер тізімі

САЯСИ БИЛІК.
1. БИЛІК ТҮСІНІГІ, ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ МЕН МӘНІ

Саяси билік саясаттың аса маңызды проблемасы болып табылады. Билік -
адамзат қауымдастығының, адамдар өмірінің негізгі бастауларының бірі. Қоғам
бар жерде биліктің де болатындығы дәлелсіз шындық. Бұған басқа тұрғыда көз
салсақ - билік жүргізу үшін сол билікке мойын ұсынатын қоғам кажет.
Алғашқы билік нысандары сонау ғасырлар қойнауынан қылаңдап көрініс
береді де, өз тамырын отбасындағы, ру мен тайпадағы өзара қарым-
қатынастардан алады және де ол өндірістің дамуыма да байланысты болады.
Еңбек бөлінісі. Биліктің отбасылық-рулық түрі көшпелі халықтар арасында
біздің дәуіріміздің алғашқы ғасырларында көрініс бере бастады.
Отырықшылықтың дамуына байланысты бірте-бірте тайпалық билік қалыптасты.
Солардың арасынан неғұрлым күштілері, ақылдылары, айлакерлері мен
қабілеттілері дараланып көзге түсе бастады. Қоғамдық өндірісті бөлу мен
жеке меншіктіліктің пайда болуына байланысты аймақтық билік қалыптасты.
Сөйтіп рулық-тайпалық байланыстың күйреуіне орай жария билік орныға
бастады. Уақыт оза келе басқарудағы өз құқығын жариялаған және егіншілер
мен малшыларды өзіне күшпен бағындырған жария билік қоғамнан іргесін аулақ
сала бөлінді. Бұл мемлекетсіз қоғамның мемлекеттік қоғамға өтуіне негіз
қалады да, енді билік саяси мәнге не болды.
Билік қоғамдық көрініс ретінде қалыптасады да нақты табиғи-тарихи
дамудың нәтижесі ретінде пайда болады. Сөйтіп саясат өрісі билік пен соған
қатысты барлық жүйелер арқылы анықталады. Билік міндетті түрде саясатты
жүзеге асырудың құралына айналады.
Билікке таласу, оған ие болу үшін күресу (бейбіт жағдайда - сайлау
өткізу, тағайындау, немесе жаулап алу яки басып алу), оны қолда ұстап
тұруға ұмтылу - қоғамның саяси өмірінің негізгі қырларының бірі. Саясат
билікке жетудің себебі болса, ал билік - саясаттың себебіне айналады.
Сондықтан саясат пен билікті әлде бір себептерге орай бір-біріне
тәуелді түрде шеңберлене байланысып жатқан көрініс ретінде қарастырған
дұрыс секілді. Билік жүргізбейтін және күш жұмсамайтын адамзат қауымдастығы
болды дегенді біз әлі күнге дейін тарихтан кездестіре қойған жоқпыз. Билік
қоғамның тұтастығын, басқаруға икемділігі мен бейімділігін сақтайды,
ұйымшылдық пен тәртіпті орнықтырады, яғни қоғамның өміршеңдігін қамтамасыз
етеді.
Биліктің нәтижесіңде қоғамдық қатынастар мақсатты түрде алдағы нысанаға
қарай бағытталады, басқару мен бақылау байланыстарының дұрыс сипатын
қалыптастырады, ал адамдардың бірлесе өмір сүруі аса ұйымшыл және тәртіпті
болады. Билік ұғымы арқылы саяси институттарды, саяси қозғалыстарды,
саясаттың өзін ой елегінен өткізіп, мәнін білуге мүмкіндік туады. Билік
әлеуметтік қатынастарды ретке келтіруді әртүрлі: сендіру, ынталандыру,
ырықсыз көндіру мен күш көрсету секілді құралдары арқылы жүзеге асырады.
Сонымен, билік дегеніміз бұл - қоғамның беделінің, ерік-жігерінің, күш
көрсетуінің көмегімен бір адамдардың басқа біреулердің ұстанған бағыт-
бағдарына немесе қызметіне шешуші дәрежеде ықпал етуі.
Билік - басқа адамдарға жасалатын ықпал арқылы белгілі бір мақсатқа
жету; белгілі бір тәсілдерді, атап айтқанда, күш көрсетуді қолдану
мүмкіндігі; Басқарушы мен Басқарылушының және іс-әрекетке қатысушы ерекше
тұлғалардың арасында өзгеше бір үлгідегі қатынастар арқылы сипатталады.
Бұлар басқа адамдардын іс-әрекеттерін өзгерту мүмкіндігіне, белгілі бір
тәсілдерді - күш көрсету тәсілін қолдану мүмкіндігіне негізделеді.
Бір адамдардың екінші бір тұлғаларға бағынуының маңызды әлеуметтік
себебі мынада- бұл ретте билік көзінің екі жаққа бірдей тең бөлінбегендігі
бірден байқалып тұрады.
Кең мағынасында алғанда жеке тұлғаның немесе адамдар тобының басқаларға
ықпал етуі үшін пайдаланылатын амал-шарғылардың барлығы билік ресурсы деген
түсінікті білдіреді. Ал тар ауқымда бұл - өз мақсатына жетуі үшін субъект
пайдаланатын амал-шарғылардың тұтастай жиынтығы.
Билік көзі объекті үшін маңызды құндылықтар (ақша, тұтыну заттары)
болуы немесе адамның жеке тұжырымдары арқылы ішкі әлемге ықпал ететін
құралдар (теледидар, баспасөз және басқалар) болуы, немесе адамды кандай да
болмасын әлдебір кұндылықтардан - өмірінен айыруға септігін тигізетін
құралдар (аспаптар - қару, тұтастай алғанда жазалау органдары) болуы
мүмкін.
Билік көздері биліктің аса маңызды негіздерінің бірі болып табылады.
Олар ынталандыру, жазалау немесе сендіріп иландыру үшін пайдаланылуы
мүмкін. Билік көздері: экономикалық, әлеуметтік, саяси-күш көрсетушілік,
мәдени-акпараттық және демографиялық болып бірнеше түрге бөлінеді.
Экономикалық - бұл қоғамдық өндіріс пен тұтынуға қажетті материалдық
құндылықтар (ақша, өндіріс құрал-жабдықтары, құнарлы жерлер, пайдалы
қазбалар, азық-түлік өнімдері және т.т.).
Әлеуметтік - билігі барлар пайдаланатын әр түрлі артықшылықтар: кадр
саясаты, медициналық қызмет көрсету, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету
және басқалар, яғни бұлар әлеуметтік жағдайлардың дәрежелердің
(рангілердің) ролін арттырады немесе төмендетеді.
Саяси күш көрсетушілік - бұл күшпен ырықсыз көндірудің құралы мен
аппараты, осы мақсат үшін арнайы дайындалған адамдар. Мемлекетте олардың
негізін әскер, сот, прокуратура, қауіпсіздік қызметі құрайды. Биліктің осы
түрін әдетте билік жүргізудің өте тиімді көзі деп есептейді, өйткені оны
пайдалану адамды аса жоғары құндылықтардан - өмірінен, бостандығы мен дүние-
мүлкінен айыруға ықпал етеді.
Мәдени-ақпараттық - білім мен ақпарат, сонымен бірге ақпараттарды
тарату құралдары - бұқаралық ақпарат құралдары, ғылым мен білім
институттары.
Демографиялық ресурстар - адамның өзі биліктің өзіндік көзі болып
табылады. Адамдар - бұл басқа да көздері тудыратын көп салалы ресурстар.
Адам тұтастай алғанда - тек биліктің көзі ғана емес, сонымен бірге оның
субъектісі және объектісі.
Билік көздерін пайдалану билік жүргізу әдістері мен механизмдерінің
нәтижесінде оның бүкіл компоненттерін қозғалысқа келтіреді. Билік
жүргізудің әдістері: демократиялық, авторитарлық, тоталитарлық,
конституциялық (заң шеңберінде басқару), деспоттық (зорлық-зомбылық пен
басынушылыққа сүйену), либералды (жеке адамды кұрметтеу) және басқа да
болуы мүмкін.
Әңгіме тұтастай алғанда қоғам жайында болса, онда билік механизмінің
рөлін мемлекеттік органдар, құқық пен саяси жүйе атқарады.
Билік негізге алынатын ресурстарды саралайтын болсақ - билік
экономикалық, әлеуметтік, рухани-акпараттық, күштеп көндіру және саяси
салаларға бөлінеді.
Экономиқалық билік - бұл дегеніміз экономикалық ресурстарға бақылау
орнату. Әртүрлі материалдық құндылықтарға деген жеке меншіктілік.
Әлеуметтіқ билік. Егер экономикалык билік материалдық игіліктерді
бөлуді өз иелігіне алса, әлеуметтік билік - әлеуметтік құрылымдардағы
адамдардың жағдайын, статустарын, лауазымдарын, жеңілдіктері мен
артықшылықтарын реттеп бөлуді қарастырады.
Рухани-ақпараттық билік - бұл ғылыми білім мен ақпараттың көмегі арқылы
жүзеге асырылатын адамдарға билік жүргізу тәсілі. Білімге сүйенбей билік
тиімді бола алмайды. Білім мемлекеттік шешімдерді дайындау, адамдардың
санасына әсер ету (БАҚ, мектептер мен басқа да білім беру ассоциациялары)
үшін пайдаланылады.
Күштеп көндіру билігі - күш көздеріне сүйенеді және күш қолдану арқылы
адамдарға бақылау жасауды білдіреді.
Субъектілерге байланысты билік мемлекеттік, партиялық, армиялық,
отбасылық және басқалар болып бөлінеді.
Саяси билік биліктің өзіндік бір үлгісі болып табылады. Ал мемлекеттік
билік саяси биліктің ұйымдаскан түрлерінің бірі болып саналады. Саяси билік
- белгілі бір таптың, жеке адамның саясатта, саяси және құқықтық нормаларда
көрініс тапқан өзінің еріктілігін жүзеге асырудағы нақты қабілеті. Саяси
билік мемлекеттік аппаратты пайдалануға байланысты жүзеге асырылады.
Ұйымдасқан түрде күштеп көндіру механизмін пайдалана отырып, белгілі бір
адамдардың билік өкілеттілігін мемлекеттік аппаратқа жататын басқа
адамдарға тапсыруы (беруі) да өмірде жиі кездеседі. Саяси билік мемлекетпен
үздіксіз байланыста болады. Тарихи тұрғыдан алғанда, ол екеуі қабаттаса
бірге қалыптасады. Таптардың саяси билігі мемлекет арқылы жүзеге асырылады.
Саяси билік кез келген уақытта мемлекеттік сипатқа ие бола бермейді.
Дамыған құқықтық жүйе қалыпты жұмыс істейтін азаматтық қоғам жағдайында
идеологиялық және саяси плюрализм, жеке адамды еркін дамытуға арналған
белгілі бір алғышарттар жасалынады. Саяси билік мемлекеттік-саяси және
қоғамдық-саяси билік түрінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік-саяси билік мемлекеттік аймақтың шеңберінде барлық жерде
бірдей жүргізіледі және елдің барша халқы оның объектісі болады. Біздегі
секілді демократиялық мемлекеттерде биліктің аражігін болу заң, атқару және
сот билігі арқылы анықталады.
Осы аталғандардың барлығының әрқилы жеке-дара билік емес екендігін, бар
болғаны бір ғана жоғарғы биліктің бұтақшалары екендігін атап өткен жөн.
Қоғамдық-саяси биліктің ерекшелігі мынада - ол нақты саяси ұйымның
(қозғалыстың) мүшелеріне ғана қатысы болады және сол ұйымның мүшелері
шеңберінде жүзеге асырылады. Бұл нақты саяси ұйымдардың (саяси
партиялардың) билігі.

2. Билік құрылымы
Билік құрылымы дегеніміз оның құрамы мен қозғаушы күші: биліктің
субъектісі, объектісі, құралдары (ресурстары) мен белгіленген мақсатқа жету
үшін осының барлығын қозғалысқа келтіруші үрдістер.
Әлеуметтік немесе ұлттык, қауымдастықта таптар, жеке адам немесе
топтар, мемлекет, үкімет және басқалар саяси биліктің субъектісі болып
табылады.
Биліктің объектілері - жеке адамдар, олардың бірлестіктері, топтар мен
қауымдастықтар, таптар, қоғам, яғни жоғарыда тұрған саяси субъектінің іс-
әрекеті бағытталатын адамдар мен органдар.
Билік қатынасының мәні мынада - субъект нұсқау береді де объектіге
билікті орындауды міндеттейді, яғни бағынуды талап етеді.
Саяси билікке тән сипат - ол егемендікке ие болу. Ол әр түрлі саяси
бағыт ұстанған субъектілер арасында бөлініске түсуі мүмкін емес. Егер елде
көп партиялық парламент пен коалициялық (үкімет) жұмыс жасайтын болса, онда
билік келісім, ымыраласу негізінде жүзеге асырылады. Алайда олар бұл ретте
бір ғана бағыт ұстануы керек. Екінші бір сипаты - оның заңға сәйкестігі
(зандылығы) болуы шарт. Адамның ниет-пиғылының заңға ауып тұратындығы
арқасында басқарылатындар билікке сенуі қажет. Билік жариялы және заңға
сәйкес болуы керек - сонда бұл тұғыры берік билік бола алады; билік жариялы
болғанымен, бірақ заңға сәйкес келмесе - онда бұл солқылдақ билік болғаны.
Заңда билік әділ билік болып сипатталады. Халық қолданылып отырған тәртіпке
сенеді. Жария биліктің дағдарысқа ұшырайтын кездері де кездеседі, алайда ол
әлеуметтік жүйе ауысқан кезде пайда болады. Өткен жүзжылдықтың 80-90-
жылдарында КСРО мен Европаның бірқатар елдеріндегі ықпалды топтар өздерінің
үкіметтеріне сенімсіздік білдірді және оны қолдаудан бас тартты. Осы
елдердің саяси режимдері заңды, мемлекеттік басқаруды өзгертуге,
экономиканы қайта құруға дәрменсіз екендіктерін байқатты. Коммунистік саяси
режимдер күйреді.
Тағы бір ерекшелігі - билікке ерік-жігер мен күштеп көндіру әдісі тән.
Жоғарыда айтылған сипаттар саяси билікті тиісті механизмдері бар куатты
және әрекетшіл күшке айналдыралады. Билік жүргізу үрдісі биліктің арнайы
механизмінің - ұйымдастыру жүйесінің, олардың құрылым нормалары мен іс-
әрекетінің нәтижесінде тәртіпке келтіріледі және реттеледі. Бұл ретте:
үстемдік, басқару, басшылық, ұйымдастыру мен бақылау маңызды рөл атқарады.
Үстемдік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақ Орда тарихы
Хан жоғарғы билік иесі
М.Х. Дулати – қазақ мемлекетінің алғашқы тарихшысы
Оңтүстік Славян халықтары мен мемлекеттері
Найман, керейт, қоңырат, жалайыр, меркіт тәрізді түрік тайпаларының қалытасуы
Шығыс Дешті Қыпшақ территориясында тәуелсіз мемлекет жүйесінің қалыптасуы (ХІІІ ғ. ІІ-жартысы)
Жақсыдан қалған жәдігер Жаһан - наме поэмасының зерттелу тарихы мен мазмұны
Египет. Ежелгі египеттің өркениеті
Ғұн мемлекетінің қалыптасуы мен тарих сахнасынан шығуы
Қазақстанның ежелгi қалалары жайлы
Пәндер