Меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру туралы



1. Меншік ұғымы. Меншіктің көп түрлерінің қалыптастырылуының маңыздылығы.
1.1 Дүние жүзіндегі мемлекет иелігінен алу және жекешелендірудің пайда болуы, оның тәжірибесі.
1.2 Мемлекет иелігінен алудың жолдары.
1.3 Жекешелендірудің мақсаттары, түрлері және белгілері .

2. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУДІҢ ЖҮРГІЗІЛУ БАРЫСЫ

3. ШЕТ ЕЛДЕРДЕГІ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУДІҢ ТӘЖІРИБЕСІ
3.1 Ваучерлік жекешелендіру тәжірибесі.
Нарықтық экономикаға көшу меншік қатынасын түбірімен өзгертуді талап етеді. Өйткені, шаруашылық субъектілері нарықта өз жұмыстарына жауап беретіндей, соған әрдайым мүдделі, жұмыс нәтижесін толық мағынада иеленетіндей болуы керек. Мұндай талаптар дәрежесінен шығу үшін нарықта ресурс иелері бір-біріне қарама-қарсы әрекет етіп, жұмысты тиімді ұйымдастыруы шарт.
Сондықтан да меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру нарыққа көшу барысындағы аса маңызды мәселе болып табылады. Біріншіден, қазіргі күрделі де қиын жағдайда әлеуметтік ахуалды бәсеңдетуде, еңбекшілерді әлеуметтік қорғауда, олардың тұрмыс жағдайын тікелей жақсартуда мемлекет күші жетпей, әлсіздік көрсетуде. Міне осындай жағдайда меншіктің бірқатар бөлігін шаруақорлықпен пайдалана білетіндерге беру тиімді. Екіншіден, өндірісті дамыту, баға мен өндіріс шығындарын кеміту, тек бәсеке механизмі әрекет еткенде ғана мүмкін. Бәсеке - нарықтың қозғаушы күші ретінде әрекет еткенге дейін, халық шаруашылығын тұрақтандыру мақсатымен, финанс-кредит қатынасын қатты қолда ұстау қажет, яғни шығындарды азайту мақсатымен жоғарғы салық ставкасын, жоғарғы банк пайызын енгізу керек болды. Әрине, мұндай жағдайда экономика ойдағыдай, тиімді дами алмайтыны, халыққа ауыртпалық салатыны да белгілі. Ал, нарықтың қалыпты қызмет етуі үшін үстемдікті жою және жекешелендіру өте қажет.
Меншік қатынастарының реформалары нарықтық экономикаға көшу барысындағы аса маңызды элемент болып табылады. Мемлекет иелігінен алу және көптеген кәсіпорындарды жекешелендіруді мүмкіндігінше тез жүзеге асыру мақсаты алға қойылғанда, меншік реформаларының бастапқы тәжірибесі барлығында қолайлы болған жоқ, ол өтпелі кезеңдегі экономикадағы мемелекеттің рөлін ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік сектордың (бөлім) орнын қарауды мәжбүр етті.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру.Курстық жұмыс

МАЗМҰНЫ

1. Меншік ұғымы. Меншіктің көп түрлерінің қалыптастырылуының маңыздылығы.
1.1 Дүние жүзіндегі мемлекет иелігінен алу және жекешелендірудің пайда
болуы, оның тәжірибесі.
1.2 Мемлекет иелігінен алудың жолдары.
1.3 Жекешелендірудің мақсаттары, түрлері және белгілері .

2. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУДІҢ ЖҮРГІЗІЛУ БАРЫСЫ

3. ШЕТ ЕЛДЕРДЕГІ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУДІҢ ТӘЖІРИБЕСІ
3.1 Ваучерлік жекешелендіру тәжірибесі.

КІРІСПЕ

Нарықтық экономикаға көшу меншік қатынасын түбірімен өзгертуді талап
етеді. Өйткені, шаруашылық субъектілері нарықта өз жұмыстарына жауап
беретіндей, соған әрдайым мүдделі, жұмыс нәтижесін толық мағынада
иеленетіндей болуы керек. Мұндай талаптар дәрежесінен шығу үшін нарықта
ресурс иелері бір-біріне қарама-қарсы әрекет етіп, жұмысты тиімді
ұйымдастыруы шарт.
Сондықтан да меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру нарыққа
көшу барысындағы аса маңызды мәселе болып табылады. Біріншіден, қазіргі
күрделі де қиын жағдайда әлеуметтік ахуалды бәсеңдетуде, еңбекшілерді
әлеуметтік қорғауда, олардың тұрмыс жағдайын тікелей жақсартуда мемлекет
күші жетпей, әлсіздік көрсетуде. Міне осындай жағдайда меншіктің бірқатар
бөлігін шаруақорлықпен пайдалана білетіндерге беру тиімді. Екіншіден,
өндірісті дамыту, баға мен өндіріс шығындарын кеміту, тек бәсеке механизмі
әрекет еткенде ғана мүмкін. Бәсеке - нарықтың қозғаушы күші ретінде әрекет
еткенге дейін, халық шаруашылығын тұрақтандыру мақсатымен, финанс-кредит
қатынасын қатты қолда ұстау қажет, яғни шығындарды азайту мақсатымен
жоғарғы салық ставкасын, жоғарғы банк пайызын енгізу керек болды. Әрине,
мұндай жағдайда экономика ойдағыдай, тиімді дами алмайтыны, халыққа
ауыртпалық салатыны да белгілі. Ал, нарықтың қалыпты қызмет етуі үшін
үстемдікті жою және жекешелендіру өте қажет.
Меншік қатынастарының реформалары нарықтық экономикаға көшу
барысындағы аса маңызды элемент болып табылады. Мемлекет иелігінен алу және
көптеген кәсіпорындарды жекешелендіруді мүмкіндігінше тез жүзеге асыру
мақсаты алға қойылғанда, меншік реформаларының бастапқы тәжірибесі
барлығында қолайлы болған жоқ, ол өтпелі кезеңдегі экономикадағы
мемелекеттің рөлін ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік сектордың (бөлім)
орнын қарауды мәжбүр етті.
Отаршылдық әкімшілдік жүйеден нарықтық экономикаға өтуді жүзеге
асырушы ретінде біздің еліміз үшін жекешелендіру осы өтпелі кезеңнің
іргетасы болып табылады. Ол өзімен бірге құрылымдық өзгерістерді ала
жүретіндіктен, басқарудың тиімді әдістері ретінде өзін жақсы таныта білді.
Әрі мемлекеттік органдардың пайдалануына мәжбүр ететін стратегиялық тәсіл
болғандықтан, ұзақ мерзімді болады және айқын жетілу мен даму жолынан өтіп
келеді. Жекешелендіруді қоғамдық өмірді басқаруды жетілдірудің маңызды
құралы және мемлекеттік аппарат қызметіндегі экономикалық тиімділікті
көтерудің ең негізгі бағыты ретінде қарау көкейтесті әрі маңызды мәселе
болып табылады.
"Меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру" атты курстық
жұмыста біріншіден, осы зерттеліп отырған объектінің ғылыми дәлелдерге
негізделген теоретикалық ережелеріне тоқталып, жекешелендіру және мемлекет
иелігінен алудың алғаш пайда болған тарихи мәліметтерді, жекешелендірудің
мақсаттарын, түрлерін қарастырдым да, содан Қазақстанның осы жолға түсуін
және түсудегі мақсатын айта кетіп, жекешелендіру және мемлекет иелігінен
алудың 4 кезеңін қарастырдым.
I кезеңде жекешелендіру еңбек ұжымдарына мекемелерді жалға беру,
аукцион және тендер арқылы жүзеге асты. Ал II кезең күрделі 4 саты: шағын,
бұқаралық, жеке жобалар және ауылшаруашылық кешеніндегі жекешелендіру
арқылы жүзеге асты. Кейін III және IV кезеңдерді қамтып, ең соңында
қорытындыладым.

1. Меншік ұғымы. Меншіктің көп түрлерінің қалыптастырылуының маңыздылығы.

Қай ел болсын, оның шаруашылық өмірімен жете танысу барысында мынадай
сауалдарға тап боламыз: экономикалық билік кімнің қолында? Немесе
адамдардың өмір сүру негізі - материалдық игіліктерді иемденетін кім? Бұл
биліктің мәні - өндіріс құрал-жабдықтарына және оның нәтижелеріне тиісті
меншік қатынастары болып табылады.
Меншік - қоғамдық құрылыстың экономикалық негізі - қоғамдық
бастаулардың негізіне жатады. Сондықтан әрбір мемлекет меншік туралы заңдар
қабылдап, оны қорғайды. Меншік, заң жағынан алып қарағанда, мүліктік
қатынастарға жатады. Құқықтық нормалар мен актілерде материалдық байлық әр
түрлі субъектілер (жеке адамдар, әлеуметтік топтар, таптар, мемлекет)
арасында қалай иемденетіні және бөлінетіні анықталады. Меншік иесі заңмен
анықталған мүліктерге ие болады және ол қолындағы мүліктерді: иемдену,
пайдалану және оған иелік жасау өкілеттілігін алады.
Меншік - бұл адамдар арасындағы өндіріс факторлары мен нәтижелерін
иемденуге байланысты объективті қатынастар жүйесі.
Тарихта меншіктің әр түрлі типтері белгілі, олардың ішінде ортақ,
қауымдық және жеке меншік басты түрлері болып табылады.
Тарихта бастама ортақ меншік болды. Ол ортақ еңбек пен оның
нәтижелерін бірігіп иеленуге негізделді. Кейіннен жеке меншік пайда болды.
Ол еңбектік және еңбектік емес болып бөлінді.
Еңбектің жеке меншік тұлғалары - жеке басты шаруалар, қол өнершілер
мен басқа да адамдар өз еңбектерімен өмір сүреді. Қазіргі Қазақстанда
оларға жеке еңбегімен айналысатын фермерлер мен адамдар жатады.
Жеке меншіктің екінші түріне бөтен біреудің еңбегі есебінен баю тән.
Өндіріс құралдарының негізгі бөлігі азғана адамдар қолында болған кезде,
бұл қоғамның қалған бөлігінің бұл игіліктерден шеттелуін білдіреді. Осы
кезде мүліктік теңсіздік пен қоғамның әлеуметтік жіктелуі пайда болады.
Иемденудің үшінші түрі аралас меншік кезінде мүлік қатысушылардың
ақшалай және басқа да жарналарының есебінен құралады.
Қазақстанда заңға сәйкес жеке, мемлекеттік, муниципалды және басқа да
меншік түрлері танылады.
Мемлекеттік меншік - бұл меншік нысандарын мемлекеттік билік
өкілдерінің басқаруы мен іске жаратуды жүзеге асыратын қатынастар жүйесін
білдіреді. Мемлекеттік меншік бүкіл халық шаруашылық деңгейінде, аймақ,
облыс, аудан, қала, ауыл деңгейінде бар.
Ұжымдық меншік - бұл еңбек ұжымы өндіріс құралдары мен өнімдерін ортақ
иемденіп, пайдаланып және іске жарататын экономикалық қатынастар жүйесі.
Қазақстан Республикасында қазіргі кезде ұжымдық меншік түрлеріне
кооперативтік, акционерлік, қоғамдық ұйымдар және т.б. меншік формалары
жатады.
Иеленуге байланысты экономикалық қатынастар қозғалмалы. Бұл меншік
формаларының бірінен-бірі өте алуын білдіреді. Бұл үдеріс әр түрлі
әдістермен жүзеге асырылады. Солардың ішіндегі ең маңыздыларын
қарастырайық.
Ұлттандыру (национализация) - бұл шаруашылықтың негізгі нысандарына
(жер, өнеркәсіп, көлік, банктер) жеке меншіктің мелекет меншігіне
көшірілуі. Ұлттандыру кімнің мүддесін көздеп және қандай тарихи кезеңде
жүргізілуіне байланысты әр түрлі әлеуметтік-экономикалық және саяси мәнге
ие болады. Ұлттандыруға қарама-қарсы үдеріс жекешелендіру болып табылады.
Жекешелендіру (лат. privates - жеке ) - бұл мемлекеттік немесе
муниципалды меншікті ақыға немесе тегін жеке меншікке беру. Жекешелендіру
жасырын сипатта болуы мүмкін, мәселен мемлекеттік мүлікті жеке тұлғалар мен
компнияларға жалға беру, бөлшектеп, мысалы акциялардың тек бір бөлігінің
сатылу мүмкіндігі; денационализация мен реприватизация түрінде жүзеге
асырылуы мүмкін.
Денационализация - ұлттандырылған мүліктерді бұрынғы иелеріне
қайтаруды білдіреді. Қазіргі кезде бұл үдеріс Балтық елдері - Эстония,
Латвия, Литвада кеңінен іске асырылуда.
Реприватизация - бұл жеке меншік иелерінен бастапқы кезде сатылып
алынған кәсіпорындар, жер, банктер, акциялар және т.б. сияқты мемлекеттік
меншікті жеке меншікке қайтару. Реприватизацияның денационализациядан
айырмашылығы, әдетте ол мемлекеттік билік актілермен жүргізіледі.
Жекешелендіру экономикадағы мемлекет билігін шектеу сияқты анағұрлым ірі
үдерістің бір бөлігі болып табылады.
Мемлекет иелігінен алу, оның билігін шектеу - бұл өндірісті тікелей
мемлекеттік-әкімшілік реттеуден басым түрде нарықтық механизмдер негізінде
реттеуге көшу. Мемлекет иелігінен алудың нәтижелері: біріншіден, меншік
құрылымы жеке меншік пайдасына қарай өзгереді және қоғамдық құрылым
қысқарады. Екіншіден, мемлекеттің экономикалық рөлі мен қызметі өзгереді:
мемлекет шаруашылық жүргізуші тұлға болмайды және экономикалық үдерістерді
директивалар арқылы емес, өмірдің экономикалық жағдайларын өзгерту арқылы
реттейді, міндетті мемлекеттік тапсырыстардың орнына мемлекеттік сатып
алулар келеді; мемлекет ресурстарды бөліп-тарату функцияларын жүзеге асыру
міндетінен босайды; біртіндеп сыртқы экономикалық қызметке мемлекеттік
монополия жойылады.

1.1 Дүние жүзіндегі мемлекет иелігінен алу және жекешелендірудің пайда
болуы, оның тәжірибесі.

Ұлыбритания мен АҚШ мемлекеттерінің жетекші саясатшылары мемлекеттік
кәсіпорындарды қаржы-қаражатпен қамтамасыз ете алмағандықтан, оны жеке
иелікке сату арқылы XX ғасырдың 70-80 жылдары экономикалық әдебиетке
"жекешелендіру" терминін енгізді. Жекешелендіруді алғаш рет Ұлыбритания
үкіметі М.Тэтчер жүзеге асырды. Оның басты себебі ХХ ғасырдың 70-80
жылдардағы циклдік дағдарыс кезеңіндегі мемлекеттік кәсіпорындардың қиын
қаржылық жағдайынан еді. Жекешелендіру толқыны бүкіл әлемде кең етек жайды,
оның ішінде дамыған батыс елдері өз экономикасын сол кездегі қатты
күйзелістен шығару үшін осы әдісті қолданды. Қазіргі кезде жекешелендіру 50-
ден астам мемлекеттерде жүзеге асуда. Әрбір елдегі жекешелендірудің негізгі
мақсаты әр түрлі болып ерекшеленеді. Дамыған капиталистік және дамушы
елдерде осы үдерістің қорытындысы ретінде негізгі 2 сұрақты шешуге әкеледі:
бюджеттік тапшылықты қысқарту және жеке меншік кәсіпорындардағы ғылыми -
экономиканың дамуы арқасында өндірістің сапасын өсіру.
Жекешелендіру нәтижесінде негізінен мемлекеттік аралас жеке
кәсіпорындар пайда болды. Кәсіпорындарды қаржыландыру механизмінде
өзгерістер байқалады. Егер мемлекеттік кәсіпорындар қаржыландыру қайнар
көзі ретінде мемлекеттік банктердің қорларын, салық кірістерін пайдаланса,
онда жекешелендіруден кейін олар жеке инвестицияларға, шетелдік
инвесторлардың қаражаттарына, жеке банктердің активтеріне көшеді.
Көптеген елдердің ресми құжаттарында "жекешелендіру" термині әр
түрліше түсіндіріледі. Мысалы, Румынияда "жекешелендірумен" кәсіпорынның
мүліктерін бағалауды есепке ала отырып, бағалы қағаздардың шығарылуы
жобаланады. Англияда "жекешелендіру" 50%-дан кем деңгейдегі кәсіпорындардың
капиталында мемлекеттің қатысуының қысқартуын білідіреді, ал кейбір елдерде
(Малайзия, Түркия және т.б.) "жекешелендіру" мемлекеттің өз меншігіндегі
активтердің көп бөліктерінің сақталынуымен танылады. Польшада
"жекешелендіру" мемлекеттік кәсіпорындардың меншіктерін жеке, акционерлік,
кооперативтік, аралас және меншіктің басқа да түрлеріне өзгеруін білдіреді.

Жалпы алғанда, экономикалық жағдайдың объективті шарттары меншіктің
бір түрінен екіншісіне өтуіндегі көптүрлілігін туғызады. "Жекешелендірудің"
жалпы тұжырымдалған анықтамалармен қатар қосымша ретінде кейде мына
ережелер қолданылады. Жекешелендіру - бұл тауар мен қызметтерді өндірудегі
мемлекеттік мүлікті жеке фирмаларға арендаға өткізу, мемлекет қолында қаржы
"рычагының" сақталуындағы өндіруші қызметтердің жеке бөлімдеріне тапсыру,
сонымен қатар басқа да осыған ұқсас анықтамалар қолданылады. Шынында,
кәсіпорындардың жекешелендірілуі мүліктің қарапайым сатылуына апарылмайды,
ол экономиканың мемлекет иелігіне алудың құралы болып табылады және
мемлекеттің жеке адамға меншік құқығын мүлікке сатуды, сонымен қатар
кәсіпорын қызметіндегі әкімшілік шексіздігін алу жағдайына мүлікті
пайдалану мен билеу құқықтарын білідіреді.
Дүниежүзілік тәжірибе кәсіпорынды жекешелендіру көмегімен шешілетін
көптеген міндеттерді белгілейді. Осында кәсіпорындардың регнтабельділігінің
жоғарылауы үкімет шығындарын қысқарту бюджетке кірістердің артуын, ішкі
және сыртқы қарыздарды жоюын, монополизммен күресуін, капитал нарығын
кеңейту, халықтың инвестициялық сұранысын артуын, компанияның капиталына
қызметкерлерді қатысуға тарту, кәсіподақтық қозғалысты әлсірету, саяси
мақсатта ұсақ меншік иелерінің кең әлеуметтік негізде жасауын жатқызуға
болады.
Үкіметтің макроэкономикалық саясатында нақты уақытта маңызды болып
табылмайтын мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру әдетте өндірістің
тиімділігін арттыруын қамтамасыз етеді. Көптеген елдерде кәсіпорындарды
жекешелендірудің басты себебі - кірістердің дәстүрлі қайнар көзінің
шексіздігінде бюджет тапшылығын қаржыландыруының қажеттілігінде болып
табылады. Жекешелендірудің тағы бір басты себебі - қабылданған борыш
қолхатының шарттарын үкіметтің орындалу қажеттілігінде болды.
Англия тәжірибесі көрсеткендей, яғни жекешелендіруден кірістер арқылы
жеке экономикалық белсенділікті жандандыруға мүмкіндік беретін табыс
салығын төмендетуге тағы бір мүмкіншілік тудырады. Нәтижесінде кірістерді
алудан басқа мемлекеттік бюджет залалды кәсіпорындарды қаржыландыру
шығынадарынан босатыла алады. Сонымен бюджеттің тапшылығын өтеуінде
түсімнің дәстүрлі пайдалануымен қатар, ол сонымен бірге мемлекеттік
капиталдың диверсификациясын тым көбірек пайдалы салаға бағыттала алады,
сөйтіп бюджетке келешек тұрақты кірістердің қайнар көздерінің пайда болуына
әкеледі.
Жалпы алғанда, жекешелендіруден ақшалай табыстарды қолданудың шетелдік
тәжірибесі олардың көмегімен қаржы мәселелерінің бірқатарын шешу мүмкіндігі
бар екендігін көрсетеді. Мемлекеттік меншік солардың немесе басқа
бағадарламаларды қаржыландырудың жеткілікті қайнар көзі, бюджет тапышылығын
өтеуі, эмиссияның негативті салдарын жою, мемлекеттік қарызды ұлғайтуы
болып табылады. Осыдан басқа кәсіпорындарды жекешелендірудің және олардың
тиімділігінің келесі жоғарылауы нәтижесінде салық негізінің артуы, дивидент
түріндегі кірістердің артуы мүмкін болады.

1.2 Мемлекет иелігінен алудың жолдары.

Мемлекет иелігінен алудың мәні мынада. Төтенше мемлекеттік экономиканы
көп укладты (құрылыс) аралас экономикаға көшіру. Ол болса, бір орталықтан
мемлекеттің басқару қызметінен босатып, көп меншіктілі басқару формасына
көшуді қамтиды. Бұл үдерістің өзі өте күрделі, мемлекет иелігінен алу мен
жекешелндірудің формалары әрқилы. Олай дейтініміз біріншіден, мемлекет
иелігінен алуды меншік иесін ауыстырмай, тек орталықтан басқаруды өзгерту
жолымен жүргізуге де болады. Дегенмен, түбінде меншік қатынасын алмастыруды
күн тәртібіне қояры сөзсіз. Мысалы, аренда кезінде негізгі қорлар иесі
өзгермейді, алайда оның өніміне, айналым қорларына арендатор иелік етеді,
осымен байланысты меншік қатынасы да өзгеше сипатқа ие болады. Ал, аренда
кезінде сатып алу - бұл жекешелендіруді көрсетеді.
Мемлекет иелігінен алудың, яғни мемлекеттің тікелей бақылауынан
кәсіпорындарды жаппай біржола жоюды жеңудің 2 жолы белгілі: өзін-өзі
басқару арқылы не болмаса жекешелендіру арқылы.
Кәсіпорынның өзін-өзі басқару үлгісі, бір жағынан, шаруашылық
жекешеленушіліктің және қоғамдық меншіктің кейбір белгілерінің белгілі бір
дәрежесін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, ол әкімшілік-жоспарлы
экономиканың қойнауында жаппай мемлекеттік бақылаудан және тиімді
шаруашылық қызметінің сылтаудың күшеюінен көшудегі түр ретінде пайда болды.
Өзін-өзі басқару үлгісі Югославия мен Польшада кең таралды, бірақ оның жеке
элементтері басқа да бұрынғы социалистік елдерде(мысалы, Венгриядағы
кәсіпорындардың пайдаларына жұмысшылардың қатысу жүйесі) пайдаланылды.
Өзін-өзі басқару үлгісі меншіктің аса "аморфты" қатынастарына
негізделді, осы қатынастар ең бастысы капиталдан емес, кәсіпорыннан алынған
шарушылық нәтижелерінде қолданылды. Егер нарықтық және өтпелі кезеңдегі
экономикада қабылданған өзін-өзі басқаруды меншіктің басқа түрлерімен
салыстырсақ, онда өз мәнінде бастапқы капитал арендатор ретінде мемлекеттік
меншікте қалғанда ол көбінесе кәсіпорынның арендасы мен оның еңбек ұжымына
жақындалады.
Жекешелендіру мемлекеттік меншік объектісін азаматтардың және басқа да
заңды тұлғалардың жеке меншігіне беру дегенді білдіреді.
Мемлекет иелігінен алу кезінде үкімет мемлекеттік мүліктің толық
немесе ішінара (акциялардың бақылау пакетімен) меншік иесі ретінде қала
отырып, шаруашылық жүргізуші субъектілерге шаруашылықты басқару құқығын
береді. Ал жекешелендіруде меншік объектісі мемлекеттен біржола бөлінеді.
Меншік құқығына да, шаруашылықты басқару құқығына да иелік өзгереді. Бұл
субъектілер енді мемлекеттік тұтқаның иелері емес, жеке адамдар болып
саналады.
Мемлекет иелігінен алу - күрделі қарама-қайшылықты және әлеуметтік дау-
жанжалды тудыратын үдеріс. Жалпы, меншікті мемлекет иелігінен алу
мемлекеттік кәсіпорындарды жеке меншікке сатуды ғана көздемейді, ол күрделі
көпжақты құбылыс болып табылады. Осы үдерісті жүргізудің түрлері мен
тәсілдері: мемлекеттік кәсіпорындарды ұжымдарға жалға беру, акционерлік
қоғамға, кооперативтерге айналдыру, аграрлық секторда фермер
шаруашылықтарын қалыптастыру және т.б. сол тәрізді болып келеді.

1.3 Жекешелендірудің мақсаттары, түрлері және белгілері .

Компаниялардың, кәсіпорындардың қызметтерінің тиімділігі, нәтижелілігі
оларға үстемдік етуші меншікке тәуелді болады. Осы арадан компанияның
нәтижелі жұмыс жасауын қамтамасыз ету мақсатында кәсіпорындарды
жекешелендірудің негізгі себебі.
Жекешелендірудің негізгі белгілері ретінде келесі қолданылады:
- жеке тұлғаның пайдасына мемлекеттің меншік құқығының ауысуы немесе
мемлекеттік меншіктің жеке меншікке алмастырылуы;
- мүлікті билеу құқығын мемлекеттік кәсіпорынға делегат жіберу;
- жеке тұлғаларға мемлекеттік кәсіпорындардың толық сатылуы;
- активтер бөліктерінің сатылуы.
Жекешелендірудің ең қарапайым түрі өнім шығаратын кәсіпорынды
(өндірістік кешен ретінде) сату. Бұл жағдайда сатып алушы толық меншік иесі
болады. Ал, екінші бір қарапайым түрі кәсіпорын мүліктерін түгелімен бөліп
беру жолы. Ал бұлардың күрделі түрі мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлік
қоғамға және жауапкершілігі шектеулі қоғамға айналдыру.
Жекешелендірудің субъектісі физикалық мағынада жеке азаматтар,
юридикалық мағынада - кәсіпорындар, ұйымдар. Бірінші жағдайда мемлекет
меншігі жеке меншікке ауысады. Ал, дамыған елдерде мұндай меншік негізгі
өндірістік қорлардың 5-13 %-н құрайды. Ал, акционерлік меншік көп үлеске ие
болып отыр. Өйткені оның иелігіне мүліктердің басым көпшілігі ауысады.
Жекешелендіру субъектісі еңбек ұжымы да болуы мүмкін. Мұндай жағдайда
қазіргі әйгілі ұжымдық (халықтық) кәсіпорын идеясы орын алады.
Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің объектілері - мемлекеттік
мүлік, оның ішінде өндірістік, материалдық айналым қорлары, мемлекет
кәсіпорнының қаржы активі, тұрғын үй қоры, т.б. Сонымен, мемлекет иелігінен
алу мен жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асырумен байланысты мелекеттік
меншіктің басым көпшілігі жаңа субъектілерге көшуі тиіс, сөйтіп ресурстарды
пайдалану мен ұдайы өндірудің экономикалық тиімділігі мен әлеуметтік
әділеттілікті ұштастыратын болады. Ал, мемлекеттік меншікті үлестіре салу
оп-оңай мәселе емес, ол үлкен талдауды қажет етеді.
Мұндағы басты мотив - әлеуметтік: халықтың басым көпшілігінің нарыққа
көшу қажеттілігіне көздерін жеткізу. Ол жерде қиындықтар да, жоғалтулар да
орын алуы әбден мүмкін. Оған үлкен есеп те, іскерлік те, тәукел де қажет.
Ал, екіншіден, демократиялық қоғамның әлеуметтік негізі - орта тап - меншік
иелері. Міне, осылардың қатары неғұрлым көп болса, соғұрлым қоғамның саяси-
әлеуметтік тұрақтылығы да баянды болып, нығаяды. Мемлекет меншігіне орта
таптың иелік етуі, экономикалық жағынан тиімді болады. Міне, сондықтан да
туған тәуелсіз мемлекетіміздің егемендігін баянды етудің, күш-қуатын
арттырудың маңызды факторы экономикалық реформаны тереңдету болып отыр.
Бүгінгі күннің өзекті мәселесі - бұл Қазақстанның нақты экономикалық және
ғылыми-техникалық тәуелсіздігіне жету. Егемендікті экономикалық мағынада
жүзеге асыру ең алдымен ұлттық нарықты құрумен тікелей байланысты. Міне,
сондықтан да біздің қазіргі қоғамдық даму жағдайымыз тұрғысынан нарықтық
экономиканың да, экономикалық реформаның да өзекті мәселесі - мемлекет
иелігінен алу мен жекешелендіру болып отыр. Бізде 75 жыл бойы Батыс
елдерімен салыстырғанда меншікке деген көзқарас басқаша болып келеді.
Мәңгілік қатып-семіп қалған меншік түрі болмайтынын айту керек, мемлекеттік
меншік те сондай. Бұрынғы Кеңес елінде бәрі мемлекеттік болды. Ал
экономикалық жағдайымыздың, халықтың әл-ауқатының не күйге түскені белгілі.
Әрине, бұл сол мемлекеттік меншік деген ұғымның кесірінен ғана емес, мәселе
біздегінің бәрін мемлекеттік меншікке айналдырып жіберуімізде болар.
Мемлекеттік меншік те, жеке меншік те болсын, осы екеуінің негізінде туған
кооперативтік, колхоздық, акционерлік, т.б. меншік түрлері де өмір сүрсін.
Сондықтан да қазіргі кезеңде жекешелендіру мәселесіне ерекше назар
аударылуда.
Постсоциалистік жекешелендірудің шамамен 10 жылғы тәжірибесі
экономиканың нәтижелілігі мен инвестициялық белсенділігі өсуінің оның жеке
түрлерінің нәтижесінің ұғынуына мүмкіндік береді. Жалпы, әдістердің
әртүрлілігі келесілерге мәлімделуі мүмкін: бағалы қағаздар мен активтердің
бағағ сатылуы, компаниялардың қызметкерлеріне активтердің тегін тапсырылуы
не болмаса жеңілдікпен сатылуы, бұқаралық ваучерлік жекешелендіру және
реприватизация.
Жекешелендірілген ваучерлерді беру арқылы бұқаралық жекешелендіру
азаматтардың көпшілігі арасында мемлекеттік активтерді салыстырмалы жылдам
бөлуге мүмкіндік береді. Жекешелендірілген куәліктер тегін немесе ақшаның
азғана сомасына берілетініне қарамастан, ваучерлік жүйелер жекешелендірудің
әлеуметтік дау-жанжалды тәсілі болып табылады. Сонымен қатар осы жүйе
бойынша алынған меншік құқықтары жеке меншіктің толық құқығы ретінде
жіктеле алмайды, сондықтан ақша айналымына немесе әрі қарай
трансакциялардың бастаушы себебі ғана болып табылады. Ваучерлік жүйелер
бойынша басым әдістер Ресейде, Чехияда, Қазақстанда, Монғолияда, Албанияда
болды.
Ваучерлердің төмен бағаға немесе тегін берілуі халықтың көпшілігіне
бұқаралық жекешелендіруге қатысуға мүмкіндік берді, ал мемлекеттік активтер
меншік құқықтарының алғашқы бекіту кезеңі арқылы жылдам өтті. Сонымен бірге
ваучерлік жүйелер бюджетке жекешелендіруден табыстарды алу мүмкіндігін
істен шығарып, ішкі және сыртқы мемлекеттік қарыз мәселесін тереңдетті.
Әрине, ваучерлік жүйелер нарық капиталдарын қалыптастыруының ең тиімді
жолы емес. Пайда болған инвестициялық қорлар мен компаниялардың көптігі
мәселелерді толығымен шешкен жоқ. Жылдам бұқаралық жекешелендіруге
талпынған тек Чехия, Словакия мен Словения елдерінде экономиканың жаңа
секторын қалыптасуына қаржы нарықтары жеткілікті тұрақтылыққа ие болды.
Ресейде, Қазақстанда, Монғолияда және әсіресе Албанияда (1997 жылдың
басындағы оқиғаларға байланысты) қаржы нарықтары жеткіліксіз тұрақты
жағдайда, бірақ ол тұрақты өсуге ие болды.
Мүлік кешендерін, бағалы қағаздарды, активтерді тура сату әдісі арқылы
жекешелендіру алдын-ала дайындалған инвесторға немесе ақша жарыстарында,
аукциондарда, тендерлерде және т.с.с. мынадай артықшылыққа - бюджетке
түсудегі қайнар көзі ретіндегі ақшаларды алу және жекешелендірілген
компанияға инвестиция ретінде болуға мүмкіндік туғызады.
Сатылатын зат ретінде инвесторларға тартымды пайдалы кәсіпорын ғана
бола алады, сондықтан осы әдіс арқылы ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарының
инвестицияларына мұқтаж болатын көптеген бөлігін жекешелендіріле алмады.
Осыдан, меншік құқықтарының мемлекеттік активтерге алғашқы бекітілуі және
олардың әрі қарай қайта бөлінуі жеткілікті шоғырлана алады. Аукцион мен
жарыстар максимальді пайдалы деңгейде жекешелендірілген активтердің нарық
бағасын табуға жағдай жасайды. Бірақ, нәтижелі бағалар арқылы тек
кәсіпорынның азғана бөлігін сатуға болады.
Көптеген кәсіпорындар төмен бағамен сатылады және сатушыға сатып алу-
сату келісімдерінің нәтижелігінің ең бастысы, мемлекеттік меншіктен жеке
меншікке ауысуының тиімділігі. Сатып алушыға алынған активтердің пайдасынан
шығару қабілеттілігімен анықталды.
Тура сауданың басым әдісі болып Венгриядағы, Хорватиядағы, Эстониядағы
табылады, Польшада қолданылды, яғни жеке меншіктің дамуына шарттар пайда
бола бастаған жоспарлы экономиканың қойнауындаңы елдерде қолданылды.
Шетелдік капитал бұл пайданы жекешелендірудің бастапқы шарттары ретінде
бағалады, алайда бар болатын инвестициялар көлемі және экономиканың
нарықтық реструктуризацияның тиімділігі бойынша әлдеқайда күткеннен төмен
болды.
Тура сатылу әдісі бойынша жекешелендіру қаражат нарықтарының жылдам
алға басуына жағдай жасады және әсіресе маңыздысы - ұлттық, шетел немесе
аралас капиталда қайта құрылған жеке кәсіпорындардың өсуіне қолайлы жағдай
жасады.
Жекешелендірілген компаниялардың қызметкерлеріне мемлекеттік
активтерді жеңілдікпен сатылуы немесе тапсырылуы постсоциалистік елдер
қатарында (Польша, Латвия, Литва), тіпті жекешелендірудің алғашқы
тұжырымдамасы қарастырылмаған (мысалы Венгрияда) жерлерде кең қанатын
жайды. Әсіресе бұл әдіс Ресейде ерекше құлаш жайды, ол бұқаралық ваучерлік
жекешелендірудің жалпы жүйесінде қолданылған және жекешелендірілген
компаниялардың еңбек ұжымдарының меншігіне алғашқы тапсыруға жағдай жасады.

Жекешелендірудің келесі әдісі реприватизация болып табылады.
Реприватизацияның негізгі түрлері: реституция, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жекешелендірудің мәні, түрлері және қазақстандағы жекешелендіру үлгісі
Жекешелендіру
Қазақстандағы жекешелендірудің негізгі түрлері, әдістері, қорытындысы және қайшылықтары
Меншік мемлекет иелігінен алу
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері,оны жүргізу әдістері жайлы
Мемлекеттік меншікті жекешелендіру
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу туралы
Қазақстандағы жекешелендіру: заңдық-нормативтік негіздері, кезеңдері, нәтижелері
Қазақстан Республикасының жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері
Азаматтық құқықтағы меншік құқықтарын құқықтық реттеу жүйесі
Пәндер