Тауарлар импорты және экспорты кезіндегі валюталық бақылау



Кіріспе
Негізгі бөлім
І. Тауарлар импорты және экспорты кезіндегі валюталық бақылау
ІІ. Тарифтік емес есептеулердің техникалық шаралары (фитосанитарлық және т.б.)
ІІІ. Бекеттің құрылымы мен жұмысын зерттеу
Қорытынды бөлім
Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін өзін тәуелсіз, зайырлы, әлеуметтік және құқықтық мемлекет ретінде орнықтырды. Егемендікке ие болуы жаңа заңдарды қажет етті. Ұлттық және экономикалық қауіпсіздікті сақтау, дамыту барысында басты бағыттарының бірі заң шараларының қабылдануын қолға алды. Солардың ішінде кеден жүйесінің алатын орны ерекше болғандықтан кеден заңдары арқылы қоғамдық қатынастардың құқықтық реттелуін оның орны мен рөлін ерекшелеу маңызды.
Кеден ісі саласында осы күнге дейін көптеген заң актілері қабылданды. Соңғы уақытта, яғни 2003 жылы 1 мамырда Қазақстан Республикасының Парсламентімен қабылданған Кеден Кодексінің орны бас кеден заңдарының ішінде ерекше. Қазақстанның сыртқы сауданы реттеуді экспорт-импорт тауарларды өткізуде әлемдік тәжірибе мен танысуы, одан сабақ алуы оның болашақта өз саясатын белсенді, тиімді жүргізуге жол ашылды. Сонымен қатар, Қазақстан өзінің транспорттық жүйесін, яғни теңіз, өзен, темір жол, әуе кеңістігі, автомобиль және құбыр сияқты көлік түрлерін транспорттық инфрақұрылымдарын да дамытуда.
Қазақстан Республикасының 2003 жылы 1 мамырда қабылданған кеден кодексі тауарлар импорты және экспорты кезіндегі валюталық бақылауды қолға алды. Тарифтік емес шектеулердің техникалық шаралары т.б. кедендік шараларды сапалы да заң нормалары негізінде жүргізуде.
Бұл негізгі есеп беру жұмысының негізгі құрылымы мен алдына қойған мақсаты тауарлар импорты мен экспорты кезіндегі валюталық және тарифтік емес шектеулердің техникалық шаралары (фитосанитарлық және т.б.). Мұнда негізгі мәселелердің бірі «Әуежай Шымкент» кеден бекетінің құрылымы және жұмысын зерттеу.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995ж.
2. Қазақстан Республикасының Кеден кодексі. 2003ж. 1 мамыр.
3. Қазақстан Республикасының «Өсімдіктер карантины» туралы Заңы. 1999ж. 11 ақпан.
4. Драганов В.Г. «Основы таможенного дела». Москва. 1998г.
5. С.Т.Әлібеков. Қазақстанның кеден құқығы. Алматы. 2002ж.
6. Сәрсенбаев М.А. «Таможенное право». Алматы, 1998г.
7. Мадиярова Д.М. «Кеден ісін ұйымдастыру және басқару». Алматы. 2000ж.
8. Д.Б.Назарбекова., З.М.Мырзабекова. «Кеден ісі экуономикасы». Шымкент. 2002ж.
9. Некрасов. «Основы таможенного дела РК». 2005г.

Пән: Кеден ісі
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе
Негізгі бөлім
І. Тауарлар импорты және экспорты кезіндегі валюталық бақылау
ІІ. Тарифтік емес есептеулердің техникалық шаралары (фитосанитарлық
және т.б.)
ІІІ. Бекеттің құрылымы мен жұмысын зерттеу
Қорытынды бөлім
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін өзін тәуелсіз,
зайырлы, әлеуметтік және құқықтық мемлекет ретінде орнықтырды. Егемендікке
ие болуы жаңа заңдарды қажет етті. Ұлттық және экономикалық қауіпсіздікті
сақтау, дамыту барысында басты бағыттарының бірі заң шараларының
қабылдануын қолға алды. Солардың ішінде кеден жүйесінің алатын орны ерекше
болғандықтан кеден заңдары арқылы қоғамдық қатынастардың құқықтық реттелуін
оның орны мен рөлін ерекшелеу маңызды.
Кеден ісі саласында осы күнге дейін көптеген заң актілері қабылданды.
Соңғы уақытта, яғни 2003 жылы 1 мамырда Қазақстан Республикасының
Парсламентімен қабылданған Кеден Кодексінің орны бас кеден заңдарының
ішінде ерекше. Қазақстанның сыртқы сауданы реттеуді экспорт-импорт
тауарларды өткізуде әлемдік тәжірибе мен танысуы, одан сабақ алуы оның
болашақта өз саясатын белсенді, тиімді жүргізуге жол ашылды. Сонымен қатар,
Қазақстан өзінің транспорттық жүйесін, яғни теңіз, өзен, темір жол, әуе
кеңістігі, автомобиль және құбыр сияқты көлік түрлерін транспорттық
инфрақұрылымдарын да дамытуда.
Қазақстан Республикасының 2003 жылы 1 мамырда қабылданған кеден кодексі
тауарлар импорты және экспорты кезіндегі валюталық бақылауды қолға алды.
Тарифтік емес шектеулердің техникалық шаралары т.б. кедендік шараларды
сапалы да заң нормалары негізінде жүргізуде.
Бұл негізгі есеп беру жұмысының негізгі құрылымы мен алдына қойған
мақсаты тауарлар импорты мен экспорты кезіндегі валюталық және тарифтік
емес шектеулердің техникалық шаралары (фитосанитарлық және т.б.). Мұнда
негізгі мәселелердің бірі Әуежай Шымкент кеден бекетінің құрылымы және
жұмысын зерттеу.
І. Тауарлар импорты және экспорты кезіндегі валюталық бақылау
Қазақстан Республикасының заң актілерімен және (немесе) Қазақстан
Реслубликасы Үкіметінің нормативтік қаулыларымен тауарлар мен көлік
құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан
әкетуге тыйым салулар мен шектеулер, Қазақстан Республикасының кедендік
шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты тарифтік
және тарифтік емес реттеу шаралары белгіленуі мүмкін.
Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік
аумағына әкелу кезінде тауарлар мен көлік құралдарын өткізудің шарты
кедендік шекарадан іс жүзінде өту және Қазақстан Республикасының кеден
заңдарында белгіленген іс-әрекеттерді жасау болып табылады.
Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік
аумағынан әкету кезінде өткізудің шарты кедендік декларация беру немесе
тауарлар мен көлік құралдарын әкетуге бағытталған өзге де іс-әрекеттер
болып табылады. Өзге іс-әрекеттерге:
1) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кететін жеке адамның кедендік
бақылау аймағына кіруі (енуі);
2) тауарлар мен көлік құралдарын өткізуші тұлғаның тауарлар мен көлік
құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкету туралы
хабарлама беруі;
3) автокөлік құралының Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан
шығу мақсатымен Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу
пунктіне енуі;
4) Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс жерлерге жөнелту
үшін тауарларды көлік саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы
тұлғаларға не халықаралық почта жөнелтімдерін халықарапық почта қызметін
көрсетуші ұйымдарға тапсыру жатады.
Валюталық құндылықтарды Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы
арқылы өткізу Қазақстан Республикасының валюталық заңдарына және осы
Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.
Кеден органдары өз өкілеттіктерінің шегінде Қазақстан Республикасының
кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізу кезінде
Қазақстан Республикасы валюталық заңдарының сақталуына бақылауды қамтамасыз
етеді.
Қазақстан Республикасының валюталық заңдарын сақтау мақсатында кеден
органдары:
1) сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың Қазақстан
Республикасының валюталық заңдарын сақтауын бақылауды қамтамасыз етеді;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісім бойынша кеден ісі
мәселелері жөніндегі уәкілетгі орган айқындайтын тәртіппен тауарлардың және
көлік құралдарының Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы
қозғалысы туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне хабарлап отырады;
3) кеден органдары анықтаған Қазақстан Республикасының валюталық
заңдарын бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін және
екінші деңгейдегі банктерді хабардар етеді.
1. Кеден органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз
құзыреті шегінде экспорттық бақылау саласындағы реттеуді жүзеге асырады.
2. Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес өз құзыреті шегінде экспорттық бақылау
саласындағы нормативтік құқықтық актілерді шығару жолымен кеден
органдарының функциялары мен өкілеттіктерін айқындайды.
1. Кеден органдары экспорттық бақылауға жататын тауарлардың Қазақстан
Республикасының кедендік шекарасы арқылы өтуі кезінде оларға кедендік
бақылауды жүзеге асырады.
2. Кеден органдары экспорттық бақылау саласындағы нормативтік құқықтық
базаны қалыптастыруға қатысады, экспорттық бақылауға жататын өнімдердің
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізілуінің
алдын алады және жолын кеседі.
Кеден органдарының экспорттық бақылауды жүзеге асыруға уәкілетті
лауазымды адамдары сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан және өзге де
тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардан өздері алған ақпараттың
жасырындығын сақтауға міндетті.
Кеден заңы Қазақстандық кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен
көлік құралдарына кеден бақылауын жасауға қатысты қосымша ережелерді
қарастырады.
Кеден бақылауының құрамдас бөлігі ретінде валюта бақылауы ұлттық
банктің бірқатар ведомстволық актілері қабылданғаннан кейін оған кеден
органдарының қатысуына қосымша мүмкіндіктер туғызады.
1997 жылы 23 мамырда Кеден комитетінің келісімі бойынша Ұлттық Банктің
қаулысымен экспорттық-импорттық валюта бақылауын ұйымдастыру жөніндегі
ереже қабылданды.
Ресейде кеден органдары 1994 жылдан бастап-ақ мәмілелер құжатын
бақылайды, ал Қазақстанда көрсетілген ереже кеден рәсімдеуін аяқтағанға
дейін экспорт және импорт мәмілелерінің құжаттарын рәсімдеу тәртібін және
кеден рәсімдеуінен кейін осыған ұқсас тәртіпті реттейді.
Экспорттық-импорттық валюта бақылауын енгізу кеден органдарына
өткізілетін экспорттық-импорттық валюта операцияларының әрекет етуші
құқыққа сәйкестігін тексеру, төлемдердің негізділігін, экспорттық-импорттық
операциялар бойынша есептің толықтығы мен объективтілігін тексеру бойынша
қосымша қызметтер жүктейді.
Кеден органдары экспорт бойынша әрбір экспорттық келісім-шарт бойынша
тауарлар экспортынан түскен валюта түсімдерін бақылау құжаттарының
жиынтығынан тұратын іс-құжаттар жинағы (досье) мен импорт бойынша әрбір
импорттық келісім-шарт бойынша өнімдер импортында шетел валютасын
пайдалануды бақылау құжаттарының жиынтығынан тұратын іс-құжаттар жинағы
(досье) қалыптастырады. Экспорт бойынша құжат және импорт бойынша құжат
экспортымен және сәйкесінше импортымен банкте немесе келісім импортына
байланысты кеден органдарында толтырылады.
Бүгінгі таңда валюталық бақылауда қойылатын талаптардың арта
түскендігін кеден қызметінің экономика және қаржы саласында
біліктендірілген мамандарды таңдап алуда жаңа әдіс-амалдар қажет.
Мемлекет валюталық бақылаудан басқа малдәрігерлік, фитосанитарлық,
экологиялық және бақылаудың т. б. түрлерін қарастырады.
1999 жылғы 11 ақпандағы Өсімдіктер карантині туралы Қазақстан
Республикасының заңымен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесінің
құрамдас бөлігі болып табылатын өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік
шараларды жүзеге асырудың қағидалары мен құқықтық негізі анықталған.
Мұндағы фитосанитарлық қорғау дегенміз – республиканың өсімдік ресурстарын
және өсімдік текті өнімдерді басқа мемлекеттерден тасып әкелуден, сондай-ақ
республиканың карантиндік объектілерінің күшпен кіруінен қорғауға, олардың
таралуы жағдайында – олардың таралу ошақтарын жергіліктендіру мен жоюға
бағытталған мемлекет шараларының жүйесін қарастыратын құқықтық режим.

ІІ. Тарифтік емес есептеулердің техникалық шаралары (фитосанитарлық
және т.б.)
Тарифтік емес реттеудің ең төтенше шарасы кедендік блокада мен эмбарго
болып табылады.
Кедендік блакада-кедендік ресімдеуді тоқтатып қою, кеден қоймаларында
тауарларды ұстап тұру т.б. арқылы жүзеге асырылады.
Мұндай шаралар мақсаты – блакада жасалатын мемлекттермен сыртқы
экономикалық байланытарды бұзу болып табылады.
Эмбарго – белгілі бір нақты елдердің экспорты мен импортына тиым салу.
Эмбарго халқаралық практикада танымал амалсыз шара. Мұның да ашық және
бүркемеленген деген түрлері бар. Тауарлардың сипатына немесе
қауіпсіздігіне, сапасын бақылауға негізделген шектеулерді бейтарифтік
ретеудің техникалық шаралары деп атайды. Техникалық шараларды жүзеге асыру
барысында тауардың оралымына, символикасына, маркировкасына, этикеткасына
көп көңіл бөлінеді.
Техникалық реттеу шараларының түрлері:
- адамдар мен жануарлардың өмірімен денсаулығын қорғау мақсатында
енгізілетін санитарлық реттеулер.
- өсімдіктерді қорғауға бағытталған фитосанитарлық реттеу;
- қоршаған орта мен табиғатты қорғауға байланысты реттеу шаралары;
- ұлттық қауіпсіздікке бағытталған шаралар;
- алаяқтылыққа қарсы шаралар.
Техникалық шараларға өнімнің белгілі бір талаптарға сәйкестігі жатады:
- тауарлардың маркировкасы, ондағы мәліметтер (шыққан елі, салмағы,
қауіпті жүктерге қойылатын арнайы белгілер);
- тұтынушыларға арналған этикеткадагы мәліметтер;
- қораптауға қойылатын талаптар (орау материалдары мен әдісі).
- карантин және инспекцияға қажетті бақылау;
- өнім компаненттері, пайдалану мерзімі, сақтау әдістері.
Қазіргі кездегі техникалық реттеулер:
- қоршаған ортаны ластайтын материалдар мен шикізат тауарларының
импортын шектеу немесе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы аймағындағы тауарлардың кедендік бақылауы
Шетелдік валюта - ұйымның қоланыстағы валютасынан өзгеше валюта
Валюта бағамының өзгеруінің бухгалтерлік есебі
Сыртқы сауда
Сыртқы сауда статистикасы
ҚР-ның экономикалық өсіміне экспортты-импорттық операциялардың әсері
Қаржының қызметі мен оның рөлі
Экспорттық операциялардың теориялық негіздері
Тауарлардың экспорты және импортын реттеудегі БҰҰ-ның ролі
Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге шығарылатын тауарлардың кедендік құны
Пәндер