Сұраныс пен ұсыныс жайлы мәлімет



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Сұраныс теориясының негізері
1.1 Сұраныс және оған әсер ететін факторлар. Сұраныс заңы.
Сұраныс қисығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2 Икемділік түсінігі. Сұраныс икемділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.3 Сұраныс пен пайдалылық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2. Қазақстан Республикасындағы нарық механизмінің тиімді
қызмет етуіндегі сұраныстың рөлі
2.1 Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекет етуі. Нарықтық
тепе.теңдік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
2.2 Тұтынушының мінез.құлық теориясының негіздері ... ... ... ...22
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
Нарықтық қатынастар сатушы мен сатып алушының өз мүдделерінің тиімділігіне негізделген іс-әрекеттермен сипатталады. Бұл қатынастар өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыстар түрінде көрініс табады.
Сұраныс рыноктың элементі. Ол өндірісті үнемді пайдалану әдістері мен ресурстарды тиімді бөлу тәсілдерін қолдануға ынталандырады. Сұраныс - төлем қабілеті бар қажеттілік.
Бәсекені рынокта тауар айырбасы үшін белгілі бір заңдар әрекет етеді. Тауар айырбасы мен баға орнату процестерін басқарушы заңдардың бірі - сұраныс заңы.
Сұраныс заңы - баска жағдайлар тұрақты болғанда (сұраныс көлеміне әсер ететін бағадан басқа факторлардың әсері қарастырылмайды), бағаның өсуі сұраныстың көлемін төмендетеді немесе бағаның төмендеуі сұраныс көлемін арттырады. Сұраныс пен баға арасындағы кері тәуелділіктің болуына байланысты сұраныс қисығы төмен бағытталған.
Сұраныс қисығы - сатып алушылардың дәл осы уақытта түрлі бағамен экономикалық игіліктің қанша санын сатып алғысы келетінін көрсететін қисық.
Әрбір тауардың өзіне тән сұраныс пен ұсыныс кисықтары болады және көптеген факторлардың әсеріне ұшырайды.
Сондықтан сұраныс көлемі мен сұраныстың өзін және ұсыныс көлемі мен ұсыныстың өзін ажырата білу қажет.
Сұраныс қызметі (demand function) - сұранысты оған әсер ететін әр түрлі факторларға байланысты анықтайтын қызмет. Оның ішінде ең маңыздысы осы кездегі игілік бірлігінің бағасы болып табылады. Баға темен болған сайын сұраныстың жоғары және керісінше болатынын біз анықтадық. Баға өзгеруі сұраныс қисығы бойынша қозғалысты көрсетеді
1. Экономикалық теория, Әубәкіров Я.Ә., Доскалиев С.Ә. Алматы, 1999 ж.
2. Экономикалық теория, Әубәкіров Я.Ә., Байжұмаев Б.Б. Алматы, «Санат», 1998 ж.
3. Жалпы экономикалық теория, Шеденов Ө.Қ., Жүнісов Б.А., Алматы-Ақтөбе, 2002.
4. Экономикалық теория, Әкімбеков С., Баймухамедова А.С., Жанайдаров У.А.. Астана, 2002 ж.
5. Экономика теория бойынша практикалық оқу құралы,Жатқанбаев Е.Б., Алматы 2005 ж
6. Макроэкономика, Мамыров Н.Қ, Тілеужанова М.Ә., Алматы, 2003.
7. Макроэкономика, Дорнбуш Р., ФишерС., Алматы, «Білім», 1997 г.
8. Микроэкономика, Мұхамедиев Б.М, Алматы, 2003ж.
9. Микроэкономика, Мамыров Н.Қ., Есенғалиева Қ.С, Тілеужанова М.Ә., Алматы, 2000 ж.
10. Экономическая теория. Учебник для вузов. Под.ред. Добрынина А.И., Тарасевича Л.С. СПб, 1997
11. «Астана хабары» газеті, №187 (2133), 17 қараша 2007.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...3

1. Сұраныс теориясының негізері

1.1 Сұраныс және оған әсер ететін факторлар. Сұраныс заңы.

Сұраныс қисығы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

1.2 Икемділік түсінігі. Сұраныс
икемділігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .7

1.3 Сұраныс пен
пайдалылық ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .14

2. Қазақстан Республикасындағы нарық механизмінің тиімді

қызмет етуіндегі сұраныстың рөлі

2.1 Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекет етуі. Нарықтық

тепе-теңдік
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..19

2.2 Тұтынушының мінез-құлық теориясының негіздері ... ... ... ...22

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..27

Пайдаланылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29

КІРІСПЕ

Нарықтық қатынастар сатушы мен сатып алушының өз мүдделерінің
тиімділігіне негізделген іс-әрекеттермен сипатталады. Бұл қатынастар
өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыстар түрінде көрініс табады.
Сұраныс рыноктың элементі. Ол өндірісті үнемді пайдалану әдістері мен
ресурстарды тиімді бөлу тәсілдерін қолдануға ынталандырады. Сұраныс - төлем
қабілеті бар қажеттілік.
Бәсекені рынокта тауар айырбасы үшін белгілі бір заңдар әрекет етеді.
Тауар айырбасы мен баға орнату процестерін басқарушы заңдардың бірі -
сұраныс заңы.
Сұраныс заңы - баска жағдайлар тұрақты болғанда (сұраныс көлеміне әсер
ететін бағадан басқа факторлардың әсері қарастырылмайды), бағаның өсуі
сұраныстың көлемін төмендетеді немесе бағаның төмендеуі сұраныс көлемін
арттырады. Сұраныс пен баға арасындағы кері тәуелділіктің болуына
байланысты сұраныс қисығы төмен бағытталған.
Сұраныс қисығы - сатып алушылардың дәл осы уақытта түрлі бағамен
экономикалық игіліктің қанша санын сатып алғысы келетінін көрсететін қисық.
Әрбір тауардың өзіне тән сұраныс пен ұсыныс кисықтары болады және
көптеген факторлардың әсеріне ұшырайды.
Сондықтан сұраныс көлемі мен сұраныстың өзін және ұсыныс көлемі мен
ұсыныстың өзін ажырата білу қажет.
Сұраныс қызметі (demand function) - сұранысты оған әсер ететін әр түрлі
факторларға байланысты анықтайтын қызмет. Оның ішінде ең маңыздысы осы
кездегі игілік бірлігінің бағасы болып табылады. Баға темен болған сайын
сұраныстың жоғары және керісінше болатынын біз анықтадық. Баға өзгеруі
сұраныс қисығы бойынша қозғалысты көрсетеді

1 СҰРАНЫС ТЕОРИЯСЫ НЕГІЗДЕРІ

1.1 СҰРАНЫС ЖӘНЕ ОҒАН ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР СҰРАНЫС ЗАҢЫ. СҰРАНЫС
ҚИСЫҒЫ.

Біз қандай бір тауар рыногында қалыптасушы ситуацияны қарастырсақ,
тауар бағасы мен сатылған (өткізілген) тауар саны арасында белгілі бір
байланыс бар өкенін оңай байқаймыз. Тауар бағасы төмен болған сайын сатып
алушылар сатып алғысы келетін оның көлемі де көп (басқасы тең жағдайда)
болып, оған деген сұраныс жоғары болады. Мысалы, бағасы 60 теңге болғанда
сатып алушылар X игілігінің бір бірлігін ғана сатып алғысы келсе, бағасы 30
теңге болса - үш бірлікті, 20 теңге болғанда - 4 бірлікті және т.б алғысы
келеді. Баға мен сұраныс шамасы арасындағы кері тәуелділік сұраныс заңы деп
аталады. Сатылған игіліктер санының баға деңгейіне тәуелділігін сызба
түрінде беруге болады.
Рыноктық қатынастар сатушы мен сатып алушының өз
мүдделерініңтиімділігіне негізделген іс-әрекеттермен сипатталады. Бұл
қатынастар өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыстар түрінде
көрініс табады.
Сұраныс рыноктың элементі. Ол өндірісті үнемді пайдалану әдістері мен
ресурстарды тиімді бөлу тәсілдерін қолдануға ынталандырады. Сұраныс - төлем
қабілеті бар қажеттілік.
Сұраныс – сатып алушылар қалайтын және ала алатына тауар бағасы мен
оның көлемі арасындағы тәуелділік. Яғни ол былай беріледі:
Q=QD (p),
Мұндағы,
P – тауар бағасы;
Q – сұраныс шамасы;
QD (p) – сұраныс функциясы.

Бәсекені рынокта тауар айырбасы үшін белгілі бір заңдар әрекет етеді.
Тауар айырбасы мен баға орнату процестерін басқарушы заңдардың бірі -
сұраныс заңы.
Сұранысқа тауардың өзінің бағасы ғана емес, басқа да факторлар әсер
етеді. Олар бағадан тыс факторлар деп аталады.
1) тұтынушы табысының өсуі (немесе қысқаруы);
2) ұнайтын және басымдық беретін нәрселерінің
өзгеруі;
3) бағаны және тапшылықты күту;
4) жарнамаға жұмсалатын шығындардың ауытқуы;
5) субстит тауарлардың (алмастырушылардың) және
комплементарлық (қосымша) тауарлардың бағасының өсуі;
6) сатып алушылар санының өсуі (немесе азаюы)
және т.б.
Сатып алушылар табыстарының ұлғаюы әдетте сұраныстың жоғарылауына
әкеледі. Мұндай тауарлар қалыпты тауарлар деп аталады.
Төмен сапалы тауарлар да болады, олардың тұтынылуы табыстың ұлғаюы мен
төмендейді.
Сабақтас тауарлар бағаларының өзгеруі. Егер бір тауар бағасының өсуі
басқа бір тауар сұранымының өсуіне әкелсе, ол бірін-бірі алмастыратын
тауарар деп аталады.
Егер бір тауар бағасының көтерілуі басқа тауар сұранысының төмендеуіне
әкелсе, бұл бірін-бірі толықтыратын тауарлар.
Тұтынушылардың талғаулары мен қалаулары сұранысқа елеулі әсер етеді.
Сұраныс осы факторлардың бәрінің қызметі болып табылады:

QD=F(P,I,Z,W,PSU BP COM,N, B).
Ондағы: QD - сұраныс;
Р - баға;
I - табыс;
Z - ұнайтын нәрсесі;
W - күту;
Psub- субститут тауарлар бағасы;
Рсом- комплементарлық тауарлар бағасы;
N - сатып алушылар саны;
В - басқа факторлар.
Сұраныс заңы - баска жағдайлар тұрақты болғанда (сүраныс көлеміне әсер
ететін бағадан басқа факторлардың әсері қарастырылмайды), бағаның өсуі
сұраныстың көлемін төмендетеді немесе бағаның төмендеуі сұраныс көлемін
арттырады. Сұраныс пен баға арасындағы кері тәуелділіктің болуына
байланысты сұраныс қисығы төмен бағытталған.
Сұраныс қисығы - сатып алушылардың дәл осы уақытта түрлі бағамен
экономикалық игіліктің қанша санын сатып алғысы келетінін көрсететін қисық.
Экономикалық теорияда тәуелсіз өзге-рушіні (бағаны) тігінен, ал тәуелдіні
(сұраныс) көлденең осіне қою қабылданған.
Бағаның өсуі сұраныстың көлемін ғана төмендетеді, ал сұраныстың өзі
қажеттіліктің көрінісі ретінде өзгеріссіз қалады. Сондықтан сұраныс
қисығының қозғалысына бағадан баска факторлар әсер етеді. Мысалы: жаздың
ыстык күндерінде салқын сусындар мен балмұздаққа сұраныс тұтынушылардың
санының артуымен байланысты.
Бейнеленген қисық белгілі бір уақыт кезіндегі баға жағдайы мен X
өнімінің сатып алынған көлемін сипаттайды (мысалы, 2002ж. 1 қаңтар). Одан
теріс еңкеюді байқауға болады, бұл сатып алушылардың, өз бағасы кезінде
игіліктің көл санын сатып алғысы келетінін білдіреді. Жалпы түрі:
Qd= Ғ(Р).

Ондағы: Q - сұраныс шамасы (demand); Р - баға (price).

1-сызба. Сұраныс шамасының бағаға тәуелділігі

Сұраныс қызметі (demand function) - сұранысты оған әсер ететін әр түрлі
факторларға байланысты анықтайтын қызмет. Оның ішінде ең маңыздысы осы
кездегі игілік бірлігінің бағасы болып табылады. Баға темен болған сайын
сұраныстың жоғары және керісінше болатынын біз анықтадық. Баға өзгеруі
сұраныс қисығы бойынша қозғалысты көрсетеді (2-сурет).

Осы факторлар сұраныс қисығының оңға немесе солға жылжуына көмектеседі
(3-сурет).

2-сурет
Сұраныс қисығы
3-сурет
Сұраныс қызметі
(сұраныс қисығының жылжуы)
1.2 ИКЕМДІЛІК ТҮСІНІГІ. СҰРАНЫС ИКЕМДІЛІГІ

Экономикалық агенттер тарапынан баға өзгеруіне болатын мүмкін реакцияны
зерттеуде икемділік түсінігі маңызды рөл ойнайды. Сұраныс икемділігі бағаға
қатысты, бағаның бір процентке өзгеруі әсерінен сұраныс көлемінің
салыстырмалы өзгөруін керсетеді. Осы кезде практикалық мәнге абсолюттік
шама емес, салыстырмалы шама ие болады. Бұл түсінікті де. Сникерс бағасы
10 теңгеге өсті дегенде, оны байқамау мүмкін емес, себебі бұл Сникерс
үшін бағаның елеулі өзгөруі болып табылады. Ол сұраныс шамасының елеулі
өзгеруін тудырады. Кір жуу машинасы-ның 10 теңгеге өсуі, сатып алушылар
үшін іс жүзінде еште-ме өзгертпейді. Сондықтан баға мен сұраныс шамасының
өзгеруі икемділік формуласында абсолюттік емес, салыстырмалы түрде
беріледі:

Ондағы: ЕР- баға бойынша сұраныс икемділігі;
ΔQ Q ~ сұраныстың салыстырмалы өзгеруі;

- бағаның салыстырмалы өзгеруі.

Әдетте, баға өсуіне қарай сұраныс көлемі төмендейді жәнеΔ QQ болады.
Теріс сандарды болдырмау үшін, минус белгісін енгізеді:

EpD1 болғанда сүранысты икемді (бүл сұраныс бағадан тез еседі немесе
құлдырайды дегенді білдіреді) кәне EpD1 болғанда икемді емес (яғни сұраныс
баға эзгергенге қарағанда баяу еседі (құлдырайды)) деп зйтады.
Егер баға өзгерісі ешқандай сұраныс өзгеруін тудыр-иаса, онда EPD=0,
егер бағаның шексіз шағын езгеруі сұраныстың шексіз кеңеюін тудырса, онда
Е=°°
Бір игілік бағасының басқа игілік бағасына салыстырмалы икемділігі
қиылыстың икемділігі деп аталады .

dQx Q x dQx Py
dPyPy dPy Qx

егер EXD 0 болса, онда біздің алдымызда бірін-бірі алмастыратын
игіліктер (субституттар), егер ЕхD 0 болса, бірін-бірі толықтыратын
игіліктер тұр.
X игілігіне сұраныс икемділігі көп болған сайын игіліктерді алмастыру
дәрежесі жоғары болады (EDх,ү =- болғанда алдымызда жетілген субституттар
тұр); керісінше икемділік темен болған сайын, өзара толықтыру жоғары
болады.
Бірақ, игіліктердің бірін-бірі алмастыруы және толықтыруын сипаттайтын
осы ережелерді тек бағалар сәл өзгерген кезде ғана пайдалануға болады.
Қазіргі экономикалық ғылымда табысқа қатысты сұраныс икемділігі
көрсеткіші де пайдаланылады:

ΔQQ
ΔІІ

Табысқа қатысты сұраныс икемділігі көрсеткіші теріс (Е10) болса, табыс
өсуі осы игілікке деген сұраныстың төмендеуіне әкеледі және оның сапасы
темен деп айтуға болады. Байыған тұтынушы оны басқа, сапалырақ тауармен
алмастыруы мүмкін және қажет деп есептейді. Мысалы, маргаринді маймен
алмастыру арқылы, оны тұтынуды төмендету, картопты басқа көкөністермен
(қияр, помидор) алмастыру арқылы, оны тұтынудан бас тарту. Егер табысқа
қатысты сұраныс икемді оң (Е10) болса, онда игілік дұрыс деп есептеледі.

Егер 0Е11 болса, онда игілікке деген сұраныс табысқа қарағанда
баяуырақ өседі. Бұл бірінші қажеттіліктер игіліктеріне тән (тұз, нан,
сіріңке). Е11 кезінде игілікке деген сұраныс табыстар өсуінен басым түседі
және артып кетпейді (байлық заттары). Мұндай бөлуге тұтынушылар топтары
бойынша табыстың бекітілген деңгейі кезінде жол беріледі, себебі табысқа
байланысты бірдей игіліктер бірліктен темен, сонымен қатар бірлікке тең
немесе одан үлкенірек (мысалы, жиһаз) икемділіктің сандық мәнін бере алады.
Бірліктен темен (0Е11) табысы бойынша сұраныстикемділігі бар әр игілік
үшін нақты түтынушыға арналған Е11 игілік әрекөт етуі керөк. Бүл Энгель
заңы деп аталады.

1-сурет 2-сурет

Осыған байланысты сұраныс көлемін сұраныстың өзінен ажырата білудің
маңызы зор. Баға төмендегенде сұраныс көлемі өседі, ал сұраныстың өзі сол
тауарға қажеттіліктін көрініс ретінде езгермейді. Егер, әрбір бағада
(жогары, темен) сатып алушылар осы тауарды көптеп сатып алатын болса,
сүраныстың үлғаюы туралы айтуға болады. Мысалы жаздың ыстық күндерінде
сусындар мен балмүздаққа сураныс көбейеді. Бүл жағдайда d1, қисығымен
қозғалмаймыз, өйткені қисык қозғалып жаңа қалыпта болады d2
Одан басқа атап өтетін нәрсе, сұраныс көлеміне бағадан басқа табыстар
деңгейі, рынок мөлшері, басқа тауарлардың бағасы мен пайдалылығы өз әсерін
тигізеді. Мысалы: сатып алушылардың орта табыстары өссе, онда басқа тең
жағдайларда сұраныс қисығы d1 оңға жоғары ойысады бағаның сол деңгейіне Р1
сұраныстың өскен деңгейі сәйкес келеді. (1-сурет).
Сұраныс пен үсыныс кисыктарының көлбеу деңгейлерін, олардың бағага
тәуелділігін анықтау қажет. Өйткені әртүрлі тауарлардың сұранысы мен
ұсынысына бағаның өзгерісі әртүрлі әсер етеді. Бүл тәуелділікті бағалау
сатушылардыц сатудан түсетін табысының молшерін анықтау үшін қажет болып
табылады. Сұраныс кисығын 3 түрлі нұскада карастырайық.
Егер бағаның өсуіне қарағанда сұраныстың төмендеуі жоғары болса, онда
сұраныс икемді.
Егер бағанын өсуіне Караганда, сүраныстыц төмендеуі аз болса, онда
сураныс икемсіз (Ed 1).
Сұраныстың икемділігіне әсер ететін факторлар:
1. Өзара алмастырушы және толықтырушы тауарлар.
2.Тұтынушының табысы.
3. Тұтынушы бюджетіндегі тауарлардыц үлесі.
4. Тауар қажеттілігінің деңгейі.
5. Тутынушыныц күтуі.
Бір тауардың бағасына байланысты екінші тауар сұранысынын икемділігі
қиылысқан икемділік деп аталады. Қиылысқан икемділік коэффициенті 1-ші
тауар сұранысына өзгерістің 1-ші тауар бағасының езгерісіне қатынасы арқылы
анықталады:

Eij = % ΔQi % ΔPj

Алмастырушы тауарлардың қиылысқан икемділік коэффициенті 0-ден жоғары
болады (мысалы, кофеніц бағасы өссе, шайга сұраныс артады);
Толықтырушы тауарлардыц киылысқан икемділік коэффициенті 0-ден төмен болады
(мысалы, шайдың бағасының өсуі, қанттың сұранысын азайтады).
Тәуелсіз тауарлардыц киылысқан икемділік коэффициенті 0-ге тең болады
(мысалы, нан бағасының өсуі дәптердің сұранысын өзгертпейді).
Сұраныстың көлемі тұтынушыныц табыс деңгейіне тәуелді. Табыс өзгерісі
сұранысқа әртүрлі әсер етеді. Сұраныстың табыс бойынша икемділігі-
табыстағы өзгеретін сұраныстың өзгерісіне әсері. Азық-түлік тауарларына
қарағанда өнеркәсіп тауарларына сұраныстың табыс бойынша икемділігі жоғары
болады.
Табыстың сұранысқа әсерін икемділік коэффициенті аныктайды:
Ed I = ΔQ ΔІ

Ed I - сұраныстың табыс бойынша икемділік коэффициенті.
ΔQ - сұраныс көлемінің озгерісі.
ΔІ - тұтынушылардың табысының өзгерісі.

Табыстың сұранысқа әсерін Энгель қисыктарының графигі арқылы
карастыруға болады. График бойынша, табыстың өзгеруіне байланысты калыпты
тауарлардыц сұранысы тура, сапалы және сапасыз тауарлардың сұранысы кері
бағытта өзгеретінін көруге болады.
Сұраныстың бағаға тәуелділігі сұраныстың икемділігі аркылы сипатталады.
Сұраныстың баға бойанша икемділік коэффициенті- сұраныс көлемінің пайыздық
өзгерісінің бағаның пайыздық өзгерісіне катынысы арқылы анықталады.
Икемділік коэффициенті бағаның бір пайызга өзгерісініц нәтижесінде
сұраныс көлемінің канша пайызга өзгеретінін көрсетеді.
Егер бағаның өсуі сұранысты төмендетіп, жалпы табыс мөлшерін өзгеріссіз
қалдырса, онда сұраныс бірлік икемді 1-ші жағдайда баға 3 есе төмендегенде,
сүраныс 3 есе өсіп, жалпы табыс өзгеріссіз қалады. 2-ші жағдайда бағаның 3
есе төмендеуі сұранысты 2 есеге ғана өсіріп, жалпы табысты азайта-ды. 3-ші
жағдайда баганың төмендеуіне қараганда, сүраныстын өсуі жоғары
болгандықтан, жалпы табыс артады.

Сұраныс көлемінің тауардың рыноктағы бағасына тәуелділігі нақты қарауды
керек етеді. Әр түрлі тауарлар бір-бірінен сүраныс пен үсыныстың бағаның
өзгеруіне жауап беру деңгейімен ерекшеленеді. Сұраныс қисығының үш нүсқасын
қарайық (3-сурет).

Бұл жерде көңіл аударатын негізгі мәселе, сатып алущылардың сатушыларға
төлейтін ақшасының жалпы сомасы болып табылады; Сатушының жалпы саудадан
түсіргені барлық уақытта баганы сатылған тауарлардың санына көбейткенге
немесе РхО кебейтіндісіне тең. 3, а-суретте бағаның екі рет қүлдырауы,
сүраныстың да екі рет өскенін, ал жалпы саудадан түсімнің езгермегендігін
сипаттайды. 3,б-суретінде бағаның үш рет төмендеуі сатып алудың екі рет
кана есуімен қосарланды және жалпы саудадан түсіргені кеміді. Басқа жағдай
3,в-суретінде көрсетілген. Саудадан түсім өседі, өйткені баға кемігендіктен
сұраныс көп өсті.
Рыноктағы сүраныс келемінің баға төмендегенде қандай мөлшерде өсетіні
немесе баға өскенде кемитіні бағаға байланысты сұраныстың икемділігінің
дәрежесін сипаттайды.

а) б) в)

3-сурет

Сұраныс икемділігінің бағаға байланысты коэффициенті (Ed), сүраныстың
өзгеруінің осы өзгерісті шакырған бағага өзгерісіне қатынасын көрсетеді.
Икемділік коэффициенті тауарға сүраныстың мөлшері тауар бағасы бір
процентке өзгергенде қанша процентке өзгеретінін көрсетеді. Бағаның кемуі
дулме-дәл сұраныстың өсуімен өтелгенде, ал жалпы саудадан түсірген сома
өзгермегенде (3, а-сурет), сүраныстың бірлік икемділігі туралы әңгіме
болады (Ed = 1). Ал бағаньщ кемуі сұраныстың аз өсуін шақырса (3, б-сурет),
сүраныс икемділігі (Ed 1) Бағаның кемуі сұраныстың артық өсуін шақырса
(3, в-сурет), онда сүраныстың икемділігі туралы айтамыз: Ed 1.
Сұраныстың икемділігі туралы пайымдаулар жалпы бағаның ұсыныска әсерін
талдағанда да қолдануға болады. Ұсыныстың иілімділілігі ол рынокқа
шығарылган тауарлардың санының бәсекелік бағаның салыстырмалы өзгеруіне
сәйкес салыстырмалы өзгеруінің көрсеткіші. Ұсыныстың икемділік коэффициенті
(Еs) үсыныстың өзгеруінің осы өзгерісті шақырған баға өзгеріске қатынасын
көрсетеді.

4-суретте Әр түрлі икемділіктегі ұсыныстың үш сызығы көрсетілген. Тауар
ұсынысының икемділігі көп факторларға тәуелді: әр түрлі кәсіпорындардағы
жекелеген шығындардың жіктелуінен, өндірістік қуаттардың толық істеуінен,
еркін жұмыс күшінің болуынан, капиталдың бір саладан екінші салаға тез
ауысуынан және т. б.

4-сурет.

Тауарлардың басым белігіңде табыстар мен сүраныстың арасындағы тікелей
тәуелділік бар, яғни _табыс өсуімен сұраныс көбейеді. Алайда, кейбір
жағдайларда кері тәуелділік болуы мүмкін. Әдетте мұндай жағдай елдің кедей
бөлігі тұтынатын, тұтыну қасиеттері төмен, тауарларға қатысты. Табыстар
ескен сайын картоп, нан сияқты тағам өнімдеріне сұраныс азаяды, өйткені
түтынушылар өз рациондарына көп ет, көкөніс және жеміс-жидектер кіргізуге
мүмкіндік алады.
Сұраныс икемділігімен тауарлар бағаларының тербелуі баска тауарлардың
бағаларының езгеруіне әрқалай әсер етеді. Мысалы, икемсіз сұраныс пен тауар
бағасы өссе, онда осы тауарды сатып алу шығыны өседі, ал бұл тұрақты
табыска басқа тауарларга сұранысты азайтады және олардың бағасын
төмендетеді.
Сонымен, ұсыныс икемділігі қаралып отырған уақыт кезеңі үлғайған сайын
өседі, ал ол карапайым бағалардың қалыптасуына жәрдемдеседі. Сүраныс пен
үсыныстың илікпелікке керісінше мән ретінде анықталуы бағаның икемділігі
ұғымына байланысты. Ол сұраныс пен ұсыныстың өзгеруінің бағага әсерін
білдіреді. Сүраныс әңгіме болғанда, әрине, төлем қабілеті бар сұраныс
туралы болады. Сондыктан, жоғарыда көрсеткендей сүранысқа эсер ететін аса
маңызды факторлардың бірі табыстар деңгейі. Табыстар өзгергенде тауарларға
сұраныс та әрқалай өзгереді. Бүл жағдайда табысқа байланысты сұраныстың
икемділігі туралы айтамыз. Мысалы, бәрімізге жақсы белгілі, сатып
алушылардың табыстарының өзгеруі, азық-түлік тауарларын сатып алуға, ұзак
пайдаланылатын тауарларды сатып алуға көп әсерін тигізеді. Басқаша
айтқанда, өнеркәсіп тауарларына сұраныс икемділігі әдетте үлкен болады.

а) б) в)

Икемділік коэффициенті табыстың сүраныска әсерімен анықталады.

Бұл жерде Ed — сүраныс икемділігінің табысқа байланысты коэффициенті, е
— сатып алушылардың табысы.

3. СҰРАНЫС ПЕН ПАЙДАЛЫЛЫҚ

Осыған дейін көрсеткендей, бәсекелі рыноктағы тепе-теңдік бағасы
сұраныс пен ұсыныс қисыктарының қиылысу нүктесімен анықталады. Бұл жерде
сұраныс қисығының, яғни сатып алушының бағасының негізінде жатқан
экономикалық принциптерге кеңінен тоқталамыз. Одан кейін ұсыныс қисығын,
яғни сатушының бағасын анықтайтын принциптерді талдаймыз. Бәрімізге айқын,
сатып алушы тауарды өз қажеттіліктерін өтеу үшін сатып алады. Бүл жалпы
және ешқандай даусыз ереже. Біріншіден, адамның қажеттіліктерінін үлкен
бөлігі ерте ме, кеш пе қанағаттандырмайды, яғни игілікті пайдалануына
байланысты біртіндеп өтеледі. Екіншіден, қажеттіліктерді жартылай
қанағаттандырудан толық канағаттандыруга өту табан астында емес, көптеген
сатылардан өту аркылы мүмкін болады. Бірақ, қажеттіліктерді өтеу дәрежесі
барған сайын кемісе, игілік пайдалылығы тұтынушыларға да сол игіліктің саны
өскен сайын кемиді. Мысалы, адам үшін, бірінші бөлшек тағам ең үлкен
пайдалылық болса, тамағы тойған сайын әрбір келесі белшек барған сайын аз
пайдалылықта болады. Пайдалылықтың азаю процесін барынша дәл баяндау үшін
экономикалык ғылымда шекті пайдалылық үғымы қолданылады, яғии тауардың
соңғы бөлігіне қосылатын қосымша пайдалылық. Осы ұғымды пайдаланып шекті
пайдалылықтың азаю заңын түжырымдаймыз, яғни тұтынылған тауардың саны өскен
сайын оның шекті пайдалылығы кемиді.
6-суретте абциссаға тұтынылған тауардың Q санын саламыз ординатаға
жалпы U пайдаланайық. Түтынылған тауардың саны өскен сайын, жалпы
(қосындылык) пайдалылық өседі, бірақ пайдалылықтын есімі (торланған
тікбүрыштар) әрбір жаңа бөлік тауарда нөлге жеткенше, қысқарады. Егер
игілікті шексіз кіші бөліктерге бөлуге болады деп жорамалдасақ, онда жалпы
пайдалылықтың өсуінің бәсеңдеуін баспалдақты диаграмма түрінде емес,
үздіксіз дөңес сызык, ретінде бейнелеуге болады.
6, б-суретінде тауарлар саны көбейген сайын азаятын шекті пайдалылық MU
тік бүрыштар түрінде түсірілген.

а) б)

6-сурет.
Осы айтқандардан шығатын корытынды: шекті пайдалылықтың мөлшері
тауардың саны мен соған қажеттіліктің дәрежесіне тәуелді болады. Сонымен
бірге адамның әр түрлі қарқындылық дәрежесімен сипатталатын қажеттіліктері
көп болады. Қажеттіліктердің карқындылығын бағалау субъективті болғанмен,
объективті түрде бірінші шұғыл қажеттіліктерді маңыздылығы кем
қажеттіліктерден айыруға болады. Қажеттіліктерін қанағаттандыруды адам ең
шұғыл қажеттіліктерден бастайды да, біртіндеп шүғылдығы аздауға көшеді,
осындай қимылдардың арқасында ең соңында тұтынылған игіліктердің шекті
пайдалылығы бірдей болады. Бірақ адам рыноктан қажетті игілікті сатып
алғанда, әр түрлі сомадағы ақша мөлшерін жұмсайды. Өйткені әр тауардың өз
бағасы бар. Егер игіліктің шекті пайдалылығын оның бағасына бөлсек, онда
өлшенген шекті пайдалылық табамыз. Осыны еске ала отырып, әрбір тұтынушы
жекелеген тұтыну түрлерін қашан шекті пайдалылық бағаға пропорционадды
болғанша, немесе өлшенген шекті пайдалылықтар бірдей болғанша кеңітеді.
Қарапайым тілмен айтқанда, етке жүмсалған соңғы тенге, нан немесе
апельсинге жұмсалған соңғы теңгенің келтірген пайдасындай пайда келтіруі
керек. Тұтыну тепе-тендігінің бүл шартьш былай бейнелеуге болады:

MU1=MU2..._МU3=...МҮп
Р Р2 Р3 Рп

Бұл жерде MU — жеке тауарлардың пайдалылығы, ал Р — олардың бағасы.
Маржиналистік теорияда шекті пайдалылықтың абсолютті мелшерін саңдық
өлшеу мәселесі маңызды орын алады. Осындай өлшеуіш деп нені есептеу керек,
яғни қандай өлшем бірлігінде игіліктердің шекті пайдалылығы бағалануы және
салыстырылуы керек? Осындай корсеткішті табуга бола ма? Осы сұрақтардың
жауаптарына байланысты шекті пайдалылық теориясын жақтаушылар екі бағытқа
бөлінді: кардиналистер және ординалистер.
Біріншілері шекті пайдалылықтың абсолютті мөлшерін өлшегішті іздеумен
шүғылдаиады (У. Джевонс, А. Маршалл, Д. Робертсон). Алайда олардың бүл
ізденістері нәтижесіз болды да, салыстыру кезінде бәрінен жиі пайдалылықты
ақшалай бағалау қолданылды. Ординалистер жалпы мүндай әмбебал өлшем
бірлігін іздеуден бас тартты да, басқа жол үсынды (В. Парето, Дж. Хикс. б.)
Мысалы, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрылыс нарығын қаржыландырудың теориялық-әдістемелік негізі
ҚЫЗМЕТТІК ХАТТАРДЫ РЕСІМДЕУ
Құжаттарды әзірлеу және ресімдеу
Қызметтік хат
Нарық қатынастарының теориялық аспектілері
Хат және оның түрлері
Қазақ тілі – мемлекеттік тіл
Жылжымайтын мүлікті бағалаудың экономикалық аспектілері
Кітапханалық қызмет ету маркетингі
Психологиялық кеңес жұмыстары
Пәндер