Қазақстан жеріндегі Ұлы жібек жолы



1. Ұлы жібек жолы Қазақстан жерінде. Қала мен дала.
2. Ұлы жібек жолының бағыттары мен тармақтары.
Жүздесу мен тілдесу және алыс-беріс байланыстары б. з. дейінгі ІІІ – ІІ-мыңжылдықтарда басталған. Бадахшан тауынан лазурит және Хотан аңындағы Яркендария өзенінің жоғарғы жағынан нефрит кен орындары табылып, оларды өндіре бастауға сәйкес бұл байланыстар реттеліп, жөнге келтірілді.
Б. з. дейінгі І-мыңжылдықтың орта кезінде Қара теңіз өңірінен Дон бойына, содан Оңтүстік Орал өңіріндегі савроматтарға, Ертіске, одан әрі созылып Алтайға, жоғарғы Ертіс пен Зайсан көлі алқабын мекендеген агрипейлер еліне кететін Дала жолы жұмыс істей бастаған еді. Осынау жолмен жібек, ұлпандар мен терілер, иран кілемдері, асыл металдардан жасалған бұйымдар сауда арқылы таратылып жататын.
Қымбат бағалы жібек түрлерін таратуға сақтар мен скифтердің көшпелі тайпалары да қатысқан, осылардың дәнекерлік демеуі арқасында сол кез үшін тансық болған бұл тауар Орта Азия мен Орта теңіз аймағына дейін жеткен.
Б. з. дейінгі ІІ ғ. орта шенінде Жібек жолы елшіліктің және сауда-саттықтың тұрақты желісі ретінде қызмет ете бастайды.
Б. з. дейінгі ІІ – V ғғ. егер Шығыстан жүре бастасақ, Жібек жолы Қытайдың ежелгі астанасы Чаньаннан шығып, Ланчжоу маңындағы Хуанхэ өткеліне баратын да, одан әрі Нань-Шаннің солтүстік сілемдерімен жүріп отырып, Ұлы Қытай қамалының батыс шетінен, Яшма қақпасының шебінен барып шығады.
Қазақстан тарихы, очерктер.
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
ТОО «Интердент»

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары

1. Ұлы жібек жолы Қазақстан жерінде. Қала мен дала.
2. Ұлы жібек жолының бағыттары мен тармақтары.

ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ ҚАЗАҚСТАН ЖЕРІНДЕ.
ҚАЛА МЕН ДАЛА

Жүздесу мен тілдесу және алыс-беріс байланыстары б. з. дейінгі ІІІ –
ІІ-мыңжылдықтарда басталған. Бадахшан тауынан лазурит және Хотан аңындағы
Яркендария өзенінің жоғарғы жағынан нефрит кен орындары табылып, оларды
өндіре бастауға сәйкес бұл байланыстар реттеліп, жөнге келтірілді.
Б. з. дейінгі І-мыңжылдықтың орта кезінде Қара теңіз өңірінен Дон
бойына, содан Оңтүстік Орал өңіріндегі савроматтарға, Ертіске, одан әрі
созылып Алтайға, жоғарғы Ертіс пен Зайсан көлі алқабын мекендеген
агрипейлер еліне кететін Дала жолы жұмыс істей бастаған еді. Осынау жолмен
жібек, ұлпандар мен терілер, иран кілемдері, асыл металдардан жасалған
бұйымдар сауда арқылы таратылып жататын.
Қымбат бағалы жібек түрлерін таратуға сақтар мен скифтердің көшпелі
тайпалары да қатысқан, осылардың дәнекерлік демеуі арқасында сол кез үшін
тансық болған бұл тауар Орта Азия мен Орта теңіз аймағына дейін жеткен.
Б. з. дейінгі ІІ ғ. орта шенінде Жібек жолы елшіліктің және сауда-
саттықтың тұрақты желісі ретінде қызмет ете бастайды.
Б. з. дейінгі ІІ – V ғғ. егер Шығыстан жүре бастасақ, Жібек жолы
Қытайдың ежелгі астанасы Чаньаннан шығып, Ланчжоу маңындағы Хуанхэ өткеліне
баратын да, одан әрі Нань-Шаннің солтүстік сілемдерімен жүріп отырып, Ұлы
Қытай қамалының батыс шетінен, Яшма қақпасының шебінен барып шығады. Осы
арадан сара жол екіге айырылып, Такла-Макан шөлін солтістік және оңтүстік
жағынан айналып өтетін. Терістік жолы Хами, Тұрфан, Бесбалық, Шихо көгал
аймақтары арқылы Іле алқабына жететін; ортадағы жол Чаочаннан Қарашарға,
Ақсуға, сосын Бедел асуы арқылы Ыссық көлдің оңтүстік жағалауынан шығып,
Дунхуан, Хотан, Яркенд, Бактрияларды басып өтіп, Үндістан мен Орта теңіз
аймағына қарай шырқап кететін; бұл Оңтүстік жолы деп аталатын. Ал,
Солтүстік жолы Қашғардан Ферғанаға, одан әрі Самарқанд, Бұқар, Мерв арқылы
Хамаданға, Сирияға баратын.
ХІ – ХІІ ғғ. Қытайдан шығып, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы
Батысқа қарай өтетін жол бәрінен де жанданып кетеді. Жолдың бұлай ауытқуын
бірнеше себептермен түсіндіруге болады. Біріншіден, Жетісуда Орта Азиямен
жүретін сауда жолдарын бақылайтын Түрік қағандарының ордалары болатын.
Екіншіден, Ферғана арқылы жүретін жол VII ғ. ішкі қырқыс салдарынан қауыпты
болып қалған еді, үшіншіден, аса бай түрік қағандары мен олардың
айналасындағы кісілер, теңіздің арғы бетінен келген тауарларды аса көп
тұтынатындар қатарынан саналатын.
VІІ – ХІV ғғ. елшілік және сауда керуендерінің дені Жібек жолымен
жүретін. Сан ғасырлар бойы жол тынымсыз өзгеріп отырған, оның бір
учаскелері айырықша маңыз алып, көркейіп жатса, екінші бір учаскелері
жабылып, ондағы қалалар мен сауда бекеттері қаңырап бос қалған. Мәселен, VІ
– VІІІ ғғ. негізгі күре жол Сирия – Иран – Орта Азия – Оңтүстік Қазақстан –
Талас алқабы – Шу алқабы – Ыссық көл шұңқыры – Шығыс Түркістан болған.
Осынау жолдың бір тармағы, дәлірек айтсақ, тағы бір бағыты Византиядан
шығып, Дербент арқылы Каспий өңірі даласына – Маңғыстау – Арал өңірінен
өтіп, Оңтүстік Қазақстанға жеткен. Бұ жол Сасанилар Иранына қарсы, Батыс
түрік қағанаты мен Византия арасында сауда-елшілік одағы жасалған кезде,
Иранды айналып өтетін болған. ІХ – ХІІ ғғ. жолдың бұл желісі, Орта Азия мен
Таяу шығыс арқылы Кіші Азия мен Сирияға, Мысыр мен Византияға баратын жолға
қарағанда, едәуір аз пайдаланылған, ал ХІІІ – ХІV ғғ. қайта жанданады.
Құрлықтағы саяси хал-ақуал елшілер мен саудагерлердің және басқа да саяхат-
серуенде жүрген кісілердің қай жолды таңдап алатынын анықтап отырған.
Сақтар, үйсіндер мен қаңлылар мемлекеттері өмір сүріп, тірлік кешіп
жатқан дәуірде, б. з. дейінгі ІІ ғ. және б. з. І-мыңжылдығында Жібек жолы
қарақұрым жолшыдан тыныс ала алмай жатқан кездері, Қазақстанға рим әйнегі
мен теңгелері, қытай жібегі, айнасы мен лактелген ыдыс-аяқтары, еуропалық
фибул-қапсырмалар, Сасанилер Иранынан асыл тастар жеткізіліп тұрған. Осынау
кезеңде Шу мен Талас, Сырдария алқаптарында қала орталықтары бой түзеп,
құрыла бастайды, соның алдында ғана бұл аймақтарда айналасы мұнаралы
бекініс-қамалдармен қоршалған егіншілік қоныстар пайда болған еді.
VІ ғ. екінші жартысында Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан, Кореядан
Қаратеңізге дейін созылып жатқан орасан зор көшпелі империя Түрік
қағанатының құрамына енеді. VІ ғ. соңғы кезінде Жібек жолының Жетісу мен
Оңтүстік Қазақстанды қамтитын учаскесі өзгеше жанданып, осы аймақтың
қалалық мәдениетін өркендетуге көп көмегін тигізді. Жетісуда ол бірқатар
қалалық орталықтардың тууына әсер етсе, Қазақстанның оңтүстігінде
қалалардың тез көркеюіне себепші болады. Орта Азия арқылы Оңтүстік
Қазақстан мен Жетісуға келетін сауда жолы ХІV ғ. дейін, қашан ішкі
қырқыстар мен соғыстар қала мәдениетін аздырып-тоздырғанға дейін, Қытайға
баратын теңіз жолы игеріліп, бұрынғы көне жолдың жұлдызы сөнгенге дейін
жұмыс істейді.

Ұлы Жібек жолының бағыттары мен тармақтары.

Егер Жібек жолымен батыстан шығысқа қарай жүрсек, оның
Қазақстандағы учаскесі Шаштан шығып, Тұрбат асуы арқылы Исфиджабқа,
Сайрамға келеді. Ежелгі қаланың аты осы күнге дейін сақталған. Шымкент
түбіндегі бір қыстақ тап осылай аталады, оның дәл кіндік тұсында Жібек
жолындағы бір кездегі ең ірі орталықтардың бірі болған орта ғасырлық қала
жұртының қалдығы сақталған.Испиджабтан құлдарды, бөз маталарды, қару-
жарақты, семсерлерді, мыс пен темірді әкетіп жатқан.
Испиджаптан шыққан керуендер шығысқа қарай бет алып, Шараб және
Будухкент қалалары арқылы Таразға барады екен.
Қазақстанның аса ірі қалаларының бірі Тараз YI ғ. бұрын белгілі
болған. 568ж. Түрік қағанаты Дизабул Византия императоры Юстинианның
стратег Земарх бастап келген елшілігін тап осы қалада қабылдаған.
Бастаухаттар оны көпестер қаласы деп атаған.Мұның үстіне ол түргештердің,
содан кейін қарлықтар мен қарахандықтардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлы жібек жолы. Орта ғасырлық Қазақстан қаласы
Ұлы Жібек жолы және оның орта ғасырдағы түркі халықтарының экономикалық мәдени өміріндегі маңызы
Қазақстан көшпелілерінің архитектуралық ескерткіштерінің ұқсастықтары мен ерекшеліктері
ҮІ-ІХ ғғ. 1-жартысындағы Отырықшы және көшпелі мәдениет
Қазақстан жеріндгі материалдық және рухани мәдениеттің дамуы
Ұлы Жібек жолы жеріміздегі өркениеттің даму жолы
Ұлы Жібек Жолы туралы ақпарат
Ұлы жібек жолы жайында
Ұлы Жiбек Жолы жайлы
Ұлы Жібек жолы
Пәндер