Әлемнің ұлттық саябақтары және оның туризм дамуына әсері



КІРІСПЕ

1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ БҮГІНГІ ТАҢДАҒЫ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ
1.1 Халықаралық туризм статистикасы мен салыстырмалы анализ
1.2 Дүниежүзілік туризмнің қазіргі жағдайы

2ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТУРИЗМНІҢ ҚҰЛДЫРАУ СЕБЕПТЕРІ
2.1 Глобалды экономикалық дағдарыс
2.2 H1N1 тұмауының эпидемиясы
2.3 Қарсы қолданылған шаралар

3 ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТУРИЗМ БАРОМЕТРІ
3.1 ДТҰ. ның туризмге байланысты талдаулары
3.2 10 актуалды халықаралық туризм тенденциясы.2010 ж

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Жұмыстың жалпы мазмұны. Жұмыс негізінен дүниежүзілік туризм, оның қазіргі жағдайы және негізгі мәселелері туралы.
Актуалдылығы. Қазіргі таңда бұл әлемдік деңгейдегі маңызы бар мәселелердің бірі болып табылады. Себебі туристік сала дүниежүзілік жалпы ішкі өнімнің 10%-ын құрып отыр. Туризм сферасында 250 мыңнан астам адамдар жұмыс істейді. Глобалдық масштабта алсақ, туризмнен келетін түсім 4 триллион $-ға дейін жетеді. Ал барлық мемлекеттерге туристік бизнестан 800 миллиард $-дан астам салық түсімдері келеді. Сондықтан дүниежүзілік туризмнің қазіргі мүшкіл жағдайы актуалды мәселе болып табылады.
Зерттеудің нысаны- Дүниежүзілік туризмнің маңызы
Зерттеу пәні- Дүниежүзілік туризм және оның мәселелері
Жұмыстың негізгі мақсаты- тақырыптың маңыздылығын дәлелдеу, дүниежүзілік туризмнің қазіргі жағдайдағы мәселелерін талқылай отырып, шешу жолдарын ұсыну.
Осы қойылған мақсатты ашу үшін келесі міндеттер қойылды:
-дүниежүзілік туризмнің қазіргі жағдайына толық мәлімет беру
-дүниежүзілік туризмге кері әсер еткен факторларға сиппаттама беріп, анализ жасау
- экономикалық дағдарыс пен шошқа тұмауына сиппатама беріп, шешу жолдарын ұсыну немесе қолданылған шаралар туралы мәлімет беру
Курстық жұмыстың барысында келесідей зерттеу әдістері қолданылды: жүйелік талдау, салыстырмалы-сипаттамалық, статистикалық және графикалық.
Автордың жеке қосқан үлесі болып, дүниежүзілік туризмге әсер еткен мәселелерге салыстырмалы анализ жасап, қарсы қолданылған шаралардың нәтижесін зерттеп, оларға сипаттама беру арқылы қорытындылау, сонымен қатар актуалды тенденциясын таңдау.
Зерттеу нәтижесінің қайнар көздері. www.Unwto.ru және 2009-2010 жылғы жаңалықтар
1. Александрова А.Ю. Международный туризм, 2001 г., 464 с.
2. Ердавлетов С.Р. География туризма, 2000 г., 336 с.
3.Справочник путешествиника М:, Dekam, 1991;
4. Мироненко Н.С., Твердохлебов И.Т. Рекреационная география. –М.: МГУ,
1981, 207 с.
5.Вояж “Путешествия и Отдых”.
6. Папирян Г.А. Экономика туризма. –М.: Финансы и статистика, 1998, 208с.
7. Ананьев М.А. Экономика и география международного туризма. –М., 1975.
8. Биржаков М.Б. Введение в туризм. –М.-Санкт-Петербург: Торговый дом
«Герда», 1999, 192 с.
9. Квартальнов В.А. Иностранный туризм. М.: Финансы и статистика, 1999,312 с.
10.Туристские регионы мира. М:СПБ,1998
11. Немоляева М.Э., Ходорков Л.Ф. Международный туризм: вчера, сегодня,
завтра. – М., 1985.
12. Страны мира. Энциклопедический справочник. – Минск: Миринда. Родиола плюс, 1999, 624 с.
13. Атлас мира. – М., Махаон. 1999, 128 с.
14. Рекорды Земли. Неживая природа. – Смоленск: Русич, 1998, 192 с.

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
әл-фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

География факультеті

Туризм кафедрасы

Курстық жұмыс

әлемнің Ұлттық саябақтары және оның туризм дамуына әсері

Орындаған ___________________ Әзімбай
А. К.
3 курс студенті

Ғылыми жетекші __________________ Сабиров Д. З.
(қолы, күні)

Норма бақылаушы ___________________ Байжокенова А.М.
(қолы, күні)

Кафедра меңгерушісінің
рұқсатымен
қорғауға жіберілді __________________ Артемьев
А.М.
(қолы, күні)

Алматы, 2010

Мазмұны

Кіріспе 3
1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ БҮГІНГІ ТАҢДАҒЫ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ 4
1.1 Халықаралық туризм статистикасы мен салыстырмалы анализ 4
1.2 Дүниежүзілік туризмнің қазіргі жағдайы 10

2Дүниежүзілік туризмнің құлдырау себептері
2.1 Глобалды экономикалық дағдарыс 11
2.2 H1N1 тұмауының эпидемиясы 11
2.3 Қарсы қолданылған шаралар 19
23
3 ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТУРИЗМ БАРОМЕТРІ
3.1 ДТҰ- ның туризмге байланысты талдаулары 26
3.2 10 актуалды халықаралық туризм тенденциясы-2010 ж 26

Қорытынды 30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
32
33

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы мазмұны. Жұмыс негізінен дүниежүзілік туризм, оның
қазіргі жағдайы және негізгі мәселелері туралы.
Актуалдылығы. Қазіргі таңда бұл әлемдік деңгейдегі маңызы бар
мәселелердің бірі болып табылады. Себебі туристік сала дүниежүзілік жалпы
ішкі өнімнің 10%-ын құрып отыр. Туризм сферасында 250 мыңнан астам адамдар
жұмыс істейді. Глобалдық масштабта алсақ, туризмнен келетін түсім 4
триллион $-ға дейін жетеді. Ал барлық мемлекеттерге туристік бизнестан 800
миллиард $-дан астам салық түсімдері келеді. Сондықтан дүниежүзілік
туризмнің қазіргі мүшкіл жағдайы актуалды мәселе болып табылады.
Зерттеудің нысаны- Дүниежүзілік туризмнің маңызы
Зерттеу пәні- Дүниежүзілік туризм және оның мәселелері
Жұмыстың негізгі мақсаты- тақырыптың маңыздылығын дәлелдеу,
дүниежүзілік туризмнің қазіргі жағдайдағы мәселелерін талқылай отырып, шешу
жолдарын ұсыну.
Осы қойылған мақсатты ашу үшін келесі міндеттер қойылды:
-дүниежүзілік туризмнің қазіргі жағдайына толық мәлімет беру
-дүниежүзілік туризмге кері әсер еткен факторларға сиппаттама
беріп, анализ жасау
- экономикалық дағдарыс пен шошқа тұмауына сиппатама беріп, шешу
жолдарын ұсыну немесе қолданылған шаралар туралы мәлімет беру
Курстық жұмыстың барысында келесідей зерттеу әдістері
қолданылды: жүйелік талдау, салыстырмалы-сипаттамалық, статистикалық және
графикалық.
Автордың жеке қосқан үлесі болып, дүниежүзілік туризмге
әсер еткен мәселелерге салыстырмалы анализ жасап, қарсы қолданылған
шаралардың нәтижесін зерттеп, оларға сипаттама беру арқылы қорытындылау,
сонымен қатар актуалды тенденциясын таңдау.
Зерттеу нәтижесінің қайнар көздері. www.Unwto.ru және 2009-2010
жылғы жаңалықтар

1 Халықаралық туризмнің дамуы
1.1 Халықаралық туризм статистикасы мен салыстырмалы анализ

Халықаралық туризмның жаңа даму кезеңі ХХ ғасырдың 40-шы жылдарының
соңы мен 50-ші жылдарының басында басталды. Соғыстан кейінгі Еуропа елдері
көптеген шаруашылық қиындықтарына тап болды: күйзеліс, басқарудағы
ретсіздік, қаржы-қаражат жүйесінің күйреуі жəне басқалар. Елдердегі осындай
жағдайларды тұрақтандыру үшін бүтіндей кешенді əрекеттер керек болды.
Осындай ауыр жағдайда үкімет үлкен үміт артып халықаралық туризмге үндеу
тастады.
Қаржының тұрақтануы, төлем балансының жандануы, ұзақ мерзімді
экономикалық өрлеуді солармен байланыстырады.
ХХ ғасырдың 60-шы жылдары Батыс елдерінің үкіметі мен халықаралық
ұйымдары назарын дамушы елдерге аударды. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1960 ж.
отарланған елдер мен оның халқына бостандық беру туралы Декларация
қабылдады жəне алдағы он жылды "Даму декадасы" деп хабарлады.
Кеңесшілер əлемнің Үшінші елдерінің артта қалған экономикасын көтеру
бағдарламасын жасап, туризмге елеулі орын берді. Туризм экономикасының
маңызы мен мөлшерінің өсуімен қатар оның статистикасы да дамыды.
Халықаралық туризм статистикасы негізінен екі бөлімнен тұрады:
туристік ағым статистикасы жəне туристік табыс пен шығын статистикасы.

Туристік ағымдар статистикасы. Туристік ағымның негізгі
көрсеткіштері – келушілер (кетушілер) саны мен олардың сол елде болу
ұзақтығы. Олардың мөлшері өсуде. Егер де соғыстан кейінгі 50 жылда əлемдегі
халықтың саны екі есе өскен болса, туристердің саны 27,5 есе көтерілді,
1950 жылы 25,3 млн болып, 2000 жылы 696,1 млн адамға дейін, 2001 жылы 692,9
млн адамға дейін көтерілді.
2002 ж. халықаралық туристік келушілердің саны 700 млн адамнан асып,
715 млн адамға дейін жетті. Бұл 2001 жылмен салыстырғанда 22 млн артық, ал
2000 жылмен салыстырғанда 19 млн-ға артты. 2005 ж – 800 млн адамнан асып
(806 млн адам) 2007 ж – 900 млн адамға дейін (898 млн адам) жетті.1950 жыл
мен 1999 жылдың арасындағы туристік келушілердің орташа жылдық өсу
жылдамдығы 7% құрады.
Дүниежүзілік Туристік Ұйым əлемнің ірі туристік аймақтарын алтыға
бөледі:
1. Еуропа аймағы – Еуропаның Батыс, Солтүстік, Оңтүстік, Орталық
жəне Шығыс елдері, бұрынғы КСРО-ның барлық республикалары, сонымен қатар
Жерорта теңізінің шығысындағы мемлекеттер (Израиль, Кипр, Түркия);
2. Америка аймағы – Солтүстік, Оңтүстік, Орталық Америка елдері,
Кариб бассейні аумағының аралындағы мемлекеттері;
3. Азия-Тынық мұхит аймағы – Азияның Шығыс жəне Оңтүстік-Шығыс
елдері, Австралия жəне Мұхит аралдары;
4. Африка аймағы – Африка елдері, Египет пен Ливияны қоспағанда;
5. Оңтүстік-Азия аймағы – Оңтүстік-Азияның барлық елдері;
6. Таяу Шығыс аймағы – Азияның Батыс жəне Оңтүстік-Батыс елдері,
Египет жəне Ливия.

Халықаралық туристік ағымның аймақтық бөлінуі ертеден-ақ
қалыптасқан. Бұқаралық туристік алмасудан бастап қазіргі шаққа дейін
əлемнің туристік нарығында көзге түсіп жүргені – Еуропа (402,8 млн келуші –
2000 ж., 480,1 млн – 2007 ж.).
Бұл аймақты еуропалықтардың өздері де, сондай-ақ АҚШ пен Канаданың
тұрғындары да қалайды. Екінші орынды көп жылдардан бері Америка алып тұрды
(128,3 млн келуші – 2000 ж., 142,1 млн– 2007 ж.). Еуропа мен Америка, оның
Солтүстігі нағыз əсерлі туристік аймақ болып саналады.

Əлемдегі барлық туристік келушілердің 45 осында келеді. Əлемнің
аймақтары бойынша халықаралық туризм динамикасында соңғы 50 жылда елеулі
айырмашылықтар байқалады.
Жер шарындағы туристік ағымдардың 20 есе өсуіне қарамастан, Еуропа
мен Америкадағы оның өсу қарқыны əлемнің орташа деңгейіне жақын ғана болды
(6,6 жəне 5,9%жылына). Жаңадан ашылған туристік аймақтар – Азия-Тынық
мұхит, Таяу-Шығыс жəне Африка елдері жылдам даму үстінде.
Соңғы жиырма жылдың ішінде қарқынды дамып келе жатқан – Азия-Тынық
мұхит аймағы болып табылды, ондағы келушілердің жылдық орташаөсу саны,
əлемдік орташа көрсеткіштен 9 есе асып түсті.

2002 ж. статистика бойынша, Азия-Тынық мұхит аймағы келушілердің
санынан Америкадан озып кетті (130,6 млн келуші –2002 ж., ал Америкада
120,2 млн келуші – 2002 ж.; 176,2 млн – 2007 ж., ал Америкада 142,1 млн –
2007 ж.). Əлемде Еуропа бірінші орынды сақтап отыр (411,0 млн келуші – 2002
ж., 480,1 млн – 2007 ж.).
Халықаралық туризмнің аумақ жағынан біркелкі қарқында өспеуі оның
аймақтық құрылысының өзгеруіне əсерін тигізді.
ХХІ ғасырда халықаралық туризмнің аумақтық құрылысы одан əрі өзгере
түседі, бірақ даму бағытын жоғалтпайды.
ДТҰ 2020 жылға болжамы бойынша, Еуропа туризм нарқында өзінің
басымдылығын жоғалтпайды – 717 млн келушілерді қабылдап, Азия-Тынық мұхит
аймағы екінші орында – 397,2 млн келуші, ал Америка алғы үшеудің соңы
болмақ – 282,3 млн келуші.

Туристік табыс пен шығын статистикасы.

Туризм статистикасының екінші күрделі бөлімі – туристік табыс пен
шығын статистикасы. Бұнда елдің төлем балансына туризмнің тигізетін əсері,
сондай-ақ халықаралық туризм шығыны жəне одан түсетін табысы қарастырылады.

Туристік шығын концепциясы. Туризм статистикасының екінші бөлімінің
негізгі түсінігі – туристік шығын.
Туристік шығын – бұл сапарға дайындық жəне сапар кезінде іске асатын
тұтынушы шығынының жалпы жинағы.
Туристік шығын концепциясының негізіне бірқатар қағидалар алынған.
ДТҰ-ның ұсынысы бойынша келушілердің, туристер мен экскурсанттардың
экономикалық маңызы бар шығындары ғана есепке алынады. Келушілердің шығыны
өзінің қажеттерін қанағаттандыруға алынған тауарлар мен көрсетілген
қызметтің бағасымен анықталады. Ол сұраныс сияқты əр түрлі болуы мүмкін:
тасымалдау, орналастыру, тамақтандыру қызметтерден бастап, күнделікті
туристер қолданылатын заттар мен сувенирлерге дейін. Бұлардың барлығын, тек
қана сыйлықтарды қоспағанда, келушілер өзі үшін пайдаланады.
Туристік шығынның мөлшері тауарлар мен көрсетілген қызметке кеткен
айқын шығынмен белгіленеді.
Туризм статистикасының ең басты жəне күрделі проблемаларының бірі –
туристік шығынның құрамын реттеу. Ол турист шығын шығаратын уақытпен (яғни
сапарға дайындық пен сапар кезінде) жəне туризм түрлерімен де себептеседі.
Соған сəйкес ішкі жəне халықаралық туристік шығын болып бөлінеді.
Шығу туристік ағымы туристік шығынның халықаралық категориясына
жатады, ал кіру туристік ағымы халықаралық туризмнен табыс түсіреді.
ДТҰ-ның материалында, халықаралық туристік шығын кез келген елдің
тұрғындарының шет елге саяхат кезіндегі шығыны арқылы анықталады.
Сонымен қатар оларға халықаралық тасымалдау бойынша шетелдік көлік
компаниясының кызметіне төлеу, сондай-ақ шет елден алынатын тауар мен
қызметтерге алдын ала төлеуі кіреді.
ДТҰ-ның мəліметтері бойынша, халықаралық туризмге кететін шығынның
көбісі индустриясы дамыған елдерге келеді, негізінен АҚШ, Германия,
Ұлыбритания жəне Жапонияға. Осы төрт елдің бөлігіне барлық шығынның 13
тиеді. Олардан басқа халықаралық туристік шығынның қалыптасуына елеулі
үлесін қосып келе жатқан: "үлкен жетіліктің" басқа да мүшелері, яғни
Франция, Италия жəне Канада.
ХХ ғасырдың 90-шы жылдарының екінші жартысында халықаралық туризмге
елеулі қаржы жұмсаушылардың тобына Скандинавия елдері (Швеция, Норвегия,
Финляндия), Батыс Еуропаның біраз елдері (Австрия, Швейцария, Бенилюкс
елдері), Латын Америкасының жаңа индустриялді елдері (Бразилия, Аргентина,
Венесуэла), Азия елдерінен –Қытай, Сингапур, Малайзия да кірді.
Халықаралық туристік шығындардың жалпы мөлшерінде Орталық жəне
Шығыс Еуропа елдерінің үлесі əзірге шағын ғана болып отыр. Олардың ішінде
көзге түсетін – Ресей Федерациясы мен Польша болып табылады.
Халықаралық туризм табысы. Құнды көрсеткіштердің талдауына
қарасақ, туризм əлемнің шаруашылық саласының лидеріне айналғанын байқаймыз.

Халықаралық туризмнен түсетін табыстың мөлшері өсуде. 1950 жылдан
2006 жылдың арасында ол 300 есе-ден артық өсті, яғни 2,1 млрд американдық
доллардан 700 млрд долларға дейін.
Туризмнен түсетін табыстан Еуропа бірінші орынды алады (230,4 млрд
американ долл. 2001 ж., 348,2 млрд американ долл. 2005 ж.), ал Америка
екінші орында (122,5 млрд американ долл. 2001 ж., 144,6 млрд американ долл.
2005 ж.) тұр.
Халықаралық туризмнен түсетін табыс – ол елге уақытша келген шетел
туристердің ішкі тасымалдауға жəне сатып алуға кеткен шығындары.
Халықаралық көлік тасымалдауына кететін қаражат турдың шығын жəне
табыс статистикасында жеке ескеріледі.
Халықаралық туризмнен түсетін табыстың аймақтық бөлінуі туристік
келушілердің географиясымен сəйкес келеді. Соғыстан кейінгі кезеңде, 1950
жылды алмағанда, Еуропа ең табысты туристік аймақ болып тұрды.
ХХ ғасырдың 60-шы жылдарының ортасынан бастап Азия-Тынық мұхит
аймағының салмағы көтеріле бастады, онда туристік табыстың ең жоғарғы
орташа жылдық өсу қарқыны байқалды (18,5% 1985-1995 жылдары). 2001 ж. –
82,2 млрд долл, 2005 ж. – 138,6 млрд долл.
Американың туристік табысы АҚШ-тың белсенді туристік саясатына жəне
АҚШ, Канада мен Мексика арасындағы ішкі туристік алмасуға байланысады.
Халықаралық туризмнен түсетін табыс Солтүстік Американың дамыған
елдер тобында (АҚШ, Канада) жəне Батыс Еуропаның (Франция, Германия,
Ұлыбритания), Жерорта теңізінің (Италия, Испания) жəне Альпі елдерінде
(Австрия, Швейцария) шоғырланған. 2001 жылы солардың үлесіне барлық
табыстың жартысы тиді. АҚШ - ең табысты елдердің бірі.

Халықаралық туристік келушілер саны:

1999 ж – 650,2 млн адам
2000 ж – 697,7 млн адам
2001 ж – 693 млн адам
2002 ж – 714,6 млн адам
2003 ж – 737 млн адам
2004 ж – 764 млн адам
2005 ж – 806 млн адам
2006 ж – 842 млн адам
2007 ж – 904 млн адам
2008 ж – 922 млн адам

Халықаралық туризмнен түсетін табыс:

1999 ж – 455 млрд долл
2000 ж – 477 млрд долл
2001 ж – 462 млрд долл
2002 ж – 512 млрд долл
2003 ж – 533 млрд долл
2004 ж – 633 млрд долл
2005 ж – 680 млрд долл
2006 ж – 700 млрд долл артық
2007 ж – 858 млрд долл
2008 ж – 944 млрд долл

1-сурет. 2007-2008 жылдардағы туристер аймақ бойынша келу саны

1-суреттен әлемнің 6 туристік аймағының 2007-2008 жылдарында
туристердің саны қалай өскенін байқай аламыз.

2007 ж аумақ бойынша туристердің саны:
Ел 2007 ж, млн адам :

Əлем 904
Еуропа 487,9
ШАТА 171,9
Африка 45
Таяу Шығыс 46,6
Оңтүстік Азия 10,1

2008 ж аумақ бойынша туристердің саны:
Ел 2008 ж, млн адам:

Əлем 922
Еуропа 489,4
ШАТА 173,8
Африка 46,7
Таяу Шығыс 55,1
Оңтүстік Азия 10,3

2002 ж халықаралық туристік келушілердің саны 700 млн асты, 715 млн
дейін жетті. Бұл 2001 жылмен салыстырғанда 22 млн артық, ал 2000 жылмен
салыстырғанда 19 млн-ға артық.

2006 ж. өсу темпі: Еуропа – 4% (футболдан əлем чемпионаты - 2006),
Америка – 2%, ШАТА – 7,6%, Африка – 8,9%, Таяу Шығыс – 4%. Болжам
2020ж. – 4% -өсу темпі.

2007-2008 жж туристерді ең көп қабылдаған елдер:
Ел 2007 ж, млн адам 2008 ж, млн Адам

Франция 81,9 79,3
АҚШ 56,0 58,0
Испания 58,7 57,3
Қытай 54,7 53,0
Италия 43,7 42,7
Ұлыбритания 30,9 30,2
Украина 23,1 25,4
Түркия 22,2 25,0
Германия 24,4 24,9
Мексика 21,4 22,6

2007-2008 жж туризмнен ең көп пайда түсірген елдер:
Ел 2007 ж, млрд $ 2008 ж, млрд $

АҚШ 96,7 110,1
Испания 57,6 61,6
Франция 54,3 55,6
Италия 42,7 45,7
Қытай 37,2 40,8
Германия 36,0 40,0
Ұлыбритания 38,6 36,0
Австралия 22,3 24,7
Түркия 18,5 22,0
Австрия 18,9 21,8

1.2 Дүниежүзілік туризмнің қазіргі жағдайы

Дүниежүзілік Туристік Ұйымының (UNWTO) генерал-секретарі Талеб Рифаи
айтқандай, 2009 жылы соңғы кездері туризмнің ауыр жылдарының бірі болды.
Еуропаның туризм нарығы 6%-ға түскен, Азия-Тынық мұхиты аймағы 2%
жоғалтқан. Тек Африка ғана тенденцияны ұстанбай, 5%-ға көтерілген. Обама
эфекттілігі, яғни Американың алғашқы президенті африкалық тамырлары бар
болғандықтан, сонымен қатар 2010 жылы болатын Дүниежүзілік Футбол
Чемпионаты туристердің санын Африкада арттыруда,- деп BBC NEWS хабарлайды.
Дүниежүзілік Туристік Ұйымының (UNWTO) генерал-секретарі Талеб Рифаи
жариялағандай глобалды экономикалық кризис пен H1N1 тұмауының таралуы
дүниежүзінде халықаралық саяхаттардың көлемін 7 %-ға түсіруіне әкеп
соқтырды.
Интерфакс айтқандай, 2009 жылы халықаралық туристік келулер көлемі
5%-ға азайған. Төменгі көрсіткіштер Африкадан басқа барлық аймақтарда
байқалған. Көптеген туристік бағыттарда ішкі нарық көрсеткіштері сыртқыға
қарағанда жоғарырақ.
H1N1 тұмауының таралуына қарамастан Дүниежүзілік Денсаулық Ұйымы
саяхаттардан мүлдем бас тартуды қаламайды, себебі, олардың ойынша, адамдар
мемлекеттер арасында өте жиі және тез орнын ауыстырып тұрады. Сондықтан
саяхаттардың қысқаруы вирустың таралуына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тақырыптық саябақтардың түрлерін жіктеу
Саябақ - елдiң сәнi
Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аймақтары
Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі рекреациялық туризмнің дамуы
Қазақстандағы туристік өнім
Қазақсттаның негізгі туристік игерілетін аймақтары
Қазақстанда туризмнің инновациялық бағытта дамуы және даму мүмкіншіліктері
Ерекше қорғалатын табиғи аймақтардағы экотуризмнің даму мүмкіндіктері
Қаратау қорығында экотуризмді дамыту
Экзотикалық туризм түрлері
Пәндер