ҚР сыртқы сауда саясаты


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 СЫРТҚЫ САУДА ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СЫРТҚЫ САУДАНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ . . . 4

1. 1 Сыртқы сауданың мәні, маңызы . . . 4

1. 2 Қазақстан Республикасы сыртқы сауда қатынастарының дамуы және ондағы туындап отырған мәселелер . . . 6

2 ҚР СЫРТҚЫ САУДА САЯСАТЫНЫҢ РӨЛІ . . . 11

2. 1 Қазақстан Республикасының экспорт құрылымын талдау . . . 11

2. 2 Қазақстан Республикасы импорт құрылымын талдау . . . 16

2. 3 Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясаты мен сыртқы экономикалық қауіпсіздігін мемлекеттік реттеу . . . 22

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 30

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . , . . . 32

КІРІСПЕ

Сыртқы сауда дегеніміз - дүниежүзі елдері арасындағы төлемді, жиынтық тауар айналысы. Дүниежүзінің барлық елдері үшін сыртқы сауданың рөлі ерекше. Өйткені, американ ғалымы Дж. Сакстың пікірінше «қандай бір ел болмасын оның экономикалық жетістігі сыртқы саудаға байланысты. Дүниежүзілік экономикадан оқшауланып, ешқандай ел дұрыс дамыған экономика жасай алмайды.

Қазiргi жаһандану кезенде әлемдегi барлық елдер бiр-бiрiмен тығыз байланыста болып, әлемдiк шаруашылықты құрып отыр. Егемендiгiн алғанына аз ғана уақыт болған елiмiздiң де осы әлемдiк экономикада өзiндiк үлесi бар. ҚР-сы әлемдiк шаруашылықта рыноктық қатынастағы дамушы ел деп танылуда.

Сондықтан макроэкономикалық сипаттағы курстық жұмысты жазуда «ҚР сыртқы сауда саясатының рөлі» деген тақырыпты таңдауды дұрыс деп қарастырдық. Тақырыптың өзектілігі сыртқы сауданың орын алуының қажеттігі мен маңыздылығы, оны макроэкономикалық негізде талдау, ҚР-ның сыртқы сауда саясатындағы экспорт пен импорттың құрамы мен құрылымын талдау және сыртқы сауданы мемлекеттік реттеуді іске асыруды жан-жақты талдау болып табылады.

Қандай-да болмасын мемлекеттің экономикалық дамуы сыртқы сауда қатынастарына тәуелдігін ескере отырып, сыртқы сауда қатынастарына тән сипаттамаларды макроэкономикалық талдау осы курстық жұмыстың алдына қойған негізгі мақсаты болып табылады.

Осы мақсатты орындау барысында келесідей міндеттер қарастырылады:

  1. сыртқы сауданың экономикалық мәнін ашу және оны макроэкономикалық талдауды жүзеге асыру;
  2. Сыртқы сауданың әлемдік дамуы мен оның Қазақстан Республикасы үшін маңыздылығы;
  3. ҚР сыртқы сауданың қалыптасу жағдайы мен ондағы экспорт пен импорттың құрылымын талдау болып табылады.

Жұмыстың құрылымы екі тараудан тұрады. 1-тарауда сыртқы сауданың экономикалық сипаты мен мәні, оның қызмет ету ерекшеліктері мен макроэкономикалық талдануы, осыған орай Қазақстанның сыртық сауда қатынастарының дамуы мен ДСҰ-ға енуінің процесі мен мақсаттары қарастырылды.

Екінші тарауда ҚР сыртқы сауданың қалыптасу жағдайы мен сыртық саудадағы экспорт пен импорттың құрылымын талдау, олардың еліміздегі үлесін және салалар бойынша айырмашылығы негізінде қарастырылды.

Курстық жұмысты орындау барысында келесі авторлардың еңбектерін қолдандым: Елемесев Р. Е., Н. Қ. Мамыров, М. Байгiсиев, С. Н. Ивашковский, Н. Г. Мэнкью оқулықтарын және еліміздің экономикалық басылымдар мен статистикалық мәліметтер пайдаланылды.

1 СЫРТҚЫ САУДА ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СЫРТҚЫ САУДАНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

  1. Сыртқы сауданың мәні, маңызы

Сыртқы сауда дегеніміз - дүниежүзі елдері арасындағы төлемді, жиынтық тауар айналысы. Дүниежүзінің барлық елдері үшін сыртқы сауданың рөлі ерекше. Өйткені, американ ғалымы Дж. Сакстың пікірінше «қандай бір ел болмасын оның экономикалық жетістігі сыртқы саудаға байланысты. Дүниежүзілік экономикадан оқшауланып, ешқандай ел дұрыс дамыған экономика жасай алмайды.

Халықаралық сауда - еңбек бөлінісі негізінде әр түрлі елдердің тауар өндірушілер арасында пайда болатын байланыстардың нысаны және олардың өзара экономикалық тәуелділігі. / 1, 394 б. /

Сыртқы сауданы макроэкономикалық тұрғыдан талдау, зерттеу үшін ең бірінші ол үшін экономика ашық экономика деп қарастыруымыз керек.

Ашық экономика мәселелерін талдау сыртқы сауданы қарастырудан басталады, өйткенi халықаралық экономикалық қатынастардың негiзiн сыртқы сауда құрайды.

Ашық экономиканың маңыздылығы қазiргi уақытта экспорт пен импорттың көлемi ЖҰӨ деңгейiне, жұмысбастылыққа тiкелей әсер етедi. Бұл көрсеткiштер жалпы макроэкономикалық теңдестiкке әсерiн тигiзедi.

Экспорттық салалардағы өндiрiстiң өсуi шет мемлекеттерде қарастырылып отырған мемлекеттiң тауарларына сұраныстың өсуiн көрсетедi, бұл қарастырылып отырған мемлекеттiң ЖҰӨ көлемiн өсiредi. Керiсiнше, импорттың өсуi шет мемлекеттердiң тауарына сұранысты өсiредi, бұл жағдай ЖҰӨ көлемiн кемiтедi.

Ашық экономиканың жабық экономикадан ерекшелiгi жабық экономикадағы макроэкономикалық көрсеткiштерге ашық экономика көрсеткiштерi қосылады. Мысалы, экспорт пен импорт, әлемдiк пайыз қойылым және айырбас бағамдары. /2, 27 б/

Ашық экономикада ұлттық табысты есептеу келесi теңдеумен берiледi:

Y = C + I + G + ( E X - I M ) (1)

Мұндағы: Y - өнiм көлемi;

С - тауарлар мен қызметтердi тұтыну;

I - инвестициялар;

G - мемлекеттiк шығындар;

( E X - I M ) - экспорт пен импорт айырмасы сальдосы. Бұл таза экспорт N x -тi бередi. / 4, 356 б. /

N x - ашық экономикадағы негiзгi компонент болып табылады. Ол мынаған тең деп белгiленедi:

N X = Y - ( C + I + G ) (2)

Бұл теңдеу ұлттық шоттың негiзгi тепе-теңдiгi болып табылады.

Ендi халықаралық капитал қозғалысы шоты мен ағымдағы операциялар шотына нақты келетiн болсақ тағыда негiзгi макроэкономикалық теңдеуге келемiз. / 3, 339 б. /

Y = C + I + G + ( E X - I M )

Бұдан келесi теңдеудi шығарып аламыз:

Y - C - G = I + N X (3)

Бұл теңдеудiң сол жағы көрiп отырғанымыздай ұлттық жинақты бередi. Осылайша, ұлттық жинақ iшкi инвестициялар мен таза экспортты қаржыландыруға жұмсалады.

S = I + N X (4)

Мұндағы: S - ұлттық жинақ.

Осы көрсеткiштердi теңдiктiң бiр жағына шығарып, нолге теңестiргенде ағымдағы операциялар шоты мен капитал қозғалысы шотының негiзгi теiдеуi шығады. / 3, 339 б. /

( I - S ) + N X = 0 (5)

Бұл теңдеу ұлттық есептегi халықаралық шоттардың байланысын, яғни ( I - S ) капитал қозғалысы шоты мен N X халықаралық тауарлар мен қызметтер ағымы арасындағы. Мысалы, ( I - S ) оң сальдо болса, онда N X екеуi нолге тең болу үшiн терiс сальдо болу керек. Бұл жерде екi жағдай болуы мүмкiн:

1. I > S, мұнда инвестиция сұранысы көп, ұсынысы аз дегендi көрсетедi. I - капитал немесе инвестиция сұранысы, ал S - капитал немесе инвестиция ұсынысы. Онда екi шара қолданамыз: әлемдiк экономикадан дайын өнiмдер аламыз немесе екiншi шара қаржыны несиеге аламыз.

2. I < S, мұндай жағдайда ұлттық экономикада жинақтар көбейiп, сыртқы инвестицияларға сұраныс азаяды және экспорт өседi. / 4, 512 б. /

Кiшi ашық экономикада басты экономикалық шарт әлемдiк пайыз қойылым r * = r болып табылады. Өйткенi кiшi ашық экономика әлемдiк экономикаға әсер ете алмайды, сондықтан iшкi пайыз қойылым әлемдiк пайыз қойылымға тең болу керек.

Ашық экономика моделiнiң шарттары:

  1. Y = Y = F ( K, L ) ;
  2. C = C ( Y - T ) ;
  3. I = I(r) ;
  4. r = r*

Сонда N х тек қана инвестицияға әлемдiк пайыз қойылымның өзгеруiне байланысты болады. Оны келесi теңдеуден көру болады:

N X = ( Y - C - G ) - I (r*) (6)

Мұндағы: r* - әлемдiк пайыз қойылымы.

Осы теңдеу жинақ көлемдi және инвестиция көлемiн немесе капитал қозғалыс шотын және ағымдағы операциялар шотын қандай элементтер анықтайтынын көрсетедi. Ол ең бiрiншi ұлттық жинақтың бюджеттiк салық саясатына байланыстылығы. Мысалы, G↑, Т↓ ондай жағдайда ұлттық жинақ S көлемi де азаяды.

1. 2 Қазақстан Республикасы сыртқы сауда қатынастарының дамуы және ондағы туындап отырған мәселелер

Елдің құрылымы көрсетіп отырғандай, экспорттың белгілі бір бөлігі оффшорлық рыноктарға бағытталады. Бұлардың көбі әлемдік рыноктарға трансферттік бағалармен сатылатын минералды ресурстар, ал мұның нәтижесінде мемлекетке салықтық түсімдерден ешқандай табыс түспейтіндігіне әкеледі.

Оның дәлелі ретінде әлемдік рыноктарда минералды ресурстарға бағаның едәуір өсуінің нәтижесінде мемлекеттік бюджетке түсімдер аз пропорцияда өзгергендігін айтуымызға болады. Қазақстан минералды ресурстарды елден шығару процесстерін бақылауға тырысуда, 2001 жылы халықаралық операцияларда қолданылатын бағалардың рыноктық бағалардан ауытқуын айыра білу «Трансферттік бағаларды қолдануда мемлекеттік бақылау туралы» заң қабылданды.

Қазақстандық өнімдердің әлемдік рыноктарға экспортталуының көлемінің ұлғаюы тағы бір мәселені туғызады: сыртқы рыноктағы экспортерлердің мүдделерін қорғау. Соңғы кездерде шет ел рыноктарында, тіпті ЕврАзЭС елдерінің рыноктарында да қазақстандық тауарларға қатысты антидемпингтік шаралар қолдану жағдайлары жиілеп отыр. /5, 83 б/

Антидемпингтік шараларды қолдану Қазақстанның ДСҰ(ВТО) -на кірмегенінше жалғасуы мүмкін. Қазақстанның ДСҰ-ға енуі ешқандай талас тудырмайды, бірақ оған кіру уақыты, шарттары мен салдары талас тудырады.

Қазір көбі басқа да салалар үшін ДСҰ-ға кіру салдарын есептеуге тырысуда. Бұнымен келісуге болады, бірақ барлық салдарды есептеп шығару оның күрделілігі мен көпжақтылығына байланысты мүмкін емес. Қазір біз үшін келісім-шарт жасасу кезінде барынша көп переференцияларға қол жеткізуіміз маңызды болып табылады.

Өзінде бар мүмкіндіктерді пайдалану мен өз өндірушілерін қорғауды жүзеге асыру арқылы Қазақстан әлемдік шаруашылыққа енуі қажет.

Қазақстанның осы халықаралық ұйымға кіруі оның өз заңнамасын ДСҰ талаптарына сай үйлестіру арқылы экономикасының заңдық және нормативтік базасын сапалы нығайтына септігін тигізетін болады.

Қазақстанның ДСҰ-ға кіруге дайындық кезеңінде кеден саясаты, халықаралық стандарттар енгізу, мемлекеттік сатып алуды жетілдіру, шетел инвесторлары және отандық бизнес мүдделері арасында оңтайлы теңдестікті қамтамасыз ету мәселелерін шешуіне тура келеді. /10/

Қазақстан ДСҰ-ға кірер жолда мынадай мақсаттар қойып отыр:

● қазақстандық өнімнің шетел нарықтарына қол жеткізуі үшін

қазіргілермен салыстырғанда алдыңғы қатарлы, кемсітпеушілік

шарттар алу;

● дауларды шешудің халықаралық тетігіне қол жеткізу;

● шетел инвестициялары үшін мейлінше қолайлы ахуал қалыптастыру;

● ішкі нарыққа шетел тауарларының, қызметтерінің және

инвестициялар легінің өсуі нәтижесінде отандық өнімнің сапасын

және бәсекелестік қабілетін арттыру үшін жағдай жасау;

● ДСҰ-ға мүше елдерде, атап айтқанда, банк саласында қазақстандық

инвесторлар үшін мүмкіндіктерді кеңейту;

● Қазақстанның халықаралық сауданың толыққанды қатысушысы

ретіндегі әлемдік абыройын арттыру. [31]

ДСҰ-ға мүшелік Қазақстанға сыртқы сауда әріптестерімен өзара іс-қимылда айқын ережелерге сүйене отырып, ішкі нарықты жетілдіру үшін қосымша ынталандырулар жасауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, аграрлық сектор, сондай-ақ әлі де қалыптасу кезеңінен шыға қоймаған және әзірге, халықаралық бәсекелестік қабілеттіктің өлшемдеріне сай емес орта бизнес ДСҰ талаптары алдында осалдық танытуда.

Тыңдаудың қорытындылары бойынша мынадай ұсынымдар қабылданды: Қазақстан экономикасының бәсекелестік қабілетін арттыру үшін отандық бизнес ел ішінде бәсекелестікке шыдап қоймай, одан тысқары жерлерде де өз өнімдерін және қызметтерін өткізу үшін жаңа нарықтар табуға тиіс.

Осыған байланысты, ДСҰ-ға кіру оның тиімді пайдаланылуы елдің коммерциялық мүдделерінің сыртқы нарықтарға табысты жылжуын қамтамасыз ететін тетік ретінде қаралады.

ДСҰ-ның Ауыл шаруашылық келісімінде (АШК) «агрегирлік қолдау шараларын аясындағы субсидиялармен үкімет пен оның органдары тарапынан (қажетсіз қалған) жаратылмай қалған бюджеттік шығыстар мен кірістер қамтылатындығы» жазылған.

Бұл кейінге қалдырылған және кешірілген қарыздарды формальді түрде Қазақстанның агрегирлік қолдау шаралары есебіне қосуға құқығы бар екендігін көрсетеді.

Сонымен, Қазақстан «сары себет» топтамасына қатысты мынадай шараларды жүзеге асыра алады:

● асыл тұқымды мал мен элиталық ауыл шаруашылық дақылдарының

сатылу бағасын арзандату;

● ауыл шаруашылық тауарын өндірушілердің қарызын кешіру;
● жұмыс істемей тұрған ауыл шаруашылық кәсіпорындарының

қарыздарын (өтетіп) алмау;

● кредитті пайдаланғаны үшін талап етілмеген пайыздық сыйақылар;
● белгіленген баға бойынша мемлекеттік резервке астық сатып алу.
Мысалы, Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметтеріне қарағанда, Қазақстанда 1 га егістікке көрсетілетін мемлекеттік қолдау 17, 1 АҚШ долларын құраса, Еуропалық Одақ елдерінде 1 га егістікке 111, 9 доллар, АҚШ-та 411, 7 доллар көлемінде мемлекеттік қолдау жасалады екен. /10/

Бұдан Қазақстандағы ішкі қолдаудың Австралия мен Жаңа Зеландия секілді ауыл шаруашылығы барынша ырықтандырылған елдердегі шамадан да төмен екендігін көреміз. Осыған байланысты Қазақстанға ДСҰ-ға кіргенге дейін ауыл шаруашылығындағы ішкі қолдаудың көлемін арттырып, ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге мүмкіндік жасап үлгеру қажет.

ДСҰ-ға ену Қазақстан Республикасының әлемдік экономикаға бірігуге арналған стратегиялық бағытының аса маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Қазіргі уақытта Қазақстан әлемдік рынокта өзінің шикізатын сатып отырғандықтан, және мұнда ерекше қиындықтар байқалмағандықтан, үкіметтің ДСҰ-ға енуге деген талпыныстары негізсіз болып көрінуі мүмкін. Алайда мұндай проблемалар бір сәтке арналған және жеке міндеттерге негізделумен емес, елдің ұзақмерзімді стратегиялық мақсаттарына негізделумен шешіледі. Аяққы өнім өндірісінің дамуын Қазақстанның сыртқы рынокқа шығуымен ғана қамтамасыз етуге болады, соңғысы ішкі сұраныстың шектелгендігінің орнын толтырады. Алайда бұл жолда әлемнің көптеген елдерінің тарапынан көрсетілетін саудалық тосқауылдар түріндегі түрлі кедергілер туындауы мүмкін. Қазақстан өңдеу өнеркәсібі өнімінің экспорты үшін соншама қажетті болып келетін барынша ықпал ету режиміне қатысты кепілдікке тек ДСҰ-ға мүше болған жағдайда ғана ие болады. Қазіргі уақытта Қазақстан өнімдері - ферросилиций мен металдарға қарсы демпингке қарсы дауларды АҚШ, Аргентина, Қытай, Таиланд және Ресей жүргізуде. /12, 216 б/

Қазақстанның ДСҰ-ға ену проблемасын талқылау барысында Қазақстанның өз дамуындағы осыншама жауапты қадамға дайын ба, жоқ па, оның экономикасының жағдайлары мен шарттары ДСҰ-ның өз мүшелеріне қоятын талаптарына жауап бере ме, ол аталмыш талаптарды өзі үшін елеулі нұқсан келтірмей орындай ала ма деген сияқты сауалдар айрықша мағынаға ие болады.

Осы уақытқа қарсы Қазақстан көптеген нарықтық реформаларды жүзеге асырып үлгерген және экономикасын нарықтық экономикаға айналдыру бойынша өтпелі кезеңді басынан өткерген. ЕО және АҚШ Қазақстанның нарықтық экономикалы ел екендігін мойындады.

Мемлекеттің аздаған шамада араласуымен экономиканың ашықтығының қажетті деңгейіне қол жеткізілді, сыртқы сауда ырықтандырылған, меншіктің 80%-і жекеменшік болып табылады, елде макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізілген, теңгенің айырбас бағамы тұрақты болуда. Осылайша, республикамыз экономикалық дамудың басты критерийлері бойынша халықаралық саудаға өзара шектеулерді орнатусыз қосыла алады.

Сонымен қатар Қазақстанның ДСҰ-да бақылаушы мәртебесіне ие болғалы алты жылдан бері едәуір көлемдегі рәсімдік-ұйымдастыру жұмысы жүргізілген:

Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға енуі жөніндегі Жұмыстық топтың 4 отырысы және Қазақстанның тауарлар мен қызмет көрсетулерге қазақстандық рынокқа жол ашу жөніндегі бастапқы ұсыныстарын талқылауға арналған екітараптық келіссөздердің 7 раунды өткізілген болатын. Сонымен қатар, ішкі қолдау көрсету мен ауыл шаруашылығын демеуқаржыландыру шаралары бойынша плюритеральді талқылаулар өткізілген болатын. /10/

Республиканың заңдарын халықаралық сауда ережелерімен үйлесімдеуде үлкен прогреске қол жеткізілді. Ішкі рынокты қорғау, селекицялық жетістіктерді қорғау, стандарттау, патенттер бойынша жаңадан заңдар қабылданды, Парламентте Кедендік Кодекстің жаңа нұсқасы жатыр. Бұл бағытта жұмыс жалғасуда.

Қазақстанның ДСҰ-ға қосылуы бойынша алты жыл бойы жүргізілген жұмыстардың нәтижесі болып енудің ақпараттық кезеңінің аяқталуы мен Қазақстанның ДСҰ мүшелерімен ену шарттарын белгілеу жөніндегі келіссөздік процесінің белсенді фазасына өтуі табылады.

Тауарларға рыноктарға жол ашу жөніндегі егжей-тегжейлі екітараптық келіссөздерді жүргізу ниетін Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жөніндегі жұмыстық топтың құрамына кіретін 33 мүше-елдердің ішіндегі 15 ел білдірген болатын: АҚШ, ЕО, Канада, Швейцария, Жапония, Австралия, Латвия, Польша, Грузия, Болгария, Бразилия, Мексика, Чехия мен Словакия, Эстония мен Пәкстан.

Қазақстанның ДСҰ-ға ену процесіне әсер ету тұрғысынан аса маңызды ДСҰ мүше-елдері болып АҚШ, ЕО, Жапония, Канада, Австралия және Швейцария.

Сонымен қатар, біз Қазақстанның экономикасы нарықты болғанымен, әлі жеткілікті мөлшерде дамымағандығын түсінуге тиіспіз.

Белгілі болғандай, ДСҰ-ға ену тәжірибесінде жаңадан енетін елдердің екі мәртебесі қалыптасты: дамушы елдің мәртебесі және өтпелі кезең режимінің мәртебесі. Постсоциалистік елдердің көпшілігі ДСҰ-ға ену кезінде дамушы елдің мәртебесіне ие болуды тиімді деп санайды, ол ДСҰ-ның жекелеген ұстанымдары мен ережелерінің арасындағы бірқатар айрықшалықтарды пайдаланып қалуға мүмкіндік береді. ДСҰ-дағы дамушы елдің мәртебесі Ұйымға енуден кейінгі өтпелі кезең бойы төлемдік балансытың теңгерілімін қамтамасыз етумен, «жас» өнеркәсіп салаларын қорғау мақсатымен импорттық кедендік тарифтердің, импортты лицензиялаудың және өзге шектеулердің күшін сақтауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар ДСҰ мүшелері кедендік тарифтің 100%-тік мөлшерлемелерін байланыстыру, сондай-ақ оларды тауарлардың белгілі бір тобына қатысты төмендету және күшін жою, рынокқа тауарлар мен қызметтерге жол ашу жөніндегі міндеттемелерді ДСҰ-ның аса дамыған мүше-елдерінің міндеттемелерінен төмен болмайтындай деңгейде қабылдау деген сияқты аса қатаң шартарды қояды.

ДСҰ-ға ену туралы шешім қабылдау кезінде республиканың экономикасының дамуына әсер етуі мүмкін барлық жағымды және жағымсыз зардаптарын бағалау қажет. Өзге мемлекеттермен тең құқылы қатынастар негізінде халықаралық жүйеге біріккен жағдайда шығынға ұшырамай пайда табуға мүмкін емес екендігін естен шығармаған дұрыс. Пайда шығындарға қарағанда артық болуға тиіс, және соңғылары елдің ұлттық мүдделері мен мемлекеттік қауіпсіздігіне нұқсан келтірмеуі тиіс.

Сыртқы сауданы оң таңбалы сауда балансымен дамыту ДСҰ-дға кіруден табыс табудың ең маңызды әдісі болып табылады. Экспорттың артуы елге табыстың келіп құйылуын арттырады және отандық тауар өндірушілердің мүмкіндіктерін кеңейтеді, сондай-ақ өндіріс деңгейін арттырады және сол арқылы экспорттық мүмкіндіктерді күшейтеді. Сонымен қатар импорттың артуы ішкі рыноктағы бәсекені дамытады, тұтынушылардың қажеттерін бұрынғыдан да арзан тауарлармен қанағатандыруды арттырады. /14, 8 б/

Қазақстан әлемдік шаруашылық пен әлемдік құрылымдарға біріккен, ашық нарықтық экономикалы ел ретінде танылумен қатар, ол аДСҰматты түрде ДСҰ-ның барлық мүшелерімен қарым-қатынастарында барынша ықпал етудің қалыпты және толық режиміне қол жеткізеді, бұл ең алдымен осындай режимге екі тараптық негізде ие болуға болмайтын жағдайлар үшін маңызды болып келеді.

Қазақстан сонымен қатар өз тауарларының транзитіне арналған жолдарға ие болады. Осының барлығы түптеп келгенде сыртқы сауданың дамуы мен артуына ықпалын тигізетін болады.

Бұл Қазақстанның өңдеу өнеркәсібінің отандық тауарларымен сыртқы саудасын дамыту үшін ерекше маңызды болып келеді. Қысқа- және ортамерзімді келешекте Қазақстанның ДСҰ-ға енуі ең алдымен сауда тұрғысынан маңызды болып табылмайды, себебі ол сыртқы рыноктарға инвестициялардан басқа (шикізаттарды санамағанда) ештеңе ұсына алмайды. Бұл жағдайда оның инвестицияларды шикізат өңдеу мен өңдеу өндірістерінің одан да жоғары сатыларын дамытуға тартуға үміттенуіне болады. /14, 9 б/

Қазақстан үшін ДСҰ-ның саудалық дауларға қатысты, әсіресе ретсіз түрде, бұрынғысынша оны нарықтық емес, жоспарлы экономикалы ел деп санаумен, Қазақстанның экспорттық тауарларына қатысты қолданылатын демпингке қарсы дауласулар кезіндегі режимі үлкен маңызға ие болуы мүмкін. ДСҰ-ның мүшесі болу саудалық-саяси дауларды ескерілген қатаң рәсімдер шеңберінде одан да әділетті негізде шешуге мүмкіндік береді.

ДСҰ-ға енумен Қазақстан ұлттық мүдделерін басшылық ретінде қолданумен әлемдік сауданы реттейтін нормаларды әзірлеуге қатысу құқығына ие болуға үміттене алады. Сонымен қатар, сыртқы экономикалық саясат жөніндегі жедел ақпарат пен ДСҰ мүше-елдері үкіметтерінің жоспарларына қол жеткізу мүмкіндігі туындайды, бұл одан да тиімді сауда саясатын әзірлеуге мүмкіндік береді.

2 ҚР СЫРТҚЫ САУДА САЯСАТЫНЫҢ РӨЛІ

2. 1 Қазақстан Республикасының экспорт құрылымын талдау

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыртқы және халықаралық сауда саясаты
Қазақстан Республикасының кеден саясаты және сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу шаралары
Қазақстан Республикасының ұйымдармен ынтымақтастығы
Экономиканы ашық жағдайға көшіру кезеңіндегі мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігі
Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясатының қазіргі жағдайының даму перспективалары
Қазақстан Республикасындағы кеден ісі
Қазақстанның еуропа мемлекеттерімен байланысы
Қазақстан Республикасы кеден ісі негіздері
Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметінің нысандары және түсінігі
Еуроодақ пен Қазақстанның экономикалық ынтымақтастығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz