Тергеу экспериментінің тактикасы



Тергеу үстінде жасалған қылмыстың мән-жайларын, істегі кейбір дәлелдемелердің объективтігін тексеру үшін әртүрлі тәжірибелер жүргізуге тура келеді. Тәжірибе - ақиқат өлшемі және дуние танымның қайнар көзі. Сондықтан тергеу кезінде жиналған дәлелдемелердің және кейбір іске керекті дәлелдемелердің ақиқаттығын, шындығын тек сынақ тәжірибелер жүргізу арқылы білуге болады. Осыған байланысты қылмыстық іс жүргізу заңында осы айтылған жағдайларды тексеру үшін арнайы тергеу эксперимент жүргізу көрсетілген.
Тергеу эксперименті дегеніміз қылмысты оқиғаның кейбір мән-жайларын осы оқиғаға ұқсас және сәйкес жағдай¬да әр түрлі сынақ тәжірибелер жүргізу арқылы осы жағдайдың, құбылыстың болу мүмкіндігін тексеру үшін жүргізілетін тергеу әрекеті.
Осы келтірілген тергеу экспериментінің түсінігінен туындайтын негізгі қағидалар: бұл тергеу әрекеті, біріншіден, басқа тергеу әрекеттерін жүргізу үстінде алынған, іске қатынасы бар деректердің, мәселелердің шындығын тексеру үшін жүргізіледі, Екіншіден, осы тексерілетін құбылыс (әрекет) қылмысты оқиға болғанда қандай жағдайда өтсе, соған сәйкес, ұқсас жағдайда арнайы сынақ тәжірибелерін жүргізу арнайы өткізіледі. Жүргізілетін сынақ тәжірибелердің қорытындысының объективтілігі, оның сол тексерілетін оқиға болған жағдайдаға сәйкес жағдайда өткізілуіне тікелей байланысты. Әрине, тәжірибе жүргізілгенде тура болған жағдайдың өзін, тексерілетін іс-әрекетті болған күйі қайталауға болмайды, :себебі ондай жағдайда жаңа қылмыс жасалған болар еді. Сонымен қатар тәжірибе арқылы болған оқиға толық қайталанбайды, тек оның кейбір бөлігі, эпизодтары ғана сынақ тәжірибе жүргізу арқылы қайталанады.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
ТЕРГЕУ ЭКСПЕРИМЕНТІНІҢ ТАКТИКАСЫ

Тергеу экспериментінің түсінігі, онын түрлері және мақсаттары
Тергеу үстінде жасалған қылмыстың мән-жайларын, істегі кейбір
дәлелдемелердің объективтігін тексеру үшін әртүрлі тәжірибелер жүргізуге
тура келеді. Тәжірибе - ақиқат өлшемі және дуние танымның қайнар көзі.
Сондықтан тергеу кезінде жиналған дәлелдемелердің және кейбір іске керекті
дәлелдемелердің ақиқаттығын, шындығын тек сынақ тәжірибелер жүргізу арқылы
білуге болады. Осыған байланысты қылмыстық іс жүргізу заңында осы айтылған
жағдайларды тексеру үшін арнайы тергеу эксперимент жүргізу көрсетілген.
Тергеу эксперименті дегеніміз қылмысты оқиғаның кейбір мән-жайларын осы
оқиғаға ұқсас және сәйкес жағдайда әр түрлі сынақ тәжірибелер жүргізу
арқылы осы жағдайдың, құбылыстың болу мүмкіндігін тексеру үшін жүргізілетін
тергеу әрекеті.
Осы келтірілген тергеу экспериментінің түсінігінен туындайтын негізгі
қағидалар: бұл тергеу әрекеті, біріншіден, басқа тергеу әрекеттерін жүргізу
үстінде алынған, іске қатынасы бар деректердің, мәселелердің шындығын
тексеру үшін жүргізіледі, Екіншіден, осы тексерілетін құбылыс (әрекет)
қылмысты оқиға болғанда қандай жағдайда өтсе, соған сәйкес, ұқсас жағдайда
арнайы сынақ тәжірибелерін жүргізу арнайы өткізіледі. Жүргізілетін сынақ
тәжірибелердің қорытындысының объективтілігі, оның сол тексерілетін оқиға
болған жағдайдаға сәйкес жағдайда өткізілуіне тікелей байланысты. Әрине,
тәжірибе жүргізілгенде тура болған жағдайдың өзін, тексерілетін іс-әрекетті
болған күйі қайталауға болмайды, :себебі ондай жағдайда жаңа қылмыс
жасалған болар еді. Сонымен қатар тәжірибе арқылы болған оқиға толық
қайталанбайды, тек оның кейбір бөлігі, эпизодтары ғана сынақ тәжірибе
жүргізу арқылы қайталанады.
Тергеу эксперименті іс жүргізу кезінде пайдаланылатын танымдық әдісті
қолданудың айрықша түрі. Бүл әдіс әр түрлі тергеу әрекеттері үстінде
қолданылады. Оның басқа әдістерден. айырмашылығы тергеуші өзінің назарын
аударған жәйттерді сырттай бақылап қана қоймайды, сонымен бірге оны бірнеше
қайтара бастапқы қалпына келтіру арқылы өз болжамын нықтай түседі.
Тәжірибе жүргізу барысында арнайы шектеу шарттары қойылады: тергеу
эксперименті кезіндегі мұндай тәжірибе адамның денсаулығына нұқсан
келтірмеуі, оның өміріне қатер төндірмеуі тиіс. Сонымен бірге, эксперимент
осы тергеу әрекетіне қатысып жүргендердің құқын бұзбайтындай, оларды
қорлап, кемсітпейтіндей жағдайда өткізілуі тиіс.
Эксперимент арқылы іс бойынша жинақталған кейбір дәлелдемелердің,
мәліметтердің шындығы ғана анықталып қоймайды, сонымен бірге жаңа деректер
де алынады. Тергеу экспериментін жүргізудің нәтижесінде көбінесе
жәбірленушінің, куәнің, айыпталушының жауаптарында, сондай-ақ басқа да
қосымша деректерде келтірілген мәліметтердің шындығы, оның болу
мүмкіндіктері тексеріліп, анықталады. Тергеуші осыңдай жолмен өзінің кейбір
болжамдарына көз жеткізеді. Яғни, оқиғаның қалай болғаны, оның мән-жайы,
орындалу механизмі тәжірибе өткізу жолымен тексеріледі.
Тергеу эксперименті - өз алдына дербес, өзіне тән міндеттері бар іс
жүргізу әрекеті. Сонымен бірге ол тергеудің басқа да әрекеттерімен тығыз
байланыста болып, міндеттері жағынан өзара ұштасып жатады. Яғни, басқа да
тергеу әрекеттері сияқты тергеу экспериментінің де басты міндеті іске
қатысты қылмысты ашуға керекті деректер жинау. Дегенмен, деректерді ерекше,
өзіне ғана тән тәсілдермен жинап, тексеретіндіктен тергеу экспериментінің
өзіне тән міндеттері бар.
Тергеу эксперименті шешетін сұрақтарына орай үш түрге бөлінеді.
Эксперименттің бірінші түрі — кейбір қүбылыстың не әрекеттің айтылған,
көрсетілген жағдайда болуы мүмкін бе, жоқ па, соны анықтау. Яғни, белгілі
бір затты, нерсені айтылған жағдайда айтылған адам көтеріп кете ала ма
немесе белгілі бір қашықтыққа көрсетілген уақытта барып жетуге бола ма,
айтылған жүмысты ол адам өзі атқара ала ма, ол оның қолынан келе ме,
қоймадағы тесіктен белгілі бір затты алып шығуға бола ма, жоқ па, міне
осындай толып жаткан сұрақтар төңірегіңдегі шындықты анықтау.
Тергеу экспериментінің екінші түрі — белгілі бір жағдайда қашықтықта
болған оқиғаны, құбылысты қабылдауға, сөзді, дыбысты естуге бола ма
соны аныктау.
Эксперименттің үшінші түрі — із қалдыру (сындырудан соғудан, аралап
кесуден осындай іздер қалуы мүмкін бе? — деген сұрақты шешкенде, т.б.)
сипатын, оның механизмін анықтау. Тергеу экспериментінің бұл түрі өзінің
мән-мазмұны жағынан криминалистикалық сараптамалардың кейбір түрлеріне
жуықтайды. Алайда, із қалдыру сипатын анықтау үшін ғылыми саралаудың
қажеті жоқ болғанда ғана эксперимент әрекеті шеңберінде тергеушінің өзі
жүзеге асырады.
Жекелеген тәжірибелерді жүргізуге, қажет болған жағдайларда, басқа да
адамдар шақырылуы мүмкін. Оның санын, міндетін тәжірибенің мән-мазмүнына,
эксперименттің түріне орай, тергеуші анықтайды. Егер мүндай адам тәжірибе
жүзінде жәбірленушіні, айыпталушыны, куәні алмастырған болса ол тиісінше
алмастырылатын адамға барлық белгілерімен (бойымен, салмағымен, есту, көру
қабілетімен, т.б.) міндетті түрде ұқсас болуы тиіс.
Тергеу эксперименті — бұл арнайы жасалған жағдайларда қандай да бір
объектілерді, іс-әрекеттерді, құбылыстарды және сол сияқтыларды қабылдау
мүмкіншілігін немесе іс үшін маңызы бар мән-жайларды анықтауда белгілі бір
нәтижесі бар қаңдай да бір әрекеттердің істелінетіндігін тәжірибелік жолмен
тексеру.
Тергеу эксперименті құрылымы және мазмұны бойынша күрделі тергеу
әрекеті болып саналады. Сонымен қатар, ол дұрыс ойластырып жүргізілсе, онда
оның көрнекті және психологиялық күшті әсері болады, кей жағдайларда
тергеуші ойының өткірлігін көрсетеді, мұның өзінің маңызы аз емес. Бұл
жерде қарапайым мысалға сүйенсек жеткілікті: арызданушы сауда жайынан көп
мөлшердегі тауарлардың ұрланғандығы туралы хабарлайды және қандай тауарлар
ұрланғандығын көрсетеді. Тергеуші, ұрлықтың болғандығы мен арызданушы
айтқандарына күмән келтіріп, көрсетілген көлемдегі және мөлшердегі
тауарлармен тергеу экспериментін жүргізеді, кезде барлық қатысушылар осы үй-
жайға осынша мөлшердегі тауарларды орналастыру тіптен мүмкін еместігіне
көздері жетеді. Эксперименттің нәтижесі ұрлықтың болмағанды туралы версияны
құптайды.
Тергеу экспериментін жүргізу туралы шешім қабылдау кезінде ескеру керек
маңызды шартты атап өткен жөн. Егер тергеушіде пайда болған сұрақтарға
жауап осы әрекет шеңберінде алынатын болса және қойылған сұраққа дәрежелі
қорытынды беру үшін арнайы ғылымды қажет етпесе, онда экспериментті
өткізуге болады. Қарама-қайшы жағдайларда егер қойылған сұрақты шешу үшін
арнайы ғылыми ілімді қажет етсе, онда экспериментті жүргізуге болмайды, тек
тиісті сараптама тағайындау керек.
Соның өзінде осы тергеу әрекетіне маманның қатысқанына заң қайшы
болмайды. Маман ҚІЖК-нің 84-бабында көрсетілген қызметтерді орындайды, яғни
өзінің арнайы ғылыми ілімдерін қолдана отырып тергеушіге тәжірибелік
әрекеттерді тиянақты, объективті және жоғары дәрежеде жүргізуде көмегін
көрсетеді.
Тергеу экспериментінің заңдылығының маңызды шарты: жүргізу кезінде оған
қатысушылардың және жанындағылардың ар-ожданы мен қадірін кемсітпеуін және
олар үшін қауіпті жағдай тудырмауын қамтамасыз ететін талаптар.
Осы тергеу әрекетінің ерекшелігі ретінде келесілерді санауға болады,
яғни қажет болған жағдайда қылмыстық істі жүргізушілердің барлығы (сезікті,
айыпталушы, жәбірленушілер мен куәлер) осы тергеу әрекетіне қатыса алады.
Бүл кейбір жағдайларда айтылған адамдардың қатысуынсыз тергеу экспериментін
жүргізу мүмкін еместігіне байланысты болады. Тергеу эксперимента заңға
сәйкес іс үшін маңызы бар мән-жайларды анықтау мен нақтылау үшін
жүргізіледі. Дәлірек айтатын болсақ, тергеу тәжірибесі керсеткендей оны
жүргізген кезде тергеуші талпынуы керек бірнеше мақсаттарды бөлуге болады.
Бәрінен бұрын жалпы мақсатын заңда көрсетіл-геннен гөрі басқаша етіп
қарастыру керек, бірақ бұлар арасында аса айырмашылық жоқ. Бұл жерде,
тергеуші өзінін немесе айыпталушының, не болмаса жәбірленушінің болжамдары
мен күмәндарын тексеретіндігі туралы айтылған. Мұндай күмәндар белгілібір
фактілердің, қиғалардың, құбылыс-тардың әр түрлі талқылануы үшін жағдайлар
болғанда пайда болады. Соңдықтан әдебиетте тергеу экспериментінін мынадай
мақсаты бөліп айтылған, яғни болжамдарды, атап айтканда тергеу версиясын
тексеру. Екінші жағдайларда тергеу эксперименті кезінде бұрын бар
дәлелдемелер тексеріледі (мысалы, куәнің берген жауабын тексеру). Үшінші
эксперименттің мақсаты болып жаңа дәлелдемелер алу табылады, бірақ бұл
мақсат барлық жағдайда қойылады, өйткені нәтижелі тергеу эксперименті
дәлелдеменің қайнар болып табылады. Бірақ мынандай мақсаты болып айтылған,
яғни болжамдарды, атап айтқанда тергеу экспериментікезінде бұрын бар
дәлелдемелер тексеріледі (мысалы,куәнің берген жауабын тексеру).Үшінші
жағдайда экспериментің мақсаты болып жаңа дәлелдемелер алу табылады, бірақ
бұл мақсат барлық жағдайда қойылады,өйткені нәтижелі тергеу эксперименті
дәлелдеменің қайнар көзі болып табылады. Бірақ мынадай да зксперименттер
болуы мүмкін тәжірибелер өткізу кезінде расында да жаңа дәлелдемелер
алынатын эксперименттер. Мысалы, сезіктіден алынған кілттермен эксперимент
жүргізген кезде, кілттердің біреуі істелінген үй-жайдың есігіне келетіндігі
белгілі болды. жаңа дәлелдемелік зат пайда болды. Егер айыпкер эксперимент
кезінде ақшалай купюраны қолдан дайындаса, ол туралы да көрсетуге болады.
Оның көмегімен не тексерілетіндігіне байланысты бірнеше түрлерге бөліп
айтуға болады.
1. Белгілі бір жағдайларда қандай да бір әрекеттерді жасау
мүмкіншілігін тексеруді мақсат ететін эксперимент. Бұған мынадай жағдайлар,
яғни белгілі бір уақыт кесіндісінде қандай да бір әрекетті (жүмысты)
орында, белгілі мерзімде белгілі бір қашықтықты жүріп өту мүмкіншілігін
тексеру де енеді.
2.1с құжаттарынан белгілі жағдайларда қандай да бір оқиғаны, қүбылысты,
фактілерді қабылдау мүмкіншілігін анықтайтын тәжірибелік әрекеттер. Бүған
белгілі бір жағдайларда есту, көру, затты немесе адамды тану мүмкіншілігін
анықтау мақсатындағы эксперименттер.
3. Қандай да бір оқиғаның, фактінің, із пайда болу процесінің жеке
бөліктері мен механизмін түсіңдіретін тәжірибелі әрекеттер. Мысалы, ең
бастысы, белгілі бір ыдыстың стандартты қаптамасын (мөрін, желімін) бұзбай
ішіндегісін өзгерту (ауыстыру, нашарлату).
Мұның бір түрі ретінде қандай да бір құбылыстың, фактінің болу
мүмкіндігін анықтау мақсатында жүргізілетін экспериментті санауға болады.
Тергеу экспериментінің осы жіктелуімен бір қарағанда Қамтылмаған басқа
да түрлері болатындығы анық.
Экспериментті түрлерге жіктемей-ақ тергеу тәжірибесінде кездесетіндерді
атап өтсек, олар:
І.Адамның дене мүмкіншілігін (күшін) тексеру (мысалы, осындай
салмақтағы затты көтере ала ма немесе ол затты осыншама қашықтыққа жеткізе
ала ма? — деген сияқты сұрақтарға жауап беру керек болғанда).
2.Адамның кәсіби дағдыларын тексеру (мысалы, Адам айтып отырған "жалған
ақшаның" суретін салу немесе басқа кәсіп, оның қолынан келе ме?).
З,Адамның көру мүмкіндігін тексеру (мысалы, көру мүмкіндігі осындай
адам немесе қараңғы уақытта, "тұман", "қар" сияқты ауа-райының көруге
қолайсыз жағдайларында оқиғаның жағдайларын толық көріп қабылдай ма?).
4. Адамның есту мүмкіндігін тексеру (мысалы, осындай қашықтықтан немесе
уй-жайдың ішіндегі басқа бөлмеде отырып естуі не естімеуі мүмкін бе?, басқа
дыбыстар кедергі болғанда оқиғаға қатысты дыбыстарды естуі мүмкін болды ма?
т.с.с.).
5.Құбылыстардың және фактілердің болу мүмкіндіктерін тексеру (мысалы,
тергеу барысында белгілі болған заттардың бәрі осы шағын, олардың сиуы
күмән тудыратын қоймада сақталғандығы, не болмаса көлемі үлкен заттардың
өтуі күмән тудыратын саңлаудан, тесіктен ұрлануы, әр түрлі механизмдердің,
агрегаттардың мүмкіндіктерін тексеру және толып жатқан басқалар).
6.Құбылыстардың, фактілердің, әрекеттердің белгілі бір уақыт аралығында
болуын тексеру, егер бұлардың болуы күмән тудырмай, тек осындай уақыт
аралығында болғандығы күмән келтіргенде жүргізіледі.
7.1здің қалуын не түсуін тексеру (мысалы, құлыпты аралап кескенде, одан
темір ұнтақтардың түспейтінін тексеру және с.с.).
Бұдан көретініміз, тергеу экспериментінің түрлері осылар ғана деп айта
алмайтындығымыз, өйткені тергеу барысында болуы күмән келтіретін сан-алуан
жағдайлар сияқгы, тергеу экспериментінің түрі де көп. Ал, жоғарыда
көрсетілгендер - негізгілер жене тергеу тәжірибесінде кездескендері.
Осы жерде тоқтала кететін маңызды жағдай, жануарларға қатысты
жүргізілетін тергеу эксперимент. Елімізде мал шаруашылығының кеңінен
дамығандығынан және ауылдық жерлердегі азаматтарымыздың басым көпшілігінің
жеке малы болғандықтан тергеу тәжірибесінде осындай істер көптеп кездесіп
жатады. Өйткені, мал қылмыс объектісі болуы мүмкін (көбіне, ұрлық істері
бойынша), сонымен қатар қылмыскерлер жануарларды қылмыс мақсатында қолдануы
мүмкін. Мысалы,қылмыс орнына атпен келуі және т.б. Жануарларға қатысты
тергеу экспериментін жүргізгенде олардың өліміне не жарақат алуына әкеліп
соғатын болса, ондай эксперименттерді жүргізбеу керек. Тергеу әрекетіне
маман ретінде мал дәрігерін қатыстырған дұрыс болады. Жалпы малға қатысты
тергеу экспериментін пайда болған күмәнді басқа жолдармен тексеру
болмағанда ғана жүргізген тиімді.
Сонымен, тергеу экспериментінің түсінігін аша отырып, профессор
Р.С.Белкиннің берген анықтамасын қолдануға болады. Тергеу эксперименті
деген атауды арнайы тәжірибелерден, жаңа дәлелдемелер алу және бар
дәлелдемелерді мақсатындағы тәжірибелерден, сонымен қатар іс үшін бар
белгілі бір фактілердің болуы мүмкін немесе мүмкін еместігі туралы тергеу
версияларын тексеру мен бағалаудан тұратын тергеу әрекеті ие болады.
Тергеу экспериментін жүргізу мыналарға бағытталған:
-бар мәліметтерді тексеру және бейнелеу;
-жаңа дәлелдемелерді анықтау; -версияларды тексеру;
-қылмыс істеуге себін тигізетін мән-жайларды анықтау. Эксперименттің
мүмкіншілікті анықтау бойынша келесі түрлері белгілі:
-қандай да бір фактіні, құбылысты қабылдап бақылау;
-қандай да бір қимыл-әрекетті орындау (бұл түрге кәсіби немесе
қылмыстық тәжірибесінің бар немесе жоқ екендігін аныктау бойынша
эксперименті енгізуге болады);
-қандай да бір фактінің, қүбылыстың болуы;
-іздердің, оқиға бөліктерінің пайда болуы процесінің механизмі.

Тергеу экспериментінің процессуалдық ережелері
Тергеу эксперименті үшін маңызы бар мәліметтерді зерттеліп отырған
оқиғаның белгілі бір әрекеттерін, жай-жапсарын, мән-жайларын қайта жаңғырту
және тәжірибе жүргізу арқылы тексеру мен нақтылау мақсатында жүргізіледі.
Эксперимент жүргізу кезінде, атап айтқанда, әлде бір фактілерді Қабылдау,
жекелеген әрекеттердің жасалу, әлдебір оқиғаның болу ықтималдығы
тексерілуі, сондай-ақ болған оқиғаның реті және іздердің пайда болу тетігі
анықталуы мүмкін.
Тергеу экспериментін жүргізуге оған қатысушы адамдардың өмірі мен
денсаулығына қауіп келтірмегенде, ары мен намысына нұқсан келтірмегенде,
оларға материалдық зиян болмағанда жол беріледі.
Тергеу эксперименті қайта жанғыртылып отырған оқиғалар немесе әрекеттср
болған жағдайларға барынша ұқсас жағдай жүргізіледі.
Қажет болған жағдайларда тергеу экспериментін жүргізкезде суретке
түсіру, дыбыс және бейнежазба, киноға түсіру жүргізіледі, басқа ғылыми-
техникалық құралдар қолданылады, жоспарлар, схемалар, сызбалар жасалады.
Тергеу эксперименті жүргізілгені туралы ҚР ҚІЖК-нің 203-бабының
талаптарын сақтай отырып хаттама толтырылады. Хаттамада тергеу
экспериментінің шарты, барысы мен нетижелері егжей-тегжейлі баяндалады және
мыналар көрсетіледі: эксперимент қандай мақсатпен, қашан, қайда және
қандай жағдайда жүргізіуі; оқиғаның жай-жапсары мен мән-жайлары қайта
жаңғырту нақты неден көрінді; қандай әрекеттер қандай реттілікпен
жүргізілді, оны кім және қанша рет жасады; қандай нәтижелер алынды (ҚР ҚІЖК-
нің 239- бабы).
Тергеу экспериментіне дайындалу және оны жүргізу
Тергеу экспериментінің қрылынуына орай оған әзірлік екі кезеңде -
эксперимент жүргізілетін жерге барғанға дейін және нақ эксперимент
жургізілетін жерде өткізіледі.
Эксперимент жүргізілетін жерге барғанға дейінгі әзірлік кезінде
тәжірибенің мән-мазмүнын, оны өткізу тәртібін, жағдайдың өзгерісін анықтап
алу керек. Яғни, бұл - кезең - мамандармен ақылдасу; кәсіпорынның жұмыс
тәртібін, ішінара айтқанда технологиялық режимді реттейтін құжаттармен,
арнаулы әдебиеттермен танысу; қатысушыларды іріктеу; тергеушінің назарын
аударған жағдайға байланысты айыпталушыдан қайтара жауап алу сатылары.
Тергеушінің эксперимент өткізетін жерге шықпай тұрын жүргізетін
дайындық жұмыстарын үш топқа бөлуге болады: тәжірибе өткізілетін жерді
байырғы қалпына келтіру; эксперимент өткізуге қатынасатын адамдарды
анықтап, белгілеп алу; керекті қүрал-саймандарды, материалдарды,
жабдықтарды дайындау.
а) Тергеу эксперимента кезінде тәжірибе өткізілетін жерді байырғы
қалпына келтіру
Эксперимент болып өткен белгілі бір оқиғаны, әрекеті қайта жаңғырту,
сөйтіп, істі тексеру барысында ақиқатты анықтау мақсатын көздейді. Бұған
мұқият дайындалу қол жеткізуге болады.
Эксперименттің түрі мен мақсатына сәйкес ұқсас жағдайлар ретінде -
қылмыс жасалған кезге сәйкес келетіндей етіп орын, жылдың кезеңі мен
тәуліктері, ауа-райы; ұқсас заттар ретінде қылмыс жасалған кезде
қолданылғандай материалдар, құрал-жабдықтар түсініледі.
Ұқсас жағдайды эксперименттің түрі мен мақсатына орай тергеушінің өзі
таңдайды. Мұндайда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмысты тергеу кезінде оқиға болған жердің жай-жапсары мен мән-жайларын қайта жаңғырту
Криминалистика пәнінен лекция тезистері
Ішкі істер органдарының құқықтары мен міндеттері
Зерттеу объектісіне қатысты өзекті мәселелер мен оның кейбір қырларының толық реттелмеуі жұмыстың басты бағытын анықтау
Әйелдермен жасалған қылмыстарды тергеу кезінде бөлек тергеу әрекеттерін жүргізудің ерекшеліктері
Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау барысында шешілетін міндеттер
Құжаттар криминалистикалық зерттеудің объектісі ретінде
Айғақтарды сол жерде тексеру жəне нақтылау. Тергеу эксперименті
АЙҒАҚТАРДЫ ОҚИҒА БОЛҒАН ЖЕРДЕ ТЕКСЕРУ ЖӘНЕ НАҚТЫЛАУ
Тану үшiн ұсынудың тактикасы
Пәндер