Сырдария облысы қазақтарының этнографиясы (Түркістан хабаршысы газетіндегі мәліметтер бойынша)


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІ

Археология және этнология кафедрасы

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

СЫРДАРИЯ ОБЛЫСЫ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ЭТНОГРАФИЯСЫ

(ТҮРКІСТАН ХАБАРШЫСЫ ГАЗЕТІНДЕГІ МӘЛІМЕТТЕР БОЙЫНША)

Орындаған

4 курс студенті Есжанова Г. Б.

Ғылыми жетекші

т. ғ. к., доцент Қалшабаева Б. К.

Қорғауға жіберілді: «»2008 ж.

Кафедра меңгерушісі

т. ғ. д., профессор Төлеубаев Ә. Т.

(қолы, айы-күні)

АЛМАТЫ 2008

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3-5

І. «ТҮРКІСТАН ХАБАРШЫСЫ» ГАЗЕТІНДЕГІ МӘЛІМЕТТЕР

БОЙЫНША СЫРДАРИЯ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК-

ТЕРРИТОРИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ . . . 6-11

1. 1. Сырдария облысының әкімшілік-территориялық бөлінуі6-8

1. 2 . Облыстың этнодемографиялық жағдайы. 8-11

ІI. «ТҮРКІСТАН ХАБАРШЫСЫ» ГАЗЕТІНДЕГІ МӘЛІМЕТТЕР

БОЙЫНША СЫРДАРИЯ ОБЛЫСЫ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ

ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭТНОЭКОНОМИКАЛЫҚ

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ . . . 12-25

2. 1. Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы. . 12-15

2. 2 . Дәстүрлі мал шаруашылығы . . 15-17

2. 3 . Қазақ егіншілігі. 18-22

2. 4 . Қосалқы шаруашылық түрлері . . . 22-25

ІІІ. «ТҮРКІСТАН ХАБАРШЫСЫ» ГАЗЕТІНДЕГІ МӘЛІМЕТТЕР

БОЙЫНША СЫРДАРИЯ ОБЛЫСЫ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ

МАТЕРИАЛДЫҚ МӘДЕНИЕТІ . . . . . 26-34

3. 1. Қазақтың дәстүрлі тұрғын үйі. 26-28

3. 2. Тұрмыстық заттар мен бұйымдар28-30

3. 3. Тағам және оның түрлері. . 30-34

ІV. «ТҮРКІСТАН ХАБАРШЫСЫ» ГАЗЕТІНДЕГІ МӘЛІМЕТТЕР

БОЙЫНША СЫРДАРИЯ ОБЛЫСЫ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ

ОТБАСЫ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ . . . 35-47

4. 1. Қыз ұзату, келін түсіру35-38

4. 2. Бала туу және тәрбиелеу. . 38-44

4. 3. Марқұмды әрулеу. 44-47

ҚОРЫТЫНДЫ . 48-49

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 50-53

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі . Тарих ғылымының даму барысында жеке аудандардың мәселелерін дербес қараудың аса маңыздылығы бар. Жеке алынған өлкені қарастыра отырып, біз жалпы Қазақстанға сипаты немесе ортақ мәселелердің де мазмұнын ашуға мүмкіндік аламыз. Сол кездегі, әкімшілік жағынан өзгешелігіне қарағанда Сырдария облысының Қазан төңкерісіне дейінгі этнологиясының дамуы мен қазақстандық өлкелермен байланысты болып қоймай, сонымен қатар қазіргі Өзбекстан дербес мемлекетінің бірқатар өңірлерімен байланысты еді. Мысалы, 1867 жылы құрылған Түркіста генерал-губернаторлығының құрамындағы Амудария бөлімі мен Ташкент уезінің шаруашылық және мәдениет мәселелері осы облыстың құрамындағы қазақстандық уездермен біте қайнасып кетті. Сырдария облысының жалпы тарихи даму өзгешелігіне мән беру арқылы қазақтар арасындағы шаруашылық, өзара қоғамдық, әрине демографиялық байланыстардың мазмұнын талдауға, баға беруге мүмкіндік туады. Міне осы айтылған тұжырымдар жұмыс тақырыбың өзектілігін, зерттеудің қажеттілігін дәлелдейді.

Өткен ғасырларда орыс басылымдарының дені патша өкіметінің отарлау саясатының идеологиялық қаруы ретінде қызмет етіп отырғаны белгілі. Түркістан генерал-губернаторлығының орталығы Ташкент қаласында 1870-1917ж аралығында жарық көріп тұрған орыс басылымдарының бірі «Түркістан хабаршысы » газеті. Бұл газетте Сырдария облысы қазақтарының экономикалық шаруашылық жүйе, тіршілік цикліне қатысты мәселелер, қысқысы дәстүрлі көшпелі социумге қатысты сан алуан тақырыптар мол қамтылды. Ондағы қаралған мәселелер патша әкімшілігінің арнайы тапсырмасымен өлкені отарлау жөніндегі жан-жақты жүйеленген жоспарларға сай идеологиялық нысаны айқын мақсатпен жазылды. Мұндай тарихи тағылымы мол деректкрді ғылыми тұрғыдан игерудің қазақ этнологиясы мен тарихнамасы үшін ғана емес, қазіргі кезеңде қайта өрлеу, өркендеу үстіндегі мәдени дәстүріміздің тарихи тағдыр болашағына да тигізер шапғаты айрықша зор. Өйткені онда тың деректер мен айғақтарды ғана емес, отарлау ұыспағына түскен қазақ қауымының тағдыр талайына қатысты сан алуан ғылыми пікірлер мен көзқарастар да мол кездеседі. «Түркістан хабаршысы» газеті материалдарын тарихи-этнографиялық деректану тұрғысынан саралау- ғылыми-танымдық жағынан болсын, мәдени практикалық қырынан болсын маңызды шара.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақстанның басқа да облыстарының тарихи даму мәселелері сияқты Сырдария облысының аржақты бағыттарын зерттеу XIX ғасырдың екінші жартысында басталады.

Сырдария өзенінің бойында қоныстанған қазақ ауылдарының өмірін, шаруашылық дамуын, халқының саны мен құрамын сипаттаула алғашқылардың бірі болып еңбегін арнаған А. Ф. Миддендорф /1/ . Миддендорфтың жоғарыда айталған еңбегі негізінен алғанда царизмнің экономикалық түбегейлі мақсатын ойластырған. Алайда қазақ ауылының, басқа да қоныстардың әсіресе шаруашылық өмірін сипаттаудағы мәліметтер құндылығын жоғалтпаған.

Келесі баса айтылатын еңбек Н. П. Пузыревскийдің жазбалары /2/. Бұл жұмыс мазмұны жағынан жоғарыдағы зерттеуге біршама жақын. Осы зерттеуінде өзеннің жағаларына жақын орналасқан халықтың өмірі және тұрмыс жағдайлары туралы XIX ғасырдың екінші жартысын қамтитын статистикалық мәліметтер жинастырылған .

А. И. Левшиннің 1832жылы жарық көрген « Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсакских орд и степей » атты ғылыми еңбегі қазақ халқының тарихиы мен этнографиясына арналған, бүгінгі таңда да маңызын жоғалтпаған құнды дүние. Ол бұл еңбегінде Сыр бойы қазақтарының егіншілікпен айналысқанын анықтайды /3/.

Сырдария облысы туралы көңіл аудартатын белгілі орыс зерттеушісі И. Аничковтың зерттеулері қазақ халқының әлеуметтік мәселелеріне тереңірек үңілген арнайы зерттеуге жатқызған дұрыс. Осы аймақтағы халықтың шаруашылық өмірін, қоғамдық даму жағдайын бірден-бір терең құрастырған И. Аничковтың еңбегі Ресей үкіметінің экономикалық саясатын мақұлдауға арналған /4/.

Тақырыпқа біртабан жақын зерттеулер қатарына М. Асылбековтың; Г. К. Кронградтың, С. Мадуановтың « қазақ-өзбек » қатынастарының XIX-XXғасырлар басындағы дамуына арналған монографиялық зерттеуі /5/. Бұл кітап Түркістан генерал-губернаторлығының құрамында қазақ-өзбектер тұрақтанып қоныстанған өңірлер қамтылған. Сырдария облысының құрамында болған көпшілік қоныстардағы қазақ-өзбек халықтарының сауда-экономикалық, мал шаруашылығы, мәдени өмірі туралы мәліметтер көрсетіледі. Ал Г. К. Кронградтың /6/ зертттеуіне көңіл бөлсек - монография солтүстік қырғыз ауданындағы әлеуметтік - демографиялық мәселелерге арналғанмен жұмыстың екі тарауында да Сырдария облысының қырғыз еліне жақын орналасқан уездері бойынша, қазақ ауылдары бойынша демографиялық мәліметтер келтірілген.

Аталмыш тақырыптың кейбір мәселелері ішінара тарихи еңбектерде қамтылғанмен, сан алуан этнографиялық мәселелер арнайы зерттеудің еншісіне айналған жоқ. Осы мәселе төңірегіндегі ең қонымдысы А. Масановтың «Очерки истории этнографического изучение казахского народа в СССР» атты еңбегінде қазақ халқының тарихи-этнографиялық мәселелерінің зерттелу тарихы қарастырылады /7/.

1997 жылы М. Жақыповтың «Туркестанские ведомости» газетіндегі патшалық Ресейдің Мырзашөлді отарлау саясатының жазылуы» деген тақырыпта қорғалған кандидаттық диссертациясы Сыр өңірінің Мырзашөл аймағын қамтыған, онда тарихи-этнографиялық мәселелер қаралмады десе де болады /8/.

Т. Қартаеваның «Туркестанские ведоиости» газетінің қазақтарға қатысты тарихи-этнографиялық деректілігі» атты кандидатттық диссертациясында Сырдария облысының этнографиясы туралы мәліметтер алуға болады / 9 /.

Сонымен Сырдария облысының этнографиялық даму мәселелеріне қатысы бар еңбектерге жалпы талдау жасай келе, төмендегідей қорытынды жасауға болар еді. Сырдария облысының салалары біршама жақсы зерттелгенмен, арнайы тарихи-этнографиялық толыққанды зерттеулерді қажет етеді.

Жұмыстың деректік негізі. Диплом жұмысының негізгі дерек көзі- газет беттеріндегі тарихи-этнографиялық материалдар, түрлі хабарламалар. Газет материалдары Қазақ Ұлттық кітапхананың сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар бөлімінде шоғырланған. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық мұрағатындағы мынадай қорлармен жұмыс істеп, пайдаландым;

Ф. 383 - Управление киргизами Сыр-Дарьинский линии (1853-1864 гг)

Ф. 184 - Заведующий переселенческим делом в Ауле-Атинском уезде Сыр -Дарьинский области (1907 -1918)

Сөйтіп жоғарыда талданған зерттеулер, деректерге сыни талдау, мәселенің өзектілігін анықтау, мақсатты айқындау, міндеттерді жүйеге келтіру осы тақырыптың негізгі бағыттарын ашуға мүмкіндік береді№

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысының мақсаты Сырдария облысының әкімшілік территориялық бөлінісі өлкенің экономикалық шаруашылық жүйесі, құрылымы, мәдениетімен басты айқындаушы мәселелерін анықтау. Осыған орай диплом жұмысында төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру көзделді:

-Сырдария облысы қазақтарының этникалық тарихы мен этнодемографиялық құрылымын ашып көрсету;

-Қазақтардың әлеуметтік - экономикалық құрылымы мен дәстүрлі шаруашылық жүйесіне байланысты этнографиялық деректерді саралау;

-Қазақтың дәстүрлі мәдениетәне байланысты материалдарға талдау жасау;

-Сыр өңірі қазақтарының отбасы және отбасылық қатынастарын анықтау;

Хронологиялық шеңбері : Газеттің жарияланып тұрған 1870-1917 аралығын қамтиды.

Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, төрт тараудан, қорытынды, әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. «ТҮРКІСТАН ХАБАРШЫСЫ» ГАЗЕТІНДЕГІ МӘЛІМЕТТЕР

БОЙЫНША СЫРДАРИЯ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК-

ТЕРРИТОРИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ

  1. Сырдария облысының әкімшілік-территориялық бөлінуі

XIX ғасырдың 60-шы жылдарының ортасына қарай Ресей мемлекеті Қазақстан территориясын өз құрамына қосып алуын аяқтады. Бұл кезенде патшалық Ресей ендігінде Орта азияны өзіне қосып алу саясатын жүргізе бастады.

1865 жылы шілдеде патша әскерлері Ташкент қаласын басып алып, нәтижесінде Оңтүстік өлкені басқару үшін патшаның «уақытша нұсқауы» бойынша Түркістан облысы құрылды. Бұл облыс үш әскери бөлімге бөлініп Орынбор генерал-губернаторлығына бағынды.

1867 жылы 17 шілдеде патша жарлығымен Түркістан облысына Семей облысының оңтүстік бөлігі қосылып, Түркістан генерал-губернаторлығы құрылды. Оның құрамы Жетісу және Сырдария облыстары еніп, екі облыс аралығындағы Шекара Қорағаты және Шу өзендері болып белгіленді. Бұл кездері Сырдария облысының көлемі 8595 шаршы шақырымға жетті. Облыстың құрамына 6 уезд Қазалы, Перовск, Шымкент, Әулиеата, Ходжент, Жизақ енді. /10. 116/

Облыстың негізгі тұрғындары қазақпен қырғыз, қарақалпақ, орыстар, тәжіктер және татар, еврей, сыған, үнді халықтары мекендеді.

1886 жылғы Түркістан өлкесін басқару туралы Ереже бойынша, Сырдария Облысы әкімшілік жағынан бес уезге Қазалы, Перовск, Шымкент, Әулиеата, Ташкент және бір бөлімге Әмударияға бөлінді. 1886 жылы Ходжент және Жизақ уездері Самарқанд облысына беріліп, Сырдария облысына Әмудария уезі қарады. Әрбір уезд толық тұрғыдан емес, жер ыңғайына қарай болысқа жүз екі жүз түтіннен құралған әкімшілік ауылдарға бөлінді. Болыста бір мыңнан екі мыңға дейін, кейде үш мыңға дейін түтін болды. Сырдария облысының қыстақтарында полициялық және жарлық ету билігін ақсақлдар атқарды. Оларды әскери губернатор бекітті.

Қоныс аударушы орыс шаруалары 1870 жылдардан бастап негізінен Шымкент, Ташкент, Әулие ата уездеріне орналаса бастады. 1874-1872 жылдары облыста алты шаруа кешені құрылса, 1884-1890 жылдары он төрт, 1891-1892 жылдары барлығы отыз жеті кешен орнады. 1903 жылы оныншы маусымда «Сырдария, Ферғана, Самарқанд облыстарындағы қазыналық жерлерге өз еркімен қоныстану туралы» ереже бекітілді. 1904-1905 жылдары патша үкіметі Қзақстанға қоныс аударушыларды бес ауданға бөлді, соның бірі Сырдария облысы еді. Столыпиннің аграрлық формасының күшейген кезінде Сырдария облысында қазақтар туратын аудандарда бес мың десятинадай жер, соның ішінде Шымкент уезінде жүз сексен бір мың жеті жүз тоқсан үш десятина, әулие ата жүз төрт мың үш жүз тоқсан сегіз десятина жер таратылды.

Оның ішінде ең үлкен уезд Шымкент болды да, ол 100808 шаршы шақырым жерді алып жатты. Ең кішкентай уезд Ташкент 4380 шаршы шақырым болды. 1886 жылы облыс көлемі 403253 шаршы шақырымға жетіп, яғни бүкіл Түркістан өлкесінің 70 пайызын алып жатты, ал халқы 1219400 адам болды. /11/

Сырдария облысы Солтүстік батыста Торғай облысымен, оңтүстік-шығыста Ферғана, батыста Орал, Шығыста Жетісу облысымен, Оңтүстікте Самарқанд, Бұқара, Закаспий облыстармен шектесіп жатты. /12. 44/

Өлке генерал-губернаторы шексіз билікке ие болды. Оған бүкіл басқарма аппараты-канселерия, облыстың әскери губернаторы, облыстық басқарма бағынышты болды.

  1. Облыстың этнодемографиялық жағдайы

Қазақ елінің солтүстік, шығыс, оңтүстік, батыс шекараларын қаусыра салынған бекіністер мен қамалдар патшалық отарлау жүйесінің мүлдем орныққандығын айғақтағандай еді. Мемлекеттік меншік министрлігі, 1860 жылдан бастап құрылған облыстардағы статистикалық партия комитеттер, 1906 жылы құрылған Сырдария статистикалық партиясының атқаратын басты міндеттері шаруалардың қоныстануына ыңғайлы, шұрайлы жерлерді іздестіру және орналастыру болды.

Патшалық Ресейдің көші-қон саясатының барысы газет бетттерінде жарияланып тұрды. Сырдария облысында алғаш орыс поселкесі 1867жылы Шыназда, Әулиеатада алғаш орыс поселкесі 1874 жылы Қарабалтада құрылды. Қазақтардың шұрайлы жерін тартып алу үрдісі қаншалықты ұқыптылықпен жүргізілсе, орыс шаруаларын қоныстандыру ісі де соншалықты ұйымдастырылды.

1888 жылғы газеттің №27-31 сандарында М. Михайлов Әулиеата және Шымкент уездерінде жүріп жатқан орыс шаруаларын қоныстандыру саясатының барысымен таныстырды /13. 118/.

Е. Тейх 1904 жылғы газеттің №85 санында берілген мәліметтерінде жалпы Түркістан өлкесіндегі қоныстану саясатының 1901 жылғы қорытындысымен таныстырады. Сырдария облысындағы селениелер саны 58, ал орыс шаруаларының саны 24377 болған. Автор сондай-ақ, 1000-нан аса орыс шаруалары қоныстанған селениелерде яғни; Чалдоварда (Әулиеата уезі) -1577, Қарабалтыда (Әулиеата уезі) -1541, Никольскоеде (Ташкент уезі) -1335, Высокоеде (Шымкент уезі) - 1200, Дмитревкада (Әулиеата уезі) - 1146 орыс шаруалары болда деген мәлімет келтіреді /14. 339/.

1935 жылғы газеттің №33 санында Сырдария облысында жүргізіліп жатқан қоныстандыру саясатының 1914 жылғы қорытындысы жарияланды. Онда 1914 жылы Перовск, Қазалы уездеріне 253 семья көшіріліп, 685 десятина жер пайдаланылуға берілді. Әулиеата ауданына 897 семья көщіріліп, 2907 десятина жер; Черняев ауданына 1057 семья көшіріліп, 3134 десятина жер орыс шаруаларының үлесіне берілді, - деген мәліметтер келтірді /15/.

1889 жылғы газеттің №5 санында жарияланған Қазалы әскери басқармасының архивінде сақталған Орта Азияда дүниегеи келген алғаш орыс баласы жөніндегі мәлімет орыстардың қоныстануы - сонау қырқыншы жылдардан-ақ тамыр жая бастағанының айғағы. Орта Азияда тұңғыш орыс баласы 1849 жылы Райым бекінісіндегі фельдшер Николаевтың семьясында дүниеге келген екен /16. 191/.

Статистикалық комитеттердің басты мақсаты тек қана көші-қон саясатына негізделіп қойған жоқ, олар жалпы Түркістан өлкесіндегі халықтың құрамы, табиғи өсімі, тығыздығы жайында да мәлімет беретін халықтың санақ нәтижелерін газет бетінде жариялап отырды. 1870 жылғы газеттің №4 санында жарияланған «Население Туркестанского края» атты мақалада Түркістан өлкесінің кең алқабында мекендейтін халықтың табиғи өсімі беріледі. Түркістан өлкесінің халқының тығыздығы 1 шаршы метрге 105 тұрғыннан келді, яғни Европалық Ресейдегі халықтар тығыздығынан 6 есеге төмен болды. Әсіресе Қазалыда (1шаршы метрге 38 адам) халық сирек орналасты.

Отырықшы халықтан көшпелілер саны басым болды. Көшпелілер саны 1 085 000 жетсе, отырықшылар саны 375 000-ға жеткен екен. Отырықшылардың ең көп қоныстанған территориясы Ходжент, Жизақ болды. Сырдария облыстары, Шымкент, Перовск, Қазалы уездеріндегі халықтардың басым көпшілігі көшпелілерді құрады.

Сырдария облысының солтүстік уездеріндегі отырықшылар саны небары 35 000, яғни халықтың 6% құрады. Қазалы, Перовск уездеріндегі отырықшы орыстар саны әскерді есепке алмағанда 1000-ға жетті. Ал Сырдария облысының оңтүстік уездеріндегі көшпелілер саны халықтың 1/8 бөлігін құраса, отырықшы халық 7/8 бөлігін құрады.

Осы мақаланың екінші бөлімінде халықтың жынысына қарай өнімі: «Түркістан өлкесінің халқының 54% ерлер, 18% әйелдер, 20 адамға 1 жаңа туған баладан, 21 адамға 1өлген адамнан келеді, яғни таюиғ өсімі 0, 3. 1868 жылы 18 286 бала дүниеге келген, олардың 9616 ұл, 8670 қыз болған. Ерлер саны 222 845 (55%), әйелдер 184 763 (45%) болған, »- деп көрсетеді. Сандық мәліметтер әйелдерден ерлер санының басымдығын көрсетеді /17. 22/.

Ал Н. Маевтың «Одвижении народонаселение Туркестанского края» атты мақаласында: «1870 жылы Қазалы уезінде 137 адам дүниеге келіп, 162 адам қайтыс болды, яғни табиғи өсім 25 адамға кеміді, » деп көрсетеді /18. 146/.

1870 жылғы Сырдария облысындағы мұсылман халықтарының демографиялық сипаты төмендегі кестемен беріледі:

Уездер
Туылғандар саны
Өлгендер саны
Айырмашылығы
Уездер: Қазалы
Туылғандар саны: 4788
Өлгендер саны: 406
Айырмашылығы: 4382
Уездер: Перовск
Туылғандар саны: Дерек жоқ
Өлгендер саны:
Айырмашылығы:
Уездер: Шымкент
Туылғандар саны: дерек жоқ
Өлгендер саны:
Айырмашылығы:
Уездер: Аулиеата
Туылғандар саны: 1936
Өлгендер саны: 765
Айырмашылығы: 1123
Уездер: Құрама
Туылғандар саны: 2511
Өлгендер саны:
Айырмашылығы: 656
Уездер: Жаркент
Туылғандар саны: 1700
Өлгендер саны: 1021
Айырмашылығы: 679
Уездер: Жизақ
Туылғандар саны: 2331
Өлгендер саны: 1706
Айырмашылығы: 625

Ал осы демографиялық сипаттама бойынша халықтың өсімін төмендегі кесте бейнелейді:

Уездер
Ұл
Қыз
Табиғи өсім
Уездер: Қазалы
Ұл: 2775
Қыз: 2096
Табиғи өсім: Ұл+673
Уездер: Ходжент
Ұл: 900
Қыз: 800
Табиғи өсім: Ұл+100
Уездер: Жизақ
Ұл: 1080
Қыз: 1174
Табиғи өсім: Қыз+94
Уездер: Құрама
Ұл: 1861
Қыз: 650
Табиғи өсім: Ұл-1211
Уездер: Шымкент
Ұл: 965
Қыз: 980
Табиғи өсім: Қыз+15
Уездер: Барлығы
Ұл: 7581
Қыз: 5700
Табиғи өсім: Ұл+18881

Бұл кесте Сырдария облысының Шымкент, Жизақ уездерінде қыз балалардың дүниеге көп келгендігін, қалған уездерде керісінше ұл балалардың өсімінің көбейгендігін көрсетеді. Аталмыш материалдағы кесте адам санының табиғи кемуін де көрсетті.

Жалпы 1897 жылы 28 қаңтардағы санақ бойынша Сырдария облысында 835 432 адам, оның ішінде қазақтар 741 811 (88, 7%), орыстар - 11234 1, 34%), өзбектер - 29239(3, 43%), украиндар - 9749(1, 16%), татарлар - 2452(0, 29%) тұрды.

Жер көлемі мен халқы жөнінен Шымкент уезінде 285 059 адам, оның ішінде қазақтар:-24 704(78, 8%), өзбектер- 20709 (7, 61%), украиндар- 4388(1, 47%), орыстар- 2236(0, 76%) тұрды. Әулиеата уезінде халық тығыз орналасты. Жалпы уезде халықтың саны 276 169адам болды. Оның ішінде қазақтар - 250 988 адам (90, 80%), өзбектер-8799 (3, 06%), украиндар-5339(1, 93%), орыстар-5129(1, 85%) болды. Сырдария өзенінің төменгі ағысын да Қазалы уезі орналасты, онда 140 541 адам тұрды, оның ішінде қазақтар-135 850 (96, 6%), ер адам 2821 (2%) болды.

1897 жылғы санақ бойынша Перовск уезінде 133 663 адам мекендеді. Қазақтар-130 269 (97, 4%) болса, басқа халықтардың келу көрсеткіші орыстар-1048 адам (0, 75%), украиндар -117 адам (0, 008%) болды /17. 718/.

Бұған қарағанда Сырдария облысы көп ұлтты және ондағы халықтардың басым көпшілігінің, яғни 95% жергілікті халықтар екенін көреміз.

1907-1908 жылдары Сырдария көш-қон басқармасы Шымкент уезінің 29526 қазақ шаруашылығын қамтитын 2125 ауылына халықтың санақ жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде 19558 адам тіркеуге алынды, оның 105542 ерлер, 89740 әйелдер болды. Орташа ауыл 18 шаруашылықтан немесе 92 адамнан тұрды. Шағын ауылдар 15 шаруашылықты, үлкен ауылдар 50 шаруашылықты қамтыды. Санақ мәлеметі бойынша Шымкент уезінде халықтың тығыздығы 1 кв м-ге 6, 6 адамнан келді. Сырдария және Шу өзені жағалауы Талас Алатауы сияқты суы мол, шөбі құнарлы жерде халық тығыз орналасқан. 16-15 жас аралығындағы тіркеуге алынған әйелдер саны 443082, 18-60 жас аралығындағы еркектер саны 96436 болды /19. 3/.

Ал, А. Романов берген мәліметтер бойынша Құрама уезінде 39393 түтін немесе 275751 жанбасы тұрды. Олардың 20372 түтін немесе халықтың 52 % қазақтар, 11 093 түтіні немесе 40 % тәжіктер, қалғандары қарақытай, ноғай халықтары құрады /20. 99/.

Сырдария облысының ұлттық құрлымынан, олардың орналасуынан 1905 жылы жүргізілген санақ нәтижелері төмендегідей аса құнды этнодемографилық мәлімет береді. Жизақ уезінде -145 280 өзбек, 51511 қазақ, 16 962 сарт, 4843 тәжік, 2091 түрік, 1163 орыс ; Ходжент уезінде - 94 309 тәжік, 61 622 өзбек, 14 405 түрік, 11 465 қазақ, 2422 орыс; Әулиеата уезінде - 250 988 қазақ, 10509 орыс, 8477 өзбек, 2313 түрік; Қазалы уезінде - 135 850 қазақ, 2916 орыс; Перовск уезінде - 130 269 қазақ, 1450 сарт, 1165 орыс; Шымкент уезінде - 224 704 қазақ, 35043 сарт, 20709 өзбек, 6443 орыс. Бұл мақалада саны аз ұлттар жөнінде мәлімет берілмейді/17. 870/.

1882 жылғы газеттің № 38 санында жарық көрген «Чалоказаки» атты этнографиялық очерк те қызықты мәлімет береді. Көшпелі шаруашылықтан, отырықшылыққа көшу кезеңінде сарт қызына үйленген қазақтар көптеп кездесе бастаған. Жергілікті халық бұл семьяны «шалақазақ», «шала көшпелі» деп бөліп отырды. Шалақазақтар жартылай көшпелі және отырықшылық шаруашылықпен айналысты. Құрама уезінің Ақжар болыстығында 2 үй, Ниязбек болыстығында 2 үй, Али болыстығында 40 үй шалақазақтар тұрды. Әулиеата уезінде 180 шалақазақ семьясы болған, яғни Әулиеата қаласында 44, Жайылғанда 48, Үшқорғанда 21, Меркеде 37, Тоқан болыстығында 24, Шымыр болыстығында 1, Ақмола болыстығында 5 семья тұрды. Перовск уезінде 1 шалақазақ семьясы жалдамалы шаруашылықпен 2 семьясы көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан /21. 51/.

Жоғарыда келтірілген мәліметтер зтнодемография, статистика салалары үшін құнды мәліметтер жинауға түрарлық дүние екендігі және оларды әлі зерттеудің еншісі болуға лайық бұл іргелі мәселені зерделеу аталмыш кезеңдегі Қазақстанның әлеуметттік және демогрфиялық болмыс-бітімін айқындаудың кепілі.

ІI. «ТҮРКІСТАН ХАБАРШЫСЫ» ГАЗЕТІНДЕГІ МӘЛІМЕТТЕР

БОЙЫНША СЫРДАРИЯ ОБЛЫСЫ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ

ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭТНОЭКОНОМИКАЛЫҚ

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2. 1. Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Большевиктік тәртіпке және қазақ зиялылары 1917-1920 жылдарындағы қызметіне жаңаша тарихи саяси көз жүгірту
Сырдария облысы қазақтарының этникалық тарихы және этноэкономикалық ерекшеліктері
Қазақстанды зерттеген ғалымдардың еңбегі
Оңтүстік Қазақстандағы бірұлтты және ұлтаралас некелердің тұрақтылығы мен сақталу мәселелері
ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ФОТОСУРЕТ ҚАЗАҚ ТАРИХЫНЫҢ ДЕРЕККӨЗІ РЕТІНДЕ
Императорлық Қазан Университеті жанындағы Тарих, археология және этнология қоғамы
Орыс Географиялық Қоғамы
Орыс ғалымдары ХІХ ғасырдың Қазақстан өндіргіш күштері мәдениеті мен тұрмысы
Өлкетану жұмыстары
Орыс географиялық қоғамының тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz