Қазақстандағы экономикалық қылмыспен күрес және мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру жолдарын ұсыну


Мазмұны
Кіріспе3
І. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың жалпы сипаттамасы5
ІІ. Қазақстандағы экономикалық қылмыспен күрес жүргізуді талдау20
ІІІ. Қазақстандағы экономикалық қылмыспен күрес және мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру жолдары29
Қорытынды36
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі37
Кіріспе
Қылмыстық құқық жеке құкық саласы ретінде мынадай өзіндік ерекшелік белгілерімен көрініс табады:
Қылмыстық кұқық пәні қылмыс істеуге байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастарды ретке келтіреді. Ал мүндай ретте қылмыстық кұқықтық қатынастардың субъектілері болып бір жағынан қылмыс істеген адам және қылмысы үшін соларға мемлекет атынан шара қолданатын мемлекеттік құқық колдану және құқық қорғау органдары болады.
Белгілі бір әрекетті немесе әрекетсіздікті қылмыс қатарына жатқызып, оған жаза тағайындау, коғамда, жеке адамға және мемлекетке қарсы қылмыстық іс-әрекетке тыйым салып, оны бұзғаны үшін қылмыстық жауапқа және жазаға тартатын нормаларды белгілеу - мемлекеттін құзыреті. Осы тұрғыдағы қоғамдық қатынастарды ретке келтіру қылмыстық құқыққа ғана тән әдіс болып табылады.
Қылмыстық құкық Жалпы және Ерекше бөлімнен тұрады
Қылмыс пен жаза туралы ұғым, қылмыстық заңның түсінігі, міндеттері, қылмыстық жауаптылықтың негізі және одан босату, қылмыс құрамының түсінігі, қылмыстық заңнын кеңістіктегі және мезгілдегі күші, іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігін жоятын мән-жайлар туралы түсініктер, сондай-ақ қылмыс істеу сатылары туралы ұғыммен, қылмысқа бірге қатысу, жазаңың максаты және жүйелері, жаза тағайындаудың немесе қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың мәселелері осы Жалпы бөлімде зерттеледі. Көптеген зкономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың белгісі - оның заты болып табылады. Мысалы: жалған ақша немесе бағалы қағаз (206-бап) ; қымбат металдар мен табиғи асыл тастар немесе інжу-маржан (210-бап) ; тауарлық белгі (199-бап) ; оеы топқа жататын қылмыстардың объективтіқ жағы әрекет немесе әрекетсіздікпен сипатталады. Біршама экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың құрамының міндетті белгісі - қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді істеу тәсілі болып табылады. Мылсалы: экономикалық контрабандыны істеу тәсілдері (209-бап) ; салық төлеуден жалтару (221, 222-баптар) ; кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару тәсілдері (214-бап) .
Қылмыстың тікелей объектісі кәсіпкерлік немесе басқа да коммерциялық әрекетті реттейтін қоғамдық қатынастар болып табылады. Қылмыстық жауаптылықтың басты ағарты -азаматтың, ұйымның немесе мемлекеттің құқықтары мен мүдделеріне зиян келтіру болып табылады. Объективтік жағынан осы бапта кврсетілген қылмыс құрамы: кәсіпкерлік немесе банктік қызметті. жүзеге асыру ниетінсіз, несие алу, салық төлеуден босатылу, өзге де мүліийк пайда алу немесе тыйым салынған қызметті жасыру мақсатымен заңда белгіленген зардапты келтiре отырып коммерциялық ұйым құру әрекеті арқылы сипатталады. Қылмыс тек әрекет арқылы жүзеге асырылады. Жалған кәсіпкер коммерциялық ұйым құру үшін оны тіркету және оған лицензия алу үшін заңпа көрсетілген барлық құжаттарды дайындайды. Құрылтайшылар жиналысын өткізеді, жарғы қабылдап, қажет болған ретте құрылтайшы шартын бекітеді. Осыдан кейін кәсіпкерлік немесе банктік қызмет заңды тіркеуден өткізіледі оған лицензия беріліп, банк операцияларын жүзеге асыру үшін алымдағы және есептесу счеттары белгіленеді. Осымен кәсіпкерлік ұйымның барлық заңды қызметі доғарылады жалған кәсіпкер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке зиян келтіруге бағытталған басқа әрекеттермен шұғылданады: несие алады, азаматтардан немесе ұйымдардан ақша қаражаттарын жинайды, сөйтіп тыйым салынған қызметпен айналыс; бастайды.
Курстық жұмыстың мақсаты Қазақстандағы экономикалық қылмыспен күрес және мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру жолдарын ұсыну болып табылады. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін келесідей міндеттер қойылды:
- Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың жалпы сипаттамасын айқындау;
- Қазақстандағы экономкалық қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізудің барысын талдау;
- Мемлекеттік органдардың экономикалық қылмыспен күрес жұмысын жетілдіру жолдарын көрсету.
Курстық жұмыстың құрылым кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
Қылмыстық. кодекстің 7-тарауы "Экономиқалық қызмет саласындағы қылмыстарға" арналған. Осы тарауға енген қылмыстардың топтық объектісі - экономикалық қызмет саласын құқықтық жолмен реттейтін өзара біртектес қоғамдық қатынастардың тобы болып табылады. Осы тарауға енген қылмыстардың барлығы дерлік экономикалық қызметтін әртүрлі саласында көрініс табады.
Қылмыстың тікелей объектісі - экономикалық қызмет саласын реттейтін нақты қоғамдық қатынастар болады. Кейбір нақты қылмыстардың кұрамы қосымша тікелей объектіге қол сұғуы мүмкін.
Көптеген зкономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың белгісі - оның заты болып табылады. Мысалы: жалған ақша немесе бағалы қағаз (206-бап) ; қымбат металдар мен табиғи асыл тастар немесе інжу-маржан (210-бап) ; тауарлық белгі (199-бап) ; оеы топқа жататын қылмыстардың объективтіқ жағы әрекет немесе әрекетсіздікпен сипатталады. Біршама экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың құрамының міндетті белгісі - қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді істеу тәсілі болып табылады. Мылсалы: экономикалық контрабандыны істеу тәсілдері (209-бап) ; салық төлеуден жалтару (221, 222-баптар) ; кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару тәсілдері (214-бап) 1.
Көптеген қылмыстардың объективтік жағының белгісі - қоғамға қауіпті зардаптың -зиян келтірудің орын алуы болып табылады. Зиян келтіру - едәуір, ірі, аса ірі болуы мүмкін, бұларға тиісінше түсінік кейбір баптардың ескертуінде берілген, (Мысалы 189, 190, 193-баптар) .
Объективтік жағынан экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың барлығы кінәнің қасақаналық түрімен жүзеге асырылады. Бұл түрғыдағы қылмыстардың ішінде бірде-бір абайсыздықпен істелген қылмыс құрамы жоқ. Бiрақта жеке-леген қылмыс түрлері кінәнің екі нысанымен жасалады (іс-әрекетті қасақаналықпен, ал қоғамға қауіпті зардапты абайсыздықпен) (Мысалы 189-бап) .
Қылмыстың субъектісі - жалпы, сондай-ақ. арнаулы субъ-екті болуы мүмкін. Осы тараудағы барлық қылмыстар үшін субъектінің жауаптылығы 16-жастан басталады.
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың арнаулы субъектілері болып қызмет бабын пайдаланып жасаған мемлекеттік органнын лауазымды адамдары, сондай-ақ, коммерциялық немесе басқа ұйымдардың басқарушылары немесе жеке кәсіпкерлер танылуы мүмкін.
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың нақты түрлері
Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау (189-баІп
Ұйымдық-құқықтық нысандарына немесе меншік нысандарына қарай жеке кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның құқықтары мен заңды мүдделерін шектеу, сондай-ақ жеке кәсіпкер мен коммерциялық ұйымның дербестігін шектеу не оның қызметіне өзге де заңсыз араласу, егер осы әрекеттерді лауазымды адам өзінің қызмет бабын пайдаланып жасаса, сол сияқты заңды күшіне енген сот актісін бүза отырып немесе үлкен залал келтіріп жасалса, заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау болып табылады (ҚК-тің 189-бабы) .
Қазақстан Республикасының Конституциясы әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалану құқығына кепілдік берген (Іб-баптын 4-тармағы) . Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 10-бабына сәйкес кәсіпкерлік-меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы пайда немесе жеке табыс табуға бағытталған, жекеменшікке (жеке Ісәсіпкерлік) не мемлекеттік кәсіиорынды таруашылық басқару кұқығына (мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмегкәсіпкердің атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады. Мемлекет көсіпкерлік қызмет еркіндігіне кепілдік береді және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз етеді. Заңға сәйкес әрбір азамат лицензия берілетін қызмет түрлерінен бас-қа кәсіпкерлік қызметті кімнің де болсын рұксатын алмай-ак, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден өткізген соң жүзеге асыруға кұқылы. Шаруа (фермер) қожалығы да кәсіпкерлік қызметпен заңды тұлға болып табылмай-ақ, шаруа (фермер) қожалығын мемлекеттік тіркеуден өткізген сон жүзеге асырады. Заңды тұлғалар заңда белгіленген тәртіпке сәйкес Әділет министрлігі органдарында мемлекеттік тіркеуден өтіп, кәсіпкерлік қызметпен айналысады. Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі "Лицензиялау туралы" заң күші бар Жарлығына сәйкес кейбір көсіпкерлік қызмет түрімен айналысу үшін жеке немесе заңды тұлғалар (ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан) арнаулы рұксат-лицензия алулары қажет. Лицензия - жеке немесе заңды тұлғаларға белгілі бір мерзімге, қызметтін белгілі бір түрімен айналысуға және оны жүзеге асыруды шарттарын белгілейтін ресми құжат болып табылады. Қазақстан Республикасындағы шетелдік азаматтар кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін Қазақстан Республика-сының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы "Шетелдік инвестициялар туралы" Заңына сәйкес тіркеуден өтеді. Осы қылмыстың объектісі болып кәсіпкерлердің мүддесін қорғайтын қоғамдық қатынастарға қол сұғу танылады. Ондай қоғамдық қатынастар тізбегі Қазақстан Республикасының "Жеке кәсіпкерлік туралы" 1997 жылғы 6 маусымдағы арнайы Заңында көрсетілген.
Объективтік жағынан қылмыс мына төмендегі бірнеше балама әрекеттер арқылпы сипатталады:
а) ұйымдық-құқықтық нысандарына немесе меншік нысан-дарына қарай жеке кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның құқықтары мен заңды мулделерін шектеу; б) жеке кәсіпкер мен коммерциялық ұйымның дербестігін шектеу, не оның қызметіне өзге де заңсыз араласу; в) сол сияқты заңды күшіне енген сот актісін бұза отырып жасалған осы қылмыс; г) немесе үлкен залал келтіріле отырылып жасалған осы әрекеттер;
Ұйымдық-кұқықтық нысандарына немесе меншік нысандарына қарай жеке кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның құқықтры мен заңды мүдделерін шектеуге - заңда белгіленген кәсіпкерлік қызметтің түрін тандап алуға кедергі жасау; кәсіпкерлік қызметтің түрімен айналысуға субъектілердің тең құқығын бұзу, жеке немесе крммерциялық ұйымдардың кәсіпкерлік қызметін ашық немёсе көмескі түрде тіркеуден жалтару, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға лицензия беруден негізсіз бас тарту немесе лицензия беруден ашық жалтару; жеке немесе коммерциялық ұйымдардың кәсіпкерлік қызметін эко номиқалық, ғылыми-техникалық немесе құқықтық жағынан негізсіз қолдамау, азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемле-кеттік басқару органдарының заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасауына байланысты әрекеттеріне сотқа шағымдану мүмкіндігін шектеу немесе одан айыру т. б. әрекеттер жатады. Жеке кәсіпкер мен коммерциялық ұйымның дербестітін шектеуге не оның қызметіне өзге де заңсыз араласуға - өндірістік бағдарламаларды өз бетімен жасау мүмкіндіктеріне кедергі қою; өз өнімдеріне тұтынушылар мен өткізушілерді сұрыптап алуды, олардық бағасын дербес белгілеуді шектеу; жеке немесе заңды тұлғалардың мүлкін, мүліктік құқығын, интеллектуалдық меншік объектілерін, қаржысын келісім-шарт негізінде пайдалануға тартуды тежеу; сырткы экономиқалық қызметті жүзеге асыруға негізсіз араласу әрекеттері жатады.
Заңды күшіне енген сот актісін бүза отырып заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасауға - жеке немесе коммерциялық ұйымдардың заңды кәсіпкерлік қызметіне кедергі жасалуына байланысты (Мысалы, мемлекеттік тіркеуден өткізбеу, заңсыз лицензия бермеу, әртүрлі кедергілер келтіру т. б. ) кәсіпкерлердiң сотқа шағымдануы непзінде анықталып, сот к. ұжатында көрсетілген, заңды күшіне енген талаптарды бұзу әрекеттері жатады.
Ірі залал келтіріле отырылып жасалған заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасауға азаматқа айлықесептік көрсеткіштен жүз есе асатын сомада келтірілген зиян, не ұйым мен мемлекетке қылмыс жасалған сәтке Қазақстан Республикасының заң-дарыңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе асатын сомада келтірілген зиян жатады (189-баптын ескертуі) . Өзінің заңдылық құрылысына қарай талдап отырылған қылмыс құрамы формальдық-материалдық кұрамға Жатады. Қылмыс 189-баптың диспозициясында көрсетіл ген балама әрекеттердің біреуі жасалса аяқталған деп саналады.
Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналық арқылы істеледі. Кінәлі адам өзінің іс-әрекеті арқылы заңсыз кәсіпкерлік қызметке кедергі жасағанын сезеді, біледі және сонытілейді.
Қылмыстың субъектісі-арнаулы субъект, кәсіпкерлік қызметті тіркейтін, лицеңзия беретін мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары.
Заңсыз кәсіпкерлік (190-бап)
Кәсіпкерлік қызметті тіркеуден өткізбей не рұқсат (лицензия) алу міндетті болған жағдайларда арнаулы рұксатсыз (лицензиясыз) немесе лицензиялау шарттарын бұзып жүзеге асыру, сондай-ақ кәсіпкерліктің тыйым салынған түрлерімен шүғылдану, егер осы әрекеттер азаматқа, ұйымға тілемесе мемлекетке ірі зиян келтірсе, не ірі мөлшерде табыс табумен байланысты болса - іс-әрекет заңсыз кәсіпкерлік деп танылады (КК-тін; 190-бабы) .
Азаматтардың кәсіпкерлік қызметін тіркеудің тәртібі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 19-бабында көрсетілген. Осыған орай азаматтар арнайы көзделген жағдайларды коспағанда заңды тұлға құрмай-ақ мемлекеттік тіркеуге тұрған уақыттан бастап көсіпкерлік қызметпен айналысуға құқылы. Сондай-ақ шаруа (фермер) кожалығы; мердігерлік шартжәне өзгеде азаматтық-құқықтык шарттар негізінде бір жолын жұмыс атқаратындар; көтерме және бөлшек сауда желісінен басқа өздеріне тиесілі мүлікті, сондай-ақ өндірілген, өңделген, сатып алынған өнімдерді оған қоса импорттық өнеркәсіптік және азық-түлік тауарларын сол үшін арнайы бөлінген жерлерде немесе комиссиялық дүкендер арқылы сатумен айналысатын азаматтар; жұмыс істеп, қызмет көрсетуден түскен түсімі жылына ең төменгі жиырма жалақы жиын-тығынан аспайтын азаматтар мемлекеттік тіркеуден босатылады, бұлар заңды тұлғалар құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырады (АК 19-баптың 4-тармағы) 2.
Азаматтық кодекстін 42-бабына сәйкес заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеудiң тәртібі көзделген. Осы және жеке кәсіпкерлік туралы 1997 жылғы 5 маусымдаға Заңға, "Лицензиялау туралы" заң күші бар жарлыққа сәйкес кәсіпкерлік қыз-метті атқару арнаулы рұқсат лицензия болған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Осыған орай осы к. ылмыстың объектісі көсіпкерлік қызметті жұзеге асырудың мемлекет белгілеген бірқалыпты дұрыс қызметін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар болып табылады. .
Қылмыс объективтік жағынан мынадай балама әрекеттерден қүралады: 1. Кәсіпкерлік қызметті тіркеуден өткізбей не рұксат (лицензия), алу міндетті болған жағдайларда арнаулы рұқсатсыз (лицензиясыз) немесе лицензия шарттарын бүзып жүзеге асыру. Кәсіпкерлік қызметті тіркеуден өткізбей жүзеге асыру заңда белгіленген тіркеу тәртібін бұзып, Бұл әрекетті жүзеге асыру болып табылады. Рұксат (лицензия) алмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға - заңда белгіленген қайсыбір-кәсіпкерлік қызметті атқаруға арнаулы рұқсат (лицензия) алу шарттарын бұзу жатады. Лицензия шарттарын бұзып кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға: лицензияда көрсетілмеген қызметті жүргізу; немесе оның жүзеге асырылуы тәртібін бүзу, лицензияны бөтен адамға беру; қолданылу, мерзімі өтіп кеткең лицензияны пайдалану және т. б.
2. Кәсіпкерліктің тыйым салынған түрлерімен шұғылдану. Заңда кейбір қызметтің түрлерімен кәсіпкерлікпен шүғылдануға тыйым салынған. Осыған қарамастан кәсіпкер заң нормасын бұзып, тыйым салынған кәсіппен шүғылданады.
3. Жоғарыда көрсетілген әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірсе, не ірі мөлшерде табыс табумен байланысты болса.
Қылмыстық кодекстің осы бабының ескертуіне сәйкес заңсыз кәсіпкерлік (190-бап) және заңсыз банктік қызмет (191 -бап) баптарында сомасы 500 жүз айлық есептік көрсеткіштен асатын табыс - ірі мөлшердегі табыс деп, ал сомасы 2000 айлық есептік көрсеткіштен асатын табыс - аса ірі мөлшердегі табыс деп танылады.
Ірі зиянның түсінігі ҚК-*гің 189-бабының ескертуінде берілген - ол азаматтар үшін айлық есептік көрсеткіштен 100 есе, ал ұйым мен мемлекетке 500 еседен асатын сомада болуы керек.
Заңсыз кәсіпкерлік қылмыс қүрамы жөнінен материалдык құрамға жатады. Осыған орай қылмыс заңда көрсетілген ірі зиян келтірілумен немесе ірі мөлшердегі табыс табумен байланысты аяқталғандеп танылады. Субъектйвтік жағынан қылмыс қасақаналық нысаны арқылы жасалады. Қасақа- мүмкін. Қылмыстың субъектісі жалпы немесе арнаулы болуы мүмкін.
Қылмыстықкодекстің 190-бабының 2-тармақшада осы қыл-мыстың ауырлататын: а) ұйымдасқан топ жасаған; б) аса ірі мөладердегі табыс табумен ұштастырылған; в) заңсыз кәсіпкерлігі немесе заңсыз банктік қызметі үшін бұрын сотталған адам жасаған түрлері көрсетілген. Ұйымдасқан топтың түсінігі ҚК-тің 31-бабының 3-тармағында көрсетілген. Аса ірі мөлшердегі табыстың түсінігі 190-баптың ескертуінде беріл-ген. Заңсыз кәсіпкерлігі немесе заңсыз банктік қызметі үшін Қылмыстық кодекстің 190немесе 191-баптары бойынша бұрын сотталған, бiрақ сотталғандық атағы заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбағандар танылады (ҚК-тің 69, 77-баптары) .
Заңсыз банктік қызмет (191-бап)
Ақша-несие жүйесіндегі қылмыстылық экономиқа саласындағы қылмыстардың ең қауіпті түрі болып отыр. Бұл қылмыс заңсыз кәсіпкерліктің ерекше бір көрінісі болып табылады.
Қылмыстық заңда:"Банктік қызметті (банктік операцияларды) тіркеуден өткізбей немесе рұксат (лицензия) алу міндетті болған жағдайларда арнаулы рұқсатсыз (лицензиясыз) немесе лицензиялау шарттарын бұзып жүзеге асыру, егер осы әрекет азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірсе, не ірі мөлшерде табыс табумен ұштасқан іс-әрекеттер заңсыз банктік қызмет деп белгіленген (ҚК-тің 191-бабы) .
Қылмыстың объек-тісі акша-несие жүйесіндегі заңмен белгі-ленген қоғамдық қатынастарға қол сұғу болып табылады.
Объективтік жағынан қылмыс құрамы мынадай бірнеше, жеке дара әрекеттермен сипатталады: банктік қызметті (банктік операцияларды) тіркеуден өткізбеу; міндетті рұқсат (лицензия) алуды сақтамау; банктік қызметті лицензия шарттарын бұзып жүзеге асыру; көрсетілген әрекеттер ұйымға, мемлекетке ірі зиян келтіру немесе ірі мөлшерде табыс алумен байланысты болуы болып табылады.
Банктік қызметті (банктік операцияларды) лицензиясыз жүргізу, тіркеуден өткіабеу заңсыз әрекет деп танылады. Міндетті лицензия алуды сақтамау деп арнаулы заңда көрсетілген осы талаптарды сактамау саналады. Лицензия шарттарын бұзуға осында рұқсат етілген банктік қызметті (операцияларды) істемей басқа қызметпен шұғылдану әрекеттері танылады. Көрсетілген іс-әрекеттер заңда көрсетілген ірі зиян келтірумен немесе ірі мөлшерде табыс алумен ұштасуы қажет. Егер заңда көрсетілген қылмыстық зардап орын алмаса, онда кінәлі адам әкімшілік жауапқа тартылуы мүмкін. Ірі зиян немесе ірі мөлшердегі табыстың түсінігі Қылмыстық кодекстің 190, 191-баптарында берілген. Қылмыстың субъектісі болып заңсыз банктік қызметпен айналысқан Қазақстан Республикасының азаматы, шет елдік немесе азаматтығы жоқ адамдар танылады,
Субъектавтік жағынан қылмыс кінәлінің қасақана нысаны арқылы жүзеге асырылады. Бұл жерде қасақаналықтың тікелей немесе жаыама түрі де орын алады.
Ұйымдасқан топ жасаған; аса ірі мөлшерде табыс табумен ұштасқан; заңсыз банктік қызмет немесе заңсыз кәсіпкерлік үшін бұрын сотталған адам жасаған әрекеттер заңсыз банктік қызмет жүргізу құрамының ауырлататын түріне жатады (191-бап 2-тармағы) . Бұл белгілердің түсінігі Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-тармағында көрсетілген осындай белгілерге ұқсас болып табылады.
Жалпы кәсіпкерлік (192-бап)
Қылмыстық кодекстің 192-бабында "Жалған кәсіпкерлік, яғни кәсіпкерлік немесе банктік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз несие алу, салық төлеуден босатылу, өзге де мүліктік пайда алу немесе тыйым салынған қызметті жасыру мақсаты бар азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірген ком-мерциялық ұйым кұру - жалған кәсіпкерлік" дегі белгіленген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz