Рак ауруы


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Рак ауруы (злокачественное новообразование, рак) - зияндылығы ретінен -әлеуметтік сипаттағы және өзінің пайда болу сыры ашылып, табиғаты әлі танылмаған, адам өмірі үшін өте қатерлі дерт.

Статистикалық мәліметтерге қарағанда, дүние жүзінде рак ауруынан жыл сайын екі миллионнан астам адам дүние салатын көрінеді. Мұның қауіптілігі соншалықты, егер сіздің ауруыңыз «рак» екен десеңіз, оған бұл соншалықты сұмдық қатал жазадай көрінеді. Бірақ бұдан рак ауруына ем қонбайды, одан адам жазылмайды деген пікір тумауы керек. Рас, дүние жүзілік екінші соғысқа дейін бұл аурудың пайда болуын анықтауға, оны емдеп жазуға медицинаның септігі өте аз болды. Ал, медицина ғылымының қазіргі таңдағы өрісіне келсек, рак ауруының Кұпиясы аз да болса ашыла бастағанын, оның тіпті асқынған түрін де емдеп жазатын уақыттың оншалықты алыс еместігін айтуға болады. Мысалы, тері, емшек, жатыр, ерін, сүйекте болатын рак түрлерінен емделіп, толық жазылып кеткен адамдар аз емес.

Жалпы ісікті ғылымда екі түрге бөледі: біріншісі. - қатерлі ісіктер (рак, саркома, лейкемия, қатерлі меланома т. б. ), екіншісі - қатерсіз ісіктер (мең, қал, ұра, іштен туа пайда болатын түрлі ақаулар - тератома, липома, фиброма, папиллома т. б. ) Дер кезінде емделмесе соңғы түрі де ракқа айналып кетуі кәдік.

Ісікті зерттейтін ғылым тарауын - онкология деп атайды («онкос» грек сөзі - ісік, «логия» - зерттеу, ғылым), яғни ісік туралы ғылым. Рак ауруы ертеден келеді. Біз өмір сүріп тұрған дәуірден 2000 жыл бұрынғы Египет, Үнді, Қытай дәрігерлерінің қол жазбаларынан бұл ауру туралы кейбір мағлұматтарды кездестіруге болады.

Осы өте қатерлі ісікті «рак» деп атаған ерте кездегі атақты дәрігер Гален көрінеді. Ол өзі емдеген әйелдің емшегіне шыққан ісік «су шаянына» ұқсас болғандықтан оны «канцер» (грек сөзі) деп атап, оны орысшаға «рак» деп аударған. Содан бастап бұл ауру сол орысша аты-мен аталып келеді.

Рак ауруының ғасырлар бойы көптеген адамдарды өмірден мезгілсіз әкетуіне қарамастан, оның қалай пайда болуы жөнінде әлі де болса нақтылы тұжырым болмай келеді.

Дүние жүзінің көптеген оқымыстылары рак ауруын жан-жақты зерттеп, оны емдеудің жолдарын қарастыру және бұл науқастан сақтану шаралары жайында іздену ісін әсіресе дүние жүзілік екінші соғыстан бергі жерде айырықша қолға алып отыр.

1959-1960 жылдары көптеген одақтас республикалар орталығында, соның ішінде Алматыда да ракқа қарсы ғылми-зерттеу институты ашылды. Бұл да халық денсаулығын сақтау мақсатындағы партия мен үкіметтің бірден-бір қамқорлығы деп есептелуге тиіс.

Нағыз рак ісігі адам денесінің ткандеріндегі клеткаларда тез өсіп жетіледі де, аз уақыт ішінде жалпы организмге таралатын қатерлі ісік түріне айналады. Оның төңірегіндегі ткань клеткаларға өршеленіп тез жайыла-тындығы сонша, ісік әдепкі аз уақытта тек бір жерде ғана білінеді де, бір-екі апта немесе екі-үш айдан кейін маңайына, кейде тіпті басқа мүшелерге де тарай бастайды. Алғашқыда ісік сол тканьнің өзі өскен жеріндегі клетканың қызметін атқаруы мүмкін. Ісіктің өршіп, тамыр қуалап, денеге жайылуымен байланысты төңіректегі органдарды қысып, олардың қорөктенуін нашарлатып, қызмет етуін төмендетеді, қанға уын жайып, жалпы организмді уландырады.

Балаларға, жастарға қарағанда рак қартайған адамдарда жиі кездеседі. 40 жастан асқан адамдарда рак ауруының кездесуі жиіленеді. Жоғарыда айтылғандай, рак ауруын жеңіп шығу үшін, әлі де болса ғылми-зерттеу жұмыстары тоқтаусыз жүргізіле беруі керек. Адам өмірін бұл сияқты қатерден сақтап қалу жөнінде ғылымның қазіргі ашқандарының өзі де аз емес.

Қарын рагы (рак желудка) -қатерлі ісіктің ішіндегі организмде жиі кездесетін түрі. Бұл ауруға 40-60 жастағы адамдар жиі шалдығады, әсіресе әйелдерден көрі еркектер 2-3 есе көп ауырады.

Қарын рагын қоздыратын себептер медицинада әлі анықталып біткен жоқ. Кейбір зерттеушілер қарынның қабынуы мен жарақаттануынан қарында рак ісігі жиі кездесетінін байқаған. Ал қарынның қабынуы мен жара-қаттануын ғылым көбіне адамның мезгілімен тамақ ішпегендігінен, тамақты, әсіресе ыстық тамақты асығып ішіп-жегеннен, ішімдікті көп ішкеннен деп есептейді.

Қарын рагын байқау қиын емес. Мұндай кеселге ұшыраған адамның организмі тамақ ішкеннен соң ауыр тартып, көңілі бейжай болып, іші желденіп кеуіп қорылдап, беймаза кекірік пайда болады. Содан бірте-бірте тамаққа тәбеті тартпай, астан қала береді. Сөйтіп ауруы асқынған сайын адамға тамақ сіңбей, әсіресе, ет жемейтін болады. Адам жүдеп, еттен ажырай бастайды, бірақ еш жері ауырмағандықтан ауру адамның көпке дейін дәрігерге көрінбей жүре беруі де мүмкін. Сырқат адамның ұйқысы қашып, шаршап шалдыққыш келеді. Ауру асқына барып қара запыран, кейде қан құсады. Қарындағы ісік ұлғая келе денеге тарап, адамның бауырына, қолқа жанындағы бездерге жайылып организмді одан сайын әлтіретеді. Адам ашығады, өңі тотығып, әлсізденеді, кейде дене қызуы көтеріледі, іші ісінеді.

Емі - тек операция жасату. Егер ауру адам алғашқы ауру белгісі білінісімен хирургке көрініп, рентгенге қаралып, ауру анықталысымен операция жасатса, ол адам ұзақ уақыт өмір сүреді.

Қарын қабынбасы, жарасы және басқа қарын ауруы бар адамдар осы кеселдерін алдын ала емдетуі қарын рагынан сақтанудың шаралары болып шығады.

Қылтамақ, өңеш рагы (рак пищевода) -қылтамақ ауруының қалай пайда болатыны туралы осы кезге дейін нақтылы пікір болмай келеді. Дегенмен қылтамақтың жасы егде тартқан еркектер арасында жиі кездесетіні анықталған іс. Қылтамақ әсіресе 50-60 жас арасында көбірек кездеседі.

Қылтамақтың себептерін айтпастан бұрын, өңештің анатомиясы мен қызметінен қысқаша түсінік берейік.

Өңеш - ұзын түтік сияқты, оның ұзындығы 22-25 см. Өңеш жұтқыншақтан басталып, кеңірдектің артымен қарынға жалғасады. "Оның тысы екі қабат. Өңештің ішкі астарын кілегей қабықша, ал сыртқы қабаты бұлшықет қоршаған қыртыс болады. Өңеш түтігінің кеңдігі ұзына бойына бірдей емес. Оның ұзын бойында үш жерінде түтік тарылып отырады. Бірінші тарлық өңештің бас жағында, жұтқыншаққа таяу басталады. Екіншісі - өңештің бел ортасында, ал үшіншісі қарынға құятын сағасы мен аяқтайды. Рак ісігі өңеш бойының бәрінде де өсуі мүмкін. Бірақ ісік өңештің көбінесе бел ортасы мен төменгі сағасында жиі кездеседі.

Өңештің негізгі қызметі - ауызда бапталған тағамды қарынға өткізу. Мұндай қызмет сырттан қарағанда жеңіл көрінгенмен өңешті түрлі науқасқа жиі шалдықтырады. Өйткені кейде жүрек, өкпе, бауыр ет (диафрагма), кеңірдек секілді көрші мүшелердің және ауыз сарайының аурулары да өңешке зиянды әсерін тигізіп отырады.

Қылтамақ ауруы көбінесе организмнің қартаюына байланысты болады дедік. Өйткені үлкен кісілердің денесінде қорек заттардың алмасуы жыл сайын нашарлай береді. Мүшелері тозып ескіре бастайды. Соның нәтиже-сінде қан тамыр тысы қатайып, морт жарылғыш келеді, жүрек те өз жұмысын нашар атқарады. Сол сияқты, адам тіршілігін басқаратын нервтер де өз қызметін нашар атқаратын болады. Сөйтіп біртіндеп қажып, арқауы ыдырай түседі. Сонымен қатар тұрмыста кездесетін кейбір зиянды жағдайлар да адамды кейде кеселге ұшыратады. Кезінде емделмеген, ұзаққа созылған өңеш ауруы түбінде қылтамаққа айналуы ғажап емес.

Айталық, тұрмыс пен еңбек үстінде пайда болған жарақаттар, ұзаққа созылған түрлі аурулар, химиялық зиянды заттардың әсері, механикалық тітіркенгіштер, ұзақ уақыт рентген сәулесі мен радий күшінің әсерлері т. б. адамның ерте қартаюына себеп болады және түрлі науқасқа да шалдықтырады. Сондықтан қылтамақтың алғашқы белгілерінен адасып қалмау үшін адам 30 жас-тан әрі қарай өзін-өзі дәрігерлерге бақылатып, тексеріліп тұруы керек.

Қылтамақтың басталуына тұрмыста кездесетін кей-бір жағымсыз әдеттер де себеп болады. Мысалы, тағамды үнемі ьістық түрінде ішу және сүрленіп қатқан етті жиі жеу, тамақты тәртіпсіз асығып және шала шайнап, асығып түйіле жұту, немесе мөлшерден тыс ішіп жеу ас-қазан қызметін бұзады, сол сияқты араққа салынушылық пен темекі тарту, насыбай ату әдеттері де себеп болады. Осы айтылған жақпас әдеттер өңештің кілегей астарын қабындыруға әсер етеді. Мұның түбі қылтамақ ауруына шалдығу жағдайын туғызу мүмкін.

Біздің заманымызда рактың «алғашқы хабаршысын» кезінде анықтауды ракты ерте емдеп жазу күресінің ең бастысы дейді. Өңеш рагының «алғашқы хабаршысына» мыналар жатады: өңештің жедел және созылмалы қабынуы, оның бойындағы ісіктері (фиброма, папиллома, ұра, полип т. б. ), өңеш жалағы, мерезі, туберкулезі, өңештің іштен туған ақаулары және өңеш жаралары мен күйік тыртықтары т. б.

Бірақ осы аурулардың өздері де қылтамақ тәрізді белгілер беруі мүмкін. Айталық: тағамды түйіле жұту, өңешті тырнау, төс астының ауруы, кекіру т. с. с. Міне, осы секілді күдікті белгілер байқала қалса, дереу тексе-ріліп, емделген жөн. Сонда ғана қылтамақтан алдын ала сақтануға болады. Қазақшылықпен бақсы-бәлгерге ем-деліп уақыт өткізу тек қауіп туғызады. Айта кеткен жөн, ғалымдар эксперименттік тәжірибеде және күнделікті дәрігерлік практикада ұзаққа созылған жаралардық ракқа жиі айналатынын дәлелдеді. Бұған қарағанда рак ісігі өзінен-өзі шықпайды, оның өсуіне мезгілінде емделіп жазылмаған жара-жарақаттар мен тұрмыста кездесетін жағымсыз әдеттер себеп болады.

Соңдықтан жоғарыда айтылған ракқа бейімдейтін кейбір жағдайлар тұрмыстан аласталуға тиіс. Сонымен қатар өңеште жаралар мен аурулар кездесе қалса, уақытын өткізбей, дәрігерлерге мұқият емдеткен жөн. Асқын-дырған ауруды емдеу қиынға соғады. Оны ұмытпаңыз!

Қылтамақтың алғашқы белгілерін кейбір адамдар сезбеуі мүмкін. Кейде астың аздап түйіліп өтуіне де Мән бермейді. Дұрысында өңеш рагы былай басталады:

Әуелі қатқыл, кейін қою, тіпті сұйық тамақты жұту біртіндеп қиындайды, немесе ас өңеште түйіліп тұрғандай сезіледі. Көбінесе бірінші жұтымнан кейін кекірік пайда болады, содан кейін ғана ас өте бастайды. Бұл секілді жағдай әсіресе адам асығып, не ашығып келіп тамақ ішкенде алғашқы жұтымы өңештен өтпей қалып байқалуы мүмкін. Айталық, бұрын дені сап-сау кісі бұдан былай жапырақтап тураған ет сияқты қатқылдау тамақтарды түйіліп жұтатын болады. Барған сайын түйілу жиілей береді. Науқас адам түйілуге үйренгендіктен қою тамақтың артынан сұйық ішіп, түйілген тамақты алдауға үйренеді, ал кейбіреулері тек сұйық аспен тамақтанып, кейде түйілген тамақты кері қайтаруға мәжбүр болады.

Қылтамақ ісігінің алғашқы басталғаң кезінде адамның жалпы денсаулығы онша ойсырамайды. Бірақ ауру созылған сайын науқас еттен арылып жүдейді, әлсізденеді, кейде тіпті дененің қызуы да мүмкін. Дене терісі сарғыштанады, өңсізденеді, ажары кетеді. Егер ісік өкпеге, шапса, аздап жөтел де пайда болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Канцерогенез туралы
Канцерогенез
Онкология
Тұқым қуалаушылық факторы
ІСІКТІҢ ДАМУЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН ЫҚПАЛДАР
Онкологиялық аурулармен ауыратын науқастармен әлеуметтік жұмыс
Иммунотерапия
Оңтүстік Қазақстан облысы экологиялық жағдайындағы тұқым қуалайтын аурулардың жиілеу себептері
Онкогенез.Канцерогенез
Қазақстанда қатерлі ісіктер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz