Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету қағидалары, еңбек және жұмыспен қамту саласында кемсітушілікке жол бермеу
1. Кіріспе бөлім:
Жұмыспен қамтылу ұғымы және халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары.
2. Негізгі бөлім:
Жұмыспен қамту саясатын іске асыру.
2.1. Азаматтардың жұмыс бастылық өрісіндегі құқығы.
2.2. Жұмыссыздарды тіркеу мен есепке алу тәртібі.
2.3. Жұмыссыздарды кәсіби даярлау, олардың біліктілігін арттыру және
қайта даярлау.
2.4. Жұмыссыздарға арналған әлеуметтік кепілдіктер мен өтемдер.
3. Қорытынды бөлім:
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру.

Қазақстан Республикасының күшіндегі заңдары, халықаралық нормаларды ескере отырып, азаматтардың еңбекті қоғамдық ұйымдастыру саласындағы конституциялық құқықтарын жүзеге асырудың құқықтық кепілдіктері мен әлеуметтік-экономикалық негіздерін анықтайды. Жұмыспен қамтылу қатынастарын Қазақстан Республикасының Конституциясы, 2001 жылғы 23 қаңтардағы №149-11 «Халықты жұмысқа қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, ұжымдық шарттар мен келісімдер, басқадай нормативтік құқықтық актілер реттейді. Жұмыспен қамтылу туралы заңнама Қазақстан Республикасының азаматтарына, республикада тұрақты қоныс тепкен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қатысты.
Нарықтық экономика жағдайында және әртүрлі меншіктер мен шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық формаларының тең құқылы кезінде мемлекет халықты жұмысқа тарту саласындағы өз саясатын жаңаша анықтайды, жұмыспен қамтылуды құқықтық реттеудің жұмысшы күшіне сұраным мен ұсыныстың ара қатынасына негізделген, мүлде жаңа критерийлерін белгілейді.
Жұмыспен қамтылу – азаматтардың өздерінің жеке мұқтаждықтарын қанағаттандырумен байланысты және өздеріне жалақы (табыс) алып келетін, Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдары мен өзге құқықтық актілеріне қайшы келмейтін қызметі. «Өнімді жұмыспен қамтылу» деген ұғым бар, ол – тұрақты экономикалық дамуды және әлеуметтік тиімділікті қамтамасыз ететін жұмыспен қамтылу. Бұл ретте азаматтардың еңбек қызметі, олардың кәсіп, жұмыс түрі мен сипатын таңдауы (ақы төленетін жұмыспен байланысты емес, мысалы – бала тәрбиелеу, үй шаруасымен айналысу, қоғамдық қызмет, т.б.) тек олардың ықтиярына негізделеді. Заңнамада көзделген жағдайлардан басқа реттерде азаматтарды әкімшілік жолмен немесе кез-келген басқадай әдіспен мәжбүрлеуге жол берілмейді.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес сот үкімі бойынша жаза орындағаннан және төтенше немесе соғыс жағдайларынан басқа кездерде мәжбүрлеп жұмыс істетуге тыйым салынған.
Қысқаша айтқанда жұмыспен қамтылу дегеніміз – азаматтардың жеке қажеттерін қанағаттандыруға байланысты және оларға табыс немесе кіріс әкелетін Конституцияға, заңдарға, өзге де нормативтік құқықтық актілерге қайшы келмейтін қызметі.
Азаматтардың қызметі, олардың мамандық, жұмыспен қамтылу, соның ішінде ақы төленетін жұмысты атқарумен байланысты емес жұмыспен қамтылу түрі мен сипатын талдап алуы олардың еріктілігіне ғана негізделген. Заңдарда көзделген реттерден басқа кезде азаматтарды еңбек етуге әкімшілік жолмен және өзге де күштеудің кез келген нысандарына жол берілмейді. «Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында жол беріледі» делінеген Қазақстан Республикасы Конституциясында.

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы: Юрист, 2007
2. Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі. – Алматы: Юрист, 2007. – 108 б.
3. Абжанов К.А.
Трудовой договор. М.: Юридическая литература, 1964.
4. Абузярова Н.А.
Комментарий к Закону «О труде в Республике Казахстан». – Алматы: Жеті жарғы, 2001.
5. Абузярова Н.А.
Обеспечение законности в трудовых отношениях. Алматы: Жеті жарғы, 1997.
6. Айымханова Н.М.
Еңбек заңдарының негізгі ережелері /оқу құралы/. – Республикалық баспа кабинеті, Алматы, 1998.
7. Айымханова Н.М.
Қазақстан Республикасының Еңбек құқығы: Оқу құралы – Алматы: Жеті жарғы, 2002. – 240 бет.
8. Бейсенов С.Д., Мухамбетова Т.И.
Рынок и проблемы занятости в Республике Казахстан. Алматы, 1992.
9. Берешов С.Х., Молдажанов Р.М., Яковлев Г.А.
Коллективные договоры на предприятиях Республики Казахстан: - Алматы: «Аян-Әдет», 1998.
10. Бухарбаева С.А.
Защита интересов человека труда как один из главных принципов трудового права //Право и государство. 1999. №2. С.64.
11. Глазырин В.
Трудовой договор (контракт) //Хозяйство и право. 1993. №6. С. 67-68.
12. Дмитрова С.А.
Правовые проблемы труда и занятости населеня. Алматы: Жеті жарғы. 1997.
13. Егоров В.В.
Право на труд рабочих и служащих: теория и практика. М., 1986.
14. Зайкин А.Д.
Трудовое право: проблемы на пути к рынку // Вестник Московского университета. Серия 11. Право. 1992. №4.
15. Иванов С.А.
Трудовое право и рыночная экономика //Вестник Московского университета. Серия 11. Право. 1992. №4.
16. Иосифиди Д.Г.
Формы труда и их правовое опосредствование // Государство и право. 1992. №11.
17. Мухитдинов А.Н.
Контрактная форма регулирования трудовых отношений; Дис. ... канд. юрид. наук. Алматы, 1994.
18. Назарбаев Н.Ә.
Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі және тұрмыс жағдайының жақсаруы. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. //Каз. правда. 1997. 11 октябрь.
19. Нургалиева Е.Н.
Еңбек құқығының кейбір тақырыптарын оқып-үйренушілерге көмек. Алматы: Жеті жарғы, 1997.
20. Нургалиева Е.Н., Нурмагамбетов А.М.
Комментарий и Закону Республики Казахстан «О труде в Республике Казахстан». – Алматы: ТОО Баспа, 2000.
21. Нургалиева Е.Н.
Механизм правового регулирования труда: Алматы: Жеті жарғы, 1996.
22. Нургалиева Е.Н.
Трудовое право в новых условиях хозяйствования. Алматы: Наука, 1990.
23. Уваров В.Н.
Қазақстан Республикасының Еңбек құқығы, оқулық. – Алматы: ҚазГЗУ, 2002. – 545 бет.
24. Шайбеков Д.К.
Трудовое право Республики Казахстан. Алматы, 1996.

ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ
АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ, ЖЕР ЖӘНЕ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫ КАФЕДРАСЫ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету
қағидалары, еңбек және жұмыспен қамту
саласында кемсітушілікке жол бермеу
Орындаған:
Жанесенова А
Қабылдаған:
АСТАНА – 2010
ЖОСПАР
1. Кіріспе бөлім:
Жұмыспен қамтылу ұғымы және халықты жұмыспен қамту
саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары.
2. Негізгі бөлім:
Жұмыспен қамту саясатын іске асыру.
2.1. Азаматтардың жұмыс бастылық өрісіндегі құқығы.
2.2. Жұмыссыздарды тіркеу мен есепке алу тәртібі.
2.3. Жұмыссыздарды кәсіби даярлау, олардың біліктілігін арттыру
және
қайта даярлау.
2.4. Жұмыссыздарға арналған әлеуметтік кепілдіктер мен өтемдер.
3. Қорытынды бөлім:
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру.
1. Жұмыспен қамтылу ұғымы және халықты жұмыспен қамту саласындағы
мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары
Қазақстан Республикасының күшіндегі заңдары, халықаралық
нормаларды ескере отырып, азаматтардың еңбекті қоғамдық ұйымдастыру
саласындағы конституциялық құқықтарын жүзеге асырудың құқықтық кепілдіктері
мен әлеуметтік-экономикалық негіздерін анықтайды. Жұмыспен қамтылу
қатынастарын Қазақстан Республикасының Конституциясы, 2001 жылғы 23
қаңтардағы №149-11 Халықты жұмысқа қамту туралы Қазақстан Республикасының
Заңы, ұжымдық шарттар мен келісімдер, басқадай нормативтік құқықтық актілер
реттейді. Жұмыспен қамтылу туралы заңнама Қазақстан Республикасының
азаматтарына, республикада тұрақты қоныс тепкен шетелдіктер мен азаматтығы
жоқ адамдарға қатысты.
Нарықтық экономика жағдайында және әртүрлі меншіктер мен
шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық формаларының тең құқылы кезінде
мемлекет халықты жұмысқа тарту саласындағы өз саясатын жаңаша анықтайды,
жұмыспен қамтылуды құқықтық реттеудің жұмысшы күшіне сұраным мен ұсыныстың
ара қатынасына негізделген, мүлде жаңа критерийлерін белгілейді.
Жұмыспен қамтылу – азаматтардың өздерінің жеке мұқтаждықтарын
қанағаттандырумен байланысты және өздеріне жалақы (табыс) алып келетін,
Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдары мен өзге құқықтық
актілеріне қайшы келмейтін қызметі. Өнімді жұмыспен қамтылу деген ұғым
бар, ол – тұрақты экономикалық дамуды және әлеуметтік тиімділікті
қамтамасыз ететін жұмыспен қамтылу. Бұл ретте азаматтардың еңбек қызметі,
олардың кәсіп, жұмыс түрі мен сипатын таңдауы (ақы төленетін жұмыспен
байланысты емес, мысалы – бала тәрбиелеу, үй шаруасымен айналысу, қоғамдық
қызмет, т.б.) тек олардың ықтиярына негізделеді. Заңнамада көзделген
жағдайлардан басқа реттерде азаматтарды әкімшілік жолмен немесе кез-келген
басқадай әдіспен мәжбүрлеуге жол берілмейді.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес
сот үкімі бойынша жаза орындағаннан және төтенше немесе соғыс жағдайларынан
басқа кездерде мәжбүрлеп жұмыс істетуге тыйым салынған.
Қысқаша айтқанда жұмыспен қамтылу дегеніміз – азаматтардың жеке
қажеттерін қанағаттандыруға байланысты және оларға табыс немесе кіріс
әкелетін Конституцияға, заңдарға, өзге де нормативтік құқықтық актілерге
қайшы келмейтін қызметі.
Азаматтардың қызметі, олардың мамандық, жұмыспен қамтылу, соның
ішінде ақы төленетін жұмысты атқарумен байланысты емес жұмыспен қамтылу
түрі мен сипатын талдап алуы олардың еріктілігіне ғана негізделген.
Заңдарда көзделген реттерден басқа кезде азаматтарды еңбек етуге әкімшілік
жолмен және өзге де күштеудің кез келген нысандарына жол берілмейді.
Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына
құқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе
соғыс жағдайында жол беріледі делінеген Қазақстан Республикасы
Конституциясында.
Заңда жұмыспен қамтылған азаматтардың санаттары белгіленген.
Оларға мыналар жатады:
- жеке еңбек шартымен жұмыс істейтін, оның ішінде толық, толық
емес жұмыс уақыты жағдайларында сыйақы үшін жұмыс орындайтын немесе өзге де
ақы төленетін жұмысы (қызметі). Кірісі бар азаматтар:
- кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатындар;
- өз бетімен жұмыспен айналысатындар;
- қосалқы кәсіпшілікпен айналысатындар және өнімді шарттар бойынша
өткізетіндер;
- жұмысты азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша орындайтын
азаматтар;
- өндірістік кооперативтердің мүшелері;
- ақы төленетін қызметке сайланғандар, тағайындалғандар немесе
бекітілгендер;
- Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, ұлттық қауіпсіздік
органдарында, Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлерінде, Республикалық
ұланда, Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің бөлімдерінде және өзге де
әскери құрылымдарда қызмет атқарып жүрген азаматтар.
Біздің мемлекетіміз азаматтардың жұмыспен нәтижелі әрі еркін
таңдау арқылы қамтылуына жәрдемдесетін саясат жүргізілуін қамтамасыз етеді.
Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі
қағидалары мыналарға бағытталған:
1) республика азаматтарына, Қазақстанда тұрақты тұратын
шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қызмет пен кәсіп түрлерін еркін
таңдауға бірдей мүмкіндіктерді, әділ де қолайлы еңбек жағдайларын,
жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуге;
2) нәтижелі жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге, жұмыссыздықты
азайтуға, жұмыс орындарын ашуға;
3) білім беру жүйесін еңбек рыногының қажеттеріне және
инвестициялық саясатты ескере отырып, оның даму перспективасына сай кадрлар
даярлау ісіне бағдарлауға;
4) азаматтардың заңдарға сәйкес жүзеге асыратын еңбек және
кәсіпкерлік бастамаларын қолдауға, олардың өнімді және шығармашылық еңбекке
қабілетін дамытуға жәрдемдесуге;
5) бар жұмыс орындарын сақтаған және жаңа жұмыс орындарын, оның
ішінде нысаналы топтарға арналған жұмыс орындарын ашатын жұмыс берушілерді
ынталандыруға;
6) уәкілетті орган және жеке жұмыспен қамту агенттігі арқылы еңбек
делдалдығын ұйымдастыруға;
7) шетелдік жұмыс күшін тартуға, сондай-ақ Қазақстаннан шетелге
жұмыс күшін шығаруға байланысты қызметті лицензиялауға;
8) шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу жолымен ішкі еңбек
рыногын қорғауға;
9) жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі республикалық іс-
шараларды жергілікті атқарушы органдар қолданатын шаралармен ұштастыруға;
10) халықты жұмыспен қамту саласындағы қызметті экономикалық және
әлеуметтік саясаттың басқа да бағыттарымен үйлестіруге;
11) еңбек рыногының бірыңғай ақпараттық базасын қалыптастыруға;
12) мемлекеттік органдардың халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз
ететін шараларды әзірлеу мен іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіріп,
реттеп отыруға және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;
13) республика азаматтарының шетелдегі және шетелдіктердің
Қазақстан аумағындағы еңбек қызметіне байланысты мәселелерді шешуді қоса
алғанда, халықты жұмыспен қамту проблемаларын шешуде халықаралық
ынтымақтастықты ұйымдастыруға;
14) жұмыс берушілер, қызметкерлер және қоғамдық ұйымдар
өкілдерінің мемлекеттік жұмыспен қамту саясатын әзірлеу мен іске асыруға
қатысуын қамтамасыз етуге;
15) жұмыспен қамту саясатымен үйлестірілген, қосымша жұмыс
орындарын ашу ісін ынталандыруды қолдайтын қаржы, салық және инвестиция
саясатын жүргізуге.
Сонымен қатар мемлекет азаматтарға халықты жұмыспен қамту
саласында кемсітушіліктің кез келген нысанынан қорғауға және кәсіп пен
жұмысқа ие болуда бірдей мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге, жұмыссыздықтан
әлеуметтік қорғауға, уәкілетті органдардың делдалдығы арқылы жұмыс таңдау
мен жұмысқа орналасуда жәрдемдесуге кепілдік береді.
Мемлекет халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу
жөніндегі шараларды да қамтамасыз етеді. Нысаналы топтар деп жұмысқа
орналасуда қиындық көріп жүрген және әлеуметтік қорғауды қажет ететін
адамдар ретінде заңмен белгіленген адамдар топтарын айтады. Оларға табысы
аз адамдар, 21 жасқа дейінгі жастар, балалар үйлерінің тәрбиеленушілері,
жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған 23 жасқа дейінгілер,
кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-
аналар, заңдарда белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті
немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар,
зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға
екі жыл қалған), мүгедектер, қарулы күштер қатарынан босаған адамдар, бас
бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған
адамдар және оралмандар жатады.
Жергілікті атқарушы органдар еңбек рыногындағы жағдай мен
жергілікті бюджеттің қаражатына қарай нысаналы топтарға жататын адамдардың
қосымша тізбесін, сондай-ақ әлеуметтік қорғау жөнінде де қосымша шаралар
белгілей алады.
2. Жұмыспен қамту саясатын іске асыру
Мемлекеттік жұмыспен қамту саясатын іске асыру мақсатында орталық
атқарушы орган өз құзыреті шегінде халықты жұмыспен қамтудың Республикалық
бағдарламасын әзірлеуге, еңбек рыногының бірыңғай ақпараттық базасын
қалыптастыруға міндетті. Ал жергілікті атқарушы органдар аймақтық
бағдарламалар әзірлеп тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағында тұратын
нысаналы топтарды және оларды қорғау жөніндегі әлеуметтік шараларды жыл
сайын анықтап отырады. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган
мына арнайы іс-шараларды іске асыруға міндетті:
1) өтініш жасаған азаматтар мен жұмыссыздарға – жұмыс табу
мүмкіндігі туралы, ал жұмыс берушілерге жұмыс күшімен қамтамасыз ету
мүмкіндігі туралы хабарлап отыруға;
2) азаматтар мен жұмыссыздарға жұмыс таңдауда жәрдемдесуге,
жұмысқа орналасу және оқу үшін жолдама беруге;
3) еңбек рыногы бойынша деректер банкін түзуге;
4) азаматтар өтініш жасаған күннен бастап 10 күн кешіктірмей
тіркеуге, оларды есепке қоюға;
5) кәсіби бағдарлау ісінде азаматтар мен жұмыссыздарға тегін
қызметтер көрсетуге;
6) жұмыссыздарды олардың келісімімен қоғамдық жұмыстарға жіберуге;
7) еңбек рыногының қажеттіліктеріне сәйкес жұмыссыздарды кәсіптік
оқуға жіберуге;
8) жұмыссызға оның жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама
беруге;
9) халықтың экономикалық тұрғыдан белсенді бөлігіне (жұмыс күшіне)
сұраныс пен ұсынысты талдауға, болжауға және халыққа, жергілікті және
орталық, атқарушы органдарға еңбек рыногының жай-күйі туралы хабарлауға;
10) халықты жұмыспен қамтудың аймақтық бағдарламаларын және
нысаналы топтардың жұмыспен қамтылуына жәрдемді қамтамасыз етуге.
Жұмыс берушілердің халықты жұмыспен қамтуға қатысты іс-шаралары
Халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23
қаңтардағы Заңының 9-бабында белгіленген. Аталған баптың 2 тармағы жұмыс
берушінің міндеттерін анықтайды. Жұмыс беруші:
1) ұйымның таратылуына, адам санының немесе шарттың қысқартылуына
байланысты алдағы уақытта қызметкерлердің жұмыстан босайтыны, босатылатын
қызметкерлердің қызметтері мен кәсіптері, мамандықтары, біліктілік және
еңбекақы мөлшері көрсетіле отырып, босатылуы мүмкін қызметкерлердің саны
мен санаттары туралы және олар босатылатын мерзімдер туралы жұмыстан босату
басталардан кемінде бір ай бұрын уәкілетті органға толық көлемде ақпарат
беруге;
2) бос жұмыс орындары (бос қызметтер) пайда болған күннен бастап
үш жұмыс күні ішінде олар туралы уәкілетті органға мәлімет жіберуге;
3) уәкілетті орган берген жолдамаға тиісті белгі қою арқылы
жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту себебін көрсете
отырып, ол туралы дер кезінде, яғни уәкілетті орган оған азаматтарды
жіберген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабарлауға тиіс. Белгіленген
міндеттерді бұзғаны үшін жұмыс берушінің жауапкершілігі заң актілеріне
сәйкес туындайды.
Уәкілетті органның, сондай-ақ жеке жұмыспен қамту агенттігінің
жұмысқа орналастыру ісінде халыққа көрсететін жәрдемін еңбек делдалдығы
дейді. Еңбек делдалдығымен уәкілетті орган және жеке жұмыспен қамту
агенттіктері айналысады.
Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 148-бабы бойынша Еңбек
делдалдығы
Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган немесе
жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі:
1) азаматтарды – жұмысқа тұру мүмкіндігі туралы, ал жұмыс
берушілерді жұмыс күшімен қамтылу мүмкіндігі туралы хабардар ету;
2) азаматтардың жұмыс таңдауына жәрдем көрсету;
3) азаматтарға бос жұмыс орнына жұмысқа орналасу үшін жұмыс
берушіге жолдама беру;
4) еңбек нарығы жөніндегі деректер базасын қалыптастыру;
5) өтініш білдірген азаматтарды есепке алу мен тіркеу;
6) кәсіптік бағдар жасауда қызметтер көрсету;
7) жұмыс берушілермен шарттар негізінде жұмысқа орналасу
мәселелері жөнінде өзара іс-қимыл жасасу арқылы еңбек делдалдығын жүзеге
асырады.
Жеке жұмыспен қамту агенттігі азаматтарға шарттық негізде мынадай
қызметтер көрсетеді:
1) жұмыспен қамту және еңбек туралы заңдар мәселелері бойынша
консультациялар беру;
2) бос жұмыс орындарына жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы ақпарат
беру;
3) жұмыс орындарын іздестіруге көмектесу;
4) азаматтарды кәсіптік даярлық пен қайта даярлықтан өткізіп,
соңынан жұмысқа орналастыру.
Еңбек делдалдығымен айналысатын жеке жұмыспен қамту агенттіктері
жұмысқа орналастыру, жұмыс орындарын ашу және жұмыспен қамтудың
республикалық және аймақтық бағдарламаларын іске асыру мәселелері бойынша
мемлекеттік органдармен, жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл жасайды.
Азаматтардың шетелде жұмысқа орналасуы және Қазақстанға шетелдік жұмыс
күшін тарту жөніндегі делдалдық көмекті жеке жұмыспен қамту агенттіктері
республика заңдарына сәйкес лицензия негізінде жүзеге асырады.
Жұмысқа орналастыру кезіндегі мемлекеттік кепілдіктер
Мемлекет халықты жұмыспен қамту саласында азаматтарға:
1) кемсітушіліктің кез келген нысанынан қорғауға және кәсіп пен
жұмыс алуда тең мүмкіндіктермен қамтамасыз етуге;
2) кәсіптік даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыруға және
жұмыссыздар үшін қоғамдық жұмыстар ұйымдастыруға;
3) шағын бизнес пен кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге;
4) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган және
жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі арқылы еңбек делдалдығын ұйымдастыруға;
5) кәсіптік-бағдарлау қызметтерін көрсетуге, бос орындар мен бос
жұмыс орындары туралы ақпараттар беруге;
6) кәсіптік білім беру жүйесін еңбек нарығында сұранысқа ие
мамандарды даярлауға бағдарлауға;
7) жұмыс күшін мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес өңіраралық қайта
бөлуге;
8) еңбек қатынастарын анықтау және жария ету жөніндегі шараларды
әзірлеуге және іске асыруға;
9) инвестициялық келісім-шарттарда инвестордың кәсіптік даярлау,
жаңа жұмыс орындарын ашу және бар жұмыс орындарын сақтап қалу жөніндегі
міндеттерін белгілеуге;
10) кәсіптік даярлықты, қайта даярлықты және біліктілікті дамытуға
тікелей ұйымдарда жағдай жасауға;
11) жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдардың жұмыс
берушілермен өзара іс-қимылына;
12) нысаналы топтарға кіретін адамдарды жұмысқа орналастыру үшін
жағдайлармен қамтамасыз етуге кепілдіктер береді.
Азаматтардың жұмысқа орналасу саласындағы құқықтары
Азаматтардың:
1) жұмыс берушілерге тікелей өтініш білдіру жолымен, сондай-ақ
халықтың жұмысқа орналасуына жәрдем көрсететін жұмыспен қамту мәселелері
жөніндегі уәкілетті органның немесе жұмыспен қамтудың жекеше агенттігінің
еңбек делдалдығы арқылы қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауға;
2) жұмысты өзі іздеуге және жұмысқа орналасуға, соның ішінде
шетелден жұмыс іздеуге және жұмысқа орналасуға;
3) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардан және
жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінен консультациялар мен ақпараттар
алуға;
4) қоғамдық жұмыстарға қатысуға құқығы бар.
Жұмыс берушінің жұмысқа орналастыру кезіндегі құқықтары мен
міндеттері
1. Жұмыс берушінің:
1) кадрлар іріктеуді жүзеге асыруға;
2) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардан еңбек
нарығының жай-күйі және кәсіптік даярлаудың мүмкіндіктері туралы дәйекті,
толық және жедел ақпарат алуға құқығы бар.
2. Жұмыс беруші жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті
органға:
қызметкерлердің ұйымның таратылуына, қызметкерлер санының немесе
штатының қысқартылуына байланысты алдағы уақытта жұмыстан босатылуы туралы
жұмыстан босату басталардан кемінде бір ай бұрын;
қызметкерлерді жалдауға деген қажеттіктері туралы және жұмыспен
қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жіберген азаматтармен
әңгімелесудің нәтижелері туралы бес жұмыс күні ішінде ақпарат беруге
міндетті.
Ішкі еңбек рыногын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының
үкіметі республика аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік
жұмыс күшін тартуға жыл сайын квота белгілейді.
Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квотаны
белгілеудің және жұмыс берушілерге рұқсат берудің Ережесі Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен
бекітілген.
Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота дегеніміз – Қазақстан
Республикасының Үкіметі еңбек ресурстарының теңгеріміне сәйкес жыл сайын
белгілейтін экономикалық белсенді халыққа қарағанда шетелдік жұмыс күшінің
пайызға шаққандағы үлесі. Жергілікті атқарушы органдар ағымдағы жылдың 1
қыркүйегіне дейінгі мерзімде жұмыс берушілерді шетелдік жұмыс күшін тарту
қажеттігі туралы алдағы жылға арналған негіздемені орталық атқарушы органға
ұсынады.
Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат – белгіленген квота
шегінде Қазақстанға әкелу үшін шетелдік жұмыс күшінің санын анықтайтын
орталық атқарушы орган жұмыс берушіге беретін құжат. Жұмыс беруші шетелдік
жұмыс күшін тарту үшін рұқсатты орталық атқарушы органнан алады. Рұқсат
құжатты алғаннан кейін жұмыс беруші тиісті санаттағы және біліктіліктегі
шетелдік азаматтармен және азаматтығы жоқ адамдармен еңбек заңнамасымен
белгіленген тәртіпте жеке еңбек шарттарын жасасады. Рұқсаттың болуы мынадай
шетелдік азаматтар үшін талап етілмейді:
1) шетелдік заңды тұлғалардың, олардың филиалдары мен
өкілдіктердің бірінші басшыларынан;
2) мерзімі бір күнтізбелік жыл ішінде жиынтығы 45 күнтізбелік
күннен аспайтын іссапарда жүргендерден.
Шетелдік жұмыс күшін тартуға берілетін рұқсат үш санатқа бөлінеді.
1) бірінші санат – ұйымдардың басшы құрамын тартуға;
2) екінші санат – белгіленген тәртіпте құжаттармен расталған
жоғары және орта арнаулы білімі бар мамандарды және жеке кәсіпкерлерді
тартуға;
3) үшінші санат – білікті жұмысшыларды тартуға.
Орталық, атқарушы орган рұқсаттың қолданылуын алты айға дейінгі
мерзімге тоқтата тұруға немесе себебін көрсете отырып, шешімді қайтарып
алуға құқылы.
Рұқсат алмастан шетелдік жұмыс күшін тартқаны үшін жұмыс беруі
республика заңнамасында белгіленген тәртіппен жауаптылыққа тартылады. Жұмыс
беруші жолсыздық байқалған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде орталық
және жергілікті атқарушы органдарға оларды жойғаны немесе жою жөнінде
қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат ұсынуға міндетті.
Шетелдік жұмысшы күштерді Қазақстан Республикасына тарту еңбек
көші-қонының жалпы ұғымымен байланысты. Бұл жерде әңгіме бір елдік жеке
тұлғаның жұмысқа жалдану мақсатында екінші елге қоныс аударуы жайында болып
отыр. Бұл ұғым мигрант деп заңды танылған барлық адамдарға қолданылады.
Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан
Республикасының аумағында еңбек және кәсіби қызметпен айналысуының тәртібін
республика Үкіметі анықтайды және олар өкілетті органдардың рұқсатымен және
солардың бақылауымен өз қызметін жүзеге асырады, егер Қазақстан
Республикасының заңнамасында және тиісті халықаралық шарттарда басқадай
көзделмеген болса. Еңбек миграциясын реттеуде ішкі еңбек рыногын қорғау
мәселесі бірінші орында тұру қажет. Бірақ, еңбек рыногындағы жағдайларға
байланысты Қазақстан Республикасының аумағында заңды түрде жіберілген
жұмыскер мигрантты қууға жол берілмейді.
2.1. Азаматтардың жұмыс бастылық өрісіндегі құқығы
Еңбек рыногын қалыптастырған кезде еңбек құқығының міндеттері
елеулі өзгеріске ұшырайды. Мұндай жағдай халықты жұмысқа қамтуды реттеу
және ұйымдастыру мәселелеріне де, азаматтардың еңбек өрісіндегі
консультациялық құқықтарын іске асырудың тетігін жасауға да, жұмыссыз
қалғандарға әлеуметтік кепілдік және өтем төлеуді белгілеуге де қатысты.
Жұмыспен қамтылу және жұмысқа орналасу мәселелерінің шешімі 2001 жылығы 23
қаңтардағы № 149-11 Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы Қазақстан
Республикасының Заңында көрініс тапқан.
Азаматтардың жұмыс орнын жұмыс берушіге, жұмыспен қамтылу
мәселелері жөніндегі өкілетті органға не жеке агенттікке тікелей өтініш
білдіру арқылы еркін таңдау құқығы заңнамада бекімін тапқан. Жұмысқа
қабылдау жөніндегі шешім жұмыс беруші мен жұмыс іздеуші адам арасындағы
өзара келісім негізінде қабылданады. Жеке еңбек шартын жасаудың тәртібі мен
жағдайы еңбек заңдарымен реттеледі.
Республика аумағында тұратын әрбір азамат өзінше де жұмысқа тұра
алады, сонымен қатар арнайы органдардың көмегімен де жұмысқа орналаса
алады. Еңбек делдалдығы халықтың жұмысқа орналасуына мемлекеттік өкілетті
органдардың, сондай-ақ жеке агенттіктердің жұмысқа тұруға көмектесуі. Бұл
жағдайда еңбек делдалдығы жұмыс табу, оның түрін таңдау жөнінен сол жұмыс
іздеп жүрген адамдарға және кадрларға мұқтаждық көріп отырған, оларды
іздестіруші кәсіпорындарға (мекемелерге, ұйымдарға), олардың меншік
түрлеріне және шаруашылық жүргізуінің ұйымдық-құқықтық формаларына
қарамастан көрсетіледі.
Жұмысқа орналастыратын жеке агенттіктер азаматтарға шартты негізде
мынадай қызмет көрсете алады: жұмысқа тұру және еңбек туралы заңнамалар
бойынша кеңес береді; бос жұмыс орындарына тұру мүмкіндігі туралы ақпарат
береді; жұмыс орнын іздеуге көмектеседі; азаматтарды кәсіби даярлап және
қайта даярлап, соңынан жұмысқа орналастырады. Делдалдық көмек, сонымен
қатар, азаматтардың шетелдерде жұмысқа тұруына және шетелден жұмысшы күшін
Қазақстан Республикасына тартуға байланысты көрсетіледі.
Республика аумағында тұратын азаматтардың заңды құқықтарының
қатарына олардың халықты жұмыспен қамту мәселесімен айналысатын өкілетті
органдардан, жеке агенттіктерден ақыл-кеңес және ақпарат алуы, қоғамдық
жұмыстарға қатысуы және т.б. жатады. Заңнамаға сәйкес жұмыссыздар, еңбек
рыногының сұранымына қарай, Республикалық және жергілікті бюджет қаржысының
есебінен, белгіленген тәртіпте кәсіби даярлықтан, қайта даярлықтан өтуге,
біліктілігін көтеруге; қоғамдық жұмыстарға жолдама алуға; атаулы әлеуметтік
көмек алуға құқылы (Халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасы
Заңының 19, 20 баптары).
Заңнамада азаматтардың шет елдерде еңбекпен айналысу құқығы
қарастырылған. Бұл ретте азаматтарға жұмысты өз бетінше іздестіріп, шет
елде жұмысқа тұруына да, еңбек жөніндегі мемлекеттік өкілетті органдар,
сондай-ақ жұмысқа орналастыратын жеке агенттіктер тарапынан делдалдық көмек
алуына да мүмкіндік берілген. Азаматтарға шет елдерде жұмысқа тұру үшін
делдалдық көмек көрсетудің тәртібі мен шарты Қазақстан Республикасының
заңнамасында анықталған.
Жұмысқа таруға мұқтаж адамдар үшін мемлекеттік кепілдіктер
көзделген. Мысалы, мемлекет азаматтарға олардың жұмыс түрін еркін таңдауына
және еңбек құқықтарын қорғауға; кемсітудің барлық формасынан қорғауға және
мамандық және жұмыс алуда бірдей мүмкіндік тудыруға; жұмыссыздықты
әлеуметтік қорғауға, өкілетті органдар арқылы жұмыс таңдауда және
орналасуда көмектесуге кепілдік береді. Сонымен қатар, заңнамада әлеуметтік
қамқорлыққа аса мұқтаж адамдар санаттары үшін қосымша кепілдіктер
белгілеген. (Халықтың нысаналы топтары).
Жастарды жұмыспен қамтамасыз ету, олардың еңбек рыногындағы
құқықтарын іске асыру мемлекеттің жастар саясатындағы маңызды бағыттарының
бірі. Республика аумағында тұратын жас азаматтарға тегін кәсіби бағдар
алуға, кәсіби даярлықтан және қайта даярлықтан өтуге, бос жұмыс орны
жайында ақпарат алуға, ыңғайлы жұмыс табу және жұмысқа орналасу үшін
өкілетті органның делдалдық көмегін пайдалануға; жұмысқа қабылдаудан
дәлелсіз бас тартудан және жұмыстан шығарудан қорғауға; кәсіби даярлық,
біліктілікті көтеру кезінде әлеуметтік көмек беруге кепілдік алады.
Мемлекет жастардың еңбекке деген өз қабілетін жүзеге асыруына қажетті
жағдай тудырады, жас жұмыскерлердің еңбек жағдайын жақсартуға, оларды
өндірісте оқытуға, т.б. жұмыс берушілердің ынтасынан тудырады. Жас
адамдармен жеке еңбек шартын жасағанда жастардың оқу, кәсіби, мәдени және
басқадай әлеуметтік мүдделері ескерілуге тиіс. Жастардың құқықтары мен
бостандығы жұмыс берушілер тарапынан бұзылған жағдайда ондай әрекеттерге
жастардың сотқа шағынуға құқығы бар (1991 жылғы 28 маусымдағы Қазақ КСР-
дағы мемлекеттік жастар саясаты туралы Қазақ КСР Заңының 11, 12 баптары).
Мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттарының бірі – білім
алу, еңбек және жұмыспен қамтылу өрісіндегі кепілдіктерді қамтамасыз ету.
Ол үшін мемлекеттік өкілетті орган меншік түріне және шаруашылық жүргізу
формасына қарамастан кез-келген ұйыммен олардың жетім балаларды, денсаулығы
мүмкіндігін шектейтін балаларға білім беретін оқу орындарының түлектерін;
оқуын тастап кеткен балаларды; бостандығынан айыру орындарынан босанған
адамдарды; кедей отбасыларының балаларын; армия қатарынан босанған жас
жауынгерлерді жұмысқа алу жөнінде келісімге келеді. Бұл нормалар сақталу
үшін өз кезегінде, жастардың әлеуметтік қорғалмаған категориялары үшін
жұмыс орындарын құруды міндеттейтін жаңа нормативтік-құқықтық база керек.
Жастардың өзін өзі көрсетуіне мүмкіндік тудыру үшін оларды шағын және орта
бизнеске тарту, кәсіпкерлікке үйретіп, әсіресе фермерлер мен ауылшаруашылық
өнімдерін өндірушілерге қолдау көрсету қажет. Құқықтық және ұйымдық
жағдайлар тудыру арқылы жастарды экономикалық жақсарту және олардың табысын
ұлғайту көзделіп отыр.
Еңбекке қабілеті шектелген адамдарды жұмысқа орналастыру өрісінде
заңнама бірқатар артықшылықтар қарастырған. Жергілікті атқару органдары
мүгедектердің қоғамдық ұйымдарын қатыстыра отырып және күшіндегі заңнамада
белгіленген тәртіпке сүйене отырып кәсіпорындарда (мекемелерде, ұйымдарда)
мүгедектер үшін жұмыс орындарын брондаудың нормативін жасайды.
Мүгедектердің мүмкіндіктері және сол жердің ерекшеліктері ескеріліп
мүгедектер еңбегін пайдалану мақсатында арнайы кәсіпорындар, цехтар мен
участкелер құрылады. Жергілікті басқару органдары мүгедектердің қоғамдық
ұйымының қатысуымен тиісті аймақтағы кәсіпорындарда (мекемелерде,
ұйымдарда) негізінен мүгедектер атқаруға тиісті қызметтер мен кәсіптердің
тізімін бекіте алады.
Үйінде жұмыс істейтін мүгедектерге, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік
қызметпен айналысатын мүгедектерге тұрғын үй емес жай беруде, шикізат
табуда және өнімдерін өткізуде қажетті көмек көрсетіледі. (1991 жылғы 21
маусымдағы Қазақ КСР-де мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы Қазақ КСР
Заңының 30 бабы).
Белгіленген тәртіпте жұмыссыз деп танылған адамдардың да өзінше
құқықтық мәртебесі бар. Ондайлардың қатарына жұмысы, жалақысы (табысы) жоқ,
қолайлы жұмыс іздеп жүрген және жұмысқа тұруға дайын адамдар жатады.
Өкілетті орган және жұмысқа тұрғызушы жеке агенттік жұмыссыздарды
тіркеп, есепке алады.
Тіркелген жұмыссыздар үшін қолайлы жұмыс іздестіру өкілетті
органдар мен жеке агенттіктердің ең алғашқы белсенді әрекеттерінің бірі
болып табылады.
Тіркелген жұмыссыз азаматтар үшін кәсіби даярлығына, еңбек өтіліне
және бұрынғы мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесіне, соңғы жұмыс орнының
жағдайларына (ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды қоспағанда), денсаулық
жағдайына, жаңа жұмыс орнына көліктің қолайлығына сәйкес келетін жұмыс
лайықты жұмыс деп есептеледі. Көліктің қолайлылығын тиісті атқарушы орган
айқындайды.
Бірінші рет жұмыс іздеп жүрген, бірақ кәсіби мамандығы жоқ, сондай-
ақ, екі жылдан астам уақыт бойы жұмысы болмаған адамдар үшін – алдын ала
кәсіптік даярлықты талап ететін жұмысты, ал ондай жұмыс беру мүмкін
болмаған жағдайда, азаматтардың жас және өзге де ерекшеліктері мен еңбек
туралы заңдардың талаптары ескерілетін басқа ақы төленетін жұмысты (уақытша
сипаттағы жұмысты қоса алғанда) лайықты жұмыс деп есептеуге болады.
Және де жұмыссыздың кәсіби даярлыққа, қайта даярлыққа және
біліктілігін көтеруге құқығы бар екендігін атап өткен жөн. Егер жұмыс
іздеушіде қажетті кәсіби біліктіліктің жоқтығынан оны жұмысқа орналастыру
мүмкін болмаса, өкілетті орган оны тиісті оқу орнына жібереді.
Жұмыссыздарды кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін
көтеру еңбек рыногындағы сұранымға қарай, республикалық және жергілікті
бюджеттің қаражаты есебінен, білім беру жүйесінің ұйымдарында, не
белгіленген тәртіпте білім беру қызметін жүргізуге құқығы бар
кәсіпорындарда жүзеге асырылады. Жұмыссыздарды оқытқанда үш жақты шарт
жасалады, оған өкілетті орган, оқытатын ұйым және жұмыссыз адам қатысады.
Жұмыспен қамтылу өрісіндегі азаматтардың құқықтарының жүзеге
асырылуы 2001 жылғы 23 қаңтардағы, Халықты жұмыспен қамту туралы
Қазақстан Республикасының Заңында (5, 7, 12 баптар) көзделген басқа да
мемлекеттік шаралармен қамтамасыз етіледі, оған еңбек жөніндегі мемлекеттік
өкілетті органдардың, жеке агенттіктердің және орталық атқарушы органдардың
лауазымды адамдарының заңсыз әрекеттеріне сотқа шағымдану да жатады.
Сонымен, азаматтардың жұмысқа орналасу құқығы олардың өз бетімен
немесе еңбек туралы өкілетті органдар, жеке агенттіктер арқылы жұмысқа
орналасу мүмкіндігі, еңбек рыногының сұранымына, денсаулығының жағдайына,
жұмысқа қабілеттілік деңгейіне қарай кәсіби даярлықтан, қайта даярлықтан
өтуге, біліктілігін көтеруге құқығы арқылы көрініс табады. Бұл құқықтар
әлеуметтік-экономикалық және ұйымдық-құқықтық кепілдіктер жүйесі, халықты
жұмыспен қамту өрісіндегі мемлекеттің саясаты мен арнайы заңнамалар арқылы
қамтамасыз етіледі.
2.2. Жұмыссыздарды тіркеу мен есепке алу тәртібі
Жұмыс тапқысы келетін жұмыссыз азаматтар жұмысқа орналасуына
жәрдемдесу туралы уәкілетті органға және жеке жұмыспен қамту агенттігіне
өтініш жасай алады.
Жұмыс іздестіруге өтініш жасаған жұмыссыз азаматтардан оларды
тіркеу үшін мынадай құжаттар талап етіледі: жеке бас куәлігі (паспорты),
әлеуметтік жеке кодының берілгені туралы куәлік (ӘЖК), еңбек қызметін
куәландыратын құжаттар, салық төлеуші тіркеу нөмірі (СТТН). Шетелдіктер мен
азаматтығы жоқ адамдар аталған құжаттарға қоса шетелдіктің ықтиярхатын, ал
азаматтығы жоқ адам тұрғылықты жері бойынша тіркелгендігі туралы белгі
соғылған куәлігін өткізеді.
Заңда көрсетілген құжаттар табыс етілген күннен бастап он
күнтізбелік күннен кешіктірмей орган мен жеке жұмыспен қамту агенттігі
нысанын орталық атқарушы орган бекітетін дербес есеп карточкасына
(деректердің компьютерлік базасына) мәліметтер енгізіп азаматтарды
тіркейді.
Тұрғылықты жері бойынша тіркелген жұмыссыз азаматтар күнтізбелік
он күн ішінде кемінде бір рет уәкілетті органда, ал селолық елді мекендерде
тұратындар айына кемінде бір рет ауыл (село), ауылдық (селолық) округ
бөлімінде белгіленуге тиіс.
Уәкілетті орган жұмыссызды мынадай жағдайларда есептен шығарады:
1) лайықты жұмыстың ұсынылған екі түрінен жазбаша түрде бас
тартқанда;
2) уәкілетті орган жолдама берген күннен бастап бес жұмыс күні
ішінде дәлелсіз себептерменұсынылған жұмысқа орналасуға немесе оқу орнына
келмегенде;
3) шақыру бойынша жұмысқа, оқуға жолдама алу үшін екі жұмыс күні
ішінде дәлелсіз себептермен уәкілетті органға келмегенде;
4) уәкілетті органның жолдамасы бойынша қоғамдық жұмысқа қатысуды
немесе оқуды дәлелсіз себептермен өз бетінше тоқтатқанда;
5) заңда көзделген уәкілетті органға келіп тұру мерзімдерін
дәлелсіз себептермен бұзғанда;
6) жұмыссыз басқа жерге көшкенде;
7) жұмысқа орналасқан немесе заңға сәйкес жұмыссыз адам жұмыспен
қамтылған деп танылғанда;
8) жұмыссыз бас бостандығынан айыру түріндегі жазамен сотталғанда
не сот шешімі бойынша мәжбүрлеп емдеуге жіберілгенде;
9) республика заңдарына сәйкес зейнетақы тағайындалғанда.
Заңда белгіленген тәртіп негізінде есептен шығарылған жұмыссыздар
есептен шыққан күннен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қайтадан
уәкілетті органда тіркеле алады.
Заңның 17-бабы тіркелген жұмыссыздарға мынадай міндеттер жүктейді:
1) заңды сақтауды;
2) уәкілетті органдарға келіп тұрудың тәртібін, шарттарын жеке
мерзімдерін сақтауды;
3) уәкілетті орган берген жұмысқа жолдаманы алған күннен бастап
бес жұмыс күні ішінде жұмысқа орналасу мәселесі бойынша жұмыс берушіге
өтініш жасауды;
4) уәкілетті органға:
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz