Поэзия- тіл патшасы



1.Кіріспе.
2. Поэзия тарихы.
3.Дәуір және поэзия.
4.Ұлттық дәстүр.
5.Поэзия мәңгі жас.
“ Өлең – сөздің патшасы,сөз сарасы” деп ұлы ақын Абай айтқандай,поэзия-
әдебиеттің көне саласы,бірақ жасаған сайын жасара түсетін жанды саласы.
Көз алдымызда тынымсыз гүл жарып, жапырақ жайып , бұтақтанып жатқан
тамаша бір жанды өмір ,жасаулы әлем бар.Ол – поэзия әлемі.Бұрынғыларын айтпағанда,кейінгі жылдардың өзінде біздің ақ шашты,бурыл самайлы аға ақындарымыз қаншама жаңа шығармалар берді десеңізші!Біздің жас буын,жалынды ақындар тобы қандай ғажап сұлу өрнектер алып келді десең-
ші! Әр ақын мынау жалпақ дүниенің қан тамырын басып,жүрек лүпілін тыңдап отырған ғажайып дәрігердей көрінеді.
Ең тұңғыш өлеңді, немесе оны шығарған алғаш ақынды ешкім де іздеп таба алмас! Поэзия тарихы ескі тарих. Көне Египет пен Эллада,Рим,Аравия,
Поэзия жұлдызы таймаған Фарсы мен Түрік... Қытай мен Жапония шайырла-
ры өз алдына ...
Өлең- ұрпақтан ұрпаққа көшіп,талай заманды,талай жанды таң қалдырып
Келе жатқан аса биік, парасат көзі. Өлеңнің тегі, тарихы, теориясы, құрылы-
сы, әсері туралы түсінік, мағлұмат көне заманнан бар. Аристотель,Леонар да
Винчи,Буало,Лессинг, Шеллинг, Чернышевский, Белинский,қазақ топырағы-
нда Ш.Уәлиханов поэзия өнеріне ғылыми трактаттарын арнады. Фирдауси,
Низами,Гете,Гейне,Пушкин,Лермонтов поэзияға табынып,ақын өнері мен ақын орнын ең биікке көтерді. Ұлы ағартушы,оқымысты Ш.Уәлиханов көшпелі қазақ халқының өлең мен әнге деген құмарлығын, өлеңшілдік ,ақын-
дық талантын айтатын тамаша аңызды келтіреді.Ол аңыз бойынша өлең өнері аспаннан,әуеден келіпті-міс.Осының бәрінен поэзияның адам өмірінде-
гі ерекше орны аңғарылады.Адамның күнбе-күнгі тіршілігінің,рухани бейнесінің сәулесі екені сезіледі.Поэзия сырына үңілу,сондықтан да әр уақы-
тта қызғылықты, әр уақытта актуальды.Әсіресе,қазіргі заман поэзиясы қыры мен сыры мол алып көркем дүние болып табылады.Өлең теориясы көне көне заманнан келе жатқан ғылым болғанымен әрбір дәуірдің жаңа туындысы жа-
ңа туындысы жаңалық енгізбей тұрмайды.Оның үстіне әр тілдегі поэзияның
өзіндік бояуы,бейнелеу үлгілері болуы әбден шарт.
1. Әбіраш Жәмішев. “Жыр жанары”.
2. Мүсілім Базарбаев. “Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы”.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Алматы Политехникалық Колледжі

РЕФЕРАТ

“Поэзия- тіл патшасы”

Орындаған:П1К1 гр-ң ст-і

Ильясов Мақсат.
Жетекшісі:Г.Айханқызы.

Алматы 2004
Жоспары:
1.Кіріспе.
2. Поэзия тарихы.
3.Дәуір және поэзия.
4.Ұлттық дәстүр.
5.Поэзия мәңгі жас.

Кіріспе.
“ Өлең – сөздің патшасы,сөз сарасы” деп ұлы ақын Абай айтқандай,поэзия-
әдебиеттің көне саласы,бірақ жасаған сайын жасара түсетін жанды саласы.
Көз алдымызда тынымсыз гүл жарып, жапырақ жайып , бұтақтанып жатқан
тамаша бір жанды өмір ,жасаулы әлем бар.Ол – поэзия әлемі.Бұрынғыларын
айтпағанда,кейінгі жылдардың өзінде біздің ақ шашты,бурыл самайлы аға
ақындарымыз қаншама жаңа шығармалар берді десеңізші!Біздің жас буын,жалынды
ақындар тобы қандай ғажап сұлу өрнектер алып келді десең-
ші! Әр ақын мынау жалпақ дүниенің қан тамырын басып,жүрек лүпілін тыңдап
отырған ғажайып дәрігердей көрінеді.

Поэзия тарихы.
Ең тұңғыш өлеңді, немесе оны шығарған алғаш ақынды ешкім де іздеп
таба алмас! Поэзия тарихы ескі тарих. Көне Египет пен Эллада,Рим,Аравия,
Поэзия жұлдызы таймаған Фарсы мен Түрік... Қытай мен Жапония шайырла-
ры өз алдына ...
Өлең- ұрпақтан ұрпаққа көшіп,талай заманды,талай жанды таң қалдырып
Келе жатқан аса биік, парасат көзі. Өлеңнің тегі, тарихы, теориясы, құрылы-
сы, әсері туралы түсінік, мағлұмат көне заманнан бар. Аристотель,Леонар да
Винчи,Буало,Лессинг, Шеллинг, Чернышевский, Белинский,қазақ топырағы-
нда Ш.Уәлиханов поэзия өнеріне ғылыми трактаттарын арнады. Фирдауси,
Низами,Гете,Гейне,Пушкин,Лермонтов поэзияға табынып,ақын өнері мен ақын
орнын ең биікке көтерді. Ұлы ағартушы,оқымысты Ш.Уәлиханов көшпелі қазақ
халқының өлең мен әнге деген құмарлығын, өлеңшілдік ,ақын-
дық талантын айтатын тамаша аңызды келтіреді.Ол аңыз бойынша өлең өнері
аспаннан,әуеден келіпті-міс.Осының бәрінен поэзияның адам өмірінде-
гі ерекше орны аңғарылады.Адамның күнбе-күнгі тіршілігінің,рухани
бейнесінің сәулесі екені сезіледі.Поэзия сырына үңілу,сондықтан да әр уақы-
тта қызғылықты, әр уақытта актуальды.Әсіресе,қазіргі заман поэзиясы қыры
мен сыры мол алып көркем дүние болып табылады.Өлең теориясы көне көне
заманнан келе жатқан ғылым болғанымен әрбір дәуірдің жаңа туындысы жа-
ңа туындысы жаңалық енгізбей тұрмайды.Оның үстіне әр тілдегі поэзияның
өзіндік бояуы,бейнелеу үлгілері болуы әбден шарт.

Дәуір және поэзия.
Әр заманның поэзиясының өзіне лайық күйі бар, өзіне лайық үні бар. Адам
баласының бүкіл тарих бойына ілгері өсіп дамуы қаншалықты тынымсыз,то-
лассыз жүріп жатқан процесс болса, көркем бейне жүйесімен ойлау, дүниені
образбен танып баяндау, суреттеу өнері де тоқтаусыз дамып, жаңаланып жат-
қан , жақсарып келе жатқан құбылыс. Қоғамдық сананың бір түрі ретінде кө-
ркем әдебиет қай ғасырда болса да, сол заманғы адамдардың бір-біріне деген
қатынасын, ой-арманын, дүние танымын байқатпақ. Соның ішінде поэзияның
ғана құдеті келетін, тек өлең ғана айта алатын тебіреніс бар. Ол- заман
күйі, адам күйі, тіршілік еткен жанның мұңы мен зары, ішкі ой-сезімі,
арманы, күйініші мен қуанышы.
Мұның бәрін, әрине, өнердің басқа салаларынан да табуға болады. Бірақ
қай халықтың болса да көне туындыларын, фольклорлық шығармаларын алсақ, ол
негізінде поэзия екенін көреміз. Поэзия тым көне, тым ескі. Өлең өнерінде
халық аз сөзбен көп дүниені айтарлықтай кілт тапқан. Тәптіштеу,
Баяндау орнына өлеңнің бейнемен, суреттеумен адам халінің көп жайларын
білдіре алатын қасиеті өнерлі халықтың көкеіне қонған. Аристотель; ‘тарих
нақтылы жайды білдіргенде, поэзия көпті, жалпы жайды аңғартады” дегенде
поэзияның осы жинақтап айтатын қасиетін мегзеген болу керек. Өлең ырғақ-
ты, әуенді сүйеді. Өзінің дыбыстық заңы бар. Ішкі сезімді оятып, жан қылын
шертетін музыкамен қауышады. Сондықтан да поэзия ғана көтере алатын, тек
соның ерекшелігінен ғана туатын сурет, өрнектер өз алдына бір ғажйып.
Поэзия мен бейнелеу өнері ілгері дамыған елдерде, қыл қалам шеберлері
мәңгілік туындылар жасаған елдерде адам күйінің бар сырын поэзия тереңірек
аша ма, әлде көркемсурет дәлірек көрсете ме деген пікірлер болған.
Леонардо да Винчи ;’көркемсурет-тілсіз поэзия, ал поэзия көрінбей-
тн көркемсурет” деген екен. Мұнан, әрине, өнердің осы екі түрінің бейнелеу
амалдары бара-бар деген ұғым тумайды. Екеуінің де адамға күшті әсер
ететінін мойындау.
Қазақ топырағында әдебиеттің тек бір жанры – поэзия дамыған. Бірақ бұл
жанр дәстүрге бай. Ол дәстүр қазір ілгері дамып, жаңа ізденістерге жол
ашуда. Қазіргі қазақ поэзиясы- осындай үлкен тарихы бар поэзия. Поэзия-
сол әдебиеттің нәрлі саласы, өзіндік ерекшелігі мол саласы.
Әрбір қозғалыстағы , өсу, өну үстіндегі тірі организм сияқты әдебиет пен
көркемөнер жайын зерттегенде, оның өткені мен қазіргісін, болашағын, яғни
Бүкіл даму эволюциясын толық алып қараған жөн. Қазіргі қазақ поэзиясын
осындай біртұтас организм деп қарап, оның ілгері басқан, қозғалыс үстіндегі
қалпына жан-жақты талдау берілсе , жалпы табыстармен қатар, шешілмеген
Орасан көп проблемалары да көзге туседі.
Шынын айтсақ , қазақ жері поэзияның туы тігілген жер. Атам заманнан
бастап қазақ құлағы өлеңге, сырлы, сұлу сөзге үйренген. “ Туғанда дүние
есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойнына кірер денең” деп ақын айтқан сөз
рас.
Өткен советтік жетпіс жыл өмірінде қазақ өлеңі талай творчестволық өрлеу
кезеңдерін бастан кешірді. Сәкен Сейфуллин поэзиясы өз алдына бір бөлек,
Революциялық күш қарқынның, екпін мен жігердің поэзиясы болып тарихқа енді.
Ілияс Жансүгіров өлеңдері дәстүрді де мықтап ұстаған, жаңаны да мол
қабылдаған шебер ақынның мұрасы ретінде танылды. Кейін Сәбит Мұқанов
творчествосы қазақ поэзиясының жаңашылдык қасиеттерін ілгері дамытқан,
Социалистік құрылыс дәуірінің шежіресі болды.
Ал социализм орнату дәуірінде Жамбыл қазақ өлеңінің даңқын дүниежүзі-
лік дәрежеге көтерді.Жамбыл творчествосы төңірегінде, сол сипаттас өлең-
жырлар төңірегінде болған сол кездегі таңырқану, тамсану осы күнге дейін
оқырман жұрттың жадында.Қазақ өлеңі бүкіл Одаққа, әлемге танылды;Жамбыл
жыры сипатында танылды. Оның өзіндік ерекшеліктері ,
суырып салып айтатын жыршылығы бүкіл қазақ поэзиясына тән қасиет ретінде
қаралып, бұл түсінік басқа жұрт ұғымында солай бекіді. Қазақ поэ-
зиясының өз ішінде де Жамбыл дәстүрі мықтап орнады. Қазақ әдебиеті
үшін мұның екі жақты әсері байқалды.
Біріншісі- халық поэзиясының алыбы Жамбылдың жырлары шын мағы-
Насында орасан күшті тасқындай бүкіл қазақ поэзиясын шалқытты, қайта туған,
жасарған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АБАЙДЫҢ ӨЛЕҢ - СӨЗДІҢ ПАТШАСЫ, СӨЗ САРАСЫ ӨЛЕҢІН АУДАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Әдебиетті оқу процесінде оқушылардың сөйлеу әрекеті
Қ.-М. Жүсіп және ұлттық поэзияның зерттелу мәселелері
Абай поэзиясындағы араб тілінен енген сөздер
ӘЛЕМНІҢ АСЫЛ ДАНАСЫ
ҚАЗАҚ ЛИРИКАСЫ ЖӘНЕ ҰЛЫҚБЕК ЕСДӘУЛЕТ
И. Оразбаев поэзиясының шеберлік тұғыры
Х–XII ғасырлардағы Қарахандар мемлекетінің мәдени мұрасы
Жанат Әскербекқызы өмірі мен шығармашылығы
Есенғали Раушанов поэзиясының поэтикасы
Пәндер