Халық банкі



Кіріспе. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
1.Тарау. Халық банкі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5
2.1 Халық банкі қаржы делдалы ретінде. . . . . . . . . . . . . . . 5
2.2 Халық банкі және оның негізгі қызметі. . . . . . . . . . . . . 8
2.Тарау. Халық банкінің кредиттік бөлімшесі. . . . . . . . . . . . 11
2.1 Халық банкінің нарықтық экономикадағы рөлі. . . . . 11
2.2 Басты атқарылған істер. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 14
3.Тарау. Халық банкінің мақсаты және болашағы. . . . . . . . 16
3.1 Банк қызметін ұйымдастыру негіздері. . . . . . . . . . . . . . 16
3.2 Банк жұмысшыларының қызметтері. . . . . . . . . . . . . . . 21
2. Қорытынды. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 23
3. Қолданылған әдебиеттер тізімі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 25
Практиканы өтудің мақсаты:
-Оқу үрдісінде алынған теориялық білімді мықтап бекіту жене тереңдету;
-Оқу барысында алған теориялық-профессионалдық білімді тәжірибе түрінде қолдануға дағдылану;
-Басқармалық практикалық тапсырмаларды орындауға бейімделу;
-Нақты бір өндірісте бакалавардың кәсіптік қызметінің ерекшелігі мен танысу;
-Алға мақсатты қоя отырып білімді меңгеру , кәсіптік қызметтің тапсырмаларын тұжырымдап айту және де оларды өндіріс шарттары бойынша шешу;
-Маманның кәсіптік ұстанған жайын қалыптастыру, мінез-құлық, жүріс-тұрыс стилін, кәсіптік әдептілікті меңгеру.
Практика өткен жер: Алматы қаласы, мкр. Көктем-2, №1үй, «ҚР Халық Банкі» 131509 бөлімше. Практика өту мерзімі 2007 жылдың 26 маусымынан 7-шілдесіне дейінгі аралықта, яғни 2 апта көлеміндегі уақытта.
Практика үрдісіндегі атқарылған басты жұмыстар мен тапсырмалардың тізімдері, олар 3 этаптан тұрады:
1этап. Бөлім менеджерінің міндетті қызметтерімен танысу.
2этап. Төлем карточкалары.
2.1. Пластикалық карточкаларды толтыруға арналған арыздарды қабылдау.
2.2. Пластикалық карточкалар мен пин-конверттерді беру.
2.3. Алынбаған карточкаларды тіркеу.
2.4. Бонкаматтан алынған корточкаларды беру.
2.5. Карточкаларды ауыстыруға арналған арыздарды қабылдау.
2.6. Карточкаларға блок қою, блоктан шығару.
2.7. Диспуттық сәттер.
2.8. Есеп карта бойынша көшірмелер беру.
2.9. <Мобильный банкинг> қызметіне қосылуға арыздарды қабылдау.
2.10. Карточкалық депозиттер.
2.11. Карталық есеп бойынша кредиттік лимитті орнатуға (өзгертуге, жоюға) арыздар қабылдау.
2.12.Барлық есептік регистрлармен танысу.
3этап. Кредиттік бағдарлама бойынша қарыз берудің тәртіптері.
3.1. <Народная>.
3.2. <Народная плюс>.
3.3. <Пенсионный кредит>.
1.Хард Н, Петр Р. /Банк жүйесі/, Ақиқат журналы, 2003жыл, №3, 3 наурыз, 15-24 беттер.
2.Сынанов А, Байғұсов К. /Банк және банк операциялары/, Жоғарғы мектеп журналы, 2005 жыл, № 7, 12 шілде, 19-25 беттер.
3.Құлпыбаев С./Банктердің нарықтық экономикадағы ролі/, Алматы:Мерей – 2006жыл, 310 бет.
4.Құлпыбаев С, Баязитова Ш. /Қаржы-несие институттары/, Алматы:Мерей – 2005жыл, 327 бет.
5.Сейітқасымов С.Ғ./Ақша,несие,банк/, Алматы: Рауан – 2002жыл, 210 бет
6./ҚР-ғы банктер және банкілік қызмет туралы/ ҚР Президентінің Жарлығы, 1995 жыл, 31 тамыз, 1 бабы.
7.Никитин П./Коммерциялық банктер/, Егемен Қазақстан, 2004 жыл, №5, 18 маусым, 11-13 беттер.
8.Баймұратов У./Екінші деңгейлі банктер/, Алматы:Экономика – 2005 жыл, 256 бет.
9.Уалиев С./Банк жүйесінің құрылымы/, Егемен Қазақстан, 2004 жыл, №9, 16 қыркүйек, 5-9 беттер.
10.Шатырбаев М./Банктер қызтеті/,Алматы: Шың – 2003 жыл,220 бет.
11.Омаров К./Қаржылық қызметтер/, Алматы:Рауан – 2006 жыл, 264 бет.
12.Жақсыбаев Д, Ахметбек А./Банк операциялары/, Ақиқат журналы, 2007 жыл, №5, 12 маусым, 26-27 беттер.
13.Өсеров С./ Халықты несиелендіру /, Егемен Қазақстан, 2006 жыл, №9, 21 қыркүйек, 13-15 беттер.
14.Сонаев Ш./Банктер/, Алматы: Рауан – 2006 жыл, 160 бет.
15.Шанаев К./Банк жүйесі/, Алматы: Мерей – 2005 жыл, 230 бет.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . 3
1-Тарау. Халық банкі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . 5
2.1 Халық банкі қаржы делдалы ретінде. . . . . . . . . . . . . .
. 5
2.2 Халық банкі және оның негізгі қызметі. . . . . . . . . . . .
. 8
2-Тарау. Халық банкінің кредиттік бөлімшесі. . . . . . . . . . . .
11
2.1 Халық банкінің нарықтық экономикадағы рөлі. . . . . 11
2.2 Басты атқарылған істер. . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . 14
3-Тарау. Халық банкінің мақсаты және болашағы. . . . . . . . 16
3.1 Банк қызметін ұйымдастыру негіздері. . . . . . . . . . . . .
. 16
3.2 Банк жұмысшыларының қызметтері. . . . . . . . . . . . . . .
21
2. Қорытынды. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . 23
3. Қолданылған әдебиеттер тізімі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . 25

Кіріспе

Практиканы өтудің мақсаты:
-Оқу үрдісінде алынған теориялық білімді мықтап бекіту жене
тереңдету;
-Оқу барысында алған теориялық-профессионалдық білімді тәжірибе
түрінде қолдануға дағдылану;
-Басқармалық практикалық тапсырмаларды орындауға бейімделу;
-Нақты бір өндірісте бакалавардың кәсіптік қызметінің ерекшелігі
мен танысу;
-Алға мақсатты қоя отырып білімді меңгеру , кәсіптік қызметтің
тапсырмаларын тұжырымдап айту және де оларды өндіріс шарттары
бойынша шешу;
-Маманның кәсіптік ұстанған жайын қалыптастыру, мінез-құлық, жүріс-
тұрыс стилін, кәсіптік әдептілікті меңгеру.
Практика өткен жер: Алматы қаласы, мкр. Көктем-2, №1үй, ҚР Халық
Банкі 131509 бөлімше. Практика өту мерзімі 2007 жылдың 26 маусымынан
7-шілдесіне дейінгі аралықта, яғни 2 апта көлеміндегі уақытта.
Практика үрдісіндегі атқарылған басты жұмыстар мен тапсырмалардың
тізімдері, олар 3 этаптан тұрады:
1этап. Бөлім менеджерінің міндетті қызметтерімен танысу.
2этап. Төлем карточкалары.
2.1. Пластикалық карточкаларды толтыруға арналған арыздарды қабылдау.
2.2. Пластикалық карточкалар мен пин-конверттерді беру.
2.3. Алынбаған карточкаларды тіркеу.
2.4. Бонкаматтан алынған корточкаларды беру.
2.5. Карточкаларды ауыстыруға арналған арыздарды қабылдау.
2.6. Карточкаларға блок қою, блоктан шығару.
2.7. Диспуттық сәттер.
2.8. Есеп карта бойынша көшірмелер беру.
2.9. Мобильный банкинг қызметіне қосылуға арыздарды қабылдау.
2.10. Карточкалық депозиттер.
2.11. Карталық есеп бойынша кредиттік лимитті орнатуға (өзгертуге, жоюға)
арыздар қабылдау.
2.12.Барлық есептік регистрлармен танысу.
3этап. Кредиттік бағдарлама бойынша қарыз берудің тәртіптері.
3.1. Народная.
3.2. Народная плюс.
3.3. Пенсионный кредит.

1-Тарау. Халық банкі.

1.1 Халық банкі қаржы делдалы ретінде.

Банк дегеніміз - Қазақстан Республикасы Президентінің банк және
банклік қызмет туралы заң күші бар Жарлығына сәйкес, банкілік
қызметті іске асыратын коммерциялық ұйым, заңды тұлға болып табылады.
Банктің басқармасы орналасқан жер банктің орналасқан жері болып
табылады. Банкті ашық түрдегі акционерлік қоғам ретінде қайта құруға
Ұлттық Банктен лицензия алған сәттен бастап календарлық бір жылдың
ішінде шығынсыз қызмет еткен жағдайда және осы жыл ішінде Ұлттық
Банк бекіткен міндетті нормалар мен шектеулерді сақтаған жағдайда,
жол беріледі.
Банктің құрылтайшылары болып табылатын акционерлері банкті жабық
түрдегі акционерлік қоғам формасында қайта құрғаннан кейін басқа
акционерлермен салыстырғанда қосымша құқықтар иелене алмайды. Және
оларға қосымша міндеттер жүктелмейді.
Банктің түріне қарай Ұлттық Банк жылдық есеп беру, бухгалтерлік
баланс және пайда мен шығынды есептеудің әр түрлі стандартын
бекітеді.
Банктер мемлекеттік меншік негізінде құрылатын мемлекеттік банктен
басқа, кез келген меншік формасы негізінде құрылады. Банк құрылтай
шарты негізінде және өзінің жарғысына сай қызмет етеді.
Банкті құру жөніндегі құрылтай шартында мынандай мәліметтер
көрсетілуі керек:
-құрылтайшылар туралы мәліметтер: олардың әр қайсысының толық
фирмалық атауы, орналасқан жері, заңды тұлғалар үшін мемлекеттік
тіркеу туралы мәлімет, жеке тұлғалар үшін - аты-жөні, азаматтығы, жеке
басын куәландыратын құжаттың мәліметтері, тұрғылықты жері;
-акциялардың құны , саны және катеогориясы туралы мәліметтер.
Банктің Жарғысында міндетті түрде төмендегідей мәліметтер болуы
керек:
-банктің толық және қысқаша атауы;
-банктің меншік формасы және ұйымдастырылу-құқықтық формасы туралы
мәліметтер;
-банктің қорларын құру және оларды пайдалану принциптері;
-банкті басқару органдарының шешім қабылдау тәртібі.
Банк өзінің Жарғысында жазылған фирмалық атауды банктің атауы
ретінде қолданады. Бірде-бір банк өзінің Жарғысында атаудан басқа
атауларды басқа құжаттарда, хабарландыруларда және жарнамаларда
пайдалануға құқығы жоқ.. Ұлттық Банктен басқа барлық банктарға өз
атауында Ұлттық сөзін қолдануға тиым салынады. Мемлекеттік банктардан
басқа банктардың барлығында өз атауында мемлекеттік сөзін
қолдануға тиым салынады.
Банктің жарғылық қоры оның міндеттерін қамтамасыз етуге қызмет етеді
және банклік операцияларды жүргізудің негізгі қайнар көзі болып
табылады. Банктің жарғылық қоры (мемлекеттік банкті есепке
алмағанда) алғашқы кезде акцияларды сату немесе құрылтайшылардың
жарнасы есебінен құрылады. Құрылтайшылар мен акционерлер өздері алатын
акцияларға тек қана ақшалай қаражат төлеуі керек.
Жабық түрдегі акционерлік қоғам формасында қызмет ететін банктің
акциялары үшін несиеге алынған, кепілдікке берілген қаражаттарды
қолдануға тиым салынады.
Осы талаптарды бұзу жолымен жарғылық қорға түскен қаражат сондай-
ақ, банкті пайдаланудан келіп түскен табыстар республикалық бюджет
пайдасына өндіріліп алынады. Ал акциялар одан әрі іске асырылу
үшін банкке қайтарылады.
Банк акцияларын алғаш рет сату олардың номиналды құнынан төмен
емес бағамен және барлық құрылтайшылар үшін бірдей жүргізіледі.
Жаңадан құрылған банктің құрылтай құжаттарында көрсетілген
жарғылық қоры оның тіркелу сәтінде өзінің акционерлерімен елу
процентке төленген болу керек. Қалған бөлігі банк заңды тұлға ретінде
тіркелген күннен бастап бір календарлық жыл ішінде төленуі
керек.
Несиелік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет
көрсететін және коммерциялық негізінде кең көлемді қаржылық қызмет
жасайтын дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерция- лық,
кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерция- лық
банктер деген жалпы атпен біріктіріледі.
Коммерциялық банк термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде,
банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет
көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагер болғандық- тан.

Жалпы қоғамға көмек, олар банктен алған қарыздары есебінен өздерінің
өнімдерін өндіріп, алға қойған мақсатына жеткенде ғана пайданы сезінеді.
Коммерциялық банктер өз клиенттерінің ақшаларын сақтауға қолайлы әртүрлі
депозиттерді ұсынады, бұл бір жағынан ақшаның сақталуын қамтамасыз етсе,
екінші жағынан өтімділікке деген клиенттің қажеттелігін қанағаттандырады;
Көптеген клиенттер үшін облигацияға немесе акцияға жұмсағанға қарағанда,
мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылыды.

1.2 Халық банкі және оның негізгі қызметтері.

Мемлекеттік несие жүйесінде коммерциялық банктердің алатын орны өте
зор. Олар қарыз капиталы нарығының әр түрлі саласында жан-жақты іс-
әрекет етеді. Коммерциялық банктер несие ресурстарының негізгі
бөлігін шоғырландырып, өз клиенттеріне несие беру, депозит қабылдау,
есептесу, бағалы қағаздарды, шетел валютасын сатып алу-сату мен
оларды сақтау және басқа да көптеген қаржылық қызмет көрсетеді.
Коммерцялық банктер - нарықтық экономикада несие жүйесінің негізгі
буыны. Олардың міндеті ақша айналымы мен капитал айналымының
үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету, өнеркәсіп мекемелерін, мемлекет
пен халықты несиелеу, халық шаруашылығына қор жинау үшін жағдай
жасау болып табылады. Қазіргі коммерциялық банктер қаржы делдалы
ретінде ақша капиталын салааралық және аймақаралық қайта бөлуді
қамтамасыз етіп, маңызды халық шаруашыдлық қызмет атқарады. Енді
коммерциялық банктер туралы кеңірек танысу үшін олардың қызметін
айтып өтейік:
Ақша қаражатын шоғырландыру және тарту қызметі - банктердің ежелден
атқаратын қызметтерінің бірі. Заңды және жеке тұлғалардың уақытша
бос ақшасын банкке тарту, бір жағынан, олардың иесіне процент
түрінде табыс түсірсе, ал екінші жағынан банктің несие операцияларын
жүргізуіне негіз қалайды. Шоғырланған жинақ ақша әр түрлі
экономикалық және әлеуметтік қажеттіліктерге жұмсалуы мүмкін.
Коммерциялық банктердің атқаратын келесі қызметі - несие беруде
делдал болу. Бос ақша қаражат иесі мен қарыз алушының арасында
тікелей несие қатынастарының туындауына кедергі болатын жәйтттер:
ұсынылатын капитал көлемінің қарызға қажетті көлемге сай келмеуі,
капиталдың айналыстан босау мерзімінің қарыздарға қажет мерзіммен
сай келмеуі. Коммерциялық банктер қарыз беруші мен қарыз алушының
арасындағы қаржылық делдалы ретінде осы кедергілерді жояды. Банктік
несие экономиканың әр түрлі секторларына беріліп, өндірістің кеңеюін
қамтамасыз етеді.
Ұйымдасқан және жұмысы қалыптасқан есеп айырысу жүйесінсіз тұрақты
экономика болуы мүмкін емес. Сондықтан банктің келесі қызметі
шаруашылықтармен есеп және төлем жұмыстарын жүргізудің рөлі зор.
Кәсіпорындар арасындағы есеп айырысудың негізгі бөлігі қолма-қол
ақшасыз жүреді. Банктер делдал ретінде клиенттердің тапсырысы
бойынша шотқа ақша қабылдап, ақшаның түсуін және берілуін
есептейді.
Коммерциялық банктердің ерекше қызметі құралдарын шығару арқылы
айналымдағы ақшаны көбейту немесе артығын жою, яғни ақша массасын
көбейту немесе азайту. Төлем құралдарын шығару олардың депозиттік
және несиелік қызметтеріне тікелей байланысты.
Депозит екі түрлі жолмен жүргізіледі: клиенттің банкке ақша салуы
арқылы немесе қарыздарға банктің несие беруі арқылы жүргізіледі.
Коммерциялық банктер акция және облигация түріндегі бағалы
қағаздарды шығарып және орналастыру эмиссиялық -құрылтайшылық қызмет
атқарады. Банктердің жинақтарды өндірістік мақсатқа жұмсайтын
мүмкіндігі бар. Сөйтіп бағалы қағаздар нарығы несие жүйесін
толықтырып, әрі онымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Ұзақ
мерзімді инвестиция тарту мақсатында кәсіпорындар акция және
облигациялар шығарады.
Банктер сенімхат бойынша клиенттердің мүлкін басқару қызметін де
атқарады. Жеке тұлғаларға: осы қызметті атқаруға құқығынан
айырылғандардың мүлкін уақытша басқару; ізбасарларының мүддесі үшін
өлген адамның мүлкін басқару; пайда табу мақсатымен капиталды
басқару және т.б. қызметтер көрсету болып табылады. Ал компанияларға
көрсететін қызметтер: банктің облигациялар бойынша кепілші болуы;
нарыққа шығарылған акцияларды және трансферттерді тіркеу үшін өкіл
болуы; корпорацияның зейнетақы қорының қаржысын басқарушы болуы
және т.б. қызметтер атқарады. Экономикалық мағлұматтарды өзіне
жинақтауы банктердің клиенттеріне кеңес беру қызметіне мүмкіндік
туғызады. Банктер төмендегідей қеңес береді: шот ашу, есеп -
несиелік және кассалық қызмет көрсетуден бастап, ақша және тауар
нарықтарында операциялар жүргізуге дейін нұсқау береді.
Банк жүйесі несие жүйесінің негізгі буыны, нарықтық экономиканың маңызды
құрамдық бөлігі болып табылады. Ол несие және қаржы операцияларының негізгі
массасын шоғырландырады.
Кез келген жүйе барлық қажетті элементтер мен қажетті пропорцияларды
қамту керек, онда олар өзара әрекеттесіп, бір-бірін толықтыруы қажет,
әдеттегіше, бір жүйе өзінен де ауқымды басқа жүйеге енеді.
Банк жүйесіне бұл принциптердің де тікелей қатысы бар. Мәселен, кез келген
елдің банк жүйесінде оның негізгі элементтері кездеседі: әр түрлі
тұрпаттағы банктер, банктердің бірлестігі және т.б.
Банк жүйесі құрамдық бөлік ретінде үлкен жүйе – елдің несие жүйесіне
кіреді. Ал несие жүйесі елдің экономикалық жүйесіне кіреді. Сол себепті де
банктің қызметі мен дамуын қоғамның ұдайы өндірістік процесімен тығыз
байланыстырып қарау қажет. Банктер мен банк жүйесі өзінің нақты қызметінде
бюджеттік-салықтық және басқа да жүйелермен өзара тығыз әрекеттесіп,
экономикалық өмірді басқару мен реттеудің жалпы тетігімен шектеліп,
сабақтасады.

2-Тарау. Халық банкінің кредиттік бөлімшесі.

2.1 Халық банкінің нарықтық экономикадағы ролі.

Банк клиенттерінің субъективті құқықтарына шотқа ақша салу, ақша
аудару туралы нұсқау беру, шоттар мен салымдар бойынша жасалған
операциялар жөнінде ақпарат алу, төлемақы жүргізудің электронды
құралдарын пайдалану және т.б. жатады. Клиенттің банктік шот ашу
шартын жасауды талап етуге, операцияларды жүргізу мерзімін сақтауды,
барлық операцияларды банкілік ережелер мен шарттарға сай жүргізуді
талап ету құқығы бар. Клиенттің құқығы бұзылған жағдайда ол
мемлекеттік мәжбүрлеу органдарына жүгіну мүмкіндігін беретін құқыққа
ие болады.
Клиент, сонымен бірге , банкілік ережелер мен дәстүрлерді де
сақтауы тиіс. Мысалы: есептесудің бекітілген формаларын сақтауға,
қажетті ақпарат беруге.
Банктің субъективті құқтары мен міндеттері басқа жағынан алғанда
клиенттің құқықтары мен міндеттері болып табылады. Сондықтан да банк
клиенттің ақша қаражаттарын тиімді орналастыруын, операцияларды іске
асырудың неғұрлым ыңғайлы режимін қамтамасыз етуге бағытталған
әрекеттерді атқаруы керек.

Банктер әр түрлі міндеттер атқарады, сонымен қатар олар өзара және
шаруашылықтың басқада субъектілері арасында болатын күрделі қарым-
қатынастарға қатысады.
Бәрінен бұрын банкке анықтама берудің маңызы зор . Экономикалық
тұрғыдан да, заң ғылымында да банкті несие алу немесе беру
жөніндегі делдалдық қызметті атқаратын кәсіпорын деп түсіндіреді.
Банк өзінің клиенттеріне үш катеогориядағы қызмет көрсетеді.
Біріншіден, банк бөтеннің ақшасын сақтау міндетін мойына ала отырып
тұлғалардың ақша қаражаттарын жинайды. Бір сөзбен айтқанда өз
клиенттерінің кассирі болады. Екіншіден, банк клиенттен процентсіз ақша
талаптарын, көбіне вексель талаптарын алу формасында қызмет
көрсетеді. Атап айтсақ, заем намесе кепілдік несие формасында
Үшіншіден, банк клиенттердің төлем ақыларды қабылдау және іске асыру
жөніндегі әр түрлі тапсырмаларын орындайды. Мысалы: чектерге,
аударымдарға, аккредитивтерге ақы төлеу, вексельдер және басқа да
құжаттар бойынша төлемдер инкассациялау. Қызметтің осы үш
категориясына сәйкес банктерге тән үш міндетті ажыратып айтуға
болады: 1) бөтеннің қаражатын жинау; 2) несие беру; 3) төлем айналымына
ықпал ету.
Банк несиелік мәлімеге қатысушы тараптардың бірі болып табылатын
субекті. Банк пен несиенің айырмашылығы: несие ақшалай да товарлық та
формада болатын қатынас. Банктегі құбылыс тек ақшалай формада ғана
болады. Банк пен несиені салыстырып қарағанда олардың тарихи негізін
көре білу керек. Банк ақша пайда болған кезде ғана пайда болса,
несие ақша пайда болғанға дейін де өзінің барлық міндеттерін
атқарған. Банк – банктің негізі болып табылатын несиенің дамуының
нәтижесі.
Қазақстан Республикасыны Президентінің Қазақстан Республикасындағы
банктер және банкілік қызмет туралы 1995 жылдың 31-тамызында шыққан
заң күші бар Жарлығының 1 бабында, банк дегеніміз - заңдарға сәйкес
банкілік қызметті іске асыруға өкілеттігі бар, коммерциялық ұйым
болып табылатын заңды тұлға деп бекітілген. (Президент Жарлығы)
Банктер нарықтық экономикада ең басты қаржылық делдалдар болып табылады.
Өз қызметінің процесінде олар ақша нарығында тауарға айналатын жаңа
талаптар мен міндеттемелерді тудырады.

1 сызба – Қаржы-несие институттарының атқаратын ролі.

Қаржы институттары: банктер,
сақтандыру компаниялары, зейнетақы
және инвестиция қорлары.

Депозит түрінде Жеке салымдарға және
немесе басқа
келісімшарт бойынша
жолмен берілетін қарыз
түрінде берілген
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР Банктік жүйесіндегі «Қазақстан халық банкі» АҚ-ның алатын орны мен мән
ҚЫТАЙ БАНК ЖҮЙЕСІ
Қазақстан Республикасы банк жүйесі
Банк филиалының активтері мен пассивтерінің құрылымын диверсификациялау
Банктің қаржылық жағдайы көрсеткіштері
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ жайында
Қазақстан Халық Банкінің жалпы сипаттамасы
Қазақстанның банктік қызметтер нарығының жағдайын талдау
ІІІ БӨЛІМ БАНКРОТТЫҚ ЖАҒДАЙДЫ БОЛДЫРМАУДА ҚАРЖЫЛЫҚ АҒЫМДАРДЫ ТАЛДАУ
Диплом алдындағы өндірістік практика бағдарламасының орындалуы туралы есеп
Пәндер