Темперамент жайлы


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАРЫ:

Кіріспе

1. Темперамент туралы жалпы ұғым

2. И. П. Павловтың темпераментті жіктеуі

3. Темперамент типтерінің сипаты

4. Абайдың психология көзқарастары

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Дүние жүзіндегі 6 млрд. адамның әрқайсысының саусақ бедері ұқсамайды. «Темперамент» сөзінің шығу тегі, «Красис» деген грек сөзін латынша - темпераментум дейді. Мұндай атаудың мәні нәрселердің не заттардың мөлшер шамаластығы деген түсінікті білдіреді.

Темперамент туралы алғаш еңбек жазған - ертедегі грек жұртының дәрігер - ғалымы Гиппократ болды.

Қанның пропорциялық мөлшері көп болса - сангвиник (латынша-сангуис) ; сөл көп болса - флегматик (грекше-флегма) ; өт көп болса - холерик (грекше-холе) күшті пропорция қара өтте болса - меланхолик (грекше-мелайнехоле) екі бағыт тартыста болғанын ескерген жөн. Оның бірі - неміс психологі Кречтер мен американ психологі Шелдонның темперамент типтері ішкі секреция бездері қызметінің арақатынасына байланысты болады деп санады.

Павловтың жүйке жүйесі типтерінің қызметі жайындағы ілімі ғылымы негіз салды. Неміс анатомы Гейне темпераменттердің түрліше болуы жүйке жүйесінің тонусына байланысты десе, орыстың антрополог ғалымы Зеланд әр түрлілік ми қабықшасындағы молекулярлық қозғалыстың жылдамдығы мен біркелкілігіне байланысты дейді. Ал П. Ф. Лесгафт темпераменттер қантамырларының жуандығы мен кеңдігіне байланысты деген тұжырым айтты.

Ж. Аймауытов 1928 жылы Мәскеуде араб әрпімен басылып шыққан «Жан жүйесі және өнер таңдау» деген еңбегінде тек темперамент түрлерінің ғана емес, жалпы псиология ғылымының өзекті мәселелерін өз кезіндегі ғылымның деңгейінде қарастырып, өте құнды пікірлер айтты.

Темпераменттің физиологиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан дәйектеп түсіндірген - академик И. П. Павлов болды. Жүйке жүйесінің типтері ми қабығындағы қозу, тежелу процесстерінің негізгі үш белгісі - қозу мен тежелудің күші, олардың тепе-теңдігі және қозғыштығынан құралады.

Мінез - әрбір адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттер мен ерекшеліктердің жиынтығы. Гректің «характер» деген сөзінен шыққан.

ХХІ-ғасырда француз ғалымы А. Бен мінезді тек психологиялық ерекшелік, дара адамның ақыл-ойы мен сезімінің және ерік ерекшеліктерінің қасиеті деп санады. И. Кант мінезді темпераментпен салыстыра отырып, оны адамда жүре пайда болатын қасиет деп анықтады. Сондай-ақ, ол адамның даралық қасиеттеріндегі туа пайда болатын ерекшеліктер мен жүре пайда болатын ерекшеліктерді бөліп көрсетті.

1. Темперамент туралы жалпы ұғым

Сыртқы бейнесі мен түр-тұлғасы жағынан адамдар бірінен-бірі ұқсас болғанымен, мінез-құлқы, темперамент ерекшеліктері, қабілеті мен икемділігі жағынан олардың әрқайсысының өзіндік даралық қасиеттері болады. Табиғатта жеке дара ерекшеліктерімен сипатталатын үштүрлі нәрсе бар. Оның бірі - бір түп ағаштағы 200 000-ға жуық жапырақтың бедері жағынан бір-біріне ұқсамай, даралық өзгешелігімен көзге түсетіндігі; екіншісі - темпераменті, мінез-құлқы жағынан бірдей екі адам болмайды; үшіншісі - дүние жүзіндегі 6 млрд. адамның әрқайсысының саусақ бедері біріне-бірі ұқсамайды. Осы деректер табиғаттағы кемелденіп жетілген ақыл-ой иесі - адамның өзіндік қасиеті мен ерекшелігін білдіреді.

Әрбір кісінің жеке басына тән дара өзгешеліктің бірі - осы темперамент. “Темперамент” сөзінің шығу тегіне тоқталар болсақ, “красис” деген грек сөзін латынша - темпераментум дейді. Мұндай атаудың мәні нәрселердің не заттардың мөлшер шамаластығы деген түсінікті білдіреді. Бұл өзгешелік - ең алдымен, адамның эмоциялық сезіміндегі және жүріс-тұрысы мен қимыл-қозғалысындағы, сөйлеген сөзіндегі, өзге адамдармен қарым-қатынасындағы ерекшеліктері. Сөйтіп, біз темпераментті жүйке жүйесінің табиғи типтік қасиеттеріне тәуелді, жеке адамға тән дара өзгешелік деп білеміз. Адамның мұндай өзгешелігінің сыр-сипатына зерттеуші-ғалымдар ерте замандарда-ақ айрықша мән берген. Адамның осындай өзгешелігінің мәнін ашуға алғаш көңіл аударып, еңбек жазған - ертедегі грек жұртының дәрігер-ғалымы Гиппократ (б. з. д. 460-356 жж. ) болды. Ол өз шәкірттерімен бірге организм өзгешеліктері денедегі “тіршілік шырындарына” байланысты деп санады. Яғни олардың пікірінше, денені жылытатын - қан, салқындататын - сөл, құрғататын өт, дымқылдандыратын - қара өт. Бұлар бірімен-бірі белгілі бір пропорциялық қатынаста болады. Осы заттар қатынасының қай мөлшерде екендігіне қарай әрбір адамның өзіндік даралық өзгешелігі болады. Қанның пропорциялық мөлшері көп болса - сангвиник (латынша - сагуис ) ; сөл көп болса - флегматик (грекше - флегма ), өт көп болса - холерик (грекше - холе ) және күшті пропорция қара өтте болса - меланхолик (грекше - мелайнхоле - қара өт) деп төрт типке бөлген. Сол кезден бастап ғылымда темперамент атауы тұрақты орын алды.

Темперамент-жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен, туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі. Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан, қимыл - қозғалысынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады.

Темперамент-организмнің физиалогиялық өзгешеліктермен, әсіресе, жоғарғы жүйке қызметінің тума қасиеттерімен шарттас психикалық құбылыс. Темперамент адамның жалпы қозғалысынан да (мәселен, біреулер шапшаң қозғалады, тез қимылдайды, енді біреулері жай қимылдап, асықпай істейді), психиканың күші мен тереңдігінен де (мәселен, біреу өжет, алғыр болса, екінші біреу керісінше, сылбыр жігерсіз болады), адамның көңіл күйінің ерекшеліктерінен де (салмақты, тұрақты, жеңіл, тұрақсыз т. б. ) эмоция сезімдерінен де (біреу сабырлы, екінші біреу күйгелек т. б. ) жақсы байқалып отырады.

Темперамент туралы алғашқы ой - пікірлер ғылымда өте ерте кездің өзінде-ақ айтыла бастады. Ежелгі Грецияның белгілі ғалымы, дәрігер Гиппократтың (б. э. д. 460-356) еңбектерінде бұл өнінде біраз пікірлер айтылған. Гиппократтың ойынша, әр түрлі темпераменттер адамдар мен жануарлардың денесінде төрт түрлі сұйық заттарға байланысты болмақ. Олар: денені жылытып тұратын-қан, салқындататын-шырын(слиз), құрғататын-бауырдағы сары өт және өған дымқылдық беретін қара өт(талақ) . Осы төрт сұйықтың, араласуының пропорциясын грекше «красис» деп атаған. Ал латын тілінде бұл терминді темпераментум деп атап кеткен.

Сөйтіп Гиппократ және оның шәкірттері адамдағы темпераменттің әр түрлі организмдегі осы төрт түрлі сұйық заттың бір-бірінен аз-көптігіне байланысты деп түсінген. Мәселен организмде қанның пропорциясы артық болса, ол сангвиникалық (латынша «сангиус»-қан), ал шырын басым болса (грекше «флегма»-шырын), флегматик темперамент деп; ал организмде қара өт басым болса меланхолик(грекше «мелай-нехоле»-қара өт), организмде сары өт басым болса, холерик(грекше холе-өт) темпераментті деп аталған.

Гиппократ организмдегі сұйықтардың біріншісінен екіншісі басым болуы кейбір аурулардың шығу тарихын түсіндіруге де жарайды деді, ол мидың ролін түсіне білді, оны бездердің бірі деп санады. Бұл -адамның жеке ерекшеліктерін жаратылыстық ғылыми зерттеудің алғашқы қадамы еді.

Рим дәрігері Гален (129-199) темпераменттің санын 13-ке бөлді. Гален организмде жылылық неғұрлым басым болса, адамның темпераменті күшті болатынын, денесі салқын балса, темпераменті баяулайтынын айтты. Бұл секілді түсініктердің прогрессивтік маңызы зор, өйткені адамның тәнін зерттеу, тәжірибеге көңіл аудара бастау сол кезде кең жайылған, жан тәнге байланыссыз нәрсе дейтін теріс пікірге берілген үлкен соққы еді.

Орта ғасыр ғалымдары темпераментті организмдегі химиялық заттардың құрамына байланысты түсіндіруге тырысты. Кейін. нен темперамент организмнің түрліше физиалогиялық өзгешеліктеріне, атап айтқанда, қан жолы жүйесінің құрылысына, зат алмасуға, ішкі секреция бездеріне т. б. байланысты деген пікірлер де тарады. Неміс философы И. Кант (1724-1804) өзінің «Антрапология» деген еңбегінде темпераменттің төрт түрі туралы толық психологиялық сипаттама берді. Бірақ ол темперамент пен мінез ұғымдарын бір -біріне балама ретінде (бұлай деп түсіну қате) қарастырды.

2. И. П. Павловтың темпераментті жіктеуі

Темперамент туралы теория XIX ғасырдың аяқ кезінде де кең өріс алды. Мәселен, неміс анатомы Гейне темпераменттердің түрліше болуы жүйке жүйесінің тонусына байланысты десе, орыс антропологы Н. Л. Зеланд (1833-1902) ми қабықшасындағы молекулярлық қозғалыстың жылдамдығы мен біркелкілігіне байланысты деді. Көрнекті орыс педагогы П. Ф. Лесгафт (1837-1909) темпераменттерді қан сауыттарының жуандығы мен кеңдігіне байланысты деп тұжырымдады. Темпераменттердің физиалогиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан дәйекті етіп түсіндірген академик И. П. Павловтың ілімі темперамент туралы түсіекті ғылыми сара жолға түсірді.

Жүйке жүйесінің типтері ми қабатындағы қозу, тежелу процестерінің үш негізгі белгісінің (күші, тепе-теңдігі, қозғалғыштығы) жиынтығынан құрастырылады.

Жүйке процестерінің күшіне - ми қабығының жұмыс істеу қабілеттілігі, яғни сыртқы ортаның түрлі тітіркендіргіштеріне мидың төзімділігі жатады. Жүйке процестерінің тепе-теңдігі деп қозу мен тежелудің бір-біріне тең келуін айтады. Жүйке процестерінің қозғалғыштығы деп олардың бірінің екіншісіне алмаса алу қабілеттілігін айтады.

Сөйтіп И. П. Павловтың айтуы бойынша, жүйке жүйесінің әрбір типінің үш белгісі болады. Мәселен күшті типтердің бірі - ұстамсыз тип-жұмыс істеу қабілеті күшті, қозу тежелу процестері бір-бірімен сәйкес ерекше қозғалыстағы тип. Күшті типтердің екіншісі ширақ типтер деп аталынады. Мұнда қозу мен тежелу процестері бір-біріне тең келіп, тез алмасып отырады. Күшті типтердің үшіншісі қозу мен тежелу бір-біріне тең, бірақ алмасуы сараң баяу қозғалатын тип. Әлсіз типте қозу мен тежелу процестері баяу көрініп тоырады. Күшті тітіркендіргіштердің әсерінен туатын шектен тыс тежелулер де әлсіз типте жиі болып отырады. Мұндайда кейде күшті типтер сыртқы дүниеден келетін түрлі әсерлерге төзімді келсе, әлсіз тип морт сынып келетін болады.

И. П. Павловтың жүйке жүйесінің типтері туралы ілімі бойынша әр түрлі темперамент өкілдерібылайша сипатталынады. Мәселен жүйке процестері күшті, бірі екіншісіне тең келмейтін адамдар, көбінесе, ұйытқымалы, шапшаң келеді. Олар - ұстамсчыз күйіп -пісуге ылғи да дайын адамдар. Бұлар холерик темпераментінің өкілдері. Павлов холериктерді жылдам, тез әсерленгіш, жалындап атып тұратын жауынгер типті адамдарды атайды. Сангвиник темпераментінің өкілі, Павловтың айтуы бойынша қуатты, тұрлаулы, ойнақы, еті тірі кез-келген істі бастап, кейін тастап жүре береді. Ол жұмысқа қабілетті, беріліп істейді. Басқа адамдармен тез тіл табыса алатын, ұжым арасында өзін көңілді ұстайды. Ақкөңіл, қызу істің адамы. Оның осал жері-жеңіл мінездікке салынады. Бұл оның эмоцияларының тұрақсыздығынан және жалпы қозғалғыштығынан туатын жәйттар.

Флегматик темпераментіндегі адам, көбінесе, салмақты, сабырлы келеді. Олар кез-келген нәрсеге сезім білдіре бермейді, асықпай, баппен жүріп тұрады, сезімдері сыртқа шықпайды десе де болады.

Меланхолик темпераментіндегі адамға әсер етпейтін нәрсе жоқ, бірақ әсер еткен нәрсенің бәріне өз сезімін білдіре бермейді, не де болса ішінде жүреді. Мұндай темпераменттегі адам өзге адамдармен қнша көп жұғыспайды, бірақ тиісті жерінде айтайын дегенін айта алады.

Табиғи жағдайда темпераменттердің «таза» түрін ажырата алу, көбінесе қиынға соғады. Өйткені, олар адамның өмір барыснда қалыптасатын әр түрлі ерекшеліктерінің көлеңкесңнен жөнді көрінбей қалуы да мүмкін.

Дегенмен, ұзақ уақыт бойына жүргізілген зерттеулер бізге төменгі сыеып оқушылары арасынан темпераменттердің таза түрлерін тауып алуға мүмкіндік береді.

Сангвиник темпераменті басым оқушыларының ерекшеліктері: ашық, көпшіл, сөзшең, кісіге қайырымды, қысылып-қымтырылмайды, оптимист, өмір сүйгіш, көтеріңкі көңілді, бвсшылыққа, жетекшілікке құштар. Мұндай адам жылдам және тез қозғыш, көңіл күйі жиі өзгеріп тұратын, көп нәрсеге қызығады. Бәрін біліп алуға тырысады, бірақ біреу бағыттап отырмаса тез суып кетуі мүмкін. Ақыл-ой әрекеті белсенді жүріп отырады. Сангвиниктер өмірге икемді, тәрбиелеуге оңтайлы ширақ темперамент болып саналады.

Флегматик темпераменті басым оқушының ерекшеліктері: өте сақ, ұяң, байсалды, жұртқа жақсылық тілейді. Сенімді, тұрақты, бірқалыпты болып келеді. Флегматик темпераментіндегі бала сабырлы, орынсыз асып саспайды. Ауыр мінезді, көрсе қызар емес, мәселені тез шешуге асықпайды. Салқын қанды, бір істі бастаса салпақтап соңынан қалмайтын бала. Мұндай балалардың сезімдері сырт әлпетінен көрінбейді. Дауыс екпіні баяу, аптықпай., асып-саспай сөйлейді. Сөзі ым-ишаралармен ерекшеленіп тұрмайды.

Холерик темпераменті басым оқушының ерекшеліктері: бұл ұшып - қонып тұратын, күйгелек, тынымсыз, шамданғыш, коңіл-күйі жиі өзгеретін, қарым-қатынаста аумалы-төкпелі, тұрақсыз, соқпа мінезді, белсенді, пысық, бірақ бейқам ашуланшақ бала. Мұндай адам қимыл-әрекетті сүйеді. Әдетте оның қимыл қозғалысы батыл, шапшаң болады. Ол қызыққан жұмысына әбден беріліп, барлық ынтасын салып орындайды. Онда ой әрекетінің белсенділігі байқалады. Ой-әрекетінің белсенділігі тапсырмаларды орындаудан жақсы көрінеді. Спорт, әсіресе қозғалыс ойындарына бар ықыласымен қатынасады. Мұндай адамдардың мінезі сотқар, шалдуар болып келеді. Өз эмоциялары мен қимыл-қозғалыстарын билей алмай, қабынып, күйіп -пісуге дайын тұрады. Ашуы шапшаң, қатты, қияңқы ұнамсыз істерге әуес. Бұлардың сөзі жылдам, интонациясы толқымалы, кейде топ ішінде дауысы қатты шығып та кетеді. Олар тез, қызу сөйлеп төңірегіндегілерді бірден ұйытады. Холерик темпераментіндегі адам өте сезімтал болғандықтан түрлі әсерлерге тез беріледі, ызақор, ашуланшақ юолып келеді. Оның бұл сияқты ерекшеліктері өткір көзінен, тез және оңтайлы қозғалыстарынан байқалады.

Меланхолик темпераментіндегі адамдардың ерекшеліктері: сәл нәрсеге ренжиді, өкпелегіш, пессимист, тұйық, сөзге сараң, аса баяу қозғалатын жайбасар. Мұндай адамдардың сезімталдығы өте баяу, көрінгенмен, онысы терең және уақытқа созылады. Меланхоликтер мектеп өміріндегі оқиғалардың бәрін үлкен әсермен қабылдап, оларды көп ойлайды. Ол кейде қызараңдап ұялады. Осыған қатты қайғырады. Көпке дейін бұл оның есінен кетпейді. Ол көпке дейін булығып, белсенді сөз айтудан қалады. Меланхолик темпераментіндегі адам жолдастарының арасында көзгне түспей, жай ғана жүріп тұрғанды ұнатады, мен деп ешқашан ұмытылмайды. Ол ұялшақ, тартыншақ, тұйық болғандықтан, көпшіліктен аулақ жүргенді жақсы көреді.

Темпераменттердің адам психикасынан алатын орнын топырақтың әсемдікке тигізетін әсерімен салыстыруға болады, өйткені темперамент- адамның табиғи жағынан көрінетін басты белгілерінің бірі. әйтсе де темперамент адам психологиясының бүкіл мазмұнын көрсете алмайды. Өмір сүру барысында біртіндеп қалыптасып отыратын адамның дүниетанымы мен сенімі, қызығуы мен қажеті, мұраты мен талғамы, оның темпераментіне тәуелді емес. Бұл жөнінде Н. Г. Чернышевский өте тамаша айтқан: «Егер қабағынан қар жауған, сөзге сараң Валленштейн соғысты қандайжақсы жүргізе білетін болса, әзілқой сөзшең Суворов та соғысты одан аспаса кем түспейтін» 1

Әр адамның темпераменті психикалық әрекетінің көрінуінде сырттай із қалдырғанымен, ақыл-ойының дамуына ешқандай елеулі әсер ете алмайды

деген қағиданың бірден-бір дұрыстығын меланхолик темпераментіндегі

оқушылардың өмірінен жақсы көруге болады. Жүйке жүйесі әлсіз, жуас балалардың мектептерде оқу озаты болып жүргендері аз емес.

Осы айтылғандардан темпераменттердің қандайы болмасын тәрбиенің ықпалыменқалыптасып отыратындығы, тіпті меланхоликтердің өзін ерік-жігері күшті, мінезді, ұжымның бағалы мүшесі етіп тәрбиелеуге болатындығы байқалады.

Темпераменттерді тәрбиелеу мәселесі.

Адамдардың темпераментін анықтау үшін оны өте мұқият зерттеу қажет болады. Көпшілік жағдайда темпераменттердің кейбір ерекшеліктері байқала қоймайды да, осыған орый кейде қате қорытындылар жасалынады. Темпераменттер жүйке жүйесінің тума типтеріне көбірек тәуелді болғандықтан, оларды тек лаборатория жағдайында ғана зерттеу жақсы нәтиже береді. Жоғарыда атап өткендей, адамның іске қызығуы әуестенумен байланыстылығын және істің әр саласында бір темпераменттің өзі әр түрлі көрінетіндерін психалогия ғылымы дәлелдеп отыр.

Түрлі темпераменттірдің ішінен бұлардың қайсысы жақсы деп сұрақ қоюға болмайды.

Темпераменттер
Жақсы жақтары
Жаман жақтары
Темпераменттер: Холерик
Жақсы жақтары: Шапшаң, белсенді
Жаман жақтары: Ұстамсыз, күйгелек
Темпераменттер: Сангвиник
Жақсы жақтары: Пысық, оңтайлы
Жаман жақтары: Тұрақсыз, баяу
Темпераменттер: Флегматик
Жақсы жақтары: Ұстамды, сабырлы
Жаман жақтары: Сылбыр
Темпераменттер: Меланхолик
Жақсы жақтары: Сезімтал
Жаман жақтары: тұйық

Темпераменттерді тәрбиелеуде баланың ерік-жігерін, мінез бітістерін, сезім эмоцияларын тәрбиелеумен ұштастырыла жүргізілгені дұрыс. Адамның өзін-өзі ұстай алу қабілетінің дамуы темперамент тәрбиесіне жақсы жәрдем береді. Ерік темпераментінің кез-келген түрінен де алдыңғы қатардан орын алу қажет. Ерік-жігері күшті дамыған адамға темпераменттің қандайы болса да жараса береді. Мәселен, нағыз холерик темпераментінің өкілі боп саналған орыс қолбасшысы Суворов, ерік-жігерінің аса күштілігінен темпераментінің жетегінде кетпей, ерлік істердің небір кереметтерін көрсетіп, туған отанының даңқын шығаруға зор үлес қосқан. Оқушылардың темпераменттерін тәрбиелеудің айтылғандардан басқа да көп әдістері мен жолдары бар. Бұл жерде әрбір мұғалім баяу болса да, темпераменттердің өзгеріп отыратындығын, яғни ол адамның жасына, білімі мен тәжірибесіне, тәлім-тәрбиесіне, нақтылы әрекетіне байланысты түрлі өзгерулерге түсетіндігін ылғи да еске ұстап, осыған орай әрбір оқушымен жеке жұмыстар жүргізуі қажет. Мәселен оқушының жасына қарай оқудағы үлгірім дәрежесін, тәртібін басқа балалармен қарым-қатынасынқоғам жұмыстарына қалай араласатындығын ұдайы қадағалау, олардың ата-аналарымен байланыс жасау, әсіресе қоғамдық пайдалы еңбекке қатыстырып отыру қажет. Темпераментті тізгіндей білу үшін адамның жақсы тәрбиеленуі керек.

3. Темперамент типтерінің сипаты

Психологияда жүйке жүйесінің белгілі типі адамның қылығынан, іс-әрекеті мен еңбегінен, оқу әрекеті мен ойынынан, сөйлеген сөзі мен спортпен шұғылдану әрекетінен белгі беріп, меншікті дара өзгешелігін көрсетуіне байланысты сангвиник, холерик, флегматик, меланхолик деп төртке бөліп сипаттаймыз.

Сангвиниктің эмоциялық қозуы шапшаң, күшті, бірақ тұрақсыз. Көңіл-күйі әп-сәтте өзгереді. Ол - әсершіл адам. Ұнатқан, сүйген нәрсесіне елігіп әуестенуі де оңай, жеңсігінің басылуы да жылдам. Төңірегіндегі уақиғаларға, нәрсенің мән-жайына елең етіп, көңілденуі де, басқа нәрсеге ауып кетуі де тез. көңілі көтеріңкі болып келеді. Ұзақ уақыт мұңайып жүрмейді. Бастан кешкен сезім күйлері санасында елеулі із қалдырмайды. Шапшаң да икемді, қозғалғыш та қызу, еті тірі, сергек. Сезім күйлерін сыртқы қимылдары әйгілеп тұрады. Көтеріңкі, мәнерлі сөйлейді, мимика қимылы көп. Ақжарқын, ашық. Мұндай адам басқалармен жылдам жақындасады, бірақ қатынас-байланысында үстірттік болады, қызықтырған іске бейімділігі, талабы, талпынуы көп, бірақ оп-оңай солғындап қала береді, бастаған ісіне тыңғылықты болмай, жұмысы аяқсыз қалады. Уәде береді, бірақ оны орындай алмайды. Ойынға қызу қатысады, ойын процесінде рөлін өзгертіп отырады, өкпелеп қалуы оңай, өкпелесе, жылап жібереді, алайда, ренжігенін лезде ұмытады, көзінің жасы кеппей-ақ, күле бастайды.

Холериктің эмоцияға берілуі шапшаң. Сезім күйлері оқыс ауытқып, құмарта көтеріліп кететін шыдамсыз, күйгелек кісі. Әп-сәтте қызып кетіп, күйіп-піседі. Ашуланса, бұрқ-сарқ етіп, қызу екпіні сарқылып барып басылады, бастан кешкен сезімі санасында терең із қалдырады, қимыл-қозғалысы шапшаң. Икемсіз оқыс қылықтарына қарамастан, қызулы, жігерлі, пысық және іс-әрекет атқаруға бейімді келеді. Жұмысқа құмарта беріліп, екпінмен істейді, анық, әсерлі, мәнерлі сөйлейді. Сезім күйлері сөзінен, мимика, пантомикасынан білініп тұрады.

Холерик бала белсенді, батыл келеді, іске шапшаң кіріседі, бастаған іс-әрекетін аяқтап шығады, көп адам қатысқан ойындарға құмар. Өзі де ұйымдастырып, аяғына дейін белсене қатысады, шыдамсыз, күйгелек, лезде өкпелейді, әп-сәтте ашуланады және ашуын ұзақ сақтайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Темперамент – психикалық іс-әрекет пен мінез-құлықтың формальды – динамикалық қасиеттері
Адам темпераменті
Темперамент жайлы ақпарат
Қабілет анықтамасы
Темпераменттің жалпы түсінігі
Холерик темпераменті
Дифференциалды психология
Темперамент теорияларының кестесін жасау. Мінез акуентуациясының типтері (А. Личко бойынша)
Әрекет темпераменттері
Индивидуалды айырмашылық психологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz