Табиғи байлықты бағалау әдістері


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:
Табиғи байлықты бағалау әдістері
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . .
Табиғи байлықты бағалау әдістері . . .
- Нарықтық бағалау әдісі . . .
- Ренталық бағалау әдісі . . .
- Шығындық амал әдісі . . .
- Альтернативті баға әдісі . . .
- Жалпы экономикалық бағалау әдісі . . .
Қорытынды . . .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
КІРІСПЕ
Эколог - экономисттер табиғи ресурстар мен экологиялық қызметтерді бағалағысы, табиғаттың техногендік шешімдермен күресі кезіндегі бәсекелестікті арттырғысы келеді. Бұл барлық табиғи байлықтар мен қызметтер кешенін дәл бағалауға болады дегенді айтпайды. Ғажайып ландшафты қалай бағалау керек? Керемет гүл немесе құстың экономикалық бағалылығын қалай дәл өлшеуге болады? Әрине, бұл мүмкін емес. Көптеген табиғи байлықтарға дәстүрлі нарық, стандартты сұраныс пен ұсыныс жоқ. Мұнда өте маңызды сәт қабылданатын шешімнің зардаптарын алдын ала болжау, ақпаратты алдын ала жинау сатысы және шешім қабылдау үшін оны талдау болып табылады. Табиғи обьекттің экономикалық бағасы неғұрлым жоғары болған сайын, қабылданған әртүрлі бағдарламалар мен жобаларда жүзеге асатын экономикалық шешімнің экологиялық - теңестірілген, қоршаған ортаны қорғау приоритеттері мен табиғи ресурстарды үнемдеуді ескеру ықтималдығы соғұрлым жоғары болады.
Табиғи байлықты бағалау әдістері
Табиғи ресурстар мен табиғи қызметтерді анықтауға арналған жолдар ішінен нақты баға алуға мүмкіншілік беретін базалық жолдарды атап көрсетуге болады:
- Нарықтық бағалау;
- Рента;
- Шығындық амал;
- Альтернативті баға;
- Жалпы экономикалық баға.
Бұл амалдардың барлығы толықтай өңделмеген, кейбір қарама қайшы сәттер бар. Бірақ олардың негізінде бастапқысында табиғаттың экономикалық бағасын беруге болады. Алайда көптеген жағдайда табиғаттың дұрыс бағаланбауы туралы айту орынды, себебі оның бағалығын түсінбеушілік орын алады. Бұл табиғаттың соншалықты күрделі бағалануымен, оның қызметімен, өзара байланыстылығымен, жүйелігімен, кешенділігімен түсіндіріледі. Рэй Бредберидің фантастикалық әңгімесіндегі баяғы замандағы саяхатшы басып кеткен бір көбелектің өлімі қазіргі кездегі өзгерістердің болуына алып келді. Адамның әсерінен болып жатқан қоршаған ортадағы өзгерістерді қалай бағалау керек?
Көрсетілген амалдар жалғыз өзі қолданылмайды, олар көптеген жағдайда қиылысады.
- Нарықтық бағалау әдісі
Нарықтың маңызды сапасының бірі - ресуртардың жоқтығына байланысты олардың бағасына қатысты тиімді қолдану мүмкіншілігін қамтамасыз ету. Мұнайды, газды, орманды және де басқа табиғи ресурстар мен олардың өзгерістерін нарықтық бағалау оларды тиімді пайдалануды реттеуге мүмкіншілік береді. Бірақ қоршаған ортаның шектен тыс ластануы, табиғи ресурстардың таусылуы нарықтық механизмдегі ақауды көрсетеді. Табиғи нарықта қалыптасатын бағалар әдетте табиғи байлықтардың бұрыс бағасын береді, экологиялық факторларды қолданудың нақты пайдасы мен шығындарын көрсетпейді. Осының салдарынан ресурстардың жетіспеушілігін, сұраныс пен ұсыныс мәндерінің нақты бағаламау табиғи ресуртарды орынды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау туралы төмен баға береді.
Сонымен дәстүрлі нарық қоршаған ортаның тек бір қызметін - табиғи ресурстармен қаматамсыз ету - ал экожүйенің басқа екі маңызды қызметтері - қалдықтар мен ластанудың ассимиляциясы, адамдарды табиғи қызметтермен (рекрация, эстетикалық қанағат және т. б. ) нарықтық жүйеде әлі өздерінің адекваттық шешімін тапқан жоқ.
2. Ренталық бағалау әдісі
Рентаға негізделген табиғи ресурстардың экономикалық бағалануы табиғатты пайдалану экономикасы теориясында әжептәуір жақсы қарастырылған. Ренталық амал үшін алдымен ресурстардың лимиттігі мен уникалдық фактісі маңызды. Әдетте экономикалық рента деп саны шектеулі табиғи ресурстарды қолданғаны үшін қойылатын бағаны (арендалық төлем) түсінеді. Табиғи ресурстардың ұсынысы біркелкі, шектелмеген болған кезде рента болады. Бұл жағдайда сұраныс рентаны анықтайтын жалғыз фактор болып табылады. Ресурстардың меншік иесінің ренталық пайдасы туралы жиі айтылады.
Әдетте ренталық амал жер ресурстарын бағалаған кезде жиі қолданады.
Жер бағасы жердің капиталдандырылған жер рентасы болып табылады. Рента белгісіз ұзақ мерзімнен кейін алынады деп есептелінеді. Коэффициент бірден кіші деп алынады, және оның мәні әдетте банктік пайызбен алынады. Мысалы, егер жылдық жер рентасы 10 мың теңгені, ссудалық пайыз 10 құрайтын болса, онда жер участогінің бағасы 100 мың теңгеге тең болады.
Бұл жағдайда жердің табиғи ресурстың бағасын мөлшері жағынан ұқсас банкке салынған немесе рентаның мөлшеріне тең пайыздық түрдегі жылдық кіріс алып келетін ақшалай капиталмен байланыстыруға болады.
Табиғи ресурстардың әралуан сапасына байланысты алынатын теорияда дифференциалдық рента кездеседі. Сапасы жақсы ресурс сапасы төмен ресурспен салыстырғанда басқа да шарттар орындалған жағдайда өте жоғары экономикалық нәтижелер алуға мүмкіншілік береді.
Осындай эффектті транспорт пен орналасқан жері де береді. Ауылшаруашылығына арналған жерлердің орналасу орны жақсы және транспортқа жақын орналасқан болса, олардың құнарлылығына қарамастан жоғары бағаланады. Сапалары бірдей мұнай мен газ кенорындары құбырларға, транспорттық инфраструктураға өңдеу және өндіру орындарынан алыс орналасуы мүмкін.
Табиғи пайданың сапалары әртүрлі болғандықтан олардан алынатын нәтижелер мен кен орынның орналасу жері дифференциалдық рентаның негізін құрайды және оның мәнін анықтайды.
- Шығындық амал әдісі
Табиғи ресурстарды бағалаудағы шығындық әдіс анық әрі түсінікті. Егер табиғи ресурстарды пайдалану мен дайындауға кеткен шығындарды қосатын болсақ, онда бұл мәнді ресурстың бағасын анықтаған кезде негізгі нүкте ретінде алуға болады. Жойылған немесе деградацияға ұшыраған табиғи байлықты қайтару бағасын есептеген кезде шығындық амал кеңінен қолданылады. Бұл жағдайда жойылған немесе бұзылған ресурстардың орнын толтыру үшін қажетті компенсациялық потенциалдық шығындар есептеледі. Мысалы, егер пайдалы қазбаларды өндіру кезінде топырақтың құнарлы қабатын бұзылуы немесе алынуы нәтижесінде жойылған немесе деградацияға ұшыраған топырақтың минимальды бағасы осы участокті қайта қалпына келтіру үшін қажетті немесе бірінші участоктен айырылғаны үшін оның орнын толтыру мақсатында басқа жердің құнарлығын арттыру үшін қажетті шығындар белгіленеді. Осындай амал сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктерді зерттеу үшін де қолданылады. Бұл жағдайда қайтадан қалпына келтіру және олардың жақсы өмір сүруі үшін қажетті шығындардың барлығы қосылады.
Шығындық амалда жобаны немесе бағдарламаны талдаған кезде көлеңкелік жоба түсінігі жиі қолданылады. Бұл компенсациялық шығын амалының бір нұсқасы. Осылайша, көлеңкелік жоба жоғалған ресурстың орнын физикалық қайтарады. Шығындық амал өзінің оңайлығы мен көп жерде қолдану мүмкіншілігіне қарамастан, кейбір кемшіліктерге ие. Неғұрлым табиғи ресурстың сапасы жақсы болған сайын, шығындық концепцияға сай ол соғұрлым аз баға алады. Өлшемдері бірдей, бірақ қосымша көкшөптерден арылтуды қажет ететін солтүстіктегі топырақпен салыстырғанда, Ресейдің Еуропалық бөлігінің орталығындағы дүние жүзіндегі ең сапалы құнарлы топырақ ауылшаруашылығында қолдану мен дайында ең аз шығынды қажет етеді. Тап осы жағдай жер бетіне жақын орналасқан кен орындарында болады. Бұдан парадокс шығады: ресурстың сапасы неғұрлым жоғары, оны тасымалдау оңайырақ болған сайын соғұрлым оған шығын аз кетеді, сәйкесінше оның экономикалық бағасы да төмен болады. Осындай қарама-қайшылықтар шығындық амалдарды табиғаттың экономикалық бағасын беруде қолданудың өрісін тарылтады.
4. Альтернативті баға әдісі
Альтернативті баға концепциясы (жоғалған пайда) - экономикалық теориядағы негізгілердің бірі. Табиғатты пайдалану экономикасында альтернативті баға нарықтық бағасы төмендетілген немесе мүлдем бағаланбаған обьектілерді не ресурстарды бұл обьектті не ресурсты басқа мақсатта қолданған кезде алуға болатын жоғалған пайда немесе кіріс арқылы бағалауға мүмкіншілік береді. Мысалы, қорғалатын табиғи территориялардың альтернативті бағасы - бұл территорияның консервациясына байланысты индивидуумдар немесе қоғамның жоғалтқан пайдасы. Бұл жоғалтулар қорғалатын территориялардан алынбаған өнімді (жануарлар, өсімдіктер, ағаштар) де есептейді. Альтернативті баға сондай-ақ альтернативтік қолданудан түсетін пайда көзін де қарастырады (ауылшаруашылығының дамуы, орман шаруашылығының қарқынды дамуы) .
Альтернативті баға концепциясы бір жағынан шығындық консепциямен байланысты. Табиғи байлықтың альтернативті бағасы неғұрлым төмен болса, соғұрлым осы байлықты сақтауға кететін экономикалық шығын конпенсациясы үшін де соғұрлым аз шығын кетеді. Бұл амал тәжірибеде сақтау бағасын анықтау үшін қолданылады.
Осы амалды қолданудаң көрнекті мысалы ретінде АҚШ, Хелл коньонындағы гидроэлекторстанция өндірісі үшін плотинаны құру жобасы болып табылады. ГЭС - ті құру коньондағы ғажайып жабайы табиғатты бұзып кетер еді. Табиғи жағдайдағы коньонның экономикалық бағасын тікелей есептеу орнына, анлитиктер оның сақталуының арзанырақ бағасын зерттеді. Плотинаны құру жобасынан келетін пайда бұл ғажайып табиғатты жоюды ақтамайтындығын анализдер көрсетті. Сөйтіп шешім қабылдайтын тұлғалар бұл жобадан бас тартты, себебі сақтауға кететін альтернативті шығындар - басқа энергия көзінен энергия алу үшін кететін қосымша шығындар - Хелл коньонының табиғи бейнесін сақтап қалу үшін өте көп шығындарды қажет ететінің көрсетті.
- Жалпы экономикалық бағалау әдісі
Табиғатты бағалауды болашағы бар кешендік амалдар көз қарасынан және тек тікелей ресурстық функцияларын ғана емес, сондай - ақ ассимиляциялық функцияларды, табиғи қызметтерді есептеу мақсатында жалпы экономикалық бағалау (ЖЭБ) консепциясын атады. Жалпы экономикалық бағаның мөлшері төрт көрсеткіштің қосындысы болып табылады:
ЖЭБ - қоладану бағасы + қолданбау бағасы - тікелей қолдану бағасы + жанама қолдану бағасы + жобаланған альтернативті баға+өмір сүру бағасы.
Орман ресурстары үшін жалпы экономикалық бағаның агрегирленген көрсеткішінің жалпы құрылымы 1-суретте көрсетілген.
Жалпы экономикалық баға
Пайдалану бағасы + пайдаланбау бағасы
(тұтынушы бағасы)
пайдаланудың пайдаланудың
тұрақты бағасы жанама бағасы салынған альтернативаның
(1) (2) бағасы тіршілк ету бағасы
- (4)
ағаш байланыстыру СО 2 (1және 2 негізінде) төлеуге дайындық
емдік өсімдіктер суреттегіш келешекте қолдану
шығын өнімдер функциялары
(саңырауқұлақтар,
жидектер)
Балық және аң аулау
Туризм
1-сурет. Орман ресурстары үшін жалпы экономикалық көрсеткіштер құрылымы
Пайдалануды экономикалық бағалау ең оңайы (басқаша айтқанда тұтыну бағасы) . Орманнды пайдаланудан алынатын тура пайдалану бағасымынадан тұрады:
- ағашты тұрақты дайындаудан;
- емдік өсімдіктерден;
- шығын өнімдерден (саңырауқұлақтар, жидектер, жаңғақтар және т. б. )
- туризм;
- тұрақты балық және аң аулаудан.
Барлық осы көрсеткіштер өзіндік бағаға ие, және олардың қосындысы тура бағаны береді.
Пайдаланудың жанама бағасын табу қиынырақ. Бұл көрсеткіш көбіне жаһандық масштабта немесе кең аймақтық аспектіде қолданылады. Бұл жергілікті және жаһандық пайданың сәйкес келмеуімен түсіндіріледі. Белгілі бір аймақ, ел үшін пайдалы емес нәрсенің, басқа елдер, планета үшін маңызы зор болуы мүмкін. Мысалы, белгілі бір тропикалық ормандарды шабу, сирек кездесетін флора мен фаунаның жойылуы бүкіл планетамыздың биосферасына кері әсерін тигізуі мүмкін. Осындай әрекеттердің негізінде алынатын жергілікті пайда табиғи ресурстарды сақтаудан түсетін жаһандық пайдадан анағұрлым аз. Сонадай-ақ жергілікті деңгейде табиғи байлықтарды сақтаудан (қорғалатын территория, орман және т. б. ) жергілікті тұрғындар ешқандай пайда алмай, керіснше өз жағдайын нашарлатып алуы мүмкін. Бұл жағдай көптеген дамып келе жатқан елдерге тән.
Осы қарама -қайшылықты халықаралық деңгейде іс жүзінде шешу үшін Жаһандық Экологиялық Қор (GEF) құрылды. Оның негізгі мақсаты - жергілікті маңызды пайда бермейтін, бірақ барлық планетамыз үшін маңызы зор (биоалуантүрлілікті, тропикалық ормандарды және т. б. сақтау) табиғатты қрғау шараларын инвестициялау.
Пайдаланудың жанама бағасының көрсеткіші көбірек территорияны қамтитын жерге әкелетін пайданы қарастыруға тырысады. Кейбір зерттеулерде орманды пайдаланудың жанама бағасы келесі көрсеткіштерден тұрады:
- көмірқышқыл газын байланыстырудан (жылу эффектісін азайту) ;
- суреттегіш функциялар (су тасқынынан сақтау) және т. б.
Есептеу үшін баға көрсеткіші одан да қиынырақ. Ол биологиялық ресурсты болашақта пайдалану үшін сақтаумен байланысты, яғни болашақта пайдалану туралы сөз қозғалып тұр. Бұл жағдайда баға - пайдаланудың тұрақты және жанама бағасының жинақталған қосындысы.
Пайдаланбау бағасы этикалық және эстетикалық аспектілерді (табиғаттың өзіндік құны, адам үшін табиғаттың эстетикалық құндылығы, болашақ ұрпақ үшін табиғатты сақтау міндеті, мұрагерлік құндылық) экономикалық бағалауға тырысатын тіршілік ету бағасына негізделеді. Бұл аталған пайдалар - тек тауар немесе қызмет түрлері бар екенін адам білгенде ғана болатын индивидуумның немесе қоғамның пайдасы. Тіршілк ету бағасы жабайы табиғатты қорғау үшін маңызда себептердің бірі болуы мүмкін. Бұл бағаны бағалаған кезде қысқартылған экономикалық амалдар қолданылады, ең алдымен төлеуге дайындық теориясымен байланысты амалдар қолданылып, суррогатты нарықты құру мүмкіншшілктері қарастырылады. Анкеталау және сұрақ қою амалдары кеңінен қолданылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz